Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қаз мма жоғары және жоо-нан кейінгі мамандықтар бойынша білім беру оқу-әдістемелік секциясы



жүктеу 5.11 Mb.
бет13/26
Дата09.06.2016
өлшемі5.11 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26

СОЗЫЛМАЛЫ ПАНКРЕАТИТ



Созылмалы панкреатит - деп ұйқы безінің ұзаққа созылған ауруларының әсерінен фиброзға немесе шеміршектеніп катаюына ұшырауын атайды.

Әрқашанда созылмалы панкреатит жедел панкреатиттің соңы болады. Бұл ауру үзіліссіз дамып жиі-жиі ауырланып ақыры бездің фиброзымен немесе шеміршектенуімен аяқталады. Кейде панкреатиттің жедел түрі анықталмайды. Ұйқы безінің фиброздануында оның сыртқы одан соң ішкі секреторлы қасиеті жоғалады. Без кішірейеді, қатаяды.

Созылмалы панкреатиттің түрлері:

1) Қайталанбалы.

2) Ауырсынатын панкреатит.

3) Ауырсынбайтын панкреатит.

4) Ісікке ұқсас панкреатит.

Созылмалы панкреатитті емдеу шарттары (талаптары):

1. Ауыру сезімін басу.

2. Бездің өзгерісін бәсендету.

3. Ішкі және сыртқы секреторлы бұзылыстарды бәсеңдету.

4. Асқыныстарға қарсы шаралар.

Консервативті емдер арасындағы ең маңыздысы – емді диета. Дұрыс ұйымдастырылған диета аурудың дамуын басады. Ұйқы безінің жұмысын күшейтетін тағамдар (тұз, бұрыш, пияз, ет, балық консервалары, арақ- шарап, бұршақтар, капуста, картоп) берілмейді. Диета негізінде көмірсулы тағамдардан құралады, бірақта клетчаткалар аз болуы қажет. Тәулігіне қабылданылатын майдың мөлшері 50-70 г. аспауы қажет. Нәурыздар қажеттігі қаймағы айырылған сүтпен және сүт өнімдерімен қамтамасыз етіледі. Азғана арық ет, балық, бір жұмыртқа, жеміс шырындары, компоттар қабылданылады. Аурудың қайталанған кезеңінде жедел панкреатиттегідей режим сақталады.

Диабетпен асқынған ауруды диабеттің емдеу шартымен емдейді.

Үйқы безінің сыртқы секрециялық қасиеті нашарланғандарға панкреатин 0,5-1 г. 3-4 реттен ішкізіледі. Бұған қоса өт кемістігін толтыратын препараттар-холензим 0,5 - 3-4 рет ішкізіледі.

Инфекцияға қарсы антибиотиктер - биомицин, террамицин, мицерин егіледі. Витаминдер А, С, К, В егіледі. Санаторлы - курортты емдеу (Ессентуки, Железноводск, Трускавец) пайдалы.

Созылмалы панкреатитті операциямен емдеу:

1. Аурудың себебі созылмалы холецисто-панкреатит болса - өт алынады, өзегінің тасы алынады.

2. Тарылтқыш папиллитте – трансдуоденальды сфинктеротомия, Одди сфинктерін созып кеңейту орындалады.

3. Ұйқы безінің фиброзында латеральды холедоходуоденостомия орындалады.

Негізі, созылмалы панкреатиттің операциямен емделуі қиын және жақсы нәтижеге сирек жеткізеді. Сондықтан кейде өт жолдарына, ұйқы безіне және оның өзектеріне, ішекке өте ауыр қосалқы операциялар жасалынады.

Бұл өте ауыр және емделуі қиын аурудың алдын алу үшін жедел панкреатитті сапалы емдеу қажет және науқасқа қажетті диеталық емді дұрыс пайдаланудың маңызы зор.



4.5. ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ КИСТАСЫ ЖӘНЕ ЖЫЛАНКӨЗІ


Ұйқы безінің кистасында бездің өзінде немесе оның айналасындағы тіндерде жұқа капшық астына сұйық жиналады. Киста еркектермен әйелдерде бірдей кездеседі. Кистаның келесі түрлері бар:

1. Іштей пайда болған бездің және оның өзектерінің ауытқулары.

2. Жүре пайда болған кисталар:

а) ретенциялы - шырын өзектерінің тарылуы, таспен, ісікпен бітелуінде,

б) дегенерациялы - панкреонекроздың, без жарақатының, ісігінің әсерінен,

в) пролиферациялы - цистаденома, цистаденокарцинома,

г) паразитті кисталар - эхинококк, цистицерк.

Шынайы кистаға – іштей пайда болған және ретенциялы, цистаденомалар және цистаденокарциномалар жатады. Бұларда кистаның ішкі қабырғасы эпителиймен жабылған. Шынайы түрі барлық ұйқы безі кисталарының 20% құрайды. Олар онша үлкен болмайды, сондықтан олар кездейсоқ тексерістерде анықталады.

Жалған кисталар ұйқы безі кисталарының 80% құрайды. Олар панкреонекроздан, бездің жарақатынан соң басталады. Олардың ішкі беті грануляциялы тінмен жабылған, ал іші сұйықпен және некрозданған тінмен толысқан. Жалған кисталарда 1-2 литрге дейін серозды, іріңді, қан аралас экссудат болуы мүмкін. Үлкен киста бауырды жоғары, қарынды төмен ығыстырады, немесе қарынды жоғары, ал көлденең тоқ ішекті - төмен ығыстырады. Үлкен кисталардың клиникалық көріністері - қөрші мүшелерді қысудан жөне ығыстырудан басталады. Іштің жоғарғы бөлімінің ауыруы, диспепсия, науқастың жалпы жағдайының бұзылуы - әлсізденуі, жүдеп-жадау, әр уақытта дене қызуы, іште ісік пайда болуы. Ісік домалақ, сопақша, беті тегіс. Канда ферменттердің мөлшері болмашы жоғарылайды. Рентгенмен тексергенде - ішкі мүшелердің өз орнынан ығысқандығы байқалады.

Диагнозды УЗИ және қомпьютерлі тексеріс анықтайды.

Ұйқы безінің кистасы – асқазан немесе ұлтабар мен киста арасының жыланкөзі операциямен емделеді.

Ұйқы безінің жыланкөзі без өзегінің сыртқы ортамен немесе ішкі мүшемен байланысуы. Жыланкөздің сыртқы (теріде ашылатын) және ішкі (ішкі қуыс мүшемен қатынасты) түрлері бар. Сыртқы жыланкөздер көбінесе бездің ашық жарақатынан немесе безге жасалған операциядан кейін байкалады.

Ішкі жыланкөздер - деструктивті панкреонекроздан, кистадан соң басталады.

Толық сыртқы жыланкөзде оның сыртқы тесігінен 1-1,5 л. без шырыны ағады, ал жартылай түрінде бірнеше мл. шырын ағуы мүмкін. Жыланкөздің асқынуларына сәйкес одан таза шырын немесе ірің аралас сұйық ағады. Аққан шырын жыланкөз тесігі айналасының терісін зақымдайды (мацерация). Шырынның көп ағуы науқастың жағдайын бұзады – нәурызды, майлы, көмірсулы алмасу үрдістері бұзылады, су, электролиттер, қышқыл - сілті теңдестігі нашарлайды, дене құрғайды, адинамия, кейде кома байқалады.

Жартылай жыланкөздер консервативті тәсілмен емделеді: (нәурызбен бай, көмірсуларменмен кедей диета, цитостатикалық және спазмолитикалық дәрілер).

Теріні күту, жыланкөзге енгізілген дренаж арқылы оны тазарту, су қышқылының әлсіз ерітіндісімен жуу. Толық жыланкөздер операциямен емделеді.

4.6. ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ІСІКТЕРІ

1. Қатерсіз ісіктер:

а) Инсулома (бета- торшалы аденома) - ісік торшалары инсулин шығарады. Ол гипогликемия синдромын береді.

б) Улъцерогенді аденома (гастринома) - ұйқы безінің инсулин шығармайтын торшаларынан өседі. Бұл торшалар гастрин шығарады.

Гастрин қарынның шырышты қабатынан тұзды қышқылдың көп шығуына әкеліп, қарын және ұлтабар ойық жарасына ұшыратады.

Гастриноманың 60% қатерлі ісікке жатады, ол лимфа бездеріне, бауырға, өкпеге, ішпердеге, теріге метастаз береді, Золлингер-Элиссон синдромын шақырады.

Диагноз ультрадыбысты тексеріс және компъютерлі томография, селективті целиакография көмегімен анықталады.

Үйқы безінің аденомасы қапшығымен қоса алынып тасталады.

Золлингер-Элиссон синдромы 3 түрлі тәсілдермен емделеді:

1) Ойық жаралы қарынды алып тастау.

2) Ісікті алып тастау. Ісіктің көптігі және қатерленуі бұл операцияның нәтижесін нашарлатады.

3) Блокаторлармен (циметидин, ранитидин) қарын секрециясын бәсеңдету.

Ұйқы безінің қатерлі ісігі -

ікрлі ісігінің басталу ритонит арлық қатерлі ісіктердің 2-7% жетеді. Ер адамдар әйелдерден екі есе жиі ауырады. Ісік бездің басында (70%) өседі. Көбінесе аденокарцинома өседі. Ісік тез арада жалпы өт өзегіне, ұлтабарға, қарынның антральды бөлігіне және денесіне, күрделі қан тамырларына шабады. Бауырға, өкпеге, бүйрекке, сүйекке гематогенді жолмен жайылады.

Ауру ұйқы безінің қызметінің бұзылуынан, диспепсиядан, шаршағаннан, ішінің ауырсынуынан, кейде іш өтуінен басталады. Одан соң - арықтау, дене сарғаюы, іш ауыруы күшейеді. Іш ауыруы жамбасқа, белге шабады. Курвуазье симптомы (созылып үлкейген, ауырсынбайтын өттің анықталуы).

Диагнозды анықтау үшін рентгенді, компъютерлі, УЗИ тексерістері қолданылады.

Үйқы безінің қатерлі ісігінің басталу кезеңінде радикальды операция қолданылса, кейінгі кезеңде паллиативті операциялар қолданылады.

1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет