INMARSAT (Инмарсат) – алғашқысында мемлекетаралық ұйым ретінде, 1979 жылы құрылған, спутниктік байланыс желісінің халықаралық компаниясы. Компания он бір геосинхронды телекоммуникациялық спутниктерден тұратын топтарды басқарады. Компания акциялары Лондон биржасында (ISAT) сатылады. Ұсынылып отырған қызметтер өздеріне халықаралық желі бойынша қарапайым телефондық байланысты кіргізеді, мәліметерді және де апат сигналдарын жіберу. Байланыс арнайы терминалдар деп аталатын, сандық радиотаратқыш көмегімен жүзеге асырылады. Сигнал спутниктердің біріне жіберіледі және одан кейін жерүсті станцияларына қайта беріледі. Осылайша алыс аумақтар тұрақты байланыспен қамтамасыз етіледі.
Инмарсат түрлі қызметтерді ұсынатын, желілер жиынтығы ретінде дамиды (желілердің көбісі сол мезетте бірнеше қызметтерді ұсынады). Қазіргі уақытта айтарлықтай қызығушылықты келесі желіліер туындаттырады:
Inmarsat-C: барлық мұхиттық кемелерде орнатуға міндетті және Халықаралық Теңіз Ұйымы қолданылады.
Inmarsat-M: 2,4 Кбит/с жылдамдықта мәліметтер мен факстарды жіберуі бойынша сервисті және 4,8 Кбит/с жылдамдықта дыбыстық сервистермен қамтамасыз етеді. Inmarsat Mini-M негізін қалаушысы болып табылады.
Inmarsat-Mini-M: 2,4 Кбит/с жылдамдықта мәліметтер мен факстарды жіберуі бойынша сервисті және 4,8 Кбит/с жылдамдықта дыбыстық сервистерді ұсынады
Inmarsat-BGAN: Кеңжолақты Жаһандық Желі (англ. Broadband Global Area Network) төртінші (Inmarsat-4) буындағы спутниктердің жаңа қызметтерін ұсынады, 492 Кбит/с –қа дейінгі (терминалдың моделіне байланысты жылдамдық әртүрлі бола алады) жылдамдықта бөлетін пакеттік IP-каналын ұсынатын немесе ағындық IP-каналы 32 до 256 Кбит/с жылдамдығымен (тағы да терминал моделіне байланысты). Кейбір терминалдар 64 Кбит/с жылдамдылықпен ISDN мобильдік қызметтерді ұсынады немесе тіпті төмен жылдамдылықта (4,8 Кбит/с) дыбыстық сервис. Қазіргі уақытта, BGAN-сервисі Үнді Мұхит Аумағында (IOR) және Атлант Мұхит Аумағында (AOR) қолжетімді болып отыр. Тынық Мұхит Аумағында (POR) сервисті іске қосу 2007 жылға жоспарланған.
Достарыңызбен бөлісу: |