Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы төртінші кезеңдік баяндама Кіріспе


f) Жеке бастың тірлігіне құқықты қорғау



бет6/12
Дата23.02.2016
өлшемі2.1 Mb.
#2640
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

f) Жеке бастың тірлігіне құқықты қорғау

(16-бап)
«Жеке бастың тірлігіне құқықты қорғау» Конвенциясының 16-бабының нормалары 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың 151 – 152-тармақтарында және 2007 жылы Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 152 – 160-тармақтарында көрсетілген.



Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да заңнамалық актілерге сәйкес әрбір адам жеке өмірге қолсұғылмаушылыққа, тұрғын үйіне қол сұғылмаушылыққа құқылы.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Парламенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарауда.

Баланың, оның ішінде жетім баланың тұрғын үйді сақтауға арналған құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелген.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекеттік тұрғын үй көмегін көрсету үшін 2009 жылғы шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, оның шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдардың санатына жетім балаларды ғана емес, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды енгізу туралы норма және олардың тұрғын үй алуға кезекте тұру жасын 23 жасқа дейін ұлғайту көзделген.

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі «Тұрғын үй қатынастарының мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы» Заңына сәйкес жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар белгіленген тәртіпке мемлекеттік тұрғын үй қрынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылған және 29 жасқа дейін есепке алынғандар тұрғын үй алғанға дейін есептен шығарылуға тиісті емес.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі 2010 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың істер және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды.

Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдеріне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен, оның ішінде тұрғын үйді бекітіп беру және сақтау мәселелері бойынша қамтамасыз ету бөлігінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын орындау жөніндегі барлық қажетті шараларды қабылдау ұсынылды.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй құқықтарын бұзу фактілері талқылау мәні болып қалуда.

Мәселен, соңғы үш жылда қамқоршылық және қорғаншылық органдарының талап-арыздары бойынша 51 пәтер қайтарып алынды (Ақмола облысында – 8 пәтер, Қарағанды облысында – 14, Қостанай облысында – 5, Қызылорда облысында – 10, Маңғыстау облысында – 2 және т.б.).

Қамқоршылық және қорғаншылық органдары сотқа ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларға тұрғын үйді қайтару бойынша 149 талап-арыз берді (олардың ішінде тек қана Қостанай облысы бойынша – 60 талап-арыз, Қарағанды облысы бойынша – 17, Қызылорда облысы бойынша – 9, Ақмола облысы бойынша – 9, Ақтөбе облысы бойынша – 3 және басқалары).

Республикада жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасындағы білім беру ұйымдарының түлектері үшін 29 жасөспірімдер үйі ашылды, оларда 17-ден 23 жасқа дейінгі жастағы 1360-қа жуық түлек тұрады. 2006 жылдан бастап 2010 жыл кезеңінде осы санаттағы балаларға 327 пәтер бөлінді, 599 бала бекітіліп берілген тұрғын үйге қайтып оралды.

Қарағанды облысының әкімшілігі 16-дан 23 жасқа дейінгі жастағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамтамасыз ету жөніндегі 2011 – 2013 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасын әзірледі. Жобаға сәйкес 320 бала мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етілетін, 4 Жасөспірімдер үйі және Жастар үйі ашылатын болады.

Ақтөбе облысында Жастар үйінің «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да жеке меншік тұрғын үй сатып алуға бастапқы жарнасы бар тәрбиеленушілері үшін 15 млн. 568 мың теңге мөлшерінде сома бөлінді.

Қостанай облысында 2006 – 2010 жылдар кезеңінде «Жалдамалы (коммуналдық) тұрғын үй» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 75 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бір бөлмелі тұрғын үймен қамтамасыз етілді, олардың ішінде 39-ы – 2009 жылы.

Батыс Қазақстан облысында соңғы үш жылда мемлекеттік тұрғын үй қорынан осы санаттағы 108 бала тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Астана қаласында 2010 жылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға уақытша, бірақ кезекке сәйкес тұрғын үй алғанға дейін жалдауға берілетін пәтерлер берілді. Некеде тұрмағандарға екі адамға бір бөлмеден деп ескеріліп тұрғын үй берілді.



g) Тиісті ақпаратқа қолжетімділік

(17-бап)
Баланың тиісті ақпаратқа қолжетімділігіне құқық 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың 153 – 158-тармақтарында және 2007 жылы Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 161 – 177-тармақтарында көрсетілген.

Білім беруді ақпараттандыруды дамыту жөніндегі жұмыс жүргізілуде. 2010 жылы 18 оқушыға бір компьютерден келеді. 2005 жылы бұл көрсеткіш
41-ді құрады, оның ішінде 36 – ауылдық жерлерде. 2011 жылы бір компьютерге 16 оқушыдан келеді.

2010 жылы Интернет желісіне мектептердің 98 %-ы қосылды, ауылдық – 97 % (2005 жылы – тиісінше 75 % және 70 %). Мектептердің 34 %-ы кең жолақты Интернетке қол жеткізді. Осындай мүмкіндіктің арқасында балалар ақпарат әлеміне және интерактивті оқу ресурстарына қолжетімділік алуда.

Білім беру үрдісіне барлық қатысушылардың үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарында «e-learning» электрондық оқыту жүйесі пайдаланылады.
«e-learning» электрондық оқытуды 2015 жылы – 50 %, 2020 жылы – 90 % пайдалану жоспарланып отыр.

Алға қойған мақсатқа жету оқу сапасын, білім беруді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуді арттырады.

Ашық қолжетімділіктегі орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын цифрлық білім беру контентімен толық қамтамасыз ету (қандай да болмасын ақпараттық ресурсты – мәтін, графика, музыка, бейне, дыбыс және т.б. толтыру немесе ұстау) жоспарланып отыр.

Оқу үрдісіне автоматтандыруды енгізу үшін әрбір білім беру ұйымы қажетті жабдықпен жарақтандырылатын болады: жаңа үлгідегі компьютерлер, Интернетке кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету және басқалары.

2007 – 2008 оқу жылынан бастап республика мектептерінде он-лайн оқыту жүйесі енгізілуде. Бес жылда 3571 мектеп интерактивті кабинеттермен жабдықталды.

2007 – 2008 оқу жылынан бастап интерактивті сабақтар, семинарлар, форумдар өткізілуде.

Интерактивті сабақтарды өткізу үшін портал (www.sabak.kz) жұмыс істейді, мұнда интерактивті сабақтардың 100-ден астам бейнежазбалары сақталған. Порталға орналастырылған барлық электрондық ресурстар ақпаратты өз бетімен алуына мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта мектепте берілетін пәндердің 95 %-ы цифрлық форматқа ауыстырылған. Электрондық оқу басылымдарын «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ әзірлейді. Республикада мектеп оқушыларының 100 %-ы оқулықтармен қамтамасыз етілген.

Интернат ұйымдарының тәрбиленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар оқулықтармен тегін қамтамасыз етіледі.

БАҚ арқылы ақпарат алуға қолжетімділік шектелмеген. Балалардың әлеуметтік маңызы бар ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында шамамен 90 БАҚ тартылды, олардың ішінде: «Хабар» агенттігі, «Қазақстан» РТРК, «Рахат-ТВ», «Астана қаласының телевидениесі», «Қазақпарат» ақпараттық агенттігі, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Литер», «Айқын», «Ақ желкен», «Альянс kz», «Балдырған», «Жас ұлан», «Дружные ребята» газеттері және басқалары.

«Қазақ радиосы» эфирінде балаларды қорғауға бағытталған 4 бағдарлама шығады. Бұл – кәмелетке толмағандар арасындағы қараусыздық пен қадағалаусыздықтың алдын алу туралы «Жеткіншек», «Бап пен бақ», «Заман біздікі», «Балауса» бағдарламалары.

Баланың құқықтары туралы конвенцияның қағидаттары мен ережелерін түсіндіру жөніндегі, сондай-ақ денеге жарақат салудың барлық нысандарынан балалардық құқықтарын қорғау мәселелерін талқылау «Бетпе-бет», «Жеті күн», «Талап пен тәртіп», «Третьего не дано», «Сырға», «Көңілашар», «Бір күн», «Көзқарас», «Апта kz», «Азамат» сияқты және басқа да ақпараттық-талдау бағдарламалары шеңберінде өтеді.

«Ел арна» телеарнасында эфирге бір жыл бойы балаларды мәдени, білім беруді дамытуға бағытталған 6 бағдарлама шығады («Хочу быть» бағдарламасы, «Наши дети», «Мейірім» жобалары, «Топ малыш», «Волшебные буквы» бағдарламалары және басқалары).

Баспа БАҚ-тарда жасөспірімдер мен балалардың жетістіктеріне, Баланың құқықтары туралы конвенцияның 20 жылдығына арналған материалдар ұдайы жариялануда. Атап айтқанда, «Миссия Батыра» («Экспресс К»), «Батыр стал послом» («Время»), «Добрая воля Батырхана» («Комсомольская правда в Казахстане»), «Защитим детство» («Казахстанская правда»), «Бала тағдырына бей-жай қарауға болмайды» («Айқын») және басқа мақалалар.



Республикада 256 балалар кітапханасы жұмыс істейді. Балалар кітапханасында оқитындардың саны – 1,5 миллион бала.

Балалардың баспа БАҚ-тарға, оның ішінде балалар көркем әдебиетіне қолжетімділігін қамтамасыз ету, белгілі қазақстандық балалар жазушылары мен ақындарының шығармашылығын дәріптеу мақсатында жыл сайын «Қазақстан жазушылары – балаларға» атты мерекелік іс-шара өткізіледі. Балаларды мектептегі, қалалық кітапханаларға тарту үшін бұл іс-шара балалар жазушыларын, ақындарды, журналистерді шақыра отырып, орталық кітапханаларда өткізіледі.



Бұдан басқа, балалар мен жасөспірімдерге арналған академиялық театрлар мемлекеттік және орыс тілдерінде 200-ден астам спектакль дайындады, олармен 100 мыңнан астам бала қамтылды.

2010 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың істер және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның алтыншы отырысында компьютерлік клубтардың балалар мен жасөспірімдердің дамуына теріс әсерін азайту туралы мәселе қаралды.

2010 жылы педагогтарға, психологтарға, ата-аналарға арналған «Порнографияны, қатыгездікті және зорлық-зомбылықты насихаттайтын аудио, бейне өнімнің, компьютерлік және ақпараттық тасығыштардың балалардың физикалық және психикалық денсаулығына әсері» атты әдістемелік ұсыным шығарылды (мемлекеттік және орыс тілдерінде).

Қазіргі уақытта компьютерлік клубтардың (Интернет-кафе) кәмелетке толмаған келушілерге ақпарат беру жөніндегі қызметін немесе олардың денсаулығына, адамгершілік және рухани дамуына зиян келтірмейтін бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануына бақылауды жүзеге асыру жөнінде шаралар қабылдануда.

Астана қаласының Есіл аудандық соты 2011 жылғы 3 маусымдағы


№ 2-1078/11 ҚР аумағында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары – балалар порнографиясын жарнамалайтын интернет-ресурстардың таралуын жою туралы шешім қабылдады.

h) Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын
немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер немесе
жазалау түрлеріне ұшырамау құқығы

(37-баптың а) тармақшасы)


Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер немесе жазалау түрлеріне ұшырамау құқығы 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың
159 – 162-тармақтарында және 2007 жылы Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 178 – 188-тармақтарында көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабына сәйкес ешкiмдi адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбiр көрсетуге не жазалауға болмайды. Адамның қадір-қасиетін қол сұғылмайды.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл жанынан 2008 жылдан бастап мемлекеттік органдардың басшы қызметкерлерінен, белгілі құқық қорғаушылардан және азаматтық қоғам өкілдерінен тұратын жабық мекемелерде азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер немесе жазалау түрлерін қолдану фактілерін қарау жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істейді, олар бас бостандығын шектеу және бас бостандығынан айыру орындарына жиі барады. Оның ішінде балалар отырған УҰО (уақытша ұстау оқшаулағыштары), ТО (тергеу оқшаулағышы) және тәрбиелеу колониялары.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне азаптағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін 347-1-бап енгізілді. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 116-бабына толықтыру енгізілді, оған сәйкес дәлелдер ретінде жол берілмейтін іс жүзіндегі деректердің қатарына азаптауды қолданып алынған деректер жатқызылды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушы болған балаларды азаптаудан және өзге де тиесілі емес әрекет етуден белгілі бір қорғау жүйесін құрайды. Қорғаушының, заңды өкілдің және педагогтың тергеу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде міндетті түрде қатысуы, міндетті түрде алдын ала тергеу, бас бостандығынан айыру орындарында ересектерден бөлек орналастыру, туысқандарына баланы ұстағандығы туралы дереу хабардар ету баланы қорғаудың қосымша кепілдіктері болып табылады.

2010 жылы кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық саясатты ізгілендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Бұл заңда кәмелетке толмағандарға жаза қолдану және қоғамнан оқшаулауға байланысты бұлтартпау шаралары барынша азайтылды. Олар бас бостандығынан айыру орындарына жіберместен, алдын алу шараларын қолдану арқылы түзетілетін болады. Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану үшін негіздемелер қысқартылды.

Қабылданған Заң шеңберінде ізгілендіру әрекетіне шамамен 6 мың сотталған адам түсті. Тек 2011 жылы кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін сотталған екі мыңға жуық адам бас бостандығынан айыру орындарынан босатылды.

Бірқатар қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту жасы 14-тен 16-ға дейін ұлғайтылды. Жаңалықтардың бірі кәмелетке толмағандарды, егер келтірілген зиян реттелмеген жағдайда қоспағанда, ауыр қылмыс жасаған жағдайда тараптардың татуласуымен қылмыстық жауапкершіліктен босату мүмкіндігі болып табылады (ҚК-нің 67-бабы «Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату» жоғарыда аталған жағдайларда қылмыстық жауапкершіліктен босатуды көздейтін үшінші бөлікпен толықтырылды).

Қылмыстық заңнаманы ізгілендіруден басқа, заң азаматтық-құқықтық жауапкершілікті белгілеу арқылы кәмелетке толмағандармен құқықтық қатынастарды реттеуді көздейді. Мәселен, Азаматтық іс жүргізу кодексі кәмелетке толмағандарды айрықша ұстау режимі бар арнайы ұйымдарға және білім беру мекемелеріне жіберу, сондай-ақ осы шешімдерге сотта шағым жасау мүмкіндігі туралы істер бойынша іс жүргізуді регламенттейтін тұтас тараумен толықтырылды.

Азаптауларға қарсы комитеттің ұсынымдарын орындау және азаптауларға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды үйлестіру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Азаптауларға қарсы комитетінің 2009 – 2012 жылдарға арналған ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.

Азаптаулар жөніндегі қылмыстық істерді қызметкерлері осы қылмыстарды жасаған құқық қорғау органдарының тергеу жүргізуінен алып тасталды. «Азаптаулар» деген заңнамалық ұғым 1984 жылғы 10 желтоқсанда Нью-Йоркте қол қойылған Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияның талаптарына сәйкес келтірілді.

Азаматтардың жасалған азаптаулар туралы өтініштерін тексеру, сондай-ақ олардың алдын алу жөніндегі тетігі реттелді. Сот сарапшыларының бас бостандығынан айыру орындарында отырған адамдарда дене жарақатын анықтау мәніне медициналық куәландыруға міндетті түрде қатысуы енгізілді.

2011 жылдың аяғына дейін ұлттық первентивтік механизм туралы және сотталғандарды байқау қызметі туралы заң жобаларымен жұмыс істеуді аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен бірге первентивті механизмдер қызметінің қағидаттары біздің қылмыстық-атқару жүйесі үшін жаңалық емес. 5 жыл ішінде елімізде қоғамдық байқау комиссиялары белсенді жұмыс істейді. Бұл комиссиялардың ұстау орындарын тексеру саны 2008 жылдан бастап 4 есеге өсті.

Тұтастай алғанда, Қазақстанның пенитенциарлық жүйесі бірте-бірте халықаралық стандарттарға жақындауда. Оны реформалау:


  • жеке камерада ұстау тәртібіне көшу;

  • қоғамдық бақылау механизмдерін орнату және медициналық қызмет көрсету, әсіресе, қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдардың ауруының профилактикасы жүйесінің сапасын арттыру арқылы жалғасады.

Үкімет азаптауларға және адамдарды саудаға салу фактілеріне ешқандай төзбейтіндігін білдіруде.

БҰҰ-ның Баланың құқықтары жөніндегі конвенциясының 33-ші сессиясының ұсынымдарына сәйкес 18 Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығы (КУОБОО) 386 бірлік штат санымен Ішкі істер министрлігінің жүйесінен білім беру жүйесіне берілді («Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығы).

Бұл шешім біздің қоғамның балалардың қараусыздығы мен қадағалаусыздығын алдын алудың қалыптасқан жүйесін кәмелетке толмағандарға қатысты ізгілендірудің жалпы әлемдік үрдістерін ескере отырып, өзгертуге ұмтылуынан туындады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес КУОБОО-тар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына (бұдан әрі – КБО-лар) қайта ұйымдастырылды.

КБО-ларға 3-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар: қараусыз және қадағалаусыз балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар орналастырылады.

КБО-лардың міндеттеріне кәмелетке толмағандардың дағдарысты жағдайдан шығуына жедел көмек, оларды орналастыру, баланы отбасына қосу кіреді.

Соңғы үш жылда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқы мәселелері бойынша, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың профилактикасы және алдын алу бойынша, қатыгез қараудан және сексуалды пайдаланудан балалардың құқықтарын қорғау мониторингі, білім беру ұйымдарында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселелері бойынша бес социологиялық зерттеу жүргізілді.

Мәселен, «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» үкіметтік емес ұйыммен бірлесіп, 2008 жылы отбасындағы, мектептегі балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың ауқымын бағалау жөнінде социологиялық зерттеу жүргізілді.

Зерттеу Алматы қаласында, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарындағы зорлық-зомбылықтың себептері мен ауқымын анықтады. 1300 сұралған баланың төменгі сыныптағы оқушылардың 14 %-ы және орта және жоғары жастағы оқушылардың 22 %-ы тебу, итеру, ұру түріндегі күш жұмсауға ұшырағандығын айтты. Алымсақтық және зорлау түріндегі сексуалды күш көрсетуге төменгі сыныптағы оқушылардың 2 %-ы және орта және жоғары жастағы оқушылардың 3 %-ы ұшыраған. Балалардың 12 %-ы және олардың ішіндегі 9 %-ы ұзақ уақытқа оқушылар арасындағы қуғынға ұшыраған.

Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі өкілдің мекемесі БҰҰ-ның Қазақстандағы Балалар қорының өкілімен бірлесіп, 2010 – 2011 жылдары білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйелерінің балаларға арналған мемлекеттік мекемелерінде зорлық-зомбылық деңгейін бағалау жөнінде зерттеу жүргізді.

Зерттеу нәтижелері бойынша Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің атына омбудсменнің ұсынымдары жіберілді, оларды қарау бойынша интернат үлгісіндегі мекемелерде тұратын балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың профилактикасы мен алдын алу жөнінде бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу туралы ұсыныс түсті.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың профилактикасы мен алдын алу үшін республикада мемлекеттік органдар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту жөнінде қосымша шаралар қабылданды. Халықтың ақпараттандырылу және құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру, балалардың құқықтарын бұзуға жол беретін адамдардың жауапкершіліктерін күшейту мәселелеріндегі заңнамалық базаны жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.



V. Отбасылық орта және балама күтім

a) Ата-ананың баланы басқару құқығы

(5-бап)
Осы мәселе бойынша егжей-тегжейлі ақпарат 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың 163 – 169-тармақтарында және


2007 жылы Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 190 – 197-тармақтарында көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабына сәйкес неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi. Ата-ананың балаға басшылық ету құқығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында бекітіліп берілген («Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Білім туралы» және басқа да Қазақстан Республикасының Заңдары).

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны немесе тиесілі орындамағаны үшін кінәлі адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі интернат мекемелерінде тәрбиеленіп жатқан балалар санының қысқаруы болып табылады.

2010 жылы Қазақстан Республикасында 38 386 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала саналады.

Бала асырап алуға немесе қамқорлығына, жетім баланы немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы патронатқа алуға ниет білдірген азаматтарға қолдау көрсету үшін республиканың 14 өңірінде 14 бала қабылдап алған ата-ана мектебі, 4 өңірде 7 Отбасыларды қолдау қызметі құрылды.

Қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын білім беру бөлімдеріндегі мамандардың саны 116 бірлікке ұлғайды. 2007 жылы – 210 маман, 2010 жылы – 326.

Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге алған азаматтарды материалдық жағынан ынталандыру енгізілді. 2011 жылдан бастап қамқоршылар мен қорғаншыларға осы санаттағы балаларды ұстауға 10 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленеді.

Бұл шара балалар үйлерінде тәрбиеленушілердің санын қысқартуға мүмкіндік береді, себебі олардың көбінде материалдық көмек болған кезде баланы отбасына ала алатын туысқандары бар.



b) Ата-аналардың жауапкершілігі

(18-баптың 1, 2-тармақтары)


Осы мәселе бойынша толық ақпарат 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың 170 – 174-тармақтарында және 2007 жылы Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 199 – 208-тармақтарында көрсетілген.

Конституцияға сәйкес балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi болып табылады. 2009 жылғы тамыздан бастап ата-аналардың және ойын-сауық мекемелерінің меншік иелерінің түнгі уақытта оларда кәмелетке толмағандардың болғаны үшін әкімшілік жауапкершілігі енгізілді. Сол сияқты қоғамдық орындарды алкогольдік сусындар (оның ішінде сыра) ішуге тыйым салу енгізілді.

2010 жылы кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта ойын-сауық орындарына жібергені үшін ойын-сауық орындарының 700-ден астам иесі және 3 мыңға жуық ата-ана немесе оларды алмастыратын адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

16 мыңнан астам кәмелетке толмаған бала қоғамдық орындарда сыра ішкені үшін ұсталды. 18 жасқа толмаған адамдарға темекі бұйымдарын сатқаны және жасөспірімдерге алкоголь өнімін өткізгені үшін 2 мыңнан астам жеке кәсіпкер әкімшілік ждауапкершілікке тартылды.

2010 жылғы 20 желтоқсанда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Заң қабылданды, онда кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерінсіз тұрғын емес үй-жайларда түнгі уақытта (23.00 сағаттан 6.00 сағатқа дейін) болғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген. Заң қабылданған сәттен бастап 8 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кәмелетке толмағандарды маскүнемдікке және басқа да қоғамға жат әрекеттерге тартатын ересек адамдарды анықтауға баса назар аударылуда.

Ішкі істер органдарында 13 мыңнан астам жағдайы нашар отбасылар есепте тұр, оларда 20 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. Ішкі істер органдары білім беру органдарымен бірлесіп, балаларды құқықтарын ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың қылмыстық озбырлығынан қорғауды қамтамасыз ету бойынша заңнамада көзделген мүмкіндіктердің барлығын қолдануда.

Мәселен, 2010 жылдың басынан бастап кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін бір мыңнан астам ата-ана және оларды алмастыратын адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 137-бабы (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша 27 қылмыстық іс қозғалды.

2011 жылы 3 мыңнан астам ата-ана Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 111-бабы (Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 13 ата-анағы қатысты ҚР ҚК-нің 137-бабы (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы іс-әрекетке тартқаны үшін 4 ересек адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет