iс-қимылдарының тәртiбi
45. Санкцияланбаған нұсқау деп алушы-банк пен жөнелтушi арасындағы шартта көзделген санкцияланбаған төлемдерден келiсiлген қорғау iс-қимылдары тәртiбiне сәйкес, сондай-ақ егер жүргiзiлетiн төлем оны жасауға өкiлеттiгi бар адамның нұсқауымен жасалса және ол Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, алушы-банк алған жөнелтушiнiң нұсқауы саналады.
Егер алушы-банк нұсқаудың санкцияланғандығына жоғарыда айтылған талаптарды бұза отырып, оны орындауға қабылдаса, нұсқау санкцияланбаған болып саналады.
Ескерту: 45-тармаққа толықтыру, өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 372 қаулысымен, 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 13 қаулысымен.
46. Санкцияланбаған төлемдерден қорғау iс-қимылдарының тәртiбi мынадай жағдайларда келiсiлген болып табылады:
1) алушы-банк ұсынған қорғау iс-қимылдарының тәртiбiне жөнелтушi жазбаша келiсiм бергеннен кейiн. Мұндай келiсiм қорғау iс-қимылдарының тәртiбi көзделген алушы-банк пен жөнелтушiнiң шартта қол қоюы болып табылады;
2) алушы-банк ұсынған, ал жөнелтушi қабыл алмаған және алушы-банк үшiн қолайлы басқа қорғау iс-қимылдарының тәртiбiн ұсынғаннан кейiн. Мұндайда, жөнелтушi өз атынан жөнелтiлген және қорғау iс-қимылдарының белгiленген тәртiбiне сәйкес алушы-банк орындауға қабылдаған нұсқаудың санкцияланғандығы үшiн өзiне жауапкершiлiк және мiндеттеме алады.
47. Осы тараудың ережесi төлем құжатын керi қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру өкiмiне де қолданылады.
7-тарау. Санкцияланбаған нұсқауды орындаудың салдары
48. Жөнелтушi нұсқаудың дұрыс орындалуын анықтауға мiндеттi және олар санкцияланбаған нұсқауды орындаған жағдайда, алушы-банкке ол туралы олардың арасындағы шартта көзделген мерзiмнен кешiктiрмей хабарлайды. Егер алушы-банк көрсетiлген мерзiмде санкцияланбаған нұсқау туралы жөнелтушiнiң хабарламасын алмаған болса, онда жөнелтуші алушы-банк алдында шартқа немесе Қазақстан Республикасының заңдар актiлерiне сәйкес алушы-банкке келтiрген нақты шығындарға жауап бередi.
49. Егер алушы-банк санкцияланбаған нұсқау туралы жөнелтушiден уақтылы хабар алып, санкцияланбаған нұсқауды орындаған жағдайда, ол жөнелтушiге олардың арасында жасалған шартта көзделген тәртiппен осы нұсқауды орындауға байланысты нақты шығындардың орнын толтырады.
Ескерту: 49-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 қаулысымен.
8-тарау. Нұсқауды керi қайтарып алу және
оның орындалуын тоқтата тұру
50. Акцептелмеген өкiм акцепт жасау мерзiмi өткенге дейiн қайтарып алынуы мүмкiн.
Өкiмнiң орындалуын тоқтата тұру немесе нұсқауды кері қайтару оны банк-алушы орындағанға дейiн ғана болады.
51. Нұсқауды жөнелтушi алушы-банкке нұсқауды керi қайтару өкiмiн белгiленген нысандағы бланкiде (N 7 қосымша) жiберу жолымен қайтарып алуы мүмкiн. Осындай өкiмнiң орындалу мерзiмi жөнелтушi және алушы-банк арасында жасалған шартта белгiленедi.
Жөнелтушi және алушы-банк арасында жасалған шартта нұсқауды керi қайтару туралы өкiмдi электрондық тәсiлмен беру көзделуi мүмкiн.
Ескерту: 51-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 қаулысымен.
52. Нұсқауды керi қайтарып алу туралы нұсқауда алушы-банк белгiлеген төлем құжатының күнi, оның номерi, сомасы және төлем құжатының басқа да деректемелерi көрсетiлуi тиiс. Электрондық тәсiлмен берiлген төлем құжатын керi қайтарып алу туралы өкiм, жөнелтушi мен алушы банк арасындағы шартта белгiленген санкцияланбаған төлемдерден қорғау iс-қимылдарының тәртiбiн сақтаған жағдайда ғана жөнелтiлдi деп саналады.
Төлем құжатын керi қайтарып алу туралы оның орындалуын тоқтата тұру жөнiндегi өкiмдi қағаз жазбада ресiмдегенде төлем құжатын жөнелтушiнiң мөрi және төлем құжатына қол қоюға құқығы бар уәкiлеттi адамдарының қолы болуы тиiс.
53. Алушы-банк Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына және жөнелтушi мен алушы-банк арасындағы шарттың талаптарына сәйкес келмейтiн нұсқауды керi қайтарып алу туралы өкiмдi орындауға қабылдамауы тиiс.
54. Жөнелтушiнiң орындалмаған нұсқауды керi қайтару туралы өкiмiн уақтылы алған кезде алушы-банк осы нұсқау бойынша ақша аударуға құқығы болмайды және ол бiр мезгiлде жөнелтушiге алынған өкiмнiң орындалуы туралы хабарды жiбере отырып, осы өкiмдi алған күннен кейiн келетiн жұмыс күнiнен кешiктiрмей нұсқауды қайтаруы тиiс.
Ескерту: 54-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 қаулысымен.
55. Жөнелтушi нұсқаудың орындалуын тоқтата тұру туралы өкiмдi алушы-банкке жiберу жолымен нұсқауды тоқтата тұруы мүмкiн (N 8 қосымша).
56. Нұсқаудың орындалуын тоқтата тұру осы Ережелерде көзделген тәртiпке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту: 56-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен.
57. Акцептелген нұсқаудың орындалуы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда мiндеттi түрде тоқтатылуы тиiс.
3-бөлiм. Кредиттiк аударымдар
1-тарау. Жалпы ережелер
58. Осы бөлiмнiң нормалары Қазақстан Республикасының резидент емес-банктердiң қатысуымен ақша төлемдерi мен аударымдарына байланысты қатынастарға қолданылмайды.
Мұндай қатынастар тиiстi шарттармен және банк iс-тәжiрибесiнде қолданылатын iскерлiк айналым дәстүрлерiмен реттеледi.
2-тарау. Төлем тапсырмасының акцептi
59. Алушы-банктiң төлем тапсырмасын акцептеуi жөнелтушiнiң төлем тапсырмасын орындау оның мiндетi екенiн және акцептелген төлем тапсырмасының мөлшерiнде жөнелтушiнiң банк есепшотынан ақша сомасын және оны орындауға байланысты шығасын алуға алушы-банктiң құқығы туғандығын бiлдiредi.
60. Алушы-банк тапсырманы акцептегенге дейiн оны жөнелтушi алушы-банк тапсырманы акцептегеннен кейiн оны орындауға қажеттi ақша сомасын өзiнiң банк есепшотында қамтамасыз етуге мiндеттi. Қажеттi ақша сомасын қамтамасыз ету жөнелтушiге берiлген алушы-банктiң займы есебiнен, не жөнелтушiнiң банк есепшоты бойынша күндiзгi займынан, егер бұл арадағы шартта көзделген болса, жасалуы мүмкiн.
61. Мына талаптардың бiреуi болғанда алушы-банк төлем тапсырмасын акцептеген болып табылады:
1) алушы-банк жөнелтушiге акцептеу туралы хабарлама немесе төлем құжатының ақысы ретiнде қолма-қол ақшаны қабылдау туралы хабарлама жiбердi;
2) алушы-банк жөнелтушiнiң төлем тапсырмасы негiзiнде оның ақшасын алды (банк есепшотын дебеттедi);
3) алушы-банк төлем тапсырмасын алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жөнелтушi акцептеу туралы немесе акцептеуден бас тарту туралы алушы-банктiң хабарламасын алған жоқ (хабарламай-ақ қабылдады);
4) Қазақстан Республикасының заңдарында немесе алушы-банк пен жөнелтушi арасындағы шартта көзделген басқа жағдайларда.
62. Мына талаптардың бiреуi болғанда бенефициар банкi төлем тапсырмасын акцептеген болып табылады:
1) бенефициар банкi жөнелтушіге акцептеу туралы хабарлама жiбередi;
2) бенефициар банкi, егер ол бiр уақытта алушы-банк болып табылса, оның төлем тапсырмасының негiзiнде жөнелтушiнiң ақшасын алды (банк есепшотын дебеттедi);
3) бенефициар банкi бенефициардың банк есепшотын кредиттеу жолымен бенефициарға ақша аударымын жүзеге асырды;
4) жөнелтушi бенефициар банктен акцепт туралы немесе акцептен бас тартқаны туралы банк бенефициардың төлем тапсырмасын алған күннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде алмағанда (үндемегенi туралы);
5) Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарда қарастырылған немесе бенефициар банк арасындағы кейбiр жағдайларда.
63. Жөнелтушi мен алушы-банк арасындағы шартта акцептiн төлем тапсырмасы қабылданған кезде болу мүмкiндiгi де қарастырылады.
2-тарау. Акцептiң төлем тапсырмасынан бас тарту
64. Алушы-банк акцептiң төлем тапсырмасынан бас тартуы мынадай жағдайда жүргiзiледi:
1) жөнелтушi ақша аударымын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақша сомасымен қамтамасыз етпегенде;
2) егер төлем тапсырмасының қолдан жасалғандық белгiлерi болса, соның iшiнде, егер төлем тапсырмасы жөнелтушi мен алушы-банк арасындағы шартта көрсетiлген санкцияланбаған төлемдерден қорғау тәртiбi бұзылып берiлгенде;
3) жөнелтушi төлем тапсырмасын құрастырғанда және төлем тапсырмасын көрсеткенде, осы Ережеде белгiленген нұсқаманы және Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген басқа да заңдарды, сондай-ақ жөнелтушi мен алушы-банк арасындағы шарт талабын сақтамағанда;
4) Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдардың басқа да талаптарын және (немесе) шарт жағдайларын сақтамағанда.
Акцептеудiң төлем тапсырмасынан бас тартқан алушы-банк төлем тапсырмасын алған күнi, үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей жазбаша немесе электронды хабарлама жiбередi.
Бас тарту туралы хабарламаны жiберу тәртiбi алушы-банк пен жөнелтушi арасындағы шартта көрсетiлуi қажет. Акцептен бас тарту күнi деп хабарламаның жiберiлген күнi саналады.
65. Акцептiң төлем тапсырмасын орындау мүмкiн емес жағдайлар:
1) алынып тасталынды.
2) егер бенефициар банк алған төлем тапсырмасында көрсетiлген бенефициар деректемелерi осы бенефициарға бiрдейлестiрiлмегенде.
Ескерту: 65-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 қаулысымен.
66. Егер алушы-банк бенефициар банк болып саналмаса, төлем тапсырмасын орындамайды, мұндайда жөнелтушiнiң банк есепшотында алушы-банктiң төлем жасауға жеткiлiктi ақша сомасы болып және алушы-банк акцептен бас тарту туралы мерзiмiнде уақтылы хабарламаса, алушы-банк жөнелтушiге өзара шартта көрсетiлген мөлшерде, егер Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмесе, аударым ақша сомасынан айыппұл төлеуге мiндеттi.
Егер алушы-банк негiзсiз акцептiң төлем тапсырысынан бас тартса, онда ол жөнелтушi мен алушы-банк арасындағы шартта көрсетiлгендей, немесе Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдармен жауап бередi.
3-тарау. Акцептелген төлем тапсырысы бойынша төлем
67. Жөнелтушi алушы-банктiң акцептелген төлем тапсырмасы сомасына төлем жүргiзуге мiндеттi және, оны орындауға немесе өзара шартқа сәйкес, санкцияланған өтем тапсырысынан бас тартуына байланысты қаражатын өтейдi. Мұндай жағдайда төлем жүргiзу мiндетi алушы-банктiң жөнелтушi төлем тапсырмасын орындау кезiнен басталады.
68. Алушы-банкi жөнелтушiнiң банк есепшотын дебеттеген жағдайда, жөнелтушiнiң алушы-банкке төлемi жүргiзiледi.
69. Егер жөнелтушi банк болса, онда төлем мынадай жолдармен
жүргiзiледi:
1) жөнелтушiнiң корреспонденттiк есепшоты алушы-банкте кредиттелсе және оған көшiрмесi жiберiлсе;
2) жөнелтушiнiң корреспонденттiк есепшоты алушы-банкте дебеттелсе;
3) жөнелтушiнiң корреспонденттiк есепшоты және Ұлттық Банктегi алушы-банкi арқылы төлемдi жүзеге асырса;
4) төлемдi ақша аударымы жүйесi арқылы жүзеге асыру, осы жүйеде түпкiлiктi төлем ережесi болып белгiленгенде;
5) жөнелтушi мен алушы-банк арасындағы екi жақты келiсiмге сәйкес, өзара есепке алынып төлем жүргiзгенде.
4-тарау. Алушы-банктiң төлем тапсырмаларын
орындау кезiндегi iс-қимылы
70. Жөнелтушiнiң төлем тапсырмасын акцептеген Алушы-банк оны Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына және төлем тапсырмасының өзiнде көрсетiлген талаптарға сәйкес орындайды.
Ескерту: 70-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 қаулысымен.
71. Егер жөнелтушiнiң төлем тапсырмасында басқадай көрсетiлмесе, онда алушы-банк оның төлем тапсырмасын делдал банктiң онан әрi орындауына жiберуге құқылы.
72. Төлем тапсырмасын орындау мүмкін болмаған жағдайда, делдал банк ақша жіберушінің банкіне бұл жөнінде осындай нұсқау алған күннен кейінгі келесі операциялық күннен кешіктірмей олардың арасындағы шартта белгіленген тәсілмен хабарлайды және оған төлем тапсырмасы негізінде ақшаны қайтарады.
Ескерту: 72-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 74 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
73. Егер алушы-банк жөнелтушiден тиiстi өкiлеттiк алмаса, онда оның құқығы жоқ:
1) жөнелтушiнiң төлем тапсырмасын орындауға байланысты келтiрген қызметi мен шығындарына берiлетiн комиссиялық соманы осы төлем тапсырмасы сомасынан ұстау арқылы төлеттiруге;
2) келесi алушы-банкке төлем тапсырмасы сомасы есебiнен комиссиялық төлеттiру құқын беруге.
74. Алушы-банк, жөнелтушi төлем тапсырмасын анықтаған, делдал-банктi анықтаған, аударымды жүзеге асыру мүмкiн еместiгiн, дәлелдеген осы Ереженiң 68-тармағын ескерген, егер осы төлем тапсырмасының мерзiмi өткенше, ол жөнелтушiден алдағы iс-әрекеттерiн сұрап, оған төлем тапсырмасын орындауға не iстейтiнiн көрсеткен төлем тапсырмасын орындауға не iстейтiнiн көрсеткен өз мiндеттерiн орындаған болып есептеледi.
75. Егер алушы-банк төлемдi орындауда осы Ереженiң талабын бұзғандықтан бенефициардың ақша аударымы кешiгуiне әкеп соқса, онда банк, көрсетiлген кешiктiруге тiкелей кiнәлi ретiнде, араларындағы шартта көрсетiлген немесе Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңға сәйкес қатысушыға (қатысушыларға) тұрақсыздық айыбын төлейдi.
76. Егер тапсырманы орындау кезiне дейiн алушы-банк Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заң актiлерi талаптарына сәйкес, тәртiп бойынша бiрiншi кезектегілердi орындауға мiндеттi, сонан кейiн жөнелтушiнiң банк есепшотында тапсырманы орындауға қажеттi ақша сомасы жоқ болса, алушы-банктiң төлем тапсырмасын орындамауға және оның акцептiнен бас тартуға құқылы.
Мұндайда бұл банк жөнелтушiнiң төлем тапсырмасын орындамады деген жауапкершiлiктен босатылады.
5-тарау. Валюталау күнiндегi төлем тапсырмасы
77. Акцептiк төлем тапсырмасындағы шарттардың бiрi валюталау күнi белгiленгенде алушы-банк жөнелтушiнiң банктiк есепшотынан олардың акцептелген төлем тапсырмасы көлемiнде ақша сомасын алуға құқы бар.
Мұндай жағдайда алушы-банк осындай операцияларды бөлек немесе бөлек жеке есепшоттарда (субпозицияларда) жүргiзедi.
78. Валюталау күнiнде мерзiмдi төлем тапсырмасын орындау мақсатында алушы-банк тапсырмасын, жөнелтушiнiң төлем тапсырмасы жағдайына сәйкес, сол мерзiмде, келесi делдал-банк немесе бенефициар банкке мұндай тапсырманы орындауға жеткiлiктi уақыт бөлiп, осы Ережедегiдей төлем тапсырма жiбередi.
6-тарау. Жөнелтушi мен алушы-банктiң қате төлем
тапсырмаларын орындаған кездегі iс-қимылдары
79. Төлем тапсырмасы алушы-банк орындауына жiберген жөнелтушiнiң төлем тапсырмасы мынадай жағдайда қате деп саналады, егер мұндай төлем тапсырмасы:
1) деректемелерi, жөнелтушi төлем тапсырмасы деректемелерiне сәйкес келмегенде;
2) қайталап жiберiлгенде.
80. Жөнелтушiнiң төлем тапсырмасын орындау мақсатында берiлген төлем тапсырмасын жiбергенде, алушы-банк жөнелтушiнiң төлем тапсырмасы шартта көрсетiлген тәртiппен орындалатынын хабарлайды.
80-1. Бенефициардың банкі жөнелтушінің нұсқауын орындау қателігін анықтаған кезде бенефициар банк ақшаны қайтаруды бенефициардың банктік шоты бойынша оның пайдасына ақша түскенін куәландыратын бухгалтерлік жазба жасалған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
Ескерту: 80-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 13 қаулысымен.
81. Жөнелтушi төлем тапсырмасының дұрыс орындалуын анықтайды және ол қате орындалған жағдайда, жiберiлген қатенi өзара шартта көрсетiлген мерзiмнен кешiктiрмей, алушы-банкке хабарлауға мiндеттi. Егерде алушы-банк төлем тапсырмасының қате орындалғаны туралы хабарды шартта көрсетiлген мерзiмде алмаса, онда жөнелтушi алушы-банк алдында, алушы-банктiң қате төлем тапсырмасын орындаудан болған нақты шығыны, егер бұл олардың арасындағы шартта көзделсе, қате төлем тапсырмасы сомасы шегінде жауап бередi.
Хабарламада қате төлем тапсырмасы туралы жөнелтушi хабарлағанда өз төлем тапсырмасының деректемелерiн және қате орындалған деректемелердi көрсетуге мiндеттi.
82. Алушы-банк жөнелтушiден қате орындалған төлем тапсырмасы туралы хабарлама алғаннан кейiн:
1) қате төлем тапсырмасы бойынша жөнелтушi төлем тапсырмасына сәйкес емес деректемелердi жөнелтушi төлем тапсырмаларды өзi қарайтын бенефициарға жiбередi немесе жөнелтушiге төлемнiң барлық сомасын қайтаруға мiндеттi;
2) қайтадан берілген қате төлем тапсырмасы бойынша қате алынған соманы жөнелтушіге қайтарады. Бенефициар банк ақша сомаларын қайтаруды тапсырма жасау арқылы жүргізеді, "төлем мақсатында" бенефициар банк ақшаны қайтару себептерін көрсетеді.
Ескерту: 82-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 20 қаулысымен, 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен.
83. Алушы-банк орындалған төлем тапсырым бойынша жауап бермейдi, егерде мұндай төлем тапсырмадағы қатенi жөнелтушi жасаған жағдайда.
7-тарау. Делдал банктi немесе бенефициар
банктi теңестiру
84. Жөнелтушiнiң төлем тапсырмасын орындағанда алушы-банк делдал банктi немесе бенефициар банктi бiрдейлестiргенде оларды тек төлем тапсырмасында көрсетiлген бiрдейлестiру коды арқылы ғана айырады. Төлем тапсырмасында көрсетiлген банктiң нақты атауына сәйкес оның банктiк бiрдейлестiру кодын анықтау алушы-банк мiндетiне жатпайды.
85. Егер алушы-банк төлем тапсырмасын орындағанға дейiн жөнелтушiден банк атауының банктiк бiрдейлестiру кодына сәйкес еместiгi туралы хабарланса, онда алушы-банк төлем тапсырманы жөнелтушiге орындамай қайтарады.
8-тарау. Банк бенефициардың төлем тапсырмасының
акцептi кезiндегi iс-қимылы
86. Төлем тапсырмасының акцептi кезiндегi бенефициар банк төлем тапсырмасында көрсетiлген ақша сомасын бенефициардың пайдасына қабылдайды. Банк бенефициар валюталау күнiне төлем жасағанда, олардың акцептелген төлем тапсырмада көрсетiлген немесе, егерде акцепт тапсырмасы күнiне басқаша көрсетiлмесе ғана төлем жасайды.
87. Айрықша негiзде акцептен бас тартуға немесе банк бенефициардың төлемдi орындауын кiдiртуге, бенефициар пайдасына шешiлген ақшаның дұрыс еместiгi туралы банкке негiздеме болған фактiлер қызмет етедi, сәйкес келмеген жағдайда, қазынашылықтың аумақтық бөлімшелерінің осы Ереженің 22-1-тармағында көзделген төлем құжаттары бойынша:
хабарламада көрсетілген бенефициар деректемелерінің (атауы, СТН, ЖБК) төлем құжатында көрсетілген деректемелерге, оның ішінде "төлем мақсаты" бағанында көрсетілген хабарламаның нөміріне сәйкес болмауы;
төлемнің "ағымдағы" немесе "түпкілікті" мәртебесінің болмауы;
банкте сақталатын хабарламаның келесі бетінде банктің "түпкілікті" мәртебесімен төлемді жүзеге асырғандығы жөнінде белгісі болғанда;
егер бір хабарлама бойынша келіп түскен барлық төлем құжаттарының жалпы сомасы хабарламада көрсетілген сомадан асатын болса.
Ондай фактiлер бенефициар банкте дәлелденбесе, өзара шартта көрсетiлген немесе Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген мөлшерде осы банк бенефициарға ақша аударуды кешiктiргенi үшiн тұрақсыздық айыбын төлейдi.
Жоғарыда көрсетiлген фактiлер дәлелденген жағдайда (санкцияланбаған төлем тапсырмасы табылғанда) бенефициар банкi аударымнан түскен ақшадан бенефициар пайдасына ақша бөлуге мiндеттi емес.
Ескерту: 87-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 372 қаулысымен, 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 13 қаулысымен, 2007.04.30. N 50 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
87-1. Қазақстан Республикасының заң актілерімен рұқсат етілген көздерден кәсіби одақтарды қаржыландыруды қоспағанда, резидент еместерден, шет мемлекеттерден, мемлекеттік органдардан, мемлекеттік ұйымдардан, діни бірлестіктерден және қайырымдылық ұйымдарынан саяси партиялар мен кәсіподақтардың пайдасына тауарлар жеткізу (жұмыс, қызмет көрсету) жөніндегі шарттарды (келісім-шарттарды) орындауға байланысты емес операциялар бойынша ақша, оның ішінде шетел валютасы түскен жағдайда, бенефициардың банкі төлем тапсырмасын акцептеуден бас тартады.
Ескерту: 87-1-тармақпен толықтырылды, өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2004 жылғы 13 қарашадағы N 150 қаулысымен, 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен.
88. Төлем тапсырмасын акцептеуден бас тартқанда бенефициар банк жөнелтушi банкке бас тартудың себебi туралы тапсырма алған күннен бастап, үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарлама жiбередi.
9-тарау. Төлемдi бенефициардың пайдасына орындау
89. Бенефициар пайдасына ақша қабылдағанда, акцептелген төлем
тапсырмасына сәйкес, бенефициар банк төлем күнiнен кейiн оны операциялық күннен кешiктiрмей ақша қабылдағаны туралы хабарлайды. Бұл талапты банк орындамағаны үшiн жауапкершiлiк банк пен бенефициар арасындағы шартта белгiленедi. Бенефициар банк бенефициардың банк есепшотынан жазбаларды және төлем тапсырмасын, бланкте белгiленген нысанда қағаз жазбада немесе электрондық жазбада шарт талаптарына сәйкес етiп жолдайды.
90. Бенефициар банктiң бенефициар алдындағы ақша аудару бойынша мiндетi, ақша аударылып бiткен кезде саналады.
4-бөлiм. Дебеттiк аударымдар
1-тарау. Дебеттiк аударымдарды жүзеге асыру
91. Қазақстан Республикасында дебеттiк аударымдар мынадай дебеттiк құжаттарды пайдалану арқылы жүргiзiледi:
1) чек;
2) төлемдiк талап-тапсырма;
3) инкассалық өкiм (соның iшiнде салық қызметi мен кеден органдарының инкассалық өкiмдерi);
4) вексель.
Ақша төлемi мен аударымы дебеттiк аударымдарда бенефициардың төлемге көрсеткен төлемдiк құжат негiзiнде жүргiзiледi.
92. Қазақстан Республикасы аумағында векселдер мен чектердi ақша төлемi әдiсiнде жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы заң актiлерiне сәйкес, және Ұлттық Банктiң вексель айналымы мен чектердi пайдалану туралы нормалық құқықтық актілерiмен реттеледі.
2-тарау. Ақша төлемi құжаттарын төлемге ұсыну
93. Төлемдiк талап-тапсырма немесе инкассалық өкiм негізiнде бастамашы ақша төлемiн алу үшiн оларды бенефициар банкке немесе ақшаны жөнелтуші банкке көрсетуге құқы бар.
94. Бастамашы, оның ішінде бенефициар, төлемек талап-тапсырма немесе инкассалық өкімдi бенефициар банкке жiбергенде, осы банкке ақша төлемi құжаттары бойынша және соған байланысты барлық операцияны жүргізуге өзара шартқа сәйкес өкiлдік бередi.
Бенефициар банк төлемдiк талап-тапсырма немесе инкассалық өкімді қабылдай отырып, инкассалық банк міндетiн де атқарады.
3-тарау. Инкассалайтын банктің iс-қимылы
95. Инкассалайтын банктің міндеттері инкассаға қабылдаған төлемдік талап-тапсырма немесе инкассалық өкім тек шарт негізiнде, бенефициармен жасалған немесе қолданылып жүрген заң нормаларына сәйкес туындауы мүмкін. Мұндайда инкассалық банк өзiне мынадай мiндеттемелер алады:
1) төлемдік талап-тапсырма немесе инкассалық өкiмдi төлемге немесе акцептке әрi қарай көрсетуге;
2) бастамашыға, оның iшiнде бенефициарға, акцептен немесе төлемнен бас тартуды беруге, төлемдік талап-тапсырманы немесе инкассалық өкiмдi оны жөнелтушіге қайтаруға;
3) бастамашыны, оның ішінде бенефициарды төлемдiк талап-тапсырманың немесе инкассалық өкiмнiң күшін жоғалғаны туралы хабарлауға.
96. Осы Ереженің 95 тармағына сәйкес, мiндеттеме қабылдай отырып, инкассалық банк төлемдiк талап-тапсырманы немесе инкассалық өкімдi бастамашыдан алған соң келесi операциялық күннен қалдырмай қажеттi операцияларды орындайды.
97. Инкассалайтын банк бастамашыдан инкассаға төлемдiк талап-тапсырманы немесе инкассалық өкiмдi қабылдауды инкассалық банк операциялық күн бойына жүргiзедi.
Инкассалайтын банк инкассоға жоғарыда көрсетiлген төлем құжаттарын қабылдаған жағдайда тiзiлiмдi барлық даналарына олардың түскен күндерi мен уақыты қойылып белгiленедi.
Ақша жөнелтушi банк төлемдiк талап-тапсырманы немесе инкассалық өкiмдi алған күні мен уақытын тiкелей осы құжаттарға қояды.
4-тарау. Акцепт және төлемдiк
Достарыңызбен бөлісу: |