Өлекседегі өзгерістер. Өлексе өте арық. Тері астында ісік, құрсақ қуысында сұйық зат, Бүйректердің көлемі не үлкейген, не кішірейген, бозарған, тығыз, жылтырамайды. Кесіндіде құрылысы өзгерген. Өзектерінде эторшалары, лейкоциттер, эритроциттер және ұйыған белок. Бүйрек шумақтары сыртынан дәнекер тілмен қапталып гиалин тәрізді шарға айналады. Организмде қанның аздығының белгілері. білінеді. Жүрек еті қалыңдаған.
Клиникалық белгілері. Бүйректердің зәр бөлу процесі нашарлайды. ауру мал көңілсіз, бірте-бірте арықтай береді. Ауру кейде асқынып, кейде клиникалық белгісіз болады. Асқынған уақытта дене қызуы көтеріледі, кілегей қабықтары бозарған, сұрғылт түсті. Тыныс алу дыбысы қатқыл, бірақ нашар естіледі. Броханың қабынғаны, онда қанның, лимфаның жиналғаны анықталады. Жүректің шекарасы ұлғайған, түрткісі қатты, саздары алыстан естіледі, р.о. аортада екінші саз.қаттырақ естіледі. Артериялық қысым жоғары.
Ас қорыту жүйесінің ағзалары қабынған, асқазан сөлінің қышқылдығы төмен, кейде жоқ.
Несеп тығыз, мөлшері аз, құрамында белок, цилиндр, қан. Несепте индикан аз, керісінше ол қанның сары суында көп. Қанның азаюының гипохромды түрі, эритроциттер мен гемоглобин аз, нейтрофилді лейкоцитоз солға ығысқан.
Барысы. Ауру малдың халі кейде түзеліп, кейде нашарлап айлап, жылдап созылуы мүмкін. Егер бүйректер бүрісе бастаса малдың толық жазылуы мүмкін емес.
Анықтау. Ауру мал туралы анамнез, клиникалық белгілері және лабораториялық зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып анықтайды. Болжамы күмәнді.
Емі. Бірінші кезекте азықтағы белок пен ас тұзын азайту керек. Ісік лайда болғанда суды аз беріп, зәрдің бөлінуін үдету керек. Індетпен асқынғанда антибиотиктер қолданылады. Жүректің қызметін қалыптастыратын дәрілер қолданады. Қан қысымы жоғарлағанда қан ағызады, уланғанда глюкоза ертіндісін қолданады. Терінің астына инсулинді қабаттастыра жібереді. Ацидозда - сода ертіндісін қолданады. Қан азайғанда темір препаратгары, антианемин, камполон қолданылады. Іш өтсе оны тиятын, ал нәжіс қатса оны жұмсартып, іш өткізетін дәрілерді береді.
Сақтандыру. Уақытында дұрыстап аурудың жіті түрін емдеу керек.
Бүйрек пен оның түбекшесінің біртұтас қабынуы - Pyelonephritis. Ірі қара мен шошқаларда жиі кездесетін ауру.
Себептері. Негізгі себебі басқа ағзалардағы іріңді ошақтардан қоздырғыштардың қан, немесе лимфа арқылы зәр шығаратын жүйе ағзаларына таралуы. Әсіресе ішектерден, жыныс ағзаларынан лимфа арқылы таралуы жиі кездеседі. Сиырларда буаздығының ақырғы айларында, немесе туғаннан кейін шуы уақытында бөлінбегенде, эндометрит, миометрит, вагинит ауруларында байқалады.
Бүйректерде қан айналысының бұзылуы, оның түбекшесіндегі, несеп жолдарындағы қан қысымының жоғарлауы да әсер етеді.
Дамуы. Аурудың дамуына тек індет қоздырғышының болуы ғана әсер етіп қоймайды. Онымен қатар:
■ организмнің реактивтік қабілетінің нашарлауы;
■ зәр шығаратын ағзаларға жүйке жүйесінің реттеушілік қабілетінің бұзылуы;
■ зәрдің бөлінуінің қиындауы аурудың дамуын шиелендіре түседі.
Қабыну процесі бүйректердің өзекшелігінің арасындағы интерстициалды тіндерден басталып, бірте-бірте қан-лимфа тамырларына тарайды. Бүйрек өзекшелерінің қызметі нашарлайды, қабыну процесі бүйрек шумақтарын қамтиды. Реабсобция процесі бұзылады, бүйректердің қызметінің жеткіліксіздігі пайда болады.
Егер аурудың жіті түрі созылмалы түріне өтсе, онда дәнекер тіндердің өсуі үдеп, ауру нефросклерозға айналады да, өлім-жітіммен аяқталады.
Өлекседегі өзгерістер. Бүйректердің көлемі ұлғайған, капсуласы жабысқан; маңайында сұйықтың жиналғаны, ісінгендік байқалады. Бүйрек кесіндісінде әртүрлі іріндеген жерлері анықталады. Бүйрек түбекшесі кеңейген; онда сарғыш-қоңыр, не лай-сүрғылт түсті; құрамында қан, ірің, елі тіндер бар сұйық жинақталған. Кілегей қабығы ісінген, қызарған, әр жерінде іріңді жараның орны байқалады. Бүйрек бүртікшелері қызарған, іріңмен қапталған. Бүйректердің орнында іріңге толған қуыстар анықталады. Несеп түтікшесінің, бүйрек түбекшесінің толық бітелуі гидронефрозға апарып соғады. Бүйрек паренхимасы өлі еттенеді, өзекшелерінің қабырғалары арқылы гамма-глобулин мен фибриногеннің көптеп бөлінуі организмде қарсы денелердің түзілу процесін нашарлатып, індетті-септикалық процестің дамуының бірден-бір себебі болады. Амин қышқылдары мен калийдің организмнен көп бөлінуі бүйректердің кызметін одан ары нашарлата түседі.
Ауру малдың халі жақсара бастағанда амилоидтар тарқап, зәрде белок азайып, организмде су мен тұздың, белоктың, майдың алмасулары қалыптасады. Полиурия байқалады. Қан сары суындағы альбуминнің мөлшері қалыпты жағдайға келеді.
Өлекседегі өзгерістер. Аурудың жіті түрінде бүйректерде дегенеративті өзгерістер; күңгірттеніп ісінген, ирелеңдеген өзектерде майлы инфильтрат, не өлі еттенген. Бүйректердің көлемі ұлғайған, қанға толы, болбыр, капсуласы оңай бөлінеді. Асқынған түрінде бүйректер бозарған, сарғыш түсті. Созылмалы түрінде белок пен майдың алмасулары бұзылады, амилоид. бүйректерде ғана емес бауырда, көкбауырда да болады. Кейде капилляр амилоидпен бітеліп қалуы да мүмкін. Бүйрек шумақтары - дәнекер тінмен өсіп, бүріскен. Майдың алмасуы бұзылғанда бүйректер жұмсарып, ағарады.
Клиникалық белгілері. Қосалқы түрінде негізгі аурулардың белгілері анықталады. Өзінің негізгі белгілеріне несептегі өзгерістерді келтіруге болады. Оның тығыздығы жоғарылайды, онда белок анықталады. Тұнбада гиалинді, түйіршікті цилиндрлер, бүйрек эпителийі. Қанда эритропения, нейтрофилді лейкоцитоз; гиподиспротеинемия. Уремиялық синдром бүйректердің қызметінің жеткіліксіздігін туғызады; олигурия біртіндеп анурияға айналуы мүмкін. Ауру малдың халі жақсара бастағанда полиурия байқалады.
Созылмалы түрінде ауру мал арықтаған; қабағында, төсінде, аяқтарында, ұманың тұсында көлемді ісіктер пайда болады. Кілегей қабықтары, терісі бозарған. Бауырдың көлемі ұлғайған, жүректің қызметі нашарлаған. Қанда А:Г төмендеген, азот қалдығы, хлоридтер, холестерин, липоидтар көбейген. Аурудың барысын 3 сатыға бөлуге болады:
1. Аурудың белгісіз сатысында протеинурия және аздаған хорестеринемия анықталады;
2. Ісіну сатысы - мұнда организмнің негізгі қызметтері сақталған жалпы жағдайы қанағаттанарлық;
3. Арықтау сатысында қанда азотемия, холестеринемия, гипопротеинемия анықталады.
Нефроз перитонитпен, плевритпен, бронхопневмониямен асқынуы мүмкін. Ауру мал қатты уланғанда анурия мен уремиядан өліп кетуі мүмкін. Амилоидозда ауру жәй дамиды.
Анықтау үшін ауру мал туралы мағлұматқа, негізгі клиникалық белгілеріне, қан мен несепті лабораториялық тексерудің нәтижелеріне сүйенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |