1.3 Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асырудың үлгісі
Зерттеу еңбектерге қарағанда қазақ фольклоры ХХ ғасырдың бірінші ширегінде жеке ғылым болып қалыптасты деген тұжырым бар. Халық ауыз әдебиеті жанрларының әртүрлілігі мен оның сипаты және жүйесі жайлы аталған уақыт ауқымында айқындалғаны туралы да кеңестік дәуірде бірталай пайымдар жинақталды. Жалпы ауызша поэтикалы дәстүрдің түркі халқынан шыққан заңдылықтары мен оның тәрбиелік-білімилік тағылымдарының көрінісі әлі де болсын бірнеше зерттеу еңбектердің тетігі болатыны сөзсіз. Қазақ халқы фольклорының тегінен адамзат баласының ойлау қабілеті мен тәрбиесінің ізгілікті жолға қойылуына қатысы бар мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану бүгінгі талап-мүдденің ең басымдығы демекпіз. Қазақ фольклорының тұрмыстық типі мен жіктемесі айқындалған.
Қазақ халқының фольклорының тұрмыстық сипатына бақсылық, ақындар, сал, сері, жырау және т.б. түрлері жатады. Фольклордың бұл түрлерінің бәрі дерлік адамның ішкі жинақтай алған тәжірибесі мен тағылымдық нысандарына сүйеніп, халық арасында ұдайы өзгертулер мен түзетулер нәтижесінде іске асып отырғаны туралы бүгінгі тәуелсіз Қазақстан кеңістігінде белгілі болды.
Сана-сезімнің толығуы, кемеріне келіп кемелденуі өзінің ортасындағы түрлі-түрлі болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарға бағынып келетіні де соңғы кезде көбірек айтылып жүр.
«Бақсы», «Ақын», «Жырау», «Сал», «Сері» деген ұғымдардың шығу тегін зерттеген ғалымдарды атап өткен орынды.
Бұл бағытта еңбек сіңірген дана буын зерттеушілерді жекелеп, көрсетсек, олар: Ш.Уәлиханов, Г.Потанин, А.Алекторов, А.Васильев, М.Ж.Көпеев, А.Диваев, М.О.Әуезов, А.Марғұлан, Б.Кенжебаев, М.Ғабдуллин, С.Садырбаев, С.Мұқанов, С.Қасқабасов, К.А.Нұрғалиев, Н.Жүсіпов және т.б.
Халық ішіндегі фольклордың тұрмысқа қатысты түрлерінің жанрлары тек жоғарыда көрсетілгенмен шектелмейтіні белгілі. Бірақ, бұл тақырып тұтас біздің зерттеу еңбегіміздің ауқымына сыймайтындықтан, сері мен салдық құру дәстүрінің оқыту мен тәрбиелеу үрдісте қосқан үлес салмағын шығаруға септігін тигізер кезеңдерге тоқталуды жөн көрдік.
Е.Д.Тұрсынов өзінің еңбегінде: «Нет нужды доказывать, что разыскания в области древних этапов формирование фольклора должны стать необходимой предварительной ступенью в неследовании вопросов его исторической поэтики. Ведь для того, чтобы анализировать элементы художественной формы тех или иных фольклорных жанров в исторической ретроспективе, следует хотя бы приблизительно знать, в какую историческую эпоху или в какой период истории народа могли возникуть сами эти жанры и жанровые разновидности, дошедшие в живой традиции до наших дней. В противной случае трудно, думается, избежать опасности того, что построения в области реконструкции исторических форм фольклорной поэтики повиснут в воздухе не будучи приурочны к конкретным историческим эпохам».
Мұндай күрделі міндетті бүгінгі таңда түбірімен шеше қою өте қиын. Қазақ фольклорының ішіндегі «сал», «серілік» дәстүрге ежелден негіз болған ақындық өнердің өзі әртүрлі тарихи кезеңдерден өткені туралы айтып өттік. Ұсынылып отырған фольклор жанрының әртүрлі болып келуінің бір себебі оның халқымыздың дәстүрлеріне үндесіп келуі дер едік. Ақындық өнердің түп тамыры лирикалық және эпикалық жанрлардың пікірсайысындағы кереғар ой-тұжырым туғандығы анық.
Жыраулық өнер мектебі толғау мен терменің және эпикалық қаһарманның қатысымен үш бірліктің белгілі бір тәлімдік, тағылымдық құрал ретінде қолданылуы осы сал-серілікке апарар жол. Сол секілді Е.Тұрсыновтың зертеу еңбегінде сал, серіге былай негіздеме жасалады: «... у салов сэри – песни мирического и богамного содержания, цирковые и прочие развлекательние номера и т.д.».
«... Богемная тематика творчества салов и сэри и вытекающая отсюда система тропов, служащая для выражение этой тематики, оказываются в прямой зависимости от чрезвычайно интересной и необычной генетической истории этих типов носителей лирического фольклора» .
Жоғарыда Е.Тұрсыновтың сал және сері туралы айтып өткен тұжырымы бүгінгі талапқа сай келе бермейтіні, аталған рухани құндылыққа бүгінде баға беру оңай еместігі өз-өзінен түсінікті.
Жалпы қазақ халқының фольклорында сөз өнеріне 50 шақты әнмен сүйемелдеп айтатын жанрлардың бар екені айқындалған. Жекелеп қарастырсақ, тұрмыс-салт жырлары, соның ішінде, үйлену тойына қатысты өлеңдер: жар-жар, беташар, той бастар, сыңсу, қоштасу; баланың дүниеге келуіне орай: бата беру, ат қою, шілдехана айту; жақын адамның өмірден өтуіне қатысты: естірту, жырлау, көңіл айту; шамандық дінге қатысты шыққан өлеңдер: арбау, бақсы сарыны, және т.б.
Сол секілді ғалым Б.Абылқасымов Телқоңыр қазақтың салт-дәстүр фольклорының ортағасырлық туынды екеніне тоқталады. Сөйтіп ортағасырда бұл жанрлардың тууына шамандық тәрбиенің ерекше ықпалы бар деп көрсетеді.
Ал М.Құрманғалиев сал-серілердің салт-дәстүрге қатысты магиялық қызметіне айрықша мән беріп, сал-серілердің өнеріне баға береді. Өкінішке орай сал-серілерге қатысты аса жаңа тұжырым білдіре алмағаны байқалады.
Жоғарыда берілген бірталай зерттеу еңбектеріне талдаулардан ұғарымыз, «сал», «серілік» жайлы тұшымды ғылыми пайымдарды кездестіру қиын. Аталған ғалымдардың ішінде сал-серілерге анық тоқталмағанмен, жалпы қазақ халқының фольклорының туу кезеңін зерттеген Е.Тұрсыновтың мына бір пайымына ерекше мән береміз: «Предварительный анализ историко-археологического, сравнительно-этнографического и фольклорного материала показал, что к таковым относятся, в частности, типы шаманы - баксы, акыны, жырау, сыншы, сал и, с учетом генетическим связям с последним, сэри». Сөйтіп Е.Тұрсынов сал, серілік туралы анықтама бермесе де, оның пайда болуына мән бергені аңғарылады.
Бұл еңбектің біздің зерттеуімізге тағы да бір түрткі болар тұсы: «На наш взгляд при исследовании истории фольклора ретроспективно – семантическая квалификация фольклорные явлений невозможна без учета данных смешных наук – археологии, этнографии, истории, а порою и этнопсихологии и лингвистики, ибо в противном случае факты фольклора меняются исторической приуроченности и лакально – этической определенности». Бұл тұжырымға қосарымыз оның педагогика мәнін айқындау демекпіз. Сал, серілік өнер тек әдеби кеңістікпен шектелмейтіні барша жұртқа белгілі болуы керек.
Жоғарыда көрсетілген талдамадан шығарар қорытынды:
1. Сал-серіліктің педагогикалық маңызы, оның шығармашылығынан туындайтын мазмұндық құрамдары, тәлімдік сипатты білім беру іс-әрекеті арқылы жүзеге асырады.
2. Сал-серілік өнердің мұраты мен құрылым жүйесінің барлық ішкі бөлімдерінің мәнісін түсінбей, оның білімилік, тәрбиелілік маңызын ұғу мүмкін емес.
3. Сал-серілік өнердің фольклорлық сипатын зерттеген классикалық үлгідегі ғалым – зерттеушілердің еңбегін елемеу, негізгі мәселені айқындауға кедергі болмақ.
Міне, осындай белді мәселелердің шешімін табу үшін зерттелімнің маңызын айқындау сал-серілік өнер арқылы тәрбие берудің үлгісін құруға септігін тигізері сөзсіз. Бұл ойымызды анықтау үшін алдымен сал-серіліктің ғылым ретінде қалыптасуына кімдер көмек береді? – деген заңды сұрақ туады.
Жоғары айтылған ғалымдардың зерттеулерінде сал-серілікке жетер желі туралы тұғырлы ой-пікірлерін ескеріп, төмендегі түзілімге мән берген орынды:
1. Адамның алғашқы деңгейі онтологиялық сипаты болып табылады. Бұл деңгейде қазақ елінің сонау ежелгі дәуірдегі тұрмыстық жағдайға орай туған аталған ауызша-жазбаша шыққан еңбектерінің тууы дер едік. Әлемді тұтастай қабылдауы.
2. Бұл ежелгі дәуірден қалыптасқан сал-серілікке әкелер жол дей отырып, әр адамның қоршаған әлемге қатысты өзіндік танымның, гносеологиялық алғы басқыштары қаланады. Мұны танымның ең қарапайым түрі демекпіз.
3. Үшінші деңгейде қоршаған әлемді түйсіну арқылы адам әлем туралы сурет, тұрмыстық ерекшелігін, оның құндылығын бағалай алу сезімі пайда болады. Мұны біздер аксиологиялық деңгейдің алғашқы басқышы дейміз. Осыдан әр адам өзінің жеке мәдени ортасына рухани құндылықтарды қоғамның формациясына орай жинақтауға төселеді.
Сөйтіп, осы аталған үш түрлі деңгей сал-серілік өнер мектебінің қазақ даласында өркендеуіне үлкен әсер еткен әдіснамалық негіздер деп ой қорытуға мүмкіндігіміз бар.
Бұл ой-қорытындымызды дәлелдей түсерлік тағы да бір деректі Б.Абылқасымовтың еңбегінен байқаймыз.
Аталған еңбекте сал-серілікке қатысты тұжырым жасаудан гөрі, шамандық басымның тәжірибедегі көрінісі, соның ішінде, бәдік пен арбау секілді аталған өнердің ең алғашқы шығу тегінің көзі айқындалған.
Келесі бір зерттеуші М.Құрманғалиев өзінің еңбегінде «О ритуально-магических функциях салов и серэ» (1995 ж.). Сал-серілердің қызметі жайлы ғылыми пайымдар жасаған.
Сал-серілік өнердің шығу тегіне типологиялық тұжырым берсек, оның рет тәртібі былай болып келеді:
Шаман – бақсы.
Жырау – жыршы.
Сыншы – сал-сері.
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асырудың үлгісі ұсынылған тарихи – мәдени негізді жүзеге асыру этногенетикалық үдеріссіз мүмкін емес. Аталған рет – тәртіп тек айтуға ғана оңай, ой көзімен қарасақ, оның қолдану барысы ежелгі дәуірден қаланып, фольклор және ауыз әдебиетінің қалыптасу арнасына дейін жинақталған деуге болады. Зерттеу барысында тағы бір ескеретін мәселе сал-серілік өнерден тәрбие беруді іске асырудың үлгісін құру үшін фольклор, ауыз әдебиеті, этнография этнопсихология, этнопедагогика сияқты ғылым салаларының интегралдық топтамасы тұрғысында қарастыру көзделеді.
Сөйтіп, бұл мәселе кезеңдерінің біріншісін біздер тұрмыс-салт дей отырып, оның шамандық сипаты ежелгі дәуір екенін атап өтеміз.
Ал екінші кезеңі – идеалистік ұғымның кемелденген шағы. Бұл айтыс өнерінің қарқынды дамуымен оқшауланады.
Үшінші кезеңі – ақындар легінің қалыптасуы шамандық пен тұрмысқа қатысты ақындық ежелгі дәуірде пайда болса, бұл үшінші кезеңде жырау, сал-серілердің өнерлері келеді.
Үшінші кезеңге тоқталсақ, бұрынғы адамдар арасындағы қалыптасқан одаққа, қауымға, идеологияға қарсылық көрсетерлік артистер, ақындар шыға бастайды. Алдымен серіліктен бұрын салдар пайда болады. Салдар - әдеттегі адамдардан ерекше киініп, басқаша тамақ ішеді, жалпы қоғамдағы қалыптасқан дәстүрге өздерін бағындырмайтын тұлғалар. Тарихи деректерге қарағанда Біржаннан басқа да салдар туралы мәліметтер бар. Соның бірі сырдариялық Ешнияз Жөнелдікұлы (1834 - 1902). Сол секілді атақты Біржан Қожағұлұлының (1834 - 1897) да бір көрінісін байқаған адам:
«Біржан салдың киімі басқа адамдардан мүлдем бөлек көрінуі» деген. Кей тұста жұрттан ерекшелену мақсатында салдар қыздардың да киімін киген. Бұдан шығарар қорытындымыз салдар тек сырт бейнесімен оқшау көріну арқылы өзіне қалың жұрттың назарына түсіп, ішкі рухани парасат – пайымдарымен елді өмір сүруге құлшындыру бағдарында қызмет еткеніне тоқталған жөн.
Өткен жүз жылдықта өмір сүрген Байтен сал ашық түсті сисадан киім киіп, алты аршыннан белбеу буынған. Байтен салдың замандасы Құтпанбай сал құндыздан тон киген, мехты сыртына қаратып кимеген қазаққа бұл ерсі болып көрінген. Бірақ жұрттың ойламайтын ойын ойлап, оған өздігінше пайымдама жасап отырған. Елге аты шыққан сал Жаяу-Мұса қан қызыл матадан костюм киген. Сал-серілерге ел арасындағы аға буын ақсақалдар, сұлтан – билерден артық құрмет көрсетіліп отырған.
Салдар өздеріне тиесілі тұрақты өмір іздемейді. Олар ауыл-ауылды аралаған тұста хабар алған жұрт салдарға арнап үй-жай даярлап қою да қазақ халқының өнер иелерін ерекше құрмет тұтуы деп есептейміз. Салдар ел арасында тек жеке, жалғыз жүруді әдетке айналдырған. Мұнымен бірге салдардың қоржындарында мех, асыл заттар, бағалы маталар болса, оны сол елдің қыз-келіншектері қалап алуларына мүмкіндіктері болған. Салдардың өлеңдерінде көбінесе жастар арасындағы махаббат тақырыбы басымдықта. 1967 жылы топтамамен кірген Біржан салдың 65 өлеңінің 59-ы - махаббат тақырыбы.
Мұндай пайымдаманы:
«...Мен өзім Жетісуға барып қайттым,
Манабын жақсылардың көріп қайттым.
Қыздары Жетісудың сұлу екен,
Жиғаным-тергенімді беріп қайттым», - деген Біржан салдың өз өлеңімен бекітуге болады.
Салдар үшін отбасы қамын жасау, таптаурын болған еңбектің құлы болу жат іс-әрекет. Олар өмірдегі тұрмыстық жайдың басқаша болуын көксеп, күйкі тіршіліктің татымсыздығын түйсініп, таным деңгейін ел аралау арқылы халқына қызмет етуді өздерінің міндетіне айналдырған. Салдар тіпті киіз үйге өз аяқтарымен кіруді жөн көрмей, оларды қыздар топтасып, көтеріп киіз үйге кіргізіп отырған.
Ә.Диваевтың зерттеу еңбектерінде салдардың бетін биенің саумал сүтімен жуатыны туралы айтылған. Бұдан ұғарымыз сал-серілік өнер арқылы тәрбие берудің үлгісін осындай ерекшеліктерді ескермей жасауға болмайтыны байқалады. Аталған салдардың іс-әрекеті халықтың көңілін өсіріп, күнделікті күйкі тіршілікке сән беріп, оған шектері қатып күліп, көңіл көтеру құралына жат емес, әуезді - әртістік қойылымдар да орын алған. Олардың өнерлерінің басымдығы – ақындық. Біржан – сал, Шашубай Қошқарбайұлы және т.б. бәрі дерлік импровизатор – ақындар. Мұнымен бірге олардың бәрінің дауыс иірімі (биіктігі) өте күшті және әуезді болған. Біржан салдың даусы ауыл арасында 10-15 шақырым аралығына жеткені деректеме арқылы белгілі. Біржан Қожағұлұлының дауысының құдыретінен сиыр сауып отырған әйел өзінің не істеп отырғанын ұмытып кеткен. Мұнымен бірге ол өлең айтқанда терезенің әйнегі дірілдеп, ілулі заттар толқып, жезден жасалған құмандардың өзі қозғалғаны байқалған. Ғалым Е.Ысмаиловтың зерттеу еңбектерінде де осы ой-қорытындыға толықтырулар айтылады. Зерттеуші салдардың поэтикалық суырып салма өнерімен бірге оның музыкалы – драмалық искусствосы қатар өріліп, қойылым мен жонглерлік, пантомимдік қабілеттері жаңа заманның тұлғаларынан кем еместігіне мән беріледі. Біржан Қожағұлұлы өлең айтқан тұста оның мойны кеңейіп, бас терісі шар тәрізді өсіп, басындағы төбетейі біресе оң жаққа, біресе сол жаққа билеп тұрғаны да зерттеушілердің еңбегінде аталып өтеді.
Ағаш аяқтың атақты өзінің атымен аталатын әні қоянды жәрмеңкесінде орындалған. Каламбур, әзіл – оспақ жанры осы салдың өнермен тығыз байланысты. Ал Шашубай сал өзінің ұтқыр қасиетін көрермендерге демонстрациялап, қоян сияқты дастархан үстіндегі ыдыс-аяқты қақпай өтіп кеткен.
Сал-серілік – болашақ артистердің өмірге келуіне бір қозғаушы күш.
Ал артистік қауымның өмірге келуі сал-серілік өнердің трансформациясы.
Сал-серілік өнер өмірді пендешілікпен өткізбеген, керсінше, ынталы рухани өркендеуімізге рухы биік өнерлілердің өмір сүру образы ерекше дер едік. Сал және сері туралы ұғымдарда алғашқы тарауға тоқталып өткенбіз. Екеуін ажыратарлық баға бергенбіз. Дегенмен, сал-серілік өнер арқылы тәрбие беруді іске асырудың үлгісін жасауда бұл мәселені ширата түсу орынды.
Салдық өнерден серінің айырмашылығы ауызекі тілде, халық арасында синоним ретінде қолдана берген. Тіпті оған сал-серілер де аса мән бермегені төмендегі мысалдар арқылы байқау қиын емес:
Жақсының жейтін асы жая мен жал шығады нақ қырандай осындай сал. Дәмнен үлкен дүниеде ешнәрсе жоқ, Қожеке кекіреймей ерніңді мал!
Біржанға кедей қызының айтқаны. Осы қызға Біржан Қожағұлұлының жауабы:
«...Жетеді тоқсан жасқа ердің ері,
Амандық ақындықпен Біржан сері.
Қарындас айтқан сөзің өтіп кетті,
Көжеңді басып-басып әкел бері!
Ақан Қорамсаұлы:
Серінің ел сүйетін қылығы бар,
Сөзіңді қор қылатын саған неге?
Домбыра насыбаймен ер сипаты,
Салдарға жараспасын бұлар неге?..»
Бұл мысалдардың бәрі сал мен серінің сипаты екендігіне ғылыми негіз бола алмайды. Себебі ауызекі қарым-қатынаста ол атаулар алмасып айтыла беруі мүмкін.
Сал мен серінің айырмашылығына айрықша тоқталып өту үлгі жасауға дәйекті негіз болмақ.
Біріншіден, серінің тәртібі салдан гөрі басқаша. Салдар секілді серілер айғайлап тұрған түспен киім кимеген. Серілерге ұстамдылық, табандылық, сыпайылық, тәкаппарлық, мырзалық, талғампаздық, поэтикалық суырып салма өнеріндегі шеберлік, басқалармен қарым-қатынасқа түсудегі сезімталдық секілді қасиеттер тән. Олардың жүріс-тұрыстарында ерекше эстетикалық сипат және киімдері өте қымбат матадан тігіліп, айрықша нәзіктік талғаммен киінген.
Екіншіден, серілердің репертуарлары салдардай сан-салалы болып келмейді.
Серілер көбінесе адамның ойына түрткі болатын лирикалық өлеңдер шығарып отырған.
«Барысы» деген ұғым міндетті түрде қарастырып отырған мәселенің тарихи жолын айқындап отыруға бағдарлайды.
Сал-серілік өнер арқылы тәрбие беруді іске асырудың үлгісін құру үшін «оқу», «оқыту», «білім беру» ұғымдарына ғылыми анықтама жасау көзделеді.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қолы жеткен күннен бастап, ел тарихына, тіліне, мәдениетіне зердемен қарау әрбір зерттеушінің міндетіне айналып отыр. Бүгінгі білімдену кеңістігін үзіліссіз мәнде деп қарастырып, оның екі түрлі кеңістігінің бір-бірімен тығыз байланыста екенін ескеріп келеміз. Біріншісі – Жалпы білім беретін және жаңа типті мектептер. Екіншісі – Жоғары оқу орындары. Қоғам өзгерісіне орай ЖОО-ндағы болашақ мамандық иелерін кәсіби құзіреттілікте даярлау. Оларды инновациялық пайымда оқыту ісі бірте-бірте өркендеуде. Десек те, бұл мәселенің шешілмей тұрған көкейкесті тұстары да жоқ емес. Әсіресе, таптауырын болған, дәстүрлі оқыту мен заман талабына сай жаңа бетбұрыстағы оқыту үрдісінің ара жігі айқындалмай жүргені ащы да болса шындық. «Оқыту» ұғымын теориялық-тәжірибелік тұрғыда қолданғанда біздің өмір сүру уақытымызға дейінгі айтылған дәйектемелерге ден қоюымыз орынды. «Оқытудың» көрсеткіші – сананың өрлеу қарқыны.
Осындай жүйені түйсіне отырып, данышпандар өздерінің еңбектерінде адам әлемінің өзіне тән жеке ерекшеліктерін айқындау барысында «тән», «жан», «рух» секілді ұғымдарға анықтама беріп отырған. Санаға қатысты сапаларды біртұтастық мәнде қарастырсақ, алдымен таным, түйсік, іс-әрекет шығады. Сана көрсеткішінің үштіктен тұрғанымен, адами қалыпта олар тұтасып, «Мен» деген бірлікке айналады. Олай болса, кез-келген «мен» деген ұғымның үштіктегі көрінісі болмаса, ол Абай Құнанбайұлының тілімен мақтанның кіші категориясына тән ұғым болып есептеледі. Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде мақтанның екі түрін айқындап береді. 1) Кіші мақтан 2) Үлкен мақтан. Кіші мақтанда А.Құнанбаев өз мақтаны, үй мақтаны, түз мақтаны бар дейді. Осының ішіндегі зияны жоқ тек өзіне өз мақтаны болады. Міне, «мен» деген аталған сапада қолданылмай, интеллектілі бағамда пайдаланылса алдында айтып өткен жер, су, оттан рухани нәрді жанына дауа етеді. Сал, серілер - қазақ халқының басқа ұлттарда кездесе бермейтін ерекше тұлғалары. Олай дейтініміз Ж.Аймауытов іліміндегі соқыр сезімдердің бірде-бір құрамы кездеспейтін аталған өнер адамдарының халыққа, қоғамға, кейінгі ұрпаққа өнеге-үлгісі, рухани мұрасы айырықша. Себебі соқыр сезімдер -заттық құндылықтарды меншіктеушілік, көреалмаушылық, өзімшілдік, менмендік, таңсыққойшылық және т.б. секілді мінез-құлықтың нышандары. Ал бұл іс-әрекетке қайшы келетін ізгілікті мінез сапалық көрсеткіштерді саңылау сезім топтамасымен алады. Оған саңылау сезім ғарышпен байланысқа түсетін қалыпты дамытады дей отырып Ж.Аймауытов төмендегі жіктемені ұсынған:
- талаптылық, ынталылық, зейінділік.
Күндегі өмірден мысал алып қарасақ, қандай нәрсеге адамның құлшынып, ынталы болатындығы белгілі. Ынтаны тарататын нәрсе өз басымызға не пайдасы, не зияны тиетін нәрсе болады, әйтпесе, ондай нәрсемен қатынасы бар нәрсе болады. Сондықтан, қызығы жоқ нәрсе, біздің тағдырымызбен байлана бастаса-ақ, қызықты көріне бастайды. Балаға әсем безендірілген кітап, қарындаш, не ұялы телефонды ұстай тұруға беріп байқаңыз; алысымен-ақ, бала ол нәрсеге екінші көзбен қарайды; енді ол нәрсе туралы өзгеше қам жейді.
Қорыта келгенде, сал-серілік өнерінің педагогикалық сипаты алдымен олардың өзіндік тұлғалық болмысындағы басқаларға ұқсамайтын өнерлерінің қоршаған ортаға пайда әкелуі болып табылады. Бүгінгі ғылыми пайыммен бағалап қарасақ, алдымен сал-серілер – ауыл, ел-жұртқа ақпарат, мәлімет тоғынын жеткізуші өкілдер. Ақпарат, мәлімет белгілі бір адамдардың саяси-әлеуметтік жағдайларына қарай бақылаудан өтіп, оған «жақсы» не «жаман» деген баға беріледі. Көбінесе, сал-серілік өнеріне ел-жұрт ризашылықпен қараған. Сөйтіп, бүгінгі күні де өзекті болып отырған сал-серілер мен ел-жұрт арасындағы өзара байланыс орнығып, өзіндік бағалау межелері қалыптасады.
Сал-серілік өнеріндегі педагогикалық пайымды, тұжырымды оқу дегеніміз – олардың өлең өрнегіндегі ауылға, ел-жұртқа деген көзқарастары, іс-әрекеттері. Сал-серілік өнердегі әрбір өнер иесінің жетістігі алдымен оның өзіндік берген іштей бағасымен өлшенеді. Ол баға кейде өлең өрнегінің ішінде байқалып тұрса, кейбір мәтіндерде ол белгісіз болады. Бірақ ішкі баға өнер иесінің көкейінде тұрады. Мұнымен бірге әрбір тұлғаның мәдени өресінің әлеуметтік маңызы байқалып, неғұрлым көргені көп болса, түйгені терең болса, соғұрлым нысаны қарымды орында тұрмақ.
Сал-серілік өнердің педагогикалық пайымындағы ең құнды тұсы – қоршаған ортадағы үдерістер мен құбылыстарға өлеңмен берген адами тәжірибесі.
Оқыту нысанының бір құрамы оқу десек, оқу іс-әрекетінің негізгі мақсаты – оқудағы танымдық қызмет. Нәтижесінде сал-серілік өнердің педагогикалық пайымын танымдық сипатта жіктеуге мүмкіндік туады.
«Оқыту» үрдісінде сал-серілер өздерінің еңбектерін арнаулы біліктілік, дүниетанымдық тәсілдердің аясында шығарады. Сал-серілер өздерінің шығармашылығымен педагогтың рөлін атқарып келген. Тыңдармандар мен сал-серілер арасындағы өзара түсіністік оқушы мен ұстаз арасындағы байланыс секілді жүзеге асады. Бұндай түйін жасауға бірталай ғалымдардың іс-әрекеттік жүйенің иесі болатын «оқыту» туралы ой-пікірлерін ескеріп өткен орынды.
Обучение – упорядоченное взаимодействие педагога с учащимися, направленное на достижение поставленной цели.
Обучение – это общение, в процессе которого происходит управляемое познание, усвоения общественно-исторического опыта, воспроизведение, овладении той или другой конкретной деятельностью, лежащей в основе формирование личности.
Біздің тоқталып отырған «оқыту» ұғымы тарихи кеңістікке қатысты сал-серілік өнердегі педагогикаға байланысты талданылды. Бірақ, жалаң өткен өмірдегі оқыту үрдісіне тоқталу жұмысымыздың бүгінгіге қажеттілігін қанағаттандырмас еді. Сондықтан, сал-серілік өнердің педагогикалық пайымына қатысты қолданылған «оқыту» іс-әрекеті бүгінгі «оқыту» ұғымымен сабақтастықта келіп отырғанына жоғарыдағы дәйектемелер көз жеткізеді.
Қорыта келгенде, сал-серілік өнердегі педагогикалық пайымды оқыту - жұртшылық пен сал-серілердің өзара қарым-қатынасының тәртібі, олардың ішкі әлеуетті интеллекциясының танымын басқарудың, тарихи-қоғамдық тәжірибенің ең құндысын меңгерудің, нақтылы әрекетті іске асырудың тұлғалық дәрежеге ынталанудың жолы.
Сал-серілік өнердегі педагогикалық пайымды оқыту болашақта ұлттық келбетті сақтау және оның уақыт пен кеңістікке үндес дамып отыру үдерісін тарихи сананың негізінде іске асыру деп түсінеміз. Тамыры жоқ болашақ ұлттық сипатты жойып, дүбәралық күйге ұшыратады дегенді Н.Ә.Назарбаевтың философиялық түйінінен байқаймыз.
«Білім беру» ұғымы «оқыту» ұғымымен синоним. «Білім беру» ұғымы сыныптан тыс уақыт аралығында арнаулы курс өткізу арқылы іске асады. Бұл жалпы мемлекеттік стандарт талаптарын толық жүзеге асыру тұрғысында нәтижелі болмақ. Олай болса, «оқыту» ол әр ұстаздың өзіндік деңгейіне бағынышты болса, «білім беру» белгілі стандарт ауқымына ұстаздың іс-әрекетін, қызметін бағындыру болып табылады.
Жоғарыдағыларды ескере отырып, бұл үлгіні құрудың құрамдық бөліктері төмендегі түзілімнен тұрады:
1. Сал-серілік өнердің білімилік – тәрбиелілік мүмкіндігін оқушылардың меңгеруіне бейімдеп беруі, тарихи сабақтастық қағиданы жүзеге асыру;
2. Сал-серілік өнердің бүгінгі қоғамға ауысуы, бірақ сапалық өзгерістерге ұшырап отыруы;
3. Сал-серілік өнердің адам тану және дүниетану іліміне жетектеуі;
4. Сал-серілік өнердің ғарыштан рухани қуат алуының өршілдік қасиетті орнықтыруға ықпалы;
5. Сал-серілік өнердің бір нәрсеге байланысып, оған табынудан сақтандыруы;
6. Сал-серілік өнердің эстетикалық талғампаздық пен ізгілікке бағдарлайтын қуатының болуы.
Біріншіден, сал-серілік дәстүр арқылы білім беруді іске асыру мақсатынан туындаған бұл 6 құрам – ежелгі дәуірден сұрыпталып келіп бүгінгімен сабақтасқан дәстүрлер, салт-ғұрыптар, әдет пен әдептердің сақталуына қозғаушы күш, рухани нәр.
Екіншіден, халық санасында сақталған озықтық дәстүрлердің, салт-ғұрыптардың қайта жаңғыруына бұл 6 құрам басымдық береді.
Үшіншіден, сал-серілік дәстүр арқылы тәрбие беруді іске асыру әрбір оқушының рухын көтерер қуат көздерін арттырады. Өмірсүйгіштік қабілетті дамытады.
Сал-серілік өнер халықтың өмірге деген бұрынғы қалыптасып қалған көзқарасын өзгертуге, өзінің мүмкіндігіне бір сәт болсын жоғары серпінмен қарауына түрткі жасап келген. Өнер кеңістігін тудырған сал-серілердің елге, ауылға келуі айрықша қуаныш әкеліп отырған. Ауыл адамдары олар келеді дегеннен бастап, етек-жеңін жинап, ықшамдалып, сәнді көрінуге ынталанған.
Нәтижесінде «сал-серілік дәстүр мектебі» деген ұғым әр оқушының ұлттық сипатын айқындап, басқа ұлттармен, ұлыстармен араласып, қарым – қатынасқа түскенде олардың да өзіндік ерекшелігін ескеруге, оларға құрметпен қарауға, әрбір дәстүрі мен салтына, ғұрпына, жол-жаралғысына ізгілікті тұрғыда құрметпен қарауға төселеді. Бұл орайда «өз-өзіңді сыйласаң, жат жанынан түңілер» деген халық даналығы ойымызды түйіндеп беруге көмегін тигізеді. (Қараңыз: сурет - 2)
Достарыңызбен бөлісу: |