Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы


тарау.Ұшып көтерiлу үшiн әуеайлақтардың минимумдарын айқындау



бет18/25
Дата08.07.2016
өлшемі1.6 Mb.
#185573
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25

1 тарау.Ұшып көтерiлу үшiн әуеайлақтардың минимумдарын айқындау

      11. Пайдаланушы белгiлеген ұшыпрп көтерiлу минимумы пайдалану жоспарланатын әрбiр әуеайлақ бойынша тиiстi факторларды назарға ала отырып, ҰҚЖ (RVR) алыстан көрiну немесе (VIS) көрiну мәндерiнде, сондай-ақ ӘК сипаттамасында көрсетiлген.


      Егер кедергiлердi көзбен көрiп шолу нақты қажеттiлiгi бар кезде және/немесе шұғыл қону үшiн қосымша талап көрсетiледi (мысалы БТШБ ).
      12. Әуеайлақты пайдалану минимумы осы тараудың талаптарына сәйкес жасанды ҰҚЖ белгiленедi.
      Ұшып көтерiлу үшiн пайдалану минимумдарын қону үшiн минимумнан төмен емес ұшып келу уақытына қарай нақты және болжанатын ауа-райы таңдалатын қосымша әуеайлақ бар болған кезде қолдануға болады, ал қосымша әуеайлақ мынадай аралық шегiнде әуеайлақтан ұшып шығу орналастырылады:
      1) екi қозғалтқышы бар ұшақтар үшiн: iстен шыққан бiр қозғалтқышы бар крейсерлiк жылдамдықта ұшу уақыты баламалы 2 сағат аралығынан алыс емес;
      2) үш немесе одан астам қозғалтқыштары бар ұшақтар үшiн: iстен шыққан бiр қозғалтқышы бар крейсерлiк жылдамдықта ұшу уақыты баламалы 2 сағат аралығынан алыс емес.
      Қосымша әуеайлақ болмаған кезде ұшып шығуға шешiм ұшып шығу әуеайлағындағы метеожағдайлар кезiнде оған қону үшiн минимумнан төмен емес қабылданады.
      13. Көзбен көру бағдары.
      Ұшып көтерiлу минимумы қолайсыз жағдайлар кезiнде тоқтатылған ұшып көтерiлу мен ең қажеттi қозғалтқыш iстен шыққаннан кейiн жалғастырылған ұшып көтерiлу жағдайында, ҰҚЖ-ға ӘК-ны басқару кезiнде көзбен көру бағдары үшiн жеткiлiктi көрiнудi қамтамасыз ету талаптарымен таңдап алынады.
      14. Қажеттi ҰҚЖ (RVR) көзбен көрудiң алыстығы/көзбен көру (VIS).
      Көп қозғалтқышты ӘК үшiн ұшу сипаттамалары кез келген сәтте ұшудың ең қажеттi қозғалтқышы iстен шыққан жағдайда, тоқтатылған ұшып көтерiлу үшiн берiлген әуеайлақ учаскесiнiң шегiнде толық доғара отырып, ұшып көтерiлудi тоқтатуға және ұшып көтерiлу аймағындағы кедергiлерден қауiпсiз ұшып өту өлшемдерiн сақтай отырып, 450м (1500 фут) биiктiкте ұшып көтерiлудi жалғастыруға мүмкiндiк бередi.
Пайдаланушы 16-тармақта келтiрiлген жағдайларды қоспағанда, 2-кестеде келтiрiлген мәндерден төмен емес ҰҚЖ-дағы (RVR) көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы/ұшып көтерiлуге арналған көру мүмкiндiгiнiң (VIS) минимумдарын белгiлейдi.

Ұшып көтерiлуге арналған RVS/VIS

2-кесте

Құрал

ҰҚЖ дағы көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы/көру мүмкiндiгi

Құралдардың жоқтығы (тек күндiзгi ұшлар)

500 м

ҰҚЖ қону жарықтары және/немесе бiлiк желiлерiн таңбалау

А, В, С санатты ӘК үшiн - 250 м

D санатты ӘК үшiн -300 м



ҰҚЖ-ның қону және бiлiк жарықтары

А, В, С санатты ӘК үшiн - 200 м

D санатты ӘК үшiн -250 м



ҰҚЖ-ның қону және бiлiк жарықтары және ҰҚЖ орта нүктесiнiң және алыс шетiнiң қону аймағында RVR хабарламаның бар болу.
ҰҚЖ-дағы көру мүмкiндiгi қашықтығының қажеттi мәнi өлшеудiң барлық нүктелерiнде алынуы тиiс.

А, В, С санатты ӘК үшiн - 150 м

D санатты ӘК үшiн -200 м



      15. Түнгi ұшулар үшiн, кем дегенде ҰҚЖ бүйiр жарықтары және ҰҚЖ соңының кiру жарықтарын қосу қажет.
      16. 150/200 метрге тең минимумдар ҰҚЖ-дағы iлiнiсу коэффициентi кемiнде 0,5 және осы ӘК үлгiсiнiң ұшып көтерiлуi үшiн бүйiрлi желдi құрайтын мүмкiн болатын шектi мәнiнiң жартысынан аспайтын кезде қолданылады, сондай-ақ шектеулi көрiну жағдайларында (LVP) рәсiмдер қолданылады.
      17. Көп қозғалтқышты ӘК үшiн 19-тармақтың талаптарына жауап бермейтiн сипаттамалар ұшып көтерiлуде ең қажеттi қозғалтқыш iстен шыққан жағдайда жедел қону қажеттiлiгi, сондай-ақ ұшып көтерiлу аймағындағы кедергiлердi көзбен көрiп айналып өту қажеттiлiгi туындауы мүмкiн. Мұндай ӘК олар белгiлi бiр нысанда қозғалтқышты iстен шығарып, кедергiлерден өту биiктiгiнiң ең аз өлшемдерiне сәйке келу жағдайында ұшып көтерiлу үшiн мынадай төменде көрсетiлген ең аз талаптары қолданылады. Бұл жағдайда ұшып көтерiлу үшiн пайдаланушы белгiлеген минимумдар бiр iстен шыққан қозғалтқыш кезiнде қауiпсiз бейiн салынуы мүмкiн биiктiкте негiзделедi.
      ҰҚЖ-дағы көру мүмкiндiгiнiң ең аз қашықтығы жоғарыда 2-кесте көрсетiлген мәндерден немесе 3-кестеде көрсетiлген мәндерден төмен болмауы тиiс.
      ҰҚЖ-дағы көру мүмкiндiгiнiң қашықтығына/көрiнуiне байланысты қозғалтқыш iстен шыққан кезде ҰҚЖ жiберiлетiн биiктiк

3-кесте


Қозғалтқыш iстен шыққан кезде ҰҚЖ жiберiлетiн биiктiк

ҰҚЖ-дағы көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы/көру мүмкiндiгi

< 15 метр (50 фут)

200 м

15-30 метр (51-100 фут)

300 м

30-45 метр (101-150 фут)

400 м

45-60 метр (151-200 фут)

500 м

60-90 метр (201-300 фут)

1000 м

> 90 метр (>300 фут)

1500 м

      18. 1500 м көрiну мүмкiндiгi сондай-ақ егер ұшып көтерiлудi жалғастырудың қауiпсiз бейiндi салу мүмкiн болған жағдайда қолданылады.
      19. Егер ҰҚЖ-дағы көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы немесе метеорологиялық көрiну мүмкiндiгi туралы ақпарат жоқ болса, ӘК командирi ұшып көтерiлу үшiн нақты метеожағдайдың минимумдарға сәйкестiгiн айқындағанға дейiн ол ұшып көтерiлудi бастамайды.

2 тарау. Топырақты ҰҚЖ-ның ұшып көтерiлуi үшiн әуеайлақты пайдалану минимумы

      20. Топырақты ҰҚЖ-ның ұшып көтерiлуi үшiн әуеайлақты пайдалану минимумы (бұдан әрi – ТҰҚЖ) жарық техникалық жабдық немесе таңбалау ЖҰҚЖ ұшып көтерiлу үшiн тиiстi пайдалану минимумдарына тең.


      21. Ұшып көтерiлу үшiн әуеайлақтың пайдалану минимумдарында ТҰҚЖ таңбалау және жарық техникалық жабдықтар болмаған кезде қону үшiн тең пайдалану минимумдары белгiленедi.
      22. Егер көру мүмкiндiгi бойынша қонуға арналған 2000 метрден асқан жағдайда, ұшып көтерiлу үшiн минимум 2000 метрге тең көру мүмкiндiгi бойынша белгiленедi.

3 тарау. Кедергiлердi есепке алу бетiнде ұлғаятын кедергiлер бар болған кезде ұшып көтерiлу үшiн әуеайлақты пайдалану минимумы

      23. Кедергiлердi есепке алудың бетiнде ұлғаятын кедергiлер бар болған кезде қауiпсiз ұшу ұшып көтерiлу схемасын белгiлеудi немесе барынша мүмкiн болатын ұшу массасын таңдауды қамтамасыз етiлмейдi, ұшып көтерiлу үшiн әуеайлақтың пайдалану минимумы кедергiлердiң биiктiгiнен асатын биiктiктi алғанға дейiн кедергiлерге қатысты әуе кемесi ережесiнiң көзбен көрiп бақылауға кепiлдiк беру мақсатында бұлттардың төменгi шегiнiң биiктiгi және көру мүмкiндiгi бойынша белгiленедi.


      24. Бұлттардың төменгi шегiнiң биiктiгi бойынша пайдалану минимумы (Б.т.ш.б.) мынадай формула бойынша есептеледi:
      Б.т.ш.б. = Н кедергi + h м ӘК-ның барлық санаттары үшiн,
      мұндағы h – кедергiлерден биiктiк қоры.
      Кедергiлерден биiктiк қоры h ұшып шығу схемасының басынан кедергiлерге дейiнгi (dпр) арақашықтыққа байланысты ауыспалы ауқым болып табылады. Биiктiк қоры ұшып шығу схемасының басында нөлден d пр.: h = 0,008 d аралықта ұлғаяды, бұрылу учаскелерiнде биiктiк қоры кемiнде 90 метр болуы тиiс.
      ҰҚЖ-дағы көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы/көру мүмкiндiгi (RVR/VIS) бұлттардың төменгi шегiнiң биiктiгi мәнiне (Б.т.ш.б.) байланысты 3-кесте бойынша айқындалады.
      25. Барлық жағдайларда қарастырылатын кедергiлер ұшып шығу осiнен 500 метрге жақын болмауы тиiс.
      26. Нөлге тең кедергiлердегi ең аз биiктiк қоры ұшып шығу схемасының басында 15о ең аз бұрылуға мүмкiндiк беретiн ұшу бағытында көлденең аралықтан 0,8%-ға ұлғаяды.
      27. Есептiк градиентпен 3,3% кедергiлердi есепке алу бетiнде еңаз қор 0,8% қамтамасыз етiледi.

      28. Ұшып көтерiлу үшiн әуеайлақты пайдалану минимумындағы бұлттардың төменгi шегiнiң биiктiгiн айқындайтын кедергiлер егер ұшып көтерiлу кезiнде кедергiлерден ең аз биiктiк қоры қамтамасыз етiлсе, егер осы кедергiлер ұшу қауiпсiздiгiне нақты қауiп тудырмаса, ең жоғарғы мүмкiн болатын ұшу массасын айқындау кезiнде ескерiлмейдi.



4 тарау. Ұшып көтерiлу әуеайлағын пайдалану минимумын төмендету мүмкiндiгi

      29. Пайдаланушыға ұшып көтерiлу үшiн минимумды төмендегi жағдайларда ҰҚЖ-дағы көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы (А, В және С санатты ӘК) бойынша 125 м немесе 150м (D санатты ӘК) дейiн азайтуға рұқсат етiледi:


      1) көрiну мүмкiндiгi төмен жағдайларда рәсiмдер қолданылады (LVP);
      2) жоғары қарқынды ҰҚЖ-ның ось жарықтары 15 м аспайтын аралықта белгiленедi және жоғары қарқынды қону жарықтары 60 м немесе одан да аз аралықта белгiленген. Жарықтар жанып тұруы тиiс;
      3) ұшу экипажының мүшелерi ұшу тренажерлерiнде айтарлықтай дайындықтан өттi;
      4) ӘК кабинасынан екпiн алу басталатын нүктеде ұзақтығы 90 метр учаске көзбен көрiп қарастырылады;
      5) ҰҚЖ-дағы көру мүмкiндiгiнiң қашықтығының қажеттi мәнi барлық өлшеу нүктелерiнде алынды (ҰҚЖ басында, ортасында және соңында);
      6) ҰҚЖ iлiнiсу коэффициентi кемiнде 0,5;
      7) осы ӘК үлгiсiнiң ұшып көтерiлуi үшiн бүйiрлi желдi құрайтын мүмкiн болатын шектi мәнiнiң жартысынан аспайтын;
      8) пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органнан ұшып көтерiлу үшiн төмендетiлген минимумдарды пайдалануға мақұлдауын алды;
      9) аталған рәсiм ұшып шығу әуеайлағында көзделген.
      30.Мыналарды:
      1) бүйiрлiк ауытқулар бойынша мақұлданған индикациялау жүйесiн немесе
      2) ұшып көтерiлудi жүзеге асыру үшiн мақұлданған индикациялау нүктесiн пайдаланатын ӘК-нi пайдаланушы III санат бойынша ҰҚЖ қорғау құралдары мен жабдықтарына сәйкес келген кезде, жоғарыда көрсетiлген 29-тармақтағы талаптарды сақтау кезiнде ұшып көтерiлу үшiн минимумдарды ҰҚЖ-дағы (RVR) көру мүмкiндiгiнiң қашықтығын кемiнде 125 м (А, В және С санатты ӘК) немесе кемiнде 150 м (D санатты ӘК), бiрақ кемiнде 75 м азайтуға рұқсат етiледi.

5 тарау. Дәл емес жүйелер бойынша қонуға бет алулар үшiн әуеайлақты пайдалану минимумын айқындау (Non-precision Approach)

      31. Қону үшiн әуеайлақты пайдалану минимумы ҰҚЖ-ның барлық бағытына және ӘК-нiң әрбiр санаты үшiн аспаптар бойынша қонуға бет алуды қамтамасыз ететiн әуеайлақтың әрбiр қону жүйесi үшiн белгiленедi.


      32. Қонуға бет алудың дәл емес жүйелерi бойынша қонуға бет алулар (NPA) – 4-кестеде көрсетiлген (Жүйелiк минимумдар) MDH кемiнде 75 метр (250 фут) және ҰҚЖ-дағы (RVR) көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы/есептелген метеорологиялық көрiну мүмкiндiгi (CMV) RVR/CMV 800 метрден кем емес кез келген қызмет көрсету құралдарын пайдалана отырып, аспаптар бойынша қонуға бет алу.
      33. Ең аз салыстырмалы төмендеу биiктiгi (MDH).
      Қонуға бет алудың ең аз төмендеу биiктiгiнде мынадай мәндердiң көбi қолданылады:
      1) ұшақ санатына арналған OCH; немесе
      2) 4-кестеде келтiрiлген жүйелiк минимумдар; немесе
      3) ӘК ұшуды пайдалану жөнiндегi басшылықта айқындалған ең аз төмендеу биiктiгi ВС (AFM).
      34. Кедергiлердi ұшып өтудiң салыстырмалы/абсолюттi биiктiгiнiң есебi (OCH/ОСА) «Аэронавигациялық қызмет көрсету қағидасы - әуе кемелерiнiң ұшуларды орындауы» (PANS- OPS) ИКАО (Doc. 8168-OPS/611) қағидаларына сәйкес жүргiзiледi.
      35. Көзбен көру бағдары.
      Ұшқыш, жоспарланатын ҰҚЖ қонуда мынадай көзбен көру бағдарының бiрiн анық көрмегенге және танымағанға дейiн MDA/MDH төмен қонуға бет алуды жалғастырмайды:
      1) ҰҚЖ жақындау жарықтары жүйесiнiң элементтерi;
      2) ҰҚЖ-ның басталатын жерi;
      3) ҰҚЖ-ның басталатын жерiн таңбалау;
      4) ҰҚЖ-ның басталатын жерiнiң кiру жарықтары;
      5) ҰҚЖ-ның басталатын жерiнiң тану жарықтары;
      6) глиссаданың көзбен көру индикацияларның жарықтары;
      7) жерге қону аймағы немесе жерге қону аймағын таңбалау;
      8) жерге қону аймағының жарықтары;
      9) ҰҚЖ-ның қону жарықтары; немесе
      10) басқа да көзбен көру бағдары.

Құралдарға байланысты жүйелiк минимумдар

4-кесте

Құралдарға байланысты ең аз төмендеу биiктiгi (МВС, DH/ MDH)

Пайдаланылатын қонуға бет алу жүйесi

DH/ MDH ең аз

ILS (глиссадасыз) немесе DME (LLZ, LLZ/DME) курстық маяк

75 м

250 фут

Шолу радиолокаторы бойынша кiру (SRA) (ҰҚЖ аяқталатын 0.9 км қашықтығы)

75 м

250 фут

Шолу радиолокаторы бойынша кiру (SRA) (ҰҚЖ аяқталатын 1,8 км қашықтығы)

90 м

300 фут

Шолу радиолокаторы бойынша кiру (SRA) (ҰҚЖ аяқталатын 3,7 км қашықтығы)

105 м

350 фут

RNAV/LNAV

90 м

300 фут

VOR

90 м

300 фут

VOR/DME

75 м

250 фут

NDB, ОПРС

105 м

350 фут

NDB/DME

90 м

300 фут

2NDB немесе ОСП

90 м

300 фут

VDF (АЖЖ-станциясының радиопелингаторы)

105 м

350 фут

      36. ҰҚЖ-дағы (RVR) көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы қатарлас дәлдеумен қонуға бет алу кезiнде 6, 7, 8, 9-кестелер бойынша айқындалады.

      6-кесте – Дәл емес жүйелер бойынша қонуға бет алу үшiн ҰҚЖ-дағы (RVR) көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы/Есептелген метрологиялық қашықтығы (CMV) – құралдардың толық жинағы:



MDH

RVR/CVR /ӘК санаты




A

B

C

D

75 - 89м (250 - 299 фут)

800 м

800 м

800 м

1200 м

90 - 134м (300 - 449 фут)

900 м

1000 м

1000 м

1400 м

135 - 194м (450 - 649 фут)

1000 м

1200 м

1200 м

1600 м

195м (650 фут) және одан жоғары

1200 м

1400 м

1400 м

1800 м

      7-кесте – дәл емес жүйелер бойынша қонуға бет алу үшiн ҰҚЖ-дағы (RVR) көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы/Есептелген метрологиялық қашықтығы (CMV) – толық жинақ және құралдардың аралық жинағы:

MDH

RVR/CVR /ӘК санаты




A

B

C

D

75 - 89м (250 - 299 фут)

1000 м

1100 м

1200 м

1400 м

90 - 134м (300 - 449 фут)

1200 м

1300 м

1400 м

1600 м

135 - 194м (450 - 649 фут)

1400 м

1500 м

1600 м

1800 м

195м (650 фут) және одан жоғары

1500 м

1500 м

1800 м

2000 м

      8-кесте – Дәл емес жүйелер бойынша қонуға бет алу үшiн ҰҚЖ-дағы (RVR) көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы/Есептелген метрологиялық қашықтығы (CMV) – құралдардың негiзгi жинағы:

Дәл емес жүйелер бойынша қонуға бет алу үшiн минимумдар – құралдардың негiзгi жинағы (NDB, NDB/DME, VOR, VOR/DME, LLZ, LLZ/DME, VDF, SRA, RNAV/LNAV)

(3-тармақшадан қараңыз),5),6) және 7)



MDH

RVR/CVR /ӘК санаты




A

B

C

D

75 - 89м (250 - 299 фут)

1200 м

1300 м

1400 м

1600 м

90 - 134м (300 - 449 фут)

1300 м

1400 м

1600 м

1800 м

135 - 194м (450 - 649 фут)

1500 м

1500 м

1800 м

2000 м

195м (650 фут) және одан жоғары

1500 м

1500 м

2000 м

2000 м

      9-кесте – Дәл емес жүйелер бойынша қонуға бет алу үшiн ҰҚЖ-дағы (RVR) көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы/Есептелген метрологиялық қашықтығы (CMV) – жақындау жарықтарының жоқтығы:

Дәл емес жүйелер бойынша қонуға бет алу үшiн минимумдар – жақындау жарықтарының жоқтығы (NDB, NDB/DME, VOR, VOR/DME, LLZ, LLZ/DME, VDF, SRA, RNAV/LNAV) (4-тармақшадан қараңыз), 5), 6) және 7)

MDH

RVR/CVR /ӘК санаты




A

B

C

D

75 - 89м (250 - 299 фут)

1500 м

1500 м

1600 м

1800 м

90 - 134м (300 - 449 фут)

1500 м

1500 м

1800 м

2000 м

135 - 194м (450 - 649 фут)

1500 м

1500 м

2000 м

2000 м

195м (650 фут) және одан жоғары

1500 м

1500 м

2000 м

2000 м

      1) құралдардың толық жинағы ҰҚЖ таңбалауды, ұзақтығы 720м және одан астам жақындау жарықтарын (жоғары/орташа қарқындылық), ҰҚЖ қону жарықтары мен кiру жарықтарын және ҰҚЖ шектеу жарықтарын қамтиды;
      2) құралдардың аралық жинағы ҰҚЖ таңбалауды, ұзақтығы 420 – 719 м жақындау жарықтарын (жоғары/орташа қарқындылық), ҰҚЖ қону жарықтары мен кiру жарықтарын және ҰҚЖ шектеу жарықтарын қамтиды; Жарықтар қосулы болуы тиiс;
      3) құралдардың негiзгi жинағы ҰҚЖ таңбалауды, ұзақтығы кемiнде 420 м жақындау жарықтарын (жоғары/орташа қарқындылық), кез келген ұзақтықтағы жақындау жарықтарын (аз қарқындылық), ҰҚЖ қону жарықтары мен кiру жарықтарын және ҰҚЖ шектеу жарықтарын қамтиды; Жарықтар қосулы болуы тиiс;
      4) жақындау жарықтараның жоқтығы ҰҚЖ таңбалауды, ҰҚЖ қону жарықтарын, кiру жарықтарын, ҰҚЖ шектеу жарықтарын немесе жарықтардың толық болмауын қарастырады;
      5) кестелер тек 4 градустан аспайтын төмендеу траекториясыныңноминалды еңкеюмен қонуға дәстүрлi бет алу үшiн қолданылады. Төмендеу траекториясы көбiрек еңкейген жағдайда, глассаданың бұрышын көзбен шолып көрсету (мысалы, PAPI көрсеткiшi) үшiн төмендеудiң ең аз салыстырмалы биiктiгiнде (MDH) көрiнуi қажет;
      6) жоғарыда көрсетiлген мәндер не ҰҚЖ-дағы (RVR) көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы, не ҰҚЖ-дағы (RVR) көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы/Есептелген метрологиялық қашықтығы (CMV) болып табылады, бұл төмендегi 65-тармақта көрсетiлген.
      7) 6, 7, 8, және 9-кестелерiнде көрсетiлген төмендеудiң ең аз салыстырмалы биiктiгi (MDH), MDH алдын ала есепке жатады. Тиiстi ҰҚЖ-дағы (RVR) көру мүмкiндiгiнiң қашықтығын/Есептелген метрологиялық қашықтықты (CMV) таңдау кезiнде пайдалану мақсатында, мысалы, төмендеудiң ең аз абсолюттiк биiктiгiне (MDА) ауысуын жүзеге асырылатын жақын 5 метрге (15 фут) дейiн дөңгелектеуге қойылатын талаптарды назарға алудың қажетi жоқ
      37. Түнгi уақыттағы ұшулар. Түнгi уақыттағы ұшуларды жүзеге асыру үшiн кем дегенде ҰҚЖ қону жарықтары, кiру жарықтары және ҰҚЖ шектеу жарықтары қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет