20-бабы 2-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптарына сай келмеуі;
4) банктің және (немесе) банк холдингінің болжанып отырған еншілес ұйымдарының болуы нәтижесінде құрамына банк және (немесе) банк холдингі кіретін банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді сақтамауы;
5) еншілес ұйымның қызметі немесе банк және (немесе) банк холдингі жоспарлаған инвестициялар салдарынан банктің, банк холдингінің немесе банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауы көзделетін қаржылық салдарды талдау;
6) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын табыс етілген құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сәйкес келмеуі;
7) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциалдық нормативтерді, сондай-ақ банктің және банк холдингінің пруденциалдық нормативтерді сақтамауы, оның ішінде шоғырландырылған негізде сақтамауы және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде басқа да сақталуға міндетті нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8) өтініш берілген күнге және құжаттарды қарау кезеңінде ықпал етудің қолданыстағы шектелген шарасының және (немесе) уәкілетті органның банкке және (немесе) банк холдингіне және (немесе) сатып алу көзделген еншілес ұйымға қатысты қолданған санкциясының болуы;
9) банк және (немесе) банк холдингі еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері - банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын құрған немесе сатып алған жағдайда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері - банк немесе сақтандыру холдингінің, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алуға қатысты талаптарды сақтамауы негіз болып табылады.
7. Уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті.
Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган өтініш берушіге бас тартудың негіздері туралы жазбаша хабарлауға міндетті.
8. Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымы құрылтай құжаттарына енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
9. Қазақстан Республикасының резиденті емес - банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымы, сондай-ақ банк және (немесе) банк холдингі жарғылық капиталына қомақты қатысатын Қазақстан Республикасының резиденті емес - ұйым уәкілетті органға жүктелген шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті сұрау салу негізінде уәкілетті органға қажетті ақпаратты ашып көрсетуге міндетті. Бұл ретте алынған мәліметтер жария болмауға тиіс.
10. Банк және (немесе) банк холдингі уәкілетті органның рұқсаты болмаған кезде басқа заңды тұлғаға бақылау жасау белгілерін иеленген жағдайда, уәкілетті орган банкке және (немесе) банк холдингіне қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды қолданады. Бұл жағдайда банк және (немесе) банк холдингі заңды тұлғаның өздеріне тиесілі акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) бақылау жасау белгілері туындаған немесе уәкілетті орган аталған бұзушылықты анықтаған кезден бастап алты ай ішінде олармен ерекше қатынасы жоқ тұлғаларға иеліктен шығаруға және уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс.
11. Банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болғанда ғана жол беріледі.
Ұйымның капиталына қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алу жөніндегі талап көрсетілген ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін тікелей иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) және уәкілетті органның тиісті рұқсаты бар Қазақстан Республикасының резиденті банкінің акцияларын иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі болуы) арқылы осы ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін жанама иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) банк холдингтеріне қолданылмайды.
Ислам банкі өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру кезінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу жолымен және (немесе) әріптестік талаптары бойынша акцияларды (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) сатып алған жағдайда, оның ұйымдар капиталына қомақты қатысуына уәкілетті орган рұқсатының болуы талап етілмейді.
Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Банк және (немесе) банк холдингі уәкілетті органның алдын ала келісімін алмастан ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуды сатып алған жағдайда уәкілетті орган банкке және (немесе) банк холдингіне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды қолданады. Бұл жағдайда банк және (немесе) банк холдингі өздері капиталына қомақты қатысатын ұйымның оларға тиесілі акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) банкпен және (немесе) банк холдингімен ерекше қатынасы жоқ тұлғаларға иеліктен шығаруға және алты ай ішінде уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс.
12. Капиталға қомақты қатысуға рұқсат алуға берілетін өтініш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5), 6), 7), 10) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса беріле отырып табыс етіледі.
Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 6-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
13. Уәкілетті орган:
1) рұқсат беруге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған;
2) банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымының, сондай-ақ банк және (немесе) банк холдингі капиталына қомақты қатысатын ұйымдардың органдары шешім қабылдаған, не сот көрсетілген ұйымдардың қызметін қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен тоқтату туралы шешім қабылдаған;
3) банкте және (немесе) банк холдингінде еншілес ұйымды бақылау белгілері болмаған;
4) банк және (немесе) банк холдингі ұйымға тиесілі акцияларды (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иеліктен шығарған;
5) банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымы, сондай-ақ банк және (немесе) банк холдингі капиталына қомақты қатысатын ұйым қызметінің осы Заңның 8-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайларда, еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты қайтарып алады.
Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты қайтарып алған кезде уәкілетті орган рұқсатты қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған немесе банк және (немесе) банк холдингі рұқсатты қайтарып алу туралы өтінішті берген күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.
Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат қайтарып алынған жағдайда банк және (немесе) банк холдингі көрсетілген ұйымдардағы өздеріне тиесілі акцияларды (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) алты ай ішінде осы банкпен немесе банк холдингімен ерекше қатынасы жоқ тұлғаларға иеліктен шығаруға және уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты қайтарып алудың тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
14. Осы баптың талаптары:
1) банктің осы Заңның 11-2-бабында айқындалған талаптар негізінде еншілес ұйымды құру (сатып алу) жағдайларына;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілдi (2012 ж. 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) мына талаптардың бірін орындаған кезде:
банк холдингінде, банк холдингінің белгілеріне ие тұлғада тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ аталған тұлғалар шыққан елдің қаржылық қадағалау органының олардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған;
уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банк холдингi, банк холдингiнiң белгiлерiн иеленушi тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi еместерінiң еншiлес немесе тәуелдi ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi еместеріне, сондай-ақ еншiлес және тәуелдi ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденті еместерiн құрған немесе сатып алған кезде банк холдингi, банк холдингiнiң белгiлерiн иеленушi тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместеріне қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 11-2-баппен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11-2-бап. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктердің еншілес ұйымдары
1. Банк уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана өзіне осы Заңның 8-бабында берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсатында бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға құқылы.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат берудің тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым осы баптың 4-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға байланысты шығыстарды төлеу үшін жұмсалатын ақшаны қоспағанда, өз қызметінен алынған ақшаны бас банкке аударуға міндетті.
3. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым қызметінің тәртібі, сатып алынған күмәнді және үмітсіз активтерді еншілес ұйымдардың басқару мерзімі, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
4. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы:
1) бас банктің күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтарын сатып алуға;
2) жылжымайтын мүлікті және (немесе) күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алу бойынша кепілге салынған мүлікті өндіріп алуды айналымға жіберу нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен аяқталмаған құрылыс объектілеріне меншік құқығын сатып алуға;
3) заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталдағы үлестерін сатып алынған күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтарын бойынша кепіл (кеңшілік жасау немесе қамтамасыз ету ақысы) ретінде қабылдаған жағдайда оларды сатып алуға;
4) мүлікті өндіріп алу нәтижесінде оның меншігіне өткен, кепіл, өзге де қамтамасыз ету ретінде болған немесе бас банктен сатып алынған күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша бас тарту төлемі түрінде алынған жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мүлікті жалға беруге немесе осындай мүлікті өтеусіз уақытша пайдаланудың өзге де нысанын пайдалануға;
5) сатып алынған күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтарының немесе өзге де активтердің сапасын жақсарту мақсатында уәкілетті органның құқықтық нормативтік актісінде белгіленген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
5. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға, сатып алуға арналған рұқсатты алуға берілетін өтінішке осы Заңның 11-1-бабы 4-тармағының 1), 2), 3), 4), 7), 9), 10), 11) және 14) тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ:
1) еншілес ұйымға берілуге жататын (берілген) күмәнді және үмітсіз активтер туралы ақпарат;
2) еншілес ұйымды сатып алған жағдайда тиісті өтініш берудің алдындағы соңғы аяқталған тоқсан үшін еншілес ұйымның қаржылық есептілігі;
3) оларға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту бойынша бизнес-жоспар мен іс-шаралар жоспары қоса беріледі.
6. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат беруден бас тартуға:
1) осы Заңның 11-1-бабы 6-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер;
2) еншілес ұйымға берілетін күмәнді және үмітсіз активтердің осы баптың 4-тармағының талаптарына және (немесе) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келмеуі негіз болады.
7. Банктік қарыз шарттары бойынша бас банкте берген талап ету құқықтары бойынша бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктердің еншілес ұйымдары банктік қарыз операциялары жөніндегі кредиторлар (қарыз берушілер) болып танылады және талап ету құқығын бас банк еншілес ұйымның пайдасына берген банк қарызы шартында белгіленген бас банктің барлық құқықтарына және міндеттеріне ие болады.
8. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым бас банк берген күмәнді және үмітсіз активтерді басқару мерзімі аяқталғанға дейін осы активтерді өткізуге міндетті. Осы активтерді өткізбеген жағдайда олар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен бас банкке қайтарып берілуге тиіс.
9. Күмәнді және үмітсіз активтерді еншілес ұйымның басқару мерзімі аяқталғаннан кейін үш ай ішінде уәкілетті орган берілген рұқсатты қайтарып алады.
Рұқсатты қайтарып алған жағдайда осы Заңның 11-1-бабының 13-тармағының екінші бөлігінде көзделген салдар басталады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда
2-тарау. Банк құру және банк қызметiн жүзеге асыру
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.98 ж. № 282-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 12-бап өзгертілдi; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) заңымен 12-бап алынып тасталды
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 13-бап жаңа редакцияда; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 13-бап өзгертілді
13-бап. Уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсат беруi
1. Банк ашуға рұқсат беру тәртібі мен оған рұқсат беруден бас тарту негiздерi Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленедi.
2. Банк ашуға берiлген рұқсаттың банк операцияларын жүргiзуге банкке лицензия беру туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдағанға дейiн заңды күшi болады.
Банк ашуға берiлген рұқсатты уәкiлеттi орган керi қайтарып ала алады.
3. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия берiлген жағдайда немесе банктiң қызметiн тоқтату туралы сот шешiм қабылдаған жағдайда, сондай-ақ осы Заңның 49-бабының 2-тармағында көзделген негiздер бойынша рұқсат керi қайтарып алынған жағдайда банк ашуға берiлген рұқсатты банк уәкiлеттi органға қайтаруға тиiс.
4. Банк өзiне банк ашуға берiлген рұқсатты ерiктi түрде қайтаруға және заңда белгiленген тәртiппен қайта тiркелуге құқылы.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 14-бап өзгертiлдi
14-бап. Банкінің құрылтай құжаттары
1. Банк Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып құрылады.
2. Банк құру жөніндегі құрылтай шартында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәлiметтерден басқа, мiндеттi түрде:
толық атауы мен олардың әрқайсысының тұрған жерiн қоса құрылтайшылар туралы мәлiметтер, сондай-ақ олардың мемлекеттік тiркеуден өткендiгi жөніндегі деректер (заңды тұлғалар үшiн), аты-жөнi, азаматтығы, тұрғылықты жерi мен жеке өзiн (жеке адамдар үшiн) куәландыратын құжат деректерi;
акциялардың саны, санаттары мен орналастыру бағалары туралы мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
3. Банк жарғысында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәлiметтерден басқа, мiндеттi түрде:
банкінің толық және қысқартылған атауы;
банк қорларын (резервтік капиталын) құру түрлерi мен тәртібі туралы мәлiметтер;
банк органдарының шешiм қабылдау тәртібі.
осы Заңның 52-4-бабында көзделген мәліметтер (ислам банкі үшін) қамтылуға тиіс.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 15-бап өзгертiлдi
15-бап. Банктiң ұйымдық-құқықтық нысаны және атауы
1. Банктер акционерлік қоғамдар нысанында құрылады.
1-1. Банк өз жарғысында жазылған атауды өзiнiң атауы ретiнде пайдаланады.
Банктiң атауында «банк» деген сөз немесе одан туындаған сөз болуға тиiс.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Уәкілетті органнан басқа барлық банктерге өз атауында кез келген тiлде толық немесе қысқарған түрде «ұлттық», «орталық» деген сөздердi пайдалануға тыйым салынады.
3. Банктердiң бәрiне өзiнiң атауында кез келген тiлде толық және қысқарған түрiнде «мемлекеттік» деген сөздi қолдануға тыйым салынады.
3-1. Ислам банкінің атауында «ислам банкі» деген сөз тіркесі болуға тиіс.
4. Бұрын құрылған банкiлердiң, еншiлес банктердi қоспағанда соның iшiнде Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлердiң атауымен бірдей немесе орнын ауыстырған дәрежеде ұқсас таңбаларды атау ретiнде қолдануға жол берiлмейдi.
Еншiлес банктер өзiнiң атауына негiзгi банктердiң атауын пайдалануға мiндеттi.
ҚР 07.12.96 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |