353
салмағы 0,2 г болатындай етіп есептелінеді. Егер
негізгі дәрілік заттардың
мөлшері едәуір болса және 0,2 г мөлшерде пилюля алу мүмкін болмаса, онда
дәрігер бұл массадан пилюляның екі мөлшерін белгілеп, 0,3 г бірден 2 пилюля
қабылдауды ұсынады.
Пилюляларды дайындау әдістері: қолмен илеу, дражирлеу, тамшылату,
қалыпқа құю.
Пилюлялар дәріхана жағдайында негізінен
қолмен илеу әдіспен
дайындалады.
Дайындау сатылары:
- дәрілік заттарды араластыру;
- пилюлялық массаны алу, өлшеу;
-
пилюлялық серіппені алу;
- пилюлялық серіппені кесу (дозалау);
- пилюляларды қалыптау;
- опалау;
- орамдау және безендіру.
І-ші саты. Дәрілік заттарды араластыру.
1. Егер рецептіде суда еритін заттар жазылса,
онда оларды судың, спирттің,
глицериннің аз мөлшерінде ерітіп алады. Содан соң тығыздаушы заттарды
қосады. Бұл жағдайда дәрілік заттар ерітінді түрінде енгізіледі.
2. Егер рецептіде
суда ерімейтін заттар жазылса, оларға тұтқыр сұйықтықтың
жеткілікті мөлшерін қосып, содан соң тығыз пластикалық пилюлялық масса
алынғанша, құрғақ қосымша заттармен тығыздалады. Бұл жағдайда дәрілік
заттар пиллюлялық массаға суспензия түрінде енгізіледі.
3. Егер рецептіде сұйық гидрофобты заттар жазылса,
онда оларды алдын ала
құрғақ экстрактылармен немесе өсімдік ұнтақтарымен эмульгирлейді. Бұл
жағдайда дәрілік заттар эмульсия түрінде енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: