2.2. Сынамаға несепті алу әдістері
Лабораториялық зертеу үшін ертеңгілік жиналған несептің алғашқы порциясын аламыз. Несепті алудың ең тиімді әдісі несеп шығару кезінде оны таза ыдысқа жинау, оны басқа ыдысқа аударып құйған кезде дұрыстап араластыру керек, себебі қажетті тұнба түзілуі керек. Несепке клиникалық талдау жасау үші әдетте бір рет 1 порция (200мл-дей) пайдаланылады. Ғылыми зерттеулер үшін несепті 6-12 сағат кейде бір тәулік бойы жинайды.
Ірі қара мен жылқыдан несепті сынама үшін табиғи несеп бөлу кезінде алады. Сиырларда несеп бөлуді рефлекторлық жолмен туғызады. Бұқаларда несеп шығарудың препуций саңылауына 60-40сек жылы суға малынған сақтаны тампон басу арқылы тездетуге болады. Жылқыларда несеп шығаруды әлсіз шуыл арқылы шақыруға болады. Мысалы, сулыны бір ыдыстан бір ыдысқа салу арқылы, құыққа массаж жасау көмегімен де алуға болады.
Қойлар мен ешкілерден несепті қуыққа әсер ету арқыды алады. Шошқалардың несепті табиғи жолмен шығару кезінде алады, мегежіндерден қуыққа катетэр енгізу арқылы алуға болады. Иттерден де табиғи несеп шығару кезінде алады. Кейде несепті құрсақ арқылы қуықтың екі жағынан басып шығартуға болады. Несептің тәуліктік мөлшерін алу үші әр малдың жынысына, түріне байлаысты несеп қабылдағыш ыдыстары болады. Несеп алынып болған соң, несеп құйылған ыдысты мұқият жауып, тезірек лабораторияға жібереді.
2.3. Несепті консервілеу
Несепті алғаннан кейін 1,5 сағаттан кешіктірмей зерттеу қажет. Кей жағдайда консервілеуге болады. Сынама несепті ұзақ мерзімде сақтау кезінде консервілеуші заттар қолданылады, кейде 40% формальдигид ерітіндісі қолданылады.
Жылдың ыстық кезінде несептің быршуын болдырмау үшін оған тимул немесе хлороформның судағы ерітіндісін қосады. (5-7мл хлороформды 1л суға езеді) және 30-20мл ерітідіні 1л несебінде хлороформды алдында қыздырады.
Бактериологиялық зерттеуге арналған сынамаларды консервілеуге болмайды. Несепті жазық қатпарлы сүзгіштер арқылы сүзеді. Сүзуді шашырамау үшін түтікшенің төменгі жағын ыдыстың қабырғасына қарай қисайтады. Несепте патогенді микроорганизмдер болатындықтан зерттеп болған соң, қолдарын жуып дезиньфекциялайды, ал қолданылға несепті қайнатып, сосы төгіп тастайды. Пайдаланылған ыжыстарды мұқият жуады.
Консервілеудің тиімді әдістерінің бірі болып саналатын, оны 40С температурада тоңазтқышта сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |