Қазақстан республикасының білім жәНЕ


Экономикалық өсудің кейнсиандық моделі



бет3/12
Дата14.03.2024
өлшемі248.77 Kb.
#495469
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Аскербек Гаухар (копия)

Экономикалық өсудің кейнсиандық моделі
• Кейнсиандық модель теңгерімді экономикалық өсуді қамтамасыз ететін жиынтық сұраныс роліне негізделеді. Сұраныстың негізгі бөлігі инвестиция болғандықтан, кейнсиандық және неокейнсиандық модельдер күрделі салымдардың көлемі мен өсу қарқынын анықтау мәселесіне ерекше назар аударады. Олар инвестиция көлемін анықтайтын факторларды зерттейді. Экономикалық өсудің неокейнсиандық моделі «инвестиция»және «мультипликатор» категорияларына негізделеді
• мультипликатор- акселератор эффекті
• Мультипликатор инвестицияның өсуі мен ұлттық табыстың өсуі арасындағы байланысты көрсетеді. Акселератор ұлттық табыстың өсуіне байланысты инвестицияның қаншалықты көбеюі керектігін көрсетеді
Экономиканың циклды дамуы - нарықтық экономика жағдайында іскерлік белсенділіктің үнемі үздіксіз ауытқып отыруы

Экономикалық циклдың фазалары
1. Дағдарыс. Бұл фазада экономикалық дамудың көрсеткіштері күрт нашарлайды: өндіріс көлемі қысқарады, табыстар төмендейді, жұмысбастылық қысқарады, инвестициялық белсенділік төмендейді, бағалар құлайды, өндіргіш күштер біртіндеп істен шыға бастайды, негізгі капитал құнсызданады, жұмыссыздық өседі, кәсіпорындар жаппай жабыла бастайды, өндірістік қуаттар төмендейді.
2. Тоқырау. Бұл фаза экономикалық дағдарыстың ең төменгі нүктесі болып табылады, яғни жаппай жұмыссыздық орын алады, жалақы мен пайыз мөлшерлемесі ең төменгі деңгейге жетеді, тауарлы-материалдық қорлар қысқарады, өндіріс тоқтайды, бағалардың төмендеуі де тоқтайды.
3. Жандану. Бұл фазада негізгі капитал жаппай жаңартылады, жұмыссыздық қысқарады, жалақы, пайыз мөлшерлемесі және бағалар өсе бастайды, инвестициялық белсенділік пен тұтыну заттарына деген сұраныс артады.
4. Өрлеу. Бұл фаза экономикалық дамудың шарықтау шегі болып табылады. Экономикалық өсу қарқыны жоғарылайды, өндіріс көлемі айтарлық-тай ұлғаяды, инвестициялар да артады, бағалы қағаздар бағамы өседі, пайда, жалақы, баға, пайыз сияқты көрсеткіштер ең жоғары деңгейге жетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет