294
Кесте 18
Негіздерге қойылатын талаптар
Жағар майлардың жұмсақ консистенциясы оны тері және кілегей
қабыққ жағуға қолайлы болуына негізделген. Негіздердің химиялық
инерттігі
олардың
дәрілік
затпен
әрекеттеспейтіндігіне,
сыртқы
факторлардың
(ауа,
жарық,
ылғалдылық,
температура)
әсерінен
өзгермейтіндігіне
кепілдік береді, демек жағар майлардың тұрақтылығын
қамтамасыз етеді. Жағар (жақпа) майлардың аллергиялық, тітіркендіргіштік
және
сенсибилизациялық
әсерінің
жоқтығы,
көбінесе
негіздердің
биологиялық қауіпсіздігіне байланысты. Ең маңыздысы,
негіздер терінің
физиологиялық қызметін (жылу, ылғалды және газ алмасу) өзгертпеуі қажет.
Терінің сыртқы қабаты қалыпты жағдайда қышқылды реакциялы, ол
микроорганизмдердің көбеюіне кедергі жасайды. Сондықтан жағар майлар
негізінің нейтралдығы, терінің рН мәнінің бастапқы деңгейінде сақталуының
үлкен мағынасы бар. Микроорганизмдердің қатысуы,
қабынған тері мен
кілегей қабаттарының қайта қабынуына және дәрілік заттың белсенділігінің
төмендеуіне немесе жағар майдың консистенциясының өзгеруіне келіп соғуы
мүмкін.
Негіздер киімнен, теріден, әсіресе шашты бөліктерден оңай жуылуы тиіс.
Негіздердің қасиеттері жағар майдың қолдану мақсатына сәйкес келуі қажет.
Беттік әсер ететін жағар майлардың негіздері дәрілік заттардың терең
сіңірілуіне кедергі болуы керек. Ал резорбтивті әсер ететін жағар майлардың
негіздері, керісінше, дәрілік заттардың терінің мүйізді қабаты арқылы, шашты
фолликулалардан, тері және майлы бездерден сіңірілуін қамтамасыз етуі
қажет. Қорғаныс жағар майларының негіздері тез кеуіп, терінің бетінде әсер
ететін жағар май негіздері эпидермиспен немесе кілегей қабат бетімен
шектеледі.
Жұмсақ
консистенциялығы
Қолданылатын
мақсатына
сәйкестігі
Физикалық және
химиялық
тұрақтылығы
Биологиялық
қауіпсіздігі
Негіздерге қойылатын
талаптар
Нейтралды реакциялы
болуы
Микроорганизмдерге
тұрақтылығы
Жағылған жерден
оңай кетуі
295
Жағар (жақпа)
майлардың негіздерінің бірнеше жіктелуі белгілі: физика-
химиялық қасиетіне, химиялық құрамына,
алыну көзіне және де басқа
белгілеріне байланысты жіктеледі.
Көптеген авторлар негіздердің бірнеше жіктелуін ұсынған: 1975 жылы
В.М. Грецкий заттардың сумен әрекеттесуі бойынша жіктелуін ұсынды.
Осыған орай негіздердің жіктелуі: гидрофобты және гидрофильді болып екіге
бөлінеді.
Ең қолайлысы - жағар майларды алудың технологиялық принципі
бойынша жіктелуі:
- гидрофобты (липофильді);
- гидрофильді;
- гидрофобты - гидрофилді (дифильді).
Достарыңызбен бөлісу: