Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі


-бөлім. БЮДЖЕТ ДЕҢГЕЙЛЕРІ АРАСЫНДА ТҮСІМДЕР МЕН ШЫҒЫСТАРДЫ БӨЛУ



бет5/18
Дата20.07.2016
өлшемі326.4 Kb.
#211566
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

2-бөлім. БЮДЖЕТ ДЕҢГЕЙЛЕРІ АРАСЫНДА ТҮСІМДЕР МЕН ШЫҒЫСТАРДЫ БӨЛУ
8-тарау. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ, ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТЕР, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА, АСТАНА, АУДАН (ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА)
БЮДЖЕТТЕРІ АРАСЫНДА БЮДЖЕТКЕ ТҮСЕТІН ТҮСІМДЕРДІ БӨЛУ
      49-бап. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер
      1. Мыналар:
      1) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы;
      2) қосылған құн салығы, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға акциздер;
      4) шикі мұнайға, газ конденсатына акциздер;
      5) ойын бизнесі салығы;
      6) мұнай секторы ұйымдарынан түсімдерді қоспағанда, үстеме пайда салығы;
      7) тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемақы;
      8) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, бонустар;
      9) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіруден алынатын салық;
      10) мұнай секторы ұйымдарынан түсімдерді қоспағанда, экспортқа рента салығы;
      11) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының жасалған келісімшарттар бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі;
      12) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі;
      13) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алым;
      14) телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат берілгені үшін алым;
      15) бұқаралық ақпарат құралының мемлекеттік тіркелгені (есепке қойылғаны) үшін алым;
      16) дәрілік заттардың мемлекеттік тіркелгені, сондай-ақ олардың қайта тіркелгені үшін алым;
      17) шығармаларға және сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтардың, шығармаларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттардың мемлекеттік тіркелгені, сондай-ақ олардың қайта тіркелгені үшін алым;
      18) алып тасталды - ҚР 02.07.2014 N 225-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      19) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының, сондай-ақ ұялы байланыстың берілгені үшін төлемақы;
      20) радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы;
      21) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы;
      22) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы;
      23) кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
      24) сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырғаны үшін төлемақыны қоспағанда, сыртқы (көрнекi) жарнаманы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырғаны үшiн төлемақы;
      25) әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждары;
      26) кеден бақылауын және кеден операцияларын жүзеге асырудан түсетін түсімдер;
      27) отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралары ретінде алынатын баждар;
      28) консулдық алым;
      29) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін мемлекеттік баж;
      30) жеке басын куәландыратын құжаттар берілгені үшін мемлекеттік баж;
      31) жүргізуші куәліктерінің берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж;
      32) механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж;
      33) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж;
      34) нотариаттық іс-әрекеттер жасалғаны үшін алынатын мемлекеттік баж;
      35) зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж;
      36) мемлекеттік мекемелерді сотқа берген талап қою арыздарынан алынатын мемлекеттік баж;
      37) халықаралық техникалық байқау сертификатының берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж;
      37-1) жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін алынатын мемлекеттік баж;
      38) ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін алым;
      39) азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алым республикалық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер болып табылады.
      2. Мыналар:
      1) республикалық меншіктен түсетін кірістер:
      республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің түсімдері;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза табысы бөлігінің түсімдері;
      республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер;
      республикалық меншіктегі заңды тұлғалардың қатысу үлесіне кірістер;
      республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер;
      екінші деңгейдегі банктердің шоттарында мемлекеттік сыртқы қарыздар қаражатының орналастырылғаны үшін және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша сыйақылар;
      республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;
      қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін кірістер;
      республикалық меншіктен түсетін басқа да кірістер;
      2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін түсімдері;
      3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
      4) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінде (шығыстар сметасында) тұратын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алу;
      4-1) мүлікті жария еткені үшін алым;
      5) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке салықтық емес басқа да түсімдер республикалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады.
      3. Мыналар:
      1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан;
      2) мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сатудан;
      3) мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан республикалық бюджетке түсетін түсімдер болып табылады.
      4. Мыналар:
      1) облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен түсетін трансферттер;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін кепілдендірілген трансферт;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін нысаналы трансферт республикалық бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері болып табылады.
      5. Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, республикалық меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін, үкіметтік қарыздарды сатудан түсетін түсімдер республикалық бюджет есебіне жазылады.
      Ескерту. 49-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.24 N 399-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.06 N 529-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi); 04.07.2013 № 132-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2014 № 214-V (01.09.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
     50-бап. Облыстық бюджетке түсетін түсімдер
      1. Мыналар:
      1) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы;
      2) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық;
      3) қоршаған ортаға эмиссия төлемақысы;
      4) алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      5) сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырғаны үшін төлемақыны қоспағанда, сыртқы (көрнекi) жарнаманы облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырғаны үшiн төлемақы;
      6) жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
      7) орманды пайдаланғаны үшін төлемақы;
      8) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы облыстық бюджетке түсетін салық түсімдері болып табылады.
      2. Мыналар:
      1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:
      облыстық әкімдіктің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің түсімдері;
      облыстық коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер;
      облыстық коммуналдық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер;
      облыстық коммуналдық меншіктің мүлкін жалға беруден түсетін түсімдер;
      облыстық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;
      уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар;
      облыстық коммуналдық меншіктен түсетін басқа да кірістер;
      2) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін түсімдер;
      3) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
      4) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алу;
      4-1) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары;
      5) облыстық бюджетке басқа да салықтық емес түсімдер облыстық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады.
      3. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша облыстық бюджетке негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады.
      4. Мыналар:
      1) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінен трансферттер;
      2) республикалық бюджеттен трансферттер облыстық бюджетке трансферттер түсімдері болып табылады.
      5. Облыстық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, облыстық коммуналдық меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының қарыздарын сатудан түсетін түсімдер облыстық бюджет есебіне жазылады.
      Ескерту. 50-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
      51-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне
               түсетін түсімдер
      1. Мыналар:
      1) жеке табыс салығы;
      2) әлеуметтік салық;
      3) жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің мүлкіне салық;
      4) жер салығы;
      5) бірыңғай жер салығы;
      6) көлік құралдарына салық;
      7) тіркелген салық;
      8) мыналарға:
      Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық түріне;
      Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне;
      Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 проценттен аспайтын сыраға;
      Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына;
      Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңіл автомобильдерге (мүгедектерге арнайы арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейімделген автомобильдерден басқа);
      бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынына акциздер;
      9) жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
      10) орманды пайдаланғаны үшін төлемақы;
      11) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы;
      12) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы;
      13) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
      14) дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;
      15) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
      16) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;
      17) аукциондардан алым;
      18) алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      19) республикалық бюджет есебіне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж;
      20) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым;
      21) жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым;
      22) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;
      23) сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне түсетін салық түсімдері болып табылады.
      2. Мыналар:
      1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:
      республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінен түскен түсімдер;
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер;
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер;
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкілді органдарының шешімдері бойынша өткізілетін мемлекеттік лотереялар кірістерінен түсетін түсімдер;
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;
      уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар;
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігінен түсетін басқа да кірістер;
      2) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін түсімдер;
      3) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
      4) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алу;
      4-1) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары;
      5) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне басқа да салықтық емес түсімдер (республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне салықтық емес түсімдер) болып табылады.
      3. Мыналар:
      1) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;
      2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
      3) жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлемақы республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады.
      4. Республикалық бюджеттен трансферттер республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне трансферттердің түсімдері болып табылады.
      5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен берілген кредиттерді өтеуден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі мемлекеттің қаржы активтерін, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыздарын сатудан түсетін түсімдер республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің есебіне жатқызылады.
      Ескерту. 51-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
      52-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін
               түсімдер
      1. Мыналар:
      1) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы;
      2) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық;
      3) жеке және заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер мүлкіне салық;
      4) жер салығы;
      5) бірыңғай жер салығы;
      6) көлік құралдарына салық;
      7) тіркелген салық;
      8) мыналарға:
      Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық түріне;
      Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне;
      Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 проценттен аспайтын сыраға;
      Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына;
      Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңіл автомобильдерге (мүгедектер үшін арнайы арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейімделген автомобильдерден басқа);
      бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынына акциздер;
      9) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
      10) дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;
      11) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
      12) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;
      13) аукциондардан алым;
      14) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;
      15) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым;
      16) жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым;
      17) сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақыны қоспағанда, сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және облыстық маңызы бар қалада тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы;
      18) республикалық бюджет есебіне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін салық түсімдері болып табылады.
      2. Мыналар:
      1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:
      аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер;
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер;
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінен түсетін басқа да кірістер;
      2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсетуді) өткізуінен түсетін түсімдер;
      3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
      4) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері салатын айыппұлдарды, өсімпұлдарды, санкцияларды, өндіріп алуларды қоспағанда, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;
      5) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне басқа да салықтық емес түсімдер аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне салықтық емес түсімдер болып табылады.
      3. Мыналар:
      1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;
      2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
      3) жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады.
      4. Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне трансферттердің түсімдері болып табылады.
      5. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен берілген кредиттерді өтеуден, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі мемлекеттің қаржы активтерін, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қарыздарын сатудан түсетін түсімдер ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетіне есептеледі.
      Ескерту. 52-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңдарымен.
9-тарау. БЮДЖЕТ ДЕҢГЕЙЛЕРІ АРАСЫНДА ШЫҒЫСТАРДЫ БӨЛУ
      53-бап. Республикалық бюджеттің шығыстары
      1. Республикалық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) жалпы сипаттағы мемлекеттік функциялар:
      Қазақстан Республикасы Президентін және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету;
      Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің жұмыс істеуі;
      облыстық бюджеттен қаржыландырылатын сайлауларды қоспағанда, референдумдар мен сайлаулар өткізу;
      республикалық деңгейде мемлекеттік жоспарлау;
      салық қызметі органдарының қызметі;
      республикалық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және жергілікті бюджеттердің кассалық қызмет көрсетуі, бюджеттік есепке алуды жүргізу және бюджеттердің атқарылуы бойынша есептілікті жасау;
      республикалық меншікті басқару;
      оңалту рәсiмiн, банкроттық рәсімін жүргізуді және банкроттық рәсімін қозғамастан борышкердi таратуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негiздер бойынша сот шешiмiмен тарату рәсiмдерiн жүргiзудi ұйымдастыру;
      мемлекеттік сатып алудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру;
      мемлекеттік қаржы бақылауы және қаржы мониторингі;
      кеден қызметі;
      мемлекеттің сыртқы саяси қызметі;
      іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу;
      мемлекеттік статистика органдарының статистикалық қызметі;
      мемлекеттік қызметтің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру;
      ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әртүрлі қызмет салалары мен аяларында мемлекеттік сыйлықтар беру және мемлекеттік наградалармен марапаттау;
      саяси партиялардың қызметін қаржыландыру;
      2) қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік:
      мемлекеттің қорғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      орталық атқарушы органдар жүргізетін жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру;
      мемлекеттік материалдық резервтерді қалыптастыру және сақтау;
      ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      терроризмге және экстремизм мен сепаратизм көріністеріне қарсы іс-қимыл;
      мемлекеттік құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ету;
      облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінен қаржыландырылатын іс-шараларды қоспағанда, жалпыға бірдей әскери міндетті орындауға байланысты іс-шараларды ұйымдастыру;
      облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      азаматтық қорғау және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы қызметті ұйымдастыру;
      жаһандық, өңірлік ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою;
      кәсіби авариялық-құтқару қызметінің жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      мемлекеттік өртке қарсы қызметтің жұмысын қамтамасыз ету;
      азаматтық қорғаныс жүйесін ұйымдастыру;
      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына мемлекеттік кадастр жүргізу;
      экономикалық және қаржы салаларындағы құқық қорғау қызметі;
      көші-қон саясатын іске асыру;
      жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау;
      халықты құжаттандыратын және тіркейтін тіркеу пункттерінің жабдықтары мен ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін жүзеге асыру;
      3) құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі:
      әділет саласындағы қызмет;
      азаматтардың және мемлекеттің мүдделерін құқықтық қорғау;
      заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету;
      мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу;
      сот сараптамасы қызметі;
      сот жүйесінің жұмыс істеуі;
      қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      4) білім беру:
      республикалық білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру;
      республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шаралар өткізу;
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімді мамандар даярлау;
      республикалық деңгейде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
      республикалық орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес шетел мектептерінде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету;
      5) денсаулық сақтау:
      жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
      денсаулық сақтау ұйымдарының Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын түрлер бойынша мамандандырылған медициналық көмек көрсетуі;
      республикалық деңгейде әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде шұғыл медициналық көмек қызметін ұйымдастыру;
      республикалық маңызы бар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық оңалту;
      психиатриялық бұзылулардан (аурулардан) зардап шеккен және қатаң бақылауды қажет ететін адамдарға медициналық көмек көрсету;
      сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама жүргізу;
      ауру адамдарды шетелде емдеуді ұйымдастыру;
      айрықша қатерлі жұқпалы ауруларға қарсы іс-қимыл;
      республикалық маңызы бар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары үшін қан, оның құрауыштары мен препараттарын өндіру;
      санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуі;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатарынан шыққан зейнеткерлерге және азаматтардың басқа да санаттарына медициналық қызмет көрсету;
      жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын шығыстардан басқа, азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы қызмет;
      6) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру:
      Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлемдері;
      мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
      мемлекеттік арнайы жәрдемақылар;
      арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;
      зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мемлекеттік жәрдемақы алушыларды жерлеуге жәрдемақы;
      бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
      баланы бір жасқа толғанға дейін бағу-күту бойынша оларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
      экологиялық апат аймақтарында тұратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген әлеуметтік көмек;
      әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, құқық қорғау органдары мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң отбасыларына Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген әлеуметтiк төлемдер;
      саяси қуғын-сүргін құрбандарына және одан зардап шеккендерге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген әлеуметтік төлемдер;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндеттемелері болып табылатын әлеуметтік төлемдер;
      оралмандарға әлеуметтік көмек көрсету;
      көші-қон саясатын іске асыру;
      7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:
      қазақтың ұлттық мәдениетін және басқа да ұлттық мәдениеттерді қайта өркендету, сақтау, дамыту және тарату;
      республикалық маңызы бар театр және музыка өнерін, ұлттық фильмдер шығаруды, мұражай ісін қолдау;
      мәдениет және мемлекеттік жастар саясаты саласында республикалық және халықаралық маңызы бар әлеуметтік маңызды іс-шараларды өткізу;
      халықаралық және республикалық маңызы бар тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
      республикалық деңгейде спорттың ұлттық және бұқаралық түрлерінің дамуын қолдау;
      жоғары жетістіктер спортын дамыту;
      спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалары) мүшелерінің халықаралық спорттық жарыстарға дайындалуы және қатысуы;
      мемлекеттік республикалық спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;
      халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде Қазақстан және оның туристік мүмкіндіктері туралы ақпарат дайындау және тарату;
      республикалық маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;
      республикалық кітапханалардың жұмыс істеуі;
      бұқаралық ақпарат құралдары арқылы республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу;
      мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;
      телерадио хабарларын тарату ұйымдарының телевизия және радио бағдарламаларын жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы тарату;
      республикалық деңгейде мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;
      8) агроөнеркәсіптік кешен, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары:
      су ресурстарын қорғауды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, су шаруашылығы баланстарын, су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемаларын әзірлеу, су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамы, су ресурстарын пайдаланудың ақпараттық-талдау жүйесін қамтамасыз ету;
      судың мемлекеттік есебін, мемлекеттік су кадастрын жүргізу;
      су беруге байланысты емес трансшекаралық су шаруашылығы құрылыстарын және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану;
      республикалық маңызы бар ерекше авариялық су шаруашылығы құрылыстарын және гидромелиорациялық жүйелерді қалпына келтіру;
      суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингі және оны бағалау;
      республикалық маңызы бар орман қорын, жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мемлекеттік есепке алуды, табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрларын жүргізу, ормандар мен жануарлар дүниесінің мемлекеттік мониторингі;
      орман шаруашылығын жүргізу;
      орман тұқым шаруашылығы және селекция;
      мемлекеттік орман кадастрын, жануарлар дүниесінің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрларын жүргізу;
      ормандарды өрттен қорғау, орман зиянкестерінен және ауруларынан қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар;
      балық ресурстарын және басқа да су мекенді жануарларын қорғау және өсімін молайту;
      балық аулауды мемлекеттік реттеу және балық қорларын қорғау;
      республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтіп ұстау, мемлекеттік табиғи-қорық қорын қалпына келтіру;
      Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген жағдайларда, жер учаскелерінің меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген залалдарды өтеу;
      қоршаған ортаның мемлекеттік мониторингі;
      республикалық деңгейде қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жүргізу;
      I санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу;
      қоршаған ортаға эмиссияға I санат объектілері үшін рұқсат беру;
      гидрометеорологиялық мониторинг;
      республикалық деңгейде жер қатынастарын реттеу;
      мемлекеттік жер кадастрын, жер мониторингін жүргізу;
      топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар;
      жануарлар ауруларының диагностикасы, эпизоотияға қарсы жұмыс, оның ішінде ветеринариялық препараттарды, олардың қорын қоса алғанда, сатып алу, жеткізу, сақтау, қолдану, сондай-ақ жануарлар мен құстардың қатерлі жұқпалы ауруларының ошақтарын жою және зарарсыздандыру;
      фитосанитариялық мониторинг;
      карантиндегі өнімнің зертханалық сараптамасы және егіс пен екпе материалдарындағы жасырын жұқтырылған ауруды анықтау;
      карантиндік объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою;
      қорымен қоса, пестицидтерді (улы химикаттарды), оларды жеткізуге, сақтауға және қолдануға байланысты қызметтер көрсетуді сатып алу;
      мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу, мемлекеттік азық-түліктік астық резервін сақтау және ауыстыру;
      аграрлық азық-түлiк нарығында сатып алу және тауар интервенцияларын жүргiзу;
      сорт сынақтары, тұқымдық және екпе материалдың сорттық және егістік сапаларын айқындау;
      ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру және басқару;
      ауыл шаруашылығы өндірісін агрохимиялық және агроклиматтық қамтамасыз ету;
      агроөнеркәсіптік кешенді техникалық қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;
      агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның субъектілеріне бәсекелестік нарығында жоқ немесе жеткіліксіз көрсетіліп келген қызметтер көрсетудің жекелеген түрлерін ұсыну;
      агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесін ұйымдастыру;
      екінші деңгейдегі банктердің ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу жөніндегі кәсіпорындарға беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау;
      ауылшаруашылық өнімін шығаруды басқару жүйелерін дамыту;
      өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау;
      өсімдіктердің жоғары бағалы сорттарының, ауыл шаруашылығы жануарларының, құстар мен балықтардың тұқымдары мен түрлерінің тектік қорын сақтау және дамыту;
      суармалы жерлерді мелиоративтік жақсарту жөнінде іс-шаралар жүргізу;
      9) өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі:
      мемлекеттік өнеркәсіп саясатын іске асыру;
      отын-энергетика кешенін дамыту;
      жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, сейсмологиялық ақпарат мониторингі;
      мемлекеттік геологиялық зерттеу;
      геологиялық ақпаратты қалыптастыру;
      кеніштер мен шахталарды жабу және жою, техногендік қалдықтарды көму;
      мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;
      құрылыс нормалары мен стандарттарын сатып алу және әзірлеу;
      сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы бақылау;
      9-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру:
      республикалық деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;
      10) көлік және коммуникациялар:
      ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) ағымдағы жөндеуді және күтіп-ұстауды, сондай-ақ жүріп өткені үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін күтіп-ұстауды қоспағанда, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;
      су көлігі қызметін ұйымдастыру және реттеу;
      кеме қатынасы жолдарын, шлюздерді күтіп-ұстау және кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      теңіз жолдарын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету;
      әуе және су көлігін мемлекеттік реттеу;
      әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
      магистралды темір жолдарды дамыту;
      аэроғарыш қызметі;
      радиожиілік спектрі мен радиоэлектронды құралдар мониторингі;
      11) экономикалық қызметті реттеу:
      стандарттау, метрология және сертификаттау;
      патенттерді, тауар белгілерін тіркеу және қорғау;
      мемлекеттік инновациялық саясат;
      мемлекеттік экспорттық және импорттық бақылау;
      саудалық және демпингке қарсы реттеу;
      бәсекелестікті дамыту және қорғау;
      бағаны және табиғи монополияларды мемлекеттік реттеу;
      жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;
      11-1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:
      нормативтік-техникалық құжаттамаларды иелену, әзірлеу және жетілдіру;
      елді мекендердің шегінде орналасқан жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру объектілерін жаңғырту және дамыту, сондай-ақ елді мекендерді абаттандыру;
      коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласын реттеу;
      қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу;
      кадрлық және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
      коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның елді мекендердегі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының техникалық-экономикалық негіздемелерін, жаңғырту және дамыту инвестицияларының негіздемесін орталықтандырып әзірлеуі;
      тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы объектілерді тексеруді және техникалық жай-күйін бағалауды жүргізу;
      тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының мониторингі және оны бақылау үшін ақпараттық жүйе құру;
      энергия және ресурс үнемдеу жөнінде іс-шаралар жүргізу;
      12) басқа да бағыттар:
      облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне трансферттер;
      үкіметтік борышқа қызмет көрсету және өтеу;
      мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау;
      үкіметтік қарыздарды хеджирлеу мәмілелері бойынша шығыстар;
      мемлекеттің кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындау;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындау.
      2. Сонымен қатар, республикалық бюджеттен:
      1) мемлекеттік қызмет көрсететін немесе осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерін орындайтын орталық мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, сондай-ақ аталған мемлекеттік мекемелердің кадрларды қайта даярлау және қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі шығыстарына;
      2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерін орындауға, халықаралық ынтымақтастыққа, қолданбалы ғылыми зерттеулерге және нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуге;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де мемлекеттік қызметтерге және орталық мемлекеттік органдар қызметінің бағыттарына арналған шығыстар қаржыландырылады.
      3. Осы бапта аталған бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттің басқа деңгейлерінен қаржыландыруға жол берілмейді.
      4. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің шығыстары заттай нормалар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының  лимиттері негізінде жоспарланады.
      Ескерту. 53-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.02 N 212-IV (2009.12.05 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.08 № 266-IV, 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.29 N 373-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 33-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2013.01.29 N 74-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 02.07.2013 № 112-V Заңымен (01.07.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 04.07.2013 № 131-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2014 N 167-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 N 229-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
      

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет