266
5. Эмульсиялардың өзіне тән ерекшеліктері.
6. Дәндер мен майлардан жасалынатын
эмульсиялар технологиясында
қандай эмульгаторлар қолданылады?
7. Эмульгаторларға қандай талаптар қойылады?
8. Эмульгаторлардың жіктелуі.
9. Эмульгаторлардың салыстырмалы сипаттамасын беріңіздер?
10.
Эмульсияларға дәрілік заттарды енгізу тәртібі.
11.
Эмульсиялардың сапасын бағалауды қалай жүргізеді?
3.11 Тұнбалар және қайнатпалар
Дәрілік заттардың ең ірі көзі - өсімдіктер болып табылады. Қазіргі кезде
өсімдіктерден жеке түрде табиғи биологиялық белсенді заттар (ББЗ) -
алкалоидтар, витаминдер, сонымен қатар
галендік және жаңа галенді
препараттар алынады.
Дәрілік өсімдіктердің және олардан алынатын фитопрепараттардың
синтетикалық препараттарға қарағанда бірқатар артықшылықтары бар.
Олардың құрамында биологиялық белсенді заттардың комплексі болады;
ағзаға
жұмсақ әсер етеді; қолданған кезде жанама әсер көрсетуі сирек және
экономикалық тиімді.
Өсімдіктерден препараттарды алу кезінде, экстрактивті
заттармен бірге
көптеген балласты заттар да сығындалады. Дәріханада әдетте өсімдік
шикізатынан тек қана сулы сығындылар - қайнатпа мен тұнбалар
дайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: