Қазақстан республикасының азаматтық процестік кодексі


) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға не арызды қараусыз қалдыруға



бет19/21
Дата09.06.2016
өлшемі1.46 Mb.
#124822
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
10) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға не арызды қараусыз қалдыруға;

4) бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың ұйғарымының күшін жоюға және егер іс мәні бойынша қаралмаса, істі бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберуге;

5) бірінші сатыдағы соттың шешімін немесе ұйғарымын күшінде қалдырып, апелляциялық сатыдағы сот қаулысының, ұйғарымының күшін толық не бөлігін жоюға;

6) шағымданудың процестік мерзімдерін қалпына келтіру мәселелері бойынша бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар ұйғарымдарының күшін жоюға және апелляциялық шағымды қарау үшін істі апелляциялық сатыдағы сотқа жіберуге;

7) егер бірінші немесе апелляциялық сатылардағы сот істің мән-жайын толық және дұрыс анықтаса, бірақ материалдық құқық нормаларын қолданғанда қате жіберілсе, істі жаңадан қарауға бермей-ақ, бірінші сатыдағы сот шешімінің, ұйғарымының немесе апелляциялық сатыдағы сот қаулысының, ұйғарымының күшін толық не бөлігін жойып, бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттардың шешімін, қаулысын, ұйғарымын өзгертіп, жаңа сот актісін шығаруға құқылы.
450-бап. Кассациялық тәртіппен заңды күшіне енген сот актілерінің

күшін жоюдың немесе өзгертудің негіздемелері

Заңды күшіне енген сот актілерінің күші осы Кодекстің 427-бабында көзделген негіздемелер бойынша кассациялық тәртіппен жойылуға немесе өзгертілуге жатады.

Егер сот дұрыс шешім қабылдаса, бірақ осы Кодекстің 427-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген бұзушылықтарға жол берілсе, қаулыда материалдық және процестік құқықтың уәждері, нормалары көрсетіледі, сот актілері соларға сәйкес өзгеріссіз қалдырылады.
451-бап. Кассациялық сатыдағы соттың актілері

1. Кассациялық сатыдағы соттың актілері қаулылар және ұйғарымдар нысанында шығарылады.

2. Кассациялық сатыдағы соттың қаулысында (ұйғарымында):

1) қаулының (ұйғарымның) шығарылған күні мен орны;

2) қаулыны (ұйғарымды) шығарған соттың атауы мен құрамы;

3) кассациялық (жеке) шағым берген немесе наразылық білдірген адам;

4) апелляциялық сатыдағы соттың шағымдалатын сот актісінің және оған жазбаша пікірдің қысқаша мазмұны, кассациялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысатын адамдардың түсініктемелері;

5) соттың өз түйіндерін жасауына әкеп соққан уәждер және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме;

6) кассациялық (жеке) шағымды немесе наразылықты қарау нәтижелері бойынша түйіндер;

7) қаулыға (ұйғарымға) шағымдану, наразылық білдіру мерзімдері мен тәртібі көрсетілуге тиіс.

2. Кассациялық (жеке) шағым немесе наразылық қанағаттандырусыз қалдырылған және шағым жасалған сот актісіндегі жазылған уәждермен келісілген кезде кассациялық қаулының (ұйғарымның) дәлелдеу бөлігінде апелляциялық сатыдағы сот актісін өзгерту не оның күшін жою үшін осы Кодекстің 427-бабында көзделген негіздемелердің жоқ екендігіне сілтеме жасалып, бұл туралы көрсетіледі.

Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда қарау нысанасы болып табылмаған дәлелдер кассациялық (жеке) шағымда, наразылықта келтірілген жағдайда, қаулының уәждеу бөлігінде осы Кодекстің 445-бабының екінші бөлігіне сәйкес аталған дәлелдердің қабылданбайтыны туралы көрсетіледі.

3. Кассациялық сатыдағы сот осы баптың бірінші бөлігінің талаптарын сақтай отырып, сот актісінің қарар бөлігін шығаруға және жариялауға және оның түпкілікті нысанда дайындалу күнін хабарлауға құқылы. Сот актісінің қарар бөлігі іс материалдарына қоса тіркеледі.

Кассациялық сатыдағы соттың қаулысы бес жұмыс күні ішінде түпкілікті нысанда дайындалуға тиіс.

4. Кассациялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 235, 237-баптарында көзделген жағдайларда және тәртiппен қате жазулар мен айқын арифметикалық қателердi түзету туралы мәселенi қарауға немесе қаулының мәнін өзгертпей, шығарылған қаулыны ұйғарым шығару арқылы түсіндiруге құқылы. Осы Кодекстiң 236-бабында көзделген негіздемелер бойынша кассациялық сатыдағы сот қосымша қаулы шығаруға құқылы.

5. Кассациялық сатыдағы соттың көрсетілген мәселелер бойынша қаулысы (ұйғарымы) шығарылған күнінен бастап күшіне енеді.

6. Кассациялық сатыдағы соттың осы баптың төртінші бөлігінде көрсетілген негіздемелер бойынша шығарылған сот актілеріне кассациялық сатыдағы сот қаулыларына шағымдану үшін белгіленген тәртіппен шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.
452-бап. Кассациялық сатыдағы соттың сот актілерінің заңды күші

Кассациялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдары олар жарияланған күннен бастап заңды күшіне енеді.
453-бап. Іс кассациялық тәртіппен қаралғаннан кейін келіп түскен кассациялық шағымды қарау тәртібі

1. Белгіленген мерзімде немесе өтіп кеткен мерзім қалпына келтірілгеннен кейін берілген кассациялық (жеке) шағым кассациялық сатыдағы сотқа істі басқа шағымдар бойынша қарағаннан кейін келіп түскен жағдайда, сот мұндай шағымды өзінің іс жүргізуіне қабылдауға міндетті.

2. Кассациялық (жеке) шағымды қарау нәтижелері бойынша кассациялық сатыдағы сот негіздемелер болған кезде кассациялық сатыдағы соттың бұрын шығарылған сот актісінің күшін жояды және жаңа қаулы қабылдайды. Мұндай негіздемелер болмаған жағдайда кассациялық сатыдағы сот кассациялық шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарады.

3. Іс осы баптың ережелері бойынша кассациялық тәртіппен қаралғаннан кейін келіп түскен наразылық қаралмайды және егер кассациялық сатыдағы сотта басқа адамдардың шағымын қарау кезінде прокурор қатысса, қайтарылуға жатады.
56-тарау. ҚАДАҒАЛАУ САТЫСЫНДАҒЫ СОТТА ІС ЖҮРГІЗУ
454-бап. Қадағалау тәртiбiмен қайта қаралуға жататын сот актiлерi

1. Жергілікті және басқа соттардың заңды күшiне енген сот актiлерiн, оларға шағымданудың кассациялық тәртібі сақталған жағдайда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қарауы мүмкiн.

Осы Кодекстің 27-бабының төртінші бөлігінің ережелері бойынша қаралған істер бойынша заңды күшіне енген сот актілері, оларға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының инвестициялық дауларды қарау жөніндегі мамандандырылған алқада апелляциялық шағымданудың тәртібі сақталған жағдайда, сондай-ақ осы алқа судьяларының осы Кодекстің 28-бабының ережесі бойынша шығарған сот актілерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауы мүмкін.

Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген айрықша жағдайларда бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдері, ұйғарымдары, қаулылары сот қадағалауы тәртібімен тексерілуі мүмкін.

2. Заңды күшіне енген:

1) жеңілдетілген іс жүргізу (бұйрық арқылы іс жүргізу және жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу) тәртібімен қаралған істер бойынша;

2) татуласу келісіммен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталған істер бойынша сот актiлері қадағалау тәртiбiмен қайта қарауға жатпайды.

3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалаушы сот алқасының қаулысы, егер қабылданған қаулы:

1) адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас салдарға әкеп соқтырса;

2) адамдардың белгісіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзса, айрықша жағдайларда, сот қадағалауы тәртiбiмен тексерiлуi мүмкiн.
455-бап. Заңды күшiне енген сот актiлерiне өтiнiшхат беруге, ұсыным енгізуге, наразылық білдіруге құқығы бар тұлғалар

1. Осы Кодекстiң 454-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген сот актiлерiне дау айту туралы өтiнiшхатты тараптар, iске қатысатын адамдар, сот актілерінде мүдделері қозғалатын басқа да адамдар және олардың өкілдері беруi мүмкiн.

2. Бас Прокурор заңды күшiне енген сот актiсiне өзінің бастамасы бойынша да, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың өтінішхаты бойынша да Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына наразылық білдіруге құқылы. Өтінішхат наразылыққа қоса беріледі.

3. Осы Кодекстің 454-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың заңды күшіне енген сот актілері осы баптың үшінші бөлігінде көзделген айрықша негіздер бойынша Бас Прокурордың наразылығы бойынша сот қадағалауы тәртібімен тексерілуі мүмкін.

4. Осы Кодекстің 454-бабының екінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілері, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген айрықша негіздер бойынша Бас Прокурордың наразылығы бойынша сот қадағалауы тәртібімен тексерілуі мүмкін.

5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалаушы сот алқасының қаулылары осы Кодекстің 454-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынымы, Бас Прокурордың наразылығы бойынша қадағалау тәртібімен тексерілуі мүмкін.

6. Өтiнiшхат берген адам, соның ішінде іс бойынша тарап ретінде өтінішхат берген прокурор, одан бас тартуға, ал наразылық білдірген прокурор оны қадағалау сатысындағы сотқа ол қаулы шығарғанға дейін арыз беру арқылы кері қайтарып алуға құқылы.

Өтінішхаттан бас тарту қадағалау сатысындағы сотта іс жүргізудің, соның ішінде алдын ала қарау сатысында тоқтатылуына әкеп соғады. Осы адамдардың өтінішхатты қайтадан беруіне жол берілмейді, ал берілген жағдайда өтінішхат қайтарылады.

Наразылық кері қайтарылған жағдайда осы Кодекстің 456-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде ол қайтадан білдірілуі мүмкін.

7. Егер сот актілеріне өтінішхатты басқа адамдар берсе және ол бойынша қадағалау іс жүргізуі қозғалса, іс осы тарауда белгіленген тәртіппен мәні бойынша қайта қаралуға жатады.



8. Осы Кодекстiң 463, 464 және 465-баптарында көзделген ережелер Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынымына және Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының наразылығына қолданылмайды және тікелей қадағалау сатысындағы сот қарайды.
456-бап. Заңды күшiне енген сот актiлерiне дау айту, наразылық білдіру мерзiмдерi

1. Кассациялық сатыдағы соттың ұйғарымына, қаулысына өтiнiшхат, наразылық олар заңды күшіне енген күннен бастап алты ай iшiнде берілуі мүмкін.

2. Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері осы Кодекстің 454-бабының үшінші бөлігінде көзделген негіздемелер бойынша сот актілерін қайта қарау туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынымына және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығына қолданылмайды.

3. Егер қадағалау наразылығын білдiру туралы өтiнiшхат прокурорға белгiленген мерзiм сақтала отырып берiлсе, бiрақ ол бойынша шешiм қабылданбаса, сот наразылық білдіру мерзiмiн ұзартады. Наразылықта бұл туралы көрсетiлуге тиiс.
457-бап. Iстi қадағалау тәртiбiмен қарайтын соттар

1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты осы Кодекстiң 455-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдардың өтiнiшхаттары бойынша және кассациялық сатыдағы соттың заңды күшiне енген қаулысына Бас Прокурордың наразылығы бойынша iстi, сондай-ақ осы Кодекстiң 455-бабының екінші, үшiншi, төртінші және бесінші бөлiктерінде көзделген жағдайларда, құрамында кемiнде бес судья қарайды.

2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты осы Кодекстiң 455-бабының бесіншi бөлiгiнде көрсетілген негiздемелер бойынша қадағалау сатысындағы соттың қаулысына Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынымы немесе Бас Прокурордың наразылығы бойынша iстердi қарайды. Істерді осы істерді қарауға бұрын қатыспаған, алқалы құрамда кемінде жеті судья қарайды.
458-бап. Iстердi талап етіп алдырудың және заңды күшiне енген сот актiлерiн қайта қараудың себептерi мен негiздемелерi

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестiрiлген прокурорлар азаматтық iстi сот қадағалауы тәртiбiмен тексеру үшiн тиiстi соттан талап етiп алдыруы мүмкiн.

2. Осы Кодекстiң 455-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген адамдардың өтiнiшхаттары, сол сияқты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өз құзыретi шегiндегi бастамасы iстердi талап етіп алдыруға себеп болып табылады.

3. Iс талап етілген жағдайда сот актілерін қайта қарау туралы өтiнiшхат іс келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде қадағалау сатысындағы сотта қаралуға жатады.

4. Сот прокурордың iстi талап ету туралы сұрау салуын ол сотқа келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрмей орындайды.

Iс талап етіп алдырылған жағдайда қадағалау наразылығын білдiру туралы өтiнiшхатты прокурор iс прокуратураға келiп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде қарауға тиiс.

5. Заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және iс жүргiзу құқығы нормаларының елеулi түрде бұзылуы кассациялық сатыдағы соттың заңды күшiне енген ұйғарымын, қаулысын сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қарауға негiздеме болады.
459-бап. Наразылық келтіру

1. Бас Прокурор себеп пен негiздемелер болған кезде наразылық келтіріп, оны iспен және өтiнiшхатпен бiрге Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жібереді.

2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы наразылықтың көшiрмелерiн iске қатысатын адамдарға жібереді.
460-бап. Наразылықтың мазмұны

Наразылықта:

1) наразылық білдірілген соттың атауы;

2) наразылық білдірілетін сот актiлерi көрсетілуге;

3) сот актiлерi шығарылған iстiң мәнi жазылуға;

4) заңсыз сот актiсiнiң шығарылуына себеп болған, материалдық не процестік құқық нормаларының елеулi бұзылуы нені білдіретіні көрсетілуге;

5) наразылық білдiрген лауазымды адамның ұсынысы немесе түйіні;

6) осы Кодекстің 454-бабының үшінші, төртінші бөліктерінде көрсетілген негіздер бойынша наразылық білдірілген жағдайда, наразылықта сот актілерін қайта қарау үшін негіздердің ерекшелігі неде екені көрсетілуге тиiс.
461-бап. Сот актісіне дау айту және қадағалау наразылығын білдіру

туралы өтінішхаттың мазмұны

1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына берілетін сот актiсiне дау айту туралы және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына берілетін қадағалау наразылығын білдіру туралы өтiнiште:

1) өтiнiшхат жіберіліп отырған соттың атауы, өзіне өтiнiшхат жіберіліп отырған лауазымды адамның атауы;

2) өтiнiшхат беретін адамның және мүддесі үшін өтінішхат беріліп отырған адамның аты-жөні, оның тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi және iстегi процестік жағдайы;

3) iске қатысатын адамдар аталып, олардың тұрғылықты немесе орналасқан жерi көрсетілуге;

4) iстi бiрiншi, апелляциялық және кассациялық сатыларда қараған соттар және олар қабылдаған шешiмдердiң мазмұны көрсетілуге;

5) дау айтылып отырған, наразылық білдіру ұсынылатын сот актісі көрсетілуге;

6) материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуы және өтінішхатты берген адамның өтініші нені білдіретіні көрсетілуге;

7) осы Кодекстің 454-бабының үшінші бөлігінде көзделген негіздемелер бойынша өтінішхат берілген жағдайда өтінішхатта сот актілерін қайта қарау үшін негіздемелердің ерекшелігі неде екені көрсетілуге тиiс.

2. Егер өтiнiшхат iске қатыспаған адамның мүддесі үшін берілсе, онда дау айтылып отырған сот актісінде сол адамның қандай құқықтарының бұзылғаны көрсетiлуге тиiс.

3. Егер өтiнiшхат бұрын қадағалау сатысындағы сотқа берiлсе және алдын ала қарауға дейін не алдын ала қарау кезінде кері қайтарылса, өтінішхатта қайтару себептері туралы көрсетiлуге тиiс.

4. Өтiнiшхатты оны берген адам оған қол қоюға тиiс. Өтінішхатты электрондық құжат нысанында берген кезде оны берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Электрондық құжат нысанында берілетін өтінішхатқа осы бапта көрсетілген құжаттардың көшірмелері электрондық нысанда қоса беріледі.

5. Өтінішхатқа «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген мөлшерде сот актісіне дау айту туралы мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса берілуге тиіс.


462-бап. Өтiнiшхатты немесе прокурордың наразылығын кері қайтару

1. Өтiнiшхат немесе прокурор наразылығы мынадай негiздер бойынша:

1) өтiнiшхат немесе прокурордың наразылығы осы Кодекстiң 460, 461-баптарының талаптарына сәйкес келмесе;

2) өтiнiшхатты немесе прокурордың наразылығын осы Кодекстiң 455-бабына сәйкес заңды күшiне енген сот актiсiне дау айтуға, наразылық білдіруге құқығы жоқ адамдар берсе;

3) өтiнiшхат немесе прокурордың наразылығы осы Кодекстiң 456-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн берiлсе және оны қалпына келтiру үшін дәлелдi себептер болмаса;

4) өтiнiшхат немесе прокурордың наразылығы қадағалау сатысындағы соттың сот отырысында мәнi бойынша қаралғанға дейiн немесе өтінішхат алдын ала қаралғанға дейін не алдын ала қарау кезінде олар кері қайтарылып алынса;

5) өтінішхаттан және наразылықтан бас тартуға немесе наразылықты кері қайтарып алуға байланысты қадағалау сатысындағы сотта іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған жағдайда;

6) өтiнiшхат немесе прокурордың наразылығы қадағалау сатысындағы сотқа соттылық ережелері бұзыла отырып берiлсе;

7) процестің осы қатысушысының арызы бойынша қадағалау іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулы болса;

8) сот актісіне дау айту туралы өтінішхатқа мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса берілмесе, оларды берген адамдарға кері қайтаруға жатады.

2. Өтінішхатты немесе наразылықты осы баптың бірінші бөлігінің 3), 4), 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша кері қайтару туралы ұйғарымды тиісінше қадағалау сатысындағы сот не алдын ала қарау кезінде қатысқан судьялар шығарады. Қалған жағдайларда өтінішхаттар үш жұмыс күні ішінде хатпен кері қайтарылады.

3. Өтiнiшхатты немесе прокурордың наразылығын қайтаруға негiз болған кемшiлiктер жойылған жағдайда, олар осы Кодекстің 455-бабының бесінші, алтыншы бөлігінде көзделген өтінішхаттан бас тарту жағдайларын қоспағанда, жалпы негiздер бойынша қайтадан берілуі мүмкін.

4. Прокурор қадағалау наразылығын білдіру туралы өтінішхатты өтініш беруші сот актісін тікелей қадағалау сатысындағы сотта даулау туралы өтінішхат беруі үшін, егер ол осы құқықты пайдаланбаса, осы Кодекстің 112-бабының бірінші бөлігінің 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар осы Кодекстің 461-бабының талаптарын сақтай отырып өтінішхат берген жағдайларды қоспағанда, оған қайтаруға құқылы.


463-бап. Өтiнiшхатты алдын ала қарау

1. Сот актiсiне сот қадағалауы тәртiбiмен дау айту туралы өтiнiшхатты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалаушы сот алқасының бiреуi баяндамашы болып табылатын үш судьясы алдын ала зерделейді және қарайды.

2. Өтiнiшхат оны берген адамға хабарланбай, келiп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде, ал iс талап етілген жағдайда – iс келiп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде қаралады.

Азаматтық істі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы өтінішхат келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде не өтінішхат алдын ала қаралатын күні талап етілуі мүмкін.

3. Өтінішхаттың алдын ала қаралатын күні туралы прокурорға хабарланады.
464-бап. Өтiнiшхатты алдын ала қарау нәтижелерi бойынша

қабылданатын шешімдер

1. Судьялар өтiнiшхатты алдын ала қарау нәтижелерi бойынша:

1) дау айтылатын сот актiсiн қайта қарау бойынша қадағалау iс жүргiзуiн қозғау және азаматтық iстi талап ете отырып, өтiнiшхатты қадағалау сатысында қарау туралы;

2) дау айтылатын сот актiсiн қайта қарау бойынша қадағалау iс жүргiзуiн қозғаудан бас тарту туралы;

3) өтiнiшхатты қайтару туралы қаулы шығарады.

2. Соттың өтiнiшхатты алдын ала қарау нәтижелерi бойынша шығаратын қаулысында:

1) қаулының шығарылған күнi мен орны;

2) өтiнiшхатты қараған және қаулы шығарған тиiстi сот судьяларының тегi мен аты-жөнi;

3) дау айтылатын сот актiсi көрсетіле отырып, қаулы шығарылған iс;

4) өтiнiшхатты берген тұлғаның атауы;

5) өтiнiшхатта келтiрiлген дәлелдер;

6) өтінішхатты іспен бірге қадағалау сатысындағы сот отырысында қарауға беру үшін негіздемелер;

7) қадағалау іс жүргізуін қозғаудан бас тартылған жағдайда қаулыда осы Кодекстің 427-бабында көзделген негіздемелердің болмауына сілтеме жасалып, дау айтылатын

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет