Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы


параграф. Әуеайлақ схемаларының құрылымына қатысты құжаттамалар



бет17/25
Дата08.07.2016
өлшемі1.6 Mb.
#185573
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25

164 параграф. Әуеайлақ схемаларының құрылымына қатысты құжаттамалар

      1047. Аэронавигациялық рәсiмдер дизайнерлерi жасайтын құжаттамалар мыналарды қамтиды:


      1) «Әуе кемелерiн пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №1441 қаулысымен бекiтiлген әуе кемелерiн пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасына сәйкес Қазақстан Республикасының AIP-дағы жариялау үшiн қажеттi құжаттаманы;
      2) әрбiр схеманың учаскесi үшiн айтарлықтай кедергiлер;
      3) әуеайлақ схемаларының инфрақұрылымын бағалау;
      4) әуе кеңiстiгiн шектеу (тыйым салынған аймақтар, қауiптi аймақтар, ұшуға шектеу қойылған аймақтар);
      5) бар әуеайлақ схемаларына өзгерiстер не түзетулер, осындай өзгерiстердi не түзетулердi енгiзу үшiн негiздеме;
      6) әуеайлақ схемалары құрылымының стандарттарынан кез келген ауытқулар, осындай ауытқулар үшiн негiздемелер және ұшулардың одан әрi қауiпсiз орындалуына кепiлдеме беретiн шаралар туралы егжей-тегжейлi ақпарат;
      7) жерде және ұшуда әуеайлақ схемасын апробациялау үшiн аталғанәуеайлақ схемасы бойынша ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен
      8) байланысты кез келген басқа да әлеуеттi аспектiлерi;
      9) әуеайлақ схемаларын автоматтандырылған жобалау нәтижелерi бойынша қалыптасатын әуеайлақ схемасын әзiрлеудiң қорытынды хаттамасы және аэронавигациялық рәсiмдердiң дизайнерi мен тексерушi қол қояды.
      1048. Барлық құжаттама ол бекiтiлгенге және жарияланғанға дейiн дәлдiгi мен толықтығына түпкiлiктi тексеруден өтуi тиiс.
      1049. Әуеайлақ схемасының құрылымына қатысты құжаттама авиациялық соқтығыстар мен оқиғалар жағдайында болашақта әуеайлақ схемасын ықтимал қайта жаңғырту үшiн, сондай-ақ мерзiмдiк қайта қарау және жаңарту үшiн сақталады.
      1050. Құжаттама әуеайлақ схемасын пайдалану мерзiмi iшiнде қағаз және электрондық тасығышта сақталады.
      1051. Жойылған әуеайлақ схемалары туралы мәлiметтi азаматтықавиация саласындағы уәкiлеттi орган оларды аэронавигациялық ақпараттар жинағынан алып тастау үшiн және әуеайлақты пайдаланушыларға оларды әуеайлақ ауданындағы (әуеайлақтыңаэронавигациялық паспорты) ұшуларды орындау бойынша нұсқаулықтардан алып тастау үшiн ААБ қызметiне жiбередi.

165 параграф. Автоматтандырылған жобалау

      1052. Олардың бағдарламалық қамтамасыз етуi «Әуе кемелерiнiң ұшуын орындау» (Doc 8168 OPS/611 (PANS-OPS) II том «Көзбен көрiп ұшу және аспаптар бойынша ұшу схемаларының құрылымы» ИКАО құжатыныңталаптарын стандартты қолдануды қамтамасыз ететiн әуеайлақ схемалары құрылымының автоматтандырылған құралы адам факторына, пайдаланылатын деректердiң тұтастығы сақтау және әзiрленген әуеайлақ схемаларын хаттамалауға байланысты қателiктердi ықшамдау мақсатында қолданылады.


      1053. Әуеайлақ схемалары құрылымының автоматтандырылған құралынқолдануды аэронавигациялық рәсiмдердiң дизайнерi пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз ету әзiрлеушiсi болып табылатын ұйымның тек автоматтандырылған құралды бағдарламалық қамтамасыз ету жұмыстары бойынша ол оқығаннан кейiн ғана жүзеге асырылады.
      1054. Автоматтандырылған жобалау нәтижелерi жобалаудың әрбiр кезеңiнде пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысындағы туындаған ақаулардың жалған нәтижелерiн анықтау мақсатында аэронавигациялық рәсiмдердiң дизайнерлерiмен тексерiледi.

166 параграф. Әуеайлақ схемаларының сапасын қамтамасыз ету

      1055. Әуеайлақ схемаларының сапасын қамтамасыз ету шығыс деректерiн алған сәттен бастап және кейiннен жариялаумен аяқталады.


      1056. Әуеайлақ схемаларының сапасын қамтамасыз ету мыналармен қол жеткiзiледi:
      1) аэронавигациялық рәсiмдердi әзiрлеу бойынша мамандарды дайындау;
      2) әуеайлақ схемаларын жобалаудың әрбiр кезеңiнде деректердiң тұтастығын сақтауды қамтамасыз ететiн электрондық тасығышта немесе құралдарында қолдануды қоса алғанда, шығыс деректердiң дәлдiгi, рұқсат етумен және тұтастығы;
      3) әуеайлақ схемалары құрылымының автоматтандырылған құралын қолдану;
      4) ААБ қызметiне сапаны басқару жүйесiн енгiзу;
      5) әуеайлақ схемалары құрылымын оларды пайдалануға беру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәнiн жерде және (немесе) ұшуда тексеру;
      6) азаматтық авиация саласындағы қолданылатын рәсiмдердi уәкiелттi органның тексеруi.
      1057. Әуеайлақ схемасы кезеңдерге бөлiнедi, әрбiр кезең «Әуе кемелерiн пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №1441 қаулысымен бекiтiлген әуе кемелерiн пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасында көзделген дәлдiк пен тұтастықтың қажеттi деңгейiне қол жеткiзудi және қолдауды қамтамасыз ету үшiн сапаны бақылау рәсiмi қолданылады.
      1058. Сапаны бақылау рәсiмiн қоса алғанда, әуеайлақ схемаларын әзiрлеу үрдiсi геодезия және ААБ қызметi картография саласындағы (немесе мамандандырылған ұйымдардың) аэронавигациялық рәсiмдердiң дизайнерлерi мен мамандардың лауазымдық нұсқаулықтарында баяндалады.

167 параграф. Аэронавигациялық схемалар қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету

      1059. Әрбiр әзiрленетiн әуеайлақ схемалары оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн талдау жатады.


      1060. Әуеайлақ схемаларының қауiпсiздiгiн талдау мыналарды қамтиды:
      1) «Әуе кемелерiнiң ұшуын орындау» (Doc 8168 OPS/611 (PANS-OPS) II том «Көзбен көрiп ұшу және аспаптар бойынша ұшу схемаларының құрылымы) ИКАО құжатымен көзделген әуеайлақ схемаларын жобалау әдiсi ААБ қызметiнiң таңдау дұрыстығын және қолданылуын растау, бұл ретте оларды талдау әуеайлақ схемаларының құрылымы кезеңiн және оларды әзiрлеу сапасын қамтамасыз етудi қамтиды;
      2) әуеайлақ схемасы жобасын азаматтық авиацияның мүдделi ұйымдарымен келiсу.
      1061. Келiсу кезiнде мынадай мәселелер қарастырылады:
      1) әуеайлақ схемасы жобасының әуеайлақ ауданында қолданылатын басқа да әуеайлақ схемаларымен өзара iс-әрекетi;
      2) әуеайлақ схемасы жобасын әуе кемелерiнiң әртүрлi үлгiсi экипаждарының орындауын бағалау;
      3) әуе қозғалысын қамтамасыз ету қызметiнiң қосымша жүктемесiн бағалау.
      1062. Әуеайлақ схемасы жобасын азаматтық авиацияның мүдделi ұйымдарымен келiсудi ААБ қызметi жүзеге асырады.
      1063. Әуеайлақ схемаларының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша жүргiзiлген талдау нәтижелерiнде мынадай қорытынды шығарылады:
      1) барлық әуеайлақ схемалары негiзiне жататын тұжырымдама ұшу қауiпсiздiгi рәсiмдерiн қамтамасыз етуге ықпал етедi және негiзгi өлшемдердi қамтамасыз етедi;
      2) ұшулардың осы әуеайлақ схемасын қауiпсiз енгiзудi қаматамыз ету үшiн барлық қажеттiлер (жабдықтармен, персоналмен және әуе кеңiстiгi құрылымы мәселелерiне байланысты) ескерiлдi,
      3) әуеайлақ схемасын дәйектi түрде функционалдық мүмкiндiктерде (персналдың жабдықтарында, рәсiмдерi мен мiндеттерiнде), сондай-ақ деректердi барлық жүйеде пайдалану;
      4) барлық логикалық болжамды қалыпты пайдаланылатын талаптар аралас әуеайлақ схемалары және әуе кеңiстiгi сияқты элементтердi қоса алғанда айқындалады;
      5) әуе айлақ схемалары барлық логикалық болжамды қалыпты пайдаланылатын талаптары/шығыс деректер диапазондары кезiнде ұшу қауiпсiздiгi рәсiмдерiн орындауды қамтамасыз етуге ықпал етедi.

168 параграф. Жерде және ұшуда әуеайлақ схемаларын апробациялау

      1064. Жерде және ұшуда әуеайлақ схемаларын апробациялау азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган оны тексергенге және бекiткенге және жариялағанға дейiн әуеайлақ схемасы құрылымы үрдiсiнде сапаны қамтамасыз етуде қажеттi кезең болып табылады.


      1065. Апробациялаудың мақсаты кедергiлер мен навигациялық ақпарттар, әуеайлақ схемасын орындау мүмкiндiгiн бағалау туралы барлық деректердi тексеру болып табылады.
      1066. Апробациялау осы Қағиданың 1054-тармағының ережелерiн есепке ала отырып, жердегi және ұшудағы апробациялауды қамтиды.
      1067. Апробациялау ұшуда бұрын бекiтiлген әуеайлақ схемасы айтарлықтай емес өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде жүргiзiлмейдi.
      1068. Апробациялау жерде әуеайлақ схемалары құрылымында тәжiрибесi және ұшудағы апробациялау мәселелерiнiң тиiстi бiлiмi бар әуеайлақ схемасының құрылымы бойынша ұшу аспаптары бойынша құжаттамалардың барлық пакетiн талдау жасалады.
      1069. Жердегi апробациялаудың мақсаты әзiрленген әуеайлақсхемасының рәсiмдерiндегi, оның құжаттамасында және жердегi элементтердi бағалаудағы қателiктердi анықтауда жасалады, олар ұшудағы апробациялау үрдiсiнде бағаланады. Жердегi апробациялау барысында бұрын жарияланған әуеайлақ схемаларындағы өзгерiстер мен түзетулерге қатысты ұшудағы апробациялау қажеттiлiгi айқындалады.
      1070. Әуеайлақ схемаларының ұшудағы апробациялау мақсаттары мыналар болып табылады:
      1) кедергiлерден ұшып өту биiктiгi қорының кепiлдiктерiн қамтамасыз ету;
      2) навигациялық деректердi жариялауға жататындардың дұрыстығын, сондай-ақ әуеайлақ схемалары құрылымы кезiнде пайдаланылатын деректердi тексеру;
      3) барлық қажеттi инфрақұрылымның, жарық белгiлерiнiң құралдары, сондай-ақ байланыс және навигациялық құралдардың бар болуы және тиiстi жұмыс iстеуiн тексеру;
      4) қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәнiне әуеайлақ схемасын орындау мүмкiндiгiне бағалау жүргiзу;
      5) ұшулардың қауiпсiз орындауға ықпал ететiн картографиялықдеректердi, көрiнуiн және басқа да пайдалану факторларын бағалау.
      1071. Аэронавигациялық рәсiмдердiң дизайнерi қажет болған жағдайда әуеайлақ схемасын бағалауға жәрдем көрсету үшiн бастапқы апробациялаумен байланысты ұшуға қатысады.
      1072. Әзiрленген әуеайлақ схемаларының үстiнен ұшулар азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады.

169 параграф. Әуеайлақ схемаларын тексеру және бекiту тәртiбi

      1073. Әзiрленген әуеайлақ схемалары азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның тексеруiне жатады.


      1074. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган тексеру жүргiзу үшiн тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия қалыптасады, оның құрамына азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның, аэронавигациялық ұйымдардың өкiлдерi, әуе кемелерiнiң, әуежайлардың, әуеайлақтардың (тiкұшақтардың) пайдаланушылары кiредi.
      1075. Комиссия әзiрленген әуеайлақ схемаларына тексеру жүргiзедi және түскен сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қону үшiн әзiрленген әуеайлақ рәсiмдерiн және пайдалану минимумдарын қарастыру туралы актке (бұдан әрi - Акт) қол қойылады.
      1076. Комиссия қарастыратын әуеайлақ схемалары, ескертулер болмаған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның бұйрықтарымен бекiтiледi.
      1077. ААБ қызметi (немесе мамандандырылған ұйымдар) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға iлеспе хатпен мыналарды жiбередi:
      1) әзiрленген әуеайлақ схемаларының жобалары;
      2) жасалған Актiнiң жобасы;
      3) әуеайлақ рәсiмдерi дизайнерiмен қол қойылған әуеайлақ схемаларының есебi хаттамаларының көшiрмелерi;
      4) осы Қағиданың 11-қосымшасында көзделген АҰҚ/(IAP-ағылшын  тiлiндегi аббревиатура) көзбен көру ұшақтары және аспаптары бойынша ұшақтардың схемаларын ұшу тексерулерiнiң актiсi.
      1078. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган осы Қағиданың 1047-тармағымен белгiленген ережелердi есепке ала отырып, ұсынылған құжаттамаларға тексеру жүргiзiледi.
      1079. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган тексерудiң оң нәтижелерi кезiнде ААБҚ бекiтiлген Актiнi және әуеайлақ схемаларын пайдалануға беру туралы бұйрықты жiбередi.
      1080. Ескертулер бар болған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган ААБ қызметiне бар ескертулердiң тiзбесiмен ұсынылған құжаттамаларды қайтарады.

Қазақстан Республикасы азаматтық


авиацияның ұшуларын орындау
қағидасының 1-қосымшасы

Құжаттарды сақтау мерзiмi

      Пайдаланушы төменде келтiрiлген кестеде көрсетiлген мерзiм iшiнде азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган үшiн тиiмдi нысандағы қол жетiмдi мынадай құжаттамалар мен ақпараттарды сақтауды қамтамасыз етуге мiндеттi.

      Ұшуға дайындалу және орындау кезiнде пайдаланылатын ақпарат

1-кесте


Ұшуға тапсырма

3 жыл

Ұшуды пайдалануға беру жоспары

3 ай

Борттық техникалық журнал

соңғы жазба күнiнен бастап 24 ай

NOTAM/AIS, брифингтердiң деректерi, егер олар Пайдаланушымен шығарылса

3 ай

Ұшақтың массасы және орталығы туралы деректер

3 ай

Қауiптi жүктердi қоса алғанда, арнайы жүктер туралы деректер

3 ай

қауiптi жүктердi тасылмалдау құжаттары;

3 ай

қауiптi жүктердi қабылдаудың бақылау парағы (егер ол толтыруы қажет болатын нысанды ұсынады);

3 ай

әуе кемесiнiң командирiне қауiптi жүктер туралы жазба ақпарат

3 ай

Баяндамалар (есептiлiк)

2-кесте


Ұшу үрдiсiне сәйкес немесе командирдiң пiкiрi бойынша тiркеудi талап ететiн кез келген оқиғаны бақылау

3 ай

Ұшу уақытынан асып кету туралы немесе экипаждың демалыс уақытын қысқарту туралы баяндамалар

3 ай

Ұшу экипажының деректерi

3-кесте


Ұшу экипажы мүшелерiнiң куәлiгi

осы Пайдаланушының барлық жұмыс уақыты iшiнде

Старт уақыты, ұшу уақыты, демалыс уақыты туралы мәлiмет

15 ай

Байланысты енгiзу қағидалары бойынша жаттығулар мен тексерулер туралы деректер

3 жыл

Ұшақ командирлерiн дайындау және оларды тексеру туралы деректер

3 жыл

Жаттығулар мен тексерулер туралы деректер

3 жыл

Кез келген ұшқыш креслосында ұшудағы жаттығулар мен тексерулер туралы деректер

3 жыл

Ұшуларды орындаудың алдыңғы тәжiрибесi туралы деректер

15 ай

Әуеайлақтарды және бағыттарды бiлу туралы деректер

3 жыл

II және III ИКАО санаттары бойынша бiлiктiлiк және жаттығулар туралы деректер

3 жыл

қауiптi жүктердi тасымалдауға дайындау туралы деректер

3 жыл

Экипаж кабинасының деректерi

4-кесте


Ұшу және жұмыс уақыты, кабина экипажының мүшелерiнiң демалыс уақыты туралы деректер

15 ай

Бастапқы дайындау және тексеру туралы деректер

осы Пайдаланушының барлық жұмыс уақыты iшiнде

Мерзiмдi және шақырылған (үзiлiстен кейiн қалпына келтiрiлген) ұшулар мен тексерулер туралы деректер

осы Пайдаланушының жұмыс уақытының аяқталуы бойынша 12 ай

Қауiптi жүктердi тасымалдау туралы деректер

3 жыл

Экипаж мүшесi емес, пайдаланушы персоналға арналған деректер

5-кесте


Персоналды дайындау/бiлiктiлiгi, уәкiлеттi органның талаптарымен көзделген дайындық бағарламасы туралы деректер және бiлiктiлiк тексерулерi туралы деректер

Екi соңғы тексерулердiң жазбасы

Өзге де есепке алу деректерi

6-кесте


Ғарыштық және күн радиацияларының алынған дозалары туралы мәлiмет

осы Пайдаланушының жұмыс уақытының аяқталуы бойынша 12 ай

Сапа жүйесiнiң жазбасы

5 жыл

Қазақстан Республикасы азаматтық
авиацияның ұшуларын орындау
қағидасының 2-қосымшасы

Әуе кемелерiнiң жiктеуiшi

Жiктеуiшi

Ең жоғарғы ұшып көтерiлу масса, кг

Ұшақтар

Тiкұшақтар

Ауыр

136 000 жоғары

10000 жоғары

Орташа

5700 -136 000

от 3180 – 10000

Жеңiл

от 750 -5700

от 750 – 3180

Өте жеңiл

750 кем емес

750 кем емес

Қазақстан Республикасы азаматтық
авиацияның ұшуларын орындау
қағидасының 3-қосымшасы

Қиындықтар бойынша әуеайлақтар жiктеуiшi

      1) 1. Әуеайлақтар «A», «B», «C» қиындық санаттары бойынша жiктеледi.


      2) 2. Әуеайлақтар «А» санаты мынадай талаптарға жауап бередi:
      1) аспаптар бойынша қонуға бет алудың мақұлданған (жарияланған) рәсiмдерi бар;
      2) кем дегенде бiр ҰҚЖ, ұшып көтерiлу және қону рәсiмдерi бойынша шектеулерi бар;
      3) 400 м биiк емес бұлттардың төменгi шекарасы бойынша қонуға көзбен көрiп бет алудың жарияланған минимумы;
      4) әуеайлаққа түнде ұшуларға рұқсат етiлген.
      3) 3. «В» санатты әуеайлақтар «А» санатты әуеайлақтарыныңталаптарына жауап бермейдi немесе қосымша мыналары бар:
      1) қонуға бет алу және/немесе өту аймақтарының стандартты емес құралдары;
      2) күрделi жергiлiктi ауа-райы жағдайлары және/немесе;
      3) ұшып көтерiлу-қону сипаттамаларын жүргiзу немесе шектеу үшiн күрделi жағдай және/немесе;
      4) кедергiлердi, әуеайлақтың орналасуы, жарық техникалық жабдықтар және тағы басқаларды қоса алғанда, кез келген басқа да маңызды мәлеметтер.
      4) 4. «С» санатты әуеайлақтар «В» санатты әуеайлақтарыныңталаптарына жауап бермейдi санатты әуеайлақтарының талаптарына жауап бермейдi және қосымша арнайы дайындықты талап етедi.
      5. Әуеайлақтың қиындық дәрежесiне байланысты мынадай дайындық әдiстерi қолданылады:
      «А» санатты әуеайлақтар үшiн:
      1) дайындықты бақылай отырып, алдын ала дайындалу.
      «В» санатты әуеайлақтар үшiн:
      1) дайындықты бақылай отырып, алдын ала дайындалу.
      2) осы мақсаттар үшiн сертификатталған тренажерда жаттығу немесе,
      3) шолушы ретiнде немесе нұсқаушының бақылауымен танысу ұшулары (ӘК ұшқыштар командирлер).
      6. ӘК командирiнiң бақылауымен екiншi ұшқышқа танысу ұшуларын жоспарлаған кезде ӘК командирi мен штурман аталған әуеайлақта және бағыт бойынша ұшуларға қолданыстағы рұқсаты болуы тиiс.
      7. «С» санатты әуеайлақтар үшiн «В» санатты әуеайлақтар үшiн дайындау бойынша талаптарға қосымша пайдаланушы мемлекеттiң, азаматтық авиация ұйымының ҰЖН енгiзiлетiн әуеайлақ жабдықтарының талаптарына сәйкес арнайы рәсiмдердi әзiрлейдi.
      8. Арнайы рәсiмдер, кем дегенде мыналарды қамтуы тиiс:
      1) апаттық маневр жасау схемалары және ең аз биiктiкке көтерiлу градиенттерiн есептеу және бекiту және,
      2) ұшып көтерiлу-қону сипаттамасын есептеу және ұшып көтерiлу және қону массасын шектеу және,
      3) ұшуларды орындау үшiн экипажға қажеттi кез келген басқа да ақпарат және,
      4) әуеайлақ ауданымен танысудың қосымша әдiстерi (схеманы үстiнен ұшу және осы мақсаттар үшiн сертификатталған кешендi тренажердағы әуеайлақ ауданы, шолушы ретiндегi танысу ұшу).
      9. «С» санатты әуеайлақта ұшуға рұқсат алу ұшу кiтапшасына жазба жаза отырып, нұсқаушының бақылауымен тексеру ұшуларын орындағаннан кейiн ресiмделедi.
      10. Бағыттың немесе әуеайлақ бiлiктiлiгiнiң қолданыс мерзiмi бағыт немесе әуеайлақ бойынша бiлiктiлiктi алған күннен немесе ұшуды орындау күнiнен «А» санатты әуеайлақтар үшiн – 12 күнтiзбелiк ай, «В» және «С» санатты әуеайлақтар үшiн – 6 күнтiзбелiк ай.
      11. Экипаж мүшелерiнiң бағыт және әуеайлақ дайындығы ұшу бөлiмшелерiнiң құрамына енгiзу бағдарламалары бойынша рейстiк жағдайларда дайындық үрдiсiнде орындалуы мүмкiн.

Қазақстан Республикасы азаматтық


авиацияның ұшуларын орындау
қағидасының 4-қосымшасы

Әуе кемелерiнiң ұшып көтерiлу және қонуы үшiн әуеайлақтардың пайдалану минимумдарын айқындау әдiстемесi

1. Ұшақтар үшiн әуеайлақтарды пайдалану минимумын анықтау.

      1. Осы әуеайлақты пайдаланудың метеорологиялық минимумын айқындау әдiстемесi (бұдан әрi – Әдiстеме) ұшулар орындалатын Қазақстан Республикасының азаматтық әуеайлақтарында (тiкұшақ айлақтарында) пайдаланушыларға ұшып көтерiлу және қону минимумдарын анықтауға арналған.


      2. осы әдiстемеде қолданылатын қысқартулар:
      1) APV (Approach vertical) – тiгiнен дәлдеу үшiн қонуға бет алу схемасы;
      2) CDFA (continuous descent final approach) – қонуға бет алудың соңғы кезеңiнде үздiксiз төмендей отырып, қонуға бет алу;
      3) CMV (Converted meteorological visibility) – есептелген метеорологиялық көрiнуi;
      4) DA (Decision altitude) – шешiм қабылдаудың абсолюттiк биiктiгi;
      5) DH (Decision height) – шешiм қабылдаудың салыстырмалы биiктiгi;
      6) DME (Distance measuring equipment) –алысты өлшеу жабдығы;
      7) EVS (Enhanced vision system) –көрудiң жетiлдендiрiлген жүйесi;
      8) FATO (Final approach and take-off area) – қонуға бет алу-ұшып көтерiлудiң соңғы кезеңiнiң аймағы;
      9) FGS (Flight guidance system) – автоматты басқару жүйесi;
      10) FMS (Flight management system) – ұшуды басқару жүйесi;
      11) GBAS (Ground-based augmentation system) – функционалдық толықтырудың жердегi жүйесi
      12) GNSS (Global navigation satellite system) – жаһандық навигациялық спутниктiк жүйесi;
      13) HUD (Head-up display) – ӘК алдыңғы шынысындағы аспаптардың көрсеткiштерiнiң индикациясы;
      14) IAS (Indicated airspeed) – аспаптық жылдамдығы;
      15) IFR (Instrument Flight Rules) – аспаптар бойынша ұшу қағидасы;
      16) ILS (Instrument landing system) – аспаптар бойынша қону жүйесi;
      17) LLZ (Localizer) - бағыттық манар;
      18) LNAV (Lateral navigation) - жанама навигация;
      19) LVP (Low visibility procedures) – шектеулi көру жағдайындағы рәсiмдер;
      20) LVTO (Low visibility take-off) - шектеулi көру жағдайындағы ұшып көтерiлу;
      21) MDA (Minimum descent altitude) – төмендеудiң ең аз абсолюттiк биiктiгi;
      22) MDH Minimum descent height) – төмендеудiң ең аз салыстырмалы биiктiгi;
      23) MLS (Microwave landing system) – қонудың микротолқынды жүйесi;
      24) NDB (ПРС) (Non-directional radio beacon) - бағытталмаған радиомаяк;
      25) NPA (Non-precision approach) – дәл емес жүйелер бойынша қонуға бет алу;
      26) OCA (Obstacle clearance altitude) – кедергiлерден ұшып өтудiң абсолюттiк биiктiгi;
      27) OCH (Obstacle clearance height) – кедергiлерден ұшып өтудiңсалыстырмалы биiктiгi;
      28) OCL (Obstacle clearance limit) – кедергiлерден ұшып өтудiң ең аз биiктiгi;
      29) PAPI (Precision approach path indicator) – қонуға дәл бет алу траекториясының көрсеткiшi;
      30) PAR (Precision radar) - қону радиолокаторы;
      31) RNAV (Area navigation) - аймақтық навигация;
      32) RVR (Runway visual range) – ҰҚЖ көрiну алыстығы;
      33) SRA (Surveillance radar) – шолу локаторы;
      34) Vat (Indicated Arspeed at threshold) – ҰЖҚ шегiн қиып өтудiң аспаптық жылдамдығы;
      35) VDF (Very direction finder) - ӨЖЖ-станцияларыныңрадиопеленгаторы;
      36) VFR (Visual Flight Rules) – көзбен көрiп ұшу қағидасы;
      37) VIS (Visibility) – метеорологиялық көрiнуi;
      38) VOR (VHF omnidirectional radio range) – барлық бағытталған ӨЖЖ-радиомаягi;
      39) HF (ӨЖЖ) (Very high frequency) – өте жоғары жиiлiк;
      40) Vslg (Stall speed in the landing configuration) – қону конфигурациясындағы құлдилау жылдамдығы;
      41) Vso (Stall speed) - құлдилау жылдамдығы;
      42) БТШБ (Ceiling) - бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi;
      43) ҰҚЖ (Runway – ұшып көтерiлу – қону жолағы;
      44) ӘК (Aircraft) – әуе кемесi;
      45) БРМ (Localizer) - бағыттық радиомаяк;
      46) ЖЖРС (NDB) (Non-directional radio beacon) – жекелеген жетектi радистанция;
      47) ҰПБ (Aircraft Flight Manual) – ұшуда пайдалану жөнiндегi басшылық
      48) CWY (Clearway) – кедергiлерден босатылған жолақ
      49) ЛТХ (Performance) - ұшу-техникалық сипаттама.
      3.. Әуе кемесiнiң қонуға бет алуды және қонуды (бұдан әрi - ӘК) орындау үшiн мыналар белгiленедi:
      1) әуе кемесiнiң минимумы;
      2) әуе кемесi командирiнiң минимумы;
      3) әуеайлақты пайдалану минимумы;
      4) кедергiлерден өтудiң ең аз қауiпсiз биiктiгi.
      4. ӘК үшiн минимум ҰҚЖ (RVR) көрiнуi бойынша ӘК сипаттамаларының негiзiнде белгiленедi: экипаж кабинасын шолу, екпiн алуда дәл бағытты ұстау, оның iшiнде ең қажеттi қозғалтқыш iстен шыққан кезде, ұшып көтерiлудi орындау әдiстемесi және басқалар. Жекелеген жағдайда ұшып көтерiлуге арналған минимум бұлттардың төменгi шегiнiң биiктiгi мен көрiнуi бойынша тағайындалады.
      5. Қонуға арналған ӘК минимумы ҰҚЖ (RVR) шешiм қабылдау биiктiгi бойынша белгiленедi, және қамтамасыз ету қажеттiлiгiн айқындайды:
      1) одан әрi қауiпсiз қонуды орындауға мүмкiндiк беретiн ұшудың мәлiмделген траекториясынан бас тарта отырып, шешiм қабылдау биiктiгiне ӘК шығуының мәлiмделген мүмкiндiгi;
      2) одан әрi қауiпсiз қонуды орындауға мүмкiндiк бермейтiн немесе жердегi бағыттармен қажеттi көзбен көру байланысы болмаған кезде ұшудың мәлiмделген траекториясынан осы биiктiктен бас тарта отырып, шешiм қабылдау биiктiгiнен ӘК-нiң шығу кезiнде екiншi айналымға кету қауiпсiздiгi.
      6. Әрбiр әуе кемесiн пайдаланушы (бұдан әрi – пайдаланушы) осы Әдiстемеде көрсетiлген мәннен төмен емес әуеайлақтағы ұшулар үшiн пайдаланылатын пайдалану минимумдары белгiленедi және осындай минимумдарды айқындау әдiстемесiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
      Егер барынша төмен минимумдарды белгiлеуге осы мемлекеттен арнайы рұқсат алған жағдайларды қоспағанда, олар орналасқан мемлекеттiң әуеайлағы үшiн белгiленуi мүмкiн минимумдардан төмен осындай минимумдар белгiленедi.
      7. Әуейалақты пайдалану минимумдарын есептеу үшiн пайдаланушылар мынадай әдiстемелердiң iшiнен бiреуiн уәкiлеттi орган бекiту үшiн таңдауы тиiс (нақты пайдаланушының ерекшелiгiн, әуе кемесенiң пайдаланылатын үлiгiсiн және пайдаланушы экипаждыңбiлiктiлiгiн көрсететiн толықтырулар мен өзгерiстер):
      - EU-OPS-1;
      - JAR-OPS-3;
      - Барлық ауа-райлық ұшулар, (Doc 9365-AN/910 ИКАО).
      8. Жоспарланбаған қосымша әуеайлақ үшiн ұшуда орындалатын минимумдар есебiне егер мұндай есеп осы әдiстемеге сәйкес жүзеге асырылған жағдайда тыйым салынбайды.
      9. Кез келген ұшулар кезiнде қолданылатын әуеайлақтың пайдалану минимумын белгiлеу кезiнде пайдаланушы мыналарды назарға алады:
      1) ӘК үлгiсi, ұшу сипаттамасы;
      2) ұшу экипажының құрамы, оның дайындығы және ұшу тәжiрибесi;
      3) ҰҚЖ пайдаланылатын өлшемдер мен сипаттамалар;
      4) көзбен көру және көзбен көрiнбейтiн жердегi құралдардың сәйкестiгi және сипаттамасы;
      5) навигациялар және/немесе ұшып көтерiлу, қонуға бет алу, теңесу, қону, қонғаннан кейiн ҰҚЖ бойынша екпiн алу және екiншi айналымға кету мақсаттары үшiн пайдаланылатын борттық ұшақ жабдығы;
      6) қажеттi рұқсатты және штаттан тыс рәсiмдердi орындауды талап ететiн ұшып көтерiлу, биiктiкке көтерiлу аймағында, ұшып шығу кезiнде, қонуға бет алу және екiншi айналымға кету кедергiлерi;
      7) (OCA/H) аспаптары бойынша қонуға бет алу рәсiмдерi үшiн кедергiлерден ұшып өтудiң абсолюттi/салыстырмалы биiктiгi;
      8) айқындау құралдары және әуеайлақтағы метеожағдайлар туралы ақпарат ұсынуды айқындау.
      10. Әуе кемелерiнiң белгiленген санаты.
      Санаттар бойынша ұшақтарды жiктеу кезiнде есепке алынатын өлшемдер барынша сертификатталған қону массасы кезiнде қону конфигурациясында Vso құлдилау жылдамдығынан 1,3 есе асатын немесе Vslg құлдилау жылдамдығынан 1,23 есе асатын (Vat) шегiн қиып өтудiңаспаптық жылдамдығы болып табылады. Егер екi жылдамдық болса, онда Vso және Vslg нәтижелi Vat мәнi пайдаланылады. Vat тиiстi көрсеткiштерiнiң ӘК санаты төмендегi 1-кестеде көрсетiлген:

1-кесте


ӘК санаты, ұшақтар

Vat

Қонуға бет алудың бастапқы учаскесi

Қонуға бет алудың соңғы учаскесi

Көзбен көрiп маневр жасау

Екiншi айналымға кету учаскесi

бастапқы

соңғы

A

B


< 169

160 – 280

130 - 185

185

185

205

169-223

220 – 335

155 - 240

250

240

280

C

224-260

295 – 445

215 - 295

335

295

445

D

261-306

345 -465

240 - 345

380

345

490

Е

307-390

345 – 465

285 - 425

445

425

510

Н, тiкұшақтар

қолданылмайды

130/220**

110/165***

қолданылмайды

165

165

      Vat - барынша сертификатталған қону массасы кезiнде қону конфигурациясында құлдилау жылдамдығынан 1.3 есе асып түсетiн қону алдындағы (VАТ) ҰҚЖ шегiнен кесiп өту жылдамдығы.
      ** 1850 метрге дейiн керi схема мен «ипподром» схемалары үшiн ең жоғарғы жылдамдық сағатына 185 км, ал 1850 метрден жоғары керi схема мен «ипподром» схемалары үшiн ең жоғарғы жылдамдық сағатына 205 км құрайды.
      *** Базалық жаһандық навигациялық спутниктiк жүйеге негiзделген кеңiстiкте нүктеге дейiн қонуға бет алған тiкұшақ схемалары пайдалану қажеттiлiгiн есепке ала отырып, бастапқы және аралық учаскедегi ең жоғарғы жылдамдық сағатына 220 км және соңғы учаскеде сағатына 165 км және екiншi айналымға кету учаскесiне немесе бастапқы және аралық учаскеде сағатына 165 км және соңғы учаскеде сағатына 130 км және екiншi айналымға кету учаскесiн пайдалана отырып, құрылуы мүмкiн. Қону конфигурациясын тиiстi есепке алуды пайдаланушы немесе ӘК дайындаушысы айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет