Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы



бет3/4
Дата17.06.2016
өлшемі0.55 Mb.
#141925
1   2   3   4

талап-тапсырманы төлеу 

     98. Ақша жөнелтушiнiң төлемдiк талап-тапсырманы акцептеуi, ақша жөнелтушiнiң акцептеуiн талап етпейтiн төлемдiк талап-тапсырманы қоспағанда, оның төлем талап-тапсырмасын осы нұсқаудың талаптарына сәйкес төлеуге келiсiмiн бiлдiредi. 


     Ақша жөнелтушiнiң төлемдiк талап-тапсырманы акцептеуi немесе акцептеуден бас тартуы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес төлемдiк талап-тапсырма алғаннан кейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жасалуы тиiс. 

     99. Ақша жөнелтушi төлемдiк талап-тапсырманы акцептеп және банкiге төлемдiк талап-тапсырманы акцепт туралы белгiмен жiбередi. 

     100. Ақша жөнелтушiнiң келiсiмiнсiз оның банк есепшотынан ақша алу бойынша өндiрiп алушының құқығы көрсетiлген өндiрiп алушы мен ақша жөнелтушi арасындағы шарт негiзiнде төлемдiк талап-тапсырманы, сондай-ақ ақша жөнелтушiнiң ішiнара немесе толық жазбаша түрде мойындаған талабына, сондай-ақ ақша жөнелтушiнiң келiсiмiнсiз оның банк есепшотынан ақша алу бойынша өндiрiп алушының құқығы көрсетiлген жауапты, кепiлдеменi және басқа да құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетiлген құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмесiн қоса беруге болады. Мұндайда ақша жөнелтушi iшiнара немесе толық жазбаша түрде мойындаған талапқа жауапты ақша алу жүргiзiлетiн ақша жөнелтушiнiң банк есепшоттарының деректемелерi көрсетiлуi тиiс.
      Ақша жөнелтушінің келісімінсіз оның банктік шотынан ақша алу бойынша өндіріп алушының құқығы бар бір құжат негізінде уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде бірнеше төлемдік талап-тапсырмаларды ұсынған жағдайда, банкке төлемдік талап-тапсырманы әрбір кейінгі ұсыну көрсетілген құжаттың түпнұсқадан не бастапқы ұсынған нотариат куәландырған құжаттан алынған көшірмесін қоса бере отырып ұсынуы мүмкін.
      Ескерту: 100-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 қаулысымен, 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен.

     101. Ақша жөнелтушi төлемдiк талап-тапсырмасын акцептеуден Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген және ол және бенефициар арасында жасалған шарт негiзiнде бас тартуға құқығы бар. 


     Мұндайда ақша жөнелтушi ақша жiберушiнiң банкiне бас тарту туралы өтiнiш жiбередi, онда мiндеттi түрде шарттың акцептен ақша жөнелтушiнiң бас тарту құқығы қарастырылған тармағына сiлтеме жасап, бас тарту себебiн көрсетiп немесе басқа да заңға негiзделген мiндеттi түрде сiлтеме жасалуы тиiс. 
     Банктер акцептен бас тартудың талас негiздемелерiне қарамайды. 
    Ескерту: 101-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 20 қаулысымен. 

     102. Тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 қаулысымен. 

     103. Ақша жөнелтушiнiң банк төлемдiк талап-тапсырманы, ақша жөнелтушiнiң акцептiң талап етпейтiн төлемдiк талап-тапсырманы қоспағанда, тек ақша жөнелтушiнiң акцептi негiзiнде ақша жөнелтушiнiң есепшотын дебеттеу жолымен ғана акцептейдi. 

     104. Ақша жөнелтушi банк оларға акцептелген төлемдiк талап-тапсырмасын бенефициар есепшотын немесе банк бенефициардың корреспонденттiк есепшотын кредиттеу жолымен, әрi қарай бенефициар пайдасына ақша аударымын орындайды. 

 5-тарау. Ақша жөнелтушi банктiң iс-қимылы 

     105. Ақша жiберушiнiң банкi төлемдiк талап-тапсырманы алған кезде осы төлемдiк талап-тапсырманың әр данасында алған күнi туралы белгi қояды. Ақша жiберушiнiң банкi төлемдiк талап-тапсырмаларды тiркеу журналында келiп түскен төлемдiк талап-тапсырмалардың есебiн жүргiзедi. Журналдың нысанын, оны жүргiзу әдiсiн және журналда көрсетiлетiн төлемдiк талап-тапсырманың деректемелерiн банк өз бетiнше белгiлейдi. 


     Төлемдiк талап-тапсырмаларды осы Ереженiң 33-тармағына сәйкес тiзiлiм бойынша ұсынған жағдайда, алған күнi туралы белгiнi осы тiзiлiмде қоюға болады. 
    Ескерту: 105-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 20 қаулысымен. 

     106. Жұмыс күнiнен кешiктiрмей, келесi күнi төлемдiк талап-тапсырманы алғанда, ақша жөнелтушi банк төлемдiк талап-тапсырманың данасын ақша жөнелтушiге қағаз (жазбада) тасушыда немесе электронды нысанда, ақша жөнелтушi мен оның банкпен акцептi және төлемi туралы электронды қызметке келiсiмiне сәйкес бередi. 


     Төлемдiк талап-тапсырманы беру тәсiлiн ақша жiберушi мен ақша жiберушiнiң банкi арасындағы шартпен белгiлеуге болады. 
    Ескерту: 106-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 20 қаулысымен. 

     107. Ақша жiберушiнiң банкi төлемдiк талап-тапсырманы алған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн ақша жiберушiден төлемдiк талап-тапсырма акцептiнен не акцептелген төлемдiк талап-тапсырмадан бас тартуды алмаған жағдайда ақша жiберушiнiң банкi төлемдiк талап-тапсырманы қайтару себебi көрсетiлген хабарламамен бiрге төлемдiк талап-тапсырманы жiберушiге қайтаруға құқылы. 


    Ескерту: 107-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 қаулысымен, жаңа редакцияда жазылды - 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 20 қаулысымен. 

     108. Ақша жөнелтушi банк акцептелген төлемдiк талап-тапсырманы ақша жөнелтушiге өзара шартқа сәйкес төлейдi. Ақша жөнелтушiнiң акцепттiң талап етпейтiн төлемдiк талап-тапсырманы төлеген жағдайда, ақша жөнелтушi банк акцептсiз тәртiппен оның есепшотынан ақшаны есептен шығаруға құқылы. 

     109. Ақша жөнелтушi банкте төлемдiк талап-тапсырманы немесе инкассалық өкiмдi орындауға қажеттi ақша болмай қалғанда, немесе жеткiлiксiз болған жағдайда, ақша жөнелтушi банк акцептелген құжаттарды есепке алуға және оларды оның корреспонденттiк есепшотына кезектi төлемге немесе ақша аударымы түскенше сақтауға мiндеттi.
    Мұндайда ақша жөнелтушi банк ақша жөнелтушiге егерде Қазақстан Республикасы заң актiлерiнде басқаша көрсетiлмесе айыппұл немесе өзара шартта белгiленген мөлшерде өсiм төлеуге мiндеттi.     

 6-тарау. Төлемдiк талап-тапсырма бойынша ақша


жөнелтушi банктiң iс-қимылы

    110. Ақша жөнелтушi банк мыналарға байланысты:


    1) Ақша жөнелтушiге акцептке төлемдiк талап-тапсырманы және төлемдi кешiктiргенi үшiн;
    2) ақша жөнелтушi төлемдiк акцептелген талап-тапсырманы, оның iшiнде ақша жөнелтушiнiң акцептеуiн талап етпейтiн төлемдiк талап-тапсырманы төлемдiк талап-тапсырма бойынша төлем жасау үшiн ақша жөнелтушiнiң банкте жеткiлiктi ақша сомасы бола тұрып төлеудi кешiктiргенде немесе төлемегенде Қазақстан Республикасы заңдарында көрсетiлгендей немесе олардың арасындағы шарттағыдай мөлшерде ақша жөнелтушi алдында жауап бередi.

 7-тарау. Инкассалық өкiм негiзiнде


ақша жөнелтушiнiң банктегi есепшотынан ақша алу

     111. Банкке үш данадан кем емес ал банк бенефициарға төрт данадан кем емес инкассалық өкiм көрсетiледi.

     112. Ақша жөнелтушi банк Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген мерзiмдегiдей, ақша жөнелтушiнiң банктегi есепшотын дебеттеу жолымен инкассалық өкiмдi акцептейдi. Бұл жағдайда банк ақшаны бенефициар пайдасына аударады және оның банкiне төленгенi туралы белгiмен инкассалық өкiмдi жiбередi. 

     113. Ақша жөнелтушiнiң келiсiмiнсiз банк есепшотынан ақша алуды орындау құжаттары ақша жөнелтушi банкiне белгiленген мерзiмде көрсетiледi. Мерзiмi өтiп кеткен орындауға көрсетiлетiн және басқа да құжаттар, банктiң акцептен инкассалық өкiмнен бас тартуына негiз болады. 

     114. Банк мiндеттерi туралы инкассалық өкiм бастамашы Ұлттық Банкке немесе Ұлттық Банктiң нысанды құқықтық актiлерiне сәйкес, корреспондент банкке, ал клиенттердiң мiндеттемелерi бойынша, ақша жөнелтушiге қызмет ететiн банкке немесе оның филиалына бiлдiрiледi. 

     115. Ақшаны алуды тоқтату немесе қысқарту тек мынадай жағдайда жүргiзiледi: 


     1) ақшаны алу мемлекеттiк орган өкiлiнiң шешiмi немесе лауазымды адамдардың шығарған шешiмi (өкiмi) бойынша алынады;
     2) сот шешiмдерiне сәйкес негiзде;
     3) құқық қорғау органдарының қылмыстық iстер қозғауына байланысты ақшаны алуды тоқтату туралы қаулысы бойынша;
     4) бенефициардың жазбаша өкiмi негiзiнде;
     5) Қазақстан Республикасы заң актiлерiнде белгiленген басқа да жағдайларда.
     Көрсетiлген қаулылар, өкiмдер, анықтамалар немесе өтiнiштер банкке орындауға тек күндерi, нөмiрлерi болғанда ғана және лауазымды адамдардың қолы қойылып алынады.
     Банк нұсқауларды орындауды тоқтатуға (ақшаны алуды тоқтатуға) Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкілетті тұлғалардың шешімдерін алған жағдайда, нұсқаулар шешімде көрсетілген мерзімде не уәкілетті тұлға осы шешімнің күшін жойғанға дейін алушы-банкте сақталуға жатады. Орындалуы тоқтатылған нұсқаулар банкте сақталады және баланстан тыс есепке есептеледі. Нұсқауды баланстан тыс есепке алған кезде банк келесі жұмыс күнінен кешіктірмей нұсқауды жөнелтушіге (бастамашыға) тиісті хабарлама жібереді.
      Банк ақшаны алуды тоқтатуға (нұсқауды орындауға тыйым салуға) Қазақстан Республикасының заң актілерімен уәкілетті тұлғалардың шешімдерін алған кезде нұсқауларды шешімді алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті шешіммен қоса жөнелтушіге қайтарады. 
      Ескерту: 115-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен.

 8-тарау. Белгiсiз мерзiмде орындауға


жататын нұсқаулар (картотека)

     116. Инкассалық өкімді алған және ақша жөнелтушінің банктік шотында ақша сомасы болмаған кезде, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе алушы банк алынған инкассалық өкімдерді қабылдауға және бір жыл ішінде ақша жөнелтушінің банктік шотына ақша сомасы түскенге дейін картотекада сақтауға міндетті.


     Төлемдік талап-тапсырманы орындау үшін қажетті ақша сомасы жөнелтушіде болмаса не ақша сомасы жеткіліксіз болса, алушы-банк ақша жөнелтушінің акцептін талап етпейтін төлемдік талап-тапсырманы және ақша жөнелтуші акцептеген төлемдік талап-тапсырманы алған күннен бастап бір жыл ішінде сақтайды. Төлемдік талап-тапсырмаларды және тізілімді алушы-банктің сақтау мерзімі осы құжаттардың қолдану мерзімін тоқтатады.
     Ақша жөнелтушi мен алушы-банк арасындағы банк есепшоты шартында алушы-банк сақталуының міндеттілігі осы Ережеде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделмеген басқа да төлем құжаттарын қабылдауға және сақтауға мiндеттене алады. Алушы банк мұндай төлем құжаттарын қабылдауға және сақтауға келіскен жағдайда олардың сақталу мерзімдері, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, инкассалық өкімдердің сақталуы мерзімдеріндей болады.
     Ескерту: 116-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 13 қаулысымен, 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен. 

     117. Инкассалық өкiмдердi және басқа да төлем құжаттарын осы Ереженiң 116-тармағына сәйкес қабылдағанда, ақша алушы - банк бiр уақытта бенефициар банк болып табылған жағдайды қоспағанда, алушы-банк келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей бенефициар банкке не бенефициарға төлем құжаттарын картотекаға қою туралы хабарлама жiбередi.


     Ескерту: 117-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20 қаулысымен.

      117-1. Осы Ереженің 116-тармағында көрсетілген төлем құжаттарын картотекаға қою кезінде банк картотекадағы төлем құжаттары бойынша міндеттемелерді толық өтегенге дейін банктік шот бойынша клиенттің шығыс операцияларын тоқтатады.


     Ескерту: 117-1-тармағымен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен. 

     118. Салық төлеушiнiң банк есепшоттарында теңгемен қаражаты болмаған жағдайда, салық берешегін, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті және әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алу салық төлеушiнiң банк есепшоттарындағы шетел валютасымен қаражатынан төлем жасалған күнгі валюта айырбастаудың рыноктық бағамын қолданумен теңгемен қойылған салық органдарының инкассалық өкiмдерiнiң негiзiнде жүргiзiледi.


     Ескерту: 118-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 13 қаулысымен, 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен. 

     119. Осы Ереженiң 116-тармағында қарастырылған нұсқауларды алушы-банк Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көрсетiлген тәртiпте орындайды. 

     120. Ақша жөнелтушіде салық берешегін өндіріп алуға салық органдарының және атқару құжаттары бойынша атқарушылық іс жүргізу органдарының инкассалық өкімдерін орындау үшін қажетті ақша сомасы жеткіліксіз болған кезде алушы-банк ақша жөнелтушінің пайдасына алушы банктің ақшаны қабылдауына қарай осы инкассалық өкімнің ішінара орындалуын жүргізеді.
     Банк салық органының салық төлеушiнiң бiр банктiк есепшотынан салық берешегiн өндiрiп алу туралы инкассалық өкiмiн орындаған кезде, салық органының аталған банкте ашылған салық төлеушiнiң басқа банктiк есепшотына берген инкассалық өкiмiн, егер мұндай инкассалық өкiмдердi салық органы сол сомаға, берешектiң сол түрi бойынша, сол есептi кезең үшiн берген болса банк салық органының инкассалық өкiмiн орындау фактiсiн растайтын төлем құжатын қосып бере отырып салық органына орындамай қайтарады. 
     Ескерту: 120-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 20, 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 13, 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95, 2006 жылғы 12 тамыздағы N 74 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) қаулысымен

     121. Салық берешегін өндіріп алуға салық қызметі органдарының және атқару құжаттары бойынша атқарушылық іс жүргізу органдарының ішінара орындалатын инкассалық өкімдерінің акцепті оның бірінші бетіне "Ішінара ақы төлеу" мөртабанын қою арқылы жүргізіледі. Инкассалық өкімнің барлық даналарында ішінара төлемнің күні және сомасы және осы инкассалық өкімнің қалдық сомасы туралы жазба жазылады. Жазба банктің уәкілетті тұлғаларының қолдарымен расталады.


      Алушы-банк ішінара ақы төлеу сомасына инкассалық өкімнің электрондық жүйесінде қалыптастыру арқылы акцептелген инкассалық өкімді орындайды. Ішінара ақы төлеу сомасына инкассалық өкімнің "төлемнің мақсаты" бағанында алушы-банк акцептелген инкассалық өкімнің деректемелерін көрсетеді.
      Салық берешегін өндіріп алуға салық қызметі органдарының ішінара ақы төлеу сомасына инкассалық өкімде "операция түрі" бағанында осы Ереженің 42-тармағында белгіленген код көрсетіледі.
      Ескерту: 121-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95, 2006 жылғы 12 тамыздағы N 74 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) қаулысымен

     122. Инкассалық өкiм бөлiп төленгенде алушы-банк ақша жөнелтушiнiң алушы-банктiң операциялық күн бойында банк есепшотына түскен ақша сомасымен төлем жүргiзедi. Бөлiп орындалған инкассалық өкiм толық төленгенше картотекада тұрады. 

     123. Осы Ереженiң 116-тармағында көрсетiлген нұсқауды алушы-банк сақтауы төлемнiң азаматтық-құқықтық мәмiле бойынша төлем мiндетiн орындау болып саналмайды немесе мiндеттi төлемдер, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

      123-1. Алушы банкке ішінара орындалған салық берешегін өндіріп алуға инкассалық өкімді қайтарып алу туралы салық органының өкімі келіп түскен кезде, алушы банк ішінара орындалған инкассалық өкімді қайтарады.


      Ескерту: 123-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 74 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) қаулысымен

     124. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар немесе банк есепшотына тыйым салу құқығы бар лауазым иелерiнiң тиiстi шешiмдерi негiзiнде ақша жөнелтушiнiң банк есепшотындағы ақшаға тыйым салынған және тыйым салынбаған ақша жеткiлiктi болған жағдайда алушы банк түскен нұсқауларды Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген нұсқауларды орындаудың кезектiлiк тәртiбiмен орындайды. 


     Ақша жөнелтушiнiң банк есепшотындағы тыйым салынған ақша жеткiлiксiз болса, егер бұл Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе ақша жөнелтуші мен алушы банк арасындағы банктік шот шартында көзделген болса, алушы банк келiп түскен нұсқауды сақтайды және оны қажеттi ақша сомасы жиналғаннан кейiн немесе уәкiлеттi мемлекеттiк органдар немесе банк есепшотына тыйым салу құқығы бар лауазым иелерінің шешімдері өзгергеннен кейін Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген нұсқауларды орындаудың кезектiлiк тәртiбiмен орындайды. 
     Уәкілетті мемлекеттік органдар немесе банк есепшоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар лауазым иелерінің тиісті шешімдері негізінде ақша жөнелтушінің банк есепшоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатылған жағдайда, алушы банк мұндай шешімдерді алғаннан күннен бастап келіп түскен нұсқауларды сақтайды және оларды уәкілетті мемлекеттік органдар немесе уәкілетті лауазым иелерінің шешімдері өзгергеннен кейін орындайды. 
    Ескерту: 124-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 қаулысымен, 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 20 қаулысымен, 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен.

      124-1. Клиенттің банктегі ақшасы жеткілікті болған кезде салық берешегін және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті төлеуді қоспағанда, шығыс операцияларын тоқтату туралы салық органдарының өкімдерін банкте бір мезгілде қолдану кезеңінде салық берешегін аударуға қатысты нұсқауларды бірінші кезекте орындайды. Клиентке бірнеше талап қойған кезде салық төлеушінің банктік шотында ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда банк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен ақшаны алуды жүргізеді.


      Ескерту: 124-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен.

      124-2. Клиенттің банктік шотындағы ақшаға тыйым салуға негіз болған талап-арызды қамтамасыз ету туралы айқындамада клиенттің банктік шоттарының (оның ішінде теңгедегі және шетел валютасындағы) бірнеше нөмірі және бір банктік шотта ақшаның жеткіліксіздігі көрсетілген жағдайда, осы айқындамада банктік шоттарды көрсетудің кезектілік тәртібімен банктік шоттардағы ақшаға тыйым салынады.


      Теңгедегі банктік шоттарда ақша жеткіліксіз болғанда ақшаның қалған сомасына тыйым салу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тыйым салынған күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша айқындамада көрсетілген шетел валютасындағы банктік шоттардан бастап жүргізіледі.
      Ескерту: 124-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен.

      124-3. Клиенттің банктік шотында тұрған ақшаға уәкілетті органның немесе лауазымды тұлғаның тиісті шешімдері негізінде тыйым салынған және кейіннен атқару құжаттарымен қоса инкассалық өкімді ұсынған жағдайда, ақша жіберуші банк:


      1) уәкілетті органның немесе лауазымды тұлғаның тыйым салу туралы шешімдерінде көрсетілген ақша жіберушінің деректемелері (атауы және СТН) инкассалық өкім ұсынылған негізде атқару құжаттарында көрсетілген деректемелермен сәйкес келуі;
      2) алынып тасталды
      3) атқару құжатын және уәкілетті органның немесе лауазымды тұлғаның тыйым салу туралы шешімін бір атқарушылық іс жүргізу шеңберінде ұсыну шартымен тыйым салынған ақшаны пайдалана отырып, осындай инкассалық өкімді орындайды.
      Осындай инкассалық өкім орындалғаннан кейін Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда банк шотында тұрған ақшаға тыйым салудың күші жойылды деп саналады.
      Ескерту: 124-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 74 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), 2007.04.30. N 50 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

 5-бөлім. Салық төлемеген дебитордың банктік


шоттарынан салық берешегін өндіріп алу тәртібі 

      Ескерту: 5-бөлімнің атауы жаңа редакцияда жызылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен.     

     125. Салық төлемеген дебитордың шоттарына түсуі тиіс ақша есебінен салық берешегін өндіріп алуға салық қызметі органдарының инкассалық өкімі олардың өз дебиторларына талаптары бойынша салық төлемеген дебиторға қызмет көрсететін банкке төрт данада жіберіледі.
     Ескерту: 125-тармақ жаңа редакцияда жызылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен.

     126. Салық қызметi органының инкассалық өкiмi бөлек тіркеу журналында төленбеген дебиторлар талабымен тiркеледi.


     Бұл журналда инкассалық өкімнiң түскен күнi көрсетіледi, инкассалық өкiмді қандай салық қызметi бердi, оның нөмiрi, күні және сомасы, төлемеген дебитор атауы көрсетiледi.

     127. Қарызы бар дебитор инкассалық өкiмдi толық өтегеннен кейiн инкассалық өкiмнің екiншi данасына банк қызметкерiнiң қолымен:


"Түскен теңге сомасы __________________________________________
    "__"___________ _______ ж.  салық қызметі органының "__"
    "__"___________ _______ ж. N өкiмiмен бюджетке аударылды деп
жазылады.
    Инкассалық өкімдер даналары төленгеннен кейiн былайша бөлiнедi:
    1) бiрiншi данасы күндік құжаттамаға салынады;
    2) екіншi данасы борышы бар дебиторға оның банк есепшотының көшiрмесiмен жіберiледi;
    3) үшiншi данасы салық қызметi органына жiберiледi;
    4) төртіншi данасы борышы бар адамға жiберiледi.

   Төраға

       Ескерту: NN1-5, 7 және 8 қосымшалардың оң жақтағы жоғарғы бұрышындағы "N" белгісі алынып тасталды;
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179 қаулысымен бекітілген" деген сөздер алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 74 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

                               Қазақстан Республикасының аумағында


                                  төлем құжаттарын пайдалану және
                                   ақшаның қолма-қол жасалмайтын
                                 төлемдері мен аударымдарын жүзеге
                                           асыру ережесіне
                                             1 қосымша

    Алушы-банкке түсті


    ___________________

                   Төлем тапсырмасы N___


                ______ ж. "__"________________
                           (жазылған күні)

                                                         Сома


___________________________________________________________________
Ақша жөнелтуші                    ТЖК            аЖК
______________________
    (атауы)
СТН __________________            БЖК
Алушы-банк ___________
______________________    
Бенефициар ___________            ТЖК            БеК
            (атауы)
СТН______________________
Делдал-банк___________            БЖК
______________________
____________________________________________________________________
Сомасы жазбамен _________________________
____________________________________________
____________________________________________________________________ 
Тауар алынған күн (қызмет көрсету)     Төлемнің мақсаты
"___"___________________ ж.            коды
Төлемнің мақсаты                       Бюджеттік жіктеу
__________________________________     коды
(тауардың атауы, орындалған жұмыс,
көрсетілген қызмет,
__________________________________
тауар құжаттарының номерлері және күндері,
шарттың және басқа да деректемелердің
номері мен күні)                       Валюталау күні
____________________________________________________________________
Алушы-банк
                                   ___ ж. "___"____________ өткізді
                                   __________________________
                                  (жауапты орындаушылардың қолдары)

   Басшының аты-жөні _______                 Мөртаңбаның орны


М.О. қолы ________
   Бас бухгалтердің аты-жөні ______
   қолы _______

                                Қазақстан Республикасының аумағында


                                  төлем құжаттарын пайдалану және
                                   ақшаның қолма-қол жасалмайтын
                                 төлемдері мен аударымдарын жүзеге
                                           асыру ережесіне
                                             2 қосымша

    Ескерту: Қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі


Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 қаулысымен.  

               АҚША АУДАРУҒА АРНАЛҒАН ӨТІНІШ


                 ____________________________
                 !     күні    !             !
                 !_____________!_____________!

________________________      _____________________________________


 !Ақша жөнелтуші        !     !  Есепшотқа дебеттеу     ЖБК      !
 !______________________!     !__________________________________!
 !                      !     !                                  !
 !                      !      __________________________________
 !                      ! 
 !                      !      __________________________________
 !                      !      !І       ! ІІ       ! КОд
 _______________________       __________________________________
 ! СТН  !               !      !        !          !
 _______________________       __________________________________
                               І№- (1) Резидент; (2) Резидент емес
                               ІІ- Экономика секторы (0-9)
 _______________________       __________________________________
 ! Алушы банк           !      ! Валюталау күні                 !
 _______________________       __________________________________
 !            !ББК      !      !________________________________!
 !            !         !      
 !            !         !
  _______________________
  _______________________      __________________________________
 ! Валюта     ! Сома    !      ! Сомасы жазумен                 !
 ________________________      __________________________________
 !   !   !    !         !      !                                !
 _______________________       __________________________________
 _______________________       __________________________________
 ! Бенефициар           !      ! Есепшотқа кредиттеу    ЖБК     !
 ________________________      __________________________________
 ! Ел   !               !      !                                !
 !      !               !      __________________________________
 !      !               ! 
 !      !               !      __________________________________
 ___________            !      ! ІІІ     !  ІV   ! КОд           
 !СТН (егер !           !      ___________________
 !бар болса)!           !      !         !       !
 _______________________       __________________________________
                               ІІІ- (1) Резидент; (2) Резидент емес
                               ІV- Экономика секторы (0-9)
 ________________________      __________________________________
!Бенефициар банк        !      ! Делдал банк                     !
 ________________________      ___________________________________
!Ел   !     ! ББК       !      !                      ! ББК      !
____________            !      !                      !          !
!           !           !      !                      !          !
_________________________       __________________________________
____________________________________________________________________
!Алушы банктің комиссиясы   !    !Делдал банктің комиссиясы       !
!Ақша жөнелтушінің есебінен !    !Ақша жөнелтушінің есебінен      !
!Бенефициардың есебінен     !    !Бенефициардың есебінен          !
__________________________________________________________________
_________________________     ____________________________________
!Келісім-шарттың         !     !Төлемнің мақсаты                  !
!нөмірі, күні            !    _____________________________________
_________________________      !ТБК                               !
!________________________!     !_____________________             !
!________________________!     !______!_____!________!_____________

____________________________________________________________________


!Ерекше жағдайлар                                                 !
____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
!Ақша жөнелтушінің қолдары  !      !Алушы банк өткізген          !
!                           !      !                             !
___________________________________________________________________
!Басшының аты-жөні__________!      ! "___"________ж.             !
!М.О.    қолы________      !      !Жауапты орындаушының қолы____!
!Бас бухгалтердің           !      !                             !
!аты-жөні ______________    !      !                             !
!    қолы _______           !      !М.О.                         !
___________________________________________________________________

                                Қазақстан Республикасының аумағында


                                  төлем құжаттарын пайдалану және
                                   ақшаның қолма-қол жасалмайтын
                                 төлемдері мен аударымдарын жүзеге
                                           асыру ережесіне
                                             3 қосымша

_______________________________________________________


"____"____________ ж. ақша жөнелтуші банкі алды        !
Қабылдау уақыты _______________________________________!
_______________________________________________________!     

              Төлемдік талап-тапсырмасы N______


                   _____ж. "_____"____________
                             (жазылған күні)

__________________________________________________________________ 


Ақша жөнелтуші                        ! ТЖК        ! аЖК   !      !
__________________________________    !            !       !      !
       (атауы)                        !            !       !      !
СТН _______________________________   !            !-------!      !
                                      !                    !      !
Ақша жөнелтушінің банкі ____________  !--------------------!      !
___________________________________   ! БЖК                !      !
                                      !                    !      !
                                      !--------------------!      !
Бенефициар ________________________   ! БЖК        ! БеК   !      ! 
             (атауы)                  !            !-------!      !
СТН _______________________________   !                    !      !
                                      !--------------------!      !
Бенефициар банкі __________________   ! БЖК                !      !
___________________________________   !--------------------!      !
Делдал-банк   _____________________   ! БЖК                !      !
___________________________________   !--------------------!------!
                                                 !Төлемнің !      !
                                                 !мақсаты  !      !
                                                 ! коды    !      !
_________________________________________________!_________!______!
________________________________________
Тауар алынған күн (қызмет көрсету) 
"____"__________________ ж.
Төлемнің мақсаты
______________________________________
(тауардың атауы, орындалған жұмыс,
көрсетілген қызмет, тауар құжаттарының
______________________________________
номерлері және күндері, шарттың және
басқа деректемелердің номері мен күні)
_______________________________________

                                            Ақша жөнелтуші банк 


М.О. ____________________________ _______   ______ ж."_____"
  Бенефициар басшының аты-жөні  қолы     _____________ өткізді
___________________________________  _____ _______________________ 
Бенефициар бас бухгалтердің аты-жөні қолы   (жауапты орындаушылардың
                                                   қолдары)       

  "Акцептің орны"

М.О. _________________________________   ___________ Мөртабанның
  Ақша жөнелтушінің аты-жөні            қолы          орны
____________________________________________ ______
Ақша жөнелтушінің бас бухгалтерінің аты-жөні  қолы

                     

                                Қазақстан Республикасының аумағында
                                  төлем құжаттарын пайдалану және
                                   ақшаның қолма-қол жасалмайтын
                                 төлемдері мен аударымдарын жүзеге
                                           асыру ережесіне
                                             4 қосымша

              Төлемдік талап-тапсырмалардың



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет