Қазақстан республикасыныњ білім жңне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет12/42
Дата16.06.2023
өлшемі0.86 Mb.
#475137
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42
kozhamzharov

2.Шабуылдағы бӛлімше 
Мотоатқыштар бӛлімшесі взвод құрамында шабуылдайды. 
Жүріп келе жатып шабуылға дайындалу кезінде бӛлімше взвод 
командирі белгілеген орынға орналасады. Орналасу алаңында 
бӛлімшенін жеке құрамы үшін, әдетте, саңылау, ал ЖҰМ (БТР) 
үшін таса қазылады. 
Қарсыласпен тікелей түйісу жағдайында шабуылдау 
кезінде бӛлімше бастапқы жағдайға ие болады. Бұл кезде жеке 
құрам жергілікті жер сипатына байланысты орда (оқпанада), ал 
ЖҰМ (БТР) ӛрдің кең кеңісінде немесе оқпанада орналасып, 
бӛлімше қимылын қорғауға дайын болады. 
Бӛлімше командирі тапсырманы алғаннан кейін оны 
нақтылап алып, әскери бұйрық береді. Әскери бұйрықта ол: 
бағдарлар, қарсылас қимылының сипаты, құралы, жағдайы, 
бӛлімше шабуылы бағытындағы оның атыс кұралдарының орны, 
взвод, бӛлімше, кӛршілердің міндеттері және жеке құрамның 
міндеттерін кӛрсетеді; оператор кӛздеушіге — қарудың әр 
түрінен ату арқылы жойылуға тиіс нысаналарды, жаяуланудан 
кейін бӛлімшеге қолдау кӛрсету тәртібін; пулемет пен 
гранататқышқа – бӛлімше тізбегіндегі орны, жойылуға тиіс 
нысаналарды және атыс жүргізу тәртібін; жүргізуші-механикке 
(жүргізушіге) - қозғалыс бағыты мен тәртібін, бӛгеттер мен 
тосқауылдардан ӛту ретін нұсқап түсіндіреді. Қажет жағдайда 
қалған жеке құрамға бӛлімше командирі тізбектегі орынды және 


45 
бақылау және атыс жүргізу ретін; жаяулану орнын; бӛгеттер мен 
тосқауылдардан ату тәртібін, хабарлау, басқару және ӛзара 
қимылдау белгілерін; шабуылға дайын болу уақытын кӛрсетеді. 
Шабуыл кезінде бӛлімше ЖҰМ-да, (БТР-да) қарсылас 
қорғанысына взвод легіне жылжиды. Шабуылға шығу шебіне 
жақындаған кезде взвод командирінің пәрменімен бӛлімше ӛз 
бағытына шығады. Белгіленген жерге ЖҰМ-мен, (БТР) 
жақындаған бӛлімше жаяу ретпен шабуылға шығу үшін бӛлімше 
командирінің: 
«Машинаға!», 
«Бӛлімше, 
мынадай 
затқа 
шабуылға, алға!» пәрменімен машинаны тез тастап, тізбекке 
жазылады да, танк артынан немесе ӛз бетінше тоқтаусыз 
шабуылдайды. Егер қарсылас қорғанысы артиллерия атысымен 
және авиация соққысымен ӛлшемді түрде басылса немесе оған 
ядролық соққы берілсе, онда бӛлімше қарсыласының алдыңғы 
бӛлігіне ЖҰМ-да (БТР-да) шабуыл жасайды. Бұл кезде взводтың 
ұрыс желісіне шабуылға шығу шебіне қарай жылжи отырып, 
бӛлімше ЖҰМ (БТР) қарумен және атыс саңылауы арқылы 
алдыңғы шептегі қарсыластың қалған атыс құралдарын жояды. 
Қарсылас қорғанысының алғы шебі алдыңғы бӛгеттерді бӛлімше 
бекітілген тәртіп бойынша танк артынан немесе ӛз бетінше 
барынша жылдамдықпен ӛтпе арқылы кесіп ӛтеді. 
Бӛгеттерден ӛткеннен кейін бӛлімше взводтың ұрыс 
желісінде ӛз орнына орналасады да, қарсылас қорғаныстың алғы 
шебіне дереу шығып, оны жояды. 
Қарсыласпен тікелей түйісу жағдайындағы шабуыл кезінде 
бӛлімше шабуыл алдында ӛз қаруынан атыс жүргізу арқылы 
қарсыластың байқалған атыс құралдарын және тірі күшін жояды. 
Егер шабуыл ЖҰМ-да, (БТР-да) жүргізілсе, бӛлімшенің жеке 
кұрамының машиналарға отыруы атыс дайындығы кезінде 
жүргізіледі. 
Танкіге жақындаған кезде мотоатқыш бӛлімше командирі: 
«Шабуылға дайындал!» пәрменін, ал танк ӛткеннен кейін: 
«Бӛлімше, шабуылға, алға» пәрменін береді. Осы пәрмен арқылы 
бӛлімше ордан (оқпанадан) тез секіріп шығып, танк артынан 
шабуылға шығады, ал ол жоқ жерде ӛз бетімен ЖҰМ (БМП) 
атысы қолдауымен шабуылдайды. Шабуылға шығу кезінде 


46 
жауынгерлер және ЖҰМ-да (БТР) қарсыластың тірі күші мен 
атыс құралдарына ұрыс барысында атыс жүргізеді. 
Бӛгеттерде жасалған ӛтпелерге жақындаған кезде бӛлімше 
командирінің: «Бӛлімше, менің соңымнан, бірден (екіден) лекке 
алға адымда!» пәрмені бойынша бӛлімше ұрыс барысында бірден 
(екіден) лекке тұрып, танк артынан (ӛз бетінше) бӛгеттердегі 
ӛтпелерден ӛтеді. Пулеметші алға жүгіріп, бірінші орда 
орналасқан қарсыласқа қарсы атыс жүргізеді. Бұл кезде тоқтап 
қалуға және қайырылуға болмайды, ӛйткені қарсылас ӛз 
атысымен едәуір шығынға ұшыратуы мүмкін. Бӛгеттерден 
ӛткеннен кейін, бӛлімше командирінің: «Бӛлімше — белгілі бір 
затқа — ұрысқа!» пәрменімен тізбекке жазылады да, екпінде 
шабуыл объектісіне жақындайды. «Гранаттармен — атысқа!» 
пәрмені бойынша бӛлімше қарсыласка гранаттар лақтырып және 
«Ура!»—деп айғайлап, танкімен бір уақытта қарсылас бекінісіне 
шығады да, оны бетпе-бет атыспен жояды, осылайша тоқтамай 
алға жылжиды. 
Жаяу рет қимылындагы шабуылда мотоатқыштар бӛлімі, 
взводы және ротаның ұрыс реті — тізбек болып табылады. 
ЖҰМ, (БТР) бұл кезде тасадан тасаға 400 м қашықтықта ӛз 
бӛлімшесінің соңынан жылжып отырады және оны ӛз атысымен 


47 
қолдайды. Мотоатқыштар бӛлімі ЖҰМ-нан (БТР) жаяуланудан 
кейін және лектен тізбекке жазылады. Тізбектегі жауынгерлер 
арасындағы аралық 6-8 м (8-12 адым), бұл бӛлімше шабуылының 
маңдай шебін 50 м-ге дейін құрайды. Жаяу ретте взвод 
бӛлімшелер арасында 50 м-ге дейінгі аралықтарда 300 м-ге 
дейінгі майданда шабуылға шығады. 
ЖҰМ (БТР) қимылдайтын мотоатқыштар взводының ұрыс 
реті — машиналар арасындағы аралық 100 м-ге дейін болатын 
ұрыс желісі атқыш-зенитшілер тізбек артынан ЖҰМ (БТР) 
немесе жаяу ретпен жүріп отырады және әуе нысаналарына атыс 
жүргізеді 
Қорғаныста мотоатқыш бӛлімшесі майданшеп бойынша 
100 м дейінгі бекініске, ал ЖҰМ (БТР) — атыс бекінісіне ие 
болады, ол алған тапсырма, міндетке байланысты бӛлім 
бекінісінің орталығында, қапталда немесе 50 м артқы жақта 
орналасады. Мотоатқыштар взводының майданшеп бойынша 400 
м-ге дейін және тереңдік бойынша 300 м-ге дейін тірек пункттері 
орналасады. Ол бӛлімше бекінісінен ЖҰМ (БТР) 
 Мотоатқыштар бӛлімшесінін тізбекке жазылуы: 
а—жаяуланудан кейін; б—лектен бір-бірлеп 
атыс бекінісінен және күшейту құралдарынан тұрады. 
Бӛлімше бекінісі арасындағы аралық, 50 м-ге дейін болуы 
мүмкін, ол кӛрші бӛлімшіелердің қапталдай және айқастыра 
атысымен және тірек пунктерінің тереңдігінен атыс бойынша 
тасаланады. ЖҰМ (БТР) маңдайшеп пен тереңдікте 200 м дейінгі 
аралықта орналасады. Взводтың тірек пункттерінде және онын 
қапталдарында взвод командиріне бағынбайтын танкілер мен 
танкіге карсы құралдар бекініске ие болуы мумкін. 


48 
Мотоатқыштар ротасы тірек пунктін қорғайды, ол мотоатқыштар 
взводтарының тірек пунктеріне және танкілер мен танкіге қарсы 
құралдардың атыс бекінісінен құралады. 
Ұрыстағы ӛзара қимыл және оның мәні. Қазіргі заманғы 
ұрыста бір мезгілде және бірлесе отырып, мотоатқыш, танк, 
ракета, артиллерия, минаатқыш, зенит бӛлімшелері мен арнайы 
әскер бӛлімшелері жалпы міндетті шешеді. Ӛзінің құрамы мен 
қарулануына байланысты бұл бӛлімшелер белгілі бір 
жауынгерлік мүмкіндікке ие және белгілі бір нақты міндеттерді 
шешуге қабілетті. 
Әскердің әр түрі мен арнайы әскер бӛлімшелерінің 
қимылын, олардың ұрыстағы жауынгерлік мүмкіндіктерін 
барынша 
пайдалану 
мақсатында, 
сондай-ақ 
кӛршілес 
қимылдайтын бӛлімшелер қимылын келістіру үшін ӛзара әрекет 
ұйымдастырылады. Оның мәні — міндеттер, шептер және уақыт 
бойынша келісілген ұрыс қимылдарымен, жауынгерлердің, 
әскерлердің барлық түрлері, арнайы әскер бӛлімдерінің ӛзара 
кӛмегімен, сонымен бірге ұрыстың жалпы мақсатына жету 
мүддесіндегі кӛршілердің ӛзара кӛмегімен сипатталады. 
Жауынгерлер мен бӛлімшелердің үздіксіз және нақты ӛзара 
қимылы ұрыста жеңіске жетудің қажетті шарты болып табылады. 
Ӛзара қимыл бӛлімшелер арасында және олардың әрбірінің 
ӛз ішінде жүзеге асырылады. 
Мотоатқыштар бӛлімшесі кӛршілес бӛлімшелермен және 
оның ұрыс ретінде немесе ұрыс ретінен тыс, я болмаса, 
қапталдарда 
атыстық 
құралдармен 
қимыл 
жасаушы 
бӛлімшелермен ӛзара қимылда жүзеге асырады. 
Бӛлімшелер мен атыс құралдарының арасындағы ӛзара 
қимылды қолдаудың шешуші мәні — жауынгерлік міндеттерді 
ӛзара түсіну, қажетті кӛмек кӛрсету, әсіресе атыспен үзіліссіз 
байланысты қолдау. 
Бӛлімшелер арасындағы ӛзара қимыл ЖҰМ (БТР), 
пулеметшілер, гранататқыштар және атқыштар арасында 
ұйымдастырылады. 
Танк соңынан шабуылдай отырып, бӛлімше ең әуелі 
қарсыластың танкіге қарсы кұралдарының есеп тобын жояды 
және жылжуға кедергі келтіретін нысаналарды танкіге кӛрсетеді, 


49 
сонымен бірге танкіге бӛгеттерден ӛтуге кӛмектеседі және 
бұзылған машина экипажына қол ұшын береді. 
Танк үшін қиын жерлерде бӛлімше танкілерден озып 
кетеді, оның оғының астында шабуылдайды. Бұл учаскелерден 
танк ӛткен соң бӛлімше оның артынан шабуылдауды 
жалғастырады. 
Қарсыластың тереңдігіндегі ұрыс кезінде бӛлімше танкпен 
және кӛршілермен ӛзара қимылдай отырып, алға жылжуы үшін 
қарсылас атысының әлсіз тұстарын дер уақытында қолданып, 
оның қарсылығына алға жылжудың әр түрлі тәсілдері 
қолданылады. Қарсылас атысынан және жер үсті бақылауынан 
жасырын жерде бӛліміне тізбек бойына жеделдетілген адыммен 
қозғалады, ал жасырын кіре берісте (жыра, ойпат т.б.) бірден 
немесе екіден лек жасап жылжиды. Қарсылас атқылап жатқан 
жер учаскелерін бір уақытта барлық бӛлімше болып немесе бір-
бірлеп (екі-екіден) жүгіре ӛтеді (жер бауырлай жылжиды). 
Белімше ӛзінің күшті әрі жақсы ұйымдастырылған 
атысымен тоқтатқан қарсыласты бӛлімше орағытып барып, 
қапталдан және тылдан шабуылдайды. Орағыта ӛту үшін 
жергілікті жер қыртыстары, қарсыластың ашық қапталдары мен 
аралықтар қолданылады. Қарсыласты айналып ӛту мүмкін 
болмаса, белімше взводтың
басқа бӛлімшелерімен ӛзара 
қимылдаса 
отырып, 
маңдайшептен 
шаубылдап, 
барлық 
құралдарынан атыс жүргізе жояды. 
Ұлы Отан соғысының тәжірибесі қарсылас қорғанысы 
тереңдігіне жылжудың табысқа жетуі кӛбіне бӛлімше жеке 
құрамның шешуші және табанды қимылына, қаптал мен тылдағы 
батыл маневрге, бӛлімшелер арасындағы ӛзара қимылдың жақсы 
ұйымдастырылуына және оларды басқаруға байланысты екенін 
кӛрсетіп берді. 
Қарсыласты жойып, мотоатқыштар бӛлімшесі взвод 
командирінің пәрменімен ЖҰМ-ға отырады. Бұл үшін ЖҰМ 
бӛлімше командирінің белгісімен бӛлімшені қуып жетіп, жүрісін 
баяулатады немесе қысқаша аялдама жасайды. Бӛлімше 
жүгіріспен ӛз машиналарына қарай шығады да, командирдің: 
«Орындарыңа!» деген пәрмені бойынша тез машинаға отырады, 
бұл кезде олар қаруын тежегіште ұстайды. 


50 
Машинадағы ӛз орындарына отырған сон, бӛлімшенің жеке 
құрамы атыс саңылауынан атыс жүргізуге дайындалады. ЖҰМ-
дағы (БТР) оператор-кӛздеушісі (БТР пулеметшісі) Бұл уақытта 
қарсыласты бақылайды және байқалған нысаналарды жояды. 
ЖҰМ-ға (БТР-ға) отырғаннан кейін бӛлімше кӛрсетілген бағытта 
шабуылды жалғастыра береді. Жергілікті жер қыртыстарын 
пайдаланып, қапталға немесе тылға тез шығып, атыс құралдары 
және шешуші шайқас арқылы қарсыластың кӛрсетуші тобын 
талқандайды. 
ЖҰМ-ның (БТР-дың) жылжуына қарсылас ӛз атысымен 
кедергі келтірген кезде командирдің: «Машинаға!» және 
«Бӛлімше, ұрысқа, алға!» пәрмені бойынша машинадан секіріп 
түсіп, тізбекке жазылады да, ЖҰМ-ның (БТР-дың) атыс 
қолдауымен шабуылды жалғастырады. Қарсылас қорғанысы 
терендігінде кездескен бӛгеттер мен тосқауылдарды бӛлімше 
айналып ӛтеді немесе жасалған ӛтпе арқылы кесіп ӛтеді. 
Радиоактивті және улағыш заттармен зақымдалған жер 
учаскелерін белімше қорғаныш құралдарын қолданып кесіп ӛтеді 
немесе «дайын» жағдайындағы қорғаныш құралдарын қолданып, 
взвод командирі нұсқаған бағытта айналып ӛтеді. 
Қарсы шабуылға шыққан карсыласты бӛлімше взводтың 
басқа да бӛлімшелерімен ӛзара қимылдай отырып, атыспен және 
шұғыл шабуылмен немесе взвод командирінің нұсқауы бойынша, 
ең әуелі, қарсыласты тиімді шептен атқылайды, содан кейін оған 
шабуыл жасайды. Егер қарсылас кӛршіге қарсы шабуылға 
шықса, онда бӛлімше ӛз атысымен кӛмектеседі. Онын негізгі 
мақсаты — қарсы шабуылдаушы қарсыластың қапталы мен 
тылына шығу болып табылады. 
Егер қарсылас шегіне бастаса, онда мотоатқыш бӛлімшесі 
оны тоқтаусыз, табанды түрде, әдетте, ЖҰМ-да (БТР-да) қуады. 
Қудалау кезінде жергілікті жер қыртысын шебер қолданып, 
бӛлімше қарсылас шегінісі жолына шығады да, взводтың басқа 
бӛлімшелерімен ӛзара қимылдаса отырып, оның қимылын 
барлық құралдардан атыс жүргізу аркылы қысады және шешуші 
шабуылымен оған соққы беріп, талқандайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет