Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының 1995 ж. 31 тамыздағы №2444 Заңы



жүктеу 2.38 Mb.
бет6/9
Дата09.06.2016
өлшемі2.38 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

41-бап. Банктерге және олардың лауазымды адамдарына қолданылатын шаралар. Банктiк реттеу тәсiлдерi

Банкiлердiң қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында уәкiлеттi орган банкiлердiң қызметiн реттеудi, соның iшiнде:

күдiктi және сенімсiз активтерге қарсы провизияларды қоса, пруденциалдық қалыптарды және банкiлер сақтауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi белгiлеу;

банкiлер орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық құжаттарды басып шығару;

банкiлердiң қызметiн тексеру;

ертерек ден қою шараларын қолдану;

банкiлерге ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану;

банкiлерге немесе олардың лауазымды адамдарына санкциялар салу арқылы реттеудi жүзеге асырады.

Банктердің қызметін реттеу жекелеген банктерге қатысты да, шоғырландырылған негізде де, яғни банк конгломератына қатысты да жүзеге асырылады. Шоғырландырылған қадағалау ережелерін уәкiлеттi орган белгілейді.

 

42-бап. Пруденциалдық қалыптар және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер



1. Банкiлер мiндеттi түрде сақтау үшiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн пруденциалдық қалыптардың құрамына:

банкінің жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi;



банктің меншікті капиталының ең төменгі мөлшері;

өз капиталы жеткiлiктiлiгiнің коэффицентi;

бір қарыз алушыға жасалатын тәуекелдiң ең көп мөлшерi;

өтiмдiлiк коэффицентi;

ашық валюталық позиция лимиттерi енедi.

Банк конгломераттары міндетті түрде сақтау үшін уәкiлеттi орган белгілейтін пруденциалдық нормативтердің құрамына:

жарғылық капиталдың ең аз мөлшері;

өз капиталы жеткіліктілігінің коэффиценті;

бір қарыз алушыға жасалатын тәуекелдің ең көп мөлшері енеді.

Уәкiлеттi орган халықаралық банк тәжiрибесiнде пайдаланылатын қосымша пруденциалдық қалыптар және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттер белгiлеуге құқылы.

Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес банктерді және (немесе) банк холдингтерін не олардың лауазымды адамдарын және (немесе) банктің ірі қатысушыларын пруденциалдық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді банктің бұзғаны үшін жауапқа тарту жөнінде шаралар қолданады.

Уәкілетті орган банк холдингі жоқ банктерге және банк конгломераттарына жекелеген пруденциялық нормативтер мен аталған банкке және банк конгломератына тән тәуекел факторларының ықтимал ең жоғары өзгерістері кезінде туындайтын әлеуетті қомақты шығындардың орнын толтыру үшін жеткілікті деңгейдегі олардың нормативтік мәнін белгілеуге құқылы.

1-1. Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәнін және есеп айырысу әдістемесін, тиісті есептілік нысандары мен оны табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган ислам банктерінің осы Заңда көзделген банктік қызметті жүзеге асыру ерекшеліктерін ескере отырып белгілейді.

2. Банктiң қаржы жағдайының қойылатын талаптарға сәйкестiгi туралы мәселенi шешу мақсатында уәкiлеттi орган белгiлi бір күнге банк және банк тобы капиталының мөлшерiн белгiлеуге құқылы.



3. Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi маңызы мен есептеу әдiстемелерiн, белгiлi бір күнге шектi банк және банк конгломераты капиталының мөлшерiн, ашық валюталық позицияларды есептеу тәртібі мен олардың лимиттерiн, тиiстi есеп беру түрлерi мен оны табыс ету мерзiмдерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

3-1. Банк немесе банк конгломератының қатысушысы уәкілетті органның қаржы және (немесе) өзге де есептілік деректерін түзету жөнінде жазбаша нұсқамада көрсетілген талаптарын орындамаған жағдайда, пруденциалдық нормативтердің және басқа міндетті нормалар мен лимиттердің есебін уәкілетті орган өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.

4. Банк, банк конгломераты уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициентін бұзған жағдайда, банк, банк холдингі уәкiлеттi органға қайта капиталдандыру жоспарын жіберуі тиіс. Жоспарды бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шараларды және олардың мерзімін егжей-тегжейлі көрсете отырып, өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициентін бұзған күннен бастап бір айдың ішінде ұсыну қажет.



5. Банк холдингтері, сондай-ақ банктің ірі қатысушылары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген банктің және банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін қолдау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

Банктің немесе банк конгломератының қаржылық жай-күйі нашарлаған жағдайда, банк холдингі, банктің ірі қатысушысы уәкілетті органның талабы бойынша банктің немесе банк конгломератының қаржылық жай-күйін жақсарту, оның ішінде банктің немесе банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде банктің және банк конгломератының меншікті капиталын ұлғайту жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

 

43-бап. Провизиялар (резервтер)



1. Банк қызметін жүзеге асыруға байланысты залалдарды жабу үшін банктер қалыптастыратын міндетті резерв динамикалық резерв болып табылады.

Банктер салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен және шарттарда динамикалық резервті қалыптастыруға міндетті.

Динамикалық резерв жай акциялар бойынша дивидендтер төленгенге дейін құрылады. Егер динамикалық резервтің нақты мөлшері салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып, уәкілетті орган белгілейтін ең төмен мөлшерден мөлшерден аз болса, банктер жай акциялар бойынша дивидендтер есептеуге (төлеуге) құқылы емес.

2. Жүргiзiлiп жатқан операциялардың сипаты мен ауқымына сәйкес өз қызметiн бақылаудың тиiстi деңгейін және оның сенімдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында банктер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес провизиялар (резервтер) құруға міндетті.

 

44-бап. Банктердің, банк холдингтерінің және банк конгломератына қатысушылардың қызметiн тексеру



1. Банктердің, банк холдингтерінің және банк конгломератына қатысушылардың қызметiн тексеруді уәкілетті орган дербес не басқа мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып жүргiзедi.

Уәкiлеттi орган банктердің қызметіне тексеру жүргізген кезде банктердің үлестес тұлғаларының қызметін тек қана олардың банктердің қызметіне ықпал ету дәрежесі мен сипатын айқындау мақсатында тексеруге құқылы.

2. Банктер, банк холдингтері, банк конгломератына қатысушылар, сондай-ақ олардың үлестес тұлғалары уәкiлеттi органның тексеру жөнiндегi тапсырмасында көрсетiлген мәселелер бойынша тексерушi органға жәрдем көрсетуге, сондай-ақ кез келген лауазымды адамдар мен қызметкерлерге сауал қою мүмкiндiгiн және тексерудi орындау үшiн қажеттi кез келген ақпарат көздерiне қол жеткізуін қамтамасыз етуге мiндеттi.

3. Уәкiлеттi органның қызметкерлерiне банктердің, банк холдингтерінің және банк конгломератына қатысушылардың қызметiн тексеру барысында алынған мәлiметтердi жария етуіне не үшiншi тұлғаларға беруіне тыйым салынады.

4. Тексерудi жүзеге асырушы адамдар банктердің, банк холдингтерінің, банк конгломератына қатысушылардың қызметiн тексеру барысында алынған және банктік не коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi жария еткенi үшiн жауаптылықта болады.

5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары мына талаптардың бірі орындалған:

тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингі, банк холдингі белгілеріне ие тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының көрсетілген Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған;

уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банк холдингі, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.

 

45-бап. Ертерек ден қою шаралары



1. Уәкілетті орган банктердің депозиторлары мен кредиторларының заңды мүдделерін қорғау, банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жай-күйінің нашарлауына және банк қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін мынадай факторларды:

1) меншікті капиталының жеткіліктігі коэффициенттерінің төмендеуін;

2) өтімділік коэффициенттерінің төмендеуін;

3) жеке және заңды тұлғалардың банк міндеттемелері сомасында тартылған салымдары үлесінің төмендеуін;

4) негізгі борышы және пайыздық сыйақысы бойынша мерзімін кешіктіру уақыты күнтізбелік тоқсан күннен асатын банктің несие портфелінің жалпы көлеміндегі қарыздардың ұлғаюын;

5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін өзге де факторларды анықтау үшін банктердің қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.

2. Уәкілетті орган банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жай-күйінің нашарлауына және банк конгломератының қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында, банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін мынадай факторларды:

1) банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктігі коэффициентінің төмендеуін;

2) бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғары мөлшері коэффициентінің ұлғаюын;

3) банк конгломератына қатысушылар болып табылатын қаржы ұйымдарына қатысты ертерек ден қою шараларының қолданылуын;

4) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін өзге де факторларды анықтау үшін банк конгломератының қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.

3. Банктің қаржылық жағдайына талдау жасаудың нәтижесінде және (немесе) оны тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган банкке және (немесе) оның акционерлеріне банктің қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жай-күйінің нашарлауына және банк қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу жөніндегі ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын ұсыну жөнінде жазбаша нысанда талап жібереді.



Банк және (немесе) оның акционерлері көрсетілген талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде іс-шаралар жоспарын әрбір тармақ бойынша атқарылу мерзімдері мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып әзірлеуге және уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, банк және (немесе) оның акционерлері жоспарда белгіленген мерзімдерде оның орындалу нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, жоспарды іске асыруға кіріседі.

Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған жағдайда, талап ету арқылы банкке және (немесе) оның акционерлеріне төменде санамаланған ертерек ден қою шараларының бірін немесе бірнешеуін:

1) банктің ұйымдық құрылымын және (немесе) штат санын өзгертуді;

2) депозиттер қабылдауды шектеуді;

3) уәкілетті орган белгілеген мерзімде дивидендтерді есептеуді және (немесе) төлеуді тоқтатуды;

4) банк провизияларын ұлғайтуды;

5) банктің басшы немесе өзге де қызметкерлерін лауазымынан шеттетуді;

6) тәуекел дәрежесі жоғары банк операцияларының жекелеген түрлерін тоқтата тұруды немесе шектеуді;

7) банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде, оның ішінде оның жарғылық капиталын ұлғайту жолымен банктің меншікті капиталын ұлғайтуды;

8) банктің активтерін және (немесе) міндеттемелерін қайта құрылымдауды;

9) әкімшілік шығыстарды қысқартуды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, оның жекелеген филиалдары мен өкілдіктерін, еншілес ұйымдарын жабу арқылы қысқартуды қолданады.

4. Банк конгломератының қаржылық жағдайына талдау жасау нәтижесінде және (немесе) банк холдингін не банк конгломератының қатысушыларын тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда, уәкілетті орган банк холдингіне және (немесе) оның ірі қатысушыларына банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жай-күйінің нашарлауына және банк конгломератының қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу бойынша ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын ұсыну жөнінде жазбаша нысанда талап жібереді.

Банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары көрсетілген талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде іс-шаралар жоспарын әрбір тармақ бойынша атқарылу мерзімдері мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып әзірлеуге және уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары жоспарда белгіленген мерзімдерде оның орындалу нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, жоспарды іске асыруға кіріседі.

Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған жағдайда, талап ету арқылы банк холдингіне және (немесе) оның ірі қатысушыларына төменде санамаланған ертерек ден қою шараларының бірін немесе бірнешеуін:

1) банк конгломератының қатысушыларының өз акционерлерінің (қатысушыларының) арасында жай акциялар бойынша дивидендтерді есептеуін және (немесе) төлеуін (таза кірісті бөлуін) тиісінше уәкілетті орган белгілеген мерзімге тоқтатуды;

2) басшы немесе өзге де қызметкерлерін лауазымнан шеттетуді;

3) банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде, оның ішінде банк конгломератының жарғылық капиталын ұлғайту жолымен оның меншікті капиталын ұлғайтуды;

4) банк конгломератының активтерін қайта құрылымдауды;

5) әкімшілік шығыстарды қысқартуды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де еншілес және тәуелді ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлесін азайту арқылы қысқартуды;

6) банк холдингін және банк конгломератының қатысушыларын тәуекелге ұшырататын операцияларды (тікелей және жанама) тоқтата тұруды қолданады.

5. Банктің (банк конгломератының) қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспары осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген мерзімдерде ұсынылмаған немесе осы жоспардың іс-шаралары уақтылы орындалмаған, сондай-ақ ертерек ден қою шаралары уәкілетті органның талаптарына сәйкес орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған жағдайда банкке (банк холдингіне) және (немесе) оның акционерлеріне (ірі қатысушыларына) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал етудің шектеулі шаралары және (немесе) санкциялар, сондай-ақ мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

6. Ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібі және банктің (банк конгломератының) қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

7. Осы баптың талаптары мынадай шарттардың бірі орындалған:

тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ банк холдингі, банк холдингі белгілерін иеленуші тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының аталған Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған;

уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банк холдингі, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.

 

46-бап. Ықпал етудiң шектеулi шаралары



1. Пруденциалдық қалыптардың және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғанын уәкiлеттi орган тапқан, банкінің лауазымды адамдары мен қызметкерлерiнiң оның қаржы қауiпсiздiгi мен тұрақтылығына, сондай-ақ оның депозиторларының, клиенттерi мен корреспонденттерiнiң мүдделерiне қауiп төндiретiндей заңсыз әрекеттерiн немесе әрекетсiздiгiн анықтаған реттерде, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған жағдайларда уәкiлеттi орган банкiге мынадай шектеулi ықпал ету шараларының бірiн қолдануға:

а) мiндеттеме-хат талап етуге;

б) банкiмен жазбаша келісім жасасуға;

в) жазбаша ескерту жасауға;

г) атқарылуға мiндеттi жазбаша нұсқама беруге құқылы.

2. Банкінің мiндеттеме-хатында орын алып отырған Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғанын мойындау фактісі, сондай-ақ банк басшылығының жоспарланған шаралар тiзбесiн көрсете отырып, оларды қатаң белгiленген мерзiмде қоятындығы туралы кепiлдемесi болуға тиiс.

3. Жазбаша келісім - бұл анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою қажеттiгi туралы және осы бұзушылықтарды жою жөніндегі бірiншi кезектегi шараларды бекіту туралы банк пен уәкiлеттi орган арасындағы келісім.

4. Жазбаша нұсқама - анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған орындалуы мiндеттi түзету шараларын қолдану туралы банкке нұсқау.

Уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.

5. Банк мiндеттеме-хаттың, жазбаша келісімнiң немесе жазбаша нұсқаманың осы құжатта көрсетiлген мерзiмде орындалғаны туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.



6. Егер орын алып отырған кемшiлiктер уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде жойылмаған немесе уәкілетті орган банктің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанын анықтаған жағдайда, жазбаша ескерту осы Заңның 47-бабында көзделген санкцияларды банкiге қолдану мүмкiндiгi туралы уәкiлеттi органның хабардар етуi болып табылады.

7. Ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.

8. Осы бапта келтірілген шаралар банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына,банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қатысты, олар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған, оның ішінде банк холдингі, банктің ірі қатысушысы мәртебесін алғаннан кейін тұрақсыз қаржылық жағдай белгілері туындаған жағдайда, сондай-ақ уәкілетті орган осы тұлғалардың, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз іс-әрекеттері немесе әрекетсіздігі банктің немесе банк конгломератының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жай-күйін нашарлатқанын анықтаған жағдайда, қолданылуы мүмкін.

9. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды 




47-бап. Санкциялар

1. Уәкiлеттi орган банкке, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан оларға санкциялар қолдануға құқылы.

2. Санкциялар ретiнде уәкiлеттi орган мынадай шаралар қолдануға:

а) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген негiздер бойынша айыппұл салуға;

б) осы Заңның 48-бабында белгiленген негiздер бойынша барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұруға не одан айыруға;

в) осы Заңның 62-67-баптарында белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша банкіні консервациялауға;

г) осы Заңның 49-бабында көзделген негiздер бойынша банк ашуға берiлген рұқсаттан айыруға құқылы;



д) банктің меншікті капиталының теріс мөлшері болған жағдайда және Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша банк акцияларын (акционерлердiң үлесiн) уәкiлеттi орган белгiлеген баға бойынша акцияларды, кейiннен жаңа инвесторға сатып алынған баға бойынша мiндеттi түрде дереу сату, сонымен бір мезгiлде банк пен оның акционерлерiнiң барлық құқықтары мен міндеттемелерiн беру шартымен, мәжбүрлеп сатып алу туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күнгi оның міндеттемелерінің сомасы шегерілген банк активтерінің құнын негiзге ала отырып шешiм қабылдау;

е) басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін бір мезгілде кері қайтарып ала отырып, осы Заңның 20-бабында көрсетiлген адамдарды аталған басшы қызметкердің (қызметкерлердің) iс-әрекетiнiң қолданылып жүрген заң талаптарына сай келмейтiнiн тануға жеткiлiктi мәлiметтер негiзiнде лауазымды мiндеттерiн атқарудан шеттету.

ж) 2005.12.23 № 107-III Заңымен алып тасталды

з) банктің және (немесе) банк конгломератының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерінің мәндері уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарымен белгіленген нормативтерден елу проценттен аз деңгейге дейін төмендеген жағдайда, банк осы Заңның 60-бабы және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен кредиттік серіктестік болып қайта құрылуға міндетті.

Банк осы тармақшаның бірінші абзацында айтылған құқықтан бас тартқан немесе осы Заңның 61-бабында көрсетілген негіздер бойынша банктің кредиттік серіктестік болып қайта құрылуына рұқсат беруден бас тартылған жағдайда, уәкiлеттi орган банк акцияларын осы Заңның 47-1-бабының 3-тармағына сәйкес, ол (олар) осы Заң талаптарын сақтаған жағдайда, кейіннен жаңа инвесторға (инвесторларға) иеліктен шығарып беру үшін банк акцияларын уәкiлеттi органның сенімгерлікпен басқаруына беру жөнінде банк акционерлерімен шарт жасасу туралы шешім қабылдауға құқылы.

Акционерлер акцияларын сенімгерлікпен басқаруға беруден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.

3. Уәкiлеттi орган осы баптың 2-тармағының e) тармақшасында көзделген санкцияны қолданған жағдайда, қызметiнен шеттетiлген қызметкерлердi жұмыстан босату туралы шешiмдi оларды тиiстi қызметтерге тағайындаған немесе сайлаған органдар қабылдайды.

4. алынып тасталды

5. банк операцияларын жүргiзуге арналған банк лицензиясынан (лицензияларынан) айыру туралы шешiмi оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi.

6. Уәкiлеттi орган банк операцияларын жүргiзуге арналған банк лицензиясынан (лицензияларынан) айырғаннан кейiн банктiң уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша әкімін) тағайындайды, оған барлық басқару органының өкiлеттiгi көшедi.

Банктiң бұрынғы iс-әрекет етушi органдарының өкiлеттiгi тоқтатылады.

6-1. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды

7. Банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) банк лицензиядан айырылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Заңның 61-2-бабында көзделген операцияны жүргізу туралы шешім қабылдайды және осы операцияны жүргізу туралы мәселені келісу үшін уәкілетті органға жүгінеді.

Уәкілетті орган банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) осы Заңның 61-2-бабында көзделген операцияны жүргізуін он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келіседі.

Уәкілетті орган банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) көрсетілген операцияны жүргізгеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтінішпен он жұмыс күні ішінде сотқа жүгінеді.

Банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) осы Заңның 61-2-бабында көзделген операцияны осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде жүргізу туралы шешімді қабылдамаған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.

Уәкілетті орган лицензиядан айыру туралы қабылданған шешім жөніндегі ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді екі баспа басылымында жариялайды.

8. Банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензиядан айыру туралы шешіміне банктiң атынан тек оның акционерлерi ғана шағымдануға құқылы. Аталған шешiмге сот тәртібімен 10 күн мерзiм iшiнде шағымдануға болады.

9. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға осы баптың 2-тармағының а) және б) тармақшаларында көзделген санкциялар қолданылады.



Осы баптың 5-тармағының, 7-тармағы бесінші бөлігінің және 8-тармағының талаптары банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымды лицензиядан айыру жағдайларына қолданылады.

 

47-1-бап. Ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне және банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғаларға қатысты қолданылатын мәжбүрлеу шаралары



1. Уәкілетті орган ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына және банк холдингтеріне немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғаларға:

1) ірі қатысушы және банк холдингі мәртебесін иемденуге уәкілетті органның келісімін алмаған;

2) банктің ірі қатысушысы және банк холдингі мәртебесін иемденгеннен кейін осы Заңның 17-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған;

3) осы Заңның 46-бабына сәйкес қолданылған ықпал етудің шектеулі шараларын орындамаған;

4) банктің ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілерін иеленуші тұлға, сондай-ақ банктің ірі қатысушылары (оның ішінде ірі қатысушы бақылау жасай алатын ұйымдар), банк холдингі немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғалар жасаған іс-әрекеттер, соның салдарынан банкке залал келтірілген немесе залал келтірілуі мүмкін болған;

5) ірі қатысушының немесе банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаның, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларының (оның ішінде ірі қатысушы бақылау жасайтын ұйымдардың), банк холдингінің немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғалардың қаржылық жай-күйі тұрақсыз болған, соның салдарынан банкке залал келтірілген немесе залал келтірілуі мүмкін болған;

6) осы Заңның 45-бабында көрсетілген факторлардың анықталуына байланысты, банктің немесе банк конгломератының қаржылық жағдайы нашарлаған;

7) банк конгломераты пруденциялық нормативтерді жүйелі түрде (бір жыл ішінде екі және одан көп рет) орындамаған жағдайларда мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.

Осы Заңның 42-бабы 5-тармағының талаптарын орындамауға алып келген іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін де уәкілетті орган банк холдингтеріне және оның ірі қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде, уәкілетті орган:



1) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ банктің ірі қатысушысынан оның тікелей немесе жанама иелену үлесін банктің дауыс беретін акцияларының он пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;

2) банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ банк холдингінен оның тікелей немесе жанама иелену үлесін банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды және банкті тәуекелге ұшырататын, өзі мен банк арасындағы операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;

3) банктен және банк холдингінен банк немесе банк холдингі олардың акционері (қатысушысы) болып табылатын ұйымдарға, сондай-ақ банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға қатысты банкті және (немесе) банк холдингін не банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарды тәуекелге ұшырататын олардың арасындағы операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;

4) банктен немесе банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ банк холдингінен өзінің иелену үлесін иеліктен шығаруды немесе еншілес ұйымдарға немесе жарғылық капиталына қомақты қатысатын ұйымдарға бақылау жүргізуді талап етуге;

5) банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардан банк конгломератын тәуекелге ұшырататын, олар мен үлестес тұлғалар арасындағы операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;

6) банктің немесе банк конгломератының меншікті капиталын банктің немесе банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болатын мөлшерде арттыру мақсатында банк холдингінен, банктің ірі қатысушысынан банкті немесе банк конгломератын қосымша капиталдандыру жөнінде шаралар қолдануды талап етуге құқылы.

3. Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі не банктің не банк холдингінің ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлға осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 57-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті органның шешімі негізінде банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі банк акцияларын сенімгерлік басқару тағайындалады. Бұл акциялар уәкілетті органға үш айға дейінгі мерзімге сенімгерлік басқаруға беріледі.



Уәкілетті орган банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің ірі қатысушысы не банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі банк акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдауға құқылы.

Банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің ірі қатысушысы не банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі банк акциялары ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда, акцияларды сенімгерлік басқаруды тағайындау мерзімі уәкілетті органның сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы шешімінде айқындалады.

Уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг банктің акцияларын сенімгерлік басқаруды жүзеге асырған кезеңде акциялардың меншік иесі сенімгерлік басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы емес.

Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі не банктің ірі қатысушысы, банк холдингі белгілерін иеленуші тұлға уәкілетті органға банктің өзіне тиесілі барлық акцияларын өтінішхатта көрсетілген тұлғаларға сату туралы өтінішхат беруге құқылы.

Өтінішхатта көрсетілген акцияларды сатып алушылар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын орындаған жағдайда уәкілетті орган өтінішхатты қанағаттандырады.

Банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің ірі қатысушысы не банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі банк акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға беру үшін негіздер сенімгерлік басқару тағайындалған мерзім аяқталғанға дейін жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг банктің сенімгерлік басқарудағы акцияларын олардың акцияларды өткізу туралы шешім қабылданған күні қалыптасқан нарықтық құны бойынша бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында өткізу жолымен иеліктен шығарады. Акциялардың нарықтық құны туралы ақпарат болмаған жағдайда, акцияларды өткізу бағасын бағалаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындауы мүмкін. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары сенімгерлік басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.

Банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің ірі қатысушысы, банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі банк акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар банк қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің ірі қатысушысы не банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаларға тиесілі банк акцияларын сенімгерлік басқаруды жүзеге асырудың тәртібі, сондай-ақ уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің сенімгерлік басқару кезеңіндегі іс-әрекеті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

 

48-бап. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берілген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату не олардан айыру үшiн негiздер



1. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұру не одан айыру мынадай кез келген негiздер бойынша жүргiзiледi:

а) банк және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым қызметi үрдiсiнде осы Заңның 20-бабының, 26-бабы 2 және 6-тармақтарының талаптарын сақтамау;



а-1) банкте өзге банк холдингі немесе банк акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін жеке тұлға - ірі қатысушы болмағанда, банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялар шегеріле отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін жеке тұлғадан банк холдингі, банктің ірі қатысушысы мәртебесін кері қайтарып алу;

б) банк операцияларын қолданылып жүрген заңдардың нормаларын үнемi (он екi жүйелi күнтiзбелiк айдың iшiнде үш немесе одан да көп рет) бұза отырып жүзеге асыру;

в) төлем мен аударым операциялары бойынша шарттық мiндеттемелердi үнемi (он екi жүйелi күнтiзбелiк айдың iшiнде үш немесе одан көп рет) тиiстi дәрежеде орындамау;

г) пруденциалдық қалыптарды және/немесе сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi үнемi (он екi жүйелi күнтiзбелiк айдың iшiнде үш немесе одан да көп рет) бұзу;

д) осы Заңның 32-бабында белгiленген банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын ашу жөніндегі мiндеттi сақтамау;

е) осы Заңның 40-бабында белгiленген банкiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдарға жеңiлдiк жағдайлар жасауға тыйым салуды бұзу;



ж) уәкiлеттi органға есептер мен мәлiметтер бермеу немесе оларды көрінеу анық емес етiп беру;

з) уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерін үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзу не жазбаша нұсқаманы үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамау;

з-1 тәуекелді басқару және ішкі бақылау жүйесінің бар болуы бөлігінде уәкілетті органның талаптарын сақтамауы;

и) осы Заңның 8-бабындағы шарттарға сәйкес банктер үшiн тыйым салынған және шектелген қызметтердi жүзеге асыру;

к) осы Заңмен, банк жарғысымен және банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензиямен (лармен) белгiленген өзiнiң құқықтық қабiлетi шегiнен шығып кететiн банк операцияларын жүзеге асыру;

к-1) банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның өзiне берiлген лицензияға сәйкес қызметтi лицензия берiлген күннен бастап қатарынан он екi күнтiзбелiк ай iшiнде жүзеге асырмауы;

л) банк қызметiн тоқтату туралы соттың шешiм қабылдауы;

л-1) банктiң қайта құрылу немесе таратылу жолымен өз қызметiн ерiктi түрде тоқтату туралы шешiм қабылдауы;

м) банкпен аффилиирлендірілген тұлғалар туралы ақпаратты, сондай-ақ уәкiлеттi орган талап еткен өзге де ақпаратты бермеу не анық емес ақпарат беру, бұл уәкiлеттi органның банктердің қызметіне, оның ішінде шоғырландырылған негізде қадағалау жасауына кедергі келтіруге себеп болса;

м-1) банк холдингінің банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) жиырма бес процентінен астамын тікелей және жанама иеленетін, банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалардың банктің меншікті капиталын ұлғайту бойынша уәкілетті орган белгілеген талаптарды, сондай-ақ осы Заңның 47-1-бабының 2-тармағына сәйкес қойылатын талаптарды сақтамауы;

н) банктің тексеру жүргізуге бірнеше рет (инспекция жүргізу барысында екі және одан көп рет) кедергі жасауы, соның салдарынан оны белгіленген мерзімде жүргізудің мүмкін болмауы;

о) аудиторлық ұйымның жүргізілген аудит жөніндегі есебінде көрсетілген бұзушылықтарды банктің осы Заңның 57-бабының 6-тармағында көрсетілген мерзімде әдейі жоймауы.

1-1. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылмайтын банк (ислам банкін қоспағанда) депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензияларынан айырылады.

1-2. 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен алып тасталды

1-3. 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен алып тасталды

1-4. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берілген лицензияның қолданылуын тоқтату «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша және лицензиатты барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге құқылы және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға жататын тұлғалар тізбесінен алып тастаған кезде жүзеге асырылады.

2. Уәкiлеттi орган бұзушылықтың сипатына қарай барлық не жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұрады не одан айырады.

Уәкілетті органның барлық не жекелеген банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру туралы шешімдеріне шағым жасау осы шешімдердің орындалуын тоқтата тұрмайды.

3. алынып тасталды



 

48-1-бап. Банкті лицензиядан айырудың салдарлары



1. Барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айрылған банктің банктік немесе өзге де қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ.

Банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнінен бастап:

1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға және банкке келіп түсетін ақшаны есепке алуға байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және банктің өзінің банк шоттары бойынша барлық операциялар тоқтатылады;

2) құрылтайшылардың (қатысушылардың), банк органдарының банк мүлкіне билік етуге құқығы болмайды;

3) банктің басшы, ал қажет болған жағдайда өзге де қызметкерлері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шеттетіледі;

4) банкті ұстап тұруға арналған ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, кредиторлардың банкке қоятын талаптары тарату ісі жүргізілгенде ғана қойылуы мүмкін;

5) кредиторлардың, салық қызметі органдарының талаптары, оның ішінде даусыз (акцептсіз) тәртіппен қанағаттандыруға жататын талаптары бойынша банктің банк шоттарынан ақшаны өндіріп алуға, сондай-ақ банк мүлкінен өтеу үшін өндіріп алуға жол берілмейді;

6) банктің лауазымды адамдарына өздеріне тиесілі банк акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады;

7) банкке қатысты соттардың бұрын қабылдаған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;

8) банктің борышкерлері негізгі борышты, сыйақыны және тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өтеу бойынша міндеттемелерді жасалған банктік қарыз шарттарына және мәмілелердің өзге де түрлеріне сәйкес орындайды.

2. Банктiң жұмыс тәртібі, оның уақытша әкiмшiлiгін (уақытша әкiмшісін) тағайындау, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкiмшінiң) өкiлеттiгi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде айқындалады.

3. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмшісі) өз қызметiн уәкiлеттi орган банктiң тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде жүзеге асырады.

Банктiң тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмшісінiң) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

4. Банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) орындалған жұмыс туралы есебі уәкілетті органға бекіту үшін беріледі.

5. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмшісi) банктің тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде өз өкiлеттiгiн доғарады және банктiң құжаттары мен мүлкiн банктiң тарату комиссиясының төрағасына бередi.

6. Банктiң құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына қабылдау-беру төрт данадан тұратын актiмен ресiмделедi, оның бір данасы уәкілетті органға, екіншісі - банкті тарату туралы шешім қабылдаған сотқа жіберіледі.

7. Банктiң уақытша әкiмшiлiгiнің (уақытша әкiмшісінің) өз қызметi кезеңiнде осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шығыс операцияларын жүзеге асыруға және бұрын банк жасасқан шарттардың талаптарын өзгертуге құқығы жоқ.

8. Банктiң уақытша әкiмшілігінің (уақытша әкiмшiсiнiң) және тарату комиссиясының құрамына енгізілген уәкiлеттi орган қызметкерлерiнің еңбегіне ақы төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ соттың банктi мәжбүрлеп тарату туралы қабылдаған шешiмi жөніндегі ақпаратты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң ресми баспа басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялау жөніндегі шығыстарды және әдiлет органының мәжбүрлеп тарату бойынша банк қызметiнiң тоқтатылғанын мемлекеттік тiркеуге және банктiң мүлкi болмаған не оның құны осы шығыстарды жабуға жеткiлiксiз болған жағдайларда, банктi тарату аяқталғаннан кейiн құжаттарды сақтау үшін мұрағатқа тапсыруға байланысты шығыстарды қоспағанда, мәжбүрлеп тарату негiзi бойынша банктердi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруға және олардың қызметiн тоқтатуға байланысты шығыстарды уәкiлеттi органның қаржыландыруына тыйым салынады.

 

49-бап. Банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алудың негiздерi мен тәртібі



1. Уәкiлеттi орган банк ашуға берiлген рұқсатты:

а) банк қайта құру немесе тарату арқылы өз қызметiн ерiктi түрде тоқтататыны туралы шешiм қабылдаған;

б) банк қызметiн тоқтату туралы сот шешiм қабылдаған;

в) банк ретiнде тiркелген заңды тұлғаның қызметiнде осы баптың 2-тармағында көзделген бұзушылықтар анықталған жағдайларда қайтарып алады.

2. Заңды тұлғаға банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алуды уәкiлеттi орган мынадай негiздердiң кез келгенi бойынша жүргiзедi:

а) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап бір жыл iшiнде рұқсат беруге негiз болған мәлiметтердiң дұрыс еместiгiн анықтау;

а-1) осы Заңның 25-бабында көзделген мерзiмдердi бұзуы;

б) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап бір жыл iшiнде банк операцияларын жүргiзуге лицензия алмауы;

в) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн бір жыл iшiнде жарғылық капиталын төлемеуi;

г) банк ретiнде тiркелген заңды тұлға үшiн Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген қызмет шарттарын бұзуы.

3. алынып тасталды

4. Банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алу туралы уәкiлеттi органның шешiмi заңды тұлғаның қызметiн қайта тiркеуге немесе тоқтатуға негiз болып табылады.

 

50-бап. Банк құпиясы



1. Банк құпиясына банк депозиторлары, клиенттерi мен корреспонденттерi банк шоттарының бар екендiгi, олардың иелерi мен нөмiрлерi туралы, сол есепшоттар мен банкінің өз есепшоттарындағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, банк операциялары туралы (банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарынан басқа), сондай-ақ банкінің сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан клиенттер мүлiктерiнiң бар екендiгi, олардың иелерi, сипаты мен құны туралы мәлiметтер кiредi.

Таратылу процесіндегі банк берген кредиттер туралы мәліметтер банк құпиясына жатпайды.

2. Банкiлер өз депозиторларының, клиенттерi мен корреспонденттерiнiң операциялары мен депозиттерi жөніндегі құпияға, сондай-ақ банкiлердiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлiктердiң құпиясына кепiлдiк бередi.

3. Өзiнiң қызмет мiндеттерiн жүзеге асыру барысында банк құпиясы болып табылатын мәлiметтер алуға мүмкiндiк алған банктің, Қазақстан Республикасының резиденттері-банк холдингтерінің, осы баптың 4-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өзге адамдар оларды жария еткенi үшiн қылмыстық жауапты болады, бұған осы баптың 4-8-тармақтарында көзделген жағдайлар кiрмейдi.

4. Банк құпиясы шоттың (мүліктің) иесіне ғана, шот (мүлік) иесінің жеке өзі банкте болған кезде берген жазбаша келісімі негізінде кез келген үшінші адамға, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес банктiк қарыз, лизинг операцияларын, факторингтiк, форфейтингтiк операциялар, вексельдердi есепке алу, сондай-ақ банк шығарған кепiлдiктер, кепiлгерлiктер, аккредитивтер бойынша кредиттік бюроға, сондай-ақ осы баптың 5-8-тармақтарында аталған адамдарға осы бапта көзделген негіздер бойынша және шекте ашылуы мүмкін.



Мыналар:

1) банктердің дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға, резидент еместі қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне банк шоттарының ашылғаны туралы салық органдарын міндетті түрде хабардар етуі;

1-1) банктердiң қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органға «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы, оның ішінде ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен күдікті операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беруі;

 2) олар бойынша талап ету құқықтары бағалы қағаздар бойынша қамтамасыз ету ретінде, оның ішінде секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру аясында берілетін бағалы қағаздар эмитентіне және бағалы қағаздарды ұстаушылар өкіліне берілген кредиттер бойынша мәліметтерді табыс ету;



3) жеке тұлғалардың банк шоттарындағы ақша қалдықтары және барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айыруға байланысты енгізілген, банк және (немесе) уақытша әкімшілік солар бойынша есептеп шығарған сыйақы туралы, салымшыларға ақшасын қайтарумен байланысты іс-шараларды жүзеге асыру үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға және агент банктерге; шот иесінің жазбаша келісімі негізінде аудиторлық ұйымға мәліметтер табыс ету;

4) басқа банктерге осы Заңның 61-2, 61-3-баптарында көзделген операцияларды жүргізу үшін қажетті мәліметтерді табыс ету;



5) талап ету құқықтарын мемлекет екінші деңгейдегі банктердің сыныпталған активтерін салып алу үшін құрған заңды тұлға сатып алатын немесе басқаруға қабылдап алатын екінші деңгейдегі банктердің көрсетілген заңды тұлғаға мәліметтер табыс ету;

6) қайта құрылымдалатын банктің олардың алдындағы міндеттемелерді қайта құрылымдау көзделетін банк кредиторларына, басқа банктерге қайта құрылымдалатын активтер мен міндеттемелер бойынша қайта құрылымдау шеңберінде мәліметтерді табыс етуі;



7) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кредиттік бюроға теріс ақпарат беруі және кредиттік бюроның кредиттік тарих субъектісі туралы мерзімі күнтізбелік бір жүз сексен күннен асып кеткен берешегі бөлігінде теріс ақпарат беруі;

8) банктердің заңды тұлғаға күмәнді және үмітсіз актив ретінде сыныпталған кредитке (қарызға) байланысты және ол жөнінде осы кредит (қарыз) бойынша аталған тұлғаға талап ету құқықтарын беру кезінде теріс ақпарат бар екенін білдіретін ақпарат беруі;

9) банктің Қазақстан Республикасының резиденті-банк холдингіне банк конгломератының пруденциялық нормативтерді есептеуі, сондай-ақ банк конгломератының тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру үшін мәліметтер беруі;

10) банктік қарыз беру фактісін растайтын құжаттарды басқа банктерге беруі;

11) 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен алып тасталды

12) банктің борыш кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлер тізбесін:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне;

мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға;

салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға беруі банк құпиясын ашу болып табылмайды.

Осы тармақшаның ережелері:

өзіне қатысты сот шешімі бойынша қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі;

бірігу арқылы қайта ұйымдастыру нәтижесінде осы бөліктің екінші абзацында көрсетілген банктің құқық мирасқоры болып табылатын банкке қолданылады.

5. Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмiрлерi туралы анықтамалар банк басқармасының төрағасы немесе оның орынбасарлары қол қойған жазбаша сұрау салу негізінде, оған қатысты шоттың (шоттардың) иесi қарыз алушы, кепілгер, кепiлдік берушi, лизинг алушы немесе кепiл берушi болып табылатын банкке кредит алынғанын растайтын, тізбесі мен ұсыну тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін құжаттарды ұсынған жағдайда, берiледi.

6. Заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарының, сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың ағымдағы шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және ақша қозғалысы туралы анықтамалар мыналарға берiледi:

а) анықтау және алдын ала тергеу органдарына: прокурордың санкциясымен олар жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша;

б) соттарға:

сот ұйғарымы негiзiнде олар жүргiзiлiп жатқан iстер бойынша;

в) прокурорға: тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде, өз құзыретi шегiнде, өз қарауындағы материалдар бойынша;

г) прокурордың санкциясымен клиенттердiң экспорттық және (немесе) импорттық операциялары бойынша кеден органдарына;



д) салық қызметі органдарына мыналарға:

тексерілетін заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне қатысты салық салуға байланысты мәселелер бойынша;

дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде тіркеу есебінде тұрған тексерілетін жеке тұлғаға қатысты салық салуға байланысты мәселелер бойынша;

заңды тұлғаға, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде салықтық міндеттемесін орындаудың ерекшелігі қолданылатын дара кәсіпкерге қатысты;

тұрғылықты жерінде іс жүзінде болмауы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген табыс ету мерзімінен кейін алты ай өткенге дейін салық есептілігін табыс етпеген, Қазақстан Республикасы салық заңнамасында көзделген осындай мерзімді ұзарту кезеңін қоспағанда, заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, жеке сот орындаушысына адвокатқа қатысты;

әрекетсіз заңды тұлғаға, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, адвокатқа қатысты;

д-1) әділет органдарына: өздері жүргiзiп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша сот орындаушысының әділет органының мөрімен расталған және сот санкция берген қаулысы негiзiнде;

д-2) жеке сот орындаушыларына: олардың жүргізіп жатқан атқару істері бойынша жеке сот орындаушысының жеке мөрімен расталған және сот санкция берген қаулысы не оның жеке мөрмен расталған көшірмесі негізінде;

д-3) прокурордың санкциясымен банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаға қатысты банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалғанға дейінгі бес жыл ішіндегі кезең үшін оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға.

6-1. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы анықтамалар салық қызметі органдарына мыналарға:

заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген адамға және оның жұбайына (зайыбына) қатысты;

мемлекеттік қызметке не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты қызметке кандидат болып табылатын адамға және оның жұбайына (зайыбына) қатысты;

өз өкілеттіктерін орындау кезеңінде мемлекеттік лауазымдағы адамға және осы кезеңде оның жұбайына (зайыбына) қатысты;

жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты беріледі.

Осы тармақта және осы баптың 6-тармағының д) тармақшасында көзделген мәліметтер уәкілетті органмен келісім бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша салық қызметі органының сауал салуы негізінде беріледі

7. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен ақша қозғалысы туралы анықтамалар, сондай-ақ оның банктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлкінің сипаты мен құны туралы қолда бар мәлiметтер мыналарға берiледi:

а) жеке тұлғаның өкiлдерiне:

нотариалды түрде куәландырылған сенімхат негiзiнде;

б) анықтау және алдын ала тергеу органдарына:

есепшоттарда немесе банкiде сақтаулы жатқан жеке тұлғаның ақшаcы мен өзге де мүлкiне арест салынуы, олар өндiрiп алынуы немесе мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн болатын реттерде анықтау немесе алдын ала тергеу органының біріншi басшысы немесе тергеушісi қол қойып, мөрiмен куәландырылған және прокурор санкция берген жазбаша сауал негiзiнде, олар жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша;

в) соттарға:

есепшоттарда немесе банкiде сақтаулы жатқан жеке тұлғаның ақшасы мен өзге де мүлкiне арест салынуы, олар өндiрiп алынуы немесе мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн болатын реттерде, соттың ұйғарымы, қаулысы, шешімі, үкімі негiзiнде олар жүргiзiп жатқан iстер бойынша;

г) прокурорға: тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде, өз құзыретi шегiнде, өз қарауындағы материалдар бойынша;

д) алынып тасталды

е) алынып тасталды

7-1. Егер осы баптың 6-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы анықтамалар клиенттiң банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірме нысанында беріледi. Клиенттiң банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзiндi көшірмеде болуға тиiс мәлiметтер уәкілетті органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.

7-2. Банк омбудсманына өзінің қарауында жатқан, қарыз алушы жеке тұлғалардың ипотекалық қарыз шарттарынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі өтініштерін қарау бойынша банктік құпия ашылуы мүмкін.

8. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi, олардағы ақшаның қалдығы туралы анықтамалар, сондай-ақ банкінің сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан оның мүлкiнiң бар екендiгi, сипаты мен құны туралы қолда бар мәлiметтер, олардың иесi қайтыс болған жағдайда мыналарға берiледi:

а) мұра өкімінде есепшот (мүлiк) иесi деп көрсетiлген адамдарға;

б) соттар мен нотариустарға: соттың ұйғарымы, қаулысы немесе нотариустың өз мөрiн қойып куәландырған жазбаша сауалы негiзiнде олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша. Нотариустың жазбаша сауалына шот иесiнiң қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi қоса берiлуге тиiс;

в) шетелдiк консулдық мекемелерге:

олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша.

9. алынып тасталды

10. Банк құпиясы бар ақпарат Қазақстан Республикасының ақпарат алмасуды көздейтін халықаралық шарттары негізінде беріледі.

Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына осындай ақпаратты ұсынған тараптың келісімімен ғана береді.

11. Осы баптың талаптары банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға да қолданылады.

 

51-бап. Банкiде жатқан ақша мен мүлiкке тыйым салу және олардан өндiрiп алу



1. Жеке немесе заңды тұлғаның (уәкілетті орган лицензиясынан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензиясынан айырылған ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) банктегi ақшасына және басқа да мүлкiне сот санкция берген анықтау және алдын ала тергеу органдарының қаулылары және сот орындаушыларының қаулылары, сондай-ақ соттардың қаулылары, шешiмдерi, үкiмдерi, ұйғарымдары негiзiнде ғана тыйым салу қолданылуы мүмкiн. Қуыным талаптарын қамтамасыз етуде тыйым салу қолданылған кезде тыйым салу қолданылған ақша сомасы қуыным сомасынан және мемлекеттік баж және соттың шешiмдерiн, үкiмдерiн, ұйғарымдары мен қаулыларын орындауға байланысты шығыстар мөлшерінен аспауға тиiс. Сот орындаушысы атқару құжатының орындалуын қамтамасыз етуде тыйым салуды қолданған жағдайда, тыйым салу қолданылатын ақша мен мүлік құнының сомасы өндіріп алушыға ұйғарылған соманы өтеу үшін қажетті сомадан, сондай-ақ атқару құжатын орындау процесінде борышкерге салынған айыппұлдар сомасынан, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомаларынан және атқару құжатын орындау жөніндегі шығыстар сомаларынан аспауға тиіс.

Заңды тұлғалардың, оның құрылымдық бөлімшелерінің, дара кәсіпкердің, жеке нотариустың және адвокаттың банк шоттарындағы (корреспонденттiк шоттардан басқа) барлық шығыс операциялары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жағдайларда, салық және (немесе) кеден органдарының өкімдері бойынша, тоқтатыла тұруы мүмкiн, ал өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негiздер бойынша ғана жүргiзiлуi мүмкiн болады.



Жеке және заңды тұлғаның банк шоттары бойынша операциялары «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртіппен тоқтатыла тұрады.

Бұл ретте салық және (немесе) кеден органдарының өкімдері қағаз жеткізгіште немесе ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электрондық түрде банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберілуі мүмкін.

Қағаз жеткізгіште жіберілетін өкімге салық және (немесе) кеден органдарының бірiншi басшысы қол қойып және мөрiмен куәландыруы тиіс.

Электронды түрде жіберілетін өкім салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген форматтарға сәйкес, уәкілетті органмен  келісім бойынша жасалады.

2. Зейнетақы активтерiн қоспағанда, жеке және заңды тұлғаның банктегі ақшасы мен басқа да мүлкiн тәркiлеу заңды күшiне енген сот шешiмi (үкімі) негiзiнде ғана жүргiзiлуi мүмкiн.

 

52-бап. 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен алып тасталды



 

4-1-тарау. Ислам банктерін құрудың және оның қызметінің ерекшеліктері

 

1   2   3   4   5   6   7   8   9


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет