Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №859 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі



бет35/37
Дата12.06.2016
өлшемі2.68 Mb.
#129656
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37

216. Өткізу сынақтары
      1459. Өткізу сынақтары бағдарламасы 29-кестеде көрсетілген жұмыстар мен тексерулердің түрлерін қарастыруы керек.
                                                          29-кесте



Бөлік

Жұмыстың сағ-минут ұзақтығы

Көмекші газтурбиналық қозғалтқыш жұмысының
режимі

1

-

Іске қосу үшін (олардың бірі суық)

2

-

Нұсқалған бағдарламаға сәйкес көмекші газтурбиналық қозғалтқыштың жұмыс істеуі

3

-

Көмекші газтурбиналық қозғалтқыштың жұмыс қабілеттілігін растауға қажетті тексерулер (мысалы, отынның ағуының болмау тексеру және т.б)

4

0-05

Бос жүру

5

0-30

Ең жоғарғы ұзақ режим

6

0-05

Ең жоғарғы режим

7

-

Аралық режим

8

-

Ең жоғарғы ұзақ режимінен бос жүруге дейінгі және кері жүктеменің үш өзгеруі. Режимнің төмен түсуі кезіндегі іріктеуді тоқтату 0,5-1 с ішінде жүзеге асады.

      1-ескертпе: 5-бөліктегі сынақтардың ұзақтығын қысқартуға, егер ол лайықты деп танылса, рұқсат беріледі.


      2-ескертпе: Егер ең жоғарғы режимде көмекші газтурбиналы қозғалтқыш үздіксіз жұмыс уақыты 5 минуттан кем болса, онда осы режимдегі жұмыс уақыты жол берілген техникалық шарттарға сәйкес келуі керек.
      1461. Өткізу сынақтардан кейін көмекші қозғалтқыш бөлшектерінің жағдайын тексеру үшін бөлшектенуі керек. Көмекші қозғалтқыш ақауын тапқаннан кейін жинау және бақылау сынақтарына арналған текшеге орнату керек. Егер ақауын табуға жеткілікті деп танылса, қысқартылған көлемде (тораптық) бөлшектеуге жол беріледі.
      1462. Өткізу сынақтарының көлемін қысқартқан кезде сыналатын агрегаттардың жетелеген жүктемесімен көмекші қозғалтқыш (процент) саны анықталады. Сыналатын көмекші қозғалтқыш бұл сан бірте-бірте агрегаттардың жетелеген жүктемесімен сынақтардың мүлдем жоғалуына дейін азаяды.
217. Бақылау сынақтары
      1463. Бақылау сынақтарының бағдарламасы 30-кестеде көрсетілген тексеру түрлерін қарастыруы керек.
                                                          30-кесте



Бөлік

Жұмыстың сағ-минут ұзақтығы

Көмекші газтурбиналық қозғалтқыштың жұмысының режимі

1

-

КГТҚ орнатылған және пайдалануда қолданылатын ұшыруға арналған құрылғылары арқылы үш іске қосу (олардың бірі суық)

2

-

Бағдарламада нұсқалған көмекші газтурбиналық қозғалтқыштың жұмыс істеуіне сәйкес

3

-

Көмекші газ турбиналы қозғалтқыш (КГТҚ) жұмыс қабілеттілігін растауға қажетті тексерулер (мысалы, отынның ағып кетуі болмау тексеру және т.б)

4

0-15

Ең жоғарғы ұзақ режим

5

-

Бос жүру режимінен ең жоғарғы дейін және ең жоғарғы режимінен бос жүру режиміне дейінгі жүктеменің үш өзгерісі. Ең жоғарғы режимнен бос жүруге ауаны іріктеуді тоқтатудың ұзақтығы 0,5-1 с ішінде жүзеге асады

6

0-05

Ең жоғарғы режим

7

-

Ең жоғарыдан бос жүріске дейінгі режимдер диапазонындағы көмекші қозғалтқыштың сипаттамаларын анықтау. Жүктеме азайған кезінде кем дегенде 4 нүкте, ал көбейтілген кезде кем дегенде 5 нүкте алынуы керек

      1-ескертпе: 1 бөлімдегі сынақ ұзақтығын азайту, егер орынды деп танылса жол беріледі.


      2-ескертпе: Жұмыс ұзақтығы 6-бөлімдегі берілген режим үшін, егер ол кем дегенде 5 минут болса, техникалық жағдайлары бойынша рұқсат етілген үздіксіз жұмыс уақытына сәйкес келуі керек.
218. Қосымша сынақтар
      1464. Кезеңдік (комиссиялық) және технологиялық сынақтарды қамтитын қосымша текшелік сынақтарға сериялық және жөндеу көмекші қозғалтқыштары тап болуы керек.
      Комиссиялық сынақтар шығарылатын өнім сапасының тұрақтылығын тексеруі қажет.
      Технологиялық сынақтар мыналарды тексеруі керек:
      1) сериялық және жөндеу көмекші қозғалтқыш жетілдіру үшін енгізілген құралымдық және технологиялық өзгерістер;
      2) жөндеу көмекші қозғалтқыш шекті тозулар мен саңылаулар кестесі;
      3) көмекші қозғалтқыш жөндеуге арналған топтық жиынтықтың құрамы.
      1465. Көмекші қозғалтқыш сериялық өндіріс үшін газдинамикалық орнықтылық қорының тұрақтылығын бақылау әдісі пысықталуы керек және тексерудің кезеңділігі бекітілуі тиіс.
      1466. Белгілі бір кезең уақытында шығарылған, техникалық құжаттамамен бекітілген партиялардан еркін таңдап алынған бір көмекші қозғалтқыш, комиссиялық сынақтан 150 сағаттық текшелік сынақтардың бағдарламасы бойынша сәтті өтуге тиіс.
219. Ресурстардың ұлғаюы
      1467. Күрделі жөндеуге дейінгі және сериялық көмекші газтурбиналы қозғалтқыш жөндеу аралық ресурсының ресурстық ұлғаюы, барлық көмекші қозғалтқыш берілген түрлендіру немесе берілген сериялардың түрлендіру парктері үшін жүргізілуі керек.
      Қажет болған жағдайда сынақ айналымындағы ресурстардың өсуін (белгіленген бірінші күрделі, жөндеу аралық жөндеуге дейін) растаған кезде көмекші қозғалтқыш парктерінің іс жүзіндегі пайдалануы туралы жиналған деректерге сәйкестігін нақтылауды енгізу керек.
      1468. Көмекші газтурбиналы қозғалтқыш берілген ресурсының ұлғаюы, көмекші газтурбиналы қозғалтқыш уақытша берілген ресурсының ұлғаюы баламалы-айналым сынақтарымен расталады.
      Көмекші газтурбиналы қозғалтқыш уақытша берілген ресурсының бөлшегі мен торабының ұлғаюы олардың баламалы-циклдық сынақтары негізінде жүргізіледі. Бұл сынақтарды жүргізген кезде пайдалануда алдын ала істеген жұмысы бар бөлшектер мен торабтарды пайдалану ұсынылады.
      1469. Бірінші күрделі жөндеуге дейінгі ресурстардың ұлғаюы, бірінші күрделі жөндеуге дейінгі өскен ресурстар екі көмекші қозғалтқыш ұқсас-айналыс сынақтарымен расталады.
      Ресурстардың ұлғаюы кезінде көмекші қозғалтқыш парктерін пайдалану нәтижелері туралы және жұмыс істеген ресурстар шегінде жөндеу кезіндегі көмекші қозғалтқыш ақаулығы туралы мәліметтер ескерілуі керек. Қосымша диагностикалық ақпараттар алу үшін істелген жұмыстың әр 150-300 сағат сайын ең көп істелген жұмысы бар көмекші газтурбиналы қозғалтқыш ішінен 1-2 көмекші қозғалтқышты бөлшектеу және ақаулығын табуды жүргізу ұсынылады. Аталған көмекші газтурбиналы қозғалтқыш есебінен басқа себептермен қолданыстан шығарылған көмекші қозғалтқышты пайдалануға рұқсат етіледі.
      Баламалы-айналыс сынақтар ұлғайған ресурстарға байланысты сынақтар айналымының саны бойынша артығымен жүргізіледі. 1000 сағат ресурстары кезінде артығы 20% қабылданады, айналым сынақтарының саны бойынша үлкен ресурстары кезінде көбейтілген істелген жұмысқа белгіленген ресурсқа байланысты 200 сағатқа сәйкес болуы керек.
      Сағатта және пайдалану айналымында көмекші газтурбиналы қозғалтқыш іс жүзіндегі істелген жұмыстың толық сынағымен бұрын пайдалануда жұмыс істеген белгіленген немесе оның бөлшегі сынақтар айналымының қажетті мөлшерге дейін жөндеу арқылы сынақтар өткізілуі мүмкін.
      Сынақтан сәтті өткен көмекші газтурбиналы қозғалтқыш, бөлшектеусіз ресурстарды әрі қарай ұлғайту мақсатында сынақтарды жалғастыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
      Көмекші газтурбиналы қозғалтқыш бір сынақ қолдану бағдарламасы бойынша, бірақ артығымен жүргізілуі мүмкін
      1470. Жөндеуаралық ресурстар көмекші газтурбиналы қозғалтқыш белгіленген ресурстар шегінде орнатылады.
      Әр жөндеуаралық ресурстарды орнатуда мына жұмыстар жүргізіледі:
      1) шығарушы зауытындағы бір жөндеу көмекші қозғалтқыш баламалы-айналыс сынағы;
      2) келісілген бағдарлама бойынша жөндеу зауытындағы бір жөндеу көмекші қозғалтқыш сынағы;
      3) алдыңғы ресурсқа көмекші қозғалтқыш паркін пайдалану тәжірибесін қорытындылау.
220. Әуе винттері
      1471. Осы Норманың 220-241-бөлімде екіден кем емес қадамдық газтрубиналық қозғалтқыш санымен барлық салмақ санаттарындағы әуе кеме қадамын өзгертетін әуе винтіне қойылатын талаптар айтылған. Бұл талаптарды орындау пайдаланудағы күтілетін жағдайлардағы әуе винтінің ұшуға жарамдылығын қамтамасыз ету үшін міндетті болып табылады.
      1472. әуе винтінің 220-241-бөліміндегі талаптарға текшелік және ұшу сынақтарын есептеу нәтижесінің негізінде, сонымен қатар пайдалану тәжірибесінің негізінде сәйкес келуі белгіленуге тиіс:
      1) «ӘК-де орнатқанға дейін» әуе винтін - талаптар көлемінде сертификаттау кезінде;
      2) ӘК-ні - талаптар көлемінде сертификаттау кезінде. Бұл кезеңде қанағаттандыратын «ӘК-де кемені орнатқанға дейін» сертификаттаған кезде әуе винтінің ұшу сынақтарының оң нәтижелері сертификатталған деп есептеледі;
      3) топтамалық шығарылатын және жөндеу әуе винтіне талаптар көлемінде бақылау кезінде.
      1473. Техникалық құжаттамаларда әуе винті Техникалық пайдалану жөніндегі нұсқау, негізгі мағлұматтар және пайдаланудағы күтілетін жағдайлар ұсынылуы керек. Көрсетілген деректер әуе винтінің оны сынаған, сертификаттаған және пайдаланған кездегі ресми мәртебесін құрайды.
      Пайдаланудағы күтілетін жағдайлар, орташаланған ұшу айналымдарын қоса алғанда (ұшу айналымдар) әуе винтінің осы Норманың 220-241 бөлімінің талаптарына сәйкес келуін растайтын, әуе винтінің және оның бөлшектеріне сынақтар жүргізу бағдарламаларын жасаудағы негіз болуға тиіс.
      1474. Әуе винтінде дайын бұйымдарды пайдалану жұмыстарының шарттарын ескеріп осы бұйымдарды құрастырушылармен келісілуі керек.
      1475. Әуе винті сертификаттық талаптарға сәйкес болуы қажет:
      1) агрегаттармен, жүйелермен және датчиктермен;
      2) пайдалануда және техникалық қызмет көрсетуде қажетті техникалық құжаттама жиынтықтарымен;
      3) техникалық пайдалану бойынша басқару және әуе винтінің техникалық қызмет көрсету регламенті қарастырған борттық құралдар, бейімдегіштер, техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін бақылау-өлшегіш және диагностикалық аппаратуралар жиынтықтарымен;
      4) қосалқы агрегаттар, бөлшектер мен ТР сәйкес техникалық қызмет көрсетуге қажетті жұмсалған материалдар жиынтықтарымен сертификатталуға тиіс.
      1476. Ұшу критерийлері (режимдері):
      1) ұшу биіктігі;
      2) ұшу жылдамдығы (М саны);
      3) жазықтықтағы әуе винтінің осінің иілу бұрышы;
      4) жүктелім.
      Сыртқы ортаның ауа винтіне әсер етулері мен жағдайының өлшемдері:
      1) барометрлік қысым, температура және атмосфералық ауаның ылғалдылығы;
      2) желдің бағыты мен жылдамдығы;
      3) мұз қату.
      Пайдалану факторлары:
      1) әуе винтінің ресурстары (сағат, ұшу айналымында), қызмет көрсету мерзімі (күнтізбелік уақыт);
      2) әуе винтінің жұмыс істеу режимі (қозғағыштың қуаты), бір ұшу айналымында осы режимдерге шығудың саны мен салдары және рұқсат етілген үздіксіз және белгілі бір режимдегі әуе винті жұмысының жалпы ұзақтығы (оның ішінде авторотация және кері қимылдайтын режимдерде), сонымен қатар ауысым процесіндегі мәліметтер;
      3) ұшу бейінінің сипаттамасы;
      4) қолданылатын жұмыстық және техникалық сұйықтар, қоспаларды пайдалану;
      5) әуе агрегаттары жұмыстық сұйықтықтарының температурасы;
      6) агрегаттардың энергияқорегінің өлшемі;
      7) әуе винтінің басқару агрегаттары орнатылған жерлердегі ортаның температурасы;
      8) жабулар, ұшып қону алаңы түрі мен жәй-күйі және әуе кеме тұрағының орыны;
      9) әуе винтінің техникалық қызмет көрсетудің кезеңділігі және түрі;
      10) пайдаланудағы әуе винті бөлшектерінің механикалық және тоттану зақымдарының шамасы;
      11) ӘК қозғалтқышындағы әуе винтін жинақтаудың ерекшеліктері.
221. Әуе винтінің конструкциясы
      1477. Жүйелері және агрегаттарымен әуе винтінің белгіленген ресурс ішінде және авариялық жағдайға соқтыратын қатерлі зардапты істен шығуға қызмет көрсету мерзімі пайдаланудың күтілген жағдайында әуе винтінің бір сағат істелген жұмысы барысында нақты мүмкін емес жағдай деп бағаланатындай жобаланып жасалуы керек. Бұл талаптың орындалуын растау пайдаланудың ұзақ мерзімі ішінде шын мәндегі құрылымның нақты схемасын құрылымның беріктігіне статистикалық баға материалдарын талдау және де берілген құрылымның сынақтары нәтижелерінің негізінде жүргізілуі керек.
      1478. Әуе винтінің дәлелдеме тарихын және оның прототипін немесе баламалы пайдалану тәжірибесін ескере отырып әуе винтінің іс жүзінде істен шығуының себептері мен салдарына талдау жүргізілуі керек. Қатерлі зардапты болатын істен шығулар бойынша әуе винтінің жасалу технологиялары және техникалық қызмет көрсету құжаттамалары көрсетілу керек, арнайы шаралар қарастырылған:
      1) осындай істен шығуларды болдырмау;
      2) қатерлі зардаптарға соқтыратын әуелік винттің ақауларын және зақымдарын уақытылы тауып, жою.
      1479. Әуе винті, оның агрегаттары мен жүйелері былайша жобаланып, жасалуы керек:
      1) техникалық пайдалану жөніндегі нұсқауға және техникалық қызмет көрсету регламентіне сәйкес пайдалануда қарау, техникалық қызмет көрсету мүмкіншіліктерімен қамтамасыз етілуі;
      2) әуе винтін қозғалтқышқа орнату және оның агрегаттарын өзгерту және басқару қиын болмауы.
      1480. Әуе винтінің қадамының өзгеру механизмінің конструкциясы пайдаланудың күтілетін жағдайында реттеу және басқару жүйелерімен берілген қалақтарының кез келген жағдайға өткізуді қамтамасыз ету керек.
      1481. Әуе винтінің қалағының жағдайы өзгерген қадам тетігінің тіреуімен тіркелуге тиіс:
      1) қалақтардың флюгерлік жағдайындағы бұрыштың механикалық тіреуіші (Фф.п);
      2) қалақтарды орнатудағы аралық бұрышының механикалық немесе гидравликалық тіреуіші (Ф.п.у);
      3) қалақтарды орнатудағы ең аз бұрышының механикалық немесе гидравликалық тіреуіші (Фmin);
      4) кері қимылдайтын әуе винті үшін қалақтарды орнатудағы кері қимылдайтын бұрыштың механикалық тіреуіші (Фрев).
      Ескертпе 1. Әуе винтінің өзгеріс қадамының тетігінде және гидравликалық тіреуішін бірлесіп пайдалануға жол беріледі.
      Ескертпе 2. Әуе винтінің өзгеріс қадамының механизмін аталған тармақта талап етілген қалақ тіреуінің бекіткіш сенімділігін төмендетпейтін жағдайда механикалық және гидравликалық тіреуіштермен жарақтандыруға жол беріледі.
      1482. Әуе винтінің конструкциясында жер режиміндегі кіші газдан ұшуға дейінгі диапазонда, сонымен қатар ұшу режимінің күрт өзгерген кезінде қозғалтқыштың кез келген жұмыс режимінің өзгерісі кезінде рұқсат етілген мәнінен жоғарылаған айналым жиілігінің артуынан қорғау қарастырылуы керек.
      1483. Ұшудағы өшірілген қозғағыш және әуе винті қалақтарының флюгерлік жағдайы кезінде әуе винтінің жұмыс бағытында 0,5 с-1 көп емес жиілікте айналуына жол беріледі.
      1484. Әуе винтінің бөлшектері және оның агрегаттарының қатерлі зардаптарға әкеп соқтыратын істен шығуы, техникалық құжаттаманы қолдана алатындай, олардың жасалуы туралы хабарлар алатындай таңбалануы керек. Бұл бөлшектерді жасаудағы техникалық құжаттамалар оларды бақылаудағы көтеріңкі көлемін қарастыруға тиіс.
      1485. Әуе винтінің конструкциясы техникалық құжаттамаларға сәйкес статистикалық теңгеру мүмкіндігіне жол беруге тиіс.
      1486. ӘК және осы түрдегі қозғағышта орнатуға арналған әуе винтінің және олардың агрегаттарының өзара ауысымдылығын қамтамасыз ету керек. Агрегаттарды ауыстырған кезде РП сәйкес әуе винтінің агрегаттарын реттеуге рұқсат етіледі.
      1487. Әуе винті және оның агрегаттарының консервациясы және консервацияланбауы оларды жекелеп бөлшектеуді (қалақтарды демонтаждаудан басқа) талап етпеуі керек.
      1488. Әуе винтінің техникалық құжаттамаға сәйкес тасымалдау оның жұмыс қабілеттілігін төмендетпеуге тиіс.
222. Беріктік
      1489. Әуе винтінің бөлшектеріндегі статикалық және динамикалық кернеу жасау материалдарында және технологияларында қолданылатын аталған ерекше конструкциясы кезінде пайдалану тәжірибесін және сынақ есептерінің нәтижелерін ескеріп белгіленген мәнін арттыруға тиіс емес.
      1490. Техникалық пайдалану жөніндегі нұсқаулықта және Техникалық қызмет көрсету регламентінде пайдалануда туындауы мүмкін әуе винтінің жол берілген зақымдары көрсетілуі керек. Жол берілген зақымдардың көлемдері осы сияқты конструкциясындағы әуе винтінің пайдалану сынақтары мен тәжірибелерінің есептері негізінде белгіленуі қажет.
      1491. Әуе винтінің статикалық берікті осы Норманың талаптарын қанағаттандыруы керек.
      1492. Әуе винтінің флаттерден қауіпсіздігі талаптарға сәйкес қамтамасыз етілуі тиіс.
      1493. Әуе винті конструкциясының беріктігін қамтамасыз ету талаптарға сәйкес жүргізілуі керек.
223. Материалдар
      1494. Әуе винті мен оның агрегаттарын жасауда қолданылатын барлық материалдар қолданыстағы стандарттар талаптарына сәйкес болуға, қалыпты және техникалық жағдайлар ресурс ішіндегі құрылымдағы олардың жұмысының нақты жағдайларын, сонымен қатар қызметтер және сақталу мерзімдеріне сәйкестігін ескере отырып таңдап алынуға тиіс.
      Мұның болуы мүмкін барлық жерде тоттануға қарсы жеткілікті және тозуға төзімді қасиеттерге ие материалдар қолданылуы тиіс.
      Материалдарды таңдау негіздемесі Әуе винті жөніндегі техникалық құжаттамаға енгізілуі тиіс.
      1495. Әуе винті материалдарының құрылымның қауіпсіздігіне байланысты беріктігінен бастап және көнеруге қарсы тұруының есептік сипаттамасы жасауда қолданылатын жартылай фабрикатты қасиеттерін бағалау мүмкіндігінің нәтижелеріне негізделуі керек.
224. Технология
      1496. Әуе винті және оның агрегаттары осы Норманың 1477-бөлімнің талаптарын канағаттандыруы керек.
      1497. Әуе винтінің қалақтарын оларды жасау мен жөндеу процесінде түзетуді нақты әуе винтінің техникалық құжаттамаларында көрсетілген жол берілген деформациялар нормаларымен сәйкес жүргізілуі керек.
      1498. Қажет болған жағдайда әуе винтінің көбірек жүктелген бөлшектерінің (қалақтар, корпус, стакандар) беріктік дәрежесін арттыру үшін тиісті технологиялық нұсқамалар бойынша бетіндегі беріктікке тап болуға тиіс.
      1499. Майға арналған арнасы бар әуе винтінің бөлшектері немесе оның агрегаттары май жүйесінің тазалығы бойынша талап етілген нормаларды қамтамасыз ету үшін жасау мен жөндеу кезінде жууға тап болуы керек.
      1500. Әуе винтінің сыртқы беттері материалдарының есептік сипаттамасын нашарлататын тоттанудан және метеорологиялық факторлардан қорғалуы керек.
225. Ресурстар
      1501. Әуе винтінің конструкциясы пайдаланудағы (белгіленген ресурстар) белгілі бір уақыт ішінде ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін, жүктеменің қолданыстағы әсерінің бұзылуынсыз шыдауы тиіс.
      Әуе винті «ӘК-де орнатқанға дейін» сертификаттаған кезде пайдаланудағы күтілетін жағдайларға сәйкес әуе винтінің ресурстары орнатылады.
      1502. Агрегаттар мен жинақтаушы бұйымдардың ресурстары оларды әуе винтінің (қозғалтқыштың) сынағы, сондай-ақ арнайы құрылғыларда автономиялы сынақтар негізінде орнатылады.
226. Әуе винтінің жүйесі
      1503. Әуе винтінің май жүйесі пайдаланудағы күтілетін жағдайларда барлық жұмыс режимдерінде оның бірқалыпты қызмет етуін қамтамасыз етуі керек.
      1504. Май жүйесі қозғағышта пайдаланылатын майда сенімді жұмыс істеуі керек.
      1505. Әуе винтінің реттеуші майсорғысының артында орналасқан майды тазалауға арналған сүзгіштер техникалық құжаттамада көзделген сүзгіштің жұқалығын қамтамасыз етуі керек, сондай-ақ РҚ көзделген мерзім ішінде тазалаусыз жұмыс істеу қабілетіне ие болуы керек.
      1506. Сүзгіш конструкциясында әуе винті және оның агрегаттарын қоректендіруге қажетті мөлшерде майды өткізуге арналған, сүзіп тұрған элементтерде қоқсық толған немесе қозғағышты пайдалану шарттары бойынша ең аз жол берілетін май температурасымен ұшырған кезде арнайы клапаны болуы керек.
      Өткізгіш клапанын ашқан кезде сүзгіш элементтерден жуу және қоқыстарды алып тастауға жол берілмейді.
227. Реттеу және басқару жүйесі
      1507. Әуе винті және оның агрегаттарының конструкциясы, монтаж бен элементтерін реттеу пайдалануда күтілетін жағдайларда олардың жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етуге сүйене отырып орындалуға тиіс.
      1508. Әуе винтінің барлық агрегаттарының ұшу қолданысында жарамдылығын растайтын құжаттамалары болуы керек.
      1509. Реттеу және басқару жүйесі белгіленген режимдердегі әуе винтінің берілген айналу жиілігін ұстап тұру нақтылығын, ал ауыспалы процесі кезінде техникалық құжаттамаға сәйкес әуе винтінің айналу жиілігінің тастандылары, сәтсіздігі мен уақытын шектеуді қамтамасыз етуі керек.
      1510. Әуе винтінің реттеу жүйесі винт қалақтарының кез-келген орнатылған бұрышынан флюгирлену мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.
      1511. Әуе винтінің кері қимылдайтын қалақтарын басқару жүйесінің оң тартымды режимінде өздігінен қалақтардың кері қимылдайтын жағдайға ауысуына бұйрық беруді болдырмауы керек.
      1512. Кері қимылдайтын жағдайға ауысу, ең жоғарғы тартымның көлемі мен оны үздіксіз пайдалану уақыты кезінде әуе винті қалақтарының бұру жылдамдығы техникалық құжаттамада көрсетілуі тиіс.
      1513. Бір осьті әуе винтінің айналу жиілігінің айырмашылығы техникалық құжаттамаларда негізделіп, көрсетілуі керек.
      1514. Әуе винтінің қалақтарын флюгерлік жағдайға ауыстырған кезде қадам өзгерісінің тетігіне әсер ең жоғарғы күштен пайдаланудағы күтілетін жағдайда әуе винтін бірқалыпты жұмысы кезіндегі қадам ауыстырған қадам тетігінің есептік күші тиісті 1,5 еседен кем болмауы керек.
      1515. Қозғалтқышпен айналысқа келтірілген әуе винтінің барлық агрегаттары тиісті әуе винтінің айналу жиілігі ең жоғарғы реттелетін айналу жиілігін 25%-ға асып түсетін айналу жиілігі кезінде жұмыс қабілеті сақталатындай етіп құрастырылуы керек.
228. Қорғаушы құрылғылар
      1516. Әуе винті қадамының өзгеру тетігі қорғаушы құрылғыларымен жабдықталуы тиіс:
      1) қалақ орнатқан аралық бұрыш тіреуі;
      2) қалақ қадамының бітеуіші, мысалы «тайғанақ тіреуішті» немесе басқа құрылғылар;
      3) қадамды созу орталықтандыруы немесе қадамды бекіту орталықтандыруы;
      4) қозғалтқыштан сигнал беру бойынша теріс тартымды шектеу.
      1517. Әуе винтінің қорғаушы құрылғылары теріс тартымның оның рұқсат етілген мәнінен артуына жол бермеуі керек. Қорғаушы құрылғылардың істен шығуы іс жүзінде мүмкін емес жағдай болуы керек.
      1518. Әуе винтінің айналым жиілігінің ең жоғарғыдан тыс шектеулігіне қозғалтқыш роторының айналу жиілігінің рұқсат етілген ең жоғарғы шектемесінде күйге келтірілген құрылғы біршама кіші айналым жиілігіне реттелген құрылғылармен жүргізу ұсынылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет