1. Пәннің мақсаты мен міндеттері:
«Өсімдік шаруашылығы өнімдірін сақтау және өңдеу технологиясы» пәнінің негізгі мақсаты - болашақ мамандарды ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу, сақтау және қайта өңдеу тәсілдерін меңгере отырып өндіріс жағдайында өздігінен жұмыс жасауға үйрету.
Пән студенттер алдына келесідей міндеттер қояды:
- ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау мен оны өңдеу технологиясының теориялық негіздерін оқу;
- сақтау мен өңдеу кезінде ауыл шаруашылық өнімдерінде жүретін әртүрлі процесстерді меңгеру және оны жетілдіру;
- өнімді тасымалдау, сақтау және өңдеу кезінде болатын сандық және сапалық шығындарды азайту жолдарын меңгеру.
2. Білім мен іскерлікке қойылатын талаптар:
2.1. Білуі керек:
- ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау және өңдеу саласының негізгі міндеттерін;
- өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасына қойылатын талаптарды;
- өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу барысында оның сапалық көрсеткіштерін арттыру жолдарын;
- өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын анықтау тәсілдерін;
- ауыл шаруашылығында қолданылатын өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтаудың әдісі мен тәсілдерін;
- өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу негіздерін.
2.3. Біліктілігі болуы тиіс:
- өсімдік шаруашылығы өнімдерін қоймада сапасына байланысты орналастырудың жоспарын жасауға;
- ауыл шаруашылығында қолданылатын өңдейтін және қайта өңдейтін машиналармен жұмыс жасауға;
- Мемлекеттік стандарт талабына сай ауыл шаруашылық өнімдерінен үлгі алу және оны талдауға;
- өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын анықтауға;
- өсімдік шаруашылығы өнімдеріне сақтау кезінде сандық және сапалық есеп жүргізуге;
- өсімдік шаруашылығы өнімдерін сапасына байланысты өткізуге (сатуға).
2.3. Дағдыларды меңгеруі тиіс:
- өнімді кейіннен өңдеуден өткізу және оны тиімді сақтауды ұйымдастыру бойынша шаралар кешенін әзірлеуде.
2.4. Құзыретті болуы:
- қазіргі заманғы өсімдік өнімдерін сақтау және өңдеудің технологиялық процестерінде.
Достарыңызбен бөлісу: |