Ќазаќстан Республикасыныѕ Білім жјне Єылым министрлігі



бет5/7
Дата27.11.2022
өлшемі114 Kb.
#465875
1   2   3   4   5   6   7
stud.kz-71952

Ауруды емдеу жан-жақты жүргізілуге, аурудың негізгі себептерін жоюға бағытталады. Неғұрлым тезірек организмнен уды аластау керек. Ол үшін асқазан мен ішектерді тазалайды, антидот, сүт, жұмыртқа; суды аз, белокты азықты көбірек береді. Рационға бұршақты шөп, жем; шошқа мен иттерге мал тіндерінен жасалған азықтарды қосады. Антибиотиктер мен сульфаниламид препараттары негізгі ережелерді сақтай отырып қолданылады.
Гормон препараттарын (тиреоидин, АКТГ, преднизолон, норадреналин) қолданудың нәтижесі жақсы. Мәселен, тиреоидинді қолданғанда:
■ организмде зат алмасу процесі жақсарады;
■ тіндерден судың бөлінуі жақсарады;
■ зәр шығару процесін үдетеді;
■ организмде белоктың түзілуін жақсартады;
■ қандағы холестеринді азайтады.
Зәр шығаруды үдететін, ацидозға қарсы әсер ететін, жүректің қызметін жақсартатын дәрілерді қолданады. Зәр шығаруды үдету үшін калий ацетатын, теофилинді, темисалды қолданады. Азотемия болмағанда 10%-дьі меркузал ертіндісін венаға, не тері астына жібереді. Венаға 20-40%-ды глюкоза ерітіндісіне кофеин қосып жібереді. Анурияда қан ағызуға болады. Ас қорыту жүйесінің ауруларын емдейді.
Аурудан сақтандыру шаралары негізгі ауруларды емдеуге, организмді улы заттардың түсуінен қорғауға бағытталады.
Нефросклероз – Nephrosclerosis.
■ Бүйректердің артериолдары жарақаттанып, дәнекер тінмен өсіп, паренхимасының өлі еттенуінің салдарынан олардың несеп түзу және шығару процестерінің бұзылуымен сипатталатын ауру. Ірі қарада жиі кездеседі.
Себептері. Ауру асқынган нефриттёр мен нефроздыі соңғы стадиясы деп қарау керек. Көп жағдайларда дэрігерлер зэ] шыгару агзаларыньщ ауруларыи уақытында анықтамағанда; о; аурулар нефросклерозға айналғанда ғана біледі. Құрамынді қышқылы көп азық, көп мөлшерде жем, ұзақ уақыт улану кышыма, экзема, қотырлар аурудың себептеріне жатады.
Дамуы. Бүйрек шумақтарындағы, өзектеріндег эпителийлердің бүлінуі нефрондардьщ өлуін туғызады Бүйректердегі қан айналысының нашарлауы . онын парехимасындағы зат алмасуын бүзады. Осьншң салдарынан өлген дефрондардың орнына дәнекер тіндердің өсуі үдейді. Шумақтар мен өзектер қысылады, өлі еттенеді; олардағы сүзілу, реабсорбция процестері бүзылады, не тоқтайды. Бүлінбеген бөліктерде қан айналысы күшейе түседі де, жалпы қан айналысы бүзылады. Ренин, ангиотензин 2 көп түзіліп, қанға сіңеді. Ол барып қанньщ қысымын жоғарлатады, жүрек еттері қалындайды (гипертрофия). Екінші жағдайда ренин ферменттердің әсерімен қанның сары суындағы глобулинмен қосылып гипертензин түзеді. Олда жоғарыдағыдай әсер етеді. Бүл өзгерістер жүрек пен қан тамырларының қызметтерін нашарлатады, сүыктардың жиналуынан ісіктер пайда болады. Бүйректердегі бөлу процесі бүзылғандықтан организмде қышқылдар шоғырланып ацидоз дамиды. Осы өзгерістердің барлығы уремиялық синдромды тудырады.
Өлекседегі өзгерістер. Бүйректердің келемі кішірейген, тығыз, сырты бүдырланған. Капсуласы паренхимасына жабысып қалған. Бүйректерді кескенде оның әр жерінде сүрғылт-сары, ақшыл түсті дақтарды байқауға болады. КІейде сүйыққа толы қуыстар кездеседі. Гистологиялық тексерулерде бүйректердің сау жерлерімен қатар дәнекер тін өскен бөліктерін анық көруге болады. Өлі еттенген жерлерге әк түзы сіңіп қатаяды -петрификация.
Клиникалық белгілері. Ең негізгі белгісі - полиурия. Зәрдің бөлінуі калыпты жағдайдағыдан 2-3 еседей көбейеді. Бүйректердің консистенциясы қатты, сырты бүдырланған, ауырсынғандық байқалмайды. Ауру мал жәй қозғалады, жылдам шаршайды, тәбеті жоқ. Бірте-бірте арықтайды. Қайта-кайта су іше береді. Иттер қүсады, терісі қьгшиды. Кілегей абьіқтары бозарған, дененің томенгі жақтарыкда ортүрлі галемді ісіктер анықталады. Ас қорыту жүйесінің' ағзаларында қабыну процесінің белгілері байқалады. Жүрек пен қан гамырларының жеткіліксіздігінің белгілері: тамырдың соғысы жиі, артерияда қанның қысымы жоғары, жүректің көлемі ұлғайған, жүрек түрткісі күшейген, шашыраңқы; бірінші сазы ақырын, күңгірт; ал екінші сазы р.о. аортада қатты естіледі.
Бүйректердің қызметінің жеткіліксіздігі полиуриямен; несеп ■гағыздығының төмендеуімен; несепте белок, эпителий, лейкоциттер, бүршікті-гиалинді цилиндрлер және эритроциттердің болуымен сипатталады. Қанда азот қалдығы мен хлоридтер көбейеді.
Барысы. Ауру айлап, тіпті жылдап созылуы мүмкін. Асқынған ауыр түрі өлім-жітіммен аяқталады. Үзаққа созылған аурудан мал арықтап барып өлуі де мүмкін.
Ауруды анамнез, клиникалық белгілері арқылы анықтауға болады.
Саралау. Ауруды қантты және қантсыз диабеттерден ажырата білу керек. Бүл ауруларда полиуриямен сипатталады, бірақ несепте балок болмайды және бүйректердін жеткіліксіздігінің белгілері білінбейді.
Емі. Ауру малға жақсы жағдай жасап, аурудың белгілеріне қарсы дәрілер қолданады. Ас қорыту жүйесінің аурулары мен жүректі емдейді. Зәр шығаруды үдететін теофилин, темисал, меркузал дәрілерін қолданады. Венаға 20-40 %-ды глюкоза ертіндісін жібереді.
Сақтандыру. Нефрит пен нефрозды уақытында дүрыстап емдеу керек. Малдарды суықтықтан, уланудан сақтандыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет