Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы


-параграф. Пайдалану бойынша ұйымдық-нұсқама құжаттар



бет2/25
Дата08.07.2016
өлшемі1.6 Mb.
#185573
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

2-параграф. Пайдалану бойынша ұйымдық-нұсқама құжаттар

      3. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган ұйымдық-нұсқама құжаттарын (Пайдалану директивалары) басу арқылы әуе кемелерiнiң жекелеген даналарын немесе жекелеген үлгiлерiн пайдалануға тыйым салу туралы немесе ұшу қауiпсiздiгi мүддесiнде пайдалануды шектеу туралы нұсқау бередi.


      4. Пайдалану мәселелерi бойынша ұйымдық-нұсқама құжаты (пайдалану директивасы немесе нұсқау) мыналарды:
      1) оны шығару себебiн;
      2) қолданушылығы мен қолдану мерзiмiн; және
      3) азаматтық әуе кемелерiнiң пайдаланушысы қабылдауды тиiс әрекеттердi белгiлейдi.

3-параграф. Заңдарды, қағидалар мен рәсiмдердi сақтау

      5. Азаматтық ӘК пайдаланушы (бұдан әрi – пайдаланушы) экипаждың барлық мүшелерiнiң өз мiндеттерiн орындауға байланысты заңдармен, қағидалармен және тәртiптемелермен танысуын қамтамасыз етедi.


      6. Азаматтық әуе кемелерiнiң пайдаланушысы (бұдан әрi – пайдаланушы) мыналар:
      1) экипаж мүшелерiн қоса алғанда, оның барлық авиациялық персоналы, егер заңдар, қағидалар мен рәсiмдер Қазақстан Республикасындағы осыған ұқсас заңдардан, қағидалар мен рәсiмдерден гөрi қатаң болса, ұшу орындалатын мемлекеттердегi көрсетiлген заңдардың, қағидалар мен рәсiмдердiң (олардың өз мiндеттерiн орындаумен байланысты) сақталуына жауапкершiлiгi және пайдаланушының әрбiр қызметкерi шетелде болған кезде болу елiнiң Заңдарына қайшы емес Қазақстан Республикасы заңдарының, сондай-ақ болу мемлекетiнiң Заңдары мен қағидаларының сақталуына жауап беретiндiгi туралы ескертiлгенi;
      2) экипаждың барлық мүшелерi олардың өз мiндеттерiн орындаумен байланысты заңдармен, қағидалармен және рәсiмдермен таныс екендiгi үшiн жауапты болады.

4-параграф. Жалпы жұмыс тiлi

      7. Пайдаланушы экипаждың барлық мүшелерiнiң өзара бiр жалпы жұмыс тiлiнде сөйлесу мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi.


      8. Пайдаланушы авиациялық персоналдың 2010 жылғы 18 қазандағы Үкiмет қаулысымен бекiтiлген, № 1069 Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жiберу Ережесiнiң талаптарына сәйкес, ӘК әзiрлеушiсi әзiрлеген ӘК ұшу пайдалану жөнiндегi нұсқау (бұдан әрi - ҰПН), Ұшуды жүргiзу жөнiндегi нұсқау (ҰЖН), пайдаланушының техникалық қызмет көрсетудi реттеу және жөндеу жөнiндегi нұсқау (бұдан әрi – ТҚРжЖ), 2010 жылғы 18 қазандағы № 1070 Үкiмет қаулысымен бекiтiлген әуе кемелерiн пайдаланушыларды сертификаттау ережелерiн және пайдаланушыға азаматтық әуе кемелерiн пайдалану сертификатын беру Ережесiн және авиациялық персоналдың өз мiндеттерiн орындаумен және олардың өкiлеттiктерiмен байланысты басқа да құжаттар жазылған тiлдi түсiнуге қабiлеттi болуын қамтамасыз етедi.
      9. Пайдаланушы халықаралық ұшуды орындау әуе кемесi командирi мен экипаждың басқа да мүшелерiнiң кезiнде ҰПН/ҰЖН-да бар рәсiмдерге сәйкес авиация персоналымен, әуе қозғалысын ұйымдастыру (ӘҚҰ) қызметiн қоса алғанда, жер үстi қызметтерiмен және шетел мемлекеттерiнiң азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органы өкiлдерiмен халықаралық жұмыс органы – ағылшын тiлiнде радиоалмасу және сөйлесу мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi.

5-параграф. Ең аз ақаусыз жабдық тiзбесi

      10. Қандай да бiр аспаптың, жабдықтың немесе жүйенiң жұмыс iстемеуi кезiнде, олар үшiн жұмыс iстемейтiн аспаптармен жабдықпен немесе жүйемен ұшуды орындау үшiн ҰПН ережелерi негiз болатын ТМД елдерi өндiрген әуе кемелерiнде ұшуды орындау жағдайларын қоспағанда, ең аз жабдық тiзбесi (ЕЖТ - Minimum Equipment List – MEL – қысқартылған ағылшын тiлiндегi аббревиатура) негiзiнде коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат етiледi.


      11. Жөндеу жұмыстарын жүргiзудiң және жабдықты алмастырудың бақыланатын және негiзделетiн бағдарламалары шеңберiнде жұмыс iстемейтiн аспаптармен, жабдықпен немесе жүйелермен әуе кемесiн пайдалану мүмкiндiгiн айқындауға арналған MEL ең аз жабдық тiзбесiн пайдаланушы негiзгi ең аз ақаусыз жабдық (MMEL - қысқартылған ағылшын тiлiндегi аббревиатура) немесе ТМД-да өндiрiлген немесе бұрын КСРО-да пайдаланылатын әуе кемелерi үшiн ҰПН талаптары негiзiнде әрбiр әуе кемесi үшiн жасақтайды.
      12. Пайдаланушының ең аз жабдығы тiзбесi – MEL әзiрлеу үшiн қолданылатын MMEL-дi ӘК үлгiсiнiң сертификатын ұстаушы басып шығарады және оны әуе кемесiн әзiрлеушi мемлекеттiң уәкiлеттi органы бекiтедi.
      13. MEL ұшуды пайдаланушының ҰЖН-ға енгiзiледi және ол мыналарды қамтуы тиiс:
      1) ең аз жабдық тiзбесiн техникалық персоналдың және әуе кемелерiнiң ұшу экипажының қолдану ережесiн қамтитын алғысөз;
      2) қолданылатын терминдердiң анықтамалары мен түсiндiрулер;
      3) аспаптардың, жабдықтар мен жүйелердiң, тиiстi ескерту және хабарлау дабылдарының iстен шыққан белгiлерi болып табылатын тiзбесi;
      4) олар iстен шыққан кезде әрбiр әуе кемесi үшiн мыналарды:
      әуе кемесiнде орнатылған аспаптардың санын және ұшуды орындау үшiн талап етiлетiн аспаптардың санын;
      жұмыс iстемей қалған аспаптың, жабдықтың немесе жүйенiң жұмыс қабiлетiн қалпына келтiрудiң рұқсат етiлген кезеңiн;
      әуе кемесi экипажының кабинасындағы және (немесе) жолаушылар кабинасындағы аспапты, жабдықты және жүйенi маркерлеу қажеттiгiн;
      егер бұлар талап етiлсе, әуе кемесiн ұшуға техникалық дайындаудың талап етiлетiн қосымша рәсiмiн;
      ол кезде жұмыс iстемейтiн құрылғымен оны бастауға тыйым салынатын ұшудың болжамды шарттарын қоса алғанда, осы тармақты қолдану шарттарын көрсетiлетiн аспаптардың, жабдықтар мен жүйелердiң тiзбесi.
      14. MEL бекiту кезiнде мыналар ескерiледi:
      1) әуе кемесiнiң осы үлгiсiн пайдалану тәжiрибесi;
      2) пайдаланушының әуе кемесiнiң осы үлгiсi мен ұқсас үлгiлердi пайдалану тәжiрибесi;
      3) пайдаланушының әуе кемесi ұшу экипажы мүшелерiнiң бiлiктiлiгi мен даярлығы.
      Жабдықтардың MEL-де көрсетiлген бiрнеше компоненттерi iстен шыққан кезде әуе кемесiнiң экипажы пайдаланушы ҰЖН-да белгiлеген рәсiмдерге сәйкес ұшу басталар алдында жұмыс iстемейтiн компоненттер арасында ұшу қауiпсiздiгi деңгейiн рұқсат етiлген шектен төмен деңгейiне төмендеуiне немесе ұшу экипажына жүктеменiң тым ұлғаюына әкелетiн өзара байланыстың жоқтығына көз жеткiзуге мiндеттi.
      15. Қауiпсiздiктiң қолайлы деңгейiн қамтамасыз ету мүмкiндiгiн айқындау кезiнде пайдаланушы жұмыс iстемейтiн жүйелермен немесе жабдықпен пайдалануды жалғастыру барысында әуе кемесi аспаптарының, жабдықтарының немесе жүйелерiнiң қосымша жұмыс iстемей қалу ықтималдығын ескеруi тиiс.
      16. Қандай да бiр жабдықтың немесе жүйенiң iстен шығуы кезiнде әуе кемесi ұшуға жiберiлген жағдайда әуе кемесiнiң борт журналына әуе кемесiн ұшуға дайындауды жүргiзетiн техникалық персонал iстен шыққан аспаптар, жабдықтар немесе жүйелер туралы мәлiметтердi және олар орындаған ұшуға дайындау рәсiмдерiн енгiзедi, сондай-ақ егер ол талап етiлсе, жұмыс iстемей қалған аспаптарды таңбалау жүргiзiледi.
      17. Қандай да бiр жабдық немесе жүйе iстен шыққан кезде ұшуды бастау туралы түпкiлiктi шешiмдi әуе кемесiнiң Командирi (бұдан әрi - ӘК командирi) қабылдайды.
      18. Әуе кемесiнiң есiгi жабылғаннан кейiн қандай да бiр жабдықтың немесе жүйенiң iстен шыққаны анықталған жағдайда ұшуды орындау мақсатында ӘК командирi ҰПН-да ұйғарылған рәсiмдердi орындауды ұйымдастырып, MEL мен ҰПН талаптары негiзiнде ұшуды орындауды тоқтату немесе жалғастыру туралы шешiм қабылдайды және қажет болған жағдайда техникалық персоналға жүгiнедi.
      19. MEL-ге негiзделген ҰЖН-дағы анықтама ақпарат ӘК командирiне ұшуды орындау мақсатында әуе кемесiнiң есiктерi жабылғаннан бастап екпiн алу басталғанға дейiн ұшуды тоқтату, жалғастыру туралы тез шешiм қабылдауға мүмкiндiк беруi тиiс.
      20. Пайдаланушы iстен шыққан қандай да бiр аспаптарды, жабдықтарды немесе жүйелердi жөндеу мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде орындалуы үшiн шаралар қабылдайды. Жөнделгеннен кейiн алғашқы төрт ұшуда қандай да бiр аспаптың, жабдықтың немесе жүйенiң iстен шығуы анықталған кезде MEL пунктiн қолдануды қайталау базалық әуеайлаққа немесе әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу бойынша ұйымы бар әуеайлаққа әуе кемесiн қайтару үшiн ғана рұқсат етiледi.
      21. MEL-дi қолдана отырып, ұшуды жүзеге асыратын пайдаланушы әуе кемесiнiң ұшу экипажы мүшелерiн даярлау бағдарламасына тиiстi ережелердi әзiрлейдi және енгiзедi.

6-параграф. Ұшу қауiпсiздiгiн басқару

      22. Пайдаланушы, жалпы мақсаттағы авиацияға (бұдан әрi – ЖМА) жататын және бес мың жетi жүз килограммнан аз барынша жоғары сертификатталған ұшып көтерiлу салмағы бар пайдаланылатын әуе кемелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 28 наурыздағы № 173 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6855 нөмiрiмен тiркелген) Әуежайлардағы азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушылардың ұшу қауiпсiздiгiн әуе қозғалысына қызмет көрсету кезiнде, әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсеткен кезде басқару жөнiндегi үлгiлiк нұсқаулық талаптарына сәйкес әзiрленген Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушылардың ұшу қауiпсiздiгiн басқару жөнiндегi үлгiлiк нұсқаулыққа сәйкес мыналарды қамтитын көлем мен күрделiлiгiне қарай ұшу қауiпсiздiгiн басқарудың жүйесiн (бұдан әрi – ҰҚБЖ) енгiзедi:


      1) ұшу қауiпсiздiгiне арналған қатерлердi айқындау;
      2) ұшу қауiпсiздiгiнiң келiсiлген көрсеткiштерiн ұстау үшiн қажеттi түзету әрекеттерiн қабылдау;
      3) ұшу қауiпсiздiгiнiң тұрақты мониторингiн және жүйелi бағалау жүргiзу;
      4) ұшу қауiпсiздiгiн басқару жүйесi жұмысының жалпы көрсеткiштерiн тұрақты жақсарту.
      23. Ұшу қауiпсiздiгiн басқару жүйесi шеңберiнде пайдаланушының  барлық ұйымдарында ұшу қауiпсiздiгi мәселелерiндегi жауапкершiлiгi, оның iшiнде аға басшылық тарапынан ұшу қауiпсiздiгi үшiн тiкелей жауапкершiлiк айқындалады.
      24. Пайдаланушы ҰҚБЖ барысында ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында пайдаланушы қол жеткiзген уәкiлеттi органның мақсатын көрсететiн, ұшуға жарамдылығы деңгейiн енгiзедi.
      25. Ең жоғары сертификатталған ұшып көтерiлудiң 27000 кг астам салмағы бар ұшақтарды пайдаланушы оның ұшу қауiпсiздiгiн басқару жүйесiнiң құрамдас бөлiгi ретiнде ұшу деректерiн талдау бағдарламасын қабылдайды және орындайды.
      26. Ұшу деректерiн талдау бағдарламасы жазалау түрiндегi шараларды қабылдауға әкелмейдi және мұндай деректердiң көзiн (дерiн) қорғау мақсатында тиiстi сақтандыру шараларын қамтиды.
      27. Ұшу қауiпсiздiгiн басқарудың өз жүйесi шеңберiнде пайдаланушы персоналдың басшылыққа алуы мен пайдалануына арналған ұшу қауiпсiздiгi бойынша жөнiндегi құжаттама жүйесiн құрады.

7-параграф. Авариялық-құтқару жабдығы туралы ақпарат

      28. Пайдаланушы ұшу экипажының кабинасында iздестiру және құтқаруға қатысты барлық ақпаратқа қол жеткiзудi қамтамасыз етедi.


      29. Пайдаланушы iздестiру-құтқару үйлестiру орталықтарына дереу беру үшiн өзiнiң барлық әуе кемелерiнiң бортында бар борттық авариялы - құтқару жабдығы туралы ақпараттар тiзбесiнiң болуын қамтамасыз етедi.
      30. Ақпарат құтқару салдары, кеудешелерi мен пиротехника санын, үлгiсiн және түсiн, медициналық жабдық, су мен азық-түлiк қорының болуы, сондай-ақ портативтi авариялық радиоаппаратура үлгiсi мен жиiлiгi туралы егжей-тегжейлi мәлiметтердi қамтиды.

8-параграф. Суға мәжбүрлi қону

      31. Пайдаланушы, егер ұшып көтерiлу және қону кезiнде маневр жасау траекториясы сулы кеңiстiк үстiнен өтетiн болса немесе бағыт бойынша ұшу жағалау сызығынан жоспарлау режимiнде ұшудың шектiк қашықтығынан асатын аралықтағы су үстiнен өтетiн болса немесе ұшу жағалау сызығынан 93 км астам (50 теңiз милiнен) қашықтықтағы су үстiнен өтетiн болса борттағы әрбiр адамға арналған құтқару кеудешелерi болмаған кезде әуе кемесiн пайдаланбайды.


      32. Пайдаланушы, егер мәжбүрлi қону жасау үшiн жарамды беттен ұшақтың:
      1) ең көп саны 30-дан астам жолаушы орны бар ұшақтар үшiн – крейсер жылдамдықта ұшудың сәйкес келетiн 120 минутiнен немесе 740 км (400 теңiз милiнен) астам қашықтыққа;
      2) барлық қалған ұшақтар үшiн – крейсерлiк жылдамдықта ұшудың сәйкес келетiн 30 минутiнен немесе 185 км (100 теңiз милiнен) астам қашықтыққа алыстаумен шарттасатын бағыттар бойынша су бетi үстiнен өтетiн болса борттағы жолаушылардың тиiстi санын құтқару салдарымен қосымша жарақтаусыз әуе кемесiн пайдаланбайды.
      Екi жағдайда да қашықтаудың ықтимал мәнiнiң азы есепке алынады.
      33. Құтқару салдарының саны жолаушылар орындарының санына және пайдаланылатын салдардың нормативтiк сыйымдылығына қарай айқындалады, қосу барынша жоғары сыйымдылықтағы бiр қосалқы құтқару салы болады.

9-параграф. Әскери құралымдарды, қару-жарақтар мен әскери техниканы тасымалдау

      34. «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен және әуе кеңiстiгiнде ұшуды жүзеге асыратын барлық басқа мемлекеттермен келiсiлгеннен кейiн ғана пайдаланушыға әскери құралымдарды, қару-жарақтар мен әскери техниканы, сондай-ақ қосарлы мақсаттағы өнiмдi тасымалдауға рұқсат етiледi.


      35. Пайдаланушы қару-жарақ пен әскери техниканың:
      1) әуе кемесiнде арнайы тасымалдау қабында немесе ұшу уақытында жолаушылар үшiн қол жетпейтiн орындағы өзге де орамада орналасуын;
      2) ұшу басталғанға дейiн барлық мемлекеттер айрықша жағдайларға сәйкес ұшу жүзеге асырылатын әуе кеңiстiгiнде оқтаулы қару жарақты әуеде тасымалдауға рұқсат берiлген жағдайлардан басқа, оқпен ату қаруын тасымалдау кезiнде оның оқтаусыз болуын қамтамасыз етедi.
      36. Пайдаланушы әуе командирi ұшу басталғанға дейiн көрсетiлген тасымалдың және әуе тасымалдануына жататын әскери құралымдар мен әскери техниканың бортта орналасуына рұқсаты туралы хабарлар болуын қамтамасыз етедi.

10-параграф. Қару мен оқ-дәрiлердiң спорттық және басқа да санаттарын тасымалдау

      37. Пайдаланушы әуемен тасымалдауға қабылданған кез келген қару туралы ақпаратты жинауды қамтамасыз етудiң барлық мүмкiн шараларын қабылдайды.


      38. Қаруды тасымалдауға қабылдаған пайдаланушы мыналарды:
      1) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бұл жағдайды қолданудың практикалық орынсыздығын анықтайтын және өзге рәсiмдердiң қолданылуымен келiсiлетiн жекелеген жағдайларды болдырмай, қарудың орамада, штаттық қаптарда немесе ұшу уақытында жолаушылар үшiн қол жетпейтiн орындағы контейнерлерде орналасуын;
      2) егер, оқпен атылатын немесе оқ-дәрiсi болуы мүмкiн өзге де қару туралы сөз болса қарудың оқтаусыз болуын қамтамасыз етедi.
      39. Қаруға арналған оқ-дәрiлер Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Азаматтық авиация комитетi Төрағасының "Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауiпсiздiгi жөнiндегi нұсқаулықты – бағдарламаны бекiту туралы" 2003 жылғы 12 қарашадағы № 523 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2616 нөмiрiмен тiркелген) талаптарына сәйкес жолаушылардың тiркелген багажында тасымалданады.

11-параграф. Қауiптi жүктердi әуемен тасымалдау

      40. Пайдаланушы, егер авиациялық персонал арнайы даярлықтан өтпесе, ал жүктер тиiстi түрде жiктелмесе, құжатталмаса, сертификатталмаса, сипатталмаса, оралмаса, таңбаланбаса, мөрленбесе және Қауiптi жүктердi әуемен қауiпсiз тасымалдау жөнiндегi техникалық нұсқаулықтарына (Doc 9284 ИКАО) сәйкес әзiрленген «Азаматтық әуе кемелерiнде қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 24 ақпандағы № 89 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6822 нөмiрiмен тiркелген)талаптарына жауап беретiн жағдайға келтiрiлмесе қауiптi жүктердi әуемен тасымалдауға қабылдамайды.


      41. Азаматтық әуе кемелерiмен тасымалдауға арналған қауiптi жүктер «Азаматтық әуе кемелерiмен тасымалдауға арналған қауiптi жүктер тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 18 ақпандағы № 79 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6805 нөмiрiмен тiркелген) Қауiптi жүктер тiзбесiнде көрсетiлген.

12-параграф. Қозғалу мүмкiндiгi шектеулi адамдарды тасымалдау

      42. Пайдаланушы қозғалушылығы шектеулi адамдарды тасымалдау рәсiмдерiн белгiлейдi.


      43. Пайдаланушы қозғалушылығы шектеулi адамдардың болуы:
      1) экипаж мүшелерiне қызметтiк мiндеттерiн орындауға кедергi келтiретiн;
      2) авариялық-құтқару жабдығына жақындауға кедергi келтiретiн;
      3) ұшақты авариялық тастап шығуға кедергi келтiретiн орындарда орналаспауын қамтамасыз етедi.
      44. ӘК командирi пайдаланушыға бортта қозғалушылығы шектеулi адамдардың бар екендiгi туралы ескертедi.

13-параграф. Әдетте бортқа жiберiлмейтiн жолаушыларды, депортацияланатын адамдарды немесе күзетпен алып жүретiн адамдарды тасымалдау

      45. Пайдаланушы әуе кемесi мен оның жолаушыларының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, әдетте бортқа жiберiлмейтiн жолаушыларды, депортацияланатын адамдарды немесе күзетпен алып жүретiн адамдарды тасымалдау рәсiмдерiн белгiлейдi.


      46. ӘК командирiне ӘК бортында осы Қағиданың 45-тармағында көрсетiлген адамдардың бар екендiгi туралы ескертiледi.

14-параграф. Жолаушыларды орналастыру.
Жолаушыларға арналған ақпарат

      47. Пайдаланушы жолаушыларды орналастырудың ұшақты авариялық тастап шығу тез және қауiпсiз жүргiзiлетiн конфигурациясын қамтамасыз ететiн рәсiмдердi әзiрлейдi.


      48. Пайдаланушы жолаушыларға мынадай ақпараттың жеткiзiлуiн қамтамасыз етедi:
      1) iшiнара немесе толықтай аудио немесе бейне жазба нысанында ұсынылуы мүмкiн қауiпсiздiк қағидаларына қатысты ауызша ақпарат;
      2) әрбiр жолаушыны авариялық-құтқару жабдығын пайдалану, авариялық шығыстарды ашу жөнiндегi нұсқаулықтар мен жолаушылардың ұшақты авариялық тастап шығу тәртiбi бар қысқаша иллюстрацияланған нысандағы қауiпсiздiк бойынша арнайы карталармен қамтамасыз ету.
      49. Ұшып көтерiлу алдында жолаушыларға мыналар:
      1) темекi шегуге қатысты қағидалар;
      2) креслоларды бастапқы жағдайға келтiру және жиналмалы үстелдi бекiту;
      3) авариялық шығыстардың орналасуы;
      4) ұшақты тастап шығу құралдарының (арқандар, үрмелi сатылар т.б.) орналасуы мен оларды пайдалану;
      5) қол жүгiн орналастыру қағидалары;
      6) дербес электрондық жабдықты пайдалану жөнiндегi шектеулер;
      7) жолаушылардың қауiпсiздiгi бойынша арнайы карталардың
орналасуы мен мазмұны;
      8) қауiпсiздiк белдiгiн қолдану туралы хабарланады.
      50. Жолаушыларға мыналар:
      1) оларды дұрыс салу мен алуды қоса алғанда қауiпсiздiк белдiктерiн, егер бортта болса иық белдiктерiн пайдалану тәртiбi;
      2) егер талап етiлсе оттегi жабдығының орналасуы мен қолдану қағидасы көрсетiледi. Жолаушыларға оттегiнi қолдану алдында сигареттердi және басқа да бықсыған және жанған заттарды өшiру қажеттiгi туралы ескерту қажет;
      Қажет болған кезде – құтқару кеудешелерiнiң орналасуы мен пайдалану тәртiбi көрсетiледi.
      51. Ұшып көтерiлгеннен кейiн.
      Жолаушыларға қажеттiлiгiне қарай:
      1) темекi шегуге қатысты қағидалар;
      2) қауiпсiздiк белдiгiн пайдалану тәртiбi туралы есiне салынады.
      52. Жолаушыларға қонар алдында қажеттiлiгiне қарай:
      1) темекi шегуге қатысты қағидалар туралы;
      2) қауiпсiздiк белдiгiн пайдалану тәртiбi туралы;
      3) креслоларды бастапқы жағдайға келтiру және жиналмалы үстелдi
бекiту туралы;
      4) қол жүгiн орналастыру және бекiту туралы;
      5) дербес электрондық жабдықты пайдалануды шектеу туралы есiне салынады.
      53. Қонғаннан кейiн жолаушылардың:
      1) темекi шегуге қатысты қағидалар туралы;
      2) ұшақ толық тоқтағанға дейiн қауiпсiздiк белдiгiн пайдалану қажеттiгi туралы;
      3) ұшақтан шығу тәртiбi туралы есiне салынады.
      54. Ұшуда ерекше жағдай туындаған жағдайда жолаушыларға нақты жағдаяттарға қарай оның ықтимал себептерi туралы хабарланып, тиiсiнше қажеттi әрекеттер туралы нұсқамалар берiледi.

15-параграф. Багаж бен жүктi орналастыру және бекiту

      55. Пайдаланушы жолаушылардың жолаушылар салонында қолайлы және қауiпсiз орналастырылуы мүмкiн тек қол жүгiн және көлемiн тасымалдау мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн рәсiмдердi белгiлейдi.


      56. Пайдаланушы адамдардың жарақат алуына немесе ұшақты зақымдауға себеп болуы не қозғалу кезiнде жолдар мен авариялық шығыстарды жауып қалуы мүмкiн борттағы барлық багаж бен жүктiң оның қозғалуына конструкциялық кедергi болатын және оның сақталуын қамтамасыз ететiн орындарда орналасатынына кепiлдiк беретiн багаж бен жүктiң орналасуының және бекiтiлуiнiң рәсiмдерiн әзiрлейдi.

16-параграф. Әуе кемесiнiң экипажы

      57. Әуе кемесiнiң экипажына қойылатын негiзгi талаптар «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшудың негiзгi қағидаларын бекiту туралы» (бұдан әрi Ұшудың негiзгi қағидалары) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi № 712 қаулысында көрсетiлген.


      58. Әуе кемесiнiң экипажы ұшу экипажынан (ӘК командирiнен, екiншi пилоттан, бортинженерден (бортмеханиктен) штурманнан немесе бортрадисттен) және кабиналық экипаждан (борт операторлар мен борт жол серiктерiнен) тұрады.
      59. Азаматтық авиацияға жататын Қазақстан Республикасы әуе кемелерiнiң ұшу экипажының құрамына Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетел мемлекетi, Қазақстан Республикасы азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган берген авиация персоналының куәлiгiн (сертификатын) тану рәсiмiн белгiленген тәртiпте өткен шетел азаматтары кiруi мүмкiн.
      60. Егер, ұшу экипажының құрамы ҰПН-да немесе оған барабар құжатта ең аз белгiленгеннен аз болса азаматтық әуе кемесiмен ұшу орындалмайды.
      61. Егер ҰПН-дан немесе оған барабар құжатта көзделген болса, ұшуды басқару бiр пилотпен қамтамасыз етiлетiн әуе кемесiнiң экипажы әуе кемесiнiң командирiнен тұрады.
      62. Әуе кемесi экипажының мүшелерi денсаулық жағдайы бойынша белгiленген талаптарға сәйкес болуы тиiс.
      63. Экипаждың әрбiр мүшесiнiң талап етiлетiн лауазымдық мiндеттердi орындаумен ұшуды қауiпсiз орындауды қамтамасыз ететiндей осындай деңгейдегi оның бiлiктiлiгiне сәйкес келетiн бiлiмдерi, бiлiгi мен дағдылары болуы тиiс.
      64. Ұшуды орындаумен байланысты қызметтiк мiндеттердi орындау кезiнде әуе кемесi экипажы мүшесiнiң өзiмен бiрге мынадай қолданыстағы құжаттары болуы тиiс:
      1) ұшу тапсырмасына сәйкес келетiн бiлiктiлiк белгiлерi бар маман сертификаты (куәлiгi);
      2) экипаж мүшесi куәлiгiнiң (сертификатының) ажырамас бөлiгi болып табылатын медициналық қорытынды;
      3) әуежайдың (әуеайлақтың) бақыланатын аймағына кiру үшiн әуе кемесiнiң экипажы мүшесiнiң куәлiгi;
      4) халықаралық ұшу кезiнде – Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде азаматтың жеке басын куәландыратын Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.
      65. Бұдан өзге экипаж мүшесiнiң құжаттары мыналарды қамтиды:
      1) курсанттардың, тағылымдамадан өтушiнiң куәлiгi және басқалар;
      2) ұшуды қамтамасыз ету мақсатында экипаж құрамына енгiзiлген адамдар үшiн экипаж мүшелерiнiң куәлiгi.
      1) және 2) тармақшаларда көрсетiлген құжаттарды әуе кемесi экипажының мүшелерi уәкiлеттi лауазымды тұлғалардың талап етуi бойынша көрсетедi.
      66. Әуе кемесi ұшу экипажының көздi түзету линзаларын тасу шартымен берiлген медициналық куәлiгi бар мүшесiнде түзету линзаларының қосалқы жиыны болуы тиiс, ол ұшу уақытында жеңiл қол жеткiзiлетiн орында болады.
      67. Әуе кемесiнiң экипажы мүшелерiнiң қызметтiк мiндеттердi орындау кезiнде пайдаланушы белгiлеген нысандық (арнайы) киiмдi киюi көзделедi.
      68. ӘК командирi әуе кемесi экипажының жұмысына басшылық жасайды, әуе кемесiндегi тәртiпке жауап бередi, сондай-ақ әуе кемесi бортындағы адамдардың қауiпсiздiгiн, әуе кемесiнiң және ондағы мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.
      69. ӘК командирi:
      1) әуе кемесiнiң ұшып көтерiлуi, ұшуы және қонуы туралы, сондай-ақ ұшуды тоқтату және әуеайлаққа оралу туралы немесе әуе кемесiнiң ұшуына анық қатер төнген жағдайда адамдарды өмiрiн құтқару, қоршаған ортаға тигiзiлетiн залалдың алдын алу мақсатында мәжбүрлi түрде қону туралы түпкiлiктi шешiмдер қабылдайды;
      2) әуе кемесiнiң ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында әуе кемесiнiң бортындағы адамға өкiм етедi және олардың орындалуын талап етедi;
      3) ӘК командирi өздерiнiң iс-әрекеттерiмен әуе кемесiнiң ұшу қауiпсiздiгiне тiкелей қауiп төндiретiн және оның өкiмiне бағынудан бас тартатын адамдарға қатысты барлық қажеттi шараларды, оның iшiнде мәжбүрлеу шараларын қолданады;
      4) егер бұл әуе кемесiнiң ұшу және оны қондыру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажет болса, ұшу кезiнде отынды төгу, багажды, жүктi және почта жөнелтiлiмдерiн лақтыру туралы шешiм қабылдайды;
      5) тиiстi авиациялық қауiпсiздiк қызметтерi болмаған кезде адамдар мен объектiлердi ұшу алдында қарап тексеру жүргiзедi;
      6) әуе кемесiнiң ұшуды қауiпсiз аяқтауын қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де қажеттi шараларды қабылдайды.
      70. Әуе кемесiнiң кабиналық экипажының немесе олар экипаж құрамында көзделген болса мүшелерi борттағы барлық адамдардың мыналардың:
      1) байлау белдiктерiнiң
      2) авариялық шығыстардың
      3) егер олар бортта көзделген болса құтқару кеудешелерiнiң
      4) оттегi жабдығының және
      5) авариялық жағдайда жолаушылар әрекетiнiң схемаларын қоса алғанда басқа да жеке пайдаланылатын авариялық-құтқару жабдығының нұсқамасымен және пайдаланылуымен танысқандығын бақылайды.
      71. Әуе кемесiнiң экипажы борттағы барлық адамдардың ұжымдық пайдалануға арналған негiзгi борттық авариялық-құтқару жабдығының орналасқан орны мен жалпы пайдалану тәртiбi туралы хабардар болуын қамтамасыз етедi. Ұшуда авариялық жағдай пайда болған кезде әуекемесiнiң экипажы борттағы барлық адамдардың бұл жағдайда орынды болған шұғыл әрекеттер туралы нұсқаманы қамтамасыз етедi.
      72. ӘК командирi ұшып көтерiлу және қону уақытында, сондай-ақ турбуленттiлiк себебi бойынша қажет деп санайтын ұшудың кез келген уақытында немесе кез келген авариялық жағдайда әуе кемесiнiң бортындағы барлық адамдардың байлау белдiгiнiң немесе байлау жүйесiнi  көмегiмен өз креслоларына байлаулы болуы туралы өкiм бередi. Әуе кемесiнiң кабиналық экипажы көрсетiлген өкiмнiң орындалуын қамтамасыз етедi.
      73. Әуе кемесiнiң экипажы жолаушылар салоны мен экипаж кабинасындағы барлық багаж бен қол жүгiнiң қауiпсiз орналасуын қамтамасыз етедi. Пайдаланушы ҰЖН-да багаж бен қол жүгiнiң қауiпсiз орналасуын қамтамасыз ету жөнiндегi рәсiмдi белгiлейдi.
      74. ӘК командирi, егер бұл адамдар немесе мүлiк үшiн қауiп тудырған жағдайда әуе кемесiнен заттардың тасталуына жол бермейдi. Егер ӘК командирi қауiпсiз тасталуға көз жеткiзгенде ғана заттарды тастауға рұқсат етiледi.
      75. Экипаж кабинасындағы функцияларды орындайтын әуе кемесi ұшу экипажының барлық мүшелерi:
      1) ұшып көтерiлудi және қонуды орындау кезiнде өз жұмыс орындарында болады;
      2) олардың ұшақты пайдаланумен байланысты мiндеттердi орындау үшiн немесе өзiнiң табиғи қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн кету қажет болған кезеңдердi қоспағанда, бағыт бойынша ұшу уақытында өз жұмыс орындарында қалады;
      3) өз жұмыс орындарында болған кезде бел байлау белдiктерiн байлайды.
      76. Әуе кемесi ұшу экипажының бiр мүшесiнен басқа адамдардың жұмыс орнын тастауына тыйым салынады. Әуе кемесiнiң тек екi пилоттан ғана тұратын экипажы ұшуды орындаған жағдайда пилоттардың бiрi жұмыс орнын тастаған кезде ұшу экипажының кабинасында, егер экипаж құрамында мұндай көзделген болса кабиналық экипаж мүшесi пилоттың жұмыс орнын иеленбей болуы тиiс.
      77. Ұшу экипажы кабинасында ұшуға тапсырманы орындаумен байланысты емес адамдардың, сондай-ақ әуе кемесiн басқаруды, әуе кемесi жүйелерi мен жабдықтарының қалыпты пайдаланылуын және әуе кемесi экипажы мүшелерiнiң қызметiн шектейтiн заттардың болуына жол берiлмейдi.
      Кабиналық экипаж мүшелерi ұшу экипажының кабинасына ӘК командирiнiң шақыруымен немесе рұқсатымен кiредi.
      78. Бұл жағдайда, егер әуе кемесiнде байлау белдiгi жүйесi көзделсе пилоттар ұшып көтерiлген және қонған кезде байлау белдiгi жүйесiн пайдаланады. Әуе кемесi ұшу экипажының барлық қалған мүшелерi, егер иық белдiктерi олардың өз мiндеттерiн орындауға қиынды  келтiрмесе ұшып көтерiлу және қону кезеңдерiнде байлау белдiктерi жүйесiн пайдаланады.
      79. Ұшуды орындау кезiнде пилоттардың бiрi әуе кемесiнiң кеңiстiктегi жағдайына және ұшудың берiлген параметрлерiнiң ұсталуына тұрақты бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.
      80. Жермен жүрудi, ұшып көтерiлудi, қонуға енудi және қонуды орындау кезiнде әуе кемесiнiң ұшу экипажының мүшелерiне әуе кемесiн басқарумен байланысты емес әрекеттердi жүзеге асыруға және сөйлесу жүргiзуге тыйым салынады. Барлық ұшу бойына ұшу экипажы байқампаздық сақтайды, радио алмасуды үздiксiз бақылайды және әуе кемесiнiң болу аймағындағы әуе жағдайына талдау жасайды.
      81. Әуе кемесiнiң экипажы ӘҚҚ органына бақыланатын қауiптi метеорологиялық құбылыстар, әуе кемелерi мен басқа да материалдық объектiлердiң қауiптi жақындауы және ұшу жағдайлары үшiн басқа да қауiптер туралы дереу хабарлайды.
      82. Өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау үшiн экипаж кабинасында болуы қажет әуе кемесi ұшу экипажының барлық мүшелерi төмендеу және 3000 м төмен биiктiк алу кезеңдерiнде авиагарнитур микрофондарын немесе ларингофондарын және ұшақтық келiссөз құрылғыларын пайдалана отырып, радиобайланыс жүргiзедi.
      83. Әуе кемесi экипаж мүшелерiнiң ұшу кезiнде ас iшу уақыты мен кезектiлiгiн ӘК командирi айқындайды. Екi пилоттың бiр мезгiлде қатар ас iшуiне тыйым салынады.
      84. Әуе кемесi ұшу экипажының барлық мүшелерi өз мiндеттерiн орындау кезiнде ол үшiн оттегi қоры көзделетiн жағдаяттар туындаған жағдайларда демалуға арналған оттегiнi үздiксiз қолданады.
      85. Тұмшаланған кабиналары бар, 7600 метрден астам биiктiкте әуе кемесi ұшу экипажы барлық мүшелерiнiң өз жұмыс орындарында бiрiншi қажеттiлiк кезiнде дереу оттегi берудi қамтамасыз ететiн тез киiлмелi оттегi тұмылдырығы болады.
      86. ӘК командирi өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде мыналарды:
      1) барлық жолаушылардың авариялық шығыстардың орналасуымен, сондай-ақ тиiстi авариялық-құтқару құралдарының орналасуымен және оларды пайдалану қағидаларымен таныс болуын;
      2) барлық пайдалану рәсiмдерiнiң, оның iшiнде ҰЖН талаптарына сәйкес мiндеттi технологиялық операциялардың (check - парақтар) орындалуын;
      3) ҰЖН талаптарына сәйкес әуе кемесiнiң ұшу алдындағы және ұшудан кейiнгi тексерулердiң орындалуын және әуе кемесiнiң, оның iшiнде, осы Қағиданың 1022 тармақтарына және (немесе) егер әуе кемесiнiң бұл үлгiсi үшiн олар болса конфигурациялардағы жол берiлетiн ауытқулар Тiзбесiне (Configuration Deviation List – CDL- ағылшын тiлiндегi қысқартылған аббревиатура) сай ең аз жабдықтар Тiзбесiне сәйкес рұқсат етiлетiн жұмыс iстемейтiн немесе бұзылған жабдықтары бар әуе кемесiнiң ұшуы (немесе ұшуды болдырмау) туралы шешiм қабылдауды қамтамасыз етедi.
      87. ӘК командирi:
      1) экипаж мүшелерiнiң ұшып көтерiлу, биiктiк алу, қонуға ену және қону уақытында ұшақтың қауiпсiз ұшуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi олардың функционалдық мiндеттерiнен ерекшеленетiн қандай да бiр әрекеттердiң қабылдауына мүмкiндiк бермейдi;
      2) ұшу ақпаратын тiркегiштiң жұмыс қабiлетiн бұзуға, оны сөндiруге немесе ондағы жазбаны өшiруге, сондай-ақ мiндеттi тексерiлуге жататын авиациялық оқиға немесе оқыс оқиға жағдайында ұшудан кейiнгi жазылған ақпаратты өшiруге рұқсат бермейдi;
      3) ұшу уақытында борттық магнитофонның жұмыс қабiлетiн бұзуға немесе арнайы сөндiруге, сондай-ақ мiндеттi тексерiлуге жататын авиациялық оқиға немесе оқыс оқиға жағдайында ұшу уақытында немесе одан кейiн жазылған ақпаратты қасақана өшiруге рұқсат бермейдi.
      88. Әуе кемесiн мәжбүрлi қондырған жағдайда әуе кемесiнiң командирi өз өкiлеттiктерiн әуе кемелерiн iздестiру және құтқару қызметi өкiлдерiне бергенге дейiн әуе кемесi бортындағы адамдардың әрекетiне басшылық жасайды.
      89. ӘК командирi ұшуды орындау кезiнде өз құзыретi шегiнде мыналарды:
      1) осы Қағида ережелерiнiң орындалуын;
      2) ҰПН талаптарының немесе оған барабар құжаттың және ұшудың барлық кезеңiнде бақылау тексеру карталарының орындалуын;
      3) белгiленген тәртiпте және барынша қысқа мерзiмде өзi басқаратын әуе кемесiнде болған кез келген оқыс оқиға немесе оқиға туралы хабарлауды;
      4) белгiленген тәртiпте әуе кемесiнiң борттық журналының жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi.
      90. Екiншi пилот:
      1) егер, әуе кемесiнiң командирi денсаулық жағдайына немесе басқа да себептер бойынша ұшуда өз мiндеттерiн орындауға қабiлетсiз болған жағдайда ұшудың қауiпсiз аяқталуын қамтамасыз етуге дайын болады;
      2) егер, шешiм қабылдау биiктiгiне жеткен сәтте ӘК командирi қонуды орындау немесе екiншi айналымға кету туралы шешiм қабылдамаса немесе оны ұшу экипажына хабарламаса ҰПН-ға немесе оған барабар құжатқа сәйкес екiншi айналымға кету бойынша маневрдi орындайды.
      91. Арнайы жұмыстарды орындайтын бақылаушы ұшқыштар, борт операторлары, сондай-ақ экипаж құрамына енгiзiлген басқа да мамандар ӘК командирiне бағынады және лауазымдық нұсқаулықтар мен ұшуды орындау технологиясына сәйкес, оның iшiнде авиациялық жұмыстардың белгiлi бiр түрiнде өз мiндеттерiн орындайды.
      92. Тиiстi деңгейдегi мамандарды даярлау азаматтық авиацияның азаматтық авиацияның авиациялық персоналы лауазымдарының тiзбесiне сай азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган берген сертификаты бар азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталықтарында жүргiзiледi. Аса жеңiл азаматтық әуе кемелерiнiң пилоттарын даярлауды азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның тиiстi рұқсатын алған нұсқаушылар жүргiзедi. Әуе кемесiнiң экипажы құрамына тағылымдамадан өту үшiн тағылымдамадан өтушiлер енгiзiледi, бұл ретте ұшу экипажының құрамына бiр тағылымдамадан өтушi ғана енгiзiледi.
      93. Тағылымдамадан өтушi оның тағылымдамасымен тiкелей  айналысатын экипаж мүшесiнiң бақылауымен өзi тағылымдамадан өтетiн лауазымдағы экипаж мүшесiнiң функционалдық мiндеттерiн орындайды.
      94. Тағылымдамадан өтушi ӘК командирi мен оның тағылымдамасымен тiкелей айналысатын экипаж мүшесiне бағынады.
      95. Тағылымдамадан өтушiнiң функционалдық мiндеттердi орындауының және ол қабылдайтын шешiмдердiң уақтылығын, толықтығы мен дұрыстығын оның тағылымдамасымен тiкелей айналысатын экипаж мүшесi қамтамасыз етедi.
      96. ӘК командирiмен келiсiм бойынша ұшу экипажының құрамына енгiзiлген тағылымдамадан өтушi ол тағылымдамадан өтетiн лауазымдағы экипаж мүшесiнiң құқықтарымен оның тағылымдамасымен тiкелей айналысатын адам оған айқындаған дәрежеде (көлемде) пайдаланады.
      97. Экипаждың барлық мүшелерi:
      1) ұшу алдындағы демалысты сақтайды;
      2) ӘК командирiне әуе кемесiнiң авиациялық техникасы мен жабдығының барлық ауытқулары мен ақаулықтары туралы уақтылы хабарлайды және оларды жою бойынша ұсынымдар бередi;
      3) жолаушыларға қамқорлық бiлдiредi, белгiленген тәртiпте олардың қауiпсiздiгiн, әуе кемесi мен оның бортындағы жүктердiң, арнайы жабдық пен ұшу құжаттамасының сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.
      98. Ұшу экипажының мүшелерi әуе кемесiне қызмет көрсететiн жер үстi персоналынан көрсетiлген жер үстi қызмет көрсету қағидаларын пунктуалды сақталуын, инженерлiк-авиациялық қызмет мамандарынан - әуе кемесiнiң аспаптық және навигациялық жабдықты қоса алғанда ақаулықтардың жойылуын талап етуге құқылы.
      99. Егер әуе кемесi апатқа ұшырап жатса немесе ұшыраса ӘК командирi мен басқа да мүшелерi әуе кемесiнiң бортындағы адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау бойынша, сондай-ақ әуе кемесiнiң және ондағы мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету бойынша барлық ықтимал шараларды қабылдайды.
      100. Экипаж мүшелерi:
      1) егер ол ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша оның қабiлетiне әсер етуi мүмкiн есiрткi немесе дәрi-дәрмектiң әсерiнде болса;
      2) егер көрсетiлген факторлардың әсер етуi 12 сағаттан аспаса қысымның кенеттен өзгеруi жағдайында (ұшақтың тұмшалануының ашылуы, аквалангпен жүзу, су қоймаларында 10 метрден астам тереңдiкке сүңгу) келгеннен кейiн;
      3) қан тапсырғаннан кейiн 24 сағаттан астам уақыт өтпесе;
      4) егер ол өз мiндеттерiн орындау қабiлетiне күмән келтiрсе;
      5) егер ол ұшуды ойдағыдай аяқтауға қатер төндiретiн деңгейде шаршаңқылықты немесе ұшуға дайын еместiктi сезiнсе әуе кемесiнiң бортындағы өз мiндеттерiн орындамайды.
      101. Экипаж мүшелерi:
      1) мiндеттердi орындау басталуының жоспарлы уақытына дейiн кемiнде 24 сағат бұрын не ұшу алдындағы демалыс уақытында алкоголь iшпейдi;
      2) қанында алкоголь болған кезде өзiнiң ұшу мiндеттерiн орындамайды;
      3) ұшу кезiнде немесе резервтегi кезекшiлiк уақытында алкоголь iшпейдi.
      102. Пилот жасайтын пилот ұшу кезiнде дереу шешiм қабылдауды талап ететiн ерекше жағдайлар пайда болған кезде ол мұндай жағдайларда қажет деп санайтын барлық әрекеттердi жасайды. Мұндай жағдайларда әуе кемесi командирiнiң рұқсатымен ол ұшу қауiпсiздiгi мүддесiнде пайдалану рәсiмдерi қағидалары мен әдiстемелерiнен ауытқи алады.
      103. Пайдаланушы негiзгi ұшу немесе кабиналық экипаждың құрамына кiрмейтiн экипаж мүшелерiнiң де тиiстi дайындығының барын және өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауға кәсiби жарамды екендiгiне жауап бередi.
      104. Ұшу кезiнде жолаушылар салонында отырған негiзгi ұшу немесе кабиналық экипаждың құрамына кiрмейтiн экипаж мүшелерi:
      1) кабиналық экипаж мүшелерiнiң орнына отырмайды;
      2) кабиналық экипаждың жұмысына кедергi жасамайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет