ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Несепті зерттеу
Несеп сулы және әртүрлі органикалық, бейорганикалық колоидты ерітінділерден тұрады. Несеп бүйрік арқылы бөлініп, кейде бүйрік және несеп шығару жолдары клеткаларының элементтері несепте кездесіп тұрады. Әртүрлі малдарда органикалық және бейорганикалық заттар құрамы әртүрлі. Несептің патологиялық құрам бөлігі болып табылатындары қалыпты жағдайда кездесітін заттар: ақуыз, көмірсулар, ацетон денешіктері, өз ж»не қан пигменттері, осы заттар организм жәе бүйрек патологиясы кезінде несепте көп мөлшерде болуы керек.
Жануарларды клиникалық зерттеу, олардың ауру сипатына толық түсінік бере алмайды. Оны дәлірек анықтау үшін зертханалық анализ қосымшалары қажет. Несептің анализін малды зерттеген жағдайда өткізу қажет. Әрбір ауырған малдың несебін зерттеу тағайындалады, себебі клиникалық жағдайы, симптандары білінбегеннің өзінде де несепте патологиялық жағдайларға байланысты болуы мүмкін. Бірақ мұндай зерттеулер толық жүргізілуі қажет етілмейді, көптеген жағдайларда химиялық құрамына қарай қалыпты жағдайынан ауытқуына қарай арнаулы заттарды зерттейді, ал тұтасынан қанның формалық элементтерін, эпитиалды клеткаларын және цилиндрлерді іздейді.
Несепті қатаң түрде зерттеу ережелерімен жұмыс жүргізілмесе көптеген қателіктер болуы мүмкін, нәтижесінде емдеуші мал дәрігер қате қорытынды жасап, бүйрек ауруларын болжауы мүмкін, олар жоқ болса да. Зертханалық зерттеулердің дәлдігі көбіне несептің қай әдіспен алынғанына, қандай күйде және қашан алынғанымен, әкелгеніне байланысты. Соңғысы айқын түрде, қарама-қайшылық жағдайларда нашар қорытынды шығуы мүмкін (жарамсыз материалды зерттеу қажет емес). Несептің алыну уақытын ескеру қажет, мысалы, егер клиницист несепте уробилиннің бар болуын анықтағысы келсе, онда несеп жаңа алынған күйінде әкелінсе, одан қарапайым реакцияларымен уробилин табылмайды, себебі жаңа сынамада тек уробилиноген болады.
Зерттеу алдында реакцияны қоймас бұрын жаңа алынған несепке бірнеше тамшы «лиголь» ерітіндісін тамызып, бірнеше уақытқа дейін қояды. Мұнда қышқылдану реакциясы болып, уробиоген уробилинге айналады.
Жылдың мезгіліде несеп тез ашуға, қышқылдануға ыңғайлы, онда фермалық элементтер ериді және тұздардың тұнбалары өзгереді. Бүйректен немесе несеп жолдары зақымдаға жағдайда зерттеуден алынға мәліметтер ауруларды бөлуге көмектеседі. Несепті зерттеген кезде оның физикалық қасиеттерін, химиялық құрамын және тұнбасына микроскопиялық зертеу өткізеді.
Ереже бойынша зерттеуге алынған несепті зертханалық зерттеу құжатына тіркеу керек, онда зерттелу мақсаты диагноз жазылады.
Зат алмасу процесіндегі пайда болатын метаболиттердің. қалыптан тыс шоғырлануы организмді уландырып, торшалардың тіршілігін жояды. Сондықтан да ондай заттар жинақталмай уақытында организмнен шығарылып отырылуы қажет. Ондай бөлу ағзаларына бүйректер, тері бездері, өкпе және ішектер жатады. Солардың ішінде зәр шығару ағзаларының атқаратын қызметтері ерекше. Организмде зәрдің түзілуінде өзара тығыз байланыстағы 3 процесті байқауға болады:
1. Бүйректердің шумақтарындағы ультра сүзілу процесі;
2. Реабсорбция - қайта сорылу процесі;
3. Проксималды, диеталды бөліктердегі секреция. Бүйректер арқылы жүректің минуттық қанының көлемінің 1/4-1/5 мөлшері өтеді.
Зәрдің тәуліктік мөлшері: ірі қарада - 6-12 л, жылқыда - 3-6 л, шошқада - 2-4 л, түйеде - 8-15 л, қой мен ешкіде - 1,5-2 л, итте - 0,5-1 л (адамда - 0,8 л).
Зәрде қанға қарағанда мочевина 70, аммиак 40, фосфаттар 30, зәр қышқылы 25 есе көп.
Бүйректердің мальпиги шумақтарында су мен минерал тұздар сүзіледі. Ирелеңдеген өзекті жолдарда мочевина, зәр қышқылы, аммиак сияқты ерекше заттар секрет ретінде бөлініп шығады.
Зәрдің 96 —ы су, 4 —ы құрғақ заттар. Олар органикалық және органикалық емес заттардан тұрады. Органикалық заттарға жататындар: мочевина, зәр қышқылдары, аммиак, аденин, гуанин, ксантин, гипоксантик, пурин негіздері; креатинин, гиппур қышқылы, эфир күкірт қышқылы.
Органикалық емес заттар: хлорлы, күкірт және фосфор қышқылды тұздардан құралған.
Зәрдің сарғыш түсі урохром, уробилин, уроэтрин пигменттеріне байланысты болады. Алғашқы түзілген зәр 1-ші - провизорлы несеп, ал реабсобциядан кейінгі 2-ші - дефинитивті несеп деп аталады.
Зәр шығару ағзаларының негізгі атқаратын қызметтері:
осмостық қысымды реттейді;
организмде судың тепе-теңдігін сақтайды;
иондардың концентрациясын бірқалыпта ұстап тұруға - әсерін тигізеді;
зат алмасуының ақырғы метаболиттерін организмнен шығарады;
организмді улы заттардан тазалайды;
организмдегі тұрақтылықты - гомеостазды сақтайды. Зәр шығару ағзаларына - бүйректер, бүйрек түбекшесі, несеп жолы, қуық және несеп шығаратын түтікшелер жатады. Олардың ішіндегі ең негізгісі - бүйректер. Олар бездер мен түтікшелерге бай болып келеді. Олардың қызметін.ешқандай басқа ағзалар орындай алмайды. Егер иттің екі бүйректерінде алып тастаса, ол ит қатты уланудан 2-3 күннің ішінде өлетін көрінеді. Ал бір бүйрек жоқ болса, қалған екінші бүйрек оның қызметін толық қамтамасыз ете алады.
Қан бүйректерге аортадан бөлінген бүйректердің артериялары арқылы келеді. Бүйректерде қан айналуының өзіндік ерекшеліктері бар. Онда қан екі капилляр торларынан өтеді:
1. Мальпиги шумақтарындағы капиллярлар торы;
2. 1-ші және 2-ші қатардағы ирелеңдеген өзектердегі мен Генле тұйық тұзағының капиллярларының торы. Бүйректердің өздері екі қабаттан тұрады: сыртқы және ішкі. Сыртқы қабатында Боумен капсуласы мен нефрондар орналасқан. Әрбір бүйректе ұзындығы 0,5 см 2 млн-га дейін нефрондар болады.
Ішкі қабатында ирелеңдеген өзектер мен Генле (Шумлян) тұйық тұзағы орналасқан.
Боумен капсуласында 1-ші несеп, ал ирелеңдеген өзектерде бірінші провизорлық зәрден амин қышқылдары, глюкоза,су, минералды заттар қанға қайтадан сорылу арқылы 2-ші несеп түзіледі. Жалпы бүйректердегі түтікшелердің ұзындығы 70-100 км, бетінің көлемі - 5-8 шаршы метр.
Зәрдің түзілу процесі екі фазада жүреді: 1. Сүзілу фазасы. Мұнда капиллярлар мен капсуладағы қысымның айырмашылығының салдарынан нефрондарда бірінші - провизорлы несеп түзіледі. Оның қан плазмасынан айырмашылығы құрамында белок болмайды. Ал егерде белок болса, онда осы жоғарғы жағының қызметі бұзылды деп қарау керек. 2. Реабсорбция фазасы. Ирелеңдеген түтікшелерге түскен провизорлы несептің құрамындағы көптеген заттар қайта сорылады да, бірінші несептен екінші - дефинитивті несеп түзіледі.
90л провизорлы несептен 1л дефинитивті зәр түзілетін көрінеді. Ал 15л зәр бөлінуі үшін бүйректер арқылы 18000л қан өтуі керек екен. Жүректің әрбір жирылысында сол жақ қарыншадан шығатын қанның 15-30%-ы бүйректерге түсетін көрінеді. Бүйректердің қызметі симпатикалық және парасимпатикалық нерв жүйелері арқылы; альдесторон, вазопрессин, антидиуретин гормондарымен реттеліп отырады.
Сау малда, бүйректері дұрыс жұмыс істегенде несеп таза, мөлдір болады, ешқандай тұнба болмайды. Тек жылқылардың зәрінің құрамында көмірқышқыл кальций тұздары болатындықтан оның түсі аздап лайлау болып келеді. Ал ауру малдың зәрінің физикалық және, химиялық құрамдары әртүрлі сатыда өзгеріп отырады.
Жалпы статистика бойынша клиникалық белгілері арқылы анықтағанда, барлық ішкі жұқпалы емес аурулардың ішінде 7-15%-ына дейін зәр шығару ағзаларының ауруларына жататын көрінеді. Ал сойылған малдарды тексергенде бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары екендігі байқалады. Бұл мысал ауруды тексерудің кейбір қиыншылықтарына байланысты болады.
Әсіресе әртүрлі стресс-факторлардың әсерінен организмнің жалпы резистенттілік қабілеті төмендегенде, ондағы микроорганизмдердің вируленттілігі жоғарылап, улы заттардың бөлінуі үдей түседі. Міне осы улы заттар зат алмасу процесін бүлдіреді, бүйректерде қабыну процесін тудырады.
Зәр шығару ағзаларының ауруларын екі топқа жіктеуге болады:
1. Бүйректердің аурулары - нефриттер, нефроздар, пиелонефрит, нефросклероз;
2. Зәр шығару жолдарының аурулары - қуықтың қабынуы, тастың түзілуі, ірі қараның гематурия ауруы, қуықтың салдануы және түйілуі.
Зәр шығару жүйесінің ауруларында кездесетін ұқсас клиникалық белгілердің жиынтығын 6 синдромға біріктіруге болады:
1. Несеп - зәр шығару синдромы: бөлінетін зәрдің мөлшерінің өзгеруіне байланысты:
■ полиурия – зәрдің қалыптан көп бөлінуі (нефроклероз);
■ поллакиурия – зәрдің жиі-жиі бөлінуі (уроцистит);
■ олигурия – зәрдің қалыптан аз бөлінуі (нефрит);
■ анурия – зәрдің бөлінбеуі (нефрит);
■ ишурия - аздап бөлінуі, не бөлінбеуі (тас түзілу ауруы). Несептің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеруі:
■ протеинурия - несепте белок, нефрозда көбірек, ал нефритте аздау болады;
■ гематурия - несепте қан элементтері, жіті қабыну процесінде, таз түзіліп ауырғанда кездеседі. Қан бастапқы бөлігінде болса - несеп жолдарының аурулары, ақырғы бөлігінде болса - ауру қуықта, барлық бөліктерінде болса - ауру бүйректерде.
Зәр тұнбасындағы торшаларды анықтаудың ауруларды ажыратуда маңызы өте зор. Онда әртүрлі клеткаларды анықтауға болады:
■ бүйрек эпителийлері мен цилиндрлер - бүйректердің түтікшелері жарақаттанғанда;
■ жалпақ эпителийі - несеп жолдары жарақаттанғанда;
■ түйіршікті цилиндрлер - жіті ауруларда;
■ цилиндрлердің басқа түрлері - созылмалы ауруларда анықталады.
2. Ісіну синдромы - бүйрек ауруларының негізгі белгілерінің бірі. Нефрозда көбірек, ал нефритте аздау байқалады.
Зәр шығару ағзаларының қызметтерінің жеткіліксіздіктерінен пайда болатын ісіктердің жүректің қызметінің жеткіліксіздігінен болатын ісіктерден айырмашылығы:
■ жылдам және аяқ астынан пайда болады;
■ алғашқыда бас жақтан басталып, артынан барып төс, бауыр, ұма, аяқ жақтарға жайылады;
Жоғарғы жағының қызметі бұзылды деп қарау керек. 2. Реабсорбция фазасы. Ирелеңдеген түтікшелерге түскен провизорлы несептің құрамындағы көптеген заттар қайта сорылады да, бірінші несептен екінші - дефинитивті несеп түзіледі.
Қалай болғанда да ауру жоғарғы факторлардың эсерлерінен организмнің резистенттілік қабілетінің нашарлауынан басталады. жүйке жүйесінің және ішкі бездердің реттеушілік қызметтері бұзылады, бүйректердегі қан тамырлары зақымданады, зат алмасу процесі бұзылады. Тітіркендіру салдарынан рефлексті түрде, бас ми қабындағы қоздыру-тежеу процестерінің тепе-теңдік қабілеттілігі өзгеріп, оларда доминантты орталықтар пайда болады. Ми қабының астыңғы бөліктерінің қызметінің қалай болса солай үдеуінің салдарынан бүйрек шумақтарындағы қан тамырлары қысылып, олардағы зат алмасу процесі бұзылады. Егерде қан тамырлары көпке дейін қысылатын болса, кейде ағза салданып қалуы да мүмкін. Онда қан тамырларының өткізгіштік қабілетінің жоғарлауы салдарынан қабыну процесі үдей түседі.
Аурудың созылмалы түрінің дамуында гуморалды. факторлардың - әсіресе рениннің рөлі зор. Қан айналуы азайған бүйректерде ренин көп түзіледі де, қанның қысымын одан ары жоғарлатады. Хапиллярлардың қабырғасы арқылы тек альбуминдер ғана емес, қанның басқа элементтері де өтіп кетеді. Су мен хлоридтердің алмасуларының бұзылуы ісіктің пайда болуын туғызады. Су мен тұздың жинақталуына көп түзілген антидиуретин өз әсерін тигізеді.
Бүйрек шумақтарындағы (Шумлян-Боумен) қан тамырларының жарақаттануы олардың сүзу процестеріне қатысатын беттерінің көлемін азайтады. Несеп бөлу жолдарының өзектерінде глобулиндер, фибриногендер шоғырланады, зәрдің қышқылдығы жоғарылайды, цилиндроурия пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |