«Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушы 2010 жылғы 13 тамыздағы №362 бұйрығына өзгерістер енгізу



Дата27.02.2016
өлшемі79.97 Kb.
#27702




«Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушы 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдірудің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 15 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында және көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру үшін БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушы 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6463 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 19 қазандағы № 429-432 (26275)) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесінде:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Стационарлық және жылжымалы КБП ауысымының жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес әзірленеді және:

1) Комитетінің өңіраралық көліктік бақылау инспекциясында (бұдан әрі - Инспекция) – Инспекция бастығымен;

2) Инспекция филиалында – Инспекция филиалының басшысымен бекітіледі.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Стационарлық КБП тәулік бойы жұмыс істейді.»;

11-тармақ алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

«12-1. Жылжымалы КБП әрқайсы ауысымға маршрут карточкасы (осы Ережеге 4-қосымша) құрастырылады.

Жылжымалы КБП маршрут карточкасы екі данада құрастырылады, бірі Инспекцияда сақталады, басқасы жылжымалы КБП ауысымына тапсырылады.

Маршруттың карточкалары бiр күнтiзбелiк жылдың ішінде Инспекцияда сақталады.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. КБП лауазымды адамдары көліктік бақылауды жүргізген кезде жүк, жолаушылар және багаж тасымалдарын жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың:

1) автомобиль көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын, соңын ішінде:

жолаушылар мен жүктердi, оның iшiнде қауiптi жүктердi тасымалдау ережелерiнiң;

тез бұзылатын жүктердi тасымалдауды орындайтын қозғалмалы құрамға қойылатын талаптарын;

Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген көлемдiк және салмақтық өлшемдерiн;

автокөлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң еңбегi мен тынығуы режимiн;

автокөлiк құралдары жабдығының автокөлiк құралында тахографтың болуы және оның ақаусыздығы тұрғысынан халықаралық шарттар талаптарына сәйкестiгiн, сондай-ақ орнатылған жанармай бактарының жасаушы заводтың талаптарына сәйкестігінің;

халықаралық қатынастағы жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға жүру маршруты мен кестесінің;

халықаралық қатынастары үшін белгіленген жол жүру маршрутының;

жолаушылар мен жүктерді, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау саласында автокөлік құралдарын пайдалану кезінде шығарындыдағы ластаушы заттар құрамы нормативтерiнiң;

2) автомобиль көлігі саласында лицензия туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын;

3) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалын ұйымдастыру кезінде рұқсат беру жүйесі талаптарын сақтауына тексеруді жүзеге асырады.

Сонымен қатар КБП лауазымды адамдары көліктік бақылауды жүргізген кезде жүк, жолаушылар және багаж тасымалдарын жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларда:

халықаралық және облысаралық қатынастағы жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға рұқсаттың, жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес халықаралық тасымалдау кезінде жолаушылар тiзiмiнiң;

2) республикаішілік қатынаста жолаушылар мен багажды тұрақты емес автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдау шартының;

3) рұқсат алмай жүрiп-тұру жүйесi әрекет ететiн мемлекеттерде тiркелген автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кiруiн тiркеу талонының;

4) шет мемлекет аумағы бойынша жүрiп-тұруына рұқсатының;

5) Қазақстан Республикасы аумағы бойынша жүрiп-тұруына рұқсатының;

6) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және iрi көлемдi көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп-тұруына арнайы рұқсатының болуына тексеруді жүзеге асырады.»;

20-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қазақстан Республикасының резиденттері емес көлік құралдарының иелері (пайдаланушылары) үшін рұқсат қағазының немесе тіркеу талонының екінші жағына;»;

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«23. КБП қызметкері автокөлік құралының көліктік бақылауды жүргізу келесі тәртіпте қамтамасыз етеді:

1) автокөлік құралын (автобустар, шағын автобустар, жеңіл және жүк автомобильдері, арнайы бейімделген автомобильдер және арнаулы автомобильдер) тоқтатады;

2) жүргізушіге жақындап, өз аты-жөнің, лауазым мен мемлекеттік органның атауын атап таныстырады, жүргізушінің немесе бірге жүрген адамдардың талабы бойынша қызметтік куәлігін көрсетеді;

3) тоқтатқан себебін хабарлайды;

4) жүргізуші куәлігін (жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлік және жүргiзушiнiң жеке басын куәландыратын құжат), көлік құралын тіркеу туралы куәлігін, ілеспе және рұқсат құжаттарын сұратады;

5) жүргізушілердің еңбегі мен демалу режимін тіркейтін бақылау құрылғысының (тахографтың) болуын, түзулігі мен дұрыстығын және жүргізушілердің еңбегі мен демалуы есебінің тіркеу парақтарының тиісті толтырылуын тексереді.

Жүргізушілердің еңбегі мен демалуы есебінің тіркеу парақтарын және тахографтың диаграммалық дискінің тексеруін жүзеге асырған кейін, оларға мөрді қояды;

6) көлік құралының габариттік және салмақтық параметрлерін өлшеуді жүргізеді;

7) шығарындылардағы ластаушы заттардың құрамын өлшеуді қамтамасыз етеді.»;

24-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жүк, жолаушылар және багаж тасымалдарын автомобиль көлігімен жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың бар болуын және олардың Қазақстан Республикасы заѕнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді;»;

27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген бұзушылықтарды жасағанда автокөлік құралы ұсталады, уақытша сақтау үшін тұраққа жеткізіледі және оның пайдаланысына тыйым салынады.»;

1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес 4 және 5-қосымшалармен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті (Ә.Н. Барменқұлов):

1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;

3) оны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр                                      Б. Камалиев

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрінің

2011 жылғы «____» ______________  

№ ____ бұйрығына     

1-қосымша   

«Қазақстан Республикасының

аумағындағы көліктік

бақылау посттарының жұмысын

ұйымдастыру ережесіне

1-қосымша

Мөртабан нысаның үлгісі
Автокөлік құралының бақылау өткені ресімделуі

төменде көрсетілген үлгiдегi мөрдi қоюымен жүзеге асырылады





_________________________________________________________

(көліктік бақылау постының атауы және №)

БАҚЫЛАУ ӨТIЛДI

Лауазымы, тегi аты жөнi _____________________________________

"__" ______________20_ж. Қолы __________________


Мөртабан көк түсті 50х30 мм көлемінде тікбұрыш формада жасалады.

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрінің

2011 жылғы «____» ______________  

№ ____ бұйрығына     

2-қосымша   

«Қазақстан Республикасының

аумағындағы көліктік

бақылау посттарының жұмысын

ұйымдастыру ережесіне

4-қосымша



МАРШРУТ КАРТОЧКАСЫ
жылжымалы көліктік бақылау постының № ___________________________

_________________________________________________________________

(көліктік бақылау органның атауы)

Көліктік бақылауды жүзеге асыру маршруты __________________________

_________________________________________________________________

(километрдің көрсетуімен автожолдың атауы)

Бақылауды өткізу кезеңі ____________________________________________

(бақылауды өткізу күні мен уақыты )

Ұзақтығы, км _____________________________________________________

Ауысымның құрамы _______________________________________________

_______________________________________________

(Т.А.Ж., лауазым)







Автожолдың бақылауға алынған учаскесінің атауы мен км

Бақылауды өткізу уақыты

ЖКБП ауысым қызметкерінің қолы






































Маршрут карточкасы берілді __________________________ _____________

(Т.А.Ж., лауазым) (қолы)
_____________

(күні)


Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрінің

2011 жылғы «____» ______________  

№ ____ бұйрығына     

3-қосымша   
«Қазақстан Республикасының

аумағындағы көліктік

бақылау посттарының жұмысын

ұйымдастыру ережесіне

5-қосымша

Мөртабан нысаның үлгісі
Жүргізушілердің еңбегі мен демалуы есебінің тіркеу парақтарын және тахографтың диаграммалық дискінің тексеруін ресімделуі

төменде көрсетілген үлгiдегi мөрдi қоюымен жүзеге асырылады



Мөртабан көк түсті 23 мм диаметрде дөңгелек формада жасалады.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет