Қазақстан республикасының білім


№ 1-ші лабораториялық жұмыс Аналитикалық реакцияларды орындау техникасы



бет4/20
Дата19.04.2023
өлшемі374 Kb.
#472379
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Аналитикалық хим.лаб

№ 1-ші лабораториялық жұмыс

Аналитикалық реакцияларды орындау техникасы




Жұмыстың мақсаты: сапалық талдауда аналитикалық реакцияларды орындау техникасын игеру
Жұмыстың міндеттері: құрғақ тұздарды ысқылау, жалынның боялу реакцияларын, тұнбалардың түзілу, катиондардың микроскопиялық реакцияларын жүргізу барысындағы құбылыстарды анықтау және алынған нәтижелер бойынша қорытынды жасау.


Жұмыстың барысы:
Құрғақ тұздарды ысқылау. Фарфор табақшаға СоSО4 және NН4SСN-нің бірнеше кристалдарын салып шыны немесе фарфор таяқшамен ысқылайды. Ысқылаудың нәтижесінде (NН4)2[Со(SСN)4]–нің тұзының түске боялуын бақылайды. Осы тәжірибені ҒеСІ3-нің және NН4SСN–нің арасында қайталайды. Реакциялардың теңдеулерін және олардың түзілген өнімдерінің түсін жазады.
Жалынның боялуына сынама. Платинадан немесе нихромдық сымнан жасалған ілмекті концентрлік НСІ-на батырады және газ (немесе спирттік) шамның түссіз жалынында сары түстің жоғалғанынша күйдіреді. Соңынан қызып тұрған ілмекті SrCl2-нің немесе Sr(NO3)2-нің ұнтағына батырады және жалында ұстайды. Жалынның түсінің өзгеруін бақылайды. Осы тәжірибені КСІ-нің немесе КNО3-нің ұнтағымен қайталайды.
Натрийдің хлоридінің қоспасы болғандағы стронцийдің немесе калийдің тұздарының жалынның түсінің өзгеруін бақылайды. Ол үшін ілмекті калийдің хлоридінің және натрийдің хлоридінің немесе стронцийдің хлориднің және натрийдің хлоридінің қоспасына батырады және жалында ұстайды. Жалынның түсін тікелей және көк шыны (немесе ішінде индигоның ерітіндісі бар жалпақ ыдыс) арқылы бақылайды.
Балқыма-шынылардың түзілуі. Платинадан немесе нихром сымнан әзірленген ілмекке аздаған Na2B4O7 және Cr(H3CCOO)3 салып, ілмекті шамның жалынында балқыма шыны тәрізді масса пайда болғанша қыздырады. Түзілген Cr(BO2)3 –нің түсін бақылайды. Осы тәжірибені кобальттың, мыстың тұздарымен жүргізеді. Реакциялардың теңдеулерін жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет