Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қазіргі проблемаларын шешу бойынша шетелдің оң тәжірибесіне шолу.
Сыбайлас жемқорлық деңгейі едәуір төмен елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын зерделеу мемлекеттік органдар қызметінің айқындығы мен жазаның болмай қалмайтындығы, мемлекеттік органдардың жұмысына азаматтық қоғам тарапынан ұйымдастырылған бақылау, мемлекеттік қызметкерлердің жоғары жалақысы, тиімді алдын алу жұмысы олар жүргізетін шаралардың базалық негіздері болып табылатынын көрсетеді.
Мәселен, Сеул қаласында (Оңтүстік Корея) 1999 жылдан бастап «OPEN» бағдарламасы - қалалық әкімшілік шенеуніктерінің азаматтардың арыздарын қарауын бақылаудың онлайн жүйесі жұмыс істейді.
Істің жағдайы туралы ақпаратқа еркін қол жеткізу шенеуніктермен жеке қарым-қатынас жасасу және шешім қабылдау үдерісінің аяқталуын жеделдету мақсатында оларға пара ұсыну қажеттілігін жойды.
Сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен елдерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен мерзіміне қатаң бақылау жүргізіледі. Мәселен, Еуропалық Одақ елдерінде әр түрлі құжаттарды ресімдеуге 40 минут жұмсалады, ал Сингапурда 15-20 минут жеткілікті.
Осыған байланысты құжатты орындаушылар мен азаматтар арасында тікелей қарым-қатынассыз құжаттар беруге байланысты қызметтер көрсете отырып, сыбайлас жемқорлық көріністерін жасау үшін жағдайды төмендететін Халыққа қызмет көрсету орталығының (бұдан әрі - ХҚКО) жұмысына ерекше көңіл бөлу қажет.
Бизнес пен мемлекеттік органдардың арасындағы өзара қарым-қатынастарды түбегейлі оңайлатады және жеңілдетеді, бюрократтық кедергілерді әлсіретеді, сыбайлас жемқорлық үшін мүмкіндіктерді төмендетеді, ақпараттық-коммуникативтік технологияларға өтеді және халыққа Интернет арқылы қызметтер көрсетеді.
Әрбір мемлекеттік орган «бір терезе» қағидат бойынша сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жою жөніндегі жүйелі шаралар кешенін әзірлеуі және қолдануы тиіс, бұл өз органдарының қызметін уақыт пен қаражатты көп үнемдеуге, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, азаматтар тарапынан олардың мәселелерін шешу кезінде айқындық пен мониторингті қамтамасыз етуге, әкімшілік кедергілердің азаюына әкеледі.
Сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен елдерде сыбайлас жемқорлық көздерінің пайда болу себептерін зерделеу жөніндегі ғылыми және әлеуметтік зерттеулерге, осы көздердің пайда болуының алдын алу бойынша кешенді шараларды одан әрі қабылдай отырып, ерекше мән берілетіндігін атап өту қажет.
Жыл сайын осындай зерттеулерді жүргізуге едәуір қаражат бөлінеді. Сонымен қатар, осы зерттеулерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін уәкілетті органдар жүргізеді.
Сыбайлас жемқорлық тақырыбындағы әлеуметтанушылық сұрау салулар мен зерттеулерді Қазақстанда уәкілетті мемлекеттік органдардың тапсырысы бойынша тәуелсіз институттар жүргізеді. Алайда, осы зерттеулер бірыңғай үйлестіруші органда қорытылмайды, ал іс жүзіндегі тұжырымдар мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына түзету енгізу үшін пайдаланылмайды.
Шет елдер тәжірибесін зерделеу бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтық қоғамның айрықша рөлін көрсетеді.
Бұқаралық ақпарат құралдары тәуелсіз түрде сыбайлас жемқорлық деректері бойынша өз тергеулерін жүргізеді. Тергеу нәтижелері елдің барлық беделді басылымдарында кеңінен жарияланады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша уәкілетті органдардың қызметінде пайдаланылады. Бұдан басқа, көрсетілген елдерде бұқаралық ақпарат құралдары сыбайлас жемқорлық дау-жанжалдар көпшіліктің қоғамдық дүрбелеңін тудыратын азаматтық қоғамға ерекше әсер етеді.
Мемлекеттік институттар қызметінің айқындылығын одан әрі күшейту үшін халықты хабардар ету қағидаттарына негізделген нормалардың заңмен бекітілуі, Үкіметтің азаматтық қоғам институтына есеп беруі, Үкімет қызметінің айқындылығын насихаттау қажет. Атап айтқанда, Финляндияда және басқа да елдерде Үкімет қызметінің ашықтығы туралы арнайы Заң қолданылады.
Осындай заңнамалық нормаларды қабылдау министрліктердің, әкімдіктердің, басқа да мемлекеттік ұйымдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің, ұлттық компаниялар мен мемлекет қатысатын даму институттарының қызметін жариялау айқындылығын регламенттеуге мүмкіндік береді.
Шетелдік оң тәжірибені зерделеу сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен елдерде мемлекеттік қызметтің еңбекақы төлеу жүйелерінің екі (карьералық және позициялық) нұсқасының позициялық жүйесі барынша икемді болып келетінін көрсетті. Егер карьералық жүйеде бірыңғай лауазымдық еңбекақы мөлшерін заң шығарушы белгілесе, позициялық жүйеде мемлекеттік органға бөлінген бюджет қаражатының мүмкіндігіне сүйене отырып, көп жағдайда ведомстволардың өздері белгілейді. Мәселен, Швецияда бүгінде мемлекеттік қызметшілердің 90%-ында жеке еңбекақы мөлшері бар.
4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
Ескерту. 4-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 866 Қаулысымен.
Бағдарламаның мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру
Нысаналы индикаторы:
Қазақстан 2015 жылға қарай «Транспаренси Интернэшнл» рейтингінде сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі бойынша 180 елдің ішінен 90-шы орынды иеленетін болады.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу ұйғарылып отыр:
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіру және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қауіптерін азайту жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру;
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру;
4. Көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету.
Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері.
Бірінші міндетті іске асырудың қорытындылары бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі:
- 2016 жылға дейін Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы және Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы конвенциялар ратификацияланып, оның негізгі ережелері ұлттық заңнамаға имплементацияланады.
- 2015 жылға қарай Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
жөніндегі елдердің (ГРЕКО) тобына кіреді.
Екінші міндетті іске асырудың қорытындылары бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі:
- уақытын және шығындарын қоса алғанда, бизнесті тіркеу мен жүргізуге (рұқсаттар, лицензиялар, сертификаттар, аккредитациялар алуға, сондай-ақ консультациялар алуға) қатысты операциялық шығындар 2011 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 30%-ға төмендейді;
- берілетін лицензиялардың жалпы санының электрондық түрде берілетін лицензиялардың үлесі: 2011 жылы - 7 %, 2012 жылы - 20 %, 2013 жылы - 50 %, 2014 жылы - 70 %, 2015 жылы - 100 % құрайды;
- мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «тиімді қызмет» деген бағалаумен орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың үлесі 2011 жылы 30 %-ға, 2012 жылы 35 %-ға, 2013 жылы 40 %-ға, 2014 жылы 45 %-ға, 2015 жылы 50 %-ға артады;
- жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі 2011 жылы 52 %-ға, 2012 жылы 54 %-ға, 2013 жылы 56 %-ға, 2014 жылы 58 %-ға, 2015 жылы 60 %-ға артады;
- 2015 жылға қарай әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 50 %-ы электрондық нысанға ауысуы: 2011 жылы 10 %-ға, 2012 жылы 20 %-ға, 2013 жылы 30 %-ға, 2014 жылы 40 %-ға, 2015 жылы 50 %-ға қамтамасыз етіледі.
Үшінші міндетті іске асырудың қорытындылары бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі:
- мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына қанағаттанатын халықтың үлесі 2015 жылға қарай кемінде 60 %-ды құрайтын болады;
- халықтың құқықтық сауаттылығы: 2011 жылы 20 %, 2012 жылы 21 %, 2013 жылы 22 %, 2014 жылы 23 %, 2015 жылы 24 % құрайды.
Төртінші міндетті іске асырудың қорытындылары бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі:
- жалпы ішкі өнімнен көлеңкелі экономиканың деңгейі 2013 жылға қарай - 19,4 %, 2015 жылға қарай - 19,3 %-ды құрайды.
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі негізгі орындаушы – Агенттік, бірлесіп орындаушылары – Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Ішкі істер, Әділет, Қаржы, Экономикалық даму және сауда, Сыртқы істер, Мәдениет және ақпарат, Көлік және коммуникация министрліктері, басқа да мемлекеттік органдар болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |