Қазақстан республикасыныњ білім жңне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет10/42
Дата16.06.2023
өлшемі0.86 Mb.
#475137
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42
kozhamzharov

Инженерлік бӛгеттерден ӛту. Қазіргі заманғы ұрыста әр 
түрлі инженерлік бӛгеттер, әсіресе миналанған алаңдар, сондай-
ақ сымды бӛгеттер және т.б. қолданылады. Барлық жарылмайтын 
бӛгеттер, әдетте, атыспен (оқпен) тасаланады және миналанады. 
Ұрыста жауынгерлік міндеттерді тез және табысты орындау үшін 
жауынгер инженерлік бӛгеттерді тауып, олардан ӛту бӛлігін 
шебер меңгеруі тиіс. Миналарды (миналанған алаң) және 
фугастарды бүркенішті ашу белгілері бойынша немесе 
қармағыштар мен мина іздеушілер кӛмегімен табуға болады. 
Созылмалы әсер ететін миналарда қазықшалар және жер үстінен 
тартылған бау немесе сымы болады. Қойылған миналардың 
бүркенішін ашу белгілері суретте кӛрсетілген. 
Минаға барлау жүргізілген кезде мейлінше ұқыпты болып, 
әрбір күмәнді жерлерді тексеру қажет, табылған бау немесе 
сымды тартып қалмау керек. Барлық миналарды қарсылас 
алынбайтын элементтерімен қояды. Сондықтан, кем дегенде, 30 
м алыстағы бойтасада тұрып, толдық құты
кӛмегімен қопару 
немесе "тарбақты" (кошка) сүйреп жылжыту арқылы миналарды 
зиянсыздандырып алу қауіпсіздеу болады. 
Миналы-жарғыш бӛгеттердегі ӛтпелерді кесіп ӛту жарғыш 
тәсілмен немесе қолмен миналы тралмен жабдықталған танктер 
арқылы кесіп ӛту жүзеге асырылады.


36 
 
Қойылған миналардың бүркенішін ашу белгілері. 
Ұрыс алаңында жауынгер сымды бӛгеттерге тап болуы 
мүмкін. Оларға сымды торлар, дуалдар, керме ағаш және т.б. 
жатады. Сымды бӛгеттерден, тікелей бӛгеттерден ӛту 
құрылғылары арқылы, яғни оған сырт киім, тақтай, тӛсеніш 
тастақ немесе діңгек, күректермен сымды кӛтеру арқылы ӛтуге 
болады. Әдетте, бӛгеттерде жауынгерлер сымды қайшымен, 
сүңгі пышақпен қия отырып немесе қазықшалар жанын жаяу 
әскердің кіші күрегімен есу арқылы ӛтпелер жасап ӛтеді. 
Үйілме, керме ағаштарды тасып болған соң, ӛтпелерден ӛту 
тарбақ кӛмегімен немесе арнайы техника қолдану арқылы жүзеге 
асырылады. Электрлі бӛгеттерден ӛтуді тек саперлер ғана жүзеге 
асырады. 
Радиоактивті немесе уланғыш заттармен зақымданған жер 
учаскелерінен ӛту. Қарсыластың жаппай құрту қаруын (ядролық, 
химиялық, бактериологиялық) қолдануы ұрыс алаңында кӛлемді 
қиратулар мен зақымдану аймақтарының пайда болуына әкеп 
соғады. Сондықтан жауынгерлер осы қарулардың қиратқыш 
факторларынан сақтану, қорғану әдістерін біліп қана қоймай, 
сонымен бірге радиоактивті немесе улағыш заттармен 
зақымданған жер учаскелерінен ӛтуді, осы жерлерді ЖҰМ-да 
(БТР), жаяу ретпен ұрыс жүргізуді шебер меңгеруі тиіс. 


37 
Радиоактивті немесе улағыш заттармен зақымданған 
жергілікті жер учаскелерінен ӛту әдістері ұрыс қимылдары 
сипатына, жер және ауа айы жағдайларына байланысты болады. 
Құрғақ ауа райында ашық машиналарда қимыл жүргізетіндер, 
танкілердеігі десанттар немесе жаяу ретпен қимылдайтын 
жауынгерлер 
радиоактивті 
заттармен 
зақымданған 
жер 
учаскелерінен ӛту үшін газтұмылдырық (тұмылдырық) киеді, ал 
улағыш заттармен зақымданған жерлер учаскесінен ӛту үшін – 
газтұмылдырық, плащтары, жамылғылар, шұлықтар мен 
қолғаптар пайдаланылады. Жабық БТР-дағы жауынгерлер тек 
газтұмылдырық киеді, ал ЖҰМ-дағы жауынгерлер жаппай жою 
қаруларынан қорғану жүйесін іске қосады, Радиоактивті 
заттармен зақымданған жерлермен жаяу ретпен жүрген кезде 
ылғалды ауа райында теріні қорғау құралдары ( плащтары, 
шұлық, қолғап) ғана киіледі. Ашық зақымданған жер 
учаскелерінен ӛту ұзақ және тезжүгіре ӛту тәсілі арқылы жүзеге 
асырылады. Тоқтау үшін шӛптері аласа жер тандалынып 
алынады. Зақымданған жерге жатпас бұрын жауынгер шинель 
немесе плащтын сол етегін қымтап жабуы тиіс. Зақымданған 
жерде қимылдаған кезде, қажет болмаса, зақымданған заттарға 
тиюге, тамақ жеуге және ішуге болмайды. 
Зақымданған учаскелерден ӛткеннен кейін жауынгерлер 
командир пәрмені бойынша киім-кешектердін шаңын қаға 
отырып, қорғаныш құралдарын шешеді. 
Атыс үшін жер мен жағдай таңдау. Ұрыс алаңында жаяу 
ретпен қимылдайтын жауынгерлерге жүру кезінде немесе 


38 
орнынан, тізерлей немесе жатып, терезеден немесе бойтасадан 
атыс жүргізуге тура келеді. 
Жауынгер командирінің нұсқауы бойынша немесе ӛз 
бетінше қарсылас кӛрінетін жер учаскесі немесе нысана жақсы 
кӛрінетін жерді есептей отырып, атыс үшін орын тандап алады. 
Атыс үшін таңдалынып алынған орын керекті бағытта жақсы 
шолуды және қажетті бағытта атқылауды қамтамасыз етіп, 
жауынгерді қарсылас атысынан және бақылауынан тасалауды 
және атыс үшін ыңғайлы жағдайды қамтамасыз етуі тиіс. 
Жауынгер атыс және бақылау жүргізу үшін арна, шұңқыр, 
ағаштарды, ағаш дуалдарды, әр түрлі құрылыстарды және басқа 
да жергілікті заттарды қолдануға икемді болуы қажет. 
4.Ұрыстағы барысындағы сарбаздардың оқпанаға орналасуы 
Шабуыл ұрысы барысында басып алынған шӛпті ұстап тұру 
– қарсыластың қарсы шабуылына тойтарыс беруге дайындалу, 
сонымен бірге ұрысқа кӛшу және ұрыс жағдайының басқа да 
шарттарына байланысты жауынгерге орлануға, яғни ӛз 
оқпанасын қазуға және жабдықтауға тура келеді. Орлану жаяу 
әскердің кіші күрегімен жүзеге асырылады. Ол қарсылас оғының 
астында жатып ату үшін бір адамдық оқпана қазудан басталады. 
 Автоматтан жатып ату үшін жеке оқпана (ӛлшемі 
сантиметрмен берілген) 
Оқпана топырақтаы қазылған, ұзындығы — 170 см, ені — 
60 см, тереңдігі — 30 см ордан және 30 см дейінгі биіктіктегі 
топырақ қалқадан түрады. Топырақ қалқа мен ор арасынан ені 
20-40 см болатын алаңқай қалдырылады. Атқылау секторының 
топырақ қалқаның биіктігі 10 см дейін азайтылады да, ашық атыс 
саңылауы — жайпақ құламаны құрайды. 
Орлануды бастамас бұрын жауынгер әуелі атыс үіпін: орын 
таңдап алуы (егер оны командир кӛрсетпесе) және жағдай осыны 
талап етсе, жасырын сол жерге баруы керек, содан кейін қаруын 


39 
ӛзінің оң жағына қоюы тиіс, бұл кез келген уақытта атыс жүргізу 
үшін ыңғайлы болады. Бұдан кейін жауынгер сол бүйіріне 
аударылып, күректі сыртқы қабынан шығарып, екі қолымен 
сапты ұстап, ӛзіне қарай ұрып, жердің тығыз жоғарғы қабатын 
ашуы тиіс, алдынан және екі бүйірден ордың шекараларын 
белгілеп алуы қажет: содан кейін ӛзінен ары сыртқа ұра отырып, 
жердің шым қыртысын алып, оны алға немесе екі жаққа тастап, 
қазуға кірісуі қажет. Оқпана қазу кезінде жерді күрекпен қиғаш 
қазу керек; ал топырақты, ең алдымен алға, сосын екі жаққа 
тастау қажет, бұл кезде 1—1,5 м болатын топырақ-қалқа пайда 
болады, ол сарбазды қарсылас оғынан сақтауды қамтамасыз етеді 
(оқтың тесіп ӛту қабілеті — тығыздалмаған топырақты және 
құмда 70 см-ге дейін); басты мүмкіндігінше жерге жақын ұстап, 
қарсыласты бақылауды тоқтатпау қажет. 
Оқпана шұңқырдың алдыңғы бӛлігінде қажетті терендік 
жасап алғаннан кейін жауынгер артқа жылжып, қажетті 
ұзындыққа дейін шұңқыр қазуды жалғастыра береді, бұл шүңқыр 
жауынгердің денесі мен аяқтарын тасалайтындай болуы тиіс. 
Жатып ату үшін қазылған оқпана жергілікті жермен 
бүркемеленеді. Бұл үшін шұңқырды қоршаған шым қыртысы, 
топырақ және шӛп, ал қыста қар қолданылады. Зақымданған 
жерде орлану жеке құралдары арқылы жүзеге асырылады. 
Оқпана қазу үшін, ең әуелі жердің жоғарғы зақымданған қабаты 
алынып, жел жаққа жайлап тасталады. Бұл кезде мүмкіндігінше 
ӛзін және жолдастарын шаңдатпау үшін шаң кӛтермеу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет