Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы


параграф. Борттық жүйенiң жұмысы туралы деректер жинау - 15 м (50 фут) ШҚБ-мен немесе белгiленбеген ШҚБ-сыз қонуға бет алу



бет16/25
Дата08.07.2016
өлшемі1.6 Mb.
#185573
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25

155 параграф. Борттық жүйенiң жұмысы туралы деректер жинау - 15 м (50 фут) ШҚБ-мен немесе белгiленбеген ШҚБ-сыз қонуға бет алу.

      980. Ұшу экипажы мүшелерiнiң баяндамасына қосымшада борттық жүйелер берiлген сипаттамаларға сәйкес жұмыс iстейтiнiн растау үшiн борттық өздiгiнен жазатындар немесе басқа да жабдықтар пайдаланылады.


      981. Ұшу экипажы мүшелерiнiң ұсынған мәлiметтерi мыналарды қамтиды:
      1) Н = 30 метр (100 фут) ШҚБ өсiндегi, жерге қону нүктесiндегi, жүрiстегi бағытты ұстап қалу жүйесiн ажырату сәтiндегi ауытқулар, және осы нүктелер арасындағы ауытқулардың ең жоғарғы мәнi;
      2) жанасу (жерге қону) кезiнде.
      982. Кез келген штаттан тыс ұшулар олардың себептерiн анықтау мақсатында барлық ықтимал құралдардың көмегiмен тексерiледi.

156 параграф. Пайдаланушы үшiн әуе кемелерiнiң жаңа үлгiлерiн пайдалануды бағалау.

      983. Пайдаланушы әуе кемелерiнiң жаңа түрлерiн пайдалануға енгiзу кезiнде осы тармақта қамтылған талаптардың орындалуын қамтамасыз етедi.


      1) Автоматты қону жүйесi пайдалануға жағдайларында мәлiмделген сипаттамаларға және жұмыстың сенiмдiлiгiне сәйкес келедi.
      2) Ұшақтың әрбiр үлгiсiнде азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның талаптарын сәйкес пайдалануға берудiң қарапайым жағдайларында және/немесе қонудың және жүрiстiң автоматты жүйесiн пайдалана отырып, дайындық кезiнде сәттi қонудың белгiленген саны орындалады.
      984. II және III бойынша ILS пайдалана отырып, ұшулар өткiзiледi.
      Алайда, Пайдаланушының шешiмi бойынша автоматты қону жүйесiнiң (АҚЖ) қанағаттанарлықсыз жұмысының себебiн айынқтау үшiн деректердiң жеткiлiктi санын жинау талаптары кезiнде қонудың басқа жүйесiн пайдалана отырып, ұшулар өткiзiлуi мүмкiн.
      985. Егер пайдаланушы әуе кемесiнiң бiрдей үлгiсiнде бiркелкi АҚЖ (АСУП) немесе әртүрлi АҚЖ (АСУП) бiр үлгiсiндегi әуе кемесiнiң әртүрлi түрленулерi бар, ол барлығының борттық жүйе сипаттамасыныңнегiзгi өлшемдерiне сәйкес келетiнiн көрсетедi, бұл ретте әуе кемесiнiң түрлендiруге толық көрсетiлiм өткiзуiнiң қажеттiлiгi жоқ.
      986. II және/немесе III санаттары бойынша ұшуға рұқсат етiлген әуе кемелерiнiң жаңа үлгiлерiн пайдаланушы сатып алған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган көрсетiлген әуе кемелерiн пайдалануды бағалау бағдарламасын қысқартуға рұқсат етiледi.

157 параграф. Үздiксiз бақылау.

      987. Төменгi көрiну кезiнде ұшуды бастауға рұқсат алғаннан кейiн бұл ұшуларды пайдаланушы олар қауiптi болмастан бұрын қандайда бiр ұнамсыз үрдiстердi айқындау мақсатында үнемi бақылап отырады. Бұл үшiн ұшу экипажы мүшелерiнiң баяндамалары пайдаланылады.


      988. 12 ай iшiнде мынадай ақпараттар жиналады және өңделедi:
      1) рейстiк жағдайындағы және дайындық кезiндегi сияқты II және III санаттары бойынша қонуға бет алу кезiнде пайдаланылатын борттық жабдықтарды қоса отырып, қонуға бет алулар мен қонулардың (әуе кемелерiнiң үлгiлерi бойынша, метеожағдайға байланысты) жалпы саны.
      2) мынадай себептер бойынша сәтсiз қонуға бет алулар және/немесе автоматты қонулар туралы ұшу экипажы мүшелерiнiң баяндамалары:
      борттық жүйенiң iстен шығуы;
      жердегi құралдардың тұрақсыз жұмысы;
      диспетчердi көрсету бойынша екiншi айналымға кету;
      басқа да себептер.
      989. Пайдаланушы әрбiр әуе кемесiнде автоматты қону жүйесiнiң жұмыс өлшемдерiн бақылау тәртiбiн белгiлейдi.

158 параграф. II немесе III санаттары бойынша пайдаланушыдан рұқсат алу шарты

      990. Пайдаланушы II немесе III санаттары бойынша ұшу тәжiрибесiз егер осы әуе кемесiнде I санат бойынша кем дегенде, алты ай тәжiрибесi бар болса, II немесе IIIА санаттары бойынша ұшуға рұқсат алады.


      Осы әуе кемесiнiң үлiгiсiнде II немесе IIIА санаттары бойынша алты ай кезеңiндегi ұшулардың аяқталуы бойынша пайдаланушы IIIВ санаты бойынша ұшуға рұқсат алады. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органнан рұқсат алу кезiнде ауыспалы кезеңде қандай да бiр уақыт кезеңiнде жоғары минимумды белгiлейдi.
      991. Жоғары минимум, әдетте, ҰҚЖ көрiнуiн арттыру және/немесе  «ҰҚЖ-сыз» минимумды қолдану бойынша шектеулердi бiлдiредi және кейiннен ұшу рәсiмдерiне қандайда болмасын өзгерiстердi енгiзуды талап етпейтiн сияқты таңдалады.
      992. II немесе III санаттары бойынша ұшу тәжiрибесi бар пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның өтiнiмi бойынша ауысу кезеңiн қысқартуге рұқсат алады.
      993. Төмен көрiну кезiнде ұшуларды қамтамасыз ететiн жабдықтарға техникалық қызмет көрсету. Пайдаланушы дайындаушы зауытпен келiсiм бойынша ұшларды автоматты басқарудың борттық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету бойынша нұсқаулық әзiрлейдi және оларды азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органнан бұған алдын ала рұқсат алып, әуе кемесiнiң техникалық қызмет көрсету бағдарламасына қосады.

159 параграф. Шектеулi көрiну жағдайында ұшып көтерiлу мен қонуға бет алу және оларды орындау бойынша рәсiмдер

      994. Пайдаланушы ұшып көтерiлу, қонуға бет алу, теңесу, жүрiс алу және ҰЖН екiншi айналымға кетуiн орындау кезiнде ұшу экипажы мүшелерiнiң мiндетiн айқындайды. Көрiнудiң нашарлауы немесе әуе кемесi жабдығының iстен шығуы жағдайында аспаптан көзбен көру жағдайына ауысу кезiнде ұшу экипажы мүшелерiнiң мiндеттерiн айқындауға айрықша назар аударылады. Сондай-ақ қонуды орындау немесе екiншi айналымға кету туралы шешiм қабылдайтын ұшқышқа жүктеме оңтайлы болу үшiн экипажда мiндеттемелердi бөлуге назар аударылады.


      995. Пайдаланушы ҰПН сәйкес шектеулерге және мiндеттi iс-қимылдарға қайшы келмейтiн рәсiмдердi орындау бойынша егжей-тегжейлi нұсқаулықтарды ҰЖН-да қамтиды және мынадай тармақтары бар:
      1) ұшып шығу алдында және ұшуда борттық жабдықтардың жарамдылығын тексеру;
      2) ұшып шығу және қону үшiн жердегi жабдықтардың және әуе кемесiнде белгiленген жабдықтардың мәртебесiн өзгерту минимумына ықпал ету;
      3) ұшып көтерiлу, қонуға бет алу, теңесу, қону, жүрiс алу және екiншi айналымға кету кезiндегi iс-қимыл;
      4) ескерту белгi беру және басқа да штаттан тыс жағдайлардан бас тарту, iстен шығуы кезiндегi iс-қимыл;
      5) көзбен көру байланысы бойынша ең аз талаптар;
      6) жұмыс орындарында және көру бұрышында ұшу экипажы мүшелерiнiң дұрыс қону мәнi;
      7) белгiлеген көзбен көру байланысын жоғалтқан жағдайдағы iс-қимыл;
      8) командирдiң назарын қонуға бет алуға және шешiм қабылдауға аудару мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында қиын жағдайларда ұшу экипажы мүшелерiнiң мiндеттемелерiн бөлу;
      9) 60м (200 фут) биiктiгiнен төмен радио биiктiк өлшеуiш бойынша биiктiк есебi бойынша және қонуды аяқтаған сәтке дейiн ұшқыштардың бiреуi аспаптар бойынша ұшудың бақылануын қамтамасыз ету бойынша талаптар;
      10) жел жылдамдығы, желдiң ығысуы, турбуленттiлiгi, ҰҚЖ жай-күйi және ҰҚЖ (RVR) көрiнудiң бiрнеше өлшенген нүктесi туралы ақпаратты пайдалану;
      11) II және III санаттары бойынша қонуға бет алулар толықтай қамтамасыз етiлмейтiн ҰҚЖ қонуға бет алу және қону жаттығулары кезiндегi рәсiмдерi;
      12) ӘК ұшу-техникалық сипаттамаларының шарттасылған ұшу шектеулерi.
      13) ILS курс желiлерi мен глиссадан шектi-мүмкiн болатын ауытқулар туралы ақпарат.

13. Радионавигациялық жабдықтарды пайдалана отырып, әуе кемесi әуеайлағының ауданынан қонуға бет алу және ұшып шығу кезiнде қолданылатын әуеайлақ схемасы құрылымының қағидасы.

160 параграф. Әуеайлақ схемасының құрылымы

      996. Бекiтiлген әуеайлақ схемалары «Әуе кемелерiн пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №1441 қаулысының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпарат жинағында (AIP) жариялануға тиiс.


      997. Әуеайлақ схемасы құрылымының үрдiсi деректердi, құрылымды және олардың жариялымдарын алумен жасалады.
      998. Әуеайлақ схемасы құрылымының үрдiсi шығыс деректерiн енгiзу және тексеруден басталып, бекiту және жариялану үшiн құжаттамаларды құрастыра отырып, жерде және(немесе) ұшуда апробация аяқталады.
      999. уәкiлеттi орган «Әуе кемелерiн пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №1441  «Әуе кемелерiн пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасын бекiту туралы» қаулының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымының және өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi арасында шығыс деректердi дайындау бойынша функцияларды белгiлейдi.
      1000. Әуе қозғалысына диспетчерлiк қызмет көрсетiлетiн және қажеттi аэронавигациялық картаны дайындалатын әуеайлақ схемасын әзiрлеудi уәкiлеттi органға ведомстволық бағынысты аэронавигациялық ұйымдарының аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметi (бұдан әрi –  ААБ қызметi) жүзеге асырады. Бақыланбайтын, сыныпталмаған әуеайлақтар, тiкұшақ айлақтары және теңiз тiкұшақ алаңдары үшiн әуеайлақ схемаларын әзiрлеудi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган рұқсат еткен мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады. Мамандандырылған ұйымдардың аэронавигациялық рәсiмдерiнiң дизайнерлерi осы Қағиданың 1016-1018-тармақтарының талаптарын сәйкес болуы тиiс.
      1001. Әуеайлақ схемасының құрылымы үшiн шығыс деректердi «Әуе кемелерiн пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №1441 қаулысының талаптарына және әуеайлақ ауданында және қону алаңдарында (әуеайлақтың аэронавигациялық төлқұжаты) ұшуларды орындау бойынша нұсқаулықтарға сәйкес ААБ қызметiнiң жеке және заңды тұлғалары ұсынады.
      1002. Әуеайлақ ауданында және қону алаңдарында (әуеайлақтыңаэронавигациялық төлқұжаты) ұшуларды орындау бойынша нұсқаулықтар жасау тәртiбi және оның мазмұнына қойылатын талаптар осы Қағиданың 12-қосымшасында белгiленген.
      1003. Жеке және заңды тұлғалар Осы Қағиданың 1004-тармағының талаптарын есепке ала отырып, әуеайлақ схемасын әзiрлеуге арналған ААБ қызметiне өтiнiм ұсынады.
      1004. Әуеайлақ схемасының құрылымы үрдiсiнде тексерiлген геодезиялық түсiрiлiмдердiң нәтижелерiне негiзделген және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №1441 қаулысымен бекiтiлген әуе кемелерiн пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасының талаптарына жауап беретiн мынадай аспектiлер бағаланады:
      1) шығыс дерек көздерiнiң дұрыстығы, олардың рұқсат етiлетiн қабiлетiн, тұтастығын, геодезиялық координаттың тiрек жүйесiн және олардың қолданыс мерзiмiн тексеру;
      2) жергiлiктi жер туралы деректер: электрондық растровты, векторлық немесе басылымдық карталар;
      3) кедергiлер туралы деректер: жасанды, табиғи және олардың абсолюттi/қатысты биiктiгi;
      4) әуеайлақ/тiкұшақ айлағы бойынша деректер: әуеайлақ/тiкұшақ бақылау нүктесi (бұдан әрi - ӘБН/ТБН), ұшып көтерiлу-қону жолағы (бұдан әрi – ҰҚЖ) сыныптауышы, жолмен жүру жолдары (бұдан әрi - ЖЖ), перронда және әуе кемесiнiң тұрақ орындары, магниттiк төмен түсу, жарық техникалық құралдары, байланыс және навигация құралдары;
      5) аэронавигациялық деректер: әуе кеңiстiгiнiң құрылымы мен сыныптауышы, әуе трассалары/ұшу бағыттары, өтудiң абсолюттiк биiктiгi/ұшу эшелоны, аспаптар бойынша ұшулар үшiн бағаланатын өзге де әуе кеңiстiгi;
      6) радионавигациялық құралдар туралы деректер: координаттары, асып кетуi,
      7) кеңiстiктiң қызмет көрсетiлетiн ауданы, радиожиiлiк, танымдық деректер, магниттiк төмен түсу;
      8) жоспарланатын навигацияларға арналған айтарлықтай мәнi бар бағыттардағы бар нүктелер;
      9) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Заңнамасына және авиация қызметiне сәйкес белгiленген әуе кеңiстiгiн пайдалануға қойылатын талаптар;
      10) Әуеайлақ схемаларына қолданылатын әуе кеңiстiгiн пайдаланушылардың (әуе кемелерiн пайдаланушы) және аэронавигациялық ұйымдардың талаптары;
      11) қоршаған ортамен байланысты аспектiлер (авиациялық шудың және авиациялық қозғалтқыш эмиссиясының әсерi);
      12) әзiрленетiн әуеайлақ схемалары бойынша ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен байланыс кез келген басқа да әлеуеттi аспектiлер.
      1005. Көзбен көрiп ұшулар мен аспаптар бойынша ұшулардың, ұшып шығуы (SID-ағылшын тiлiндегi аббревиатуралар), баруы (STAR- ағылшын тiлiндегi аббревиатуралар) және қонуға арналған аспаптық бет алулардың (IAC- ағылшын тiлiндегi аббревиатуралар) әуеайлақ схемалары әзiрлеу, «Әуе кемелерiнiң ұшуын орындау» (Doc 8168 OPS/611 (PANS-OPS) II том «Көзбен көру ұшулар және аспаптар бойынша ұшулар схемасының құрылымы») ИКАО құжатына сәйкес жүзеге асырылады.
      1006. Әзiрленген әуеайлақ схемаларын тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия қарастырылады, оның құрамын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi. Қарастыру мерзiмi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға түскен сәттен бастап кемiнде отыз күнтiзбелiк күндi құрайды.
      1007. Комиссия қарастыратын әуеайлақ схемаларына ескерту болмаған жағдайда отыз күнтiзбелiк күнi iшiнде азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның бұйрықтарымен бекiтiледi.
      1008. Әзiрленген әуеайлақ схемалары осы Қағиданың 1064 -1072-тармақтарына сәйкес жерде және ұшу тексерулерiне жатады.
      1009. Аэронавигациялық карталар «Аэронавигациялық карта» халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 4-қосымшасына сәйкес әзiрленедi.
      1010. Әрбiр үлгiдегi аэронавигациялық карта әуе кемесiнiң ұшудықауiпсiз орындауын қамтамасыз ету мақсатында ұшу кезеңi үшiн тиiстi ақпаратты қамтиды.
      1011. Әрбiр аэронавигациялық карта оң жағында аэронавигациялық ақпаратта енгiзiлген күнi айқын көрсетiледi.
      1012. Аэронавигациялық картаның барлық жазулары үшiн латын әлiпбиi қолданылады.
      1013. Әбiр жаңа немесе өзгертiлген әуеайлақ схемасы қолданылатын өлшемдердiң сақталуына көз жеткiзу мақсатында аталған схеманың әзiрлеушiсi болып табылмайтын, схеманың бiлiктi әзiрлеушiсi (аэронавигациялық рәсiмдердiң дизайнерi) тексередi.
      1014. Жарияланған әуеайлақ схемалары олардың құрылымына қойылатын талаптардың өзгеруi, кедергiлер, әуеайлақтар туралы деректерде, аэронавигациялық деректер мен радионавигациялық құралдар туралы деректерде барлық өзгерiстерге бағалу жүргiзу кезiнде мерзiмдi қарастыруға, бiрақ 5 жылда бiр реттен кем емес жатады.
      1015. ААБ қызметiнiң әзiрленген аэронавигациялық картасын дайындау, жобалау мен тексерудi қамтамасыз ету үшiн ұшу схемаларын әзiрлеушi мамандар (аэронавигациялық рәсiмдердiң дизайнерi) және геодезия мен картография саласындағы мамандары бар.
      1016. Аэронавигациялық рәсiмдердiң дизайнерi, аэронавигациялық рәсiмдердi әзiрлеу бойынша авиациялық оқу орталығында «Әуе кемелерiнiң ұшуын орындау» (Doc 8168 OPS/611 (PANS-OPS) II том «Көзбен көру ұшулар және аспаптар бойынша ұшулар схемасының құрылымы» құжатына сәйкес дайындықтан өткен, осындай дайындық туралы расталған сертификаты бар ұшқыш, штурман немесе әуе қозғалысына қызмет көрсететiн диспетчерi мамандығы бойынша авиациялық мамандары, аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметiнiң (бұдан әрi – ААБҚ)маманы болып табылады. Аэронавигациялық үдерiстердiң дизайнерлерiн мерзiмдiк қайта оқытуы үш жылдың iшiнде бiр реттен кем емес өткiзiледi.
      1017. Аэронавигациялық рәсiмдердiң дизайнерiн дайындау бағдарламасы «Ұшулардың схемасын әзiрлеу кезiнде сапаны қамтамасыз ету бойынша басшылық» (Doc 9906) 2-том. «Ұшу схемаларын жобалаушыларды дайындау (Ұшу схемаларын жобалаушыларды дайындау бағдарламасын әзiрлеу)» ИКАО құжатына сәйкес жүргiзiледi және мыналарды қамтиды:
      1) «Әуе кемелерiнiң ұшуын орындау» (Doc 8168 OPS/611 (PANS-OPS) II том «Көзбен көру ұшулар және аспаптар бойынша ұшулар схемасының құрылымы») ИКАО құжатының және басқа да ИКАО тиiстi қосымшалардың мазмұнын, атап айтқанда әуеайлақ схемасының құрылымын бiлуi;
      2) «Әуе кемелерiнiң ұшуын орындау» (Doc 8168 OPS/611 (PANS-OPS) II том «Көзбен көру ұшулар және аспаптар бойынша ұшулар схемасының құрылымы») ИКАО құжатына сәйкес аэронавигациялық рәсiмдердi автоматты әзiрлеу курсы бойынша арнайы теориялық дайындықтан өту, оның iшiнде «Аэорнавигациялық карталар» халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 4-қосымшасына сәйкес аэронавигациялық картаны жариялауға ресiмдеу»»;
      3) саладағы ең аз абсолюттiк биiктiк есептерiндегi iс жүзiнде дағдылардың бар болуы (MSA – ағылшын тiлiндегi аббревиатура), кедергiлерден өтудiң абсолюттiк/қатысты биiктiк (OCH/OCA– ағылшын тiлiндегi аббревиатура), ұшып шығудың (SID) стандартты бағыттары және аспаптар бойынша (STAR) ұшып келу, (NDB, VOR, VOR/DME, ILS, ILS/DME, 2NDB) аспаптар бойынша қонуға бет алудың аспаптық схемасы, қонуға көзбен көрiп, бет алу аймағы (схемасы) және/немесе әуеайлақ ауданындағы (CIRCLE TO LAND) маневр жасау, RNAV (аймақтық навигацияны) пайдалана отырып, схема және спутниктiк жүйе негiзiндегi схема.
      1018. Аэронавигациялық рәсiмдердiң дизайнерiн қайта дайындау бағдарламасы мыналарды қамтиды:
      1) аспаптар бойынша көзбен көру ұшулары және ұшулардың әуеайлақсхемаларының құрылымына және ресiмдеуге қатысты соңғы айқындауларды және ИКАО құжаттарына түзетулердi бiлуi;
      2) аспаптар бойынша көзбен көру ұшулары және ұшулардың әуеайлақсхемаларын құрылымын қолдау және бiлiмiн және дағдыларын тереңдету.
      1019. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган аэронавигациялық рәсiмдердiң дизайнерлерiн дайындау (қайта дайындау) бойынша талаптарды ААБ қызметiнiң сақтауын бақылайды.

161 параграф. Ұшып шығу (SID) келу (STAR) стандартты бағыттарын және оған жататын әуеайлақ схемаларын белгiлеу

      1020. Әрбiр бағытқа жеке индекс берiледi.


      1021. ұшып шығу немесе келу (аспаптар бойынша немесе қонуға көзбен көрiп бет алу) стандартты бағытының индексi мыналардан тұрады:
      1) негiзгi көрсеткiш;
      2) мәртебе көрсеткiшi;
      3) бағыт көрсеткiшi.
      1022. Негiзгi көрсеткiш ұшып шығудың стандартты бағыты аяқталатын немесе келудiң стандартты бағыты басталатын бес әрiптен тұратын негiзгi нүктенiң (5LNC–ағылшын тiлiндегi аббревиатура) кодтықатауы болып табылады.
      1023. Мәртебенiң көрсеткiшi 1- 9 дейiнгi сан болып табылады.
      Бағыт көрсеткiшi латын әлiпбиiнiң бiр әрпi болып табылады. "I" және "О" әрiптерi пайдаланылмайды.
      1024. Егер бағыт өзгерген жағдайда, мынадай рет бойынша саннан тұратын жаңа мәртебе көрсеткiшi берiледi. "9" санынан кейiн "1" саны тұрады.
      1025. Әуежайда қолданылатын қонуға бет алулардың барлықсхемаларына барлық әрiптер пайдаланып болғанға дейiн ILS/MLS/RNAV бойынша қонуға бет алу схемалары үшiн көзделген бағыттың жеке әрiп көрсеткiштерi берiледi. Тек осыдан кейiн бағыттың әрiп көрсеткiшi қайта қолданылады. Бiр бағыт көрсеткiшiн ILS/MLS бiр жердегi құралдармен қызмет көрсетiлетiн екi бағытты көрсету үшiн пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
      1026. Бiрдей жол желiлерi бар, бiрақ ұшудың әртүрлi бейiндi схемаларға бағыттың жеке көрсеткiштерi берiледi.

162 параграф. ӘҚҰ бағыттарын белгiлеу

      1027. Келудiң және ұшып шығудың стандартты бағыттарын қоспағанда, ӘҚҰ бақыланатын, консультативтiк және бақыланбайтын бағыттары былайша белгiленедi.


      1028. ӘҚҰ бағытының индексi негiзгi индекстен және қажет болған жағдайда толықтыратын индекстен тұрады:
      1) бiр префикстен (тiреу), *Премфикс (фр. prefix лат. praefixus – «алдына бекiтiлген»);
      2) бiр қосымша әрiп.
      1029. Индекстi жасау үшiн қажет белгiлер саны алтыдан аспауы тиiс.
      1030. Негiзгi индекс әлiпбидiң бiр әрпiнен тұрады, одан кейiн 1-999 дейiнгi тұруы тиiс.
      1031. Әрiптер төменде жазылғандардың iшiнен алынады:
      1) А, В, G, R – ӘҚҰ бағыттарының өңiрлiк желiлерiнiң бөлiгi болып табылатын және аймақтық навигация бағыттары болып табылмайтын бағыттар үшiн;
      2) L, М, N, Р – ӘҚҰ бағыттарының өңiрлiк желiлерiнiң бөлiгi болып табылатын және аймақтық навигация бағыттары үшiн;
      3) Н, J, V, W – ӘҚҰ бағыттарының өңiрлiк желiлерiнiң бөлiгi болып табылмайтын және аймақтық навигация бағыттары болып табылмайтын бағыттар үшiн;
      4) Q, Т, Y, Z – ӘҚҰ бағыттарының өңiрлiк желiлерiнiң бөлiгi болып табылмайтын аймақтық навигация бағыттары үшiн.
      1032. Негiзгi индекске префикс ретiнде мынадай жағдайларда тағы бiр әрiп қосылады:
      1) К –шағын биiктiктен өтетiн және тiкұшақта пайдалану үшiнбелгiленетiн бағытты орналастыру үшiн
      2) U – бағытты және оның бөлiктерiн жоғарғы әуе кеңiстiгiнде орнатылатын белгiлеу үшiн;
      3) S – екпiн алу уақытында тежеу және тез жылдамдықпен ұшу кезiнде дыбыстан тез әуе кемелерiн пайдалану үшiн ғана орнатылған бағытты белгiлеу үшiн.
      1033. Егер бұл ӘҚҰ-ның тиiстi бағытының негiзгi индексiне ӘҚҰ тиiстi өкiлеттi органы немесе өңiрлiк аэронавигациялық келiсiмдер негiзiнде жазылмаған жағдайда, мына төмендегiлерге сәйкес аталған бағытта қамтамасыз етiлетiн қызмет көрсету түрiн белгiлеу үшiн қосымша әрiп қосылады:
      1) F әрпi – бағытта және оның бөлiктерiнде тек консультативтiк қызмет көрсетудiң қамтамасыз етiлетiнiн белгiлеу үшiн;
      2) G әрпi – бағытта және оның бөлiктерiнде тек ұшу-ақпараттық қызмет көрсетудiң қамтамасыз етiлетiнiн белгiлеу үшiн.
      1034. бақыланатын бағыт ретiнде енгiзiлетiн бағыт немесе бағыт бөлiгi, ұшу ақпаратын қамтамасыз ететiн консультативтi бағыт немесе бағыт Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға «Аэронавигациялық карталар» 4-қосымшасына және «Аэронавигациялық ақпараттар қызметi» 15-қосымшасына сәйкес аэронавигациялық карталарда және аэронавигациялық ақпараттық жинақтарда белгiленедi.
      1035. Негiзгi магистралдық бағытқа оның барлық аралығында торапты диспетчерлiк аудандарды, мемлекеттердi немесе өңiрлердi қиып өтуге қарамастан белгiлi бiр индекс берiледi.
      1036. Егер екi немесе бiрнеше магистралдық бағыттардың жалпы учаскесi бар болған жағдайда, бұл әуе қозғалысына қызмет көрсетудi қамтамасыз ету кезiнде қиындық туғызатын жағдайларды қоспағанда, бұл учаске тиiстi бағыттардың әрбiр индекстерде белгiленедi; соңғы жағдайда барлық мүдделi мемлекеттiк органдар келiскен жағдайда тек бiр индекс берiледi.
      1037. Бiр бағытқа берiлетiн негiзгi индекс қандайда бiр басқа бағытқа берiледi.

163 параграф. Әуе кемесiн пайдалану кезiнде негiзгi нүктелердi белгiлеу

      1038. Негiзгi нүктелер бағытты және (немесе) әуе кемелерiнiң ұшуын орындауға қатысты ақпаратта әуе қозғалысына қызмет көрсету  органдарының қажеттiлiгiне байланысты айқындау үшiн белгiленедi.


      1039. Неiгзi нүктелер индекстермен белгiленедi.
      1040. Негiзгi нүктелер үшiн атауды таңдау кезiнде мынадай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету қажет:
      Ұшқыштарға немесе ӘҚҰ персоналына арналған ӘҚҰ байланыстыпайдаланылатын тiлде олардың айтылуы кезiнде атаулар қиындық туғызбайды.
      Егер негiзгi нүктенi белгiлеу үшiн алынған ұлттық тiлдегi географияық орынның атауы айтылуы кезiнде қиындық туғызған жағдайда, өзiнiң географиялық мәнiн мүмкiндiгiнше сақтайтын бұл атаудың қысқартылған немесе кесiлген нұсқасы таңдалады;
      2) атау дыбыстық байланыста оңай танылады және жалпы сол ауданда басқа да негiзгi нүктелердiң атаулары бөлiгiнде мәндес болып табылады; атау әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары мен ұшқыштар арасында басқа хабарламаларды алмасу кезiнде жаңылыс туғызбайды;
      3) атау, алты әрiптен тұруы тиiс және екi буынды құрайды және үш буыннан аспауы қажет;
      4) таңдап алынған атау негiзгi нүкте және оның радионавигациялық құралдарын көрсетушiлер үшiн бiрдей болып табылады.
      1041. Пайдаланылатын кодталған индекстер тиiстi радионавигациялық құралдардың орналасқан жерiнен 1100 км (600 теңiз милi) шегiнде қайталанбауы тиiс.
      1042. Егер негiзгi нүктенi радионавигациялық құралдарының орналасқан жерi бойынша көрсетiлген орында орналастыру талап еткен жағдайда, бұл негiзгi нүкте жекелеген бес әрiптi (5LNC – ағылшын тiлiндегi аббревиатура) айтуға ыңғайлы кодтық атауымен, бұл жағдайда негiзгi нүктенiң қызметiн атқаратын атау мен кодталған индекс белгiленедi, олар мыналарды бiруақытта қамтиды:
      1) қонуға бет аудың бастапқы кезеңiнiң бақылау нүктесi (IAF – ағылшын тiлiндегi аббревиатура);
      2) қонуға бет аудың аралық кезеңiнiң бақылау нүктесi (IF– ағылшын тiлiндегi аббревиатура);
      3) күту схемасының бақылау нүктесi;
      4) бағыттағы (жолдағы) бақылау нүктесi (WPT– ағылшын тiлiндегi аббревиатура).
      1043. Бiр бағытқа берiлген негiзгi нүкте қандайда бiр басқа бағытқа берiлмейдi.
      1044. Тұрақты бағыттар жүйесi орнатылмаған немесе олар бойынша әуе кемелерi жүретiн бағыттар ауданында пайдалануға беру тұрғысы бойынша өзгередi, әуеайлақ аудандарында, қонуға бет алу аймақтарында немесе ӘҚҰ бағыттарында шығу және/кiру нүктелерi ретiнде негiзгi нүктелер егер тұрақты белгiленген негiзгi нүктелер осы Қағиданың қолданылатын 1001-1003-тармақтарына сәйкес белгiленген жағдайларды қоспағанда, Дүниежүзiлiк геодезикалық жүйенiң географиялық координаттарында – 1984 (WGS-84) айқындалады және хабарланады.
      1045. Әуе кемелерiне диспетчерлiк рұқсат беру кезiнде бағыттар және (немесе) әуеайлақ схемалары белгiленетiн жұмыс орындарында немесе тиiстi персонал басқаша әуе қозғалысына диспетчерлiк қызмет көрсетудi қамтамасыз етумен байланысты әрбiр қолданыстағы әуе трассасы, ұшып шығудың және (немесе) келудiң стандартты бағыты, сондай-ақ әрбiр қонуға бет алу туралы егжей-тегжейлi ақпараттың индикациясы қамтамасыз етiледi. Бұл мүмкiн болатын кез келген жағдайда, бағыттардың және әуеайлақ схемаларының графикалық бейнесiнiң индикациясы қамтамасыз етiледi.
      1046. Бес әрiптi код атауын беруге есеп жүргiзу мақсатында (5LNC–ағылшын тiлiндегi аббревиатура) сайтты, берiлген логиндi және паролдi пайдаланып, ИКАО өңiрлiк бюросы хабардар етiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет