Өлекседегі өзгерістер:
■ бас, аяқ жақтарда; кеуде, іш тұстарында тері астының шелі ісінген;
■ бүйректердің көлемі ұлғайған, капсуласы оңай бөлінеді;
■ бүйректі кесіп қарағанда оның шумақтарының. сүреті өзгерген, қабынып қызарған, үлкейген;
■ қатты қабынғанда капсулада ұйыған белок, эритроциттер мен түлеген эпителий клеткалары бар; кейде ирелеңдеген түтікшелерде майдың, белок түйіршіктерінің өзгерген түрлері байқалады;
■ зәр шығару ағзаларының гистологиялық құрылыстары өзгерген.
Клиникалық белгілері. Аурудың басында дене қызуы көтеріледі, ауру мал әлсін-әлсін тынышсызданады, бүйректерінің тұсын сипалағанда ауырсынғандық байқалады. Қарынның, кеуденің, жұтқыншақтың, қабақтың астыңғы тұстарында ісік. Көрінетін кілегей қабықтары бозарған, қанның қысымы жоғары, жүректің сол жақ қарыншасы кеңейген, қабырғасы қалыңдаған, тамырлары қатайған. Р.о. аортада жүректің екінші сазы қаттырақ естіледі. Қан айналысының кіші шеңберінде қан тоқыраған, кейде . ентікпе, жөтел, ылғалды сырыл пайда болады. Ауру мал жиі-жиі несеп бөлуге тырысады, бірақ олигурия, кейде тіпті анурия болуы да мүмкін. Несеп лай, кейде ақшыл-қызыл, не қоңыр түсті болып келеді. Көбінесе қышқылдығы жоғары болады.
Қан сұйық, меншікті салмағы төмен, эритроциттер мен гемоглобин аз, азотты зат қалдықтары көп. А:Г төмен. Аурудың жіті түрінде тромбоциттер аз, ал ауру мал жазыла бастағанда олда көбейе бастайды.
Барысы. Аурудың жіті түрі 1-2 жұмаға созылуы мүмкін. Уақытында дұрыс ем қолданғанда ауру мал жазылып кетеді. Аурудың асқынған, жайылыңқы түрі уремиялық синдром басым болған жағдайда өлім-жітіммен аяқталады.
Ауруды анықтау үшін ауру мал туралы жиналған анализге, негізгі клиникалық белгілеріне және лабораториялық зерттеулердің нәтижелеріне сүйенеді.
Саралау. Нефриттің жіті түрі көбінесе індетті аурулардан кейін болады. Онда несеп синдромдарынан: олигурия, зәрде қан, белок, бүйрек эпителийі, цилиндрлер.
Нефрозда зәрде қан жоқ және қанның қысымы көтерілмейді. Жүрек еттерінде гипертрофия жоқ.
Аурудың болжамы бүйректердің жарақаттануларының көлеміне және аурудың барысына байланысты. Уремиялық синдром дамығанда өлім-жітіммен аяқталады.
Емі. Ауру малдың күтіміне, азықтың сапасына көңіл аудару керек. Олардың үстін тазалап, желдеткіші бар, таза бөлмеде ұстайды. 1-2 күнге ашықтыру диетасын тағайындауға болады. Одан кейін жеңіл қорытылатын, белогы мен тұзы аз тағам береді. Рационда натрий аз, калий мен кальций иондары, аскорбин қышқылы ретинол, В витаминдері жеткілікті болуы керек.
Бүйрек маңайына новокаин блокадасын жасайды.
10%-ды хлорлы кальций глюконатына, немесе 0,5-1%-г-дьі. новокаин ерітіндісіне аскорбин қышқылын қосып венаға жібереді.
Антибиотиктер мен сульфаниламид препараттарын барлық ережені сақтай отырып қолданады. Улануға қарсы қан ағызып, глюкоза ертіндісін венаға жібереді. Ол организмнің жалпы резистенттілік қабілетін жақсартады.
Жүректің қызметі нашарлағанда жалын гүлінің, строфант ертіндісін, оттегін қолданады. Зәрдің бөлінуін жақсарту үшін темисал, новурит, фонурит береді. Күкірт қышқыл магнезий жақсы әсер етеді. Ол суды, тұзды өзіне сіңіреді, қанның қысымын реттейді, қан тамырларының өзектерін кеңейтеді, зәрдің бөлінуін үдетеді. Жүйке жүйесіне жақсы әсер етеді. Оны 25%-ды ертінді ретінде, 0,2-0,4мл/кг мөлшерінде еттің ішіне жібереді.
Ауру малдың сіңірі тартылып қалған жағдайда хлоралгидрат, немесе морфий ертінділерін қолданады.
Медицинада соңғы кезде гормон препараттарын жиі қолданып жүр: преднизолон, кортизон, АКТГ.
Ацидозда соданың ерітіндісінің көмегі жақсы. Сондай-ақ жылулық процедуралары жақсы нәтиже береді.
Сақтандыру. Малдың күтімі мен рационына көңіл аударады. Суықтықтан, уланудан қорғайды. Бүйректердің тұсын жарақаттан сақтау керек. Ас тұзының азықта қалыпты жағдайда болуын қадағалайды. Індетті, хирургиялық, гинекологиялық ауруларды уақытында емдеп жазады.
4. Нефросклероз
Nephritis chronica - Бүйректердің қан тамырларының қатты қабынудың салдарынан жарақаттанып, бүйректердің қызметінің жеткіліксіздігін тудыратын созылмалы процесс. Аурудың бұл түрі жіті түріне қарағанда, әсіресе ірі қара мен жылқыларда, жиі кездеседі.
Себептері. Ауру көбінесе жіті түрінен асқынған түрде дамитындықтан, жіті түрінің барлық себептері осы ауруға да жатады. Оның ішінде әсіресе созылмалы уланулар, індетті аурулар, суықтықтың әсері; жүйке жүйесінің, өкпелердің, бронхылардың, жыныс жолдарының қабынулары жиі себеп болады.
Дамуы. Бүйрек шумақтарының ұзақ уақыт қабынуы оларда жүретін сүзілу және секрет бөлу процестерін нашарлатады. Шумақтарда қанның азаюы және жүйке жүйесінің реттеушілік кызметінің бұзылуы салдарынан организмде ренин көп түзіле бастайды. Ол альфа-глобулинмен қосылып ангиотензин-2 түзеді. Ол барып қан тамырларының өзегін тарылтады, артериядағы қан қысымы жоғарылайды. Шумақтардағы натрийдің қайта солыру процесі бұзылады да, ол барып азоттың алмасуының бұзылуын, натрийдің қалдықтарының қанда шоғырлануын тудырады.
Қанда мочевина, зәр қышқылдары, креатин, кенеттен азот қалдықтары көбейеді. Осының бәрі жүйке жүйесінің улануына апарып соғады. Уремиялық синдром дамиды.
Қанда жиналған улы заттар ішкі бездер мен ас қорыту жүйесі арқылы бөлінеді. Бірақ олар асқазан мен ішектердің кілегей қабықтарын тітіркендіріп оларды қабындырады жөне индол, скатол, фенол, индикан сияқты улы заттардың шоғырлануына себеп болады. Бауырдың, жүректің, бұлшық еттердің құрылыстары бұзылады. Қанның азаюы, онда улы заттардың шоғырлануы әртүрлі ағзалардың қызметтерін бүлдіреді жөне эритропоэз нашарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |