Қазақстан республикасыныњ денсаулық сақтау министрлігі қараѓанды мемлекеттік медицина академиясы абдакаликов м. К., Зинин а. М., Джубаналиев е. З



бет7/21
Дата05.07.2016
өлшемі1.97 Mb.
#178870
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21

Клиникалық көріністері

Ауыр темір тұздарымен жедел уланғандарда мынадай клиникалық симптомы мен синдром сипаттамалары болады.

Ішек-қарын улануы (97,3%). Мұнда өзіне тән ауызда темір дәмі, жүрегі айнып, жұтындырмай тамағы ауырып, өңеш бойында ауырсыну және ұлтабар тұсында ауру пайда болады, тамағы қызарып, кейде өңеш пен ұлтабарда қан кетуі мүмкін. Сынап және қорғасынмен уланғандардың ерекшелігі - оларда стоматит пен тоқ ішек қабынуы болады.

Токсикалық энцефалопатия - 5,7% ауруларда болады. Мышьяк пен қорғасыннан уланғандарда - эйфория және психомоторлық қозу, сопор, есі ауысу, кома болады. Егер үлкен мөлшерде уланса, (1-2г - сопор, кома, тырысқақтық, дем алысы тоқтап, коллапс), мұны медициналық параличтік уланудың түрі дейді. Токсикалық нефрология түрі (67% ауруларда) және гепатологиялық -151,4% ауруларда болады. Бұл түрінде олигуриямен сипатталады, бүйректің азот шығарғыш және сүзгіш – реабсорбциялық жұмысы 2-3 жұмаға төмендейді.

Гепатопатия, нефропатиямен бірге жүреді. Қанның токсикалық зақымдануы гемолиз бен анемиямен көрінеді. Қанның ұюы - мышьякты бороводородпен және мыс қосылысымен уланған уақытта болады және ол көпке созылады, (6 тәулікке дейін) және бос гемоглобин қанның сұйықтығында үлкен цифрлармен көрінеді, (200 г/л дейін). Анемия (қан азаюы) 45,5% ауруларда болып, ол норма немесе гипохромдық түрінде кездеседі. Оның бұлай болуы удың жілік майына әсері және қанның ұюынан болып табылады. Қанның морфологиялық өзгеруін, 85,5% аурулардан табуға болады және олар мынадай өзгерістермен сипатталады: лейкоцитоз, нейтрофилез палочкоядросының қозғалысымен, лимфоциты мен моноциты азаяды, ЭТЖ жоғарлап әрі жылдамдайды.

Сынап буымен және органикалық ауыр темір тұздарымен, мышьякпен уланғандарда мынадай психоневрологиялық симптомдар болады: тез қозу, ұйқы қашу, тітіркену, көз көруі төмендеу, жүруі қиындау, үндемей елден бөлектену немесе жындану, қоршаған ортадан байқамау. Тетраэтилқорғасынмен уланғандарда ваготониялық жағдай болу: буы мен тыныс жолдары арқылы сынаппен уланғанда дірілдеу мен сынаптық эритемотоз болады. Циан мен жездің буымен тыныс жолы арқылы уланғандарда: литендік лихорадка болады. әлсіздік, дененің қатты тоңғандай сезіну, қалтырау, қақырықсыз жөтел, дене қызуы көтеріледі 39-410 С-қа дейін, басы ауырады, сандырақтайды, денесі бөрітіп, тері қышуы пайда болады.



Алғашқы көмек және емдеу: ПМП-де асқазанды жуар алдында және соңында 5%-50-100мл унитиол жібереді. Асқазанды тәулігіне 2-3 рет жуады. Асқазанды тазалар үшін ішті өткізетін май қосылыстарын береді. Егер ауырсыну немесе шок болса 1мл 1% морфин мен промедолды тәулігіне 4-6 ретке дейін береді және холинолитиктерді, спазмолитиктерді, антигистаминдік дәрілерді беру керек. 2 мл 0,2% платифилин, 2 мл 1% димедрол сұйықтықтарын тәулігіне 4-6ретке дейін тері астына беру керек. Керек болса, жүрек тамыр дәрілерін береді (строфант, коргликон, кордиамин).

Егер қан қысымы өте төмен түскен болса преднизолонды қүре тамырына тамшылатып, тәулігіне 200мг дейін беру керек.



ЖмедБ мен ЖМО, госпиталда: міндетті түрде қүре тамыры арқылы қан алмастырғыштарды жіберу керек. Полиглюкин, глюкоза мен новокаин қоспасын (40 мл 2% новокаин, 400 мл 10% глюкоза немесе 400мл полиглюкин) реополиглюкин, желатиноль гидрокарбонат Nа сұйықтығы 500 мл 4%, 10% кальций хлор сұйықтығын, 0,85% хлорлық Nа - қанайналымындағы қанның көлемін толықтыру үшін, көк қантамырларының қысымын қалпына келтіру үшін және де плазманың қышқыл сілтілік, электролиттік теңдікті сақтап, уды организмнен шығаруға, уланған адамдардың асқазандарының шырышты қабықтарында деструкциялық өзгерістерді жоюға және тыртықты болдырмау үшін кортикостериолық гормондар беру керек. (125 мг гидрокортизон немесе 40ЕД АКТГ тәулігіне). Ішуге шемішке майы мен анестезин, новокаин, биомицин қоспасын - 1 үлкен қалайы қасықпен күніне 4 рет беріп отырады. Тамақты жайлы диета ретінде береді N1 стол, кейіннен 5 немесе 7 столға дейін көшеді. Егер ауыз қуысының шырышты қабығы күйген болса, оны фурациллин сұйықтығымен шайып отыру керек, стоматит болатын болса- синтомицин эмульсиясымен немесе химотрепсинмен аппликация жасайды. Егер қан кететін болса, қаң тоқтатқыш дәрілерді береді (10% хлор кальции сұйықтығын, күніне 2-3 рет). Викасол (1% 3мл күніне 3-4 рет), б/етке, аскорбин қышқылын 5% 5-10 мл б/етке, қан құю керек.

Токсикалық гепатитті болғызбау үшін липотроптық заттар беру керек (20% - 30,0мл холин хлорид сұйықтығын, 5% - 60,0 мл глюкозаны тамшылатып, минутына 30 тамшы, липокаин 0,1г - 3р ішке). Витамин,гормондық емдеу жасау керек, глютамин қышқылын (тәулігіне 4гр дейін, унитиол- тәулігіне 5%-30,0 гр дейін), десенсибилизациялық заттарды береді. Егер де баурдың токсикалық зақымдануы белгілі болса, онда кіндік көк қан тамырына бужирования жасау керек, оған витаминдер мен гормондар жіберу керек. Глютамин қышқылын 10%- 400мл, глюкоза және инсулин қосып. Зәрді организмнен көбірек шығару керек, ол үшін плазманы алколизациялық (4%-1000 мл гидрокарбонат Nа сұйықтығын) жібереді, егер бүрек жұмысының жетіспеушілігі болса, гемодиализ жасайды. Комплекстік бірлескен емдеудің ішінде антидоттық емдеу ерекше орын алады. Ең күшті антидот - унитиол болып табылады. Унитиол сілтілік ортада ауыр металды мышьякпен, тұрақты циклдік қосымша құрайды, белоктарды жандандырады, удың зәрмен шығуын көбейтеді және удың деподан бөлуінуіне жасанды бүйректің мембранасынан өту клиренісін көбейтеді. Сутекті мышьякпен уланғандарға 40% лексапид 1-2 мл б/етке, тәулігіне 6-8 мл дейін беріледі. Қорғасынмен уланғандарға - 5% -100,0 глюкозаға 20 мл-10% тетацин магний сұйықтығын қүре тамыры арқылы, тәулігіне 2-3 ретке дейін береді.



Организмді жасанды тазалаудың түрлері

1. Гемодиализ операциясы, жасанды бүйректердің әр түрлі моделдерімен клиникаларда кеңінен қолданылады. Мұны арнаулы жабдықталған операция жасайтын бөлмелерде антисиптикалық - асептикалық ережелерді сақтап отырып жасайды. Бұл операцияны жасауға болмайтын жағдай - егер уланған адамдардың қан қысымы 80-90 мл. сынап. ст. төмен болған жағдайда ғана.

2. Перитониалдық диализ: Организмді удан хирургиялық жасанды тазалаудың негізгі түрі болып табылады. Перитониалдық диализдің екі түрі болады: Үзіліссіз және үзіліспен. Диализ - жартылай өткізгіш мембранасының үлкен көлеміне негізделген (20000 см). Перитониалдық диализ жасауға ешқандай қайшылық жоқ.

3. 70 жылдары тағы жасанды экстрокорпорольдық усыздандыру деген бір түрін ойлап тапқан. Ол қаннан, бөтен заттарды қатты фаза беттеріне негізделген. Тәжірибелікте қолданылып жүрген ионалмастыру смоласы (иониты) және бетін сол аурудың қан белоктарымен жапқан жандандырылған көмір қолданылады, операция алдында ғана дайындайды немесе синтетикалық сорбенттер қолданылады. Детоксикаторлық усыздандыру аппаратын қан жүру жүйесіне артериовеноздық тұйық (шунт) арқылы қосады.

4. Қан алмастыру операциясын жасайды. Резусы үйлесімді бір топтағы қан немесе өліктің фибринилоздық қаны қолданылады. Бұл операция бірақ рет үздіксіз қатты ағынмен күре тамыр немесе күре қызыл тамыр жолмен үлкен ортан жілік беткейіндегі күре тамырын - катетерлік жасау арқылы немесе қызыл тамырды ашып, сол арқылы жібереді. Мұндай операция мынадай жағдайларда көрсетілген - гемолитик пен метгемоглобин құралатын улармен уланғандарға. Қарсылық көрсеткіштер: коллапс, өкпе қабынуы, жүрек парогі асқынған түрі, терең көк тамырларының тромбофлебитінде.

5. Кейінгі кезде қолданылып жүрген ең негізгі емдеу түрлерінің бірі детоксикациялық лимфорея. Мұнда организмнен көп көлемде лимфаны шығарып, оның орнына клетка сыртындағы сұйықтықпен толтырады. Лимфаны кеуде қуыс лимфа түтікшесінің молынан катетр арқылы шығарады. Лимфаның орнын плазма ауыстырғыш жіберу арқылы толтырады, оның көлемі - тәулігіне 3-5л дейін болады, өйткені организмнен осындай көлемде лимфа шығару мүмкін. Организмнің өзінің табиғи усыздандыру қабілетін күшейту жолына мыналар жатады: асқазанды жуу, шекті тазалау, зәр шығаруын көбейту, тыныс алуды жоғарылату.

Улы техникалық сұйықтықтармен, ауыр метал қосылыстарымен және сынаппен уландырмауды алдын-ала ескерту, оларды дұрыстап сақтап және өте қатал есепке алып және санитарлық үгіт жүргізу болып табылады. Жұмыс істейтін жерде ауаның тазалығын, міндетті түрде тексеріп отыру керек.
5 тарау. ТАБИҒИ УЛАР
Адамның айналасында өте көп физиологиялық белсеңді заттар бар. Олардың көбін дәрі ретінде қолданады, кейбіреулері өте улы, бұл заттар өте көне заманнан белгілі. Өсімдік немесе жануарлардан шығатын улы заттармен улану тек қана тағам түрінде пайдаланғанда болады (жапырақтар, жемістер, тамырлар, еттер т.б.). Өсімдіктердің улығын білмегеннен, әсіресе бұл жағдайға балалар ұшырады.

Біздің жерде кейбір саңырауқұлақтың таңыс емес түрінен улану жиі болады. Олардың ішінде әртүрлі белгілі және белгісіз химиялық қосылыстар бар.

Кейбіреулерін аңықтап қарайық:

3 кесте.


Қазақстанда жиі кездесетін улы өсімдіктер.


Аттары

Улы бастапқыштары, улы заттар

Уланудың көріністері

Жедел көмек пен емдеу

Ақ акация (бұршақ тұқымдастары)

Тамырлар, қабығы, ішінде токсальбуминдер бар

Жүрек айну, құсу, іштің аурсынды, іш-тің өтүі, қанды дәрет, кіші дәрет жүрмеу, кіші дәрет-те қан болу, коллапс.

Асқазанды жұып, активтелген көмір, тұзды іш өткізуші-лерді беру.

Қара меңдуана (және басқа тұқымдастары)

Жапырақтары мен дәндері, ішінде гиосциаминдер бар

Көз қарашығының тарылуы, аккодома-ция, көз ішінің қан тамырының қысымы жоғарлау, тері мен шырыштың кебуі, дененің қызуы жо-ғарлану, бас айна-луы, елестеушілік тер көріну, маниа-кальдық жағдайлар, кома.0

Жедел түрде асқа-занды зонд арқылы жуып, перманганат калиідің немесе 1 % танин ерітінділерін және тұзды іш өт-кізушілерін беру. Антидот түрде 0,05% - 1 мл прозе-ринді тері астына жіберу. Психомо-торлық қоздырғыш-тықты жою үшін 2,5%-2 мл амина-зинің ерітіндісін б/е жіберу. Дене қызы-уы жоғарлағанда, ба-сына мұзды қабшық қою. Уландық жағ-дайына байланысты- диурезді өткізу, плазманы сілтіліл-деу, жүрек жұмысы шиіленгенде - инде-рал беру.

Май ландышы (лилия тұқымдастары)

Дәндері мен жапы-рақтары. Ішінде жү-рек глюкозидтері бар – поквалотоксин және басқалары.

Бас аурсыну, ано-рексия, жүрек айну, құсу, іш өтуі, ұлта-бардың ауырсынуы, қан тамырының соғысы - алғашқыда баяндалып кейінгіде жоғарлайды. ЭКГ-да әртүрлі өзгерістер болады. ОНЖ әсері-нен: көз көру тө-мендейді, қоздырыс, тырысу, қапа пайда болады. Ауыр дәре-жеде уланғанда өлімнің себебі – жүрек қабының фиб-рилляциясынан жә-не өткір жүрек-та-мырының жетіс-пеушілігінен.

Асқазанға түскенде –активталған көмір беру, сонан кейін зонд арқылы сумен немесе 0,2-0,5% танин ерітіндісімен жуу қажет. Осыдан сон тұзды ішті өткізушілерді береді. Қүре тамыры арқылы 0,5% хлорид калияны, 5% глюкоза ерітіндісімен жіберу. (500 мл глюкозаға 2-2,5 г хлорид калиясы). 0,05 г/л плазманың жиегіне дейін. Улануға қарсы қолданатың ең нәтіжелі зат- унитиол болады, 5% - 1 мл 10 кг салмаққа: алғашқы екі күнде – тәулікте 3 рет, одан кейін тәулікте 1-2 рет, қ/т немесе б/е. Ауруға тыныштық қажет.

Ұйқыға соқтыратын мак (мак тұқым-дастары)

Піспеген дәндердің қорабында алколо-идтар бар, морфин, папаверин, кодеин.

Ұйқышылық, терінің қызаруы, бас айна-луы, құлақта шұ естілуі. Ауыр түрде уланғанда, ес түсі-нен айырлу, кома-тоздық жағдай, ми-оз, еңтігу, көгеру, қан тамырының со-ғысы баяндау, кей-бір мезгілде бұлшық еттердің тітіреуі, іштің спазмы, өкпе-нің ісінуі.

Асқазанды қайталап перманганат калий ерітіндісімен 1:1000 жұып, тұзды іш өткізушілерді беру. Антидот түрінде қ/т 0,5%-1-2 мл налор-фин жіберу, 10-15 минут аралығында 0,04 г дейін. Ауыр жағдайда диурез, перитониалды диа-лиз жүргізу. Налор-фин жоқ болса т/а 0,1%-1 мл атропин сүйығын жіберу. Ты-ныс алу жиі болса оттегін карбогенмен қосып беру.



Улы саңырауқұлақтар
Ең улысы поганка мен мухомор. Боз поганканың уы фоллоин, фаллоидин және аминитин полипептидтер болып саналады. Саңырауқұлақтың үштің бірі ішке түссе өте ауыр түрдегі улану болады, өлімге де әкелуге мүмкін. Саңырауқұлақтың уы қайнатқанда пайда болады, ұлтабардың, ішектің ішінде бұзылмайды, осыны еске алуға қажет.

Клиникалық көріністері. Саңырауқұлақты жегеннен кейін бір неше сағаттың ішінде іш аурсынуы басталып, жүрек айнып, құсады, іші өтеді, әлсіздік, бас ауырсынады, бас айналуы пайда болады. Екінші күні дененің қызуы жоғарлайды, бауыр үлкейіп ауырсынады, дене сарғаяды, жүрек соғысы жоғарлайды (тахикардия), қан қысымы төмендейді.

Өлім - өткір бауырдың дистрофиясынан болады.



Жедел көмек пен емдеу. Ултабарды зонд арқылы жуып, ішке тұзды іш өткізгіштерді жіберу. Симптоматикалық емдерді қолдану. Жүрек-тамыр дәрілерін қажет болса пайдалану. Бауыр зақымдалуына қарсы заттарды. Қүре тамыры арқылы хлорид натрия сұйықтарын жіберу (1500 мл/ тәулікте бойынша).

Қайталап құсық пен іштің өтуі басталса, қүре тамыры арқылы полиглюкин жіберу (400 мл). Плазманың электролиттік құрамын және қышқыл-сілтілік теңдіктерін коррекциялау. Уланудың бірінші күнінен, глюкокортикостероидтарды қолдану.


Бунақ аяқтылардың шағуы
Бунақ аяқтылардың ішінде адамға қауптысы - өрмекшілер. Улы жәндікке үшеуі жатады: қара-құрт, шаян, бұйі.

Бұйі – құрғақ жерде, тоғай ішінде, кең далада, өмір сұреді.

Шаян - өңтүстікте өмір сүреді. Орта мөлшері 50-100 мм. Оның ішінде қара шаяның қауптық негізі бар.

Қара-құрт – бүл жәнтікте оң түстікте өмір сүреді. Адамға қауптысы ұрғашы түрі, олардың жоғарғы жақтарында екі трубкалы улы бездері бар. Қара-құрттың және шаяның улары токсальбуминге жатады, токсикалық қасиеттері жыланның уларынан жоғары.

Уланудың клиникалық көріністері: Қара-құрт жақаннан кейін, сол жер қатты ауырсынады, ол іш аумағына, белге, кеудеге таралады. Өте қатты психикалық қоздырғыштық пайда болады. Уланған адам басы ауырып, тұншығып, жүрегі айнып, құсады. Басы қатты айналып, әлсіздік, еңтігу, көгеру, жүрек соғысы жылдамдау, аритмия көрінеді. Көз қарашағы ұлғаяды, қан қысымы жоғарлайды. Көп сілекей ағады. Жүрек жұмысы тоқтауы мүмкін.

Шаянның шағуы-қаты аурсынуды шақырады, ол жылдам нерв жүйке жолымен күшейіп таралады. Зақымдалғандардың жағдайлары өте азапты болады, сондықтан ауырсынудан олар айқайлайды.

Шаянның уының мінезделігі – қатты ауырсынуға қосымша жеке бұлшық еттер тобы тырысып, тітірейді. Уланғандар оқыс әлсіреп, денелерін суық тер жабады.

Жедел көмек пен емдеу: қара-құрт немесе шаян жаққан жерді таңу. Сол жерге сұық нәрсе төсеу.

Антидот ретінде – қара құртқа қарсы сыворотка егу. Жағдайына байланысты жаурының аумағына т/а 30-дан-70 мл дейін, ал ауыр жағдайда қүре тамырына. Ауырсынуды төмендету үшін новокаин, кодеин, анальгин, ацетилсалицилды қышқыл пайдаланады. Новокаин 0,25-0,5% сүйық 10 мл қүре тамырына, айналма инфильтрациалы блокада, шаққан жерден 10-15 см жоғары алып.

Анальгин 50% - 1-2 мл б/е. Бұлшық еттердің спазмдарын жеңілдету үшін қ/т 10% - 10 мл хлорид кальциясын (немесе глюконат кальциясын) жіберу.

Глюкокортикостероидтарды егу (преднизолон, гидрокортизон), қан айналысына жағдай жасаушы заттарды (кофеин, кордиамин, камфара), глюкоза, В,С,Р,РР витамин топтарын, гистаминге қарсы дәрілер (димедрол, пипольфен). Шаян шаққан кейінгі тыныс алуына қысым бергенде – жасанды тыныс алдыру және өттегін беру.


Жылан
Дүниеде 2500 жыландардың түрлері бар. Біздің жерде өрістенетін даланың улы сұр жыландары, кәдімгі сұр жыландар, құм сұр жыланы. Жыланың ұымен зақымдалу -шаққандағана болады. Жылан уы күрделі жыйнақ заттар, осыған жататын альбуминдер, глобулиндер, пептондар, әртүрлі элементтер, хлоридтің неорганикалық тұздары. Әртүрлі құрамына байланысты болып - адам, жануар организміне әсерлері әртүрлі болады. Мысалы; улы сұр жыланың уы, қүре тамырының қабырғаларын бұзады, кейбіреу белоктарды және эритроциттерді ерітеді, түйіншектер пайда болады. Әлемде статистика бойынша жылына 500000 адамды жыландар шағады, оның ішінде 50000 жағдайда, өлімге әкеледі.

Уланудың клиникалық көріністері: Улы сұр жылан шаққан жердегі симптомдар: ауырсыну, ісіну, қан ұюылу, көпіршектену.

Резорбтивті уыдың әсері: бас айналуы, әлсіздік, жүрек айыну, тершеңдік, еңтігу, жүрек жұмысы жылдамдау, қан қысымы төмендеу, есін білмеу, коллапс, кейбір уақытта қоздырғыш пен тырысу пайда болуы мүмкін.

Жедел көмек пен емдеу: 1) шаққан жерге таңу жасау, өйткені лимфа жағымен таралады және бұлшық еттің қимылына байланысты күшейеді.

2) Тиыштық беру және уларды жылдам организмге сіңіп кетіруге себептес заттарды бермеу керек (алкогольды, қан қысымын жоғарлататын заттарды).

3) Адамның жылан шаққан жеріндегі уды, тез арада сорып алу (бірақ көмек көрсетушінің ауыз құысындағы шырыштыларда немесе ерінінде жаралар болмау керек).
Қорытындысы

Бұл тақырыптың материалдарын білу әскери және тәжірибелік денесушылық қорғау мекемелерінің дәрігерлеріне өте қажет.

9 ДӘРІС
ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДЫҢ ЗАҚЫМДАУ СЕБЕПТЕРІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ– ТАКТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1 тарау. ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДЫҢ ЖАЛПЫ МІНЕЗДЕМЕСІ

(термоядролық атомды оқ-дәрі, радиологиялық қару)


Атомдық (ядролық) қарудың екі түрлері:

  1. Жарғыш әсері бар.

  2. Ұрысқа арналған радиоактивті зат (УАРЗ)

Жарғыш әсері бар атомды қару деп атайтын – жарылғаннан кейін босатылған күш – қуаты зақымдыққа әкелетін қару. Ядролық жарыстаң пайда болатын көп мөлшерлі қирату күш-қуаты, жүз рет ұшақтар бомбаларынан асып түседі. Ядролық оқ дәрісі деп аталатын – жарылыстан кейін пайда болатын ядроның іштегі қуаты. Олар 4 түрге бөлінеді:

  1. Ядролық оқ дәрі, жарылыс қуаты тек қана бөліну реакциясында болады. Бөлінуші заттарға осы оқ дәріге пайдаланатың плутоний – 239, уран – 233. Осыларды ядролық бөлінуші немесе атомдық оқ дәрі дейді.

  2. Ядролық қарулардағы бөліну реакциясынан басқа термоядролық реакциясын өтіп, жеңіл атомдық ядролық элементтер пайда болғанды – термоядролық оқ дәрі деп аталады «бөліну-синтез» түрі. Термоядролық оқ дәріде плутония – 239, уран – 233 басқа да ядролық отын пайдаланады – дейтерия, нитритий немесе дейтерия мен лития қосылыстары.

  3. Ядролық оқ дәрінің жарылыстағы босатылған қуатында үш ядролық реакция пайда болса: атомның оқ дәрісінде уран немесе плутония ядросының бөліну реакциясымен қатар термоядролық оқ дәрісінің жеңіл элементтерінің синтез реакциясы және уран-238 ядролық бөліну реакциясы болады – бұл біріктілген оқ дәрі немесе термоядролық оқ дәрі деп аталады «бөліну-синтез-бөліну» түрі.

  4. Нейтрондық оқ - дәрі. Бұл ең аз және аз қуатты термоядролық оқ дәрі (тротилдық эквиваленті 10 мың тоннаға дейін), осында ядролық реакциясы мен синтезі пайдаланады. Бұл аумаққа тарайтың нейтронның жылдам ағынды қуаттары. Нейтрондық оқ дәрінің қуаттары 0,5-2 кг болу мүмкін. Олар 200,3 мм өзі бетімен жылжитын гаубица зеңбірегі арқылы қолданылады, БЗ (басқармалы зымыран) және тактикалық авиация арқылы пайдаланады. Бүгінгі күнде нейтрондық оқ дәріні, өз бетімен жылжитың 155 мм танклерінде қолдануды зерттеліп жатыр.


РАДИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУ
Бұл радиоактивті қару заттары, оларды жеткізушілер (ұшақ бомбалары, зымыранның қару ретіндегі бас жағы, миналар, снарядтар, әртүрлі шәшіргіштер). Бұл қарудың түрі, адамдарды, жерді, объектілерді ластандыру үшін пайдаланады, оның себебінен ішкі объектілердің жұмыстары, әскери қайраткерліктері төмендейді. Радиоактивті заттардың мөлшерін көбейту үшін ядролық жарыстан басқа екі әдіспен алуға болады. Біріншіден, олар ядролық отындардың қалдықтарынан пайда болады. Екіншіден, ядролық реактиватордың жұмысының радиоактивті заттары, реакторда арнайы таңдап алған заттарды нейтрондық сәулелендіру арқылы да алуға болады. Егерде аз мезгілде, өте қатты ластандыруды мақсатқа алса, мысалы: тактикалық жұмысты атқаруға онда жылдам жылжымалы изотопты қолданылады (натрий – 29, кремний – 31, 3-15 сағатта жартылай бұзылу кезеңімен немесе стронций – 89, нитрий – 94, йод – 131 және басқалары, жартылай бұзылу кезеңі бірнеше күндік), стратегиялық немесе оперативті-тактикалық мақсатқа мынадай изотоп пайдалынады – кобальт – 60, стронций – 90 немесе цезий – 137 жартылай бұзылу кезеңдері 5,25 және 33 жыл. Ядролық оқ дәрінің қуаттары салмағымен немесе көлемімен анықталмайды, ол ядролық жарыстағы босатылған қуаттың мөлшерімен аңықталады.

Ядролық оқ дәрінің қуаты тротилдік эквивалентімен көрсетіледі, жарылыстағы тротилдік тоннадағы көлеміне сәйкес осындай энергия көлемі бөлінеді. Ядролық жарылыстағындай ядролық оқ дәрінің қуаттары жобалы 5 калибрге бөлінеді: ең кішісі (1 мың.т. дейін), төменгі (1-10 мың т. дейін), орташасы (10-100 мың т.), ірісі (100 мың-1млн.т.), өте ірісі (1 млн. т. жоғары). Әскери қимылына байланысты, ядролық жарылыстар әртүрлі жағдайда қолдануы мүмкін, әртүрлі биіктікте, жер (су) үстінде және жер (су) астында.

Осыған байланысты:


    1. Биіктіктегі жарылыс (тропосферағы бұл ең кіші биіктік жарылыс – 10 км тең). Осыны ұшақтар және ғарыштағы ұшу құралдарын жоюға пайдаланады.

    2. Ауадағы жарылыс (бұл жарылыс су және жердің бетіне тимейтін жарылыс) бұл жер мен су үстіндегі объектілерді жою үшін пайдаланады, ал төменгі ауадағы жарылыс, ол көп аумақтағы жергілікте жүрген танкілерді, бронетранспортерлерді, артиллерияларды және де басқа ядролық жарылысқа тұрақты объектілерді, жердегі мықты құрылыстарды жоюға қолданады, осыған қатар жерді күшті радиоактивті ластанудан бас алу. Жоғарғы ауадағы жарылысты – жерді радиоактивті ластанудан азайту және ең үлкен көлемді аумақтағы бұзылысқа соқтыруға пайдаланады.

    3. Жердің (судың) үстіндегі жарылыс – жарық аумағы жердің немесе судың бетіне тиеді: бұл жердің үстіндегі үлкен объектілерді, мықты құрылыстардағы жатқан әскерлерді жоюға пайдаланады.

    4. Жер (су) астындағы жарылысты соғыс жағдайында қолдануға, күн бұрын ядролық оқ дәріні орналастырылады.



2 тарау. ЯДРОЛЫҚ ЖАРЫСТЫҢ АДАМҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАРЫНЫҢ ҚЫСҚАША МІНЕЗДЕМЕСІ. ГАММА-НЕЙТРОНДЫҚ СӘУЛЕЛЕНУ, ОЛАРДЫҢ МӨЛШЕРІН ӨЛШЕУ
Ауадағы ядролық жарылыстан пайда болатын: соққы толқыны, сәулелену, еңгіш радиация, электромагнитті импульс және жермен объектілерді радиоактивті затпен ластайды.

Соққы толқын – ядролық жарыстың негізгі зақымдауыш факторы. Барлық ядролық жарыстың қуатының жартысы соққы толқынға аударылады. Ядролық соққы толқын жәй жарылыс заттардың толқынына сәйкес болып келеді, тек үлкен мөлшерлі қуатымен дәлелденеді, сонымен қоса үлкен радиусты аумақты зақымдайды және ұзақ уақытқа созылады. Соққы толқынның таралу жылдамдығы км/с есептеледі, ал жарылыс ортасынан қашықтай берге дыбыс жылдамдығына тең (340 м/с) болады.

Егерде бір атмосфераның точкасына қысымы жоғарласа, ауаның тығыздығы мен температурасы көтеріледі де, жылжу жылдамдығы 10 немесе 100 м/с жетеді.

Ауаның соққы толқыны - әскери техникаларын, қаруларын, әртүрлі құрылыстарын және адамдарды зақымдайды. Мысалы: атомды бомбалардың жарысынан Хиросима және Нагасаки қ. соққы толқыны радиусы 600 км қашықтағы қаланың құрылыстарын қиратқан. Жарылыстың ортасынан қашықтай берсе қирату күші төмендейді. Соққы толқынның ішінде қалған адамдардың, сүйектері қираиды, жұмсақ тіндері жараланады және басқадайда мертігуге соқтырады. Сондықтан организмде қысым толқыны пайда болады, оның әсерінен ішінде көп мөлшерде қан жүретін органдар (бауыр, көк бауыр) және бас ми қалтасы, өт сауты зақымдалады.



Жарқырағыш сәулелену – бұл электромагнитті ультрафиолетті сәулелену, көріністі және инфрақызыл аумақтың спектрі. Атомды жарылыстаң босатылған бірдің үшінші қуаты жарық сәулеленуге бөлінеді. Осының әсерінен ауаның температурасы 100 градуске дейін қызады, сонымен жарқырағыш аумақ пайда болады. «3 сек» бойынша жарқырау сәулеленудің бастапқысы болады. Жарқырағыш сәулеленудің (85%) көлемі бірінші секундта болады. Жарқырағыш сәулеленудің әсерінен әртүрлі материалдар, әскери техникалары, құрылыстары және заттары жанады. Адамдарды және жануарларды күйікке соқтырады, көзді зақымдайдыда көретін қасиеттерін төмендетеді.

Еңгіш радиация – бұл атомды жарылыста пайда болатын гамма-сәулесі мен нейтрондар. Ядролық жарыстың негізгі гамма-сәулеленуінің бастапқысы радиоактивті бөліну бөлшектеріне жатады. Гамма- сәулеленудің зақымдау мезгілі 15-25 сек. Ол ядролық оқ дәрінің калибрына байланысты болады. Гамма-сәуленің ең үлкен зақымдау көлемі, жарылыс орнынан 700 – 900 метрге дейін бақыланады.

Ядролық атомның жарылысындағы радиацияның екінші қосымшасы – нейтрон болады. Нейтронның негізгі бастапқысы – зарядтың ядросы, ол жынжырлы реакцияда бөлінетін, организмге он секундтің ішінде әсерін тигізеді. Нейтронның биологиялық әсерінің мөлшері оның қуатына байланысты болып күшейеді.

Ядролық жарыстың гамма-сәулесі мен нейтроны, адамдарға бір түрде әсер етеді. Сондықтан радиацияның әсер қасиеті оның қосымды мөлшерімен аңықталады - гамма-сәуленің және нейтронның мөлшерлерін қосуымен. Ионизациялық дәреженің айналасы, оның мөлшерімен анықталады, өлшеуші единицалары әртүрлі болады.

Рентген (R)- бұл 0 t0-дағы 1 см ауада және 760 мм ст.ст. қысымында - 2 млрд иондар пайда болады. 1 р мөлшері – 1 гр ауада 88 эрг қуаты сіңіруге сәйкес, ал 1 гр биологиялық тінде – 93 эрг, тәжирібелікте оданда ұсақ миллирентгендеген қолданады (мр), микрорентген (мкр). Халықаралық единица жүйесіне (Си) сәйкесті - рентген, ол фонтандық сәулелену экспозициялық мөлшері, кулонмен ауыстырылған кг/кл. 1 кл/кг – фонтандық сәулелену мөлшеріне тең иондаушы сәулелену жолымен 1 кг ауада 1 кл электрикалық ионды жасау пайда болады.

Бүгінгі күнде әрбір заттың сәулелену мөлшерін және ішке түскенін өлшеу үшін, «рад» единицасын қабылдайды. 1 рад – 1 г заттың 100 эрт қуатың қабылдауына тең. Си туындысы – ішке түскен сәулелену мөлшерінің единицасы: дж/кг. 1 дж/кг жұтылған сәулелену мөлшеріне тең, ол 1 кг салмаққа үнемі қуатты ағынындағы иондаушы сәуленің 1 Дж қуатың тапсырумен шығады. Қәзіргі мезгілде жаңа сөйлемше қолданады Дж/кг (қысқаша 1 гр – 100 рад, 1 рад – 0,01 гр).

Еңгіш радиация, адам организміне әсер етіп сәулелену ауыруына шалдықтырады. Еңгіш радиацияның дәрежесінің тәуелдісі: олардың қабылданған қысым мөлшерінен, сәулелену уақытынан, дененің аумағынан, және организмнің жекелі ерекшелігінен, оның иондауыш сәуленің әсер ету мезгіліндегі жалпы жағдайына байланысты болады.

50 – 0,5 гр еңгіш иондауыш мөлшері әсер етсе, ауруға шалдықтырмайды. Қәзіргі мезгілде жауынгерлік жарамдылықтарын төмендетпейтін сәулелену мөлшерлері қолданылған:

Бірінші төрт тәуліктегі бір қайтара сәулелену мөлшері – 0,5 гр.

Бірнеше реттік сәулелену мөлшерлері:


  • бірінші 10-30 тәулікте – 1 гр

  • 3 ай бойы – 2 гр

  • 1 жыл бойы – 3 гр.

  1. Бір қайтара әсер ету радиациялық мөлшері 100-250 р, 100-200 рад, 1-2 гр, өткір сәулелену ауыруының 1 ші жеңіл дәрежесіне соқтырады.

  2. Өткір сәулелену ауруының II (орта ауырлық) дәрежесі – 250-400 р (200-400 рад, 2-4 гр) сәулелену мөлшерінде байқалады.

  3. Өткір сәулелену ауруының III (ауыр) дәрежесі – 400-600 р (200-400 рад, 4-6 гр) жоғары сәулелену мөлшерінде байқалады.

  4. Өткір сәулелену ауруының IV (өте ауыр) дәрежесі 600 р (600 рад, 6 гр) жоғары сәулелену мөлшерінде байқалады.

Өткір сәулелену ауруының аурылықтары тек сәулелену мөлшерімен ғана анықталмайды, олар ядролық қарудың түрінеде байланысты (нейтрондық немесе атомдық) және әскердің орналасқан жағдайларынан (ашық жерде, техникада, гимараттарда). Негізіндегі организмге нейтрондық қарудың еңгіш радиациясының әсер еткендік көріністеріне жататын:

  • ең үлкен өлімге әкелетін мөлшерде зақымдалғандардың саны кобею, тез уақытта жауынгерлік қатардан жығыуы;

  • сәулелену әсерінің бірінші реакциясының аурлауы, аз уақытта оның ұлғаю және ұзақ мезгіл боп байқалуы;

  • асқазан-ішектің және басқа мүшелердің, тіндердің жұмыс істеуінің бұзылуынан - өткір сәулелену аурудың латентік кезеңі қысқартылады;

  • ауыспалы зақымдалу қалыпының басымдылықтары үлғаюынан, клиникалық көріністерінен классикалық қалыптарынан (сүйек-ми, ішек және бас ми) байланысты болады.

Жердің радиоактивті ластануы. Жердің радиоактивті ластануына жататын: зарядты заттардың бөліну бөлшектері, реакцияға жатпаған бөлшектер (уран, плутония) және әр түрлі химиялық элементтердің жасанды радиоактивті изотоптары, олар жерде және айналадағы заттарда болады. Ядролық жарылыстағы радиоактивті ластану тек қана қолданған жерде емес, олар 10 немесе 100 км қашықтыққа барады.

Бүл мезгілде үлкен аумақта әскери қимылдарын қиындатады, қауіптілігі ұлғаяды. Жергілікте адамдардың РЗ мен зақымдалуы ұзақ уақытқа созылады.

Радиоактивті ластану параметрінің негізіне жататын: мөлшері радиацияның денгей, көлемі, топтауы және объектілердің ластану дәрежелері.

Жердің ластану мінездемесін аңықтауға радиация мөлшері қолданады. Жарылыстың бұлтынан жерге түскен радиациялық заттардың уақыты, олардың толық ыдырауы.

«Р» радиациялық деңгей сәулеленудің күші мен мінезделеді, жерге РЗ-тың түсуі. Радиациялық деңгейді рентген сағатпен өлшейді (р/ч). Кіші мөлшерді – милирентгенмен (мр/ч).

Ал фонтандық сәулеленудің экспозициялық қуатының мөлшерін, СИ единица жүйесі бойынша – ампер килограммен (А/кг). 1 А/кг – иондаушы сәуленің үнемі қуатының тығыздығында 1 «с» пайда болатын мөлшер, 1 кг/кг тең болады. Жұтылған сәуленің қуатының мөлшері 1 Дж/кг 1 «с»-та ватт килограммға деп белгіленеді (Вт/кг).

Ішкі мүшелерге түскен РЗ-тың көлемі, олардың белсенділігімен бағаланады. Белсенділік – бір единица уақытындағы берілген заттардың көлеміндегі ыдыраудың санымен анықталады. Ауадағы, судағы, азық-түліктегі РЗ-тың қосылысын Кюри/литр мен өлшейді.

Бүгінгі уақыттағы жердегі қауіпсіздіқ РЗ көрсеткіштері (1 тәулік жасында) мр/с есептеледі.



  1. Іш киім, газқағардың бетжағы, сырт киімдер, құралдар, аяқ киімдер, жекеленген қорғаныш құралдары, қарулар, медикосанитарлық заттар, азық-түлік сауаттары, аспаздық нан пісіру құралдары және азық-түлік қоймаларында – 50 мр/с.

  2. Жануарлардың сыртында – 100 мр/с.

  3. Әскери техникаларында:

  • автокөлікте, ұшақтарда, арнайы машиналарда, автоқұралдарда, зымырандық топтарда, техникалық заттарда – 200 мр/с.

  • Бронды объектілерде (БТР, БМП, танкілерде) – 400мр/с.

Егерде РЗ-пен ластану 12 сағат бойы болса, онда кестедегі көрсеткіштер 4 рет ұлғаяды, ал 12 сағаттан 24 сағатқа дейін – 2 есе.

РЗ-дың су және азық-түліктегі сәуле ауруына келтірмейтін радиациялық мөлшері мр/с (1 тәуліктегі):



  • ауыз суда – 14 мр/с;

  • сүйікта, азық-түлікте, пісірілген дайын түрдегі тағамда – 14 мр/с;

  • макаронда, кепкен жемісте – 8 мр/с;

  • нанда – 14 мр/с;

  • шикі етте – 200 мр/с;

  • шикі балықта (1 кг, 15х25 см) – 14 мр/с.

Электромагниттік импульс – гамма-кванттардың ауадағы атомдармен әрекеттестігінде пайда болады.

Жарылыс орталығынан радикалдық бағытпен электрондар жылдам жылжып радикалды тоқ келтіреді, уақытсайын мөлшерлері ұлғайады. Электромагнитті импульс байланыс немесе басқарушы аппараттардың арнайы қорғаныштары болмаса істен шығарады. Электроқұралдардың жұмыстарын бұзады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет