Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет9/11
Дата15.06.2016
өлшемі0.99 Mb.
#136646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Өрмекшілер. Сары күзге тән белгі — ұшып жүретін көптеген өрмекшінің болуы. Желсіз, ашық күндері шабындықтар мен ормандағы ашық алаңдардан бұтақтарға, шөптер мен қоршауларға бір ұшын жабыстырып, өрмекші өрмегінің жіпшелері қалықтап тұрады, одан өрмек иесі жас өрмекшілерді — қасқыр өрмекші, жамбас өрмекші, тенетниктерді де көруге болады. Өрмекші үшуға дайындаларда бұтақтың ұшына шығып алып, құрсаған соған жабыстыра ұшуға әзірленеді, сүйелді безден жіп-жіңішке өрмек жібі шығып, оны жылы ауа ағыны жоғары алып ұшады. Өрмекші өрмек жібімен ауада өрмелей жорғалап, оны бірде түсіріп, бірде кетеріп, теңселтеді; ол өрмек жібінің ұшын шиыршықтап орап, кысқартады да, жайлап төмен түседі. Бұл өрмекшілер осылайша әр жерге жайғасады.

Насекомдар. Гүлдеген өсімдіктер азайған сайын насекомдар да , азая береді, алайда күзде әлі де болса калақай көбелек, лимондай сары түсті итжүзім көбелегі, қыстап шығатын қанат пішіндес басқа да көбелектердің қалбақтап жүргенін көруге болады.

Күзде ересек насекомдардан гөрі олардың личинкалары әлде қайда көп кездеседі. Қоңыздардың личинкалары, көптеген көбелектің жұлдызқұрттары түскен жапырақтардың астындағы мүктің арасына ағаш қабығының саңылаулары мен жарықтарына, тастар мен бөренелердің астына еніп алады. Ересек насекомдар да осындай жерлерге жасырынады. Уақытша жансызданып, олар қимылсыз қалады. Олар қыстың қатал жағдайына осылай бейімделіп алады.



Қос мекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың жансыздануы. Күн суытып, жапырақтар жаппай түсе бастаған кезде бақалар мен құрбақалар, кесірткелер мен тасбақалар мүлде естен танып қалады.

Көк бақалар су қоймаларының түбіне түсіп, тұнбаға батып жатады. Шөпбақалар шұңқырларға, жапырақтар мен мүктердің астына тығылады. Құрбақалар тас пен ағаш түбірлерінің астынан ін қазып алып, соған кіріп жатады. Қысқа қарай кесірткелер де мүктер мен ағаш түбірлерін паналайды.



Құстардың қайтуы және қоныс аударуы. Температура төмендей салысымен құстар оңтүстікке қарай қайта бастайды. Басқаларынан бұрын бізден кететіндері — насекомқоректілер. Суда жүзетін құстар өз қыстағына барлығынан да кеш қайтады. Алғашқы ұшып кеткен тырналар тобы (сентябрьдің басында) — күз жаршысы. Шыбынқақтар, қызылқұйрықтар мен шақшақайлар алғашқы суықтан кейін-ақ ұшып кетеді. Сентябрьдің аяғына таман тырналардың жаппай ұшып бара жатқандары байқалады. Сандуғаштар, дала бозторғайлары, сарайғыр, қараторғайлар да біздің өлкені тастап кетеді.

Су қоймалары қатқанда қаздар мен үйректер оңтүстікке қарай жөнеледі, олар жолшыбай мұзы әлі қатпаған су қоймаларына аялдай, тынығады.

Ұсақ құстар тобы топтасып, ірілері — сап түзеп: тырналар бұрыш жасай, қаздар — қиғаш қатар түзеп немесе доғаша иіндесіп, үйректер кесе көлденең бағытта ұшады. Құстар бір-бірінен белгілі бір қашықтық ұстай ұшады, соның арқасында олар ауаның кедергісіне оңай төтеп береді

Сары күзде бізге Солтүстіктен шымшықтар қоныс аударады; орманда, бақ пен паркте шымшықтардың сайраған үні естіледі.

Октябрьдің соңында — ноябрьдің бастапқы күндерінде карға, шауқарға, сауысқандар орман-тоғайларды тастап, адамдар мекендейтін жерлерді маңайлайды, олар көшелер мен аулалардан көріне бастайды, парктер мен бақтарда түнеп шығады. Қара күзде қаңырап қалған орманнан шымшықтармен және жорғаторғайлармен араласып жүрген тоқылдақтарды да кездестіруге болады. Осы уақыттан бастап шекілдектер, қайшыауыздар, суықторғайлар ұшып келеді.

Аңдардың қысқа дайындығы. Кейбір аңдар қысқа азық қорын жинап, өз «қоймаларына» жасырады. Тиіндер түні бойы ағаш қуысына жаңғақтарды, шошқажаңғақтарды, ірі тұқымдарды тасып, ағаш түбірлерінің түбіне қазып, көмеді, саңырауқүлақтарды ағаштың кепкен бұтақтарына іліп кептіреді. Аламандар жер астындағы індеріне сұлы дәнін, асбұршақ, жүгері, бұршақ, зығыр қауашақтарын толтырып алады.

Суық түсе бастағанда аламандар, сарышұнақтар, жарқанаттар қысқы ұйқыға кетеді, олардың бүкіл тіршілігі шұғыл баяулап, жүректің жиырылуы мен тыныс алу қимылы кемиді.

Кірпі сентябрьдің аяғында — октябрьдің алғашкы күндерінде шұңқырдан өзіне апан жасап алып, инелеріне шаншып әкелген жапырақтарға көміледі де ұйқыға кетеді.

Қоңыр аю мен борсық күзде шошқажаңғаққа тойып алып, май жинайды да қысқы «ұйықтайтын бөлмесіне» құрғақ жапырақтар төсеп тастайды. Қара күзде солтүстіктен соққан желдің ызғырығынан бұл аңдар өз індері мен апандарында ұйқыға кетеді.

Түлкілер, қояндар мен тиіндер түлейді. Олардың қысқы жабыны — қалың түбітті болғандықтан, жылуды жақсы сақтайды. Сонымен қатар тиіндер мен қояндар жаңаланған ашық түсінін, арқасында қыста көзге онша шалынбайтын болады.

Кішкентай аңдардың көпшілігі: дала тышқандары, егеуқұйрықтар, жерқазарлар, ақ тышқандар қара күзде қорек пен баспананы оңай табуға болатын тұрғын жайларға жақындап келеді.



2.Ауыл шаруашылық жұмыстары

Дала жұмыстары. Жаздың соңында келесі жылғы егінге негіз салынады — жерді сүдігерге жыртады. Сентябрьдің екінші жартысында жүгеріні дәнге, картоп, капуста жинайды.

Бақша жұмыстары. Картоп жинайды. Кеш пісетін капуста, қызылша, сәбіздерді жұлып алады. Октябрьде жүйектерді қайтадан аударыстырып, ноябрьдің басында қысқы егіске арнап жер даярлайды.

Бау-бақша жұмыстары. Сентябрьде алма мен алмұрттарды жинау жүріп жатады. Жапырақтар түскеннен кейін жас ағаштарды қарақат пен тұшала қалемшелерін отырғызады. Бүлдіргендерді қарашірікпен кейде шымтезекпен бүркейді. Таңқурайдың түптегі сабақтарын бір-біріне байланыстырады. Жеміс ағаштарының діңдеріне әк жағады; зиянкестерден корғау үшін шырша бұтақтарымен немесе жеке талшықтарымен орап байлайды; ағаштарда қыстап қалатын долана көбелек пен тіллә көбелектердің жұлдызқұрттарын құртады; буылтықты тұт көбелектің жұмыртқалары бар бұтақтарын қиып алып тастайды. Бақты түскен жапырақтардан тазартады.

Гүлзар. Гүлзарлардан өсімдіктердің бір бөлігін бөлмеге көшіріп апарады. Салқын үй-жайға қыста сақтауға нарғызгүлдің түйнектерін, гладиолустардың пиязшықтарын және т. б. жинастырады. Раушан бұталарын жылылап, қымтайды.
15.Практикалық, лабораториялық сабақтар, семинарлар

1.Практикалық сабақ



Тақырып атауы: Жергілікті жердің табиғаты, жергілікті жердің табиғатын зерттеу

Сабақтың мақсаты: Жергілікті жердің табиғатын зерттеу

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

Жергілікті жердің өсімдіктер мен жануарларына бақылау жүргізу

Ауа райына бақылау жасау

Тапсырма:

1.Кезекші 1-кестені пайдалана отырып метеорологиялық құбылыстарды арнаулы дәптерге немесе қабырғадағы таблица-календарьға күніне 2—3 рет белгілі бір сағатта күнбе-күн белгілеп қоюы тиіс.

2.Ай аяқталғаннан кейін 2-кестенің тиісті графасын толтырыңдар.

3.Жергілікті жердегі ауа райынын, өзгеру белгілерін біліп алыңдар және олардыд ішінен кейбіреулерін тексеріңдер.



Ауа райын бақылау
1-ші кесте

Мерзімі

Темперптура

Жел

Бұлт

Қозғалу бағыты

Жауын-шашан

Басқа да меторологиялық құбылыстар

Күші

Бағыты

Саны

Пішіні





























Бір айдағы бақылаулар мәліметі және жылдық нәтиже

2-кесте

Болған

күндер


Ай аттары

Барлығы

ІХ

Х

ХІ

ХІІ

І

ІI

III

IV

V

VI

VII

VIII








































Ашық








































Бұлтты








































Бұлыңғыр








































Жауынды








































Қарлы








































Бұршақты








































Температура








































0°-тан жоғары








































0°-темпера

турамен









































Температура








































0°-тан төмен








































Жел солтүстіктен








































Жел оңтүстіктен








































Жел батыстан








































Жел шығыстан








































Жел сол-батыстан








































Жел сол-шығыстан








































Жел оңтүс-шығыстан








































Жел оңтүс-батыстан








































Желсіз







































Өсімдіктің тірі организм ретіндегі басты белгілері — қоректену, демалу, қозғалу, өсу және көбею. Осындай өмірлік функцияларды жүзеге асыру үшін өсімдікте тиісті мүшелер — тамыр, сабақ, жапырақ, гүлдер мен ұрықтар болады. Олар көлемі, пішіні мен түсі жағы-нан сан алуан, ол көбінесе өсімдіктің тіршілік ету және өсу жағдайларына байланысты болады.



Әсімдікті анықтау мен суреттеу үшін оның мүшелеріне қатысты қолданылатын қарапайым ботаникалық терминдерді білу керек. Төменде өсімдіктердің жеке мүшелерінің морфологиясынан (құрылымы мен пішіні) және олардың атқаратын қызметінен қысқаша мәліметтер беріледі.
3-кесте

Табиғат құбылыстары

Олардың басталған күні

Ең ерте

Ортасында

Ең соңғы

Қар басқан жердің көктемдегі ери бастауы

3.02

16.03

10.04

Ала кеуім жердің көрінуі

3.02

18.03

11.04

Таған қарғалардың (грачи)ұшып келуі

7.03

19.03

31.03

Түйдек бұлттардың көрінуі

18.02

24.03

5.05

Қара торғайлардың (қара торғай)ұшып келуі

7.03

30.03

15.04

Босторғайлардың (жаворонок)ұшып келуі

18.03

1.04

16.04

Көбелек крапивницаның ұшып келуі

17.03

3.04

16.04

Қайың (береза) шырынының қозғала бастауы

24.03

4.04

18.04

Қызыл құстардың(зяблик) ұшып келуі

25.03

5.04

15.04

Ақ қаратамақтардың (белые трясогузки) ұшып келуі

3.04

9.04

17.04

Тырналардың (журавли)Солтүстікке ұшуы

25.03

11.04

18.04

Өзендер (Мәскеу)мұзының жарылуы

12.03

12.04

1.05

Өгейшөптің (мать и мачеха)гүлдей бастауы

17.03

17.04

10.05

Қар басқан жердің соңғы күні

-

19.04

-

Көк теректің (осина)гүлдеуі

20.03

19.04

5.05

Аралар көрмесі

7.04

21.04

5.05

Қандыағаштың (ольха)гүлдеуі (тозаңдануы)

5.04

22.04

7.05

Қызыл талдың (верба)гүлдеуі

8.04

22.04

7.05

Медуницаның гүлдей бастауы

4.04

23.04

9.05

Қайың (береза)бүрлерінің ашылуы

13.04

30.04

20.05

Күннің алғашқы күркреуі

23.04

2.05

31.05

Жасминнің бүрлерінің ашыла бастауы

18.03

3.05

24.05

Үйеңкінің (клен)бүрлене бастауы

11.04

3.05

24.05

Алма ағашының бүрлене бастауы

24.04

5.05

24.05

Алмұрттың (груша) бүрлене бастауы

22.04

7.05

24.05

Сары қарағанның (желтая акация)бүрлене бастауы

24.04

7.05

24.05

Алғашқы гүлдердң гүлдей бастауы

15.04

7.05

24.05

Қайыңдардың гүлдей бастауы

22.04

9.05

23.05

Бақалардың бақылдай бастауы

4.04

24.04

13.05

Мойылдардың (черемуха)бүрлене бастауы

8.04

24.04

12.05

Жаңғақ –таранның гүлдене және тозаңдана бастауы

6.04

24.04

14.05

Қызыл аюбаданның бүрлене бастауы

10.04

25.04

14.05

Сиреннің бүрлене бастауы

12.04

25.04

15.05

Көкектердің алғашқы көкектей бастауы

24.04

30.04

9.05

Фиалкалардың гүлдей бастауы

11.04

29.04

12.05

Шетеннің бүрлене бастауы

15.04

29.04

7.05

Жұлдыз құрттардың көріне бастауы

-

10.05

-

Бұлбұлдардың алғашқы әндете бастауы

1.05

10.05

18.05

Коңыздардың көктемгі ұша бастауы

26.04

11.05

24.05

Еменнің бүрлене бастауы

22.04

11.05

26.05

Қарлығаштардың ұшып келуі

29.04

12.05

1.06

Жөке ағаштарының бүрлене бастауы

24.04

12.05

27.05

Бақбақтардың гүлдей бастауы

2.05

13.05

27.05

Тұшаланың гүлдей бастауы

15.04

17.05

2.06

Қара қарақаттың гүлдей бастауы

1.05

18.05

1.06

Мойылдың гүлдей бастауы

4.05

18.05

4.06

Үйеңкінің гүлдей бастауы

2.05

20.05

7.06

Алмұрттың гүлдей бастауы

5.05.

21.05

4.06

Орман қой бүлдіргенінің гүлдей бастауы

2.05

21.05

5.06

Шиенің гүлдей бастауы

6.05

22.05

5.06

Алқорының гүлдей бастауы

5.05

23.05

8.06

Аю бадамының гүлдей бастауы

3.05

22.05

7.06

Еменнің гүлдей бастауы

5.05

23.05

10.06

Алма ағашының гүлдей бастауы

6.05

24.05

6.06

Сары қарағанның гүлдей бастауы

7.05

25.05

11.06

Ландшафтың гүлдей бастауы

10.05

26.05

12.06

Сиреннің гүлдей бастауы

8.05

27.05

14.06

Шетен ағашының гүлдей бастауы

11.05

29.05

17.06

Қызыл жоңышқаның гүлдей бастауы

16.05

1.06

16.06

Қара бидайдың масақтануы

15.05

2.06

12.06

Жұп жапырағының любканың гүлдей бастауы

22.05

9.06

21.06

Бүлдіргеннің гүлдей бастауы

23.05

12.06

1.07

Итмұрынның гүлдей бастауы

17.05

12.06

28.06

Шөңгіштің гүлей бастауы

17.05

13.06

2.07

Аралардың үйірлнен бастауы

23.05

12.06

28.06

Көктікеннің гүлдей бастауы

28.05

15.06

4.07

Қара бидайдың гүлдей бастауы

25.05

16.06

3.07

Жасминнің гүлдей бастауы

2.06

21.06

15.07

Қой бүлдіргеннің гүлдей бастауы

9.06

26.06

16.07

Шөп шаба бастау

18.06

1.07

13.07

Қара бидайдың сарғая бастауы

28.06

12.07

28.07

Жөке ағашының гүлдей бастауы

15.06

13.07

30.07

Таған қарғалардың күзде топ-топ болып жиналуы

26.07

3.09

26.09

Өрекші –қаңғырмалардың (ұшатын өрмекші ұясының ) көріне бастауы

30.08

14.09

2.10

Судың алғаш рет түнде қатуы

14.08

14.09

8.10

Күннің соңғы рет күркіреуі

4.08

14.09

10.10

Жапырақтардың түсе бастауы

1.08

26.08

17.10

Тырналардың оңтүстікке қарай ұшуы


14.08

27.09

21.10

Алғашқы қар жауған күн

17.08

12.10

7.11

Түйдек бұлттардың соңғы болған күндері

2.09

19.10

30.11

Қардың жерге түсе бастауы

2.10

28.10

20.11

Тоғандардың қата бастауы

27.09

30.10

2.12

Өзендердің қата бастауы

23.10

18.11

30.12

Жерге қардың түсе бастауның тұрақтылығын анықтау

26.10

23.11

24.12

Шана жолының түсе бастауы

26.10

26.11

23.12



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет