Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне ѓылым министрлігі



бет4/24
Дата01.04.2024
өлшемі0.87 Mb.
#497193
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
b226

Сыныптан тыс жұмысқа:
1. Мәди Бапиұлы – арқаның арысы. Мәди өте жас кезінен бастап көкпар тартудан, ақсүйек ойнаудан, аң аулаудан, айтыстан, палуандықтан, жіп есуден теңдесі болмаған. Арғы түбі Қаз дауысты Қазбек биден тараған атақты Алшынбайдан туған Бапиұлы. Мәди Бапиұлы – алдыңғы этномәдени дәстүрді жалғастырушы өкіл. Нақтылап айтсақ, Қаз дауысты Қазбек, Төле би, Сырым шешен, Бертіс би толғамдарын, шешендік сөз маржандарын, Біржан сал мен Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Абай әндерін, Тәттімбеттің иірімі терең күйлерін жадына сіңіріп, ұлт рухы жүрегіне дарыған тұлға. Сондай-ақ, ол - кейінгі толқын ұрпаққа «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Еңлік - Кебек», «Қалқаман - Мамыр» тәрізді қисса-дастандарды ауызша нақышына келтіріп айтқан жыршы.
Мәди Бапиұлының әншілік-композиторлық, импровизаторлық өнері Қоянды жәрмеңкесінде көкке өрлеп, Сарыарқа аспанын тербетіп, қалқыта, шарықтата шырқайды. Сарыарқаның сұңқарын, сайраған тотысын Атбасар түрмесіне ауыстырады. Аяғын кісендеп, қолын шынжырлап Мәдиді Атбасарға жаяу айдап апарады. Мәдидің өксік зары ішкі күйікке айналған атақты «Қаракесек» әні бүгінде де халық арасында кең айтылды.
Мәдидің «Қаракесек», «Үшқара», «Мәди» секілді тағдырынан мәлімет берер өлеңдері бүгінге дейін жиі айтылып, дәстүр жалғастығын тауып келеді.
Сегіз серінің тобында Сейітжан сал, Құшан сері, Нияз сері, Шәрке сал, Дайрабай күйші, Қобылан әнші, Шынияз әнші, Аббас батыр, Сәду батыр, Өске ақын, Орынбай ақын, Көрпе ақын, Біржан сал сынды дүлдүлдер болған.
Сегіз серінің шын аты – Мұхаммед-Қанафия Баһрамұлы Шақшақов қазақ халқында айрықша туған дарын. Орыс, араб, парсы, түркі тілдерін жетік білген. Өзі ақын, өзі әнші, батыр, саятшы, мерген, зергер, өрімші.
Сегіз сері 1830 жылы Омбының тілмаштар дайындайтын Азия мектебіне түсіп, 1936 жылы поручик шеніндегі мәртебеге ие болды. Сегіз сері әнші Біржан салдың ұстазы. Сегіз сері Нияз серімен Кіші жүз еліне Еділ-Жайық бойына өтеді. Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліске куәгер болады.
Жоғарыда айтылғандардан шығатын тәрбие жұмысының негізгі міндеттері төмендегі бағытта көрсетілген:
- Эстетикалық талғамды дамыта алуды ұлттық этномәдениет, салт- дәстүрін айқындайтын парасаты мен ұлттық санасын тәрбиелейтін нысандарды қазақ тілінде танып-білу, өз халқының өнер (сал-серілік) тарихына құрметпен қарауды жүзеге асыру;
- Эстетикалық тәрбие беру және тәрбиелеу тұжырымдамасына негізделген ізгілікті-адамгершілік білім мен тәрбиені дарыту;
- Эстетикалық білім мен тәрбиені ұштастыру, жоғары әлеуетті сананы дамыту;
- Өнер арқылы жан-жақты тәрбие алуына мүмкіндіктер жасау.
Жоғары аталған міндеттерді жүзеге асыру эстетикасының талғамын дамыту үрдісінде шешуші орын алады.
Сыныптан тыс ұйымдастырылатын іс-әрекеттер оқушылардың белсенділігін арттырып, олардың рухани дамуына, шығармашылық ынта-ықыласының жетілуіне, жалпы мәдениетке бағдарлануына, қазіргі кезеңнің жалпы нарық экономикасы жағдайында бәсекелестік қабілеттілікке бейімделуінің субъект ретінде мүмкіндіктері жасалған.
Нәтижесінде адамды «орнындаушы» құрал есебінде ұстаудан арылып, адамды – эстетикалық талғамы дамыған мәдениетті адам дәрежесіне көтеру маңызды құндылық деп санаймыз.
Тұжырымдаманың алғашқы сатысы – ойлау әрекетін дамытарлық қозғаушы күші. Олай болса, ұстаз оқушылардың қабылдану әдістерін алты деңгейде қарастырып, ойлау, іс-әрекеттердің негізгі құрылымын мынадай жүйеде сақтауды көздейді.
Бірінші, ішкі ойлау әрекеті жоқ, тек жұрттың құбылыс-пішін әрекеттерін қайталаушылық. Оқушы өзінің ішкі ойын қажетке жаратпайды, жұрт не істесе соны істейді.
Екінші, ішкі ойлау әрекеті сезімді алға қою арқылы жүзеге асады. Бұл оқушылар – әміршіл-әкімшіл өктем педагогиканың құрбандары, ө­здерінің ішкі «мен» деген құқысын айта алмайтын, жұрттың пікірін өз мүмкіндігімен іштей салыстара алмайтын оқушылар. Бұларда тек құлдық психология. Кез-келген ортадан төмен деңгейдегі мұғалімдердің басқаруына: «Сіздікі дұрыс емес» деп, қарсылық білдіре алмайтындар. Болашақта мұндай адамдар басқару ісіне араласса, халықтың соры болатындар. Себебі, бұлар білімсіздіктен, дұрыс пен бұрысты, оң мен терісті, ізгілік пен надандықты, асыл мен жасықты ажырата алмай, халықтың сан ғасырлар бойы жиған-тергендерін, құндылықты, рухани байлықтарын өз жұмыстарына субстанция (тірек) қыла алмайтын пақырлар.
Үшінші, ішкі ойлау әрекеті - өздерінің ақыл-ойларына сүйенетіндер: бірақ, бұлардың ақыл-ойлары, парықтық биікке, тереңдік, кеңдік дәрежеге көтеріле алмағанадықтан, өз мақсаттарына дөп жете алмайды. Мұндай оқушылар тек бір істің бір қырын ғана нысанада ұстайды, барлығын тұтастықта ұстай алмайды.
Төртінші, ішкі ойлау әрекеті – ішкі қабілеттілікті ішкі қажеттілігімен үндестіре өз ыңғайына сәйкестендіріп, үздіксіз өсіп, дамуға бағыттайтындар.
Бұл оқушылар теориядан гөрі өз тәжірибешілігіне сүйенеді, өз ыңғайларына басымдық береді. Оқушылардың мұндай түрлері ескі қалыптасқан белгілі бір тұжырымды жаңа өмірге радикалды (түбірлі) түрде өзгерте алмайды, бірақ оның бұрынғы үйреншікті әдіс-тәсілдерін, білімін тек жетілдіру дәрежесінде қалады. Бір сөзбен айтқанда, тәжірибеден басқа сүйенері жоқтар.
Бесінші, ішкі ойлау әрекеті – рухани жан азығы мен тән азығын қатарынан үздіксіз өнімді нәтижеге жеткізуге, оны дамытуға, Абай тілімен айтқанда:
«Жан тәнге үй болғанда «Жан тәнге» жетекшілік жасауға ұмтылатындар». Бұл оқушыларға табиғи (атавизм), перцептив (қабылдау әдістері), апперсепсе (түйістіргіш) әдістері микрокосмостан қаланғандар, өздері өнерлі, бойларында дарындары барлар. Бұларға ұстаздардың жеке жұмыс беріп, олардың ойлау әрекетін өз қабілет, қажеттіліктеріне сай жұмыспен (интенсив) бағыттап отырулары көзделеді.
Алтыншы, ішкі ойлау әрекеті – әрбір оқушының дарындылық санасының жоғары нәтижеге көтерілу қағидаларының меңгерту мәресі.
Бұл қағидалар әр оқушының өзіндік меншіктеуі болғанымен, классикалық философияға сүйенгендікті танытулары қажет. Мұның бәрінің жүйесін, құрылымын, заңдылығын, тұжырым-түйінін, мүдде-мақсатын айқын түйіндеу әрекеті арқылы жүзеге асады.
Жоғарыда берілген ішкі ойлау әрекетінің өлшемдері мынадай ішкі субъектілерден тұрады:
- әр оқушының сал-серілік өнер бойынша мұраттарын (идея) шығару әдісі;
- әрбір тақырыпты оқушылар тұтастықта түйсіну амалы;
- әрбір курстың ұсақ тақырыпшаларын оқушылардың жіктеу, қорғау амалы;
- оқу арқылы ішкі рухани ой-түйіндеріне екшеп отыру амалы;
- оқушының әрбір курсты меңгеру үрдісінде берілу амалы.
Осының бәрін дұрыс шешу мақсатында әр оқушы алдымен фактыны жинайды, оны өзінің пікірімен байланыстыруы нәтижесінде ауызша, жазбаша коммуникатив жүйелерінің біліктілігік деңгейіне жетіп, танымын толықтырып отырады.
Ол үшін коммуникатив (қатыс) жүйесі төменгі матрицамен межеленеді:

І. Субъект:


- тотемдік (ырым)
- нұр (ізгі)
-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет