Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне ѓылым министрлігі


Сурет 2 - сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асырудың үлгісі



бет8/24
Дата01.04.2024
өлшемі0.87 Mb.
#497193
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
b226

Сурет 2 - сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асырудың үлгісі

Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің үлгісінің негізгі мақсаты - стандарт шегіндегі мектепте өтілетін материалдарға қосымша, терең мәлімет меңгерту. Алдымен, 1.1, 1.2 бөлімдердегі зерделенген сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің ғылыми негізі барлық іс-шараға тіректік рөл атқарады. Ғылыми негіздерден оқушы бойында сал-серілік 7 көрсеткішпен ішкі пайымдары қаланады. Осы ішкі белсенді пайымдардан сал-серілік дәстүрге жету сатылары жіктеліп, оның тек 18-19 ғасырда айқындалу процестерін аңғаруға мән беріледі. Нәтижесінде Біржан сал, Ақан сері және т.б. өнер иелерінің шығармаларын үш түрлі жіктеуге мүмкіндік туады. Табиғат, болмыс туралы өлеңдері онтологияға, қоғам және жеке адамдарға деген танымдарын байқауға қатысты өлеңдерін гносеологияға, сол кездегі рухани құндылықтар жайлы өлеңдерін аксиологияға жатқызуға бағдар жасалады.


Қорыта келгенде бұл үлгі сал-серілік дәстүрдің қоғамдағы алатын орнын айқындауға жол ашады.
Бұл үлгіге жат іс-әрекетті де атап өткен орынды. Өнері жоқ адам, немесе өнерге түсінбейтін адам қураған ағашпен тең. Ондай адамдар діндегі құдіретті бөліп қарап (христиан, мұсылман, лама және т.б.), экстремистік, террорлық жолға тез түседі. Жауыздыққа бой ұрады. Бойына кеселді (Абай Құнанбаев тілімен) мінездерден қор жиып, өзінен асқан адамға көре алмаушылық, зұлымдық көрсетеді. Әр нәрсеге күншілдікпен қарау, өштестік пен кекшілдік көрсету, өзімшілдік таныту, орынсыз тәкаппарлық жасау, өзі «егін екпеген жерден өнім алу» секілді көлеңкелі іс-әрекетке әуес болады. Бұндай оқыр сезімдер сал-серілікке ашық көрсетілгені алдыңғы тарауларда айтылып өтті.




Жердің асты



Сурет 3 - сал-серілік дәстүрге жау болған соқыр сезімнің көрсеткіші

Табиғатынан өнер мен ғылым қумаған, білімге енжар, марғау адамның өмірдегі бақытқа қолы жетуі қиынның қиыны. Зерттеу еңбегіміздің барысында данышпандардың ой-тұжырымдарынан шығарған түйініміз – соқыр сезімнің басымдығы. Өнер мен ғылымды білім мен тәрбие үрдісінде жеңе алмаған адам екендігі байқалды. Соқыр сезім иелеріндегі көсеткішті біздер №3 сурет арқылы ұсынып отырмыз. Ол қураған ағашпен тең. Соқыр сезімнің көрсеткіштері: шыдамсыздық, билеп тұрған құдіретті бөліп алушылық, иемденушілік, көреалмаушылық, күншілдік, өзімшілдік, өзіне-өзі риза болмаушылығы, өзі еңбек сіңірмеген жерден өнім алушылық. Бұндай адамдар - өнер иелерін құндап, оның қадірін білмейтіндер. Біржанның үйінде қамалуы, балаларының алдында шарасыз халі, Мәдидің түрмеге түсуі, сегіз серінің бүгінге дейін беймәлім болуы, Исаның қор болуы, Әміренің өнерін өркендете алмауы, Ақанның перінің қызымен көңіл қосуы деген лақапқа, өсекке ұрынуы және т.б.


Біздің ұсынып отырған «Сал-серілік дәстүр арқылы тәрбие беруді іске асырудың үлгісіне» ғылыми негіздеме ретінде Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің іліміндегі өнерлі адамның ізгілікті жан үлгісін ұсынуды жөн көрдік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет