Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет8/11
Дата15.06.2016
өлшемі0.99 Mb.
#136646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қой — адамға ең пайдалы жануарлардың бірі. Оның жүнінен тамаша жүн мата, жүннен басылған аяқ киім жасайды, жылы малакай, қолғап, шұлық, үйық тоқиды. Қой терісінен тон, жүқа былғарысынан аяқ киім тігеді. Сүтінен ірімшік дайындайды.

Қой жыл сайын көктемде 1—2 қозы туады. Қозылар табында өте ширақ, ойнақтап жүреді, енесін көргенде маңырап, қуанғандығын көрсетеді.



Ешкі — жұп тұяқты мал. Кейбір тұқымдарының (ангор) жүні жібектей жұмсақ; одан ете нәзік мата жасайды, малақай, шарқат және басқа жылы бұйымдар тоқиды. Ешкі қою, майлы және дәмді сүт береді; одан тамаша ірімшік пен сүзбе жасайды.

Ешкінің құлақтары жоғары тікірейіп, мүйізі қуыс, кейін қарай қайқыланып тұрады. Маңдайы деңес, үстіңгі ернінде жүн болмайды, иегінде сақалы бар. Мойыны ұзын, кұйрығы шолақ, сып-сидам ұзын тұяқтарында тұяқпен қапталып жақсы жетілген 2 бақайшағы болады.

Ешкілер жақсы жүгіріп, секіреді, ал таулы жерлерде тастарға жармасып, жартастарға тырмысып шығады. Қошқарлар мен саулықтарға қарағанда олар шапшаң, қимылы епті, ширақ та әуестенгіш, үркек емес, еркелетуді ұнатады.

Ешкі сиыр мен қой жейтін нәрсенің барлығын жей береді, бірак, әсіресе бұталар мен ағаштардың жас бұтақтарын сүйсініп жейді. Ешкілерді де қойларға арналған қора-жайларда ұстайды.



Солтүстік бұғысы (жұп тұяқты жануар). Бұл ірі денелі, сымбатты жануар, оның тармақталған үлкен мүйізі, қалың жүні, мойнында жалы (жазда қоңырқай, қыста ашық түсті) бар, солтүст.ік бұғысы қысқы суықтан жүнімен қорғанады. Оның аяқтары ұзын, тұяқтары жалпақ. Жүрген кезде тұяғы жайылып кететіндіктен, тұяғы қалың қарға батпай еркін жүреді. Ол алдыңғы аяғының тұяғымен тарпып, қар астынан бұғы мүгін тауып жейді, бұғы мүгі қыста жейтін негізгі азығы болып саналады. Бұғы жазда шөп және ағаш пен бұталардың жапырақтарын жейді.

Солтүстік бұғысын Солтүстіктегі тұрғындар қолға үйретіп алған, олар асыранды бұғыларды үлкен табында ұстайды. Бұғыны олар жылқы, сиыр және қой орнына пайдаланады. Бұғыларға жеңіл шана жегеді, онымен салт жүріп, ауыр жүк тасиды. Бұғының сүті мен етін тағамға пайдаланады. Үлпілдек жүні мен терісінен киім және аяқ киім жасайды.



Түйе — көн табанды, күйіс қайыратын жануар (көн табандылар тұқымдасы). Бұл — шөлді және суы мен өсімдіктері аз даланы мекендеушілердің асыранды малы. Түйені «шөл даланын. кемесі», «шаршауды білмейтін көлігі» деп те атайды. Ол шөлдегі құмдарда жүзіп келе жатқандай жайлы жүреді. Ол үлкен, өте төзімді, күшті мал, сусыз, алыс жерлерге ауыр жүкті шаршамай сүйретеді. Ол трактор немесе жылқы жүре алмайтын жерлерден өтіп кетеді, бұған оның ,дене кұрылысы және корексіз, сусыз ұзаққа шыдамдылығы жәрдемдеседі. Түйенін, ұзын, көзге дөрекі көрінсе де күшті, жалпақ, көн табанды аяқтары болады, ол кұмға батпайды және алдыңғы аяғың тізелерін томпақ кұс басқан, ол кұс түйе құмға жатқанда денесін құмның ыстығына күюден сақтайды. Түйелер қос өркешті және дара өркешті болып бөлінеді. Өркешке май қоры жиналады, соның арқасында түйе ұзақ уақыт азықсыз, сусыз жүре береді.

Түйенің танауы қойға ұқсас, ұзын, иір мойыны тұмсығын жерге жеткізеді, қалың, собалақ кірпіктері көзіне құм түсуден қорғайды; жүні шөлдегі құмға ұқсас, түсі қоныр.

Түйе қорек талғамайды: жазда далаға жайылып, көзіне не түссе соны, тіпті тікенекті де жейді, қыста сабанды да қанағат тұтады.

Түйе ете пайдалы үй жануары: оны жүк тасуға пайдаланады. Түйе сүтінен емдік қасиеті бар дәмді сусын жасайды, ол сиыр сүтінен екі есе майлы, оның жүнінен ең жақсы көрпе жасайды."



Үйрек — (жалпақ тұмсықты құстар отряды). Денесі сопақтау келген, құйрығы жалпақ, басы үстіңгі жағынан батыңқы, тұмсығы жалпақ және тегіс, жиегі мүйізді пластиикалармен кенерленген. Иір мойын. Аяғы денесінің соңғы бөлігіне қарай орналасқан, қысқа, суда руль қызметін атқарады; арасында жарғақ керілген үш саусағы алға, бір саусағы артқа қарап орналаскан. Үйректер жарғақ табанымен суды ескекше еседі және жылдам жүзеді. Құрлықта маймаңдап, баяу жүреді. Оның ебедейсіз жүрісі аяқтарының орналасу ерекшелктеріне байланысты. Үйректер күні бойы суда болып, одан корек үшін су өсімдіктерін, ұсақ шаян тәрізділерді, насекомдар мен ұлуларды аулайды. Үйректің қүйымшақ безі жақсы жетілген, оның майымен канаттарын майлайды, сондықтан үйректердін. денесі суланбайды. Қауырсындарының астындағы төсі мен бауырында қалың мамық болады, ол үйректің денесін суда тоңдырмайды. Үйректер жағалаудан шөп жұлып жеп, насекомдарды жұтады.

Үйректің балапандары жұмыртқадан шыға салысымен аяғына тік тұрып, тез жүгіріп кетеді; енесі оларды суға апарады, сөйтіп олар суда дереу жүзе жөнеледі.

Үйректер түнде құс қораға түнейді, ол судан онша қашық емес, құрғақ жерге салынады. Үйрек қораның еденіне шымтезек, сабан немесе құрғақ жапырақ төсейді, жазда таза құм сеуіп тастайды; су ішетін науа мен жемшашарды күнде жуып тұрады, ұясын тазартады.

Үйректерді күніне 3 рет қоректендіреді: жемге дәннен немесе кебектен даярланған ылғалды қоспа, сүйек ұны мен картоп беріледі. Астауға ұнтақталған көмір, бор, қайыршақ себеді.

Үйректерді ет пен май, сондай-ақ мамық пен қауырсын алу үшін өсіреді. Оларды өсімдігі мен мал азығындық шөбі жеткілікті табиғи және жасанды су қоймаларында өсіреді, бұл құнарлы жемді үнемдеуге мүмкіндік береді. Үйректерді құрғақ жайылымдарда да өсіруге болады, ол үшін ішетін сумен, құнарлы азықтармен қамтамасыз ету керек, олардың құрамында диірменге тартылған дән, бидай жармасы,. ет-сүйек ұны және ұсақ етіп туралған балауса азықтар енеді.

Қаз. Бұл да үйрек тәрізді жалпақ тұмсықтылар отрядына жатады. Қаз — ең ірі құстардың бірі. Оның денесі қомақты, төсі кең және шығыңқы; мойыны ұзын әрі қимылдағыш; басы екі шекесінен қысыңқы.

Ұзын тұмсығының дәл түбінде дөңесі, ал тұмсығының астында-тері катпары болады. Тұмсығының орта бөлігінде танау тесіктері бар. Тұмсығының ұшы қатты және үшкір, жиегін мүйізді пластинкалар-көмкеріп жатады, қаз онымен қорегін ұстап, судан сүзіп алады.

Қаздардың аяғы қысқа, төрт саусағы бар, оның үшеуі алға бағытталған, аралары алшақ, жүзу жарғағымен қосылып тұрады, төртінші саусағы артка қарай бағытталған. Қаздар құрлықта баяу жүреді табандарымен ескекше есіп отырады. Қаздың қауырсындары тып-тығыз, су өткізбейді, үйрек сияқты ол да қауырсындарын құйымшақ майымен майлайды. Қаз судан шыққанда үстінен су сырғып ағады. Қауырсындарының астында жылуды өте суық судан да жақсы сақтай алатын жылы мамығы болады.

Қаздар тобын бір ата қаз үнемі қарауылдайды, сәл қауіп төнсе болды, ол сақтандыра дауыс береді. Жауы (ит, түлкі, жыртқыш құстар) шабуыл жасаған кезде қаздар алдымен қаңқылдап, соңынан ысылдайды, оны қанатымен соғып, тұмсығымен шоқиды.

Қаздар тобы көктемде және жазда күні бойы су қоймаларының маңында жайылып жүреді. Шалғыннан шөп жұлып жеп, дән тереді„ көп жылдық өсімдіктердің жер астындағы бөліктерін алып жейді. Қаз су қоймаларында тұмсығымен су түбіндегі тұнбаны қопарыстырады: шала шіріген өсімдіктерді, насекомдардың личинкаларын алып жейді. Қаздарды түнге қарай құрғақ жерге салынған қашаға қамайды.

Күзде және қыста қаздарды құс корада ұстайды, оның еденіне сабан, ағаш үгінділері, құрғақ жапырақтар төселеді. Қаз қораларда тазалық сақталынып, оның желдетілуі бақыланады. Қыста қаздарды күніне 3 рет жемдейді: ертеңгілікте және дәл түсте дән,. ұсақ етіп туралған тамыржеміс пен балауса, пісірілген картоп, кешке-қарай дән береді. Жемшашарда міндетті түрде құм, қайыршақ, ұн-тақталған бор болуы керек.

Аналық қаз көктемде сабаннан және шөптен жасалған ұяға жұмыртқалап, оны 4 апта бойы басады. Қаздар балапанын қорғап„ ысылдайды, мойнын созып, тақап келгендерді шоқып алады.
2.Жабайы аңдар

Табиғи жағдайларда тіршілік етіп, азық пен баспананы адамға тәуелсіз өздері табатын жануарларды жабайы жануарлар дейді



Қоян (қоян тәрізділер отряды). Қоянның денесі жіңішке, созылыңқы, икемді болып келеді, құйрығы шолақ. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан күшті .де ұзынырақ, сондықтан жануар жақсы секіріп, тез жүгіре алады. Оны жауынан аяқтары құтқарады. Қоянның құлағы ұзын, қауіп төнгенде құлағын тіге қояды, дыбысты сезгіш көздері мұрнының екі жағына жоғарырақ орналасқандықтан, қоян басын бұрмастан айналасындағыларды алыстан көреді.

А қ қ о я н орманда тіршілік етеді. Қысқа қарай ол сұрғылт жүнін ақ жүнге ауыстырады, бірақ құлақтарының ұшы қара қалпында қала береді. Ақ қоян қарға малтықпай, тез жүгіреді; өйткені оның артқы аяғының табанында саусақтары алшақ орналасып, қыста оның арасына қалың жүн өсіп шығады.

О р қ о я н далада тіршілік етеді, ол ағаштар арасындағы ашық алаңда, егістікте, бақтарда жүреді. Қыста оның арқа жағы сұр қалпында қалады да, бүйірлері ағарады. Ор қояннын, табаны жіңішке, сондықтан ол тек қаттылау қарда ғана жақсы жүгіреді.

Қояндар түнде қоректенеді. Ағаштың бұтақтары мен қабығын, шөптесін өсімдіктердің шырынды жерін жейді, жақын огородтағы капуста, тарна, сәбіздерді кеміреді. Ор қоянның тісі кроликтердікіне ұқсас. Үстіңгі еріні жырық болады.

Жануар күндіз тайыз шұңқырда, қалың шөп арасында, бұта астындағы шөпшекке немесе ескі ағаштың жуан түбірінің түбінде ұйык,тайды. Қоян бұл шұңқырға секіріп түседі, сондықтан ол жатқан маңда ещқандай із болмайды. Сезікті дыбыс естіле қалса, қоян артқы аяқтарымен тұрып, айналаны қарап алады. Қауіп төнген кезде ол жер бауырлап жата қалып, сонан соң құлағын арқасына жымырып алып, жатқан ұясынан қаша жөнеледі, бұл кезде ол жиі бұрылыстар жасап, жан-жағына бұлтақтап, ізден шатастырады.

Аналық қоян бір жылда 3 рет көжектейді. Көжектерінің көзі ашық туады. Енесі оларды емізеді де жайына кетеді. Көжектер майлы сүтті ішіп алып, қозғалмай отырады. Оларды тауып алу қиын, өйткені олар шөп арасында байқалмайды, қыбыр етпей жатады. Олардын, иісі де жоқ. 3—4 күннен кейін көжектер ашығады да қорек іздеуге шығады. Оларды кез келген аналық қоян емізіп кетеді. 8—9 күннен соң көжектердің тістері өсіп шығып, олар өздігінен қоректене

бастайды.

Түлкі (жыртқыштар отряды). Дене құрылысы жағынан түлкі қасқыр мен итке ұқсас. Тұмсығы ұзын, сүйірленіп келеді, үстіңгі еріні сәл көтеріңкі. Көзінің қарашығы тік орналасқандықтан, қараңғыда да жақсы көреді. Құлағы тік, үнемі сақ жүреді. Түлкінің аяқтары күшті, табаны кішкене, қыста оған жүн өсіп шығады, Түлкі ұзақ және тез жүгіре алады. Алға сәл бүгіліп, жылмаңдап жүгіреді. Мамықтай ұзын құйрығын көтеріңкі ұстайды. Жүгірген кезде құйрығы руль қызметін атқарады.

Қызыл түлкінің жүні — қызыл сары; солтүстікте түлкінің басқа түрі — жылтыр қара түстісі бар. Қыста жүні ұзын, қалың, үлпілдек болады, көктемде — жаз басталысымен қысқа жүнге ауысады. Түлкінің тістері иттің тістеріне ұқсас. Түлкілер іңірде немесе түнде құс, қоян және кірпі аулайды. Жеміне көрінбей жасырынып барады да кенеттен секіріп түсіп, өткір тісімен тістеп алады. Ұстаған жемімен мысықша ойнағанды ұнатады. Түлкі қыста егістік пен шабындықта болып, қоян мен тышқан аулайды. Иісшілдігімен және сақ құлақтығымеи қар астында қыбырлап, шиқылдап жүрген тышқандарды тауып алып, қарды алдыңғы аяғымен тез-тез қазады да жемін тісімен ұстайды. Түлкі тышқандарды құртып, егіс зиянкестерімен күресте пайдасын тигізеді.

Түлкі қалың орман ішіндегі бірнеше аузы бар, терең және кең інде күшіктейді. Түлкінің күшіктері тез өседі, ін маңында бірнеше сағат бойы әуреленіп жүреді. Ата-енелері оларға жаралы құстар мен. кішкене аңдарды әкеп, күшіктеріне өлтіртіп үйретеді. Күшіктері күзде өз бетімен тіршілік ете бастайды.

Кішкене күнінде іннен алынған түлкі қолға жақсы үйренеді.



Қасқыр (жыртқыштар отряды). Бұл аң сұр немесе сұрғылт жүнді болады. Оның төсі кең, бүйірлері қысыңқы, аяқтары биік те күшті.. Ол өте тез және ұзақ жүгіре алады. Құлағы тік, қимылдағыш, өте жақсы естиді. Қасқырлар қалың орманда, шағын тоғайларда, даладағы жыраларда, сиыр, қой, шошка және жылкы табындары жайылатын елді мекендердің маңында топ-тобымен тіршілік етеді. Қасқырлар осындай үй жануарларын, сондай-ақ қояндарды, жерге ұя салатын құстарды аңдып, азық етеді. Бұл үй жануарларына үлкен зиян тигізетін өте қауіпті және күшті аң.

Қаншығы сайға, бұталардың арасында немесе батпақты жердің ортасындағы құрғақ жерге, қалың құрақты орындарда, қашан да болсын судан: желден, өзеннен, жылғалардан алыс емес жерлерге күшіктейді. Арланы қаншығы мен бөлтіріктерге қамқорлык жасап, оларды асырайды.

Жас кезінде алынған кейбір бөлтіріктер қолға үйренеді және иесіне өте үйірсек келеді.

Қоңыр аю — жыртқыш. Бұл — ормандарда тіршілік ететін үлкен; әрі өте күшті аң. Оның жүні қатты, ұзын, қалың, түсі қоңыр. Тұмсығы созылыңқылау, құлағы дөңгелек, онша үлкен емес.

Аяқтары жуан, табандары жалпақ, әрбір аяғында үлкен тырнақтары бар 5 бақайы болады. Аю жүгіргенде немесе жүрген кезде барлық салмағын табанына түсіріп, аяқтарын ішке қарай шалыс басады, сондықтан оны маймақ деп те атайды. Бұл — өте тез жүгіретік аң. Ол артқы аяғымен тұрып, жүре алады, қорегіне алдыңғы аяғын жұмсайды. Табанымен қармап, ағаштарға ептілікпен өрмелеп шығады.

Аю — азық талғамайтын жануар. Балғын шөп, сулы, өсімдіктердің жас бұтақтарын, жапырақтары мен тамырларын, жидектерді, жаңғақтарды, шошқажаңғақтарды жейді, балды өте жақсы көреді. Бірақ ол турлі азықты (насекомдар, құрттар, ұлу, балық, жүмыртқа, құстар) да жейді, үй жануарларына шабуыл жасайды. Аю күшті болғандықтан, сиырды сүзгілеп, оны едәуір жерге итеріп апарады.

Қыста бұл аң үңгірге — ағаш түбірінің астынан қазылған, шөп және жапырақ төселген апанға кіріп жатады. Апанның аузына қарай салып, тұмсығын табанымен жауып алады да күн жылынғанша ұйықтайды. Егер оны мазаласа, ол оянады да апаннан аш күйінде шығып, қорегін іздеп жүріп, үй жануарларына шабуыл жасайды.

Крегей апанда жатып ұрпақ береді. Қонжықтары (2—3) кішкене егеуқұйрықтай болып туады. Аталығы оларды тәрбиелеуге қатыспайды. Крегей — өте жақсы аналық: ол қонжықтарына өз сүтін емізіп, оларды батыл қорғайды. Жас қонжықтар қолға тез жаттығып, үйретуге көндігеді.

Бұлан (жұп тұяқтылар отряды) — біздегі орманда тіршілік ететітін аңдардың ең үлкені. Ол сиырдан үлкен, жылқыдан биік. Оның жүні сұр-қоңыр түсті, қатқыл болып келеді. Тұмсығы дөңес, ұзын, құлағы үлкен. Басында үлкен жалпақ мүйізі болады. Аналық бұланда мүйіз болмайды.

Аяқтары ұзын, күшті, тұяғы жалпақ және жиегі өткір. Бұлан тез жүгіріп, батпақтан оңай өтіп кетеді, өйткені батпақты жермен жүргенде оның тұяғы барынша жайылып, арасы тым алшақтайды да аяғының аумағы ұлғаяды. Ол суда жақсы жүзіп, сүңги алады және ыстықта көбінесе суда турып, салқындайды. Бұлан касқырларды, тіпті жас аюларды да өлтіріп, алдыңғы аяқтарының көмегімен жауларынан қорғанады.

Бұлан қабықтармен, бұтақтармен, шөппен қоректенеді. Әсіресе көк теректерді сүйсініп жейді.

Аналық бұландар көктемде бұзауға ұқсас 1—2 төл туады. Бұланның баласы қолға тез көндігіп, адамға үйір болып алады.



Арыстан — жыртқыш. Ол — өте күшті, әдемі және үлкен мысыққа ұқсас епті аң. Шынын айтқанда, денесіне қарағанда басы мысықтікінен гөрі қысқалау, ал аяқтары ұзындау болып келеді. Бұл аңның жүні сары, қысқа, бір тегіс болады. Арланының мойны мен төсінде ұзын қошқыл жүннен шудаланған жал түзіледі. Ұзын кұйрығыныа ұшы шашақтанып тұрады.

Арыстанның аяқтары өте күшті, табандары жалпақ; тырнақтары мысықтікіндей өткір, арыстанның мінез-қылығы да мысыққа ұқсас. Ол күндіз ұйықтап, кешке қарай азық аулауға шығады; жемін әрқашан қалтарыста жатып аңдиды, оған кенеттен ытқып түсіп, қуатты табанымен салып қалады, тырнағымен және өткір тістерімен быт-шыт етіп жұлқиды. Арыстан үй жануарларына да шабуыл жасайды.

Арыстандар Африка мен Оңтүстік Азиянын, саванналарында — ағаштары мен бұталары сирек өсетін тропик даласында тіршілік етеді. Арыстан жүнінің бояуы сарғыштау болғандықтан, тастар мен өсімдіктер арасынан онша көрінбейді.

Аналық арыстан мысықтың үлкендеу күшігіне ұқсас 2—3 бала туады.



Жолбарыс та жыртқыш. Денесіне қарап оны үлкен мысық екен деп те қалуға болады. Ұзын денесін қара жолақтары бар сарғыш жүн басып жатады. Ол ну қамыстың арасында демалып немесе жемін аңдып жатқанда осындай түсі арқылы байқалмай қалады. Жолбарыстың құлағы онша үлкен емес, ұзын мұрты болады.

Аяғының табаны үлкен де күшті. Онда ұзын, ішке карай жиырылатын өткір және имек тырнағы болады. Ол өте тез жүгіріп, алысқа секіре де алады.

Жолбарыс жүні мен тұмсығын мысық сияқты табанымен және тілімен тазалап, арқасын күжірейтеді, құйрығымен ойнайды.

Жолбарыс бұғыларды, жабайы шошқаларды аулап, үй жануарларына, кейде сирек те болса адамға шабуыл жасайды. Мысық пен арыстан тәрізді жолбарыс та жеміне ұрланып, жасырынып келіп, оған кенеттен секіреді. Жемін алдыңғы табандарымен ұстайды. Ашыққан кезде бақаларды, кесірткелерді де жейді.

Жолбарыстар қалың қамыс пен ормандарда тіршілік етеді. Бізде оларды Қиыр Шығыстан, Орта Азиядан, Закавказьеден кездестіруге болады.

Аналық жолбарыс 2 күшік туады. Жолбарыстың күшігі қолға тез үйренеді. Сирек кездесетін жануарлар ретінде жолбарыстар заңмен қорғалады.

Піл — құрлықтағы ең үлкен ет тұмсықты жануар. Оның тықыр, қалың сұр терісі бар, тек құйрығының ұшында ғана бір шөкім жүн болады. Кеспелтек, қомақты денесі әрқайсысында 5 саусағы бар, бағанадай жуан төрт аяқта орналасқан. Мойыны өте қысқа, бұруға келмейді, салпаңдаған үлкен құлағы болады. Кішкене көздері тереңі-рек орналасқан.

Үстіңгі еріні мен тұтаса өскен мұрыны созыла келіп, ет тұмсыкка айналған, оның ұшында сезу мүшесінің қызметін атқаратын саусақ тәрізді өскін мен танау тесіктері болады. 40 мыңға жуық бұлшық ет шоғыры болғандықтан, ет тұмсық өте қимылдағыш келеді. Піл ет тұмсығымен жерден үлкен де, кішкене де заттарды көтере береді, бұ-тақтарды аузына апарып, ағаштарды қопара алады.

Піл тауларда оңай жүреді, жақсы жүгіре де, жүзе де алады және суға шомылуды ұнатады, ет тұмсығына су толтырып алып оны арқасы мен бүйіріне шашады. Пілдің аузынан 2 сойдақ тіс шығып тұрады. Бұл — күшті жетілген күрек тістері. Жануар олармен орманда жүргенде өзіне жол ашады, жауынан қорғанады, қоректену үшін өсімдіктерді түбімен қазып алады.

Пілдер Африка мен Оңтүстік Азияның ормандарында мекендейді. Мұнда олар ағаш бұтақтарымен, жапырақтармен және өсімдіктің тамырларымен қоректенеді.

Пілдерді аулап, қолға үйретеді, ауыр жүк тасып, салт мінеді. Оларды шөппен, құрғақ сыпыртқымеи және тамыржемістермен қоректендіреді. Пілдердің әрқайсысы күніне 100 кг-ға дейін азық жейді. Пілдердің жақ сүйектерінде 24 азу тіс болады, бірақ бір мезгілде солардың 4-уі ғана жұмыс істеп, қалғандары жасырын қалпында далып қояды, Әрекет істейтін тістері әрбір 12 жыл сайын мүжіліп, тозады. Олардың орнына жаңадан тіс шығады. Пілдер 80—90 жылға дейін тіршілік етеді.

Мартышкалар (приматтар отряды). Мартышкалардың'дене құрылысы ағашта тіршілік етуге бейімделген. Аяқ қолдары адамның қолына ұқсас: бас бармағы басқа саусақтарға қарама-қарсы орналасады, сондықтан жануар бұтақты саусақтарымен және табанымен қармап алады; саусақтарында жануарлардікіндей имек емес, жалпақ тырнақ болады; алақаны мен табанында жүн болмайды.

Мартышкалар Азия мен Африка ормандарьшда топ-топ болып тіршілік етеді. Ағаш арасында тіршілік етеді. Ағашқа өрмелеген кезде барлық аяғын кол тәрізді пайдаланады; құрлықта төрт аяқтап жүреді. Мартышкалар бұтақтан-бұтаққа оңай секіріп шығып, тербетіліп отырады. Мартышкалар ағаштың бүрлері мен шырынды жемістерін, жазда — құстардын жұмыртқаларын қорек етеді. Кей жерлерде бақтар мен огородтарға да шабуыл жасайды. Аналығы балаларына өте қамқоршыл, оларды сүтімен асырап, насекомдар, жеміс-жидектер, құстың жұмыртқаларын әкеп береді.

Мартышкаларды көбінесе еріксіздікте ұстайды. Олар өте үйірсек, адамдардың қимылына еліктегіш келеді.

Бақылау сұрақтар:

Қандай үй және жабайы жануаларды білесіңдер?



Негізгі әдебиеттер:

1.Веретеникова.с.А. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру. «мектеп»1983

2.Горощенко В.П.,Степанов И.А. Методика преподавания природоведения . М.,Просвещение, 1984.

3.Пакулова В.М., Кузнецова В.П. Методика преподавания природоведения. М. Дрсвещение, 1980.

4. Аймағанбетова.К.А.Дүниетануды оқытудың теориялық негіздері.Алматы,2000ж

5. Горощенко В.П. Табиғаттануды оқыту методикасы. Алматы1985ж



Қосымша:

1. Аквилева Г.Н. Наблюдения и опыты на уроках природоведения. Пособие для учителей начальных классов. М.Дросвещение 1988.

2.. Қ.Аймагамбетова. Бастауыш сыныптарда табиғаттануды оқыту методикасы. Алматы. Мектеп. 1974. — 68 б.

3.ҚАймагамбетова. Аз компектілі бастауыш мектептерде табиғаттануды оқыту. Алматы. Мектеп. 1983. —152 6.


14 дәріс.



Тақырыбы:Күзгі табиғат құбылыстары және ауыл шаруашылығындағы еңбек

Дәрістің мақсаты: Балаларды күзгі табиғат құбылыстары және ауыл шаруашылығындағы еңбекпен тан

Негізгі қарастырылатын сұрақтар, олардың қысқаша мазмұны:

1.Күзгі табиғат құбылыстары

2.Ауыл шаруашылық жұмыстары

3.Сәбилер тобы

4.Естиярлар тобы

.Ересек балалар тобы

6.Мектепке даярлық тобы

1.Күздің басталуы мен аяқталуы. Күн мен түннің күзгі теңелу (21-23 сентябрь) күні күздің астрономиялық басталуы болып есептеледі. Күннің қысқы тоқырау күндерінің бірі — 22 декабрь күздің соңы деп саналады. Алайда бұл маусымның табиғатта осы мерзімнен ерте де, кеш те басталуы мүмкін.

Фенологтар топыраққа алғашқы тоң ілінуін күздің басталуы, ал тоғандардың қатуын күздің аяқталуы деп санайды. Олар күзді жапырақ түскенге дейін — сары күз және жапырақ түсіп болған соң — қара күз деп ажыратады.



Ауа райы. Сентябрьдің екінші жартысы — алғашқы суық түсудің бастапқы мерзімі. Бұл уақытта әдетте күн ашық, жылы, түн мен таң салқын болады. Ауа құп-құрғақ, таза және ашық болып келеді.

Октябрьдің екінші жартысынан бастап күн едәуір суыта бастайды, көшпелі

бұлттар ыдырап, аспанды кара сұр бұлт тегіс қаптап, төмендей түседі. Жауын-шашын жиілеп, ұсақ жауын сіркіреп ұзақ жауады. Ауа ылғалданып, тұман түседі. Шалшық сулар кеппей қалады. Қар жауып, тез еріп кетеді. Түнде бетіне мұз қатқан шалшық су, күндіз ериді. Күн барған сайын қысқарып, түн ұзара, суыта түседі.

Ноябрь — жылдың қарауытқан, ызғырық желді және ауа райы бұлыңғыр айы. Температураның 0 градусқа төмендеуі тұрақтайды, топырақты тоң басып, су қоймаларына мұз қата бастайды.



Жапырақ түсу. Ағаштар мен бұталар жапырақтарының әр түсті болуы және жапырақтардың түсуі — күзге тән белгілердің бірі — ол көбінесе жаз соңына қарай пайда болады, жаз неғұрлым құрғақ және ыстық болса, жапырақтың түсуі де соғұрлым ерте басталады. Ең, алдымен қайыңның жапырақтары сарғаяды.

Температура төмендеген кезде жапырақтардың түсі өзгере бастайды. Бұл — жапырақтарға жасыл түс беріп тұратын хлорофильдің бұзылып, сары және күлгін түс беретін пигменттердің пайда болу нәтижесі.



Күзгі гүлдеу. Сары күзде көктемнен бастап суық түскенге дейін гүлдеп тұратын бақбақтан басқа цикорияның, түйме шетеннің, жұмыршақтың, меніреу қалақайдың, дала үкікөзінің гүлдерін кездестіруге болады. Сентябрьде су қоймаларында әлі де гүлдеп тұрған ақшұнақ пен жебежапырақтар тұрады.

Кейбір өсімдіктер (қалтагүл, дрема, қоғажай) кейде күзде екінші рет гүлдейді. Бұл жаз ыстық және аңызақ жылдары көктемде немесе ұзақ жауған күшті жаңбырдан кейін болады.



Шөптесін өсімдіктерді қысқа дайындау. Бір жылдық өсімдіктердің күзде сабақтары мен тамыры суалып тек ұрығы бар тұқымдары ғана қалады. Ұрықты қоректік заттар қоршап жатады, қатты суытқан, ұзақ қүрғақшылықтан оны тұқым қабығы қорғайды.

Көптеген шөптесін өсімдіктерде күзде жер бетіндегі бөліктерінің бәрі солып қалады. Жер астындағы түрін өзгерткен өркендерде — тамырсабақтарда, түйнектер мен пиязшықтарда тіршілік сақталып қалады, оларды қоректік заттардың қоймасы десе де болады.

Су өсімдіктері, мысалы элодея қысқы тіршілік жағдайына бейімделіп, су түбіне батып кетеді. Қүрғақ, қамыс, ақ түңғиық пен сары лала гүлдің сабақтары мен жапырақтарының қурағаннан кейін қыс кезінде сабақ жапырақтарында тіршілік сақталып қалады.

Жемістер мен тұқымдардың таралуы. Күзде гүлдер азайып, оның есесіне жемістер молаяды. Жапырақтардың сілемінен шәңгіштің қызыл шоғы, бересклеттің әдемі қауашағы айқын байқалады. Жөкенің, шетен мен үйеңкінің қанатты жемістері қаптап ұшып жүреді.

Көптеген ағаштың жемістері мен тұқымын жел таратады. Қабығы қалың үйеңкінің қанатты жемістері, жөке жаңғағының гүлсерік жапырағы, қайың жаңғақшасының қанаты ұшу аппаратының қызметін атқарады. Бұл жемістер қара күзде немесе қыста жан-жаққа ұшып таралады.

Кейбір шөптесін өсімдіктің (бақбақ, қаршығашөп, татарник) жемісінде болатын «парашют» (ұшпалы үлпілдек шатырша) жемістердің құрғақ ауада ұшуына мүмкіндік береді; ығалды жерге түссе болды, «парашюттың» түтіктер, жабысып, жеміс жерге түседі.

Мойыл, шетен, долана және басқа есімдіктердің шырынды жемістерін көптеген құстар мен аңдар сүйсіне жейді. Бұл жемістердің ішіндегі қорытылмайтын тұқымдар жануарлардың ішегінен ешқандай зақымсыз сыртқа шығып қалады, мұның көбінесе жеміс пісіп жетілген және желінген жерден өте алыста болуы да мүмкін.

Шоңайна, ошаған, итошағанның жемістері жануарлардың жүніне ілгешектерімен жабысып таралады. Бұл жемістерді көйлегіне жабыстырып алып, адам да таратады.

Шыңтерек, үкікөз және басқа өсімдіктердің жемістері қақырайды да, тұқымдары жан-жаққа шашылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет