Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Информатика және математика



Pdf көрінісі
бет14/108
Дата19.09.2022
өлшемі7.77 Mb.
#460949
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   108
Информатиканы оқыту(1)

Кәсіптік бастауыш білім беру
Кәсіптік мектепте оқу мерзімі – 2-3 жыл, кәсіптік лицейде – 3жыл, ерекше
күрделі кәсіптер бойынша – 4 жылға дейін болады. 
Кәсіптік бастауыш білім, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлерде
негізгі жалпы білім беру базасында алынып, жалпы орта білім алумен
ұштастырылады.
Және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті еңбек
қызметкерлерін (жұмысшы, қызметкерлерді) даярлауға бағытталған.
Кәсіптік орта білім беру
Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім
беру базасында конкурстық негізінде алынып, жалпы орта білім алумен
ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға
бағытталған. Колледждерде, училищелерде оқу мерзімі – 3-4 жыл. Ұқсас
мамандықтар бойынша жалпы орта және кәсіптік бастауыш білімі бар
азаматтардың қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша кәсіптік
орта білім алуына болады. 
Кәсіптік орта білім колледждерде, негізгі жалпы орта білім алумен
ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға
бағытталған.
Кәсіптік жоғары білім беру
Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде,
институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында
білім алады. 
Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім
Республика азаматтарға аспирантураларда, доктурантураларда оқып,
ғылым кандиданттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен профессор
атақтарын алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттігін
қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ
ӘДІСТЕМЕСІ.
Бүгінгі тәжірибе көрсеткендей информатиканы оқытуды бастауыш
сыныптардан бастаған жөн. Бастауыш сынып оқушысының алгоритмді ойлау


стилі өз жасына сай информатиканы үйренуге өте қолайлы. Олардың
психологиялық өзгерістері, іске іштей жоспар құра білуі рефлекс сияқты
болып келіп, оқытуға жақсы жағдай туғызады.
Информатика қоғамда балаларды жұмыс істеуге дайындау үшін
алдымен логикалық ойлауға, талдай білуге, өзара қарым-қатынасқа үйрету
керек, баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11 жаста қалыптасады.
Біздің елімізде информатиканы бастауыш сыныптарда оқытылуы
жаңадан ұйымдастырылып келеді, әлі де оқытудың мақсаттары, міндеттері
толық анықталмаған. Сондықтан да бастауыш сыныптарда информатиканы
оқытуды ұйымдастыру мәселесін төмендегідей қарастыруға болады:
-
информатиканы бастауыш сыныпта оқытудың мақсаттары;
-
информатиканы бастауыш сыныпта оқытудың міндеттері;
-
«Информатика» пәнінің зерттеу объектілері;
Информатиканы орта білім беру жүйесінде оқытудың мақсаттары:

оқушыларға ақпараттарды беру, өңдеу, сақтау, жеткізу және оны
қолдану үрдістері туралы білімдерді меңгерту, басқаша айтқанда, оқушыны
ақпараттық біліммен қаруландыру;

оқушылардың оқу үрдісінде компьютерлік техниканы өзіндік
даму мен іске асыру құралы ретінде, сонымен қатар, кәсіптік қызметтерге
пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

оқушылардың логикалық- құрлымдық және алгоритмдік-
шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, ынта-ықыластары мен
шығармашылық бейімділіктерін қалыптастыру.
Аталған мақсаттардан төмендегі міндеттер анықталады:

информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мазмұнын
анықтау;

информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың оқу
бағдарламасын жасақтау;

информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың әдістемелік
жүйесін жасақтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет