Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі


-тарау. БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУ ПРОЦЕСІ



бет9/18
Дата20.07.2016
өлшемі326.4 Kb.
#211566
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

16-тарау. БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУ ПРОЦЕСІ
      84-бап. Бюджеттің атқарылу негізі болып табылатын құжаттар
      Мыналар:
      1) осы Кодекс;
      2) республикалық бюджет туралы заң және жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі;
      3) республикалық қаржы жоспары туралы жарлық және жергілікті атқарушы органның кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы қаулысы;
      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық бюджет туралы заңды немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулылары;
      5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық немесе жергілікті бюджеттерді атқару барысында қабылдайтын шешімі;
      6) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары;
      6-1) бюджеттік бағдарламалар;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      7) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 02.07.2014 № 225-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
      7) нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдер;
      8) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары;
      9) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары;
      10) мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарлары;
      11) осы Кодекске сәйкес бюджеттің атқарылу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер бюджеттің атқарылу негізі болып табылады.
      Ескерту. 84-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2013 № 150-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      85-бап. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық
               жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша
               қаржыландырудың жиынтық жоспары
      1. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасауды, бекітуді және жүргізуді бюджетті атқару жөніндегі тиісті орталық және жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.
      2. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің оларға арналған бюджет қаражатының жылдық көлемі шегінде ақшалай түрдегі міндеттемелердің ай сайынғы көлемін айқындайтын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің өздері қабылдайтын міндеттемелері бойынша қаржыландыру жоспарлары негізінде жасалады.
      3. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бюджет түсімдерінің және төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың теңгерімделген ай сайынғы жоспарын айқындайтын құжат болып табылады.
      Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары теңгерімделген болуға тиіс, ол жыл басынан бергі өспелі жиынымен айлар бойынша түсімдерден шығыстардың асып кетуіне жол бермеуді білдіреді.
      4. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бюджет түсімдері сыныптамасының санаттары, сыныптары және кіші сыныптары мен ерекшеліктері бойынша жасалатын, бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарынан және функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының бюджеттік бағдарламалары бойынша жасалатын төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарынан тұрады.
      Бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бюджетке төленетін төлемдер түсімдерінің мерзімін, бюджетке өткен жылдары түскен төлемдер түсімдерінің қарқынын, мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылық қарқынын талдауды және бағалы қағаздар нарығындағы сұраныс пен ұсыныстар деңгейін, кредиттік шарттардың, қарыз шарттарының, байланысты гранттар туралы келісімдердің талаптарын негізге ала отырып, бюджет түсімдері сыныптамасының топтама кодтарының толық көлемі бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жасайды.
      Төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары оларға арналған бюджет қаражатының жылдық көлемі шегінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің қабылдаған міндеттемелерді орындау есебіне төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті жеке бюджеті қаражатының ай сайынғы көлемін айқындайтын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары негізінде жасалады.
      Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының жылдық сомалары бюджеттің бекітілген (нақтыланған) түсімдері мен шығыстарының сомаларына сәйкес болуға тиіс.
      5. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамасы жөніндегі мемлекеттік мекемелер әзірлейді және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын бекіту және әзірлеу үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне беріледі.
      6. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарлары бойынша шығыстардың жинақталған сомасы міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес болуға тиіс.
      7. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасы бойынша әзірлейді және бюджеттік бағдарламалар деңгейінде бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға береді.
      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі операциялық жоспарды уақтылы іске асыру мақсатында айлар бойынша жоспарлы тағайындауларды бөлуді қамтамасыз етеді.
      8. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарлары жоспарлы кезеңнің бірінші жылына арналып әзірленеді және бекітіледі.
      9. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері мен бюджеттік бағдарламалардың кіші бағдарламаларына қатысты және бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың жылдық және ай сайынғы көлемдерін өзгертпейтін міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістерді дербес енгізеді. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне қажетті бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың ай сайынғы көлемдерінің өзгерістері бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.
      Бюджеттiң атқарылуы барысында бюджет қаражатының үнемделуi пайда болған жағдайда:
      Республикалық бюджет комиссиясында белгіленген тәртіппен міндетті түрде қарай отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражатты бір бюджеттік бағдарлама шегінде республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қайта бөлуге құқылы;
      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті бюджет комиссиясында белгіленген тәртіппен міндетті түрде қарай отырып, жергілікті атқарушы органдар қаражатты бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде және бір облыс шегінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен келісу бойынша, жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қайта бөлуге құқылы.
      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мемлекеттік мекемелердің өтінімдері бойынша мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізуді жүзеге асырады.
      9-1. Бюджеттің атқарылуы барысында республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражатты ағымдағы қаржы жылына арналып бекітілген (нақтыланған) республикалық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама ішінде, облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың он пайызынан аспайтын көлемде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қайта бөлуге құқылы.
      Бюджеттің атқарылуы барысында облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражатты ағымдағы қаржы жылына арналып бекітілген (нақтыланған) облыстық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама ішінде ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың он пайызынан аспайтын көлемде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында тиісті аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен және тиісті жергілікті өкілді органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қайта бөлуге құқылы.
      9-2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы қаражатты тікелей және түпкілікті нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштерін сақтау шартымен, ағымдағы қаржы жылына арналып бекітілген (нақтыланған) жергілікті бюджетте көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында нысаналы даму трансферттерi бойынша бір бюджеттік бағдарлама ішінде ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаға шығыстардың он пайызынан аспайтын көлемде жоғары тұрған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және тиісті жергілікті өкілді органның келісуі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қайта бөлуге құқылы.
      10. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын жасау және жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      Ескерту. 85-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.11.23 N 55-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
17-тарау. БЮДЖЕТТІҢ КАССАЛЫҚ АТҚАРЫЛУЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ШОТТАР
      86-бап. Бірыңғай қазынашылық шот
      1. Бірыңғай қазынашылық шот аударым операцияларын орталықтандырып жүзеге асыру және олардың есебін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ұлттық валютамен ашылады.
      Бірыңғай қазынашылық шот бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген тәртіппен ашылады.
      2. Бірыңғай қазынашылық шот қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы ақша қалдықтарын қамтиды.
      87-бап. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның шетел
               валютасындағы шоттары
      Операцияларды шетел валютасымен жүзеге асыру және оларды есепке алуды жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген тәртіппен шетел валюталарының түрлері бойынша шоттар ашады.
      88-бап. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары
      1. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары мыналарға:
      1) республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді есепке алуға және республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстарын жүргізуге;
      2) мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатуынан түсетін ақшаны есепке алуға және олардың есебінен (ақылы қызметтер шоты) шығыстарды жүргізуге;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін түсімдерді есепке алуға және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотына аударуға;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемелерге арналған демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін ақшаны есепке алуға және жұмсауға (демеушілік, қайырымдылық көмек шоты);
      5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемеге жеке және (немесе) заңды тұлғалар олардың қайтарымдылығы не белгілі бір талаптар басталған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға (ақшаны уақытша орналастыру шоты) аудару шартымен беретін ақшаны есепке алуға;
      6) бюджет ақшасын есепке алуға және оларды ерекше шығыстарды (нысаналы қаржыландыру шоты) жүргізуге пайдалануға;
      7) қаржы ұйымдарының жарғылық капиталдарын ұлғайту жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төмен мөлшерде қалыптастыру кезінде республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға көзделген ақшаны есепке жатқызумен және оны инвестициялық жобаларды іске асыруға пайдаланумен не мемлекеттік тапсырманы орындаумен (бұдан әрі – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоты) байланысты;
      8) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерді есепке жатқызумен және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағыттаған шығыстарды жүргізумен (жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоты) байланысты;
      9) Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттарға немесе байланысты гранттар туралы шарттарға сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан (бұдан әрі – сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау шоты) ұлттық валютаға қайта айырбасталатын үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар ақшаларын есепке жазуға және жұмсауға байланысты операцияларды есепке алуға арналады.
      2. Тиісті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуінен түсетін ақшаның түсімдері және жүргізілген төлемдер мен аударымдар бойынша операциялар бірыңғай бюджеттік сыныптамаға және мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес ескеріледі.
      Демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, нысаналы қаржыландырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және шетел валютасындағы шоттар бойынша түсімдер мен жүргізілген төлемдер бойынша операциялар мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес ескеріледі.
      Ақшаны бір мемлекеттік мекеменің кодынан басқа мемлекеттік мекеменің кодына аударуға жол берілмейді.
      3. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ашады.
      4. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      Ескерту. 88-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi); 02.07.2013 № 112-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      89-бап. Мемлекеттік мекемелердің шоттары
      1. Мемлекеттік мекемелердің мынадай шоттары болуы мүмкін:
      1) мемлекеттік мекеменің шетел валютасымен операциялар жүргізуі үшін оған валюталардың түрлері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ашатын шетел валютасындағы шот;
      2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы немесе байланысты гранттар бойынша халықаралық шартта айтылған, екінші деңгейдегі банкте немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда шетел валютасында ашылатын, үкіметтік сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың аванстық төлемдері арқылы жаңартылатын сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты;
      3) ұлттық (шетелдік) валютада төлемдерді жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банкте немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылатын сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына арналған шот;
      4) үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен берілген кредит бойынша негізгі борышты өтеу шотына қарыз алушылар қайтаратын ақшаны есепке алу және пайдалану үшін бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде екінші деңгейдегі банкте ашылатын бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылатын шоты.
      2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Екінші деңгейдегі банктерде немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 89-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2013 № 150-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
18-тарау. БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ
      90-бап. Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы
      1. Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің толық және уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуі болып табылады.
      2. Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы:
      1) түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазуды;
      2) түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлуді;
      3) бюджеттен артық (қате) төленген түсімдер сомасын қайтаруды не оларды берешекті өтеу есебіне есепке жатқызуды қамтиды.
      91-бап. Түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазу
      1. Бюджетке түсетін түсімдер ақшалай нысанда жүзеге асырылады және бюджетке түсетін түсімдердің сыныптамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен толық көлемде бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазылады.
      2. Сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына және сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына арналған шоттарға түсетін түсімдерді қоспағанда, бюджетке шетел валютасында түсетін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шоттарына шетел валютасында есепке жазған түсімдер қайта айырбасталуға және бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазылуға тиіс.
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шоттарынан шетел валютасын қайта айырбастау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Ескерту. 91-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2013 № 150-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      92-бап. Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер
               және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
               арасында бөлу
      1. Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әрбір жұмыс күні осы Кодекске сәйкес жүзеге асырады.
      2. Түсімдерді бөлу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін, бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты арасында бөлу кестесі, облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленетін кірістерді облыстық бюджет пен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасында бөлу нормативтері, сондай-ақ мұнай секторы ұйымдарының тізбесі негізінде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 92-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.23 N 55-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      93-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік
               берілген трансфертті тарту
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген тәртіппен:
      1) республикалық бюджетке түсетін түсімдер бойынша болжам және республикалық бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы бюджет қаражатының қалдықтары негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген оның көлемі шеңберінде кепілдік берілген трансферттің қажетті сомасын айқындайды;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансфертті аудару туралы тиісті өтінімді жібереді.
      94-бап. Түсімдердің артық (қате) төленген сомасын
                бюджеттен қайтару не оларды берешекті өтеу
                шотын есепке жатқызу
      1. Бірыңғай бюджет сыныптамасының бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының кодтары бойынша түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруды және (немесе) есепке жатқызуды салық органдарының төлем тапсырмалары негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Салық органдары әкімшілік ететін, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды қоспағанда, бюджетке түсетін салықтық емес түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға арналған төлем тапсырмасы оларды алуға жауапты уәкілетті органдардың қорытындысы негізінде жасалады.
      Салық органдары әкімшілік ететін, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды қоспағанда, бюджетке түсетін салықтық емес түсімдерді алуға жауапты уәкілетті орган артық (қате) төленген сомаларды бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға қорытынды жасайды және оны салық органына ұсынады.
      Осы қорытындылардың анықтығын және олардың ұсынылу негізділігін уәкілетті органдардың басшылары қамтамасыз етеді.
      2. Бюджетке түсетін түсімдерді алуға жауапты уәкілетті орган өзі әкімшілік жасайтын түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз етеді және олардың түсуіне, түсімдердің артық (қате) төленген сомасын қайтаруға немесе олардың бюджетке берешектерді өтеу шотына есепке жатқызылуына мониторингті жүзеге асырады.
      3. Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына жауапты және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан, трансферттерден, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларынан, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, қарыздардан түсетін түсімдердің бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органы айқындайды.
      4. Төлем тапсырмалары Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша ұсынылады.
      Қорытындылар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша ұсынылады.
      5. Түсімдердің артық (қате) төленген сомасын бюджеттен қайтару және (немесе) есепке жатқызу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 94-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
      95-бап. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы
      1. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің өздеріне арналған бюджет қаражатын осы Кодекстің талаптарына, тиісті нормативтік құқықтық актілердің ережелеріне сәйкес және мемлекеттік органдар қызметінің алдын ала белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізуі мақсатында өздерінің пайдалануы болып табылады.
      2. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы мемлекеттік мекемелердің шарт нысанында жасалған тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге және басқа да міндеттемелерге сәйкес төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыруы нәтижесінде бірыңғай қазынашылық шоттан қаражатты есептен шығаруды қамтиды.
      3. Бюджетті атқару кезінде мемлекеттік мекемелер бюджет қаражатын бірыңғай бюджеттік сыныптамаға, жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге, оларға сай бюджет қаражаты бөлінген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес пайдалануға міндетті.
      96-бап. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері
      1. Мемлекеттік мекемелер азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасумен және оларсыз шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша міндеттемелер қабылдайды.
      Мемлекеттік мекеме міндеттемелер қабылдаудың заңдылығын, азаматтық-құқықтық мәмілелерде көрсетілген ақпарат пен деректемелердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.
      Мемлекеттік мекеме Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін осы Кодекстің 153-бабының 7-тармағына сәйкес құжаттама мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылғанға дейін осы Кодекстің 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша міндеттемелер қабылдамайды.
      2. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік сатып алу мәні болып табылатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатып алуға азаматтық-құқықтық мәміле жасасуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын қолданбастан, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатып алуға азаматтық-құқықтық мәміле жасасуы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді және оларды сақтамағаны үшін жауапты болады.
      4. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленгеннен аспайтын мерзімге жасасады.
      Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарт немесе байланысты грант туралы келісім шеңберіндегі мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттың немесе байланысты грант туралы келісімнің қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге жасасады.
      5. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде олар міндетті түрде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
      Азаматтық-құқықтық мәмілелер тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында бекітілген сомалар және жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші қаржы жылдарының базалық шығыстары шегінде олардың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде:
      1) іске асырылу мерзімі бір жылдан асатын бюджеттік даму бағдарламаларына;
      2) технологиялық дайындау мерзімінің ұзақтығы оларды келесі (кейінгі) қаржы жылы (қаржы жылдары) беруді негіздейтін активтерді және басқа да тауарларды сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға;
      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда бір қаржы жылынан астам мерзіммен қызметтер көрсетуге;
      4) аяқталу мерзімі келесі (кейінгі) қаржы жылы (қаржы жылдары) басталатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын қолданбастан жүзеге асырылатын қызметтер көрсетуге;
      5) Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражаты есебінен бір қаржы жылынан астам іске асырылу мерзімінде іс-шаралар өткізуге байланысты тіркелуге жатады.
      Бюджеттің базалық шығыстары өзгерген кезде аталған азаматтық-құқықтық мәмілелер қайта тіркелуге жатады.
      Ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын дайындау құны шарт құнына енгізілген объектілерден басқа, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы міндетті түрде болған кезде жүргізіледі.
      Осы Кодекстің 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін осы Кодекстің 153-бабының 7-тармағына сәйкес құжаттама мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылғаннан кейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік мекеме Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін осы Кодекстің 154-бабының 2-тармағына сәйкес құжаттама мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылғанға дейін, осы Кодекстің 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін төлеу бойынша міндеттемелер қабылдамайды.
      6. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін шетел валютасында тіркеу үшін шарт сомасы шетел валютасында келтіріледі, тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тіркеу күнгі нарықтық валюта айырбастау бағамы бойынша жүргізіледі.
      7. Шартты тіркеу туралы хабарлама азаматтық-құқықтық мәміленің тіркелгенін растайтын құжат болып табылады.
      8. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның резервiнен бюджет ақшасын бөлу, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде бұрын тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге қосымша келісімдерді тіркеу жағдайларын қоспағанда, азаматтық-құқықтық мәмiлелердi ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кейiн тiркеуге жол берiлмейдi.
      9. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуді жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Ескерту. 96-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.02.18 N 408-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.24 N 495-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
      97-бап. Төлемдерді және ақша аударымдарын ұлттық

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет