Қазақстан республикасының ауыл шаруашылық министірлігі


Ғылыми-зерттеу зертханасы



бет21/41
Дата24.04.2024
өлшемі175.23 Kb.
#499755
түріНұсқаулар
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
каз Прогр. и методуказ. практики 23

4.5 Ғылыми-зерттеу зертханасы

Ғылыми - зерттеу зертханасында студент-практикант зертханашының жұмысын меңгеруі, зертхана жұмысының ұйымдастырылуын тұтастай зерделеуі, зертханалық жабдықпен, ондағы жұмыс әдістерімен танысуы, сондай-ақ шикізат пен дайын өнімнің сапасы бойынша барлық талдауларды тез және дәл жүргізуді үйренуі тиіс. Зертханада химиялық талдау жүргізу кезінде санитарлық-гигиеналық нормаларды, зертханада еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды сақтау.


Студент-практикант зертханадағы сапаны талдау және анықтау кезінде жүргізілетін барлық құжаттаманың ресімделуін, қабылданатын және босатылатын шикізатты ресімдеу кезінде де, сапа бойынша есептілікті де меңгеруі тиіс. Зертхананың ағымдағы есебін игеру-тіркеу журналдарының барлық түрлері, сонымен қатар шикізат, дайын өнім мен қалдықтардың сандық және сапалық есебі.


5 3-ші өндірістік-технологиялық тәжірибенің мазмұны (диплом алды) - 4 курс; 5 кредит (10 семестр) және 5 кредит (11 семестр)

В068 - "Тамақ өнімдерінің өндірісі" мамандығының өндірістік-технологиялық тәжірибесі (диплом алдындағы) 6В07201 - "Тамақ өнімдерінің технологиясы" білім беру бағдарламасы бойынша оқыту бағыттары дипломдық жұмысты (немесе жобаны) орындайтын білім алушылар үшін ұйымдастырылады және аталған мамандықтың бітіру курсында жеке оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі.


3-ші өндірістік-технологиялық (диплом алдындағы) тәжірибенің мақсаты дипломдық зерттеу жүргізу, дипломдық жұмысты (немесе жобаны) аяқтауға және жазуға дайындау болып табылады. Дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау және жазу үшін 6В07201 - "Тамақ өнімдерінің технологиясы" білім беру бағдарламасы диплом алдындағы тәжірибе көзделеді.
Диплом алдындағы тәжірибенің мазмұны дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбымен айқындалады. Диплом алдындағы тәжірибеге басшылықты, әдетте, дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі жүзеге асырады.
Диплом алдындағы тәжірибенің ұзақтығы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (МЖМБС) сәйкес диплом жұмысын (жобасын) жазуға бөлінген кредиттер санымен айқындалады.
3-ші өндірістік-технологиялық (диплом алдындағы) тәжірибе университеттің тәжірибелік-өндірістік цехтарында немесе қайта өңдеу және тамақ өндірісі кәсіпорындарында да жүргізілуі мүмкін.
Диплом алдындағы тәжірибе кезеңінде білім алушы тиісті тәжірибе базасының кәсіби қызметі бойынша нақты материалды, дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы бойынша тәжірибелік материалды жинауды, өңдеуді және қорытуды жүзеге асырады. Тәжірибе нәтижелері дипломдық жұмысты (жобаны) жазу үшін пайдаланылады және белгіленген талаптарға сәйкес ресімделеді.
Диплом алдындағы тәжірибенің қорытындылары шығарушы кафедра ұйымдастыратын диплом жұмысын (жобасын) алдын ала қорғауда шығарылады. Дипломдық жұмысты (жобаны) алдын ала қорғау кафедра отырысында жүргізіледі және хаттамамен ресімделеді.
Тәжірибеден өтпеген, тәжірибе бағдарламаларын орындамаған, жұмыс туралы теріс пікір алған немесе алдын ала қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушылар теориялық оқытумен қатар келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестр кезеңінде тәжірибеге қайта жіберіледі.
Ескерту – қосымша студенттер бұл мәселелерді жоғары сапалы есеп беру және бакалавриат тәжірибесі бойынша материал жинау үшін ұсынылған әдеби көздер бойынша толығырақ зерттей алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет