Қазақстан республикасының білім жәНЕ



бет7/12
Дата14.03.2024
өлшемі248.77 Kb.
#495469
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Аскербек Гаухар (копия)

Сұраныс инфляциясы - бұл барлық ресурстардың толық жұмыспен қамтылуымен жиынтық шығындар өсетін экономиканың жағдайы. Басқаша айтқанда, толық жұмыспен қамту жағдайында нарықтағы ұсыныс өзгермейді, өйткені фирмаларда қосымша ресурстық мүмкіндіктер жоқ, олар іс жүзінде барлық ресурстық əлеуетті пайдаланды. Нəтижесінде өндіріс жаңадан өсіп келе жатқан сұранысты толығымен қамтамасыз ете алмайды, сондықтан нарықта бағалар өсе бастайды.
Сұраныс инфляциясының негізгі себептері:
- мемлекеттік тапсырыстардың артуы (əскери жəне əлеуметтік);

- кəсіпорынның толық жүктемесі жəне толық жұмыспен қамтылуы кезінде өндіріс құралдарына сұраныстың артуы;


- жалақының өсуі салдарынан халықтың сатып алу қабілетінің өсуі. Шығындар инфляциясы - бұл өндірушілер өндірілетін өнім бірлігіне орташа шығындардыңжоғары болуына байланысты өндіріс ауқымын шектейтін экономиканың жағдайы. Белгілі бір факторлардың əсерінен өндіріс шығындары өсе бастайды, фирмалар өнімді бұрынғы бағамен сату үшін тиімсіз болады. Нəтижесінде нарықтағы бағаның жалпы деңгейі көтеріле бастайды, ал ұсыныс азаяды.
Негізгі себептері:
- баға белгілеудің олигополистік тəжірибесі;
- мемлекеттің экономикалық жəне қаржылық саясаты;
- өндіріс факторларына бағаның өсуі.
Өндірушілер тарапынан инфляцияның пайда болу механизмі сұраныс
инфляциясының айналы көрінісі болып табылады.
Егер елдегі инфляцияның өсу қарқыны баяуласа, онда бұл процесс
дезинфляция деп аталады. Сонымен қатар, инфляция мүлдем тоқтап қалуы мүмкін жəне оның орнына бағаның жалпы төмендеуінің кері процесі – дефляция келеді. Дефляция механизмі, сайып келгенде, инфляциядағыдай нəтижелерге əкеледі – экономикадағы барлық шаруашылық байланыстарды бұзады
АҚША АЙНАЛЫМ ЗАҢЫ
Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Ақша-несие саясаты және оның мәні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет