Қазақстан республикасының азаматтық процестік кодексі



жүктеу 4.23 Mb.
бет20/21
Дата09.06.2016
өлшемі4.23 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
сот актісінің себептерімен келісу ғана көрсетiлуге тиiс.

3. Қадағалау іс жүргізуі қозғалған кезде қаулы қадағалау өтінішхатымен, оған қоса берілген құжаттармен бірге алдын ала қаралатын күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей қадағалау сатысындағы сотқа беріледі.

4. Өтінішхатты алдын ала қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулының көшірмесі өтінішхатты берген тұлғаға жіберіледі.

5. Қадағалау өтінішхатын қайтару туралы ұйғарымда:

1) ұйғарымның шығарылған күні мен орны;

2) ұйғарымды шығарған судьяның тегi мен аты-жөнi;

3) мүддесі үшін қадағалау өтінішхаты берілген тұлғаның атауы;

4) дау айтылатын сот актілері;

5) осы Кодекстің 462-бабының 3) және 4) тармақшаларында көзделген қадағалау өтінішхатын кері қайтару үшін негіздемелер;

6) осы Кодекстің 455-бабының алтыншы бөлігінде көзделген қадағалау іс жүргізуін тоқтату үшін негіздемелер көрсетiлуге тиiс.

Ұйғарым өтінішхатпен, оған қоса берілген құжаттармен бірге оны берген тұлғаға ол шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.
465-бап. Қадағалау сатысындағы соттың сот отырысын тағайындау

1. Қадағалау сатысының соты дау айтылатын сот актiсiн, наразылықты қайта қарау бойынша қадағалау iс жүргiзуiн қозғау туралы сот қаулысын алғаннан кейiн сот отырысының өткiзiлетiн күнін, уақытын, орнын көрсете отырып, өтінішхаттың, қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы қаулының көшірмелерін, iстiң қадағалау сатысындағы сотта қаралатыны туралы хабарламаны тараптарға жiбередi.

2. Іс қадағалау iс жүргізуін қозғау туралы қаулымен бірге қадағалау сатысындағы сотқа берілген не прокурордың наразылығы келiп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде қаралуға тиiс.

3. Іске қатысатын адамдардың қадағалау сатысындағы соттың істі қарау уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылып, келмеуі істі сот қадағалауы тәртібімен қарауға кедергі болмайды.
466-бап. Сот актiсiн қайта қарау туралы өтiнiшхатқа, ұсынымға

немесе наразылыққа пікір

1. Іске қатысатын адам немесе оның өкілі қайта қарауға қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сот қадағалау тәртiбiмен сот актісін қайта қарау туралы өтiнiшхатқа немесе наразылыққа пiкiрдi iске қатысатын басқа да тұлғаларға және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жiбереді.

Іске қатысатын басқа да тұлғаларға пiкiрдiң көшiрмесi жiберiлгенiн растайтын құжат та пiкiрге қоса беріледi.

2. Пiкiр қадағалау сатысындағы сот өтiнiшхатты немесе наразылықты қарауды бастағанға дейiн пiкiрмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн, сот белгiлеген мерзiмде жiберiледi.

3. Пiкiрге iске қатысатын адам немесе оның өкiлi қол қояды. Пiкiрге өкілдің өкiлеттiгiн растайтын сенiмхат қоса беріледі.
467-бап. Сот актiсiнiң орындалуын тоқтата тұру

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры бір уақытта iстi талап етіп алдырып, қадағалау тәртiбiмен тексеру үшiн сот актiсiнiң орындалуын үш айдан аспайтын мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.

Сот актісінің орындалуын тоқтата тұру қажеттілігі өткен соң тоқтата тұру туралы қаулының күші жойылады.

Сот актісінің орындалуын тоқтата тұру туралы немесе тоқтата тұрудың күшін жою туралы қаулы әділет органына және тараптарға жіберіледі (тапсырылады).
468-бап. Істi қарау шектерi

1. Iстi қадағалау тәртiбiмен қарау кезiнде сот iсте бар материалдар бойынша өтiнiшхаттың, ұсынымның, наразылықтың дәлелдерi шегiнде бiрiншi, апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатысындағы соттар шығарған сот актiлерiнiң заңдылығын тексередi.

2. Қадағалау сатысындағы сот заңдылық мүддесiнде өтiнiшхаттың, ұсынымның немесе наразылықтың шегiнен шығуға және шағым жасалған, наразылық білдірілген сот актілерінің заңдылығын толық көлемде тексеруге құқылы.
469-бап. Істi қадағалау сатысындағы соттың қарау тәртібі

1. Қадағалау сатысындағы сот отырысы төрағалық етушiнiң қандай сот шешiмi және кiмнiң өтiнiшхаты, наразылығы бойынша қайта қаралып отырғанын, сот құрамына кiмдердiң енетiнiн, прокурордың қатысуын хабарлауымен ашылады және сот отырысы залында iске қатысатын тұлғалардан кiм келiп отырғанына көзін жеткізеді. Iстiң қаралатын уақыты мен орны туралы тиiсiнше хабарландырылған, өтiнiшхат, наразылық берген тұлғаның болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкiндiгiн жоққа шығармайды. Қадағалау сатысының сотында істi қарау кезiнде прокурордың қатысуы мiндеттi.

2. Мәлiмделген қарсылықтар мен өтiнiшхаттар шешiлгеннен кейiн сот істі тыңдауды жалғастыру туралы не оны кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды. Сот iстi тыңдауды жалғастыру туралы шешiм қабылдаған кезде төрағалық етушi өтiнiшхатты, наразылықты берген адамға сөз бередi. Егер мұндай адамдар бiрнешеу болса, олар өздерi ұсынатын сөз сөйлеу кезегiн сот назарына жеткiзедi. Егер олар келiсiмге келе алмаса, сөз сөйлеу кезегiн сот белгiлейдi.

3. Өтiнiшхатты, наразылықты берген адам, өз пiкiрi бойынша, дау айтылатын шешiмнiң заңсыз болып табылатын уәждері мен дәлелдерін айтып бередi. Төрағалық етушi содан кейiн сот белгiлейтін тәртiппен iске қатысатын басқа да адамдарға сөз бередi. Сотқа қатысатын адамдар сөз сөйлегеннен кейiн прокурор iс бойынша қорытынды бередi.
470-бап. Қадағалау сатысындағы соттың өкілеттіктері

1. Қадағалау сатысындағы сотқа дағалау өтінішхатын, наразылықты қарау нәтижелері бойынша қаулы шығарады.

2. Қадағалау сатысындағы сот кеңесу бөлмесінде мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:

1) кассациялық сатыдағы соттың ұйғарымын, қаулысын күшінде, ал өтiнiшхатты немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады;

2) бiрiншi, апелляциялық немесе кассациялық сатылардағы соттың ұйғарымының, шешiмiнiң, қаулысының күшiн толық не бөлігін жояды және iстi апелляциялық немесе кассациялық сатылардағы сотқа не, егер iс апелляциялық сатыдағы сотта немесе мәні бойынша қаралмаған болса - бiрiншi сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жiбередi.

Қадағалау сатысындағы сот сот актілерінде көрсетiлмеген не онда теріске шығарылмаған мән-жайларды анықтауға немесе оларды дәлелденген деп есептеуге, қандай да бiр дәлелдемелердiң дәйектілігі немесе дәйексіздiгi, бiр дәлелдемелердiң басқаларынан артықшылығы туралы, iстi жаңадан қарау кезiнде материалдық құқықтың қай нормасы қолданылуға тиiс және қандай қаулы қабылдануға тиiс екендiгi туралы мәселелердi алдын ала шешуге құқығы жоқ.

3) татуласу келісімнің, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімнің бекітілуіне байланысты осы Кодекстің 277-бабында белгіленген негіздер бойынша бiрiншi сатыдағы сот шешімінің, апелляциялық, кассациялық, қадағалау сатыларындағы соттардың қаулыларының күшiн толық не бөлігін жояды және талап арызды қараусыз қалдырады не iс бойынша іс жүргізуді тоқтатады;

4) кассациялық сатыдағы сот ұйғарымының, қаулысының, қадағалау сатысындағы сот қаулысының күшін жояды және іс бойынша шығарылған шешімдердің бірін күшінде қалдырады;

5) бiрiншi сатыдағы соттың ұйғарымын, шешімін және апелляциялық немесе кассациялық сатылардағы соттардың ұйғарымын және қаулысын, қадағалау сатысындағы соттың қаулысын өзгертеді не күшiн жояды және егер материалдық құқық нормаларын қолдануда және түсіндіруде қате кетсе, істі жаңадан қарауға жібермей-ақ жаңа шешім шығарады.

3. Егер сот дұрыс шешім қабылдаса, бірақ осы Кодекстің 427-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген бұзушылықтарға жол берілсе, қаулыда уәждер, материалдық және процестік құқық нормалары көрсетіледі, соған сәйкес сот актілері өзгеріссіз қалдырылады.

4. Қаулының қарар бөлігі кеңесу бөлмесінен шыққаннан кейін жарияланады.

5. Қаулы түпкілікті нысанда бес жұмыс күні ішінде әзірленуге тиіс.
471-бап. Қадағалау сатысындағы сот қаулысының мазмұны

1. Қадағалау сатысындағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық қаулы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс. Қадағалау сатысындағы соттың қаулысына iс бойынша шешiм қабылдаған барлық судьялар қол қояды.

2. Қадағалау сатысындағы сот осы Кодекстiң 235, 237-баптарында көзделген жағдайларда және тәртiппен қате жазылған жазбалар мен айқын арифметикалық қателердi түзету туралы мәселені қарауға, қадағалау сатысындағы сот бұрын шығарған қаулыны түсiндiруге, бұл туралы ұйғарым шығаруға, ал осы Кодекстің 236-бабында көзделген жағдайда және тәртіппен қосымша қаулы шығаруға құқылы.

472-бап. Қадағалау сатысындағы сот қаулысының заңды күшiне енуi

Қадағалау сатысындағы сот қаулысы ол қабылданған күннен бастап заңды күшiне енедi.
473-бап. Сот шешiмiнiң, ұйғарымының, қаулысының күшi жойылғаннан кейiн iстi қарау

1. Сот қадағалауы тәртiбiмен сот актiлерiнiң күшi жойылғаннан кейiн iс жалпы тәртiппен қаралуға жатады.

2. Бұрын қабылданған сот актiлерi апелляциялық, кассациялық тәртiппен немесе сот қадағалауы тәртiбiмен күшi жойылғаннан кейiн шығарылған жаңа сот актiлерiне өтiнiшхат, ұсыным, наразылық олардың күшiн жойған уәждеріне қарамастан жалпы негiздер бойынша берiлуi, келтiрiлуi мүмкiн.
474-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кеңейтілген сот

отырысын тағайындау

1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынымы енгізілген, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы түскен кезде Жоғарғы Соттың Төрағасы қадағалау сатысындағы соттың қаулысын қайта қарау туралы Жоғарғы Соттың кеңейтілген сот отырысын шақырады. Іске қатысатын адамдар және олардың өкілдері, Бас Прокурор оның өткізілу күні, уақыты мен орны туралы хабарландырылады.

2. Іске қатысатын адамдардың және олардың өкілдерінің кеңейтілген сот отырысына келмеуі істі қарауға кедергі болмайды.
475-бап. Ұсыным немесе қадағалау наразылығын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кеңейтілген сот отырысында қарау тәртібі

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кеңейтілген сот отырысы Жоғарғы Сот Төрағасының төрағалығымен ұсыным немесе наразылық бойынша істі бұрын қарауға қатыспаған, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кемінде жеті судьясының алқалы құрамында қарайды.

2. Жоғарғы Соттың Төрағасы кеңейтілген сот отырысын ашады және Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынымы немесе Бас Прокурордың қадағалау наразылығы бойынша қандай істің қарауға жататынын хабарлайды.

3. Ұсынымның дәлелдерін іс бойынша баяндамашы болып табылатын судья немесе наразылықтың мән-жайлары мен негіздері туралы прокурор баяндайды. Істі одан әрі қарау осы Кодекстің 469, 470-баптарында көзделген ережелер бойынша жүзеге асырылады.

4. Осы Кодекстің 458-бабының үшінші бөлігінде көзделген сот қадағалауы тәртібімен істі қайта қарауға негіздердің бар екендігі туралы мәселені сот кеңесу бөлмесінде шешеді, содан кейін Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынымын немесе Бас Прокурордың наразылығын мәні бойынша қарайды. Аталған негіздер болмаған кезде сот істі сот қадағалауы тәртібімен қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
57-тарау. СОТ АКТІЛЕРІН ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАР БОЙЫНША ҚАЙТА ҚАРАУ ЖӨНІНДЕ ІС ЖҮРГІЗУ
476-бап. Қайта қарау негіздері

1. Заңды күшіне енген шешімдер, ұйғарымдар мен қаулылар жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін.

Туындаған немесе орын алған, алайда олар туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін белгілі болған, бұрын қаралған істі дұрыс шешу үшін айтарлықтай маңызы бар заңды фактілер шешімдерді, ұйғарымдарды және қаулыларды жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін негіз болып табылады.

2. Шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін:

1) қайта қарау туралы арыз берілген сот актісі шығарылған сәтте іс жүзінде болған, бірақ арызданушыға белгілі болмаған және белгілі болуы мүмкін емес іс үшін елеулі мән-жайлар;

2) заңды күшіне енген сот үкімімен анықталған, куәгердің көрінеу жалған айғақтары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы, көрінеу дұрыс аудармау, заңсыз не негізсіз шешім шығаруға әкеп соққан құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығы;

3) заңды күшіне енген сот үкімімен анықталған, тараптардың, іске қатысатын басқа да адамдардың не олардың өкілдерінің қылмыстық әрекеттері немесе судьялардың осы істі қарау кезінде жасаған қылмыстық іс-әрекеттері;

4) осы шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны шығаруға негіз болған сот шешімінің, үкімінің, ұйғарымының немесе қаулысының не өзге де органның қаулысының күшін жою үшін негіздер болып табылады.

3. Жаңа мән-жайларға:

1) істі қарау және шешу кезінде преюдициалдық маңызы болған сот актісінің күшін жою;

2) сот актісі шығарылғанда негізге алынған мәмілені жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі;

3) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң сот актiсi шығарылған кезде қолданылған заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді конституциялық емес деп тануы жатады.
477-бап. Сот актілерін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар

бойынша қайта қарайтын соттар

1. Бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енген шешімін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша осы шешімді шығарған сот қайта қарайды.

2. Бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгерткен немесе жаңа шешім шығарған апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау сатыларының ұйғарымдарын, шешімдерін, қаулыларын шешімді өзгерткен немесе жаңа шешім шығарған сот жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарайды.
478-бап. Арыз беру

1. Шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды іске қатысқан тараптар, басқа да адамдар немесе прокурор шешім, ұйғарым немесе қаулы шығарған сотқа қайта қарау үшін негіз болған мән-жайлар белгіленген күннен бастап үш ай ішінде береді.

2. Арыз келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде, ал апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларындағы соттарға іс тиісті сотқа түскен сәттен бастап көрсетілген мерзімде қаралуға тиіс.
479-бап. Арыздың нысаны мен мазмұны

1. Арыз берген адам немесе оның уәкілетті өкілі арызға қол қояды.

2. Сот актісін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызда:

1) арыз берілетін соттың атауы;

2) арыз берген адамның және іске қатысатын басқа тұлғалардың атауы, олардың орналасқан жері немесе тұрғылықты жері;

3) арызданушының жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтініп отырған сот актісін қабылдаған соттың атауы, сот актісінің қабылданған күні, даудың нысанасы;

4) арыз берген адамның талаптары; осы Кодекстің 465-бабында көзделген жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар және осы мән-жайлардың ашылуын немесе белгіленуін растайтын құжаттарға сілтеме жасала отырып, арызданушының пікірінше, жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша сот актісін қайта қарау туралы мәселені қоюға негіз болған жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар;

5) қоса берілген құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

Арызда іске қатысатын адамдардың телефон, факс нөмірлері, электрондық почтаның мекенжайы және өзге де мәліметтер де көрсетілуі мүмкін.

3. Арыз берген адам іске қатысатын басқа да адамдарға оларда жоқ арыздың және қоса берілген құжаттардың көшірмелерін жіберуге міндетті.

4. Арызға:

1) жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайларды растайтын құжаттардың көшірмелері;

2) арызданушы қайта қарау туралы өтініш жасаған сот актісінің көшірмесі;

3) іске қатысатын басқа да адамдарға оларда жоқ арыздың және құжаттардың көшірмелері жіберілгенін растайтын құжат;

4) сенімхат немесе адамның арызға қол қою өкілеттігін растайтын өзге де құжат қоса берілуге тиіс.
480-бап. Арыз беруге арналған мерзімнің есептелуі

Арыз беруге арналған мерзім:

1) осы Кодекстің 476-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайларда - іс үшін елеулі маңызы бар мән-жайлар ашылған күннен бастап;

2) осы Кодекстің 476-бабы екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда - қылмыстық іс бойынша үкім заңды күшіне енген күннен бастап;

3) осы Кодекстің 476-бабы екінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайларда – шешім шығаруға негіз болған, аталған актілердің күшін жойған соттың немесе өзге де органның үкімі, шешімі, ұйғарымы, қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап;

4) осы Кодекстің 476-бабы үшінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайларда - преюдициалдық маңызы бар сот актісінің күшін жойған сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап;

5) осы Кодекстің 476-бабы үшінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайларда - мәмілені жарамсыз деп таныған сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап;

6) осы Кодекстің 476-бабы үшінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайларда - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қаулысы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап есептеледі.
481-бап. Арызды соттың іс жүргізуіне қабылдау

1. Арыздың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды сақтай отырып берілген сот актісін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз тиісті соттың іс жүргізуіне қабылданады.

2. Арызды соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы мәселені ол сотқа келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті соттың судьясы жеке-дара шешеді.

3. Тиісті соттың судьясы арызды іс жүргізуге қабылдау туралы ұйғарым шығарады.

4. Ұйғарымда арызды қарау жөніндегі сот отырысын өткізудің күні мен орны көрсетіледі.

5. Ұйғарымның көшірмелері іске қатысатын адамдарға жіберіледі.
482-бап. Арызды қайтару

1. Тиісті соттың судьясы, егер арызды іс жүргізуге қабылдау туралы мәселені шешу кезінде:

1) арыздың осы Кодекстің 477-бабында белгіленген қағидаларды бұза отырып берілгенін;

2) арыздың белгіленген мерзім өткеннен кейін берілгенін және оны қалпына келтіру туралы өтінішхаттың жоқ екенін немесе арыз берудің өткен мерзімін қалпына келтіруден бас тартылғанын;

3) арыздың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптардың сақталмағанын анықтаса, сот актісін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз берген арыз иесіне оны қайтарады.

Арыз осы Кодексте көзделген басқа да негіздер бойынша қайтарылуы мүмкін.

2. Арызды қайтару туралы ұйғарым шығарылады. Ұйғарымның көшірмесі арызбен және оған қоса берілетін құжаттармен бірге ұйғарым шығарылған күннен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей арыз иесіне жіберіледі.

3. Арызды қайтару туралы соттың ұйғарымына шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін.
483-бап. Арызды қарау

Сот жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны қайта қарау туралы арызды сот отырысында қарайды.

Арыз иесіне және іске қатысушы адамдарға арызды қарау уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмей қалуы арызды қарауға кедергі болмайды.
484-бап. Соттың істі қайта қарау туралы ұйғарымы

1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет