Қазақстан республикасының азаматтық процестік кодексі


БӨЛІМ. СОТ АКТІЛЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ БОЙЫНША



бет17/21
Дата09.06.2016
өлшемі1.46 Mb.
#124822
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
БӨЛІМ. СОТ АКТІЛЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ БОЙЫНША

ІС ЖҮРГІЗУ
52-тарау. СОТ АКТІЛЕРІНЕ АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМ ЖАСАУ, НАРАЗЫЛЫҚ КЕЛТІРУ
401-бап. Сот шешімдеріне апелляциялық шағым жасау және наразылық келтіру құқығы

1. Осы тарауда көзделген ережелерге сәйкес заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін.

2. Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығы іске қатысатын тараптарға, басқа да адамдарға тиесілі.

3. Сот шешіміне апелляциялық наразылық келтіру құқығы істі қарауға қатысатын прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары істі қарауға қатысуына қарамастан, өздерінің құзыреті шегінде сот шешіміне наразылық келтіруге құқылы.

4. Істі қарауға тартылмаған, бірақ сот олардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты шешім қабылдаған адамдар да сот шешіміне апелляциялық шағым жасауы мүмкін.
402-бап. Апелляциялық шағымдарды, наразылықтарды қарайтын соттар

Аудандық және оларға теңестірілген соттар шығарған шешімдерге апелляциялық шағым мен наразылықты облыстық және оған теңестірілген соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы үш судьядан кем емес алқалы құрамда қарайды.

Осы Кодекстің 27-бабының төртінші бөлігінің ережелері бойынша қаралған істер бойынша шығарылған шешімдерге апелляциялық шағым мен наразылықты Республика Жоғарғы Сотының инвестициялық дауларды қарау жөніндегі мамандандырылған алқасы үш судьядан кем емес алқалы құрамда қарайды.

Судья жекеше шағым мен наразылықты жеке-дара қарайды.


403-бап. Апелляциялық шағымдар жасау, наразылықтар келтіру тәртібі мен мерзімдері

1. Аудандық және оған теңестірілген соттар шығарған шешімдерге апелляциялық шағым, наразылық шешім шығарған сот арқылы беріледі. Тікелей апелляциялық сатыға келіп түскен шағым немесе наразылық шешім шығарған сотқа осы Кодекстің осы бабының екінші бөлігінің және

405-бабының талаптарын орындау үшін жіберілуге жатады.

2. Апелляциялық шағым, наразылық іске қатысатын адамдардың санына қарай көшірмелерімен қоса сотқа беріледі. Қажет болған жағдайларда судья шағымды немесе наразылықты берген адамды шағымға немесе наразылыққа қоса берілген жазбаша дәлелдемелердің көшірмелерін іске қатысатын адамдардың санына қарай беруге міндеттей алады.

3. Апелляциялық шағым, наразылық шешім түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап, ал сот талқылауына қатыспаған адамдар – оларға шешімнің көшірмелері жіберілген күннен бастап бір ай ішінде берілуі мүмкін.

4. Уәкілетті органның мемлекеттік сатып алудың өткізілуін тексерудің қорытындылары бойынша шешімдерін, қорытындыларын, нұсқамаларын даулау туралы істер бойынша апелляциялық шағым, наразылық шешім шығарылған күннен бастап он күн ішінде берілуі мүмкін.

5. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты беру үшін мерзімді қалпына келтіру туралы мәселені бірінші сатыдағы сот осы Кодекстің

126-бабында көзделген тәртіппен қарайды.


404-бап. Апелляциялық шағымның, наразылықтың мазмұны

1. Апелляциялық шағымда немесе наразылықта:

1) шағым немесе наразылық жіберілетін соттың атауы;

2) шағым беретін немесе наразылық келтіретін тұлғаның атауы;

3) шағым беріліп немесе наразылық келтіріліп отырған шешім және осы шешімді шығарған соттың атауы;

4) әдетте қолданылуға жататын заңдарға және іс материалдарына сілтеме жасай отырып, сот шешімінің заңсыздығы немесе негізсіздігі көрсетілуге;

5) шағым беріліп немесе наразылық келтіріліп отырған шешімнің заңдылығын қандай бөлігінде тексеру керек екендігі және шағым беріп немесе наразылық келтіріп отырған адамның қандай өзгерістер енгізуін талап ететіні көрсетілуге;

6) шағымға немесе наразылыққа қоса берілген құжаттардың тізбесі;

7) шағымды, наразылықты беру күні және шағымды немесе наразылықты берген тұлғаның қолтаңбасы қамтылуға тиіс. Өкіл қол қойған шағымға сенімхат немесе егер істе ондай құжат болмаса, өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын өзге құжат қоса берілуге тиіс.

Шағымды, наразылықты электрондық құжат нысанында берген кезде олар оны берген тұлғаның немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Электрондық құжат нысанындағы шағымға, наразылыққа құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.

2. Апелляциялық шағымда, наразылықта бірінші сатыдағы сотқа мәлімделмеген талаптар болмауға тиіс.

Егер адам бірінші сатыдағы сотта іске қатысуға тартылмаса, сондай-ақ, егер бірінші сатыдағы сотта дәлелдемелерді зерттеу және (немесе) талап етіп алу туралы өтінішхат берілсе, бірақ ол қанағаттандырусыз қалдырылса, бірінші сатыдағы сотқа ұсынылмаған жаңа дәлелдемелерге сілтеме жасауға жол беріледі.


405-бап. Бiрiншi сатыдағы соттың апелляциялық шағымды немесе наразылықты алғаннан кейiнгi әрекеттерi

1. Мерзімінде берілген және осы Кодекстің 403 және 404-баптарының талаптарына сәйкес келетін апелляциялық шағымды немесе наразылықты алғаннан кейін бірінші сатыдағы соттың судьясы мынадай әрекеттерді жасайды:

1) шағым немесе наразылық келіп түскен күннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей іске қатысатын адамдарға шағымның, наразылықтың көшірмелерін және оған қоса берілген жазбаша дәлелдемелерді жібереді;

2) шағым жасау, наразылық келтіру үшін белгіленген мерзім өткен соң істі апелляциялық сатыдағы сотқа жібереді.

2. Апелляциялық шағым жасау, наразылық келтіру үшін белгіленген мерзім өткенге дейін азаматтық істі соттан ешкім талап ете алмайды. Іске қатысатын адамдар, сондай-ақ іске қатысуға тартылмаған, бірақ құқықтары мен міндеттеріне қатысты сот шешім қабылдаған тұлғалар сотта іс материалдарымен, сондай-ақ келіп түскен шағымдармен және оларға берілген қарсылықтармен танысуға құқылы.
406-бап. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру

1. Осы Кодекстің 403-бабының екінші бөлігінде және 404-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін апелляциялық шағым берілген немесе наразылық келтірілген кезде судья ұйғарым шығарып, шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдырады және шағым берген немесе наразылық келтірген тұлғаға кемшіліктерді түзету үшін мерзім тағайындайды.

2. Егер апелляциялық шағым берген немесе наразылық келтірген тұлға ұйғарымда қамтылған нұсқауларды белгіленген мерзімде орындаса, шағым немесе наразылық сотқа алғашқы ұсынылған күні берілген деп есептеледі.

3. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарымдар шағым беруге және наразылық келтіруге жатпайды.


407-бап. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты кері қайтару

1. Апелляциялық шағым немесе наразылық оларды берген тұлғаға мынадай жағдайларда:

1) судьяның шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарымындағы нұсқаулары белгіленген мерзімде орындамағанда;

2) шағымды немесе наразылықты берген тұлғаның өтінуі бойынша;

3) егер шағым беру немесе наразылық келтіру мерзімі өтіп кеткенде және шағымда немесе наразылықта оны қалпына келтіру туралы арыз болмаса немесе оны қалпына келтіруден бас тартылса;

4) егер шағымды немесе наразылықты оны беруге немесе оған қол қоюға құқығы жоқ адам берсе, кері қайтарылады.

2. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты кері қайтару туралы ұйғарымды сот:

1) осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайда – сот белгілеген мерзім өткен күннен бастап;

2) қалған жағдайларда – шағым немесе наразылық келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей шығарылады.

Апелляциялық шағымды немесе наразылықты кері қайтару туралы ұйғарымға шағым берілуі, наразылық келтірілуі мүмкін.


408-бап. Апелляциялық шағымға немесе наразылыққа пікір

1. Іске қатысатын адам апелляциялық шағымға немесе наразылыққа қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса бере отырып, апелляциялық шағымға немесе наразылыққа пікірді апелляциялық сатыдағы сотқа, іске қатысатын басқа да тұлғаларға жібереді.

Апелляциялық сатыдағы сотқа жіберілетін пікірге іске қатысатын басқа да тұлғаларға пікірдің жіберілгенін растайтын құжат қоса беріледі.

2. Пікір сот белгілеген, апелляциялық сатыдағы сотта сот отырысы басталғанға дейін іске қатысатын адамдардың онымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін мерзімде жіберіледі.

3. Пікірге іске қатысатын адам немесе оның өкілі қол қояды. Пікірді электрондық құжат нысанында берген кезде ол оны берген тұлғаның немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Өкіл қол қойған пікірге сенімхат немесе оның өкілеттігін растайтын өзге құжат қоса берілуге тиіс. Электрондық құжат нысанында берілген пікірге осы бапта көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.
409-бап. Апелляциялық шағымнан бас тарту, наразылықты кері қайтарып алу

1. Апелляциялық шағым жасаған адам, оның ішінде іс бойынша тарап ретінде апелляциялық шағым берген прокурор апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін одан бас тартуға немесе осы Кодекстің 405-бабында көзделген іс-әрекеттерді сот орындаған кезде оны бірінші сатыдағы сотта кері қайтарып алуға құқылы.

Прокурор апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін наразылықты кері қайтарып алуға құқылы.

Апелляциялық шағымнан бас тарту, шағымды немесе наразылықты кері қайтарып алу апелляциялық сатыдағы сотқа жазбаша арыз беру арқылы ресімделеді.

2. Егер шешімге басқа адамдар шағым жасамаса және жоғары тұрған прокурор наразылық келтірмесе, апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымнан бас тартуды қабылдау туралы апелляциялық іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады. Ұйғарым шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды. Шағымды қайтадан беруге жол берілмейді, ал берілген жағдайда шағым кері қайтарылады.

3. Шағым немесе наразылық кері қайтарылып алынған жағдайда апелляциялық сатыдағы сот оны қайтару туралы ұйғарым шығарады, ол шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды. Наразылық осы Кодекстің 403-бабының үшінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде қайта берілуі мүмкін.

4. Егер бірінші сатыдағы соттың шешіміне апелляциялық шағымды басқа адамдар берсе, онда ол осы тарауда белгіленген тәртіппен мәні бойынша қаралуға жатады.
410-бап. Тараптардың дауды апелляциялық сатыдағы сотта ерікті түрде реттеуі

1. Талапкердің талап қоюдан бас тартуы, тараптардың апелляциялық шағым берілгеннен кейін жасалған дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім апелляциялық сатыдағы сотқа жіберілген арыздарда көрсетілуге тиіс.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мәселелер бойынша арыздарды апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 170-бабында және 17-тарауында көзделген тәртіппен қарайды.

3. Апелляциялық сатыдағы сот талап қоюдан бас тартуды қабылдаған жағдайда сот шешімінің күшін жойып, осы Кодекстің 277-бабының 4) тармақшасында белгіленген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.

Апелляциялық сатыдағы сот татуласу келісім, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы тараптардың келісімі немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілген жағдайда сот шешімінің күшін жойып, осы Кодекстің 277-бабының 5), 6) тармақшаларында белгіленген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.

4. Егер апелляциялық сатыдағы сот талапкердің талап қоюдан бас тартуын қабылдамаса, татуласу келісімді, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы тараптардың келісімін немесе партисипативтік рәсім тәртібімен дауды реттеу туралы келісімді бекітпесе апелляциялық шағым мәні бойынша қаралады.


411-бап. Шешімнің орындалуын тоқтата тұру

Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сот қабылдаған және осы Кодекстiң 243-бабында санамаланған істер бойынша шешімдерден басқа, осы Кодекстің 244-бабында көзделген тәртіппен дереу орындауға жіберілген шешімнің орындалуын іс қаралғанға дейін апелляциялық шағым берген немесе наразылық келтірген тұлғаның арызы бойынша тоқтата тұруға құқылы.

Шешімнің орындалуын тоқтата тұру қажеттілігі өткен соң тоқтата тұру туралы қаулының күші жойылады.

Шешімді орындауды тоқтата тұру туралы немесе тоқтата тұрудың күшін жою туралы қаулы атқарушылық іс жүргізу органына және тараптарға жіберіледі (табыс етіледі).


53-тарау. АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМ, НАРАЗЫЛЫҚ БОЙЫНША
ІСТЕРДІ ҚАРАУ
412-бап. Апелляциялық қараудың нысанасы

Апелляциялық шағым, наразылық бойынша апелляциялық сатыдағы сот істе бар және осы Кодекстің 413-бабының екінші бөлігінің талаптарына сәйкес ұсынылған материалдар бойынша істің нақты мән-жайларының анықталуының, материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын, сондай-ақ істі қарау мен шешу кезінде азаматтық процестік заң нормаларының сақталуын тексереді.


413-бап. Апелляциялық қараудың шектерi

1. Сот істi апелляциялық тәртiппен қарау кезiнде бiрiншi сатыдағы сот шешiмiнiң заңдылығы мен негiздiлiгiн толық көлемде тексередi.

2. Апелляциялық сатыдағы сот істе бар, сондай-ақ осы Кодекстің 404-бабының екінші бөлігіне сәйкес ұсынылған дәлелдемелерге мәлімделген талап қою шегінде баға береді.

Егер тұлға бірінші сатыдағы сотта іске қатысуға тартылмаса, сондай-ақ егер бірінші сатыдағы сотта дәлелдемелерді зерттеу және (немесе) талап етіп алу туралы өтінішхат мәлімделсе, бірақ ол қанағаттандырылмай қалдырылса, сот жаңа дәлелдемелерді қабылдайды.

Апелляциялық сатыдағы сотқа дәлелдемелерді ұсынатын тұлғалар олардың қандай жолмен алынғанын және оларды ұсыну қажеттілігі қандай мән-жайларға байланысты туындағанын көрсетуге міндетті.

3. Қойылған бірнеше талап қоюталаптарын біріктіру және бөлу, талап қою талаптарының мөлшерін өзгерту, талап қоюдың нысанасы мен негізін өзгерту, тиісті емес жауапкерді ауыстыру, қарсы талап қою туралы ережелер апелляциялық сатыдағы сотта қолданылмайды.

Егер осы Кодекстің 427-бабының төртінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша шешімнің күші жойылса және үшінші тұлғалардың қатысуынсыз істі мәні бойынша қарау мүмкін емес деп танылса, апелляциялық сатыдағы сот өз алдына бөлек талаптарды мәлімдемеген үшінші тұлғаларды іске қатысуға тарта алады.
414-бап. Істі апелляциялық сатыдағы сотта қарауға дайындау

1. Істі апелляциялық шағыммен немесе наразылықпен бірге алған апелляциялық сатыдағы соттың судьясы бірінші сатыдағы соттың осы Кодекстің 406-бабының талаптарының орындалуын тексереді. Бірінші сатыдағы сот осы Кодекстің 403-бабының талаптарын орындамаған жағдайда іс кемшіліктерді жою үшін бірінші сатыдағы сотқа қайтарылуы мүмкін.

2. Судья апелляциялық шағымда немесе наразылықта жазылғандәлелдерді ескере отырып, істі апелляциялық сатыдағы соттың іс жүргізуіне қабылдау және істі қарауға дайындау туралы ұйғарым шығарады. Судья осы Кодекстің 165-бабында көзделген әрекеттерді іс жүргізуге қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жасайды.

3. Апелляциялық сатыдағы сот іске қатысатын тұлғаларға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарлайды.


415-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың істі қарау мерзімі

Іс апелляциялық сатыдағы сотта ол сотқа келіп түскен күннен бастап екі ай мерзімде қаралады.

Уәкілетті органның мемлекеттік сатып алуды өткізуді тексеру қорытындылары бойынша шешімдерін, қорытындыларын, нұсқамаларын даулау туралы іс сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.

Іс Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының инвестициялық дауларды қарау жөніндегі мамандандырылған алқасында ол сотқа түскен күннен бастап бір ай мерзім ішінде қаралады.
416-бап. Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу

1. Апелляциялық сатыдағы сотта істер бойынша іс жүргізу осы Кодекстің 53-тарауында көзделген ережелер бойынша жүзеге асырылады.

2. Осы Кодекстің 54-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда апелляциялық сатыдағы соттың отырысына прокурор қатысады, ол іс бойынша қорытынды береді.

3. Бірінші сатыдағы сот үшін көзделген ережелер бойынша апелляциялық сатыдағы сот істі дұрыс шешу үшін маңызы бар, тараптар ұсынған немесе олардың өтінішхаттары бойынша талап етіліп алынған қосымша материалдарды, алынған сараптамалық қорытындыларды зерделейді, отырысқа шақырылған адамдардан жауап алады.


417-бап. Істі талқылаудың басталуы

1. Төрағалық етуші апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысын ашады және қандай іс, кімнің апелляциялық шағымы, наразылығы бойынша және қай соттың шешімі қаралуға жататынын, апелляциялық сатыдағы сот құрамын, сот отырысының хатшысын, егер іс қарауына қатысатын болса, прокурорды хабарлайды. Төрағалық етуші іске қатысатын адамдардың және өкілдердің қайсысы келгенін анықтайды, келген адамдардың жеке басын анықтайды, лауазымды адамдар мен өкілдердің өкілеттіктерін тексереді және іске қатысатын тұлғалардың құқықтарымен және міндеттерімен таныстырылғанына көз жеткізеді. Құқықтарымен және міндеттерімен таныстырылмағаны анықталған жағдайда бұл туралы мәлімдеген адамдарға құқықтарын және міндеттерін таныстырады. Егер қарсылық білдірулер олар осы Кодекстің 40-бабында белгіленген тәртіппен шешіледі.

2. Сот отырысына келген іске қатысатын тұлғалардың және өкілдердің түсініктемелерін сот тыңдайды. Шешімге екі тарап та шағым жасаған жағдайда бірінші болып талапкер сөйлейді. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты берген тұлғаның және іске қатысатын басқа адамдардың, олардың өкілдерінің түсіндірулерінен кейін апелляциялық сатыдағы сот дәлелдемелерді зерттеуге көшеді.
418-бап. Іске қатысатын тұлғалардың сот отырысына келмеуінің салдары

1. Істі қараудың уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген іске қатысатын тұлғалардың қайсыбіреуі апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысына келмеген жағдайда сот істі талқылауды кейінге қалдырады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген, істі қараудың уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген адамдардың келмеуі істі талқылауға кедергі болып табылмайды. Алайда сот бұл жағдайларда да келмеу себептерін дәлелді деп тани отырып, істі талқылауды кейінге қалдыруға құқылы.

3. Iстi талқылау кейiнге қалдырылған кезде апелляциялық сатыдағы сот iске қатысатын тұлғаларға iстi қараудың уақыты мен орны туралы тиiсінше хабарлайды. Егер іске қатысатын тұлғалар істі басынан бастап талқылауды талап етпесе, істі қайта отырыста талқылау жалғастырылады.


419-бап. Соттың іске қатысатын тұлғалардың арыздары мен өтінішхаттарын шешуі

1. Іске қатысатын тұлғалардың апелляциялық сатыдағы істі талқылауға байланысты барлық мәселелер бойынша арыздары мен өтінішхаттарын сот іске қатысатын басқа да адамдардың пікірлерін тыңдағаннан кейін шешеді.

2. Тараптар бірінші сатыдағы сот қанағаттандырудан бас тартқан дәлелдемелерді зерттеу және (немесе) талап ету туралы өтінішхаттарды мәлімдеуге құқылы.

3. Істің мән-жайларын зерттеуге байланысты арыздар мен өтінішхаттарды шешу осы Кодекстің 195-бабының ережелері бойынша жүргізіледі. Бұл ретте апелляциялық сатыдағы сот өтінішхатты бірінші сатыдағы сот қанағаттандырмаған деген негізде оны қанағаттандырудан бас тартуға құқылы емес.


420-бап. Дәлелдемелерді зерттеу

1. Дәлелдемелерді зерттеу тәртібі мен шектерін іске қатысатын тұлғалардың пікірлерін ескере отырып сот айқындайды.

2. Тараптардың, іске қатысатын басқа да адамдардың түсіндірмелерінен кейін сот істе бар дәлелдемелерді, сондай-ақ осы Кодекстің 413-бабының екінші бөлігінің ережелеріне сәйкес ұсынылған дәлелдемелерді тексереді.

3. Сот іске қатысатын, сот отырысына келмей қалған адамдардың түсіндірмелерін, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы сот отырысына шақырылмаған куәлардың айғақтарын жария етуге құқылы.

4. Тараптар бірінші сатыдағы сот куәлардан жауап алудан және дәлелдемелерді зерттеуден бас тартқан куәларды шақырту мен олардан жауап алу және дәлелдемелерді зерттеу және (немесе) алдырту туралы өтінішхаттарды мәлімдеуге құқылы. Егер куәлардың айғақтарын тараптар даулайтын болса, аталған тұлғалар апелляциялық сатыдағы сотқа шақырылуы мүмкін.

5. Апелляциялық шағым берген, наразылық білдірген адам қатыстылығы, жарамдылығы, дұрыстығы жағынан даулаған дәлелдемелер істегі басқа дәлелдемелермен бірге сотта зерттелуге және бағалануға жатады.




421-бап. Сот жарыссөзі

1. Төрағалық етушi іс мәні бойынша қаралып біткен соң іске қатысатын тұлғалардан өтінішхаттардыңбар-жоғы туралы сұрайды. Сот осы өтінішхаттарды шешіп, содан соң сот жарыссөзіне көшеді.

2. Сот жарыссөзі осы Кодекстің 216-бабында көзделген ережелер бойынша өткізіледі, бұл ретте апелляциялық шағым берген немесе наразылық келтірген адам және (немесе) оның өкілі бірінші болып сөз сөйлейді. Шешімге екі тарап та шағым берген жағдайда бірінші болып талапкер сөз сөйлейді.

3. Сот жарыссөзі және прокурордың қорытынды сөзiн тыңдау аяқталғаннан кейін сот қаулы шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді.
422-бап. Сот отырысының хаттамасы

Апелляциялық сатыдағы сотта сот отырысының хаттамасы осы Кодекстің 281-бабы екінші бөлігінің ережелері бойынша жүргізіледі.
423-бап. Сот актісін шығару және оны жариялау

1. Сот актісін шығару және оны жариялау осы Кодекстің 222, 223, 224-баптарында көзделген ережелер бойынша жүргізіледі.



2. Сот осы баптың бірiншi бөлiгiнiң талаптарын сақтай отырып, сот актісін түпкілікті нысанда дайындау мерзімін көрсетіп, оның қарар бөлiгiн шығарып, жариялай алады. Сот актісінің қарар бөлігі іс материалдарына қоса тігіледі.

Дәлелді сот актісін іс қаралған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде судья дайындап, оған қол қояды. Дәлелді сот актісінің көшірмесі ол дайындалғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде іске қатысатын тұлғаларға жіберілуге (табыс етілуге) тиіс.
424-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттіктері

Апелляциялық сатыдағы сот:

1) шешімді өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдыруға;

2) бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертуге;

3) бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюға және жаңа шешім шығаруға;

4) шешімнің күшін толық немесе бөлігін жоюға және іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға не осы Кодекстің 277-бабында және 279-бабының 2), 3), 4), 5), 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арызды қараусыз қалдыруға;



5) осы Кодекстің 427-бабы төртінші бөлігінің 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылған жағдайда, бірінші сатыдағы соттың ережелері бойынша мәні бойынша қарау үшін істі өзінің іс жүргізуіне қабылдауға құқылы.
425-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың актілері

Апелляциялық сатыдағы сот мынадай актілерді:

1) іс бірінші сатыдағы соттың ережелері бойынша мәні бойынша қаралғаннан кейін жаңа шешім қабылданған жағдайда осы Кодекстің 424-бабының 1), 2), 3) тармақшаларында, сондай-ақ 5) тармақшасында көзделген жағдайларда қаулы;

2) сот шешімінің күші жойылған және бірінші сатыдағы соттың ережелері бойынша мәні бойынша қарау үшін іс соттың іс жүргізуіне қабылданған жағдайда осы Кодекстің 409-бабының екінші бөлігінде, 424-бабының 4) тармақшасында, сондай-ақ 5) тармақшасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ іс мәні бойынша қаралмаған, сот актісін шығару талап етілетін өзге жағдайларда ұйғарым шығарады.
426-бап. Апелляциялық қаулының мазмұны

1. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында:

1) қаулының шығарылған күні мен орны;

2) қаулыны шығарған соттың атауы және сот құрамы;

3) апелляциялық шағым берген немесе наразылық келтірген адам, іске қатысатын басқа да адамдар және олардың өкілдері;

4) даудың нысанасы немесе мәлімделген талап;

5) бірінші сатыдағы сот анықтаған істің мән-жайлары, шешімді немесе ұйғарымды шығарған кезде ол басшылыққа алған уәждер; бірінші сатыдағы сот шешімінің қысқаша мазмұны;

6) апелляциялық шағымның немесе наразылықтың және оларға пікірдің қысқаша мазмұны;

7) апелляциялық сатыдағы соттың бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдыру, күшін жою не өзгерту негіздері;

8) апелляциялық сатыдағы соттың өз түйіндерін жасауына алып келген уәждер және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме;

9) істі қарау нәтижелері бойынша апелляциялық сатыдағы соттың түйіндері;

10) сот шығыстарын бөлу;

11) қаулыға шағым жасаудың, наразылық білдірудің мерзімдері мен тәртібі көрсетілуге тиіс.

2. Жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдырған жағдайда апелляциялық қаулының уәждеу

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет