1.4 Мәдениетаралық коммуникация тарихынан
“Мәдениетаралық коммуникация” термині тар мағынасында әдебиетте 1970 – жылдары пайда болды. Сол кезге қарай мәдениетаралық қатынас жағдайларында коммуникативтік сәтсіздіктер мен олардың салдарын зерттейтін ғылыми бағыт та жасақталды. Соңынан мәдениетаралық коммуникация ұғымы аударма теориясы, шет тілдерді оқыту, салыстырмалы културология, контрастивті прагматика және басқа салаларға тарады.
Қазір мәдениетаралық коммуникация саласындағы ғылыми зерттеулер тілдік қызметте мәдени шартты айырмашылықтарына және солардың салдарларына душарласқан адамдардың мінез – құлқына бағыт бұрған. Коммунниканттардың ахуалдық тілді іс - әрекеттерді айту және түсіндіру кезіндегі мәдени айырмалары сипаттау зертеу нәтижелері болды. Әуел бастан бұл зерттеулер үлкен қолданбалы мәнге ие болып, кросс - мәдени әсерлікті дамыту жөніндегі практикалық сабақтар (тренингтер) үшін сандаған жасалымдарда пайдаланылды.
Мәдентетаралық коммуникация қоғамдық феномен ретінде 20 – ғасырдан бастап „экзотикалық“ аталатын мәдениеттер мен тілдерге қатысты ғылыми орта мен қоғамдық санада қалыптасқан мүддемен идиологиялық жағынан бекіген соғыстан кейінгі әлемнің практикалық сұраныстарынан туған. Практикалық сұраныстар көптеген елдер мен аймақтардың қарқынды экономикалық дамуының, технологиядағы революциялық өзгерістердің, осыған байланысты экономикалық қызметін жаһандануының салдарынан шыққан. Нәтижесінде әлем елеулі „тарыла бастады“ әр түрлі мәдениет өкілдерінің арасындағы ұзақ байланыстың тығыздығы мен қарқындылығы мейлінше өсіп, одан әрі ұлғаюда. Экономиканың өзімен қоса білім, туризм, ғылым, кәсіби және әлеуметтік мәдениет арқылы коммуникацияның аса маңызды аймақтарына айналды.
Бұл практикалық сұраныстар қоғамдық санадағы өзгерістермен, бірінші кезекте гуманитарлық және қоғамдық ғылымдарда евроцентристік жолдан постмодернистік бас тартумен қолдау тапты. Әлем мәдениетінің саналуандылығының шексіз құндылығын мойындау, отарлаушылық мәдени саясаттан бас тарту, дәстүрлі мәдениеттер мен тілдердің басым көпшілігінің омырылуға бейімділігі мен жойылып кету қаупін сезіну тиісті пәндердің жер шары халықтарының бір – біріне қызығушылығының адамзат тарихындағы жаңа феноменіне сүйене отырып, буырқана дамуына әкелді.
Мәдениетаралық коммуникация зерттеулерінде психологиялық, социологиялық және лингвистикалық бағыттарды бөліп қарауға болады. Бұлай бөлу зерттеу объектісіне, сондай-ақ қолданылған әдістемеліктерге қатысты. [25, б.10-12].
Мәдениетаралық коммуникация саласында жұмыс істейтін социологтар осы ғылым үшін дәстүрлі әлдеқандай жолмен іріктеліп алынған респондеттер топтарында сауалнама жүргізу әдісін қолданады. Сауалнамалары адамдардың мінез құлқында қалыптасқан құнды ұстанымдар мен дағдыларды анықтауға бағытталған. Негізінен жұмыс орнындағы, іскерлік қатынастағы және бизнестегі мінез-құлық қарастырылады. Бұл социологиялық зерттеулердің іс жүзінде, бірінші кезекте қазіргі транснационалдық корпорацияларда қолданылады. Социологтардың белгілі бір мәдениет топтарына тән және олардың қадір тұтатын мінездері туралы мәліметтердің жиынтығының негізінде тиісті практикалық ұсыныстар жасалынып, арнайы мәдениетаралық тренингтер түрінде өткеріледі. Сауалнама жүргізудің келесі объективті аймақтары: ақпарат алмасу, әріптестермен қарым-қатынас, шешімдер қабылдау, шиеленісті жағдайлардағы мінез-құлық, басшыға көзқарас, жұмыс пен жеке өмірдің байланысы, инновацияға көзқарас. Зерттелген мәдени шартты мінез-құлық стереотиптерінің көп бөлігінің Хофстеде енгізген мәдениет параметрлеріне көтерілуінің мүмкін екендігі белгілі. Сондықтан мұндай жұмыстар көбінесе сол параметрлердің кейбір нақты ортада қалай болатынын тексеру сипатында жүргізіледі: сол уақыт кезеңіне, зерттелуші топтың, көбіне бірге жұмыс істейтін екі немесе одан көп мәдени топтың жасына қатысты өзгерістер зерттеледі. Ауқымды социологиялық проблемалар мигранттардың әлеуметтік бейімделуімен, шағын ұлттардың дәстүрлі мәдениетін сақтауымен немесе жоғалтуымен және тағы сол сияқтылармен байланысты.
Мәдениетаралық коммуникация саласында психологтарды, бірінші кезекте, мәдениет айырмашылықтарының интерпретация мен категоризация үрдістеріне ықпалы, тиісті мінез-құлық стереотиптерінің табиғаты қызықтырады. 1970-жылдардан бастап үрей, белгісіздік, категориялардың ықтималды көлемі, топаралық категоризациялау ерекшеліктерінің және тағы басқаларының маңызды ұғымдары әлеуметтік психология әдісімен зерттелді.
Әңгіме коммуникация, әсіресе мәдениетаралық коммуникация жайлы болғанда әлеуметтік психология саласында жүргізілген социологиялық және психологиялық зерттеулердің ара жігін ажырату қиын. Екеуі де коммуникация үрдісіне туындаған немесе сол арқылы берілетін күрделі категориялар – құндылықтармен, пайымдармен, ұстанымдармен, стереотиптермен және ырымдармен байланысып жатыр. Екеуінің де міндеті – қадаланатын феноменді (мүмкін басқалармен байланыстырып) белгілеу және мәдениетаралық қатынаста емес, топ ішіндегі жағдайларда ұқсас реакциялар мен ұстанымдардан айырықшылығын көрсету.
Оның қалай өтетінін бірінші кезекте лингвистерді ғана қызықтырады. Тілдік қатынаста мәдениетаралық өзара іс-әрекет бар екенін не білдіреді? Әртүрлі мәдениет өкілдері алмасатын хабарларды сипаттайтын не? Ол қандай коммуникативтік контекстерде байқалады? Түсінбеушілік, жете түсінбеушілік қалай болады, тілдік ерекшеліктер мен мехенизмдердің қайсысы түсінбеушіліктің орнын толтыруға мүмкіндік береді немесе бермейді? Жасалынған лингвистиқалық тақырыптардың ішінде түрлі коммуникативтік стильдерді өз тобының ішінде және тыс қолданылуында зерделеу психологияға тақау тұр. Аккомодацияның психологиялық ұғымы сөйлеу екпіні, тиісті лексиканы (шетелдікпен сөйлесекенде, баламен т.с.с. әңгімелескенде) таңдау, қарапайымдандырылған немесе күрделендірілген грамматикалық құрылым сияқты коммуникация параметрлеріне қолданылады. Аккомодацияның позитивті (әңгімелесіп тұрған адамның ыңғайына бейімделу) немесе негативті (әңгімелесушіден өзгеше стильді ұстану) болуы мүмкін. Түрлі топ өкілдері араласқанда (мәдени компоненттің үлесі туралы айтар болсақ) аккомодацияның бағыты бір топтың басқасына көзқарасына қатысты болады. Қатынастар құрылымына „жақсы-жаман“, „төмен-жоғары“, „жақын-алыс“ межелері енеді (26, б.50). Сөздің өзінің және сөздің болмауы ретінде үндемеу функциялары сияқты қарама қарсылықтар ерекше қарастырылады. Мәселен, европа мәдениеттерінде, шала таныс немесе тіпті бейтаныс адамдармен араласқан жағдайда үндемеу әдепсіздік болып саналады. Үнсіздік жайлап алмас үшін әртүрлі, мысалы, ауа райы жайлы әңгіме қозғайтыны сондықтан. Мысалы, поездің купесінде жолаушылардың сөйлесіп отыратыны сол себепті. Солтүстік Американың үндістерінің атапаск мәдениетінде шалатаныс адамдармен әңгімелесу құпталмайды, қауіпті саналады. Әбден біліп алғанынша бейтаныспен тіл қатыспайды. Европа мәдениетінде қалыптасқандағыдай онда әңгіме жақынырақ танысудың амалы емес.
Лингвистикалық зерттеулердің екінші маңызды бағыты соңғы он жылдықтарда коммуникативтік қызмет үшін орталық кейбір интегралды үрдіс ретінде дискурсты зерделеудің қарқынды дамуымен байланысты. Дискурс сияқты құбылыстың күрделілігі мен көп қырлылығы мен олардың тұлғаларына ықпал ететін факторларды бөлуге талпыныс дискурста бар тілдік ( грамматика мен лексикадан өзге) факторлардың өзін зерделейтін бірқатар бағыттардың дамуына соқтырды. Прагматикалық факторлар шегінде мәдени сипат факторлары айқындалды. Белгілі бір, тіпті мейлінше қатаң берілген тақырыпқа (мысалы, ертегілердің немесе рәсімдердің дәстүрлі жанрларын айтпағанның өзінде, қызмет хаты, көңіл айту, жиналыста сөйлеу, кешіккені үшін кешірім өтіну) дискурс осы дискурс қалыптасқан топтың мәдениетіне қарай дискурсивтік ережелердің (пайдаланылған макро – және микроқұрылымдар) өзінің терминдерінде ерекше айырмашылықтар бар [25, б.26-30]. Мәселен Оңтүстік-Шығыс Азияда қызмет хаты индуктивті құрылады: алдымен себебі, жағдайы да, ең соңында талап немесе іскерлік ұсыныс. Европа және Солтүстік Америка дәстүрлерінің өкілдеріне бұл стиль „қойыртпақ“, іскерлі емес болып көрінеді. Олардың көзқарысында, мұндай хат негізгі талапты немесе ұсынысты білдіріп, соңынан негізделіп, нақтылануға тиіс.
Жалпы дискурстың кросс-мәдени зерттеулері оқиғалар мен барынша есте қалған жайлар туралы әңгімелердің сыртында тұрған әлемнің мәдени шартты көрінісін табуды өзіне мақсат ете алады [9, б.65].
Коммуникативтік қызмет пен тиісінше мәдени сценарийлерді сипаттайтын жекелеген ұстанымдарды салыстырмалы талдаумен айналысатын кросс-мәдени прагматика дискурстың прагматикалық аспектілері бойынша зерттеулердің басқа варианты болды. Барынша маңызды және прагматикалық ұстанымдардың мәдени қатынасында қарама-қайшыларының арасынан сөйлеу актісіне, сол ұстанымда әлдеқалай құрылған тиымдарға, кешірім сұрауға арналған. П.Браун мен С.Левинсонның „Принцип вежливости“ және көптеген еңбектерді атап өту қажет. Сыпайлықтың қай типінің - ынтымақтастыққа құрылғаны немесе арақашықтықты ұстануға негізделгенінің сол мәдениетке тән болуынан кросс-мәдени айырмашылықтар байқалады [27,б.10-12]. Мәселен, коммуникативтік серіктестігімен ынтымақтастығынан орыстың өз пікірін айтуы, кеңес беруі жеке дара және арақашықтықты сақтау ұстанымында тәрбиеленген неміске өрескел көрінеді.
А.Вежбицкая мен ізбасарлары кросс-мәдени прагматика бойынша зерттеулерінде өзге жолды өткерген. Түрлі тілдерде дәл сәйкестік сияқты болып табылатын сөздерді, конструкцияларды, мәтіндерді салыстыра келіп, Вежбицкая өзі жасаған семантикалық примитивтерді пайдаланып, тура аударма эквивалентерінің елеулі мәдени шартты айырмашылықтарды бүркемелейтінін көрсетті [28, б.43-46]. Біз, мысалы, достық, бостандық, ашу-ыза туралы айтқанда, сол ұғымдарға сол тілдің тиісті сөздеріне тән мәдени шартты мағыналарды еріксіз жапсырамыз. Сөйтіп, оларға жоқ әмбебаптылықты танып, елеулі мәдени қате жібереміз. Ағылшынның friend ұғымында орыстың „друг“ ұғымына тән мағыналық компонентер жоқ (мысалы, жан сырымен бөлісу, риясыз көмек көрсету).
Сөздердің мағынасы ғана емес, нақты мәдениеттің коммуникативті қызметінде атқаратын рөліне қатысты әмбебапты емес мәдени сценарийлерді қолданғанда да жағдай осындай. Кросс-мәдени прагматиканың сыпайылық категориясын, ізет көрсету белгілерін дәстүрлі лингвистикалық салғастырмалы зерттеуден айырмашылығы, ең алдымен, функциональдық бағытында. Нақты тілдің тілдік құрылымы көп варианттылығы, стратегияны таңдау мүмкіндігі бар әлдебір тұлғаны қолдануға қатаң тиымдарды қосарлайтын салалар қызығушылық тудырады. Қандай стратегияның таңдалуы, осы дискурстың (осы айтылымының) қандай мәдени сценарийге айналуға тиісті коммуникативтік қауымдастықтың мәдени ерекшеліктеріне қатысты. Темекі тартуға тиым салу немісше Rauchen verboten (жобамен Темекі тартуға тиым салынады!), ағылшынша – No smoking (жобамен мұнда темекі тартпайды). Неміс айтылымының ағылшыншаға тура аудармасы (Smoking forbidden) темекі тарту өмірге қауіп туғызып тұрғанда ғана айтылады, себебі ағылшын тілді (британ, американ) мәдениеті әлдекімнің адамға қалай жүріп, тұруын үйретуді қабылдамайды. Қалыпты жағдайда тек қана ескертеді.
Кросс-мәдени лингвистикалық зерттеулер көбіне тілдік коды ортақ сияқты екі мәдени қарсы қойылған топтардың „тілдерін“ салғастырмалы талдау тұлғасында болды. Дебора Танненнің еркектер мен әйелдердің коммуникативтік мінез-құлқының ерекшеліктері туралы еңбегі – соның жарқын мысалы. Осы екі топ өкілдерінің сол ағылшын тілінде айтқан ең қарапайым айтылымдары түрлі сценарийлер шеңберінде түрліше түсініледі. „Кәдімгі“ әйел „кәдімгі“ еркекке әлдебір шаруасын айтып, шағымданса, екеуі мүлде өзгеше коммуникативтік актілерге тартылады: әйел жанашырлық күтеді, ал еркек нақты іскерлік кеңес беруді жөн санайды.
Сөтіп, мәдениетаралық коммуникацияның ғылым ретінде қалыптасуы түрлі мәдениет өкілдерінің өзара қатынасы проблемаларын өзектендіру салдарынан маңызды мәнге ие болады деген қорытындыға келеміз. Бүгінгі таңда мәдени біліктіліктің түрлі мәдениет өкілдерінің арасындағы жемісті коммуникацияның бөлінбес бөлігі екенін дәлелдеп жатудың қажеті бола қоймас.
1.5 Вербальды коммуникация. Вербальды коммуникация стильдері
Қатынастың түрлі тәсілдерінің, амалдары мен стильдерінің үйлесуіне қатысты коммуникативистикада мәдениетаралық коммуникацияның үш негізгі түрі бөлінеді – вербальды, вербальды емес және паравербальды. Бұл еңбекте вербальды коммуникацияның түрі қарастырылады, өйткені вербальды коммуникация адамдар қатынасының әмбебап тәсілі болып табылады да, адамдар соның көмегімен түрлі ақпараттың негізгі бөлігін жіберіп, қабылдайды.
Вербальды коммуникация дегенде сұхбаттасушылардың ой-пікірімен, ақпаратымен, көңіл - күй әсерімен бөлісуін білдіретін тілдік қатынасты айтамыз. [9, б.45-46].
Вербальды қатынас адам коммуникациясының барынша зерттелген алуан түрі болып табылады. Вербальды адам тіліне кез келген басқа белгі жүйесінің көмегімен жасалған хабарды „аударуға“ болады. Мысалы, қызыл жарық белгісі „өтуге болмайды“, „тоқта“ дегенді, спорт жарыстарында басқа қолдың алақанымен жабылған қолды жоғары көтеру „қосымша үзіліс минутын беріңіз“ дегенді білдіреді. Коммуникацияның сөйлеу қыры күрделі көп ярусты құрылымға (фонеманың диффереренциалды нышанынан мәтін мен интермәтінге дейін) ие, сан алуан стилистикалық түрлерде (әртүрлі стильдер мен жанрлар, ауызекі сөйлеу және әдеби тіл, диалектілер мен социодиалектілер). Сөйлеу коммуникациясын қамтамасыз ететін жүйе – адам тілі. Сондықтан мәдениетаралық коммуникацияда тілді коммуникацияға қатысушылардың өзара түсінісуіне арналған қатынас құралы ретінде түсінген жөн. Қазір әлемде 3000 шамалы тіл бар, әрқайсысында сол иелерінің әлемді өзінше қабылдауының алғы шарты болатын тілдік әлем суреті жасалған. Сондықтан түрлі тіл иелерінің коммуникациясы кезінде белгілі бір ұғымды айту үшін дәл эквиваленттің болмауынан немесе ондай ұғымның мүлдем жоқтығынан байқалатын тілдік сәйкессіздік жағдайы туады. Мұндай жағдайларда тілдік ауыстыру болады, басқа тілден алынған ұғымдар өз мәнінде қолданылады. Демек, мәдениетаралық коммуникация үрдісі түрлі мәдениет өкілдерінің қатынасындағы вербальдық элементтердің түрліше ара қатысымен күрделенеді. Контекст өте маңызды мәдениеттер де, контекстің мәні онша емес мәдениет те бар, мәдениеттер оларда контекст пен сөздерге қандай мән берілуіне қарай айрықшаланады. Батыста шешендік өнердің көне дәстүрі вербальды қатынастардың ерекше маңыздылығын алғы шарт етеді. Бұл дәстүр қисынды, ұтымды және аналитикалық ойдың типін толық көрсетеді. Батыс халықтарының мәдениеттерінде сөз әңгіменің контекстіне қатыссыз қабылданады, сондықтан оны бөлек және социомәдени контексттен тыс қарастыруға болады. Мұнда коммуникация үрдісіне сөйлеуші мен тыңдаушы екі дербес субъект ретінде қарастырылып, қатынастары ауызша айтылған сөздерінен түсінікті болады. Азия мен Шығыс мәдениеттерінде, керісінше, социомәдени контекст үлкен мәнге ие, сөз қатынасқа қатысушылардың жеке бас қасиеттері мен тұлғааралық қатынастарының сипаты енген тұтас коммуникативтік контекстің құрамдас бөлігі болып есептеледі. Осылайша бұл мәдениеттерде вербальды айтылымдар этикамен, психологиямен, саясатпен және әлеуметтік қатынастармен тығыз байланысты коммуникативтік үрдістің бөлігі болып есептеледі. Мысалы, жапондық кәсіпкерлер іс жағдайын жеке әңгімеде талқылауды жөн көреді. Шығыс мәдениеттерінде негізгі екпін ауызша айтылымдарды құрастыру техникасына емес, оларды айту мәнеріне, коммуниканттардың әрқайсысының қоғамдағы орнын анықтайтын қоғамдық қатынастарға сәйкестігіне түседі.
Сөйтіп, араласуды, вербальды коммуникация құрамдарын меңгеру әрбір адамға қажетті, өйткені өзара іскерліктің тиімділігі ғана емес, басқа адамдармен өзара түсінісуі де соған қатысты деген қорытындыға келеміз.
1.5.1 Вербальды коммуникация стильдері
Араласу стилі коммуникацияда маңызды роль аткарады, соның көмегімен түрлі жағдайлар түсіндіріледі, коммуникация бойынша серіктермен қатынас орнайды, проблемаларды шешу тәсілі таңдалынады.
Коммуникация стильдері түрлі мәдениеттерде түрленіп отырады. Т.Г.Грушевская, В.Д.Попков, А.П.Садохин вербальды коммуникацияның төрт тобын (класын) бөледі:
-
тура және тура емес;
-
астарлы, дәл және сығымдалған;
-
тұлғалық және жағдайлық;
-
инструментальды және аффективті.
Вербальды коммуникация стильдерінің арқайсысына кеңірек тоқталайық:
1) Коммуникацияның тура және тура емес стилі.
Осы стилдердің арқасында адамның ішкі пайымын және қатынас үрдісіне пиғылын білдіру дәрежесі айқындалады, яғни адамның ашықтығының дәрежесі айқындалады.
Тура стиль адамның шынайы пейіл білдіруімен байланысты. Тура емес стиль қатынаста адамның тілегін, сұранысы мен мақсатын жасыруына мүмкіндік береді. Коммуникацияны таңдау түрлі мәдениеттерде қатынастың контекстуальдылығымен байланысты екені сөзсіз. Зерттеушілердің пікірінше, қатынастың тура, қатаң стилі төмен контекстуальды (айтылу контексі маңызды емес мәдениеттер) американдық мәдениетке тән, онда айтылмай қалу аз. Американдықтар сөйлесіп тұрған адамын тура да ашық әңгімеге тартады, оларға „Көңіліңіздегіні айтыңыз“, „Іске көшейік“, „Тура айтыңыз“ сияқты айтылымдар тән.
Жоғары контекстуальды (айтылым контесі үлкен роль атқарады) мәдениеттерде тура емес стиль коммуникацияның жетекші стилі болып табылады. Мұндайда тура емес, қос мағыналы коммуникация басым болады, бұл басқа адамды сыйлаудан туған. Бұл көбіне ұжымдық мәдениеттер. Мәселен, корейлер „жоқ“ немесе „сізбен келіспеймін“ деп кесіп айтпайды. Әдетте олар „негізі сізбен келісемін“ немесе „сізге жаным ашиды“ сияқты жалтарма жауаптар береді. Мұның бас тарту екенін жағдайдың контексінен түсінеміз.
2) Коммуникацияның озат, дәл және сығымды стилі.
Бұл стильдер тілдің экпрессивті құралдарын, үзілісті, үнсіздікті қолдану дәрежесін көрсетеді. Озат немесе астарлы стиль қатынаста бай, экпрессивті тілдің қолданылуын қажет етеді. Мәселен, араб мәдениеттерінде сыйдан бас тарқанда, „жоқ“ деп қана қоймай европалықтың немесе американдықтың көзқарасы тұғысынан мүлде қисынсыз анттар мен сендіру сөздерін қоса айтады. Себебі кейінгілер қысқа айтылымды қажет ететін дәл стильді қолдануға үйренген. Дәл стиль ақпарат беру үшін қажетті және барынша қысқа (қажеттіден көп те емес, аз да емес) айтылуында. Сығымды стильге қысқалықпен қоса жалтару, үзіліс жасау мен мәнерлі үнсіздік те енеді.
Көптеген таяу шығыс мәдениеттеріне астарлы, Батыс Европа мен АҚШ үшін дәл, көптеген азиялық мәдениеттер мен американдық үндістердің кейбір мәдениеттеріне сығымды стиль тән.
3) Коммуникацияның тұлғалық және жағдайлық стильдері.
Коммуникацияның тұлғалық стилі қатынаста екпінді индивидтің тұлғасына, жағдайлық стилі оның рөліне түсіреді. Вербальды құралдармен тұлғалық стильде Мен-ұқсастық, ал жағдайлық стильде рольдік ұқсастық күшейтіледі. Әлеуметтік теңдікті білдіретін тіл тұлғалық стильді пайдаланып, жеке (индивидуальный) мәдениеттерге тән, жағдайлық стиль қоғамдық қатынастардың сатылығын білдіріп, ұжымдық мәдениеттерге тән деуге болады.
Мәселен, американдықтар басқалармен араласқанда мінез-құлықтың формальды кодтарынан, атақ-даңқтан, құрмет көрсету мен салт-дәстүр нақыштарынан қашқақтайды. Ол сөйлесіп отырған адамын атымен атап, вербальды қатынас стилінде жыныстық айырмашылық жасамауға тырысады. Жапондықтар өздерінің адами қатынастарында формальдықты ең басты санайды. Олар қатынастың сыпайы және болжамсыз болуына мүмкіндік береді. Жапон тілі әңгімеге қатысушылар рольдік позицияға қоюға, дәрежелік сатыда әркімнің орнын айқындауға бейім.
4) Коммуникацияның инструментальды және аффективті стильдері.
Бұл стильдер вербальды коммуникацияға қатысушылардың қайсысына бағдарлануымен айрықшаланады. Қатынастың инструментальды стилі сөйлеуші мен коммуникацияның мақсатына, ал аффективті стиль тыңдаушы мен коммуникацияның үрдісіне бағдарланған. Инструментальды стиль айқындылыққа жетісіп, әңгімелеушінің келісімін алу үшін дәл білімге сүйенеді. Инструментальды стиль адамның өзіне сенуіне, бет-бейнесін көрсетуіне, жеке қасиетін білдіруіне және өзгеге тәуелді болмауына мүмкіндік береді. Аффективті стиль, керісінше, қатынас үрдісінің өзіне, әңгімелеушінің сезімі мен сұранысына бейімделуге, топтық үйлесімге жетісуге бағдарланған. Бұл аффективті стиль кезінде адамның байқап сөйлеуіне, оқыс пікір айтудан сақтануына соқтырады. Сол үшін дәлсіздіктерге сүйеніп, тура, кесіп айтудан қашқақтайды. Әңгімелесуші екі жақ та осы стильді ұстанса, айтылғанды түсіндіру, оны тексеру проблемасы үнемі туындайды, бұны жанама түрде жүргізуге тура келеді. Мұндай жағдайда не айтылғаны емес, не істелгені маңызды. Сөйлеудің аффективті стилінде қатынас контексі ерекше маңызға ие болады. Қатынастың жапондық стилі коммуникацияның аффективті стиліне үлгі бола алады. Сөйлеушіден сөздер арасындағы мәнге интуитивті сергектік таныту күтіледі. Сөйлеушілерден бірін бірі түсіну үрдісін өзіне басты мақсат етіп қояды. Сөздердің өзі вербальды айтылымдар нақты мазмұнға шара ретінде ғана қызмет етеді, оларды ақиқатты бейнелейтін нақты фактілер ретінде ешкім қабылдамайды. Коммуникативтік стильдердің аталған варианттары барлық мәдениеттерде бар, алайда арқайсысы оны өзінше бағалап, оларға өзіндік мән береді. Әр жағдайда коммуникация стилі белгілі бір мәдениеттің негізінде жатқан құндылықтар мен нормаларды, әлемді өзіндік танымында көрсетеді.
Сөйтіп, коммуникация, тіл, қоғам, мәдениет сияқты ұғымдар түрлі мәдениет иелерінің арасындағы қатынаста тілдік сәйкессіздік туу тұрғысынан мәдениетаралық коммуникациясын маңызын ашу үшін теориялық негіз жасауға ықпал етті. Тілдің қоғам коммуникациясының негізгі құралы болып табылатынын нақтыладық. Тілдің байлығы мен маңызы жеке халықтың мәдени факторлары арқылы ашылады. Мәдениетаралық коммуникациясының мәнін қолданбалы сипаттағы жеке ғылым ретінде анықтадық. Коммуникацияда қатынас стилінің маңыздылығы оның көмегімен түрлі жағдайда түсіністік орнауында, коммуникация бойынша серікке қатынастың қалыптасуында деген пікірге келдік.
Мәдени айырмашылықтар
2.1 Мәдениетаралық коммуникацияда қиындықтардың туу себептері
Әрқайсысымыз белгілі бір ортада тәрбиелендік, сол ортаның аса маңызды компоненттері барлық қоғам мүшелерінің дүниетанымына құрамдас бөлік болып еніп, белгілі бір мәдениетті танытады. Мәдениетаралық қатынас кезінде коммуникативтік қиыншылықтар қатысушы мәдениетті құрастырушылардың әртүрлігінен туады, айырмашылық неғұрлым көп болса, қатынасу үрдісі де соғұрлым күрделірек болмақ. Өзге мәдениет өкілімен араласқанда оның мінез-құлқын өзіміздің мәдени нормаларымызбен ережелердің негізінде болжай алмаймыз. Бұл түсініспеушілікке соқтырады. Қатынас ойдағыдай болуын қаласақ, болжам мен болжау жасау үшін басқа мәдениет туралы білімімізді пайдаланамыз. Мұндай білім болмаса, дұрыс болжау жасауымыз кәдік. Мәдениетаралық қатынаста туындайтын барлық проблемаларды социолингвистер үш негізгі себепке тоғыстырған:
-
түрлі мәдениеттердегі мәдени құндылықтардың жиынтығының дифференцияналды сипаты - мәдени құндылықтардың әрбір жеке алынған жүйесі белгілі бір әлеуметтік топқа тән. Мысалы, бір жатақханада тұратын студенттер әр түрлі дінді ұстанса, мінез-құлықтары да әртүрлі болады.
-
әлеуметтік қатынастар шекарасының айқынсыздығы (нақты шектің болмауы) – жалғыз адам әр түрлі әлеуметтік топтардың мүшесі болып табылады, әр жеке алынған қос индивидиумның қатынастары олардың әлеуметтік мәртебесі тұрғысынан нақты бір мәнді анықтамайды. Мысалы, бастық пен бағынышты адамның қатынасы өндірістік фактормен қоса бір-бірін ұнату – ұнатпаумен, балаларының бір мектепке баруымен, ортақ таныстарының немесе туысқандарының болуымен, не бір спорт клубына мүше болуымен күрделенеді.
-
мәдени топтарда үстем идеологияның болуы.
Американдық социолингвистердің пікірінше, дәп осы себептер қатынас сипатын анықтап, оған тиісінше мәдени реңк береді. Әлеуметтік топ мүшелерінің бір – біріне алғыс айтуы, кешірім сұрауы, мақтап-мадақтауы – осының бәрі сол әлеуметтік топтың мәдени құндылықтарын көрсетеді, өйткені сол сөздерді айтқанда адамдар жанама түрде бір-бірінің мінез-құлқын, жетістігін, мінезі мен сырт бейнесін бағалайды [30, б.92-95].
Орта тапты американдықтардың (достардың, қызметкерлердің, таныстардың) арасында жиі айтылатын қошемет сөздерді мысалға келтірейік. Американдықтар мынандай сөзді жиі айтады: „It’s a lovely dress you’re wearing!“ - „Oh, no, I’ve got it for years!“- „Сенің көйлегің қандай әдемі!“ - „Қайдағы, бұл көйлекке жүз жыл болған шығар!“. Дж.Чиктің түсіндіруінше „американдықтар эталитарлы қоғамның мүшесі ретінде қатынаста өзін ашық, еркін және тең ұстайды, және қошамет сөз әлеуметтік шектеулерді теріске шығарудың құралы болып табылады“ [17,б.34-36]. Яғни, американдықтың сұхбаттасушының қошаметін қабыл алмау себебі мынада: қабыл алса, онда өзін одан жоғары көрсеткендей болады. Ал, мысалы, ақ нәсілді орта тапты оңтүстік африкандықтар бір-біріне қошамет сөзді сирек айтады, айтылғандардың көбін қабылдаумен өзін сұхбаттасушыдан жоғары ұстап, әлеуметтік ара-қатынасын белгілеп алады. Мұны да әлеуметтік теңсіздік (әсіресе билікпен байланысты) заңмен анықталып, бекітілген қоғамның мәдени құндылықтарымен түсіндіруге болады.
Егер біреу мәдени айырмашылықты білмегендіктен ренжітіп алса, оны кешіруге болады. Ал ол менмендік пен арсыздықтан туса, жағдай шиелініседі. „Қабылдау қатыстылығы“ теориясы адамдардың болып жатқанды қалай қабылдайтынын түсіндіреді. Біз басқаның мінез-құлқын өз түсінігіміздегі мәдени нормаға, тиісті бір әлеуметтік рольге сиымдылығана қарай түсінеміз. Өзара түсіністіктің қиыншылығының себептерін қарастыра отырып, мынадай қорытындыға келеміз:
1) субъектің көз қарасымен алғанда барлық мінез-құлық жарасымды да қисынды;
2) әр түрлі мәдениет өкілдері өз ортасын әр түрлі қабылдап, жасайды, белгілі бір мәдени мұраға қарай белгілі бір мағынаға ие болады.
3) басқа мәдениет өкілдерімен тіл табысу үшін өзімізді солардың орнына қойып, жағдайды солайша түсінуге тырысуымыз керек.
Басқа мәдениет өкілімен коммуникацияға енгенімізде сол мәдениет туралы сол мәдениеттің өзі „үйреткен“ жаттанды түсінікті басшылыққа аламыз. Бір мәдениет өкілінің басқа мәдениет өкілінің мінез-құлқын дұрыс түсінуі, ерекшеліктерін білуі жат мәдениет пен оның басқа мәдениеттен айырмашылығын түсінуіне және өзіңнің дербестігіңді сезіну үшін өз мәдениетіңмен салыстыруға көмектеседі.
2.2 Түрлі мәдениеттер стереотипі
Адамдардың әлем туралы түсінігі қандай мәдениетте туып, тәрбиеленгеніне қарай әртүрлі. Басқа мәдениет өкілінің мінез-құлқын түсіндіргенде ойға олардың өмір салты, әдет-ғұрпы, яғни этномәдени қасиеттерінің жүйесі оралады. Мысалы, американдық студенттерге көрсетілген фильмнің кейіпкерлері – ерлі-зайыптылар арасында мынандай әңгіме болады:
-
Неге ұйықтамайсың?
-
Ұйқым келмейді.
Американдықтар соңғы сөйлемді қайталау ретінде қабылдап, бұл коммуникативтік жағдай дөрекілік және әңгімені жалғастырудан бас тарту ретінде бағалаған. (Салыстырыңыз:
-
Не істеп жатырсың? – Не істесем, соны істеп жатырмын.
-
Мұның қалай? – Солай).
Мұндай түсініктердің негізін өз араларындағы ұқсас қасиетті өсіріп көрсететін, айырмашылыққа мән бермейтін адамдардың түрлі категорияларының қарапайымдалған ментальды таныстыру құрайды. „Стереотип“ феноменінің өзі лингвистермен қатар социологтардың, когнитологтардың, психологтардың, этнопсихолингвистердің (У. Липпман, И.С.Кон, Ж.Коллен, Ю.Д.Апресян, Ю.А.Сорокин, В.А.Рыжков, Ю.Е.Прохоров, В.В.Красных, П.Н.Шихирев, А.В.Михеев, С.М.Толстая, Е.Бартминский, А.К.Байбурин, Г.С.Батыгин, С.В.Силинский т.б.) еңбектерінде қарастырады. Аталған ғылымдардың әрқайсысының өкілі стереотиптен өз зерттеу саласының тұрғысынан байқалған қасиеттерін алған, сондықтан әлеуметтік стереотиптер, қатынас стереотипі, ментальды стереотип, мәдени стереотип, этномәдени стереотип және тағы басқаларына бөлінеді. Мысалы, этно-мәдени стереотип - әлдебір халықты сипаттайтын мінездер туралы қалыптасқан түсінік. Немістің ұқыптылығы, орыстың тәуекелшілдігі, қытайдың рәсімшілдігі, африкандық темперамент, италияндықтардың қызбалығы, финдердің бірбеткейлігі, эстондықтардың жайбарақаттылығы, поляктың сыпайылығы – тұтас халық туралы стереотипті түсінік, ол сол ұлттың әр адамына телінеді.
Мысалға немістердің басқа халықтарға көзқарасын алалық. Немістердің көпшілігі ежелден ағылшындарды әс тұтады. Англия саяси, әлеуметтік, өнеркәсіп және технология салаларындағы тамаша жетістіктермен Германия тұрғындары үшін бұзылмас бедел, үлгі. Немістер ағылшындарды тамаша, ешкімге зияны жоқ адамдар санайды. Американдықтардың бейқам мінезін ұнатып, неміске мүлде тән емес жеңілтектігін жаратпайды. Құрама Штаттар немістерге ұлт мектебінің директоры іспетті көрінеді, бұл елді сүймегенмен сөзсіз сыйлайды. Немістер билікті ұнатады. Олардың сүйікті мақалы: „Бағына білген бағындыра да біледі“.
Италияндықтармен немістер толық түсіністікте, бұл екі халықтың тарихында ортақ жайттар көп. Достықтары соғыстармен, шапқыншылықпен және туризмнің сан алуан түрлерімен беки түскен. Немістер италиян өнерінің қазынасын, италиян тағамын және жағажайларды лайықты бағалайды. Францияға келер болсақ, немістер оның талғамшыл өркениетіне таңырқап, плебейлік мәдениеті туралы өкінішпен айтады. Француздар, мүмкін, немістерге қарағанда өмірге құштарлырақ шығар, алайда немістер рухани бай. Ештеңеге қарамастан франкофилия немістердің, әсіресе Франциямен шектесетін аудандарда кең тараған. Тевтондық қайырымдылығының даусыз үстемдігін немістер жан-тәнімен мойындаған жалғыз ұлт – шведтер. Әңгіме тәртіп, ұқыптылық, ынта, тазалық пен ұқыптылық туралы болса, ешбір неміс олардың артықшылығына дауласпайды.
Стереотипті түсінікті ескеріп, ұлттық мінез туралы шығарылған анекдоттар жетерлік.
Мысал келтірейік. Түрлі ұлт өкілдеріне мынандай мазмұнды фильм жіберіпті: шөл дала, күн күйіп тұр. Еркек пен әйел әзер жүріп келеді. Кенет еркек шырынды апельсин алып, әйелге береді.
Көрермендерге сұрақ: еркектің ұлты кім?
Француз-көрермен: „Тек француз ғана бикешке мұндай сыпайлылық көрсете алады.“ Орыс: „Жоқ, ол орыс. Ақымақтығын көрмеймейсің? Одан да өзі жеп алса ғой.“ Еврей: „Жоқ, бұл еврей, одан басқа кім шөлде апельсин таба алады?“ Бұл жерде стереотиптер – француздардың сыпайгершілігі, орыстың алаңғасырлығы, еврейдің тапқырлығы.
Адамдардың өзі жайлы пікірін білдіретін автостереотип болады, мысалы, тәуекелшілдік. Тәуекелшілдік бейтараптықтың, енжарлықтың кенет ақылға сыймайтын мінезге айналуынан танылады - „пока гром не грянет, мужик не перекрестится.“ Басқа халыққа қатысты гетеростереотипте сын басымдырақ.
Мысалы, бір халық үнемшілдік санайтынды басқа халық сараңдыққа балайды.
Орыс әйелі өзінің неміс отбасында қонақта болғанын есіне алып отыр: „Білесіз бе, - дейді ол, - үй иесі әйел салқындатылған тағам берді. Қазанында жалғыз салат. Ыстық тамаққа сосиска дайындапты. Сосискиге қоса картошка берейін бе, әлде нан жейсіз бе?- деп сұрайды. Бұл неткен сараңдық!“ Бұл әңгіме қонақжайлық түсінігінде мәдениеттің сәйкеспейтінін көрсетеді (үй иесі әйелдің сараңдығы).
Ұқсас мысалдырды қарстыралық.
Германияда тіске басардың (закуска) бірнеше түрін бірден ұсынбайды.
Біздің мәдениетте тіске басардың көп болуы бақуаттылықтың, меймандостықтың, сараңдық емес, қайта мырзалықтың нышаны.
Нан мен картоптың бірін таңдау. Европада екеуін қосып жемейді. Әдетте нанды бутерброд түрінде таңғы тамақта береді де, ал сосискиді картоппен не басқа гарнирмен түскі тамақта жейді. Үй иесі әйел, сірә, орыстардың нан қосып жей беретінін естіген болу керек, сондықтан қонағы қалағанын жесін деп нан ұсынған ғой.
Шығыс мәдениеті мен бұрынғы кеңес кеңістігінде сараңдық ұғымы батыс мәдениетімен ұшырасқанда берісі түсінбестік, әрісі мәдени шиеленіс немесе ұғынбаушылық тудырады. Отандық мәдениет өкілдері (қазақ, орыс) батыстық мәдениет өкілдерінің қонақжайлықты бір кесе кофе немесе бір бокал шырынмен шектейтінін ұят санайды, ал олар үшін кездесу тамақ жеу емес, әңгімелесіп араласу. Біздің мәдениетте адамдар дастархан басында араласады. Қазақ мәдениетінде қонақжайлылық бірінші орында, оған тарихи және географиялық факторлар себеп: Қазақстанның кең байтақ жері, ауылдардың арасының алыстығы, ауа-райының қатаңдығы. Алыстан келген қонаққа алдына алдымен ас қойып, содан соң барып жай-жапсарын сұраған. Осы стереотиптер адамдардың бойында тиісінше мінездердің қалыптасуына ықпал етеді. Мысалы, немістер әзілдеуді білмейді деп есептеледі. Отто фон Бисмарк: „Өзімен өзі болу үшін неміске жарты шөлмек шампан ішу жетіп жатыр“, - деген. Ал неміс философы Хельмут Плеснер кірпияз отандастарын былайша сақтандырған: „Күлу деген - өзіңді өз бақылауыңнан шығарып алу“. Немістердің әзілге көзқарасы сандаған ғылыми зерттеулерге тақырып болды да, бола бермек те. Зигмунд Фрейд неміс ұлтына „анальды мінез“ деген диагноз қойған. Оның дәлелдеуінше немістер ұлт ретінде дамудың „анальды фаза“ аталатын сатысында тоқтап қалған, олардың бір жағынан тазалық пен тәртіпке, екінші жағынан дөрекі әзілге құмарлығы осыдан. Немістер неменеге күледі? Анекдоттар мен әзіл-оспақты ұлттық әзілдің айнасы деп есептесек, онда оның шеңберіне ағылшындардан көшкен қара дүрсін әзіл мен сөз ойнатуға негізделген түрлі аударуға келмейтін қалжыңдар ең алдымен кіреді [31, б.2].
Этномәдени стереотиптерді зерделейтін этникалық психология мамандары экономикалық дамуы жоғары деңгейде тұрған ұлтқа ақыл, іскерлік, ал экономикасы кешеуілдеу ұлтқа қайырымдылық, жанашырлық, қонақжайлылық сияқты мінездердің тән екенін атап көрсетеді С.Г. Тер-Минасованың зерттеулері соған дәлел, осыған сәйкес ағылшын қоғамында кәсіби шеберлік, еңбек сүйгіштік, жауапкершілік, т.б., ал орыс қоғамында қонақжайлылық, ашық көңілділік, әділеттілік жоғары бағаланады [23, б. 125-128].
Стереотип ұғымын тұңғыш рет 1922 жылы У.Липпман қолданды, ол адамның басында мәдениет реттеген, нобайлы детермендеген „әлем суреті“ оның әлемнің күрделі объектілерін қабылдау күшін жеңілдетеді деп есептеген. Стереотипті бұлай түсінгенде екі маңызды сипаты – мәдениет детерминдегені және еңбек күштерін, яғни тілдік құралдарды үнемдеу құралдары болу бөлініп шығады. Математикалық есептерді шешу алгоритмдері адамның ойлануын үнемдесе, стереотип тұлғаның өзін „үнемдейді“ [32, б.68-69]. Бельгияда болғанда немістердің бельгиялықтар туралы стереотипін аңдадық. Олар бұларды өте салақ санайды. Солтүстік теңізге келгенде оларды бельгиялықтардың мәдениеті емес, теңіз ғана қызықтырады.
Когнитивтік лингвистика мен этнолингвистикада стереотип термині тіл мен мәдениеттің мазмұн жағына жатқызылады, „яғни ментальды (ой) стереотипі“ ретінде түсіндіріледі. Стереотиптің мұндай түсінігін Е.Бартминский мен оның мектебінің еңбектерінде кездестіреміз: онда әлемнің тілдік суреті мен тілдік стереотип бөлік пен тұтас ретінде қатынаста тұрады, сипаттау және бағалау нышандары қоса жүретін заттың субъективті детерминделген көрінісі және әлеуметті өңделген танымдық модельдер шегінде ақиқатты түсіндіру нәтижесі болып табылатын тілдік емес әлемнің белгілі бір объектісіне қатысты пікір немесе бірнеше пікір ретінде түсіндіріледі [33, б. 36-38].
Пікір мен бірнеше пікірді ғана емес, бірнеше сөзден құралған кез келген тұрақты сөйлемшені де тілдік стереотип деп есептейміз, мысалы, тұрақты салыстыру, таптауырын сөз және т.б. кавказдық ұлттардың бет-бейнесі, айдай толықсыған, жаңа орыс. Мұндай стереотиптерді қолдану коммуниканттардың күшін үнемдеп, қатынасын жеңілдетіп, оңайландырады.
Ю.А.Сорокин стереотипке кейбір социумда қабылданған әлдебір семиотикалық-технологиялық ұстанымдардың әсерінен тізімі жабық белгілі бір семиотикалық модельдерге сәйкес әлдебір үрдіс және қатынастық (мінез-құлықтың) нәтижесі ретінде анықтама береді [34, б. 22-24].
В.В Красных стереотипті екі түрге бөледі – стереотип-бейнелеу және стереотип-жағдай [35, б.45-48]. Стереотип-бейнелеу мысалдары: ара-еңбекқор, қой-момын; стереотип-жағдайлар: билет-компостер.
Стереотиптер әрдайым ұлттық, егер басқа мәдениеттерде ұқсастары кездессе, онда ол-квазистереотиптер, өйкені жалпы сәйкес келгенімен айтарлықтай мәнге ие айырмашылықтары болады. Мысалы, түрлі мәдениеттерде кезек феномендері мен жағдайы түрліше, демек стереотиптік мінез-құлық та әртүрлі: Ресейде „Кто последний?“- „Соңғы кім?“- деп сұрайды, бірқатар европалық елдерде арнайы аппаратта түбіртек жыртып алып, содан соң терезенің үстінде жанып тұратын цифрларды қарап отырады немесе кезекке жай тұра салады, ал кезектің тізбегі қатаң сақталады.
Сөйтіп, стереотип – концептуальды әлем суретінің кейбір үзіндісі, ментальды, „сурет“, зат немесе жағдай туралы тұрақты мәдени ұлттық түсінік. Ол зат, құбылыс, жағдай туралы кейбір мәдени –детерминделген түсінікті білдіреді. Бірақ бұл ментальды бейне ғана емес, оның вербальды қабықшасы да. Нақты мәдениетке қатыстылығы сол қоғамда тұлғаны әлеуметтендіру үрдісінде қайталанатын білімнің базалық стереотиптік ядросының болуымен анықталады, стереотиптер мәдениетте прецедентті (маңызды, өкілетті) атаулар болып саналады. Стереотип – бір жағынан сол мәдениеттің кейбір доминантты құрамаларын сақтауға және трансформациялауға, екінші жағынан „өзіміздікін“ тануға мүмкіндік беретін тұрақтандарушы фактор, тіл мен сөз құбылысы.
Көптеген когнитивтік үрдістер стереотиптерді жасақтау механизмі болып табылады, себебі стереотиптер бірқатар когнитивтік функцияларды нобайлау мен қарапайымдандыру функциясын, топтық идеологияны жасақтау мен сақтау функциясын және тағы басқаларын атқарады.
Этностық ментальды стереотиптерінің жиынтығы оның әрбір мүшесіне таныс. Ауыл, шаруа өкілінің жарық ай туралы сөздері, мысалы, стереотиптер болып табылады: жатқан ине көрінетіндей жарық, ал қала тұрғыны бұл жағдайды басқаша суреттейді: кітап оқуға болады. Тіл иелері мұндай стереотиптерді қатынастық стандартты жағдайларында қолданады. Стереотипте басты қисынды нышан ғана емес, кез келген нышанның үстем болуы мүмкін.
Мәдениеттің беріктігі, өміршеңдігі оның бірлігін, тұтастығын анықтайтын құрылымдардың қаншалықты дамығанына байланысты. Мәдениеттің тұтастығы мәдениет стереотиптерінің – мінез-құлық, қабылдау, түсіну, қатынасу және басқа стереотиптердің, әлемнің жалпы суретінің, стереотиптерінің жасалуын қажет етеді. Стереотиптердің жасақталуында белгілі объектілердің, құбылыстардың адам өмірінде ұшырасу жиілігі, адамдардың басқалармен салыстырғанда жиі қолданатын объектілерінің сипаты маңызды роль атқарады.
Мінез-құлық стереотипі – стереотиптердің ішінде аса маңыздысы, оның рәсімге айналуы мүмкін. Жалпы стереотиптің салт-дәстүрлермен, аңыздармен, рәсімдермен ортағы көп, тек салт- дәстүрлерді олардың объективтік мәні, басқаларға ашықтығы сипаттаса, стереотип „өз“ ортасында ғана болатын ой қорытындысы деңгейінде қалады. Мысалы, ТМД-дан Германияға көшіп барғандар үйлену тойы кезінде сигнал береді. Немістер мұны ашықтық, батылдық, алаңғасарлық деп бағалайды. Сөйтіп, стереотип мәдениет өкілінің санасы мен тіліне тән, өзінше мәдениеттің діңі, айқын өкілі, сондықтан мәдениеттер диалогында тұлғаның тірегі. Алайда басқа мәдениет өкілімен қатынасқанда көбіне стереотиптерге сүйеніп, олардың дүниетанымына тереңдемейміз, сөйтіп, өзара түсінбеушілік жағдайын тудырамыз.
2.3 Мәдени түсінбеушілік
Мәдени түсінбеушілік негізінен коммуниканттарда фондық білімнің болмауынан туындайды. Бұл жерде фондық білім, В.С.Виноградовтың айтуынша, белгілі бір ұлысқа немесе ұлтқа ғана тән, солардың өкілдері жаппай мойындаған және сол ұлттық қауымдастықтың тілінде көрініс тапқан социомәдени мәліметтер [36, б.37]. Түрлі мәденит өкілдерінің өз өмір салтының дұрыстығына илануы, „өзіміздікі“ және „бөтен“ болып бөлінуі елеулі роль атқарады.
Түрлі, соның ішінде неміс, қазақ, жапон, орыс және басқа мәдениеттерінің мысалында соңы түрлі мәдениет иелерінің арасындағы қатынаста мәдени түсінбеушілікке соқтырған кейбір тілдік мәдени сәйкессіздіктерді қарастырайық.
Бір неміс әйелінің Грузияда жамағайындары бар. Міне, соларға келуге мүмкіндік туды. Тбилисиге жиеніне қонаққа келгенде оны үй толы туысқандар, көршілер, ересектер мен балалар қарсы алады. Балалардың бірі немісше „Қалай жеттіңіз? - деп сұрақ қойды. Көрші балалардың бірі болар“, деп ойлаған әйел. Көршілер тараған соң ол жайбарақаттанып, Германиядан әкелген сыйлықтарын тарата бастады. Келіні әдемі, орыс қызы: „Сізге рахмет“, - деді неміс тілінде қинала сөйлеп. Мұны неміс тілін жете білмегеніне сайған. Енді балалар „Сіз“ деп сөйлей бастағанда, жылап жіберуге шақ қалды. Рас, алғаш көріп тұр дегенмен оларды „Сіз“ деп сөйлеуге үйретіп қойғандары несі?! Көңіл күйі бұзылып, тезірек кетуге асыққан. Бұл жағдайда мәдени сәйкессіздік „үлкенді сыйлау“ ұғымында жатыр. Европа елдерінде үлкенге „сен“ деп сөйлейді және бұл қалыпты мінез-құлық болып саналады, ал шығыс елдерінде жасы үлкенді сыйлау қағида болып табылады, сондықтан „Сен“ деу жараспайды. Қазақ мәдениетінде жасы үлкен немесе қарт адам кірсе, орнынан тұрады, дастархан басында отағасынан немесе үлкен адамнан бұрын тамаққа қол созбайды.
Мәдениеттегі сәйкессіздік өмірдің барлық саласында – саясатта, дінде, тұрмыста, тілде және басқаларында ұшырасады. Келесі мысалды қарастырайық: Ирактың студенті Германияға алғаш келіп тұр. Еліндегі шиеленісті саяси жағдайға қарамастан стипендия алғанына, енді алты апта Германияда болатынына қуанышты. Немісше білімді Иракта өз мұғалімінен алған, енді соны жетілдірмекші, неміс мәдениетіне құштарлығы зор. Бірде сабақ болмады да, қаланы аралауға шықты. Ұзақ қыдырып жүріп, католик шіркеуіне келеді, бұрын ешқашан көрмегендіктен, ішіне кіреді. Адамдар демалып отырған орындықтарды көріп, таңырқайды да, өзі де отырып, жан-жағына көз салады. Мүсіндерді, алтарь мен органды көріп болған соң қарнының ашқанын сезініп, алманы алып жей бастайды. Шіркеудегі адамдар қызға бұрылып, күбірлеседі. Бірдеңе бүлдіргенін өзі де байқады, бірақ нені? Адамдар мұның христианка емес екенін әлдеқалай біліп қалды ма? Мүмкін мұсылманға шіркеуге кіруге тиым салынған шығар?
Осы лингвокультурологиялық сәйкессіздікті нақтылайық:
- бірінші, қыз өз ойынша адамдар демалып отырған орындықтарды көрген. Мұнда храм жасауына қатысты мәдени сәйкессіздік. Христиандық католик шіркеулерінде прихожандар дұға оқу үшін міндетті түрде орындықтар қойылады, ал мұсылман мешіттерінде дұға жерге, не жайнамазға отырып оқылады;
Екіншіден, шіркеуде тамақ ішуге тыйым салынады, себебі бұл құдай храмы, онда адами қажеттілік жат. Тек салтанатты жағдайларда (шоқындыру, некелесу және т.б.) прихожандарға шелпек пен „кагор“ шарабы – Тәңірдің тәні мен қаны беріледі. Мұсылман мешіттерінде, керісінше, ас ұйымдастырылады.
Үшіншіден, қыздың пікірінше, шіркеудегі адамдар бұған христианка болмаған соң бұрылып қараған. Қандай дінді ұстанғанына қарамастан кез келген адамның діни орындарға баруына тиым салынбайтыны баршаға аян. Бұл жерде сәйкессіздік ол жеген алмада және басқа мәдениеттің діни ережелерін білмеуінде болып отыр.
Келесі жағдайды қарастырайық: Франкфурттан Ральф пен Сьюзен Гонконгқа достарының үйлену тойына шақырылады. Гонконгте әдеттегі неміс сыйлығы „Glückswein“ cатып алады, немістердің пікірінше, шошқа түріндегі жинақ сандықшасы ырыс әкеледі. Той тамаша өтті, алайда жас жұбайлардың түсінбегені: „немістер шошқа бейнелі мүсінше сыйлады, ал биыл сиыр жылы ғой. Оларда күнтізбе өзгеше ме?“ Мұнда мынаған назар аудару керек:
а) неміс мәдениетінде шошқа үй хайуанаты ретінде байлықтың, бақуаттың, ырыс пен бақыттың белгісі „Viel Glück zum Jahreswechsel“ жаңа жылдың құттықтауында шошқа жиі салынады. Ақша жинақтаушы сандықшаның шошқа бейнелі болуы, әрине, кездейсоқ емес. Қытай мәдениеттінде шошқа шығыс жұлдызнамасы белгілерінің бірі.
Біз қарастырған жағдайда түрлі тіл иелерінің дүниетанымы үлкен роль атқарады.
Келесі жағдайды қарастыру түрлі мәдениет, осы жолы неміс және египет мәдениеті өкілдерінің этикалық тәрбиесіндегі айырмашылықтарды табуымызға мүмкіндік береді. Египеттік студентка неміс тілінен білімін жақсартуға Германияға келеді. Германияның табиғаты ол үшін суық болғандықтан өзіне қымбат пуловер сатып алған. Ертеңінде соны киіп, университетке кетеді. Жолай бейтаныс неміс студенткасын жолықтырды. Неміс қызы амандасып, пуловерінің әдемі екенін айтады. Жақсы тәрбиеленген египеттік „Ала ғой“, - дейді. „Не, рас па?“- деп сұрайды неміс қызы. Египеттік мұнысына таңырқап: „Иә, алуыңа болады?“, - дейді. Неміс қызының оның бұл ісіне таң қалғаны соншалық, египтянканың мұңды жүзіне назар да аудармаған. Қызға алғысын айтып, сыйлықты рюкзагына салып алады. Египеттік қайтып оны көрген жоқ, есімін де білмейді. Бұл жағдай түрлі мәдениеттердің этикасындағы сәйкессіздікті көрсетеді. Египет мәдениетінде қошеметке астарлы жауап беру, өзін жоғары ұстамау қабылданған. Бұл жағдайда египеттік этикасының нормасын білмейтін неміс қыз оның алғысын тура мағынада ұғып, пуловерді алып кеткен.
С.Арутюновтың айтуынша, „жер бетінде барлық адамдар киініп, тамақ ішіп, жүріп тұрса да, этникалық айырмашылық қалай тамақ ішетінінен, киінетінінен, жүріп тұруынан байқалады“[38, б.34-36]. Түрлі мәдениеттердің бір қимылдың әр түрлі мағына беруі, бір мағынаның түрлі айтылыммен, іс қимылмен жеткізілуі мүмкін. „Стереотиптік“ көрініс басқа этнос өкілінің мінез-құлқын өз мәдениетінен ерекшелігі тұрғысынан түсіндіру кезінде жасақталады.
Келесі жағдайда түрлі мәдениеттердегі әдет-ғұрыптың сәйкессіздігін көреміз: неміс мұғалімі Беате көп жыл Индияда тұратын әпкесіне келеді. Индустар оларды кешкі дәмге шақырады. Ирене сіңілісіне индустардың тамақты қолмен жейтінін ескертеді. Қонақтар дастарханға отырды. Беате әпкесінің тамақты қолмен қалай жейтініне қарап, соны қайталауда. Кенет ол әпкесінің әлдебір ым беріп отырғанын, үй иелерінің де абыржулы екенін байқады. Себебін сұрауға үлгертпей Ирене үйіне асыға бастады. Жолда сіңілісіне ұрсып келеді: „Масқаралағаның не?! Сол қолмен тамақ жеп... Енді олар сені ешқашан шақырмайды“.
Индияның салт-дәстүрін білмеу түсінбеушілікке негіз болған. Индияда тамақты тек қана оң қолмен жейді, себебі ол – қасиетті. Мұндай жағдай мұсылмандарда да бар. Оң қол қасиетті, нанды сонымен жейді. Ал нан Индияда күріш сияқты - қасиетті. Сол қолмен дененің кейбір мүшелерін жуады.
Қазақстандық екі студент ДААД стипендиясын алып Германияға келген. Бірде таңертеңгілік екеуі студенттер жатақханасының асханасында тамақ ішеді. Күні бойы жұмыс көп болғандықтан тоя тамақтануды жөн көрген. Асханаға келген неміс стунденткасы олардың асын көріп: ”Таңертең макарон жейсіңдер ме?”- деп таңырқай дауыстап жібереді.
Германияда таңертең бутерброд, тек жексенбіде кейде жұмыртқа жейді. Ыстық тамақ түсте желінеді. Кешкі тамақта да бутерброд, ыстық тамақты қонақтарды қабылдағанда ғана (кешкі тамаққа шақыру) беріледі. Біздің мәдениетте мұндай шектеу жоқ, әсіресе, түске дейін оқитын студент таңертең тойып алады, ақшаны үнемдеу үшін асханада түскі ас ішпей, түстен кейін бір-ақ тамақтанады.
Мәдени жаңылысудың келесі мысалы мәдени шиеленістің бастауы болды.
Германияда “үшінші әлем елдері” аталатындарға байланысты стереотиптік айтылымды естідік. Пассау қаласында “Страноведческие аспекты в литературных текстах” курсының әр елдердің студенттері қатысып отырған сабағында постмодернизм дәуірінің тақырыбы талқыланады. Талқылау кезінде курсты жүргізетін оқытушы постмодернизм туралы Европалық студентердің көп білетініне, Россиялық студентерінің естігеніне, ал Азиялық (Қазақстан, Қырғызстан) студентердің ештеңе білмейтініне сенімді екенін айтып қалады. Қазақстан мен Қырғызстаннан келген студентер бұған ашуланып, курстан бас тартпақ болады.
Бұл жағдайды былайша талдауға болады:
а) мүмкін бұл жерде “үшінші әлем елдерінде” білім мен әдебиетті емес, күнделікті тіршілік қамын ойлайды, яғни мәдениет деңгейі төмен деген стереотиптік түсінік өзіндік роль атқарған болар;
ә) оқытушы өз елінде тотальдық режим орнатқан түрікмендік президент туралы көп оқыған, кейін белгілі болғандай ол орталық және Орта Азияның барлық елдерінде сондай режим деп білген. Оның пікірінше, мұндай жағдайда білімді дамытуға, соның ішінде батыс мәдениеті туралы білім алуға ешбір негіз жоқ.
Мәдени айырмашылықтың келесі мысалы білім беру саласына байланысты. Қазақстандық студенткалар Пассау университетінің заң факультетінде оқитын неміс студенті Роландпен танысады. Әңгіме барысында Роланд қыздардан қандай мамандыққа оқып жатқандарын сұрайды. “Біз – филологпыз,”- дейді олар. “Филология деген не?”- деп сұрайды неміс. Қыздардың бірі сұрағына сұрақпен жауап береді: “Бізден емтихан алайын деп пе едің?” “Жоқ,- дейді Роланд, мен рас білмеймін”. Студенткалар аң-таң, ал неміс филологтардың оның үстіне латын тілін оқитынын естіп таң қалады, себебі латын тілі медициналық және заң факультеттерінде ғана оқытылады деп білетін.
Германияда білім беру мен Қазақстанда білім берудің арасында әсіресе жоғары оқу орындарында елеулі айырмашылық бар. Германияда тар мамандыққа, біздің елімізде (кеңестік білім беру жүйесі бойынша) кең профильді мамандыққа көңіл бөлінеді. Өз мамандығын тамаша меңгерген студент басқа ештеңеге қызықпайды, оларды оқыту бағдарламасына Қазақстандағыдай жалпы пәндер (мысалы, филология факультетінде математика, физика) енгізілмейді.
Келесі жағдай әдепке қатысты. Мустерманн мырза жұмыстан венгкрлік әріптесі Ференц Конищпен келді. Сол үйдің әйелі қонақпен жылы амандасып, түскі тамаққа қалуын өтінеді. Дастархан жайып жүргенінде қонағының бас тартқанына таң қалады. “Өкінішті – ақ, - дейді әйел,- Неміс тағамынан дәм тарттырайық деп едік. Мүмкін келесі жолы келерсіз, сізге әлде бір венгер тағамын дайындай қояйық”. Қонақ неміс тағамын ұнататынын айтады. Әйел оны көңіл жықпастыққа балайды.
Конищ Венгрияға оралғанда басқа неміс әріптесін қонаққа шақырады. Түскі асқа венгер тағамы мол дайындалыпты, бірақ қонақ тамақ ішкенін айтып, бас тартады. Конищ мырза тағы шақырады, қонақ тағы бас тартады. Отағасы үшінші рет шақырғанда қонақ тоқ екенін айтып ашулана бастайды. Конищ мырза қонағының аш емес екенін сонда ғана түсінеді. Осы жағдайды қарастыралық:
а) Венгрияда әдеп бойынша дөрекі көрінбес үшін ұсынған тамақтан бірнеше рет бас тарту керек. Дастарханға бірнеше рет шақырылған соң ғана қонақ оны қабыл алады.
ә) Германияда бас тарту тура мағынасында түсініледі, егер адам аш болса, шақыруды ”көлгірсімей” қабыл алады.
Дюссельдорфта жапондық концерннің филиалында жұмыс істейтін жапон жігіті неміс қызымен ұзақ жылдар кездесіп жүреді. Достары екеуінің бір-біріне лайық екенін көріп, көп ұзамай үйленер деп топшылайтын. Бірде достармен бас қосуға жігіт жалғыз келеді. Олар себебін сұрайды. Жапондық қызбен айрылысқанын айтады. Достар аң-таң. “Бір-біріңді жақсы көруші едіңдер ғой? Әлде ренжісіп қалдыңдар ма?” “Жоқ, - дейді ол,- маған оның ойына келгенін айта салатыны ұнамайды.” Бұл жағдайда екі сәтке көңіл аудару керек:
а) Жапон мәдениетінде өзіңнің және сұхбаттасушыңның абыройына қамқорлық жапон қоғамында сөйлеушіден бұлыңғыр, тіпті қос мәнді сөздерді қолдануды талап етеді. Жапон балаларын басқа адамның сезімін аялауға, өз анасының мінез – құлқына еліктеу жолымен мінез-құлық сырларын меңгеруге үйретеді.
ә) Европа мәдениетінде сұхбаттасушыны тура әңгімеге шақырады. Бұл адалдық пен иланымдылық көрсеткіші болып табылады. Ал ишаралап сөйлеу арамдық пен сенімсіздіктің белгісі іспетті.
Келесі жағдай сыртқы бейнеге байланысты: Сан-Петербургтің Жанна есімді орыс әйелі неміске тұрмысқа шығады. Олар өзі жұмыс істейтін туристік агенттікте танысқан. Жанна оған тартымдылығымен, сұлулығымен және әдемі киінуімен ұнаған-ды. Германияға барған соң Жанна өзіне ұнайтын жұмыс тауып алады, тек бөлімдегі әйелдер бұған аяушылықпен қарайды. Бірде әріптестері неге бұлай киінетінін, әлде күйеуің мәжбүрлей ме деп сұрайды. Жанна не айтарын білмейді. Өз елінде макияж, юбка, ашық түсті кофточка қалыпты құбылыс, мұнда тыйым салынған ба?
а) Іскерлігімен ерекшеленетін неміс әйелдері қолайлы киімді жөн көреді. Ерінді жарқыратып бояу, қысқа юбка, ашық- шашық блузка жұмыста ретсіз. Тіпті кешкі киімдердің өзінің қарапайым болуын қалайды.
ә) Біздің мәдениетте әр әйел жарқырай киінуге міндетті. Киімге ерекше көңіл бөлінеді. Бірақ шетелде орыс қызы мен әйелінің сыртқы бейнесі мен мінез-құлқы жағымсыз қылыққа ашық шақыру ретінде қабылданады.
Түркия жігіті кешкі мектепте бірге оқитын неміс қызымен танысады. Көп ұзамай қыз оны үйіне танысуға шақырады. Жігіт сәлем беріп, әйелдің қолынан ұстайды. Туркияда әйелдің қолын ақырын ұстап, қыспау керек. Әңгімелесіп, кофе ішкен соң қоштасып, үйіне қайтады. Ол кеткен соң қызы шешесінен пікірін сұрағанда: “Жігіт өте жақсы екен, бірақ мінезі табансыз,-” деп жауап беріпті. Бұл жағдай былай түсіндіріледі. Түркияда әйелдің қолын ақырын ұстау оған деген құрметтің, ал Европада ынжықтықтың, бос белбеуліктің белгісі. Оны ішінара феминизмнің әсерімен де түсіндіруге болады, онда әйел еркекпен тең тұрып, өзіне тең тұрғыда қарауды талап етеді. [40, б.2]
Осы жағдайларды қарастырып , мәдени айырмашылықтың өмірдің барлық салаларын қамтиды деген қорытындыға келеміз. Бір мәдениет өкілінің мінез-құлқын басқа біреу өз мәдениетінің көзқарасына сәйкес түсінуі мүмкін. Сондықтан мәдениетаралық коммуникацияның табыстылығы екі мәдениет өкілдерінің мәдени стереотиптерді білуімен тура пропорционалды.
2.4 Түрлі ұлттық мәдениеттерде шиеленісті шешу стратегиялары
Адамдар қатынасының бір қырын - шиеленіс пен оны шешу жолдарын, түрлі мәдениеттер мен мәдениетаралық қатынас кезінде туындау себебін қарастырайық. Шиеленіс, К.Томастың есептеуінше,
“бір тарап өзінің ойын жүзеге асыруға басқа тарап бөгет жасайды, не кедергі жасамақ деп ойлауынан шығатын үрдіс” [41, б.234-236] К.Томастың ізінше шиеленісті шешу кезіндегі мінез-құлықтың бес стилін бөліп алайық.
Жарыс – “күштінікі жөн” - белсенді және келісімге әкелмейтін стиль. Мұндай мінез-құлық тараптардың бірінің өз мақсатына жету үшін оның басқаларға қалай әсер ететініне қарамауынан туады. Шиеленісті шешудің мұндай тәсілі “жеңіс-жеңіліс” (win-lose) жағдайын тудырып, өз мақсатына жету үшін күш тұрғысынан бәсекелестік пен ойынды қолдандырады, ең ақыры екі тараптың бірінің екіншісіне бағынуына соқтырады.
Мысалы, американдықтарда жарысушы рухы жұмыста, отбасында, достықта, демалыста, спортта және тағы басқаларында байқалады. Американдықтар көп жағдайда өмірдегі табысын тапқан ақшасымен бағалайды. Олар әңгімелескенде үндемей қалуды ұнатпайды, көп сұрақ қояды және олары, әдетте, тура және жеке сипатты болады. [42, б.34-38]
Ынтымақтастық – “бірлесіп шешелік” - белсенді және ынтымақтастыққа ұмтылатын стиль. Мінез - құлықтың мұндай мәнері проблеманы шешуге, пікір алшақтығын анықтауға, идея мен ақпарат алмасуға, шиеліністен бір шиеліністі жағдайдың шеңберінен тыс жан-жақты шешімге ынталандыру нышанын көруге ұмтылумен сипатталады. Екі тарапқа да тиімді шешім табу шиеленістен шығу жолы болып есептелетіндіктен, мұндай стратегия көбіне “жеңіс-жеңіс” (win-win) жолы деп аталады.
Шиеленістен кету - “мазамды алмаңыз” - пассивті және ынтымақтастыққа ұмтылмайтын стиль. Тараптардың бірі шиеленістің бар екенін мойындағанмен содан қашқақтайтын немесе тұншықтырып тастайтын мінез-құлық танытады. Шиеленістің өз бетінше шешілетініне дәмеленеді. Проблеманы шешу кейінге ысырылады, ушықтырмау үшін түрлі шала шаралар мен тайталас болдырмау үшін жасырын шаралар қолданылады; шиеленісті шешуге бюрократтық аппарат тартылады.
Көнгіштік –“жол сіздікі” – пассивті және ынтымақтастыққа ұмтылушы стиль. Кейбір жағдайларда тараптардың бірі басқаны сабырландыру үшін оның мүддесін өз мүддесінен жоғары қоюы мүмкін. Отбасында дау-дамай туғанда қатынасты бұзбас үшін біреуі өз көз-қарасын тежеп қалады. Басқаны сабырландыруға мұндай ұмтылыс көнгіштікті, бағыныштылықты, көңілшектікті қажет етеді.
Ымырашылдық- “кел, түсінісейік” – екі параметр бойынша орташа ұстаным: белсенділік - енжарлық, ынтымақтасуға ұмтылу-ұмтылмау. Шиеленісті қалған екі жақ бір-бірімен түсінісіп, ішінара өз талабынан бас тартып, ымыраға келеді. Шиеліністен бұлай шығу келіссөзді, екі жаққа тиімді келісімге жетісу жолдарын іздеуді қажет етеді. Мысал келтірейік. Жапондық шарттарда мынадай тармақ жиі кездеседі: “Шартты орындау барысында тараптардың бірінің шарт міндетін орындауына бөгет болатындай жағдай туындаса, екі тарап осы шартты өзгерту үшін келіссөз столына отырып, туындаған жағдайды талқылайды.” Іскерлік ынтымақтастықтың көптеген түрлері Жапонияда әлдебір шартсыз-ақ жүзеге асырылады, тараптардың ауызша келісімі жетіп жатыр. Американдықтарға өзінің шарттық міндеттемесін орындамайтын серіктеспен жайбарақат әңгіме жүргізу мүлде түсініксіз. [43, б.2]
Британдық және қытайлық менеджерлер арасында шиеленісті шешу әдістерінде елеулі айырмашылықтар бар: қытайлықтар “ымырашылдық” пен “көнгіштік” сияқты мінез-құлықтың пассивті стилін жөн санаса, британдықтарға “ынтымақтастық” немесе, “жарыс” тәрізді белсенді стилдері тән. Мұны қытай қоғамының негізгі идеяларына конформизм, үйлесімдік пен абыройды сақтау этикасы жататын конфуцианстваға бейімділігімен түсіндіруге болады. Қытай қоғамында конформизм адамның оқшау өмір сүрмейтінін, отбасының бір бөлігі екенін сезінуіне негізделген. Адамдар арасындағы қатынастар әдептілік ережелерімен белгіленіп, қоғамдық иерархияны сыйлауды талап етеді. Үлкен құрмет көрсету қажеттілігі қытайлықтардың билікке бағынуға және агрессияны басуға әлеуметтік бағдарын қалыптастырған. Үйлесімділік этикасы қытайлықтарды екі шектің - әрекет пен әрекетсіздіктің – нақ ортасын таңдауға итермелеп, қайғы, қуаныш, ашу сияқты әсерлерді бақылауда ұстау жолымен тепе-теңдік жағдайына жетісуге үйретеді. [44, б.3] Ең соңында, абырой ұғымы қытайлықтарды өз сезіміне ырық бермей салмақтылық сақтауға және басқа адамдардың алдында абыройдан айырылатындай жағдай тудырмауға үйретеді. Ұзақ уақыт жақсы қарым – қатынасты сақтау үшін дау-дамайға бармайды.
Сөйтіп, мәдениетаралық қатынастағы қиындықтар мәдениетті құрастырушы әртүрлі бөлшектерге байланысты: айырмашылық неғұрлым көп болса, қатынас үрдісі де соншалық күрделірек. Өзге мәдениет өкілімен қатынасқа төл мәдениет нормаларымен ережелеріне сүйеніп, оның мінез - құлқын болжай алмаймыз.
Осылайша шиеленістің шешімі шиеленіске қатысушылардың мәдениетінің ерекшеліктерімен айқындалады. Әлдебір халыққа қатысты қате түсініктің жалпыға ортақ емес екенін қоса айту керек. Олар әлеуметтік сипаттағы себептердің әсерімен туындайды, еңбекте келтірілген мысалдар соған дәлел.
Практикалық бөлім
Мәтінге тапсырмалар
1. Lesen Sie den Text und genießen Sie einzigartige Sitten und Bräuche des kasachischen Volkes.
Мәтінді оқып, қазақ халқының басқа ұлттарда кездеспейтін өзіндік, ерекше салт- дәстүрімен танысыңыздар.
2. Übersetzen Sie den Text ins Kasachische.
Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |