Қазақстан республикасыныњ білім жңне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет11/42
Дата16.06.2023
өлшемі0.86 Mb.
#475137
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42
kozhamzharov

 
 
Негізгі әдебиеттер: [5, 9,10]. 
 
№ 4-тақырып: Шабуылдағы бӛлімше. 
4 сағат 
1.Шабуылдағы жауынгер 
2.Шабуылдағы бӛлімше 
1. Шабуылдағы жауынгер 


40 
Шабуылды ұрыс кезінде жауынгер бӛлімше құрамында 
әрекет етеді. Жауынгер іс-әрекетінің, қимылының табысты 
болуы оның шабуылға дайындығына байланысты. 
Бӛлімше командирінің тапсырмасы бойынша, жауынгер 
бӛлімше мен взвод шабуылының объектісін және шабуылдағы 
қарсылас қимылын, шабуыл бағытын, бӛгеттерден ӛту тәртібін 
және шабуылдағы қозғалысты нақты түрде елестете алуы тиіс. 
Осыдан кейін жауынгер мыналарды: қарудың жарамдылығы 
және оны ұрысқа дайындау, оқ-дәрінің болуы (қажет болса, 
құралдарымен толықтырылады): жеке қорғаныш құралдары мен 
жабдықтарының 
болуын 
және олардың жарамдылығын 
тексереді. Түнде шабуылға дайындалған кезде жауынгер бұдан 
басқа қозғалыс бағытындағы жерді зерттейді, ӛзіне түнде бағдар 
болуы мүмкін жергілікті жер заттарын есте сақтайды және 
азимут бойынша қозғалыс бағытын зерттейді. Түнгі кӛздеуішті 
автоматтары мен пулеметтері бар жауынгерлер ӛз қаруларын 
тексереді. Қараңғы уақытта атысты дәлдеу үшін оқжатарлар 
трассаланған оқтары бар патрондармен қосалқы түрде 
жабдықталады. Жабдықтау қимылды ӛзгертпей және шу 
шығармай жасалуы тиіс. 
Егер шабуыл оқпана немесе ордан, яғни қарсыласпен 
тікелей түйісу жағдайынан басталса, жауынгер тез секіріп шығу 
үшін ӛзіне бейімдеулер дайындап алады. Бұл үшін оқпананың 
алдыңғы тіктігінде қазан шұңқыр немесе сатылар жасалады. 
Шабуыл басталғанға дейін қажеттілікке байланысты 
жауынгер қарсыласқа атыс жүргізеді, «Шабуылға дайындал!» 
пәрмені (дабылы) бойынша ол қаруды оқтайды. Ол үшін 
жарақталған 
оқжатарды 
біріктіріп, 
ажыратылып 
тұрған 
оқжатарды оқтайды да, сӛмкеге (дорбаға) салады. Содан соң 
«жауынгер автоматқа сүңгі пышақты қосып «П» не «3» 
кӛздеуіштен белгілейді, гранатты дайындап, жарақтану заттарын 
қозғалысқа кедергі келтірмейтіндей етіп бекітеді. Содан кейін 
аяғын табалдырыққа қойып, оны тастап шығуға дайын 
болатындай етіп, қолын оқпананың топырақ қалқасына тірейді. 
Бұл кезде қарсыласқа бақылау жасауын тоқтатпайды. 
«Шабуылға, алға!» пәрмені бойынша жауынгер оқпанадан 
тез секіріп шығып, жүгіріспен немесе жеделдетілген адыммен 


41 
алға қозғала бастайды, бұл кезде ол алдыңғыларға теңеле 
отырып, тізбекте бекітілген аралықты сақтауы тиіс. Қарсыласқа 
ұрыс алаңында бақылау жасауға және кӛздеп атыс жүргізуге 
мүмкіндік бермеу үшін жауынгер ӛз қозғалысын қарсыласқа оқ 
атумен үйлестіреді. 
Ядролық жарылыс ұшқынын байқаған сәтте, жергілікті жер 
бедерлері (қыртыстары) мен жергілікті заттарды пайдалана 
отырып, жарылысқа қарама-қарсы жаққа басын қойып, бетті 
жерге қаратып, тез жата қалу керек. Осы әдіспен соққылы 
толқын мен зақымдалудан сақтануға болады. Бұдан басқа 
шинельдердің жағасын кӛтеріп, қол білектерін дененің астына 
тығып, кӛру қабілетінен айырылып қалмау үшін бетті 
мүмкіндігінше тығыз
жабуы керек. Соққылы толқын ӛткеннен 
кейін, дереу тұрып, жауынгерлік міндетті орындауды жалғастыру 
қажет. 
Қарсылас 
қорғанысының 
алғы 
шебі 
алдындагы 
бӛгеттердегі ӛтпелерден ӛту командир кӛрсеткен тәртіппен 
бӛлімше құрамында жүгіріс тәсілі арқылы жүзеге асырылады. 
Бұл 
кезде 
аса 
байқағыштық, 
қозғалыс 
шапшаңдығы, 
бастамашылық пен шешім қабылдай білу талап етіледі. 
Қарсылас иелектен орға 25-30 м-ге дейін жақын келген 
жауынгер ӛз қаруын сол қолға ұстап, қозғалысын тоқтатпай, орға 
қол гранатын лақтырады. «Ура!» деп айғайлай отырып, тез 
шұғыл серпін арқылы қалған қашықтықтан ӛтеді. Алғы шептегі 
аман қалған қарсыласты жауынгер орға түспей, оқпен, сүңгімен 
және дүммен жояды да, оның ының тереңдігіне тоқтаусыз 
жылжи береді. 
Орда командир бұйрығы бойынша ұрыс жүргізе отырып, 
жауынгер қаруын, гранатын және қол ұрыс тәсілдерін шебер 
қолданады. Орда тез қозғалу қажет. Ор бұрылыстарын ӛту 
немесе жертелеге кіру үшін, ең әуелі, ол жерге гранат лақтырып, 
сосын атыс жүргізу керек. Сымды бӛгеттерді ордан сыртқа 
лақтырып тастау немесе гранатпен қопару керек. 


42 
 Ядролық жарық ұшқыны байқалған кездегі ашық 
жердегі іс-әрекет 
тереңдігінде жауынгер қарсыласты оқпен жоя отырып, басқа 
сарбаздармен тығыз ӛзара байланысты қимылдап, алға қарай 
шапшаң жылжиды. Қарсылас атысының қарқындылығына және 
жергілікті жер сипатына байланысты ол алға жылжудың әр түрлі 
әдістерін қолданады. Артиллерия минаатқыш атыс астында 
қалған жағдайда, атқылау аймағынан дереу екпінмен шығып, 
шабуылды жалғастыру керек. 
Шабуыл барысында жауынгер ұрыс алаңын үнемі бақылап, 
ӛз байқағандары туралы командирге дереу баяндайды. Нысананы 
кӛрген сәтте жауынгер оны атыспен, ең алдымен, пулемет, 
гранататқыш, зеңбірек есептобын жояды. Командир бұйрығы 
бойынша немесе ӛз бастамасымен жауынгер трассаланған оқтар 
арқылы танкілерге, мотоатқыштардың қозғалысына кедергі 
келтіретін нысаналарды кӛрсетеді. Жылжуды күшті әдіспен 
ұстап 


43 
а ә б 
Әуе нысаналарын ату үшін орналасу: 
а – жатып; ә – тізерлеп; б – тұрып 
тұрған қарсыластың атыс құралдарын (ТҚКБР, пулемет, 
гранататқыш) жауынгер кӛршілерді оқпен бойтасалауы арқылы 
айналып ӛтіп, қаптал мен тылда шабуылдай отырып, 
қарсыластың есептобын атыспен және гранатпен жояды. 
Айналып ӛту үшін жергілікті жердің қыртыстары қолданылады, 
Қажет жағдайда жауынгер кӛршілеріне қапталдан атыспен кӛмек 
кӛрсетеді. Қарсылас танкісімен кездескен сәтте «ӛлі» кеңістікті 
пайдалана отырып, жақындап, оны гранатпен жою қажет. Ұлы 
Отан соғысы жылдарында біздің батыр жауынгерлеріміз 
танкілерге, атыс құралдарына қарсы жекпе-жекке шығып, талай 
рет жеңіске жетті. Жер үсті қарсыласымен ұрыс жүргізе отырып, 
жауынгер қарсыластың тӛмен ұшқан ұшақтарына қарсы атыс 
жүргізуге дайын болуы керек. Ашық жерде оларға қарсы атыс 
жатып, тізерлей немесе тұрған күйде жүргізіледі. Тірек ретінде 
жақын жердегі жергілікті жер заттары қолданылады. Әуе 
нысаналарын ату «3» немесе «П» кӛздеуімен бӛгеттік және ӛрге 
ату атысы тәсілімен жүргізіледі, шақтар мен тікұшақтарды ату 
үшін сауытты-ӛртегіштік және трассаланған оқтар қолданылады. 
Қарсылас қорғанысы тереңдігіндегі бӛгеттерден жауынгер 
ӛтпелер арқылы ӛтеді. Сымды бӛгеттерден қол астындағы 
заттарды пайдалану арқылы ӛтеді. 
Қарсылас жаппай жою қаруын қолдану нәтижесінде ұрыс 
алаңында зақымдалған жер учаскелері пайда болуы мүмкін. 


44 
Сонымен бірге, шегінуші қарсылас шабуылдаушыларды ұстап 
тұру үшін олардың жолдарына улағыш заттармен зақымданған 
жер учаскелерін әдейі жасап қоюы мүмкін. Сондықтан 
шабуылдай отырып, дер кезінде осындай жер учаскелерін 
байқап, ол туралы командирге баяндау қажет. Жергілікті жердің 
зақымдалған учаскелері командир нұсқаған тәсілмен кесіп 
ӛтіледі. 
Егер жауынгер қарсыластың шегіне бастағанын байқаса, 
бұл туралы дереу командирге баяндау керек. Басып алған шепте 
тұрақталу үшін жауынгер жергілікті жер заттарын бүркемелеп 
және таса үшін қолданып, ӛзіне керсетілген жерге орналасады. 
Таса жоқ болған кезде жауынгер орланады да, қарсыластың 
қарсы шабуылына тойтарыс беруге дайындалады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет