Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы


нормативтік құқықтық актісімен



бет5/22
Дата04.03.2016
өлшемі1.18 Mb.
#39095
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді;

3) егер осы Заңға сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банк қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі болып табылса, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде, банктің басқа банк акцияларын не басқа банкке тиесілі заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарындағы акциялары мен қатысу үлестерін сатып алу жағдайларына қолданылмайды.

 

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 11-2-баппен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



11-2-бап. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктердің еншілес ұйымдары

1. Банк уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана өзіне осы Заңның 8-бабында берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсатында бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға құқылы.



Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат берудің тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

2. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым осы баптың 4-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға байланысты шығыстарды төлеу үшін жұмсалатын ақшаны қоспағанда, өз қызметінен алынған ақшаны бас банкке аударуға міндетті.

3. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым қызметінің тәртібі, сатып алынған күмәнді және үмітсіз активтерді еншілес ұйымдардың басқару мерзімі, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

4. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы:

1) бас банктің күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтарын сатып алуға;

2) жылжымайтын мүлікті және (немесе) күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алу бойынша кепілге салынған мүлікті өндіріп алуды айналымға жіберу нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен аяқталмаған құрылыс объектілеріне меншік құқығын сатып алуға;

3) заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталдағы үлестерін сатып алынған күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтарын бойынша кепіл (кеңшілік жасау немесе қамтамасыз ету ақысы) ретінде қабылдаған жағдайда оларды сатып алуға;

4) мүлікті өндіріп алу нәтижесінде оның меншігіне өткен, кепіл, өзге де қамтамасыз ету ретінде болған немесе бас банктен сатып алынған күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша бас тарту төлемі түрінде алынған жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мүлікті жалға беруге немесе осындай мүлікті өтеусіз уақытша пайдаланудың өзге де нысанын пайдалануға;

5) сатып алынған күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтарының немесе өзге де активтердің сапасын жақсарту мақсатында уәкілетті органның құқықтық нормативтік актісінде белгіленген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.

5. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға, сатып алуға арналған рұқсатты алуға берілетін өтінішке осы Заңның 11-1-бабы 4-тармағының 1), 2), 3), 4), 7), 9), 10), 11) және 14) тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ:

1) еншілес ұйымға берілуге жататын (берілген) күмәнді және үмітсіз активтер туралы ақпарат;

2) еншілес ұйымды сатып алған жағдайда тиісті өтініш берудің алдындағы соңғы аяқталған тоқсан үшін еншілес ұйымның қаржылық есептілігі;

3) оларға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту бойынша бизнес-жоспар мен іс-шаралар жоспары қоса беріледі.

6. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат беруден бас тартуға:

1) осы Заңның 11-1-бабы 6-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер;

2) еншілес ұйымға берілетін күмәнді және үмітсіз активтердің осы баптың 4-тармағының талаптарына және (немесе) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келмеуі негіз болады.

7. Банктік қарыз шарттары бойынша бас банкте берген талап ету құқықтары бойынша бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктердің еншілес ұйымдары банктік қарыз операциялары жөніндегі кредиторлар (қарыз берушілер) болып танылады және талап ету құқығын бас банк еншілес ұйымның пайдасына берген банк қарызы шартында белгіленген бас банктің барлық құқықтарына және міндеттеріне ие болады.

8. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым бас банк берген күмәнді және үмітсіз активтерді басқару мерзімі аяқталғанға дейін осы активтерді өткізуге міндетті. Осы активтерді өткізбеген жағдайда олар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен бас банкке қайтарып берілуге тиіс.

9. Күмәнді және үмітсіз активтерді еншілес ұйымның басқару мерзімі аяқталғаннан кейін үш ай ішінде уәкілетті орган берілген рұқсатты қайтарып алады.

Рұқсатты қайтарып алған жағдайда осы Заңның 11-1-бабының 13-тармағының екінші бөлігінде көзделген салдар басталады.

 

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда



2-тарау. Банк құру және банк қызметiн жүзеге асыру

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.98 ж. № 282-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 12-бап өзгертілдi; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) заңымен 12-бап алынып тасталды



 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 13-бап жаңа редакцияда; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 13-бап өзгертілді



13-бап. Уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсат беруi

1. Банк ашуға рұқсат беру тәртібі мен оған рұқсат беруден бас тарту негiздерi Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленедi.

2. Банк ашуға берiлген рұқсаттың банк операцияларын жүргiзуге банкке лицензия беру туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдағанға дейiн заңды күшi болады.

Банк ашуға берiлген рұқсатты уәкiлеттi орган керi қайтарып ала алады.

3. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия берiлген жағдайда немесе банктiң қызметiн тоқтату туралы сот шешiм қабылдаған жағдайда, сондай-ақ осы Заңның 49-бабының 2-тармағында көзделген негiздер бойынша рұқсат керi қайтарып алынған жағдайда банк ашуға берiлген рұқсатты банк уәкiлеттi органға қайтаруға тиiс.

4. Банк өзiне банк ашуға берiлген рұқсатты ерiктi түрде қайтаруға және заңда белгiленген тәртiппен қайта тiркелуге құқылы.



 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 14-бап өзгертiлдi



14-бап. Банкінің құрылтай құжаттары

1. Банк Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып құрылады.

2. Банк құру жөніндегі құрылтай шартында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәлiметтерден басқа, мiндеттi түрде:

толық атауы мен олардың әрқайсысының тұрған жерiн қоса құрылтайшылар туралы мәлiметтер, сондай-ақ олардың мемлекеттік тiркеуден өткендiгi жөніндегі деректер (заңды тұлғалар үшiн), аты-жөнi, азаматтығы, тұрғылықты жерi мен жеке өзiн (жеке адамдар үшiн) куәландыратын құжат деректерi;

акциялардың саны, санаттары мен орналастыру бағалары туралы мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.

3. Банк жарғысында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәлiметтерден басқа, мiндеттi түрде:

банкінің толық және қысқартылған атауы;

банк қорларын (резервтік капиталын) құру түрлерi мен тәртібі туралы мәлiметтер;



банк органдарының шешiм қабылдау тәртібі.

осы Заңның 52-4-бабында көзделген мәліметтер (ислам банкі үшін) қамтылуға тиіс.



 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 15-бап өзгертiлдi



15-бап. Банктiң ұйымдық-құқықтық нысаны және атауы

1. Банктер акционерлік қоғамдар нысанында құрылады.

1-1. Банк өз жарғысында жазылған атауды өзiнiң атауы ретiнде пайдаланады.

Банктiң атауында «банк» деген сөз немесе одан туындаған сөз болуға тиiс.

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2. Уәкілетті органнан басқа барлық банктерге өз атауында кез келген тiлде толық немесе қысқарған түрде «ұлттық», «орталық» деген сөздердi пайдалануға тыйым салынады.

3. Банктердiң бәрiне өзiнiң атауында кез келген тiлде толық және қысқарған түрiнде «мемлекеттік» деген сөздi қолдануға тыйым салынады.



3-1. Ислам банкінің атауында «ислам банкі» деген сөз тіркесі болуға тиіс.

4. Бұрын құрылған банкiлердiң, еншiлес банктердi қоспағанда соның iшiнде Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлердiң атауымен бірдей немесе орнын ауыстырған дәрежеде ұқсас таңбаларды атау ретiнде қолдануға жол берiлмейдi.

Еншiлес банктер өзiнiң атауына негiзгi банктердiң атауын пайдалануға мiндеттi.

 

ҚР 07.12.96 ж. № 50-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.98 № 282-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 16-бап өзгертiлдi; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 16-бап өзгертiлдi (бұр.ред.қара)



16-бап. Банктiң жарғылық және меншiк капиталы

1. Банктiң жарғылық капиталы, осы баптың 2-тармағында белгiленген жағдайларды қоспағанда, акцияларды сату есебiнен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қалыптастырылады.

2. Банктің акциялары орналастырылған кезде ақы тек қана ақшамен төленуге тиіс. Осы талап мынадай:

1) банктің акцияларын банк кредиторлары арасында орналастырған және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда банк қайта құрылымдау жүргізген кезде банктің тиісті кредитор алдындағы ақшалай міндеттемесі жөніндегі кез келген құқығын (талабын) есепке жатқызу арқылы оларды төлеген;

2) банктің акцияларына айырбасталатын эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі негізінде бағалы қағаздарды банктің акцияларына айырбастаған;

3) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын қайта ұйымдастыру кезінде банктің акцияларын төлеген жағдайларда банктерге қолданылмайды.



Осы тармақта көзделген жағдайларда банк акцияларын орналастырған кезде бағалау жүргізу талап етілмейді.

3. Банктi қайта құрылымдау рәсiмi шеңберiнде бағалы қағаздарды банктiң акцияларына айырбастаған жағдайда банк акционерлерiне бағалы қағаздарды және (немесе) банктiң ақшалай мiндеттемелерiн оның акцияларына айырбастау арқылы өзiнiң акцияларын орналастырған кезде басымдықпен сатып алу құқығы берiлмейдi.

4. Жаңадан құрылған банктiң жарғылық капиталына оның акционерлерi осы банктi тiркеу кезiнде елу пайыз және ол тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк бір жыл iшiнде толық төлем жасауға тиiс.

5. Банктiң меншiк капиталын және инвестицияларын есептеу әдiстемесiн уәкiлеттi орган айқындайды.

Банк мiндеттемелерiнiң сомасы оның активтерiнiң құнынан артық болған жағдайда, банктiң меншiк капиталы терiс болып табылады.

6. Банктiң меншiк капиталының терiс мөлшерi анықталған жағдайда уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша оның акционерлерiнiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдауға және оларды банк капиталының ұлғаюына және инвестор алған мiндеттемелердi ескере отырып оның қалыпты жұмыс iстеуiне кепiлдiк беретiн шарттармен жаңа инвесторға сатып алынған бағасымен дереу сатуға құқылы.



Уәкiлеттi органның банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алуы, ол банк акцияларын (акционерлердiң үлестерiн) кейiннен жаңа инвесторға сату мақсатында оларды мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдаған күнгi оның мiндеттемелерiнiң сомасы шегерiле отырып, банк активтерiнiң құнын негiзге ала отырып айқындалатын баға бойынша жүзеге асырылады. Уәкiлеттi орган банктiң сатып алынған акцияларын олардың сатып алынған бағасымен дереу сатады. Банктiң мәжбүрлеп сатып алынған барлық акциялары иелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi жаңа инвесторға көшедi.

Банкке талаптар қойылуы мүмкiн мiндеттемелердi орындау мерзiмi басталған, бірақ осы талаптар банктiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдағанға дейiн қойылмаған жағдайда, жеке және заңды тұлғалардың депозиттерi бойынша талаптарды қоспағанда, мұндай талаптар өтелген болып есептеледi.

Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың және оларды кейiннен инвесторларға мiндеттi түрде сатудың тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.

 

ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Жарлығымен; 07.12.96 ж. № 50-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 10.07.98 № 282-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 25.04.01 ж. № 179-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр. ред. қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 17-бап өзгертiлдi; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17-бап. Банкінің құрылтайшылары мен акционерлерi

1. Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резиденттерi емес заңды және жеке тұлғалар (осы баптың 5-тармағында және осы Заңның 18-бабында белгiленген шектеулердi ескере отырып) банкінің құрылтайшылары мен акционерлерi бола алады.



2. Осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы ғана банктің құрылтайшысы және акционері бола алады. Ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар банктің құрылтайшылары және акционерлері бола алмайды.

Уәкілетті орган консервациялау режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру мақсатында тұрақтандыру банкінің жалғыз құрылтайшысы болуы мүмкін.

3. 02.03.01 ж. № 162-II ҚР Заңымен алып тасталды

4. Банк кредиторларының мүддесін қорғау және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, егер уәкілетті орган қолданған шаралар банктің қаржылық жай-күйін жақсартуға әкелмесе:

1) банк меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентін және (немесе) өтімділік коэффициентін бір рет бұзған не өзге де пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі рет және одан да көп бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті органмен келісім бойынша осы Заңның 17-2-бабында көзделген тәртіппен, банктің қаржылық жай-күйін жақсартуға және оның пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді орындауы үшін қажетті мөлшерде банктің жарияланған акцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің сатып алатыны туралы шешім қабылдауға құқылы;

2) банкте капиталдың теріс мөлшері болған кезде, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша банктің қаржылық жағдайын қажетті жақсартуға кепілдік беретін жаңа инвесторға сатып алу бағасы бойынша кейіннен міндетті түрде дереу өткізу шартымен банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.

5. Оффшорлық аймақтарда тіркелген, тізбесін уәкiлеттi орган белгілейтін заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының резидент банктерінің дауыс беретiн акцияларын тiкелей немесе жанама иелене және (немесе) пайдалана алмайды және (немесе) оларға билiк ете алмайды.



Көрсетілген шектеу Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің еншілес ұйымдары болып табылатын, рейтинг агенттіктерінің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі бар банктерге қолданылмайды.

Рейтинг агенттіктерінің тізбесін және талап етілетін ең төменгі рейтингті уәкілетті орган айқындайды.

5-1. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын акционер, егер оның өз акционерлерінің (қатысушылардың) тіркелген елі туралы ақпарат банкте жоқ болса, өтінішті табыс етеді, онда осындай акционерлердің (қатысушылардың) осы баптың 5-тармағының талаптарын орындағаны туралы көрсетеді.



Көрсетілген өтінішті табыс етпеген акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға жіберілмейді.

Өтініште көрсетілген ақпараттың дәйексіздігі анықталған не осы баптың 5-тармағының талаптарының бұзылуы анықталған кезде:

1) егер шешім үшін дауыс беретін акциялардың көпшілігі (өтінішті табыс еткен акционердің дауыс беретін акцияларын есепке алмағанда) дауыс берсе, акционерлердің жалпы отырысының шешімі осы акционердің дауысы есепке алынбай қабылданды деп есептеледі;

2) егер өтінішті табыс еткен акционердің дауысы шешуші болса, аталған мән-жай уәкілетті органның не өзге де мүдделі тұлғалардың талабы бойынша акционерлердің жалпы отырысының шешімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп тану үшін негіз болады.

6. 2005.12.23



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет