Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы


Ретробульбарлы аймақ пен көз ұясы қабыну ауруларының болжамы



бет3/3
Дата08.07.2016
өлшемі420.5 Kb.
#185792
1   2   3

Ретробульбарлы аймақ пен көз ұясы қабыну ауруларының болжамы
Көз ұясының қабыну аурулары ішіндегі ең ауыр ағымда өтіп көздің көруін қызметіне қауіптісі ретробульбарлы кеңістіктің абсцесс және көз ұясыныың флегмонасы.

Осындай асқыну кездерінде қуысты қойнаудың тромбозы және бас ішілік процестер дамып, көз ұясының флегмонасынан өлім қауіп туаді. Очаковский С.В. мәліметтері бойынша 29% - өлімі, көру бұзылысы 33% жағдайда кездеседі.

Бирх-Гиршфельд мәліметтері бойынша көз ұясының флегмонасынан емделген 409 науқастың 54 өліммен аяқталған, яғни 13,2%. Бірінші орында – негізгі кеңістіктің зақымы (28%), екінші орында – гаймор кеңістігі (19,6%), сосын маңдай сүйегі (16,3%), торлы лабиринті (6%) болып тұр. Бирх-Гиршфельд мәліметі бойынша 66 науқаста көз функциясының бұзылуы кездеседі (16%). 50 (12,2%) науқастарда көру қызметінің бұзылуына себепші ұзаққа созылған амавроз кездескен. Бұл құбылыстардың пайда болуының негізгі себебі болып көру нервісінің өзінің зақымдануы переневралдьді қабықтың ісінуі, көздің тамыр жүйесінің аурулары, торлы қабаттың көк тамырларының тромбофлебиті, қан құйылулары, панофтальмит және глаукома осындай асқынулар гаймор қуысының аурулары кезінде жиі кездеседі.

Тақырыпқа байланысты тест сұрақтары

1. Мұрын қосалқы қуыстарының қабыну ауруларында жүргізілетін тиісді операция



  1. Колдуэлль

  2. Бернадский әдісі

  3. Макиенко әдісі

  4. жоғарғы орбитотомия

  5. мұрынның латеральді қабырғасының резекциясы

2. Дәрігер офтольмолог Кунт ұсынған әдіс бойынша операция жүргізу көрсетімі



  1. жоғарғы жақсүйек қуысы аурулары

  2. мұрын қуысы зақымдары

  3. маңдай қуысы мен торлы лабиринттің зақымдануы

  4. көз ұясы зақымдары

  5. риногенді флегмонасы

3. Көз ұясының көлемі және тереңдігі



  1. көлемі 25 мм, тереңдігі 2 см

  2. көлемі 40 мм, тереңдігі 25 мм-ден 30 мм-ге дейін

  3. көлемі 30 мм, тереңдігі 40 мм-ден 50 мм-ге дейін

  4. көлемі 15 мм, тереңдігі 30 мм-ден, 40 мм-ге дейін

  5. көз ұясының көлемі әртүрлі

4. Көз нервісі шығатын өзектің ұзындығы мен енінің өлшемі



  1. ұзындығы 5-6 мм, ал ені 5-6 мм

  2. ұзындығы 10-12 мм, ал ені 3-4 мм

  3. ұзындығы 8-9 мм, ал ені 6-8 мм

  4. ұзындығы 4-7 мм, ал ені 4-6 мм

  5. ұзындығы 8-9 мм, ал ені 5-6 мм

5. Көз ұясының құрамы



  1. көз алмасы, май қабаты

  2. тамырлар мен нервтер

  3. көз алмасы, бұлшық еттер, тамырлар, нервтер, оларды байланыстыратын байламдар

  4. май қабаты, көз алмасы, бұлшық еттер

  5. көзді қозғалтқыш нерв, көз алмасы

6. Көз ұясының анатомиялық пішіні



  1. төртбұрышыты, қабырғасы тегіс

  2. дөңгелек пішінді, дөңес

  3. негізі алға шамалы сыртқа, ал ұшы артқа және ішке қараған пирамида тәрізді

  4. тең қабырғалы үшбұрышты

  5. пішінсіз

7. Көз ұясының төменгі саңылауы



  1. көз ұясын мұрын қуысымен байланыстырады

  2. көз ұясын гаймор қуысымен байланыстырады

  3. көз ұясын қанат таңдай және самаймен байланыстырады

  4. көз ұясын есту жолымен байланыстырады

  5. көз ұясын бас сүйек негізімен байланыстырады

8. Көздің төменгі қиғаш бұлшық етін жүйкелейтін нервті атаңыз



  1. әкеткіш

  2. блоктаушы

  3. қимылдатқыш

  4. көру

  5. инфраорбитальді

9. Әкетуші нерв орналасқан орыны



  1. көз алмасының артында

  2. көру жүйкесіне параллель

  3. Варолиев көпірінің ромб тәрізді шұңқырында

  4. Сильва су құбырының астында

  5. шығыршық жүйкесі ядросының жанында

10. Көз ұясының периоститінің даму себептері



  1. мұрынның қосалқы қойнауларының эмпиемасы

  2. көру жүйкесінің зақымдары

  3. әкеткіш жүйке зақымдары

  4. шығыршық жүйке зақымдары

  5. ретробульбарлы аймақтың қабынуы

11. Ретробульбарлы кеңістік абсцессінің клиникалық ағымы



  1. дене қызуы субфебрильді ЭТЖ шамалы көтерілген

  2. дене қызуы 38°С, ЭТЖ жоғары, көз алмасы вертикальді бағытта ғана қозғалады

  3. дене қызуы гектикалық, ЭТЖ жоғары, лейкоцитоз, көз алмасының қозғалуы шектелген

  4. дене қызуы 38° С, көз ұясының май қабаты толық қабынған

  5. дене қызуы 35,0°С, лейкоцитоз, көз алмасы горизонтальді бағытта қозғалысы шектелген

12. Периотиттің клиникалық сипаты

  1. қабыну ошағы көз ұясының жоғарғы сыртқы және төменгі сыртқы қабырғасында орналасқан

  2. көз ұясының жоғарғы қыры аймағында ауыратын шектелген инфильтрат

  3. ағзаның жалпы және жергілікті реакциясы, айқын дене қызуы өте жоғары

  4. көз ұясының төменгі қыры аймағында шектелген инфильтрат

  5. қабыну ошағы көз ұясының төменгі ішкі қабырғасында орналасқан

13. Жоғарғы жақсүйек қуысын бет арқылы ашу әдісі (ретробульбарлы аймақтың абсцесін гаймор қуысы арқылы ашу)



  1. жоғарғы жаққуысының алдыңғы қабырғасын резекциялау арқылы ашу

  2. жоғарғы жақ қуысын мұрын қуысының латеральді қабырғасын резекциялау арқылы ашу

  3. бет аймағынан мұрынның латеральді қабырғасын алмұрт тесігіне жеткізе ашу

  4. жоғарғы жақ қуысына Иванов әдісімен операция жүргізу

  5. жоғарғы жақ қуысына Рудько әдісімен операция жүргізу

14. Орбитотомия операциясына жатпайды



  1. жоғарғы орбитотомия

  2. төменгі орбитотомия

  3. сыртқы орбитотомия

  4. ішкі орбитотомия

  5. Колдуэлль-Люк әдісі

15. Жоғарғы қарапайым орбитотомиядан кейін тағайындалмайтын емі



  1. қабынуға қарсы терапия

  2. десенсибилизациялық терапия

  3. емдік дене шынықтыру

  4. ағзаны жалпы қуаттандыру терапиясы

  5. физикалық терапия

16. Көз ұясының алдынан артына дейінгі диаметрі



  1. 20-30 мм

  2. 40-50 мм

  3. 10-15 мм

  4. 150-60 мм

  5. 15-20 мм

17. Көру мүшесі артериясынан қан қай тамырдан құйылады



  1. сыртқы ұйқы артериясынан

  2. самай артериясынан

  3. ішкі ұйқы артериясынан

  4. бет артериясынан

  5. таңдай артериясынан

18. Көз ұясы қабыну ауруына тән ерекше клиникалық белгі



  1. көз ұясы қырын басқанда ауру сезімінің дамуы

  2. көз ұясының ішкі қырын басқанда ауру сезімінің дамуы

  3. көз алмасын басқанда ауырсынуы

  4. көз алмасының горизонтальді бағытта қозғалмауы

  5. көз алмасының вертикальді бағытта қозғалмауы

19. Көз ұясының іріңсіз қабынуына жатады:



  1. қабақтың абсцессі

  2. қабақтың ісінуі

  3. ретробульбарлы абсцесс

  4. көз құрылымының туберкулездік зақымы

  5. көз ұясы флегмонасы

20. Көз ұясының пішінін қандай пирамидамен салыстырады



  1. үш қырлы

  2. төр қырлы

  3. бес қырлы

  4. алты қырлы

  5. жеті қырлы

21. Көз алмасын жүйкелеуге қатыспайды



  1. көз алмасын қозғалтқыш нерві

  2. шығыршық нерві

  3. әкеткіш нерві

  4. бет нервісі

  5. шығыршық және әкеткіш нервілері

22. Көз алмасының орташа даметрі



  1. 15 мм

  2. 24 мм

  3. 18 мм

  4. 10 мм

  5. 33 мм

23. Мұрынның қосалқы қуысытарының эмпиемасынан дамитын асқынулары



  1. көз алмасының параличі

  2. бас миының абсцессі

  3. көз ұясының абсцессі, периоститі

  4. құлақ-шайнау аймағының флегмонасы

  5. сыртқы тыныс жолының өлеттенуі

24. Мұрынның қосымша қуыстарына жүргізілетін операциясында Буш, Купер әдістерінің ерекшелігі



  1. жоғарғы жақ қуысын беттік және мұрын қабырғасын алмұрт тәрізді тесікке дейін ашу

  2. жоғарғы жақ қуысын альвеолярлы тесік арқылы ашу

  3. жоғарғы жақ қуысының алдыңғы қабырғасын резекциялау

  4. жоғарғы жақ қуысын көз ұясы арқылы ашу

  5. жоғарғы жақ қуысын мұрынның төменгі жолы арқылы ашу

25. Ретробульбарлы кеңістіктің флегмонасына тән клиникалық белгі



  1. коньюктивит, ринит

  2. көзден жас ағу, экзофтальм

  3. хемоз, экзофтальм, көз алмасын басқанда аурушаң

  4. хемоз, жоғарғы жақ сүйек төмпешігін басқанда ауурушаң

  5. экзофтальм, коньюктивит

26. Көз ұясы флегмонасын тіліп-ашу операциясының орны



  1. көз ұясының төменгі және жоғарғы қыры бойымен

  2. көз ұясының сыртқы бұрышында

  3. көз ұясының төменгі қырынан

  4. гаймор қуысы арқылы көз ұясының төменгі қабырғасын тесу

  5. маңдай қуысы арқылы ішкі-жоғарғы қабырғасын резекциялау

27. Жоғарғы қабақтың абсцесінде фистуланың құрылу себебі



  1. абсцесс көз ұясы флегмонасына асқынған

  2. көз алмасы құрылымының бұзылуы

  3. іріңді процесс көз ұясы сүйегіне жайылған

  4. Мукоцеленің іріңдеуінен

  5. тарзо-орбитальды фасцияның зақымдануы

28. Көз ұясы флегмонасына тән емес клиникалық белгі



  1. экзофтальм

  2. көз ұясы бұлшық еттерінің параличі

  3. көздің көру өткірлігінің төмендеуі

  4. ретробульбарлы неврит

  5. үштармақты нервтің невралгиясы

29. Көз ұясының риногенді инфекциядан дамыған рпериоститінің ажыратпа диагнозы

  1. көз аймағының қабыну ауруларынан

  2. көз ұясы абсцессі, мерездік және туберкулездік зақымдары

  3. коньюктивит, ринит

  4. көз жасы безі қызметінің бұзылуы

  5. бас миы қабыну аурулары

30. Көз ұясы флегмонасының хирургиялық емі



  1. көз ұясының төменгі және төменгі қыры бойымен іріңдікті тіліп-ашу, өткізгіш қою

  2. іріңдікті тіліп-ашу, өткізгіш қою

  3. көз ұясының төменгі қабырғасын гаймор қуысы арқылы резекциялау

  4. көз ұясын мұрын арқылы ашу

  5. көз ұясының сүйек тіндерін тілу

Тест жауаптары






жауабы



жауабы



жауабы

1

А

11

С

21

D

2

С

12

С

22

B

3

С

13

А

23

C

4

Е

14

Е

24

B

5

С

15

С

25

C

6

С

16

В

26

А

7

С

17

С

27

D

8

С

18

С

28

E

9

С

19

В

29

B

10

А

20

В

30

А


Қолданылған әдебиеттер


  1. Бернадский Ю.И. Основы хирургической стоматологии /Ю.П.Бернадский.– Киев: Здоровье, 2005.-C.27-92.

  2. Бернадский Ю.И. Основы хирургической стоматологии /Ю.П.Бернадский.– Киев: Здоровье, 2005.-C.22-45.

  3. Добромылский Ф.И. Придаточные пазухи и их связь с заболеваниями глазницы /Ф.И.Добромылский, М.П.Щербатов //Вестник оторинолорингология.- 1999 - №2.-C. 63-65.

  4. Қазақша-орысша терминологиялық сөздік. – Алматы: «Рауан», 2000.-C.30.

  5. Қысқаша қазақша-орысша сөздік /Қ.Бектаев, А.Ахабаев, Е.Керімбаев, Қ.Молдабеков.–Алматы: Рауан,1991.-C.22-45.

  6. Машковский М.Д. Лекарственные средства: В 2.Ч./М.Д.Машковский. – 12 изд.перераб.идоп.-М:Медицина, 2002.-С.25-42.

  7. Основные лекарственные средства РК: Справочник .- Алматы,1995.-С.41-55.

  8. Почасов В.С, Риногенные воспалительные заболевания глазницы /В.С.Почасов Г.А.Акопян //Вестник оторинолоринпогии.- 1996.- №6.- С.14-17.

  9. Робустова Т.Г. Хирургическая стоматология: Учебник /Т.Г.Робустова. – М.:Медицина, 2002.-С.222-224.

  10. Стародубцов В.С.Одонтогенные флегмоны ретробульбарной области клиника и лечение /В.Стародубцов, Д.М.Забокрицкая, В.А.Израилов //Стоматология.- 1998 - №3.-С.38-41.

  11. Супиев Т.К. Гнойно-воспалительные заболевания челюстно-лицевой области / – Алматы, 1998.-С.149-168.


Қосымша


Fig.1. Orbits, left. Anterior aspect.
1-zygomatic process of frontal bone; 2-greater wing of sphenoid bone (orbital surface); 3-orbital surface of zygomatic bone; 4-frontal process of zygomatic bone; 5-inferior orbital fissure; 6-zygomaticofacial foramen; 7-zygomatic bone; 8-infraorbital sulcus; 9-maxilla (maxillary bone, orbital surface); 10-infraorbital foramen; 11-orbital surface of maxilla; 12-nasal cavity; 13-orbital process of palatine bone;
14-lacrimal bone; 15-orbital plate of ethmoid bone; 16-nasal bone: 17-lacrimal groove of lacrimal bone; 18-posterior lacrimal crest of lacrimal bone; 19-frontal process of maxilla; 20-anterior ethmoidal foramen; 21-posterior ethmoidal foramen; 22-frontal notch: 23-orbital part (orbital surface) of frontal bone; 24-supraorbital foramen; 25-optic canal; 26-lesser wing of sphenoid bone; 27-superior orbital fissure.

Fig. 387. Lacrimal apparatus of the right eyeball.


Anterior aspect. Nasociliary canal was dissected. 1-lacrimal gland; 2-upper eyelid; 3-lacrimal canaliculus (superior); 4-lacrimal lake; 5-lacrimal sac; 6-nasolacrimal duct.

Fig. 386. Eye and related structures. Scheme of the structure of the


right eyeball. Horizontal section. The different curvatura of lens was
shown, namely in the case of relaxation of ciliary muscle as it was
demonstrated on the left scheme, and in the case of contraction ofcil-
iary muscle as it was demonstrated on the right scheme, l-cornea; 2-anterior chamber of eyeball; 3-lens; 4-iris; 5-posterior chamber of eye; 6-conjunctura; 7-lateral rectus; 8-sclera; 9-choroidea; 10-retina; 11-fovca centralis; 12-optic nerve; 13-depression of optic disc; 14-external axis of eyeball; 15-medial rectus; 16-transverseaxisof eyeball; 17-ciliarybody; 18-ciliary zonule; 19-optic axis (of eyeball).

Fig. 388. Muscles of eyeball. A-anterior aspect; B-superior aspect.


1-superior rectus; 2-trochlea; 3-supcrior oblique; 4-medial rectus; 5-inferior oblique; 6-inferior rectus; 7-lateral rectus; 8-optic nerve; 9-optic chiasma.

ҚММА-баспаханасында басып шығарылды

Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 40

Көлемі 3.0 есепті - баспа табағы



100 дана



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет