Қазақстан республикасының білім



бет5/20
Дата19.04.2023
өлшемі374 Kb.
#472379
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Аналитикалық хим.лаб

Тұнбалық реакциялар. Тұнбалық реакцияларды әдетте сынауықтарда орындайды. Ол үшін тамшылатқыштың көмегімен сынауықтардың қабырғасына тигізбей заттардың ерітінділерінен тамызады. Қажет болған жағдайда қоспаны шыны таяқшаның көмегімен араластырады. Сынауыққа стронцийдің хлоридінің ерітіндісінен 5-7 тамшы және осыншама мыстың сульфатының ерітіндісінен қосады. Алдымен сынауықта лайлану және соңынан тұнбаның түзілуі байқалады. Талдау жүргізіліп жатқан осы сынауықты және тепе-теңдікті сақтау үшін осынша көлемі бар келесі сынауықты центрифуганың ұяшығына орналастырады. Центрифуганы 2-3 минутқа қосады. Центрифуга тоқтаған соң сынауықты алып, тұнбаның бетіндегі ерітіндіні төгеді. Тұнбаға дистилденген суды қосып, қайта центрифугалап тазалайды. Тұнбаны шаюды центрифугаттың түсі түссізденгенше жүргізеді де, SrSO4-ның тұнбасының түсін белгілейді. Реакцияның теңдеуін жазады.
Түсті тамшылы реакция. А) Қағазда. Капиллярға CuSO4-ның ерітіндісін тартып оны тегіс сүзгіш қағаздың бетіне тигізеді. Соңынан осы тәсілді қолданып келесі реагентті оның үстіне тигізеді. Нәтижесінде түзілген [Cu(NH3)4]SO4-тың түсін белгілейді. Реакцияның теңдеуін жазады.
Б) Табақшада. Фарфор табақшаның ойық ұсына NaNO3–нің және дифениламиннің ерітіндісінен 1 тамшыдан қосып нәтижені байқайды.
Микрокристаллоскопиялық реакция. Таза құрғақ зат шынысына пипетканың көмегімен КСІ–нің және NaНС4Н4О6–ның ерітінділерінен 1 тамшыдан құйып, соңынан оларды қосады. Нәтижені – КНС4Н4О6-ның кристалдарының пішінін микроскоптың көмегімен жабын шынысыз байқайды. Кристалдардың суретін салады және реакцияның теңдеуін жазады.


Бақылау сұрақтары:
1.Аналитикалық реакцияларға мысал келтіріңіздер.
2.Құрғақ заттарды ысқылау арқылы анализді қалай орындайды ?
3.Қандай элементтердің катиондары жалынның түсін бояуға қабілетті ?
4.Тамшылы реакцияларды қалай орындайды ?
5.Микрокриcталлоскопиялық реакцияларға қандай реакциялар жатады ?

2-ші лабораториялық жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет