Түйісу станциялары. Iridium жүйесінде түйісу станциялары жүйеге қолданушының қолжетімділігін ұйымдастыру үшін арналған. Сөйлесудің басы мен соңындағы сигналадары, дауысты шақыру жіберу, хабарлау сигналдары мен сөйлесу шартының индикациясы дабыл каналы бойынша жіберіледі.
Өткізу қабілеттілігі. Бір сәулеге орташа өткізу қабілеттілігі 10,5 МГц жиілік жолағын қолдану кезінде 80 каналдарды құрайды ("жоғары" желісінде 55 каналдар және "төмен" желісінде 25 каналдар). Бір ҒА 48 сәуледе максималды өткізу қабілеттілігі 3840 симплексті каналдарды құрайды. Абоненттер арасында екіжақты байланыс болған жағдайда каналдар саны 1100-ге дейін қысқартылатын болады.
Iridium жүйесінің жаһандық өткізу қабілеттілігі келесі жолдармен анықталады. 66 ҒА әрқайсысы, 48 сәулелерді бір мезгілде зоналар санынан тек 70% ғана белсенді бола алады, онда белсенді зоналар саны 2150 дейін қысқартылады. Теория жүзінде максимальды өткізу қабілеттілігі 172000 дуплексті каналдарды құрайды. Шынайы өткізу қабілеттілігі айтарлықтай көрсетілгеннен төмен болуы мүмкін екендігін ескерген жөн.
Космос-2251 және Iridium 33 спутниктерінің соқтығысуы
Космос-2251 және Iridium 33 спутниктерінің соқтығысуы – ғарыштағы жасанды екі спутниктердің соқтығысуы бірінші жағдай болды. Соқтығысу 2009 жылдың 10 ақпанында Ресей Федерациясының (Сібірдің солтүстігінде) территориясында 789 километр биіктікте болған. Космос-2251 - жасанды спутнигі, Ресейдің әскери Ғарыштығына тиесілі, орбитаға 1993 жылда шығарылған және 1995 жылға дейін пайдаланылатын және Iridium 33, Iridium спутниктік телефонды байланыс операторлар 72 спутниктердің ішінен біреуі, орбитаға 1997 жылы жіберілген, соқтығысу нәтижесінде түгелдей бұзылды. Амерекандық Iridium спутнигінің салмағы 600 кг, ал ресейлік Космос-2251 аппаратының салмағы – 1 тоннаны құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |