7 такырып: Қаржылық қиыншылықтарды болжау
Мақсаты: кәсіпорын банкроттығының экономикалық белгілерін қарастыру, сонымен қатар оның пайда болу мүмкіншілігінің негізгі жолдарын анықтау.
Жоспар:
7.1 Кәсiпорынның банкроттығы туралы жалпы мәлiметтер
7.2 Банкроттықты бағалау және болжау
7.1 Кәсiпорынның банкроттығы туралы жалпы мәлiметтер
Экономикалық әдебиеттерде банкроттық термині кең қолданылады, бiрақ дұрысын айтсақ, бұл фактіні тек қана сот шешімдері белгілейді. Сондықтан кәсіпорындардың қаржылық қиыншылықтары оны банкроттыққа әкелуі мүмкін. Ажыратылынады:
1) экономикалық бейшаралық, сатудан және сатудан тыс түскен табыстардың ортақ шығындарды жаппайтынында. Жаңа капиталдың құйылуы және маңызды экономикалық өзгерiстер әрі қарай қызмет етуіне мүмкіндік бере алады;
2) төлемқабілетсіздік, ағымды төлемдер бойынша несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру үшін ақша қаражаттың жетіспеуі. Жаңа капиталды тармағы немесе төлемдерді кейiнге қалдырылуы серiктестiктiң өмiр сүруіне мүмкiндiк бере алады;
3) банкрот алды төлемқабілетсіздік, ол барлық кредиторлық борыштың баланстық бағасының активтердің нарықтық бағасынан (баланстық емес) артуы.
4) банкроттық, төрелiк сотпен танылады. Синонимі дәрменсіздік болып табылады.
Заңда банкроттық (дәрменсіздік) деп қарыз алушының несие берушілер талабын қанағаттандыруға (кәсiпорын немесе азаматтар) қабілтсіздігі ұғылады: 1) қаржы міндеттемелері бойынша (тауарлар, жұмыстар, қызметтердiң төлеуiне), 2) бюджетке және бюджеттен тыс қорларға (салықтар, жиындар, жарналар тағы басқалар) ақшалай мiндеттемелер бойынша төлемдер. Несие беруші, осылайша, басқа кәсiпорын да, мемлекет те (салық органдары) бола алады. Бұл әсiресе көкейкестi, өйткенi көп кәсiпорындар мұндай ақшалай ағындардың өту схемасы және өзара қарыздарын үлестiрiлулерi негізінде, кәсiпорын жұмыс iстеуін жалғастырып, өнім өткізуін (соның iшiнде экспортқа) жалғастрады, бiрақ салық салынатын базасы нөлге ұмтылады немесе салықтар төлемі үшiн қаржылары болмайды.
Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы заңы» 1997 жылдың 21 қаңтарынан бастап (19.03.2010 жылдағы күйi бойынша ҚР-ның заңымен енгiзiлген қосымшаларымен және өзгерістерімен) банкроттықтың келесі белгілерін айқындайды:
1. маңызды белгiлерге Қарыз алушының кредиторлар талабын қанағаттандыра алмауы, сонымен қоса қарызгердің міндеттемелері оның мүлкінің құнынан алып кетуімен байланысты бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төлемдерді қамтамасыз ету.
2.Сыртқы белгiлерге оның ағымдағы төлемдердiң, оларды орындау мерзiмдерiнiң басталу күнiнен үш ай iшiнде тоқтатуы жатады; қарызгер оларды қамтамасыз ете алмауымен ьайланысты төлемдердiң тоқтатуы.
Қаржылай дәулетсiз корпорация ойдағыдай жұмыс iстейтiн корпорациялар үшiн маңызды қаржы-қаражаттық тәуекелдiктердi әкеледі - әрiптестерiне өз қызметiнiң процесстерінде оларға елеулi экономикалық зиян келтiруі мүмкін.
Қаржылай дәулетсiз корпорация мемлекеттiк бюджеттiң және бюджеттен тыс қорлардың табыс бөлiгiнiң құрастырылуын күрделендіредi.
Берiлген тауарлық және ақшалай формадағы несие қорларын тиімді пайдаланбай, қаржылай дәулетсiз корпорация кәсiпкерлiк саласында қолданылатын капиталға ортақ пайда нормасының төмендеуіне ықпал етедi
Мұндай корпорациялар, өз шаруашылық жұмысының көлемдерiн қаржы қиындықтарына байланысты амалсыздан қысқартып, ол арқылы жұмыс орындарының санын қысқартып, онымен елдегі әлеуметтік қиын жағдайд күшейтеді.
Кәсiпорын банкроттылығының белгiлерiн анықтау үшiн формула қолданылады, ол осы тақырыптың келесi сұрағында қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |