Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы төртінші кезеңдік баяндама Кіріспе


Заңда азаматтардың шағым, сұрау, арыз жазылған өтініштерін қарау тәртібі де, осы өтініштерге жауап беру тәртібі де анық әрі нақты жазылған



бет3/12
Дата23.02.2016
өлшемі2.1 Mb.
#2640
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Заңда азаматтардың шағым, сұрау, арыз жазылған өтініштерін қарау тәртібі де, осы өтініштерге жауап беру тәртібі де анық әрі нақты жазылған.

Мемлекеттік органдар мен соттан басқа, Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл (омбудсмен), Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты құқық қорғау ұйымдары жұмыс істейді.


Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия
      1994 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен консультативтік-кеңесші орган ретінде Мемлекет басшысы жанынан Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрылды. Адам құқықтары жөніндегі комиссия қызметінің негізгі бағыты Мемлекет басшысына өзiнiң адам құқықтары мен бостандықтарының кепiлi ретiндегi конституциялық өкiлеттiктерiн iске асыруға жәрдемдесу болып табылады. Комиссия адам құқықтары саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру және құқық қорғау тетіктерінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Комиссияға түсетін өтініштер, ең алдымен, адам құқықтарының ахуалын зерделеу, заңнамалық базадағы және мемлекеттік органдардың құқық қорғау практикасындағы кемшіліктерді анықтау үшін қажет.

Комиссия мемлекеттік органдармен, соттармен, прокуратурамен, полициямен, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды, олардың бірлескен қызметі қазақстандықтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл

Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымы Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі Жарлығымен құрылды.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалауды жүзеге асыратын, өз құзыреті шегінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуын қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдауға өкілетті берілген лауазымды адам болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкілдің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және өзгеше қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкілдің қызметін қамтамасыз етеді.

Комитеттің 45-ші сессиясының ұсынымдарына сәйкес Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл өз қызметін жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ шет ел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың өздерінің Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заң актілерімен және халықаралық шарттарымен кепілдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарын бұзатын лауазымды адамдар мен ұйымдардың iс-әрекетi мен шешiмдерiне арыздарын қарайды.

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзу фактілерін белгілеу мақсатында Уәкілетті өкіл өз құзыреті шегінде жолсыздық фактілері туралы мәліметтерді келіп түскен арыздар негізінде де, егер бұл жолсыздықтар туралы оған ресми көздерден немесе бұқаралық ақпарат құралдарынан белгілі болса, өз бастамасымен де тексереді.

Бұдан басқа, Уәкілетті өкіл қызметтік куәлігін көрсету арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, оның ішінде, әскери бөлімшелер мен құралымдардың аумақтары мен ғимараттарына кіріп-шығуға және онда болуға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарына баруға, онда ұсталатын адамдармен кездесіп, сөйлесуге құқылы.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыру үшін орталық және жергiлiктi атқарушы органдар арасындағы үйлестіру қызметiн, сондай-ақ азаматтық қоғамның үкiметтiк емес және басқа да секторларымен ынтымақтастық жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 36 қаулысымен арнайы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Балалардың құқықтарын қорғау комитетi құрылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы

«Қазақстан Халықтарының ассамблеясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен елдегі этносаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан консультативтік-кеңесші орган құрылды. Ассамблеяның конституциялық мәртебесі бар және ол Парламент палаталарының бірі – Мәжіліске 9 депутат сайлауға құқылы. 2008 жылғы қазанда оның қызметін нормативтік-құқықтық реттеуді қамтамасыз еткен «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды.

Жоғарыда аталған институттардың барлығы құқық бұзуды қорғауда қосымша мүмкіндік береді. Сондай-ақ, олар республикадағы балалардың құқықтарын қорғау мониторингін жүзеге асырады.

Арыздарда көрсетілген фактілерді тексеру барысында, олардың лауазымды адамдар мен ұйымдардан арызды қарауға қажетті мәліметтерді сұратуға; адамның және азаматтың құқықтары мен бостандығын бұзған лауазымды адамға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік іс не қылмыстық іс қозғау туралы қолдаухатпен уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға жүгінуге; жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабарлама жариялауға құқығы бар.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс істейді. Комиссия Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығымен құрылған. Оның мәртебесі – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органы. Комиссия міндеттерінің бірі ерлер мен әйелдер мүмкіндігінің теңдігіне жетуге ықпал жасау, отбасы институтын нығайту, жыныстар теңқұқылығының сақталмауына, отбасы мәселелеріне қатысты өтініштерін қарау.

Адам құқықтары жөнінде хабардар болуды жоғарылату
Қазақстан Республикасында Адам құқықтары саласындағы іс-қимылдың 2009 – 2012 жылдарға арналған ұлттық жоспары (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) әзірленді.

Ұлттық жоспардың негізгі мақсаттары: адам құқықтары саласындағы білімді жетілдіру, адам құқықтары саласындағы білімнің негізгі принциптері мен әдістерін жалпы түсінуді жетілдіру, ұлттық және халықаралық деңгейлерде адам құқықтары саласындағы білімге баса назар аудару, адам құқықтары саласындағы білімді жетілдіру және дамыту ісінде барлық мүдделі тараптардың өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын кеңейту, сондай-ақ адам құқықтары саласындағы білімнің қолданыстағы оқу бағдарламаларын жетілдіру болып табылады.

Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі № 154 Жарлығымен «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 – 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітілді.

Тұжырымдаманың мақсаты адам құқықтары саласындағы халықаралық шарттар мен пактілер шеңберіндегі халықаралық-құқықтық құралдарға сәйкес азаматтық қоғам институттарын жан-жақты дамыту және олардың мемлекетпен және бизнес-сектормен тең құқылы әріптестігі үшін заңнамалық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық-әдістемелік базасны жетілдіру болып табылады.

Құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, құқықтық оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1116 қаулысымен «Құқық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 – 2011 жылдарға арналған бағдарлама» бекітілді.

Бұл бағдарлама шеңберінде мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құқық түсіндіру жұмысы мәселелерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс, халықтың жеке санаттарының құқықтық сауаттылығының міндетті минимумын әзірлеу мен енгізу және адам құқықтарын құрметтеуді қалыптастыруға бағытталған басқа да шаралар көзделген.

Адам құқықтары білім берудің барлық жүйесі шеңберінде және білім берудің барлық деңгейілерінде енгізілуде және іске асырылуды.

Әрбір балаға қажетті көлемде саяси-құқықтық білім беру мақсатында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін бейінді орта мектептердің 10-11 сыныптарында 68 сағат және жаратылыстану-математика бағытындағы мектептердің 10 сыныптарында 34 сағат көлемінде «Құқық негіздері» пәні оқытылады. 9 сыныптарда 68 сағат көлемінде «Адам. Қоғам. Құқық» пәні оқытылады. Қазақстандық қоғамның құқықтық жүйесі, құқық салаларының негізі, соттың, прокуратураның және басқа да құқық қорғау органдарының қызметі осы курстарды оқытудың мәні болып табылады.

2006 – 2007 оқу жылынан бастап республика мектептерінде құқық пәндері республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарыстарының тізбесіне енгізілді, бұл оқушылардың құқық пәндерін оқуға ынтасын арттыруға ықпалын тигізеді.

Бұған қоса факультативтер, сынып сағаттары, мектептен тыс іс-шаралар жүргізіледі. Оқушылар арасында құқық түсіндіру жұмысын ұйымдастыратын мектеп үгітбригадалары жұмыс істейді.

Адам құқықтарын қорғау және демократиялық бостандықтар, барлық азаматтардың мемлекет істерін басқаруға қатысу мүмкіндігі, баршаның және әркімнің теңдігі, ұлтына, діни нанымына қарамастан, жеке тұлғаны және бостандықтарды құрметтеу принциптеріне негізделген «Азаматтық білім беру» вариативті курсы жүргізіледі. Вариативті курстың сағат саны – аптасына 1 сағат.

Адам құқықтары саласындағы білім беру проблемалары жөніндегі материалдар: «Қазақстан балалары» (ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті), «Бала және құқық», «Қазақстан тарихы», «Учитель Казахстана», «Қазақстан мұғалімі», «Қазақстан мектебі» және тағы басқа мерзімді журналдар мен газеттерде жарияланады.

Балалардың құқығын қорғау департаменттерінде 6 WEB-сайт құрылған, оларға құқықтық ақпарат орналастырылып, құқық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Балалардың құқығын қорғау комитетінің www.bala-kkk.kz сайтында «Өзін-өзі тану», «Қоғамға қызмет ету», «Сұрақ-жауап», «Гаага Конвенциясы» және тағы басқа айдарлар құрылған.

Халықтың заңдық ақпаратқа қол жетімділігі кеңейтілді. Қоғамдық орындарда қолданыстағы құқықтың электрондық базасына тегін кіру нүктелері орналастырылған. Сонымен қатар, Әділет министрлігінің сайтында аталған базаның қысқартылған тегін Интернет-нұсқасы жұмыс істейді. Таяудағы перспективада барлық құқықтық массивке халықтың Интернет арқылы қол жетімділігін кеңейту жоспарланып отыр.

Білім және ғылым министрлігі 2010 жылы адамның негізгі құқықтары, жалпы білім беретін мектептердегі адам құқықтарын оқыту туралы мектеп оқушыларының хабардар болуы жөнінде әлеуметтанушылық сауалнама жүргізді.

Сауалнама нәтижелері оқушылардың мектептегі өз құқықтарын неғұрлым терең оқып білуге жоғары қызығушылық (96 %) танытатынын көрсетті. Өз құқықтары бұзылған жағдайда қайда өтініш беру керектігін білетін балалар пайызы төменгі сыныптардан жоғары сыныптарға қарай өсуде (45 %-дан 76 %-ға дейін).

Адам құқықтары мәселелері бойынша білімнің қалыптасуы мен балаларға практикалық көмек көрсетуде ата-аналар мен отбасының рөлі ерекше, себебі адам құқықтары туралы ақпаратты оқушылардың жартысынан астамы өз ата-анасынан алады және құқығы бұзылған жағдайда олар тағы да ата-анасына жүгінеді.

Қазіргі уақытта Азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін жоғарылату жөніндегі 2012 – 2014 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленді.

Балаларға өздерінің проблемаларын шешуде уақтылы көмек көрсету, балаларды құқықтық қорғау мәселелеріндегі істің жай-күйі, олардың өз құқықтары туралы хабардар болу дәрежесін туралы ақпаратты жинау және талдау, бала құқықтары туралы материалдарды тарату мақсатында республикада сенім телефондары мен балалардың қоғамдық қабылдаулары жұмыс істейді.


Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны

іске асыруы туралы

І. Жүзеге асыру жөніндегі жалпы шаралар

(Конвенцияның 4, 42-баптары және 44-бабының 6-тармағы)


Конвенцияның жоғарыда көрсетілген баптарын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы ақпарат бастапқы баяндаманың 21-24, 29, 30, 55-57, 70-72, 84-тармақтарында және оған қосымша мен Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы екінші және үшінші жиынтық мерзімді баяндаманың 18-59-тармақтарында баяндалған.

Конвенцияның жалпы принциптері мен нормалары (2, 3, 6 және 12-баптар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық атқару кодекстеріне имплементацияланған. Негізгі қолдану саласы балалардың құқықтары мен мүдделері болған тұтастай заңдар кешені қабылданды (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Неке және отбасы туралы», «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Балалары бар отбасына мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» және басқа заңдары).

2006 жылдан бері балалардың құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi заңнаманы одан әрi дамыту оны Конвенция принциптері мен ережелерiне неғұрлым толық сәйкес келтіру және баланың әлеуметтiк сәтсіздігінің алдын алу үшiн құқықтық жағдайлар жасау мақсатында жүзеге асырылды. Бұған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексінің, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының, «Балаларды қорғау және шетелдік бала асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 12 наурыздағы 253-IV Заңының қабылдануы ықпал етті.

Балалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн сақтауға қатысты ұлттық саясатты iске асыруға бiлiм беру, денсаулық сақтау бағытталған:

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1260 қаулысымен бекітілген «2008 – 2016 жылдарға арналған Салауатты өмір салты» бағдарламасы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1251 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы қан қызметін жетілдіру бойынша шаралар туралы» 2008 – 2010 жылдарға арналған бағдарлама.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1325 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы ана мен бала өлім-жітімін азайту жөніндегі 2008 – 2010 жылдарға арналған бағдарлама.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1116 қаулысымен бекітілген Құқық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру жөніндегі 2009 – 2011 жылдарға арналған бағдарлама.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЮНИСЕФ-тің елдік бағдарламасының 2010 – 2015 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына қол қойды.

Елдік бағдарлама балалардың, әсіресе осал топтардың өмір сүру сапасын жақсартуда, сондай-ақ қатар өңірлік және гендерлік теңсіздікті азайтуда Қазақстан Үкіметіне ықпал етуге бағытталған.

Елдегі экономикалық өсуге байланысты балалар мүддесiндегi: оқыту, тәрбиелеу, денсаулық сақтау, адамгершілік және рухани даму, әлеуметтiк қамтамасыз ету және отбасы мен балаларды қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру үшін басым қаржыландыру белгіленген.

2010 жылы халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ 9000 АҚШ долларын құрады, бұл 2007 жылғы деңгеймен салыстырғанда 25%-ға артық (6 772 АҚШ доллары).

Елдегі әлеуметтік салаға арналған шығыстар жыл сайын ұлғаюда.

Егер 2006 жылы мемлекеттік бюджеттің жалпы көлеміндегі шығыстар үлесі 41,34%-ды құраса, 2010 жыл қорытындысы бойынша 50%-дан артық.



(млн. теңге)

Шығындар

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

Мемлекеттік бюджет

Білім беру

480 696


641 060

746 477

797 414


%-бен

17,0

16,9

17,6

16,9

Денсаулық сақтау

299 381


363 210


450 893

551 326


%-бен

11,2

10,7

12,0

12,4

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету

502 381


622 017


758 308


905 273


%-бен

18,8

18,3

20,3

20,3

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

122 210

163 969

173 618


227 564


%-бен

7,5

6,9

8,1

5,1

Республикалық бюджет

Білім беру

127 700

168 210

215 560

236 393


Денсаулық сақтау

100 830


115 581


176 800


367 185


Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету

462 667


566 194


695 931


835 497


Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

62 964


87 461


104 389


135 389


Жергілікті бюджет

Білім беру

352 996

472 850

530 917

579 648


Денсаулық сақтау

262 852


320 762

386 553

330 352


Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету

44 789


61 874


86 123

97 381


Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

73 778


108 493


108 183


129 795




Конвенцияның принциптері мен ережелері туралы хабардар ету
Республикада балалармен жұмыс iстейтiн мамандардың, жұртшылықтың, балалар мен олардың ата-аналарының Конвенцияның негiзгi ережелерi туралы хабардар болу мәселелерiне, оларды насихаттауға және түсiндiруге зор көңiл бөлiнедi.

Құқық қорғау органдары мен пенитенциарлық жүйе қызметкерлерін оқыту және олардың кәсіптік деңгейін жоғарылату жөнінде тұрақты негізде шаралар қабылданып тұрады. Oның ішінде адам құқықтары саласындағы халықаралық құқықтық нормалар мен стандарттарды зерделеу және қолдану бөлгінде.

Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) оқу мекемелерінің, сондай-ақ біліктілікті жоғарылату курстарының бағдарламаларына Бала құқықтары туралы конвенцияны, сондай-ақ балалардың құқықтары мен бостандығын қорғауды қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілерді оқытуға арналған арнайы курстар енгізілген.

ІІМ жоғарғы оқу орындарында «Әлеуметтану» пәні бойынша, «Отбасы мен жастарды әлеуметтендіру», «Бала құқықтары туралы конвенция» тақырыптары 6 сағат көлемінде, ал колледждерде – «Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету» тақырыбы 4 сағат көлемінде және ІІМ училищелерінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторларды даярлау барысында «Арнайы даярлық» пәні бойынша Бала құқықтары туралы конвенциясы жөнінде тақырыптар оқытылады.

2010 жылғы 19 – 21 мамыр аралығында Астана қаласында Адам құқықтары және заңдылықтың сақталуы жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюромен бірге ІІМ училищелерінің 15 өкілінің қатысуымен адам құқықтары жөніндегі арнайы курс өткізу әдістемесі бойынша балалардың мүддесі мен құқықтарын оқыту жөніндегі тақырыптарды көздейтін тренинг өткізілді.

Учаскелік және мектептегі кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі полиция инспекторлары тұрақты негізде бұқаралық ақпарат құралдары мен мектептерде Бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі принциптері мен ережелерін ақпараттық жария етуді жүргізеді, сондай-ақ балалар үшін құқықтары бұзылған жағдайда өз құқығын қорғау жөнінде оқыту тренингтері өткізіледі.

Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің Бала құқықтары туралы конвенцияның ережелері мен баптары туралы хабардар болуын жоғарылату үшін республикалық іс-шаралар: форумдар, саммиттер, конференциялар, дебаттар және басқалары өткізіледі.

2007 – 2010 жылдары барлығы 40 мыңнан астам әртүрлі іс-шаралар жүргізілді, оның ішінде 210 семинар, 50-ге жуық дөңгелек үстел, жеті мың дебат, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша диспуттар, 20 мыңнан астам қайырымдылық акциялары, суреттердің, плакаттардың конкурстары, мерекелік концерттер және басқалары. Әртүрлі халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері, меценаттар, демеушілер және тағы басқалар іс-шараларды өткізуге белсене қатысады. Ата-аналар үшін, әсіресе ауылдық жерлерде, балалардың қатысуымен ата-аналар лекторийлерін, семинар-тренингтер, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу көзделген. Білім беру ұйымдарында Бала құқықтары туралы конвенцияға арналған стенділер, бұрыштар, кітапханаларда құқықтық білім беру жөніндегі стенділер ресімделген.

Айталық, мысалы, 2009 жылғы қарашада Астана қаласында Бала құқықтары туралы конвенцияның 20 жылдығына арналған «XXI ғасыр балалары: біздің құқықтарымыз бен мүмкіндіктеріміз» атты республикалық саммит өткізілді. Саммиттің негізгі міндеттері – Бала құқықтары туралы конвенцияның баптары туралы хабардар болуды жоғарылату, қазіргі заманғы қазақстандық қоғамдағы балалар мен жасөспірімдер жағдайының ең өзекті проблемаларын айқындау, дипломатия тілі мен төзімділікке үйрету.

2010 жылы Павлодар қаласында III-ші Республикалық патриоттар форумы өтті. Форумға қатысу балаларға қоғамдық маңызы бар қызметке, мастер-класстар, дөңгелек үстелдер мен басқа да іс-шаралар өткізуге қатысуда тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.

2010 жылғы 19 – 29 қараша аралығында Бүкіләлемдік Бала күніне арналған «Бүкіл әлем мен үшін» тақырыбына онкүндік өткізілді. Бүкілқазақстандық онкүндік барысында бүкіл республика бойынша әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар, оның ішінде қайырымдылық акциялары, конкурстар, дебаттық турнирлер, пресс-конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер, кездесулер мен әлеуметтану сауалнамалары өтті.

Республикада үгіттоптар, үгітбригадалар, мектеп омбудсмендері жұмыс істейді.

Павлодар облысында мектеп омбудсмендері әрекет етеді. Балалардың құқықтарын қорғау департаменті облыстағы жалпы білім беретін 146 мектеппен бірге мектеп омбудсмені қызметінің ережесіне қол қойып, 2009 – 2011 оқу жылына арналған жоспарын бекітті. Білім беру ұйымдарында мектеп омбудсмендерінің атына жазылған өтініштер мен хаттар үшін жәшіктер орнатылған, оқушыларды қабылдау жұмыстары жүргізіледі. Павлодар қаласындағы мектеп омбудсмендері компьютерлік клубтарды тексеру акциясына қатысып, қала мектептері оқушыларының арасында өз құқықтары туралы хабардар болу мәселелері жөнінде сауалнама жүргізді.

«Құқықтық шолғыншы» үгіттоптары Конвенция баптары туралы әңгімелер, сюжеттік қойылымдарды көрсетуді жүзеге асырады, құқық тақырыбына викториналар, сайыстар, дөңгелек үстелдер өткізеді.

Жыл сайын республикада әлеуметтану зерттеулері, Конвенция ережелері туралы балалардың хабардар болу деңгейінің, бала құқықтары бойынша ағартушылық және білім беру қызметінің мониторингі жүргізіліп отырады.

2009 жылы Қазақстан Республикасының Конвенцияны ратификациялауының 15 жылдығы шеңберінде және 2010 жылы республиканың бiлiм беру органдары балалардың Конвенция ережелерi туралы хабардар болу деңгейінің, бала құқықтары жөнiндегi ағартушылық және бiлiм беру қызметінің мониторингін жүргiздi. Алынған материалдарды талдау республиканың бiлiм беру ұйымдарында, әсіресе елді мекендерде, оқушылар арасында да, сондай-ақ ата-аналар қауымы мен педагогтар арасында да Конвенция ережелерiн түсiндiру жөнiндегi жұмыстың жандана түскенi туралы қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi.

2010 жылы республиканың қалалық және ауылдық өңірлерінен 193 025 бала балалардың өз құқықтары жөнінде хабардар болуының, Бала құқықтары туралы конвенция, балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына; бала сатуға, балалардың жезөкшелігіне және балалар порнографиясына қатысты Факультивтік хаттамалар сияқты негіз қалаушы халықаралық құжаттарды білуінің деңгейі жөнінде зерттеулермен қамтылды.

Тұтастай алғанда, оқушылардың бала құқықтары туралы мағлұматы бар. Сауалнамаға қатысқандардың жартысы халықаралық құқық қорғау құжаттары туралы жақсы білетінін көрсетті.

Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан астамы Бала құқықтары туралы конвенция туралы біледі: ең жоғары көрсеткіш Батыс Қазақстан (89%), Павлодар (89%), Шығыс Қазақстан (86%), Жамбыл (62,1%) облыстарында. Қалған облыстарда Конвенция туралы хабардар болу көрсеткіштері 56%-дан 60%-ға дейінгі аралықта.

Білім берумен, сондай-ақ денсаулықпен және эмоционалдық саулықпен (физфикалық және психологиялық зорлықтың, кемсітудің, қатал немесе немқұрайлы көзқарастың барлық түрлерінен қорғаумен) байланысты құқықтар ең маңызды құқықтар деп белгіленді.

Зерттеу нәтижелері бойынша мектеп балалар үшін ең негізгі және маңызды құқықтық ақпарат көзі болып қала береді. Атырау облысы (86%), Алматы қаласы (60%), Ақтөбе (54%) және Қарағанды (50,5%) облыстары балаларының жартысынан астамы осылай деп санайды. Қалған облыстардағы балалар мектептен басқа, ата-аналар мен БАҚ-ты ақпарат көзі болып табылады деп санайды.

Сауалнамаға қатысқандардың барлығының дерлік бала еңбегінің ең нашар түрлері туралы хабары бар. Бұл терминді Алматы қаласының сауалнамаға жауап берушілерінің жартысынан астамы (63%) анықтай алды. Шығыс Қазақстан облысының оқушылары (98,9%), Ақмола облысының сауалнамаға қатысқан оқушылары (89%) және қалған облыстар оқушыларының 57%-дан астамы республикада балалардың мәжбүрлі жұмыс істеуіне тыйым салынғанын біледі.

Шығыс Қазақстан (98%), Ақмола (98%), Павлодар (96,5%), Батыс Қазақстан (95%), Қызылорда (63,1%) облыстары, Алматы қаласы (54%) оқушыларының жартысынан астамы сауалнамаларда мемлекеттіңі бала сатуға, балалардың жезөкшелігі мен балалар порнографиясына тыйым салғаны туралы білетінін көрсетті. Қалған облыстардың оқушылары сауалнамаларда мемлекет бала сату мен балалардың жезөкшелігі үшін жазалайды деп көрсетті. Ауылдық жерлерде балалардың Конвенция ережелері туралы білімі қалалық жерлерде тұратын балалардың білімінен кем түспейтінін атап өткен жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет