Қазақстан республикасыныњ білім жңне ѓылым министрлігі


  Негізгі әдебиеттер: [5, 9,10]



Pdf көрінісі
бет13/42
Дата16.06.2023
өлшемі0.86 Mb.
#475137
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42
kozhamzharov

 


51 
Негізгі әдебиеттер: [5, 9,10]. 
 


52 
№ 5 тақырып. Қорғаныстағы бӛлімше
4 сағат 
1. Қорғаныстағы жауынгер 
2. Қорғаныстағы бӛлімше 
 
 1.Қорғаныстағы жауынгер 
Жауынгер та ӛз бӛлімшесінің құрамында қимыл жасайды. 
Оның негізгі міндеті — ӛз қаруын, жергілікті жерді, оқпана мен 
орларды, сондай-ақ инженерлік бӛгеттерді тиімді пайдалана 
отырып, басқа сарбаздармен бірлесе қарсыластың шабуылдаушы 
жаяу әскері мен танкілерін мүмкіндігінше кӛбірек жойып, 
олардың шабуылдарына тойтарыс беріп, бӛлімше бекіген 
бекіністі ұстап тұруы. Жауынгер қорғаныстағы ӛзінің орнын тек 
командир бұйрығымен ғана тастап кете алады. Қорғаныста әрбір 
жауынгер қарсыластың қайда тұрғанын және оның қандай 
қимылға бет бұратынын, бағдарларды, бӛлімшелер мен 
взводтардың міндеттерін, кӛршілердің қайда екенін және 
олардың атысты қай бағытқа жүргізіп жатқанын білуі тиіс. 
а ә 
 Атқыштың жеке оқпанасы:
а—тізерлей ату үшін; ә—тұрып ату үшін (ӛлшемдері 
сантиметрмен берілген) 


53 
Сонымен бірге хабарлау мен нысананы кӛрсету белгілерін, 
қай кезде ӛз бетінше ол командир пәрменімен атыс бастауы, 
бӛлімше командирінің орнын білуі қажет. 
Бӛлімше командирінен тапсырма алған соң, жауынгер оны 
анықтап алып, берілген жерде ӛз алдындағы жерді кӛруі және 
командир нұсқаған бағытта алыс қашықтықтан қарсыласқа қарсы 
кӛздеу атыстарын жүргізе алатындай болып орналасуы керек. 
Содан кейін жатып ату үшін оқпана қазады. Егер жағдай 
мүмкіндік келтірсе, тізерлей және тұрып ату үшін оқпананы 
тереңдетеді. Тізеден ату үшін оқпананы 60 см-ге дейін, ал тұрып 
ату үшін 110 см-ге дейін терендету керек. 
Тәуліктің күндізгі уақытында сарбаз ӛз қаруын және түнгі 
кӛру аспаптарын түнгі атысқа дайындайды. Түнде автоматтан 
атыс жүргізу үшін топырақ қалыңдығыан науа алынады, одан 
автомат берілген бағытта кӛзделуі тиіс және шектегіш-
қазықшалар (ағаш мүйізшелер) — автоматтың дүмі мен 
құндағына қағылады. Автоматты жоғары қарата тесігі бар тақта, 
шым қыртыс арқылы бекітуге болады. 
Оқпана қазу және оны жабдықтау кезінде, сондай-ақ ұрыс 
барысында, жауынгер үздіксіз қарсыласқа, жергілікті жерге 
бақылау жасайды және ӛз байқағандары туралы командирге 
баяндап отырады. Бұл кезде бүркеніш тәсілдерін қатаң сақтап, 
оқпанадан жоғары шықпауы тиіс және байланыс жолы мен орда 
бойымен ғана қозғалу керек, ал егер ондай жол жоқ болса, 
қозғалыс үшін жасырын жолдарды қолдану керек. 
Шабуылға ӛтер алдында қарсылас, әдетте, атыстық 
дайындық жүргізеді, кейде ядролық соққы жасауы да мүмкін, 
Ядролық жарылыс жарығын байқаған сәтте оқпананың (ордың) 
түбіне бетті жерге қаратып, дереу жату қажет, ал ядролық соққы 
толқыны ӛткеннен кейін қарсылас шабуылын тойтаруға 
дайындалу керек. Қарсыластың атыс дайындығы басталған кезде 
егер жауынгер бақылаушы болып тағайындалмаса, онда ол 
командир пәрменімен бӛлім мен взвод бекінісінде жабдықталған 
жертӛледе, тесікте немесе оқпана түбінде тасаланып, шабуылға 
тойтарыс беру үшін тез ӛз орнына ие болуға дайын болуы керек. 
Қарсылас шабуылға шыққан кезде жауынгер ұрысқа 
дайындалады. Қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскеріне 


54 
командирдін пәрмені бойынша, ал қарсылас ӛз қаруының нақты 
атыс қашықтығына жақын келгенде ӛзі ӛз бетімен оқ атады. 
Егер оқпанаға танкілер жақындаса, жауынгер оны 15-20 м 
қашықтыққа келгенше күтеді де, ыңғайлы сәтті таңдап, танкінің 
шынжыр табаны астына танкіге қарсы гранатты лақтырады. Егер 
танкіге оқ тимей, оқпанаға тақап келсе, сарбаз секіріп шығып, 
оның неғұрлым осал бӛлігіне қарсы гранат лақтырады. Танкіні 
зақымдағаннан кейін жауынгер ӛз қаруынан атып, танк соңынан 
жақындап келе жатқан жаяу әскерді жояды. Зақымдалған танк 
экипажын шынжыр табанды жӛндеуі немесе машинаны тастап 
кетуі кезінде автоматтан атыс арқылы жою қажет. 
Жақын жердегі танк үлкен қауіп тӛндірмейтінін ұмытпау 
керек. Жақын қашықтықта танк экипажы пулемет пен 
зеңбіректен кӛздеу 
атысын жүргізе алмайды. 
Оқпана 
қабырғалары танк ӛткеннен кейін құламайды. 
Қарсылас жаяу әскері оқпанаға 30 - 40 м жақындаған кезде, 
жауынгер оларға қарсы гранаттар лақтырып, оларды ӛз қаруынан 
атып жояды. Егер қарсыластың жекелеген жауынгерлеріне 
қорғаныстың алдыңғы шебіне шығуға мүмкіндік туса, жауынгер 
оларды атыспен, гранатпен, сондай-ақ сүңгі және дүмімен 
жояды. Кӛршілер бекінісіне жақындаған қарсыластың жаяу 
әскерін жауынгер қапталдан және тылдан атыс жүргізу арқылы 
жояды. Айналып ӛтіп келе жатқан не тылдан шабуыл жасаушы 
қарсыласқа қарсы атыс жүргізуге ыңғайлы болу үшін жауынгер 
қосалқы оқпана немесе байланыс жолдарындағы ұяға орналасуы 
мүмкін. 
2. Қорғаныстағы бӛлімше 
Қорғаныстағы бӛлімше басқа бӛлімшелермен бірлесе 
отырып, атыспен қарсыласты взводтын тірек пунктінің маңдай 
шебінде және қапталдарында жоюға мүмкіндік беретін 
бекіністерге орналасады және оны жабдықтайды. 
Бӛлімше жауынгерлері бӛгеттер мен табиғи тосқауылдарды 
жақсы кӛретіндей және атқылай алатындай, сонымен бірге түнде 
атыс жүргізіп, маневр жасай алатындай болуы тиіс. 
Бӛлімше бекінісінде оның арт жағы мен қапталдарында аға 
командирге бағынатын пулемет, оқтар, зеңбірек және танкілер 
орналаса алады. Бӛлімше командирі взвод командирінен 


55 
тапсырма алған соң, оны нақтылап алып, ӛз бӛлімшесін берілген 
бекініске шығарады да, бақылауды ұйымдастырады. Осыдан 
кейін ол ЖҰМ (БТР), пулемет, гранататқыш орнын анықтап, 
әскери бұйрық береді. 
Әскери бұйрықта бӛлімше командирі бағдарлар, қарсылас 
туралы мәліметтер (оның шабуылының бағыты мен мүмкін 
уақыты, жағдайы); взвод пен бӛлімшенің міндеттері (атқылаудың 
қосымша секторы мен атыс жолағы, бекініс); жеке құрамның 
міндеттері. Оператор-кӛздеуші, механик-жүргізуші, пулемет 
және атқыш-гранататқышқа — (негізгі және қосалқы атыс 
бекіністерін атқыштарға — атыс орнын, ұрыс барысында ауысу 
мен жабдықтау жүйесін), жер үсті және әуе нысаналарына — 
атыс жүргізу мен бақылау тәртібін; бұдан басқа оператор-
кӛздеушіге және пулеметшіге – әрбір атыс бекінісінен 
атқылаудың негізгі және қосымша секторларын хабарлау, 
басқару және ӛзара қимылдау белгілерін қорғанысқа дайын 
болуы уақытын кӛрсетеді және орынбасар тағайындайды. 
Осыдан кейін бӛлімше жауынгерлері оқпана қазуға және оны 
бүркемелеуге кіріседі, сондай-ақ бақылау мен атыс жүргізу 
жағдайын жақсарту үшін жергілікті жерді тазалайды. Бұл кезде 
бӛлімше командирі бағдарларға дейінгі қашықтықты анықтайды, 
күндіз және түнде атыс жүргізу үшін мәліметтер дайындайды, 
атыс карточкасын жасайды. 
Қарсыласпен тікелей түйісу жағдайында қорғанысқа кӛшу 
кезінде бӛлімше бекіністі ЖҰМ-ның (БТР-дың) атысы 
қолдауымен қол күші арқылы жабдықтайды. Бұл кездегі 
жұмыстың кӛп белігі түнгі уақытта жүргізіледі. Ал қарсылас 
кӛрінбейтін аудандарда бүркеніш қатаң сақтала отырып күндіз 
жүргізіледі. 
Бекіністе, ең әуелі гранататқыш, атқыш-пулеметші үшін бір 
кісілік оқпана қазылады, негізгі атыс бекінісінде ЖҰМ-сы (БТР) 
үшін оқпана қазады және бақылауды, атыс жүргізу жағдайын 
жақсарту үшін жергілікті жерді тазалайды. Осыдан кейін 
жауынгерлер бір кісілік оқпаналарды бӛлімше оқпанасына 
біріктіреді, қосалқы атыс бекіністерінде ЖҰМ-ы үшін оқпаналар 
және ЖҰМ-ның (БТР) атыс бекіністеріне байланыс жолдарын 
қазады. 


56 
Бекіністе бӛлімше жауынгерлері жабық атыс саңылауын 
жасайды, оқ-дәрілер үшін сӛрелер мен жылжуға байланыс 
жолдарын қазады. Бұл жолға қапталға ұрыс жүргізу үшін атыс 
ұяларын жасайды. Оқпаналар мен ұялар жабық атыс 
саңылауымен және маңдайшамен жабдықталуы мүмкін. 
Сусымалы топырақта оқпаналардын тік жерлері қапталын 
қатайтылады. Қарсыласпен тікелей түйіспейтін жағдайда егер ор, 
байланыс жолы және ЖҰМ-сы (БТР) үшін оқпаналар жер 
қазушы машинамен қазылса, онда сарбаздар бұларды тек қана 
жабдықтайды. Бӛлімше бекінісі ертегіш қарудан қорғану үшін 
жабдықталады және қоршаған орта фонында бүркемеленеді. Бұл 
үшін қолда бар материалдар, ӛрт сӛндрудің табельдік құралдары 
және әр түрлі бүркеніш заттары қолданылады. 
Қарсылас шабуылды бастағанға дейін бӛлімше ӛз 
бекінісінде 
жетілдіру 
жұмыстарын 
жүргізеді. 
Бекіністі 
жабдықтау жұмысы кезінде және ұрысы барысында бӛлімше 
командирі, тағайындалған бақылаушы, сондай-ақ барлық 
жауынгерлер 
қарсыласты 
үздіксіз 
бақылайды. 
Кезекші 
пулеметші (мотоатқыш) уақытша немесе қосалқы атыс бекінісіне 
орналасады да, барлау жасауға немесе бӛгеттерде ӛтпе жасауға 
ұмтылған қарсыластың жеке топтарын жою үшін ӛз бетінше атыс 
бастауға үнемі дайын отырады. Егер бӛлімшеден кезекші ЖҰМ 
(БТР) бӛлінсе, онда бекініске уақытына орналасады. ЖҰМ-да 
(БТР-да) дереу атыс жүргізуге дайын жүргізуші-механик пен 
оператор-кӛздеуші болады. 
«Радиациялық қауіп!» сигналы кезінде бӛлімшедегі жеке 
құрам 
міндетін 
орындауды 
тоқтатпастан, 
тұмылдырық 
(газтұмылдырық), қорғаныш плащ, шұлық пен қолғап киіп, ӛз 
орындарында қалады, ал: «Химиялық дабыл!» сигналы кезінде 
— газтұмылдырық, қорғаныш плащын, шұлық пен қолғап киеді. 
Бойтасалар мен жабық машиналарда отырған жеке құрам: 
"Радиациялық қауіп!" сигналы кезінде – тұмылдырық, ал: 
"Химиялық дабыл!" сигналы кезінде – газтұмылдырық киеді де, 
есіктерді, атыс саңылауын, люктерді, жалюзиді жауып, ұжымдық 
қорғаныш құралдары жүйесін іске қосады. 
Қарсылас авиациясының шабуылдауы кезінде: «Әуе!» 
сигналы бойынша бӛлімше оқпана түбіне саңылауға тығылуға, ал 


57 
кезекші пулеметші әуе нысаналарына атыс жүргізуге 
дайындалады. Қорғаныс ұрысы барысында жер үсті қарсыласын 
жоюға қатысы жоқ барлық жауынгерлер ұшақтар мен 
тікұшақтарға қарсы күрес жүргізеді. Әуе нысаналарын ату 
командир пәрменімен жүргізіледі. 
Қарсыластың атыс дайындығы кезінде бӛлімшенің жеке 
құрамы командир пәрмені бойынша оқпана түбіне, санылауға, 
жертелеге, паналарға немесе ЖҰМ-ға (БТР) тығылып, ӛз орнына 
ие болуға дайын болады. Бекіністе қарсыластың шабуылға ӛтуін 
дер кезінде анықтау мақсатында бақылау жүргізетін бақылаушы 
қалады. 
Қарсылас шабуылға ӛткен кезде командирдің: «Бӛлімше, 
ұрысқа!» пәрмені бойынша бӛлімше бекіністегі ӛз орындарына 
тез орналасады. 
Ұрысқа дайындалып алған бӛлімше командир пәрменімен 
шоғырланған атыс жүргізеді, ал қарсылас жақындаған кезде ӛз 
қаруының нақты атыс қашықтығында ӛз бетінше атыс жүргізеді. 
Оператор-кӛздеуші мен атқыш-гранататқыш қарсыластың 
танкілері мен басқа да сауытталған нысаналарын жояды, ал 
пулеметші мен мотоатқыш жаяу әскерлерді танкілерден бӛліп 
алып, жояды. Қарсылас бӛгеттерден ӛтпе арқылы кесіп ӛткен 
кезде, бӛлімше барынша күшті атыстар жүргізеді. Бӛлімшенің 
бекінісіне шыққан қарсылас танкілерін танкіге қарсы қол 
гранаттарымен, ал бекіністен ӛтіп кеткен танкілерді тереңдігіне 
орналасқан танкіге қарсы құралдармен жояды. Бекініске 40-30 м 
жақындап келген қарсыластың жаяу әскеріне бӛлімше 
жарықшақты қол гранаттарын лақтырады да, оны бетпе-бет 
табанды атыспен жояды. 
Қарсыластың қорғанысқа тығыз енуі кезінде бӛлімше берік 
түрде ӛз бекінісін ұстайды. Күштің бір бӛлігімен ол байланыс 
жолын, қосалқы атыс бекіністеріне ие болады және қапталдай 
жаяу әскерін жояды. Егер қарсылас тылға шықса, онда бӛлімше 
айнала қорғанысқа кӛшеді де, кӛрші бӛлімшелермен ӛзара 
байланыста қимылдаса отырып, қарудың барлық түрінен атыс 
жүргізіп қарсыласты жояды. Қарсылас шабуылына тойтарыс 
берілгеннен кейін, ең әуелі атыс жүргізу үшін бекініс қалпына 
келтіріледі және оқ-дәрілер толықтырылады. 


58 
Егер қарсылас ядролық қару қолданса, бӛлімше командир 
басшылығымен бекіністі, қаруды, киім мен құрал-жабдықтарды 
ішінара 
дезактивизциядан 
және 
жауынгерлерді 
ішінара 
санитариялық ӛңдеуден ӛткізеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет